Начальная

Windows Commander

Far
WinNavigator
Frigate
Norton Commander
WinNC
Dos Navigator
Servant Salamander
Turbo Browser

Winamp, Skins, Plugins
Необходимые Утилиты
Текстовые редакторы
Юмор

File managers and best utilites

Ұстаз мамандығы туралы эссе" Ұстаз ұлы- есім"(ұстаздарға). Ұстаз реферат


Реферат - Ұстаз болу – жүректің батырлығы

Ұстаз болу – жүректің батырлығы

Құттықтаймыз!

Төл мерекелеріңізбен, ұстаздар!

Міне, жадырап жаз өтіп, алтын күз де келіп жетті. Табиғаттың осы бір жыл мезгілін әркім-ақ сыңғырлаған жез қоңырау үнімен, мектептегі мұғалімдер мен оқушылардың қарбалас, сағыныса табысқан қуанышты сәттерімен елестетеді. Жаңа оқу жылымен қатарлас келетін Мұғалімдер күні де күздің үлесіне тиіпті. Мектеп қабырғасынан әлдеқашан алыстап кетсе де, бойында жылуы бар әрбір парасатты азамат әліп үйретіп, білім теңізіне жетелеген ұстаздары мен балалық шағының талай қызықты күндеріне куә болған алтын ұя – мектебін әрдайым үлкен сағынышпен, құрметпен еске алып отырады.

Аса көрнекті қазақ геологы, ғалым, қоғам қайраткері, Қазақстан Ғылым академиясының ұйымдастырушысы және тұңғыш президенті, академигі Қаныш Сәтбаевтың айтуынша “...1 қыркүйекте не салтанатты шеру, не салюттер болмайды. Бірақ бұл күн ешқандай мерекемен тең келмейтін, білімнің асқар шыңына жетелейтін, қайталанбайтын күн. Бұдан асқан ұлы мереке жоқ”- деп толғаған.

Олай болса, мұғалім бақыты – шәкірт құрметі.

Ұрпақ тәрбиесі – ұстазға байланысты. “Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің” дегендей өнегелі ұстаздан жақсы шәкірт шығатыны сөзсіз.

Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді.

Білім көшін жылжытып келе жатқан ұстаздар қауымына құрмет арта бермек! Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз!

Қазақстанның С.Бегалин атындағы

мемлекеттік республикалық балалар

кітапханасының ұжымы.

Құрастырушыдан

Данышпан да, дана да оқып сенен,

Атақ-даңқын асырды бар әлемнен.

“Ұстаз” деген аяулы, асыл жанды,

Жақсы көрем, арнаймын жақсы өлең!

Мәриям Хакімжанова

Мұғалім – жалпы білім беретін мектептерде жас ұрпақты оқытып, әрі оларды тәрбиелеу қызметін атқаратын маман.

Мұғалім – байырғы мамандықтардың бірі.

Қоғамдық тәжірибені жаңа жас ұрпаққа беру және ол ұрпақты өмірге, еңбек етуге даярлау қажеттігі оқу мен тәрбиені өз алдына дербес қоғамдық қызметке айналдырды. Ежелгі Шығыс елдерінде мұғалім негізінен (дін иелері) болатын. Капитализм дәуірінде мектеп ісінің дамуына байланысты мұғалімдік кәсіп кең тарап, түрлі типті училищелер мен мектептерде штатты қызметке айналды. Осылайша мұғалімдік өз алдына мамандық болып танылды.

ХIX ғасырдың 2-жартысында қала мұғалімдері шыға бастады. (орыс-қазақ училищелері, жаңалыққа бет алған жеке дара оқытушылар). Олар орыс халқының ұстаздық тәжірибесіне зор көңіл аударды. Қазақ жастары түсіп оқитын бірнеше мұғалімдер семинариясы ашылды. Ел ішіндегі мұғалім правосыз және жалақысыз, көбінесе өз белсенділігімен қызмет атқарды.

Ұлы Октябрь социалистік революциясынан кейін халық Мұғалімдері толық правосын алып, өзінің басты мақсатын коммунистік тәрбие мүддесіне бағыттады.

Қазақ Мұғалімдері өзінің өсу және толысу жолын мол қамтитын жас ұрпақты тәрбиелеу, мәдени революция міндеттерін өтеу жұмысына белсене кірісті. Осы биік мақсаттарға сай оның беделі барынша арта түсті. Коммунистік партияның әр кезеңде Мұғалімге деген қамқорлығы, мұғалімнің беделін өсірді, педагогикалық тәжірибесін жетілдірді. Біздің елде арнаулы “Мұғалімдер күні” белгіленген. Мұғалімдер ордендермен, медальдармен марапатталады. Арнайы мұғалімдердің білімін жетілдіру институттары ұйымдастырылған. Көптеген арнайы газет, журналдар бар.

Мұғалім – мектептің айнасы, бәйтерегі. Мұғалім еңбегінің әлеуметтік мәніне, елдің мәдени өміріндегі белсенді рөліне кезінде қазақ зиялылары көп көңіл бөлген. Ахмет Байтұрсынұлы “Жақсы мұғалім мектепке жан кіргізеді, басқа кемшілігі болса, мұғалімнің жақсылығы жабады, білдірмейді” – деген болатын. Мұғалім білім нәрін себуші, мұғалім жақсы білімді болса, білген білімін алдында отырған шәкірттеріне үйрете білсе, ол мектептен бала көбірек білім алып шығады.

Өсіп келе жатқан ұрпақ – адамзаттың болашағы, жалғасы.

Артта қалған ұрпақ саналы болса, адам баласының жер бетінде жасауы да сан ғасырларға жалғаса береді. Білім күші құдіретті. Ол бар жерде үздіксіз даму үрдісі жүреді.

Бұдан біз білімнің қаншалықты маңызды екеніне көз жеткіземіз.

Тәуелсіз ел атанып, төбемізге ту тігіп, тіліміздің мәртебесі артып, әлемге атымызды танытып жатқан кезеңде ұлттың, елдің болашағы – жас ұрпақ тәрбиесіне де мықты көңіл бөлінуі қажет.

Осы егеменді, тәуелсіз Қазақстанда өркениетке бастар жолдың бастауы – мектеп десек, мектептің басты тұлғасы, жүрегі – МҰҒАЛІМ.

Адамның адам болып қалыптасуына ата-аналармен қатар, мұғалімнің де рөлі зор.

Ұрпақ болашағы, халқымыздың келешегі қазіргі ұстаздардың қолында.

Ұстаз болу – жүректің батырлығы,

Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,

Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,

Азбайтұғын адамның алтындығы –

деп ақын Ғ.Қайырбеков жырлағандай, сөзі маржан, үні ән ұстаздардың бар болғанын мақтаныш етемін. Әрине, ұстаз жүгі – ауыр жүк. Ұстаздардың әсерлі үнмен, асықпай мәнерлеп сөйлеген сөзінен әрбір оқушыға деген қамқорлықтың, аналық, әкелік сезімнің дана ойдың ыстық лебі есіп тұрғандай. Иә, адамның жан дүниесін түсініп, ренжітпей, қателігін сездіре білу – бұл нағыз шеберлік емес пе?!

Осы ұстаздар жайында халқымыздың ұлы батыры Бауыржан Момышұлы “Ұстаздық - ұлы құрмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді... Өмірге ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз” деген.

Бала бойына ата-анадан кейінгі ақыл-ой, адамгершілік, әдептілік, ар-ұят, ұлттық сана-сезімді сіңіруші адам – Мұғалім.

Ендеше өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, шәкіртінің жанына нұр құйып, өмірге өзі де бақытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткізсем деп жүретін ұстаздардың жөні де, жолы да бөлек.

“Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға” деп Абай атамыз айтқандай, ұстаз еңбегінің қыр-сыры мол, қиын да жауапты, шығармашылық еңбек екендігін баршамыз мойындаймыз.

Ұрпақтың ұлы мұраты жолында талмай еңбек етіп жүрген ұстаздардың төл мерекесіне арнап, С.Бегалин атындағы Мемлекеттік республикалық балалар кітапханасы “Мектеп – білім тірегі, Ұстаз - оның жүрегі”

атты әдістемелік құралын ұсынады.

Бұл құралдың мерекені ұйымдастырушыларға көмегі тиеді деген сенімдеміз. Сәт сапар тілейміз!

Інжу-маржан

^ ҰСТАЗ ДЕГЕН...

Ұстаз... жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, ешнәрсені ұмытпайтын... алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі..., мейлінше шешен, өнер-білімге құштар, аса қанағатшыл жаны асқақ және ар-намысын ардақтайтын, жақындарына да, жат адамдарына да әділ..., жұрттың бәріне... жақсылық пен ізгілік көрсетіп...қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек.

Әл-Фараби

Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені мұғалім – мектептің жүрегі.

Ыбырай Алтынсарин

Адамның адамшылдығы... жақсы ұстаздан болады.

Абай Құнанбаев

Мұғалімнің ұдайы жақсы оқитын балаларға ғана сүйсініп, ылғи соларды ғана оқытуы дұрыс емес.

Мұхтар Әуезов

Оқушы жастардың ең сенімді ұстазы, сыр жасырмай ашық айтатын адамы – мұғалім.

Ғабит Мүсірепов

Мұғалім өзінің білімділігімен, жүріс-тұрысымен, жайдары мінезімен, тіпті сырт пішіні, киген киімімен де оқушысына жақсы мағынада қатты әсер етеді. Мәлік Ғабдуллин

Жақсы адам ғана жақсы басшы бола алады.

Жүсіп Баласағұни

Ұстаз деген ұлағатты атауды естігенде, күні бүгінге дейін өзімді шәкірттей сезінемін

Серке Қожамқұлов

Оқытушы әлеуметтік әділеттіліктің, адамгершіліктің жаршысы болуға тиіс.

Спандияр Көбеев

Егер мұғалім өз бойына іс пен шәкірттеріне деген сүйіспеншілікті біріктірген болса, ол – кемел ұстаз.

К.Д.Ушинский

Шәкірті жоқ ұстаз – мылқау ұстаз

Ыбырай Жақаев

Егер мұғалім өн бойына, өз ісіне, шәкіртіне деген сүйіспеншілікті жинақтаса, ол нағыз ұстаз.

Л.Н.Толстой

Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім.

Ахмет Байтұрсынов

Қазақтың тағдыры, келешекте ел болуы да мектебінің қандай негізде құрылуына барып тіреледі. Мектебімізді таза, берік һәм өз жанымызға /қазақ жанына/ үйлесетін негізде құра білсек, келешегіміз үшін тайынбай-ақ серттесуге болады.

Мағжан Жұмабаев

Ұстаз болу - өз уақытын аямау, өзгенің бақытын аялау.

Ж.Ж.Руссо

Ұстаз – ұлы есім.

М.Әуезов

Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады.

К.Д.Ушинский

Мұғалімдік мамандық – бұл адамтану, адамның күрделі және қызықты, шым-шытырығы мол рухани жан дүниесіне үңіле білу. Педагогикалық шеберлік пен педагогикалық өнер – ол даналықты жүректен ұға білу болып табылады.

В.А.Сухомлинский

Егер балалар бірдемені түсінбейтін болса, онда оқытушы оларды кінәлауға тиісті емес, оларға түсіндіре алмай отырған өзін кінәлауға тиіс.

Ы.Алтынсарин

^ НАҚЫЛ СӨЗДЕР

Ұстазы жақсының ұстамы жақсы.

Жақсы мұраптың атынан су ереді,

Жақсы ұстаздың соңынан шәкірт ереді.

Ұстазға қарап шәкірт өседі.

Қайратсыз ашу – тұл,

Тұрлаусыз ғашық – тұл,

Шәкіртсіз ғалым – тұл.

Атпаз көрген ат таныр,

Ұстаз көрген хат таныр.

Ұстаз мәртебесі – ел мерейің

Ұстаздан шәкірт озар

Ұстазыңды ұлы әкеңдей сыйла

Ұстазы талантты болса,

Шәкірті талапты болады.

Ұстаз – ұрпақ мақтанышы.

Ұстаз болу – жүректің асылдығы.

Ұстаз шәкіртіне білім жолын үйретеді,

Білімді жан тас қамалды күйретеді.

Бұйырмас білім тоқымай,

Ұстаздық қылма оқымай.

Жарасады сыпайылық балаға,

Ұстазыңа одырайып қарама.

Шәкірттің жақсы болмағы ұстазынан.

ЖҰМБАҚТАР

Білімнің дәнін тереді,

Балаға тәлім береді.

( Ұстаз)

Білімнің - жолбасшысы,

Шәкірттің - қолбасшысы.

( Мұғалім)

Оқу - білім бағдары,

Заманының бағбаны.

( Ұстаз)

^ “БӘРІ КЕРІСІНШЕ”

(Төменгі сынып оқушыларына арналған ойын – мереке)

Безендірілуі:

Түрлі-түсті шарлар, күз мезгіліне арнап салынған суреттер, нақыл сөздер жазылып ілінеді. Ұстаздар күніне орай кітап көрмесі ұйымдастырылады.

(Жүргізушілер сахнаға қолдарындағы қоңырауларын кезек-кезек сыңғырлатып жүгіріп кіреді)

Жүргізуші 1: Құрметті ұстаздар! Сіздерді төл мерекелеріңізбен құттықтаймыз! Сіздерге еңбекте табыс, қажымас қайрат, зор денсаулық, бақыт тілейміз!

Оқырман 1: Білімнің кілтіндей

“Әліппе” ұстатқан,

Оқуға іркілмей

Тоқуға ұстартқан.

Қамқоры ұл, қыздың –

Мұғалім – ол біздің.

Оқырман 2: Қиынға төзуге

Үйреткен қашанда,

Жаманнан безуге,

Жақсылық жасауға.

Қамқоры ұл, қыздың –

Мұғалім – ол біздің.

Оқырман 1: Атам да сыйлайтын

Атамның тұстасы,

Папам да сыйлайтын

Ауылдың ұстазы.

Қамқоры ұл, қыздың –

Мұғалім – ол біздің

Мұзафар Әлімбаев

Жүргізушілер қоңырауларын тағы бір мезет сыңғырлатады. Осы бір мезетте оқушылар Ұстаздарды мерекелерімен құттықтауға шығады.

(Балалар ұстаздарына гүл шоқтарын сыйлайды).

Жүргізуші 1: Біз бүгін аяулы да, ардақты ұстаздарымызды немен қуантсақ екен?

Жүргізуші 2: Осы өткізіп жатқан мерекеміз, апайлар мен ағайлардың естерінде қызықты жағымен есте қалу үшін, бәрін керісінше істеуіміз керек.

Жүргізуші 1: Қалай керісінше?

Жүргізуші 2: Бүгін біздің ұстаздарымыз бен оқушыларымыз орындарын ауыстырады. Дұрысын айтқанда, ұстаздарымыз уақытша оқушы рөлін атқарады. Қазір біз оқушыларымызға қызықты ойындар өткізсек. Осы ойында көп сұраққа жауап берген оқушы “Жеңімпаз” атағын жеңіп алады. (Оқырмандарға қарап) Келісесіңдер ме, балалар?

Жүргізуші 1: Ал ойын-мерекемізді бастайық! (Осы кезде сахнаға Әліппе жүгіріп кіреді)

Әліппе: Сәлеметсіздер ме? Қайырлы күн көпшілік

қауым! Мерекелеріңіз құтты болсын, құрметті

Ұстаздар! Бірақ бұл мерекені менсіз өткізіп

жатқандарыңыз қалай? (Әліппе томсырайып

өкпелеп қалады)

Жүргізуші 2: Ой, Әліппежан, сенің келгенің қандай жақсы болды, өкпелеме енді. Сенің келгеніңе біз өте қуаныштымыз!

Жүргізуші 1: Әліппенің құрметтілігі сонша, ол балалардың сауатын ашады. Жәй ғана әріптерді үйретіп қана қоймай, нешетүрлі көңілді де, қызықты ойындармен, жұмбақтармен таныстырады.

Әліппежан, осы мерекеде өзіңнің өнеріңді бір көрсетсең. Бұл ойын-мерекеде мұғалім болуды біз саған жүктедік.

Әліппе: Келістім! Онда бірінші ойын - қазақ тілі!

Ойынды бастамас бұрын, “Өшіргіш пен қағаздың айтысын оқып берейін.

Өшіргіш пен кір қағаз –

Өмір бойы дүрдараз.

Қағаз айтты досына:

“Қайырымың осы ма?

Жатырмын деп тазалап,

Ысқылайсың қажалап.

Білігі жоқ есерсің,

Бүйірімді тесерсің.

Түбі осыңнан табасың:

Күнде шөгіп барасың.

Өзің–дағы өшерсің,

Дүниеден көшерсің”.

Сонда өшіргіш сөйлейді,

Сөйлегенде бүй дейді:

- Бұйырмасын өкінсем:

Қағаз кірін кетірсем.

“Бір күні жоқ жалыққан

Қателерден арылтқан –

Өшіргіш!” – деп, айтады ел.

Бағалайды байтақ ел.

Жаны туыс,

Көркемдік пен тазалық:

Кәне дұрыс,

Көркем, таза жазалық!

Мұзафар Әлімбаев

Әліппе: Біріншіден мен оқушыларым әріптерді ұмытқан жоқ па екен соны тексергім келіп тұр. Ол үшін оқушылардың арасынан өзіме көмекке 2-3 баланы сахнаға шақырамын. Бұл балалар кезек-кезек дене мүшелері арқылы әріптердің формасын көрсетеді. Ал сіздер, қадірлі “оқушылар” оларды шешулеріңіз керек.

(Бұл жерде әріптердің жеңіл көрсетілетін түрлерін таңдаған дұрыс. Мысалы: А, Я, Ф, О, М, П, Ж, І, Ө т.б. қалаулары бойынша. Сонымен қатар, көп ұтыс жинаған оқушыға алдын-ала қызыл картоннан жасалған жұлдызшалар үлестіріледі).

Жүргізуші 2: Өте жақсы! Әліппежан, оқырмандарың бірінші тапсырмаңды сәтті орындап шықты. Ынталы да, жақсы оқитын балалар екен.

Жүргізуші 1: Ал мен бұл тапсырмаларды өте оңай деп есептеймін. Сенде бұдан да қиынырақ тапсырмаларың бар ма?

Әліппе: Әрине, біздің мұғалімдер оқушылардың жазба жұмыстарынан өте көп қателер тауып, соның салдарынан балалардың бағасы төмендеп жатады. Жіберген 1-2 қатеге бола бағамызды төмендетті, - деп оқушылардың ренжитін кездері де болады. Кейде бір әріптің қатесі сөздің ғана емес, бүкіл сөйлемнің немесе шығарманың да өңін айналдырып, мазмұнын өзгертіп жібереді.

Мен сендерге қазір бірнеше шумақ өлең айтып беремін. Бұл шумақтарда жалғыз-ақ әріптің қатесінен мазмұнның қалайша күлкілі болып шығатынын аңғарамыз. Сендер, балалар, сол шумақтардағы әріп қателерін табуға тырысыңдар.

Гүл бөледі даланы,

Сыбдыр қақты жылғалар.

Биік ұшып барады,

Ұзын мойын тырмалар /тырналар

Аспаннан көктемде,

Нұр төгіп күн тұрды.

Алма да, көк тал да,

Шақша да құлпырды /Бақша да

Саусағына Ауғанбай,

Жұқтырып ап күйені.

Бетін сипап қалғанда,

Түйе болды иегі / Күйе

Мін таппайсың көшеден,

Тақтайдай-ақ жол қазір.

Қолдың үстін көшеде, /Жолдың

Тегістеп жүр бульдозер.

Мөлдір суда балықтар

Жүреді ғой топтанып.

Кеше сонау арықтан,

Сүзіп алдық көп халық / балық

Біздің саулық семіз-ді,

Бірақ туды өгізді / егізді

Менің атам үнемі,

Жұмыс істеп жүреді.

Жер қазуға қолайлы-ақ,

Ұзын сапты жүрегі /күрегі

Біздің байтақ арқада,

Жақсы өседі арба да /арпа

Мүбәрак Жаманбалинов

Жүргізуші 2: Әліппежан, сенің оқыған өлең шумақтарың өте қызықты екен. Осыдан кейін оқушылар жазба жұмыстарынан қате жібермеуге тырысатын болар.

Жүргізуші 1: Мен де солай ойлаймын. Бірақ оқушыларыңның бет-әлпетіне қарағанда, олар кішкене шаршаған сияқты.

Әліппе: Онда мен балалар сендерге ертегі оқып берейін.

Білімін жалғастыра алмай қалған аң-құстар, жәндіктер, азын-аулақ сөз білетін ділмар тоты, ғарыштан келген қатал мұғалім және ғажайып мектеп хақындағы ертегі.

Ертеде, ерте, ертеде,

Шөлейтте, не бір орманда,

Бәлки, бір сулы өлкеде

Болмаған, әлде болған ба,

Шындық па, жалған былық па,

Онысын қайдам...аң біткен

Оқыпты бірге сыныпта

Құстармен, түрлі жәндікпен.

Ит, қасқыр, сиыр, сауысқан,

Көбелек, түйе, түлкі де,

Көлбақа, балық, тауық та,

Жылқы, қой, жылан, кірпі де,

Шымшық, құрт, тауық, арыстан,

Бозторғай, керік, батбат та

Келеді екен алыстан

Мектепке жазда – аптапта.

Ертемен бұлбұл таң атпай

Сайрайды екен есіліп.

Тасбақа болса, сабаққа

Жүріпті кілең кешігіп.

Кенгуру нанға қалтасын

Келеді екен сықап бір.

Ал тышқан сызып партасын,

Кеміреді екен кітапты.

Түнімен ұшып жапалақ,

Сабақта қалғып-мүлгіпті.

Мұғалім болса қатал-ақ,

Ғарыштан келген бір мықты!..

* * *

... Партада бірге отырды

Көлбақа мылқау балықпен.

Алғашқы әріп оқылды,

Ашылды дағы “ӘЛІППЕ”

Ғарыштан келген мықты да

Қолтаңбасымен әдемі

Тақтаға жазып шықты да:

-Оқыңдар, мынау – “А”, - деді.

Ит болса мұны: “Р”, - деді

“У”, - деді қасқыр тұмсығын

Көтеріп алып аспанға

“Ч”, - деді орман шымшығы,

Тұтығып тілі, сасқанда.

Кісінеп жылқы: “И”, - деді.

Ызыңдап шыбын: “З”, - деді.

Бәрі де әріп “үйреніп”,

Жайнады бал-бұл жүздері!..

* * *

...Мұғалім мінген кәріне,

Түгендеп шығып сыныпты,

Жәндік, аң, құстың бәріне

Былай деп мойын бұрыпты:

- Оқимыз сөзді таза біз,

Сынайын бүгін бар аңды,

Жат жазу енді жазамыз,

Алыңдар қағаз, қаламды.

Мұқият бәрін тыңдаңдар,

Оқиын мен бір сөйлемді.

Асығыстық та қылмаңдар, -

Деп, ұстаз қарап қойды енді.

“Орман да, шөл де – біздікі,

Қырат та, бел де – біздікі,

Өзен де, көл де – біздікі,

Тау, құм, су, жер де - біздікі!..”

Бірыңғай мүше, шылау бар,

Құрмалас сөйлем әрі бұл.

Сендерге тиіс ұнауға,

Ұнамаса да, бәрібір!..

* * *

...Бір шолып шығып маңайды,

“Әліппені” үздік тауысқан

Тотыға үнсіз қарайды

Сұлу да кербез сауысқан.

Үңіліп керік, тышқаннан

Көшіріп алды “сөйлемді”.

Қалған жоқ аң мен құстардан

Момақан ғана қой да енді.

Секеңдеп орман шымшығы,

Қарамақ болып тауыққа,

Сұқты да тынды тұмсығын

Байқамай сия сауытқа.

“Бақ-бақ!” –деп жазып жалыққан

Көлбақа мылқау көршісі –

Көшірмек болды балықтан

Бақаның мүлдем ерсі ісі!

“Аспанға бәрің бас и!” – деп

Жазбақшы еді бозторғай,

“До, ре, ми, фа, соль, ля, си” – ден

Аспады қайран жез таңдай!..”

* * *

...Мұғалім жүрген жоқ текке,

Тексеріп барлық дәптерді,

Үш күннен кейін мектепке

Өзімен бірге ап келді.

Дәптерін түйе толтырып,

Жазыпты кілең: “Бө-бө!” – деп

Бір сағат бекер желпініп!

Отырыпты ғой көбелек!

Қызарып батбат намыстан,

Сіңген-ді құмға заматта.

Тек қана “А” деп арыстан

Жазыпты бір бет параққа.

Ит, қасқыр, тышқан, сауысқан,

Көлбақа, керік, кекілік,

Піл, аю, балық, тауық та –

Бәрі де алды “екілік”.

Өкінгенмен кеш тіпті,

Сиырға тиді оқыра!

Мұғалім жалғыз “бестікті”

Қойыпты ділмар тотыға...

* * *

... Намысы жеңіп табанда,

Жан еді қайсар, елгезек

Қайдасың деп түу саванна,

Жол тартты керік сол мезет.

Арыстан, бұлбұл, түлкі де,

Сауысқан, шымшық, зорман да,

Көбелек, қоян, кірпі де

Жоғалды сіңіп орманға.

Қой, түйе, сиыр, жылқы да

Тапты бір айла-амалды –

Көнді де АДАМ ырқына,

Қораға келіп қамалды.

Өзенге қарай бет алды

Көлбақа ертіп балықты.

Ғарыштан келген қатал да

Ғарышқа кетіп қалыпты.

“Сауат ашқан” аз-ақ күн

Көрікті тоты бұл күні

Күледі екен мазақ қып

Сауысқан, бақа, түлкіні...

... Бар әлі, достар, сол мектеп,

Қайсың бар оны көрмеген?

Қабырғаларын өрнектеп,

Адамдар қайта жөндеген.

Көремін десең, тек тыңда,

Келіңдер біздің өлкеге.

Кенгуру бүгін жоқ мұнда

Қалтасы толған бөлкеге.

Жоқ мұнда тоты - мақтаншақ,

Тышқан да кітап кемірген.

Бәрі де ойда жоқты аңсап,

Өтіпті кеше өмірден...

Сабақты жылан секілді

Қалмайды ешкім есітпей,

Аумай-ақ ұлы екінді,

Келеді бәрі кешікпей.

Алмайды ешкім “екілік”

Болмасын титтей шүбәңіз

Қоспайын тіпті өтірік,

Оқитын онда мына БІЗ!..

Байбота Серікбайұлы Қошым – Ноғай

(Ескерту: Ертегінің басында курсивпен берілген 2 куплет, ертегінің арасында қайталанып отырады. Ертегінің ұзақ болу себебіне байланысты, қысқартылып тасталды. Бұл куплеттер **** орнына қойылуы тиіс еді.).

Жүргізуші: Ертегі тыңдап бір сергіп қалдық қой.

Әліппе: Ендеше мерекені жалғастырайық. Құрметті балалар! Ендігі кезекті қазақтың мақал-мәтеліне берсек.

Ал мынау менің ең сүйікті мақалым: Оқу күрекпен құдық қазғандай / инемен

Мен шамасы дұрыс айтпадым-ау деймін. Бүгін әріптер де, сөздер де бытырап, біртүрлі шашырап кетті ме, қалай?

Ендеше мен сендерді көмекке шақырайын, менің айтқан мақал-мәтелдерімді түзетуге көмектесіңдер.

1. Қына басқа бітеді / тасқа

Білім шашқа бітеді /басқа

2. Біліп тұрсаң да, сұрама / сұрап ал

3. Аз біл, көп сөйле /Көп біл, аз сөйле

4. Бір елі ауызға

Бес елі қақпақ / Екі елі

5. Көрмес – шошқаны да көрмес /түйені

6. Өнер алды – ұзын тіл /қызыл тіл

7. Жығылып жатып, жығылғанға күлме /сүрінгенге

Әліппе: Жарайсыңдар балалар! Мына тапсырма ең соңғы тапсырма. Сендердің міндеттерің “Отан”, “Туған жер” тақырыбына, мейлінше көп мақал-мәтелдерді еске түсіріп айту. (Көп мақал-мәтел айтқан балаларға жұлдызшалар таратылады)

Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар! Тапсырмаларды өте жақсы орындап шықтыңдар. Білімге бай екендеріңді байқаттыңдар.

(Ойын соңында көп жұлдызшаларға ие болған оқырман “Жеңімпаз” аталып, сыйлықпен марапатталады).

Жүргізуші: Міне, осымен біздің ойын-мерекеміз де аяқталып қалды. Құрметті ұстаздар! Көңілдеріңіз көктемдей болсын, өмірлеріңіз мәнді, сәнді қуанышқа тола берсін! Келгендеріңізге көп рахмет!

(Бәрі бас иеді). Хормен “Ұстазым” әнін орындайды.

^ ҰСТАЗ – АТЫ МӘҢГІЛІК,

ЖАДЫМДА ҚАЛАР ЖАҢҒЫРЫП!

(Ойын- байқау)

Мерекеге екі топ қатысады. 1 – мұғалімдер, 2 - оқушылар. Әр топ мүшелерінің кішкентай кездеріндегі суреттері, оқу құралдары, “Таза парақ”, “сызғыш”, “өшіргіш” сөздерін жазуға арналған үлкен әріптер, 2 қалам. Зал кітап көрмесімен, гүлдермен безендіріледі. Мереке сәлемдесумен, құттықтаумен басталады.

1-оқушы: Құрметті ұстаздар! Сіздерді төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз. /Оқушылар ұстаздарына арнап өлеңдер оқиды, ән шырқайды, гүл сыйлайды/

Қоңырау сөзі:

“Күміс көмей, жез таңдай,

Үні ашық”, - деп мені

Таңдап жаршы қойғандай,

Жер жүзінің мектебі

Шәкірттерді қарсы алып

Сыныптарға ендірем.

Бітсе сабақ жар салып,

Бәйек болып мен жүрем.

Біз сіздер оқытып жүрген барлық пәндерді ардақтаймыз. Сөздеріңізді ықыласпен ынта қойып тыңдап, пән атаулыны зер салып оқып, үйреніп жүрміз. Жан-жақты білім бергені үшін әрбір пән мұғаліміне алғысымыздың шегі жоқ.

2-оқушы: Анашымдай сыр шерткен,

Ақыл, білім үйреткен.

Ана тілін оқимын,

Ерекше зор құрметпен.

3-оқушы: Математика сабағын

Жақсылап ұғып аламын

Сәулесі де сананың,

Мәнінен ой табамын.

4-оқушы: Ұлтын сүйген баламын

Ұлтым тілі – анамның.

Қазақ тілі – ортақ тіл,

Тілімнен ой табамын.

5-оқушы: Шыңдап күнде мен енді,

Шынықтырам денемді.

Сүйемін ән-күй сабағын,

Суретті сәндеп саламын.

Бәрі/ қосылып/: Білім берген біздерге

Рахмет Сіздерге.

Көркемсөз оқушы: Қоңырау сөзі

Алып менің тілімді,

Ата-анаң да тыңдаған.

Ұмытпайды үнімді,

Мамандар сан мыңдаған.

Өзім – кіші, дәу ісім,

Мұғалім де сыйлайды.

Сыңғырлаған дауысым,

Жалқауларды қинайды.

Айтқан әнім бұл менің,

Сағынарсың кәрі–жас.

Өмір бойы біргемін,

Балғын шағың ұмытылмас!

Жүргізуші: Ал қазір құрметті ұстаздар, сіздер үшін көңілді үзіліске қоңырау соғылады. Сіздерді көңілді байқауларға шақырамыз. Байқауға 2 топ қатысады. Ал енді әділ қазылар алқасын сайлауымыз керек. Олар:

- ең әділ және қатал оқушы

- ең әділ және қатал ата-ана

- ең әділ және қатал мұғалім

/Әділ қазылар алқасы сайланады/.

1-байқау “Бұл не?”

Әр топтан бір адам қатысады. Шарты: Көзі жұмулы қалыпта заттарды қолымен ұстап, атын табу керек.

2-байқау “Тамаша мұғалім”

Топ мүшелері бір-бір парақтан алып, “тамаша мұғалімге” тән қасиеттерді жазады. 2 топтың жауабындағы ұқсастықтар бағаланады.

3-байқау “Бұл кім?”

Мұғалімдерге оқушылардың кішкентай кездеріндегі суреттері беріледі, ал оқушыларға мұғалімдердің. Дұрыс жауап бағаланады.

4-байқау “Сенесіздер ме?”

2 топқа да бірдей сұрақтар беріледі:

1. Жапонияда оқушылар тақтаға түрлі-түсті сиямен жазады. /Ия/

2.Австралияда бір-ақ рет пайдалануға жарайтын тақталар қолданады екен. /Жоқ/

3. Автоқалам Ежелгі Египетте пайда болған /Ия/

4. Шарикті қаламды тек қана әскери ұшқыштар пайдаланған. /Ия/

Жүргізуші: - Тыныштық сақтаңыздар! Мұғалімдерге арналған емтиханымызды бастаймыз. / Мұғалімдерге шарлар үлестіріледі. Әр шардың ішінде сұрақтар бар. Мұғалімдер шарды жарып, сұрақтарға жауап беруі керек/.

Сұрақтар:

1. Домбырада – жетеу, сырнайда – алтау, қобызда бесеу. Бұл не? /әріп/

2. Бұл санда қанша әріп бар болса, сонша сан бар. Ол қай сан? /Жүз/

3. Жел соққанда тау ық бола ма? /Ық болады/

4. Теңізде қандай тас болмайды? /Құрғақ/

5. Ертістің ортасында не бар? /Т әріпі/

6. Өзі судан шығады, бірақ судан қорқады. Бұл не? /Тұз/

Жүргізуші: Әділқазылар алқасы байқау қорытындысын шығарғанша, енді ұстаздар кезек-кезек билет алыңыздар. Сол билеттегі сұрақтарға дұрыс жауап таңдап алу керек.

№1 билет. Сыныпта сіз үшін ең сүйікті оқушы болу керек пе?

№2 билет. Сабақта ұйықтап қалған оқушыны оятасыз ба?

№3 билет. Сабаққа жиі кешігіп келесіз бе?

№4 билет. Ата-аналарға балалардың тәртібі туралы хат жазасыз ба?

№5 билет. Сабақта анекдот айтқан кезіңіз болды ма?

Жауаптар:

1. Жоқ, ұстаз үшін оқушының бәрі бірдей.

2. Мүмкін, менің көңіл-күйіме қатысты

3. Ойланып көремін.

4. Ойымда да болған емес.

5. Ешқашан, тапқан екенсіңдер, онда тұрған не бар?

Жүргізуші: Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып терін төккен шопан да, көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер де бәрі-бәрі ұстаздан білім, тәлім алған, сондықтан ұлағатты ұстаздар сіздерге бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді.

/Көңілді күй, сахнаға оқушылар шығады, олар ұстаздарға біркелкі бас иеді/

Көркемсөз оқушы 1: Ғұлама, білгіш ғалымнан

Оқушы жас жалыннан,

Мархабатты ойшылдан,

Мал өсірген қойшыдан,

Жазушыдан, ақыннан,

Ғарышкерден – Батырдан

Көркемсөз оқушы 2: Өнері асқан актерден,

Ырыс қазған шахтерден,

Мың бұралған бишіден,

Ой тербеткен күйшіден,

Оқыған жас-кәріден

Оқушының бәрінен,

Бәрі /қосылып/: Ұстаздарға мың сәлем!

“Ұстаз” әні шырқалады. Сөзін жазған: Сая Итеғұлова

Сазын жазған: Есенжол Өтебасов

Жүргізуші: Мереке құтты болып, мерейлеріңіз арта берсін, ұлағатты ұстаздар!

^ ҰСТАЗ – ҰЛЫ ТҰЛҒА

(Әдеби-сазды кеш)

Безендірілуі: Кітапхананың оқу залы. Мұғалімдер күніне арналған “Ұстаздарым, думан болсын әр күнің” атты кітап көрмесі ұйымдастырылған. Плакатқа жазылып нақыл сөздер, түрлі-түсті шарлармен ілінеді, гүлдермен әсемделінген.

Қатысатындар: Жүргізушілер, оқушылар

Жүргізуші: Құрметті Ұстаздар! Сіздерді мұғалімдердің кәсіби мерекесімен құттықтаймыз. “Ұстаз – ұлы тұлға” атты әдеби-сазды кешімізді бастаймыз.

Ұстаз!

Осынау сөзде қаншама мән-мағына жатыр десеңізші! Ұлағатты ой иелері де, арман оты жүрегінде алаулаған жеткіншектер де, парасатты қоғам қайраткерлері де бір адамға қарыздар. Ол – Ұстаз! Алғаш “Әліппенің” бетін ашып, әріп танытқан, өмірдің қыр-сырын білуге, сан қилы құбылыстарды терең түсінуге мұрындық болып, жан дүниеңе нұрлы шуақ түсіріп, адамгершілікке баулыған мұғалімнің бейнесі көңіл төрінен орын алады ғой.

Ұстаз да диқан сияқты. Ол әр адамның жанына білім дәнін себеді. Әр шәкіртін аялап өсіріп, өмір атты шексіз ғаламға топшысын қатайтып ұшырады. Дәлірек айтсақ, адамды өмір сүре білуге тәрбиелейді. Сол үшін бойындағы асыл қасиеттерін шәкірттеріне сіңіріп, тер төгеді.

Бірінші оқушы: Ұстаз еңбегі – ұлы еңбек. Сондықтан да ұлы ақын Абайдың:

Ақырын жүріп, анық бас,

Еңбегің кетпес далаға.

Ұстаздық еткен жалықпас

Үйретуден балаға, - деп айтуында терең мағына жатыр.

Егер әр адамның жүрегінде ізгілік сәулесі болса, ол – мұғалімнің еңбегі. Сол нұрды жеткіншектің жүрегіне сіңіру үшін қаншама тер төкті десеңізші! Дүниеде адамды тәрбиелеп, азамат атандырғаннан артық абырой мен құрмет жоқ шығар, сірә?!

Екінші оқушы: Айтсаң, жеткіншектердің жүрегіне ізгілік сепкен, тәрбиелеген мұғалімнің еңбегін айт! Шынында, ұлы да ұлағатты еңбек емес пе?!

Үшінші оқушы: Әр жылдың қыркүйек айында ұстаздар өзінің сүйікті шәкірттерімен жүздеседі. Мектептің маңдайшасындағы “Хош келіпсіздер!” деген сөздерден ұстаздардың дарқан жан дүниесі аңғарылады. Қоңырау үні сыңғарлай естіледі. Кішкентай бүлдіршін күліп қойып, жез қоңырауды соғып тұр. Ол үшін бұл жай ғана қоңырау емес, қол бұлғап, алға қарай шақырған өмір қоңырауы іспетті.

Барлығы хормен:

Қоңырау үні үзілмесін, ұстаз! Әуелей берсін, әсем сазды жез!

Қоңырау үні! Еңбегің жансын, сүйікті мұғалім! /Осы сөздер айтылып жатқанда қалған оқушылар сахнаға шығып, бастаушылардың артына тұра береді. Хормен “Ұстазым” әні орындалады.

Бірінші оқушы: Білімнің кәусар бұлағын

Жүресің құйып санама

Біз үшін сенсің, мұғалім,

Ұстаз да, ғалым, дана да.

Екінші оқушы: Қыр-сырын зерттеп заманның,

Ұлылығын айтып бабамның

Өнеге, өріс беретін

Барометрі сенсің адамның.

Үшінші оқушы: Сағыныш сазы толқытқан,

Арнамақ сөздің мәйегін.

Шәкірттерің оқытқан

Келіп тұр жолдап сәлемін!

Төртінші оқушы: Өмірдің ұғып тереңін,

Өркен жайған қауымым

Қабыл ал жүрек сәлемін,

Құлақта сенің әр үнің!

(Бір оқушы мұғалімдерге арнап ән орындайды)

Бесінші оқушы: Ұстаздардың ұлағатты сөзінен,

Өмір бойы таусылмас нәр аламыз.

Ұстаздардың мейірімді көзінен,

Бізге деген жылылықты табамыз.

Алтыншы оқушы: Ұстаздар! Қандай ғажап халықсыздар!

Шәкіртке шыңдай биік алыпсыздар.

Жан біткен жанарына нұр сыйлаған,

Күндей боп күлімдеген жарықсыздар.

Жетінші оқушы: Жаралған жақсы үміт пен мұраттардан,

Жансыздар әлдилеген шуақты арман.

Жатталсын есімдерің жан жүректе,

Адамның аяулы әні сияқталған.

Сегізінші оқушы: Жүрегіміз түкпірінен ән қылып,

Шырқай оған айттық біздер тілекті.

Ұстаз аты биік, әрі мәңгілік,

Тербетеді сезім менен жүректі.

Тоғызыншы оқушы: Бірге өсіп, ен жайлаған ұл менен қыз,

Асыға сәлем жолдап жүректен біз.

Тәтті күй, асқақ ән мен әсем биді,

Сіздерге тарту етіп ұсынамыз.

(Бір-екі ән, немесе би биленеді)

Жүргізуші: Құрметті ұстаздар! Белгілі жазушы, ұстаз,

сықақшы Әдібай Табылды ағамыздың

“Ұстаздық оңай ма?”

атты скетчінің көрінісін қабыл алып,

тамашалаңыздар!

Қатысушылар: Әділет – еңбек ардагері, Тәлтік – жас мұғалім.

Сахнаға Әділет шығады.

Әділет: Амансыңдар ма, ардақты шәкірттерім менің?!

Шат-шадыман болып, Тәлтік келеді.

Тәлтік: Ассаламалайкум, ағай! Сәләмет саусыз ба? Денсаулығыңыз...

Әділет: Кел, айналайын! Әке-шешең аман ба? Қандай жаңалығың бар?

Тәлтік: Бәрі жақсы, ағай... Мен өзіміздің мектепке мұғалім боп келдім.

Әділет: Өз ауылыңа келгенің жақсы бопты. Келген қадамың құтты болсын!

Тәлтік: Ағай, осы... ауылға, атаға бөлу, меніңше, дұрыс емес...

Әділет: Мен ауылға, атаға “бөлейін” деп тұрған жоқпын. Өз ұстаздарыңның мұрагері болғаныңа қуанып тұрмын.

Тәлтік: Ағай, өзіңіз білесіз, мені бастауыш сыныпта республикаға белгілі Тәлім ағай тәрбиеледі емес пе?

Әділет: Білем...Білем... Тәрбиең жаман болған жоқ...

Тәлтік: Баста білім бар, диплом қалтада! Енді ұстаздық істің қызығын көрсек деп, салып-ұрып жүрміз, ағай.

Әділет: Сабыр ет, балам! Саған айтарым: сен шәкірттеріңнің алғашқы үш сынағынан мүдірмей өтсең, нағыз ұстаз боласың.

Тәлтік: Ха-ха-ха! Хи- хи- хи! Менен сынақ алатын кім олар, ағай?!

Әділет: Күлме, балам! Жеңіл күлкі жетесіздік болады. Сынақ...

Тәлтік: Ол қандай сынақ, ағай, айтыңызшы?!

Әділет: Сен алғашқы сабаққа барғанда, біріншіден, киген киімің шәкірттер жиіркенбейтіндей, үстіңе қонымды, бойыңа жарасымды болсын. Екіншіден шәкірттерің қандай сұрақ қойса да, оларды қақпаламай, қанағаттандыра жауап бер. Үшіншіден, олардың әуелгіде әдейі көрсеткен оқыс қылықтарына шыдап, сабырлылықпен тәлімді тәсіл қолдана біл...

Тәлтік: Ағай, амандық болса, бұл сынақтардан “қолпарақсыз -ақ” өтем!

Әділет: Егер ең алғаш жеңіл мінез көрсетсең, оқушылардың оғаш қылықтарының оты қаулап кетеді.

Тәлтік: Ха-ха-ха! Қойыңызшы, ағай... Олар, сонда, қандай қылық көрсетеді?! Ұлағатты ұстазын сыйлай алмаған шәкірт оңа ма?!

Әділет: Алғаш жеңіл мінезіңді байқап қалса, кластағы отыз оқушы, отыз түрлі қиқарлық көрсетуі мүмкін.

Тәлтік: Оқушыларды сонша сорақылыққа жібере қоймаспын, ағай...

Әділет: Шәкірттер шәлду-бәлду сөзді, шыдамсыздықты ұнатпай, шулап кетсе, ақылың таусылып, жүйкең құриды, масқара боласың.

Тәлтік: Хи-хи-хи! Бірден жүйкем құрып не бопты сонша!

Әділет: Сынып – сиқырлы драма орны. Онда кездейсоқ керемет оқиғалар болуы мүмкін.

Тәлтік: Сыныпта жібі түзу оқушылар да болатын шығар?! Тіпті...

Әділет: Сабақ үстінде сол “жібі түзу” оқушыларды таба біл де, солар арқылы әдепті әдіс қолданып, сабырлылық мінез көрсет.

Тәлтік: Мен, амандық болса, Тәлім ағайдың тәсілін қолданам.

Әділет: Ол қандай тәсіл еді?

Тәлтік: Сабақ үстінде қыңқ еткен оқушының басына сызғыштың жалпақ жағымен сарт еткізем. Ол менің сөзімді тырп етпей тыңдайтын болады. “Баланы бастан” деген емес пе атамыз?!

Әділет: Балаға кешірімді болу керек. Ұру – қылмыс, қорқыту – кінә!

Тәлтік: Ағай, сіз қызық екенсіз! Жетесіздер желігіп, кешірген сайын кесірле

www.ronl.ru

Ұстаз – ұлы есім

Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат,өйткені мұғалім – мектептің жүрегі.Ыбырай Алтынсарин

Дүниедегі мамандық атаулының төресі – ұстаздық. Әсілі, мұғалім  барлық  мамандық   иесін  тәрбиелейтін,  оқытып  үйрететін  мейірімді абзал  жандар.  «Мұғалім  мамандығы – барлық  мамандықтың  анасы»  демекші, ұстаз  алдынан  тәрбие  алмайтын  жан  жоқ. Ұстаз  берген  тәрбие  әрбір  жанның  өміріне  жол  сілтер  шамшырақ  секілді. Ғылым  иесі  ғалым  да,  ел  қорғаған  батыр  да, тілінен  бал  тамған ақын  да,  тегеуріні   темір   балқытқан   жұмысшы  да, егін  салған диқан да, мал  бағып   терін   төккен  шопан  да, көк  күмбезінен  әрі  өткен ғарышкер  де  бәрі-бәрі  ұстаздан  білім,  тәлім  алған. Сондықтан ұлағатты  ұстаздарға  бүкіл  адам баласы  құрметпен  бас  иеді.

«Ұстаз болу – өз уақытыңды аямау, өзгенің уақытын аялау» - деп француз ойшылы Жан Жак Руссо айтпақшы, ұстаздардың еңбегі ерен. Шәкірт санасына білім нәрін сеуіп, ел болашағының өрендерін тәрбиелеп шығару - екінің бірінің қолынан келе де бермейді. Ұстаз болу – жүрек жылуын, мейірім шуағын, адамгершілік ұлылығын баланың бойына дарыту. Ұстаз болу – шәкіртке ата-анасындай болып тәрбие сыйлау. Ұстаз болу – жас ұрпақтың жарқын болашаққа барар жолын айқындап беру. Орыс ойшылы Анатолий Луначарский айтпақшы, «ұстаз – бұл жас ұрпақтың бойына ғасырлар бойы жинақталған барлық асылдарды сіңіруші, ал оларды соқыр сезімдерден, жамандықтардан және жұқпалы мерездерден аулақтатушы адам». Ал қазақтан шыққан қоғам қайраткері, ағартушы-ғалым Ахмет Байтұрсынов «мұғалім – мектептің жаны» деп бағалаған. Осыдан-ақ, ұстаз деген – ұлы есім екенін талассыз аңғаруға болады. Себебі, ұстазға деген құрмет бәрінен биік тұрады.

Қай заманда болсын, ұстаздарға құрмет жоғары болған. Бүгіннен немесе кешеден ғана ұлы мамандық иелеріне құрмет көрсетіліп келе жатқан жоқ, ықылым заманнан бері ұстаздықтың шоқтығы биік тұр. «Тамшысымен тас тесетін бейнебір су тәрізді» (әл-Фараби) жандарға ілтипат таныту – адамгершілігіңнің ілгері басуының бір қадамы. Өйткені, ұстазға құрмет көрсету – білімге құрмет көрсету. Білімді құрметтемеген, ұстазын қадір тұтпаған шәкірттің ғылымда нәтижеге қол жеткізе алмайтындығы, қол жеткізсе де, тиісінше кәдеге асыра алмайтындығы қасиетті Құранда да жазылған. Тарихта ақыл-парасаты мол тұлғалардың көпшілігі ұстазына ерекше құрметпен қарап, әрдайым бір ізетпен еске алғаны мәлім. Айталық, Ескендір Зұлқарнайын - Аристотельді, Абылай хан - Төле биді, Шәкәрім - Абайды, Бердақ - Күнқожаны, Жамбыл - Сүйінбайды өзіне ақылшы әрі ұстаз тұтқан. «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» дегендей, олар өздерінің өмірде бағындырған зор асуларына ұстаздарының сіңірген еңбегі көп екенін жақсы түсінген. Мәселен, Ескендір Зұлқарнайын өз ұстазын «Мен ұстазыма әкемнен кем қарыздар емеспін. Әкемнен өмірді алсам, Аристотельден сол өмірге керектінің бәрін алдым» деп еске алатын болған екен. Сондықтан да, ұстазды сыйлау – өмірдегі бір борышың. Ұстазға құрмет – адамзатқа міндет.

«Адамның адамшылығы - жақсы ұстаздан» деп ұлы Абай айтқандай, мұғалім тәрбиесі мен өнегесі оқушының болашақ азығы. Жақсы ұстазға кезігіп, тәлім-тәрбие алған шәкірт өмір майданында мойымай күресіп, болашақ жолдарда бағытынан таймасы анық.

Ұрпақ болашағы, халқымыздың келешегі қазіргі ұстаздардың қолында. Тәуелсіз ел атанып, төбемізге ту тігіп, тіліміздің мәртебесі артып, әлемге атымызды танытып жатқан кезеңде ұлттың, елдің болашағы-жас ұрпақ тәрбиесіне де мықты көңіл бөлінуде. Осы егеменді, тәуелсіз Қазақстанда өркениетке бастар жолдың бастауы мектеп десек, мектептің басты тұлғасы, жүрегі-мұғалім.

Жаһандану заманында ұлт­­тық бәсекеге қабілетті болудың көр­сет­кіші – білім деңгейімен өлше­неді. Сондықтан, әлемдік білім ке­ңістігіне кірігіп, білім беру жү­йе­сін халықаралық биікке көтеру кезек күттірмейтін өзекті мәселе. Бұл мәселені шешудің кілті - ұс­таздардың қолында. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашақта еңбек ет­іп, өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұс­тазға жүктелетін міндет ауыр» – деген еді. Ұрпаққа тәрбие беру, білім нәрімен сусындату – екінің бірінің қолынан да келе бермейді. Сондықтан, ұстаз болу – жүректің батырлығы деп бағалауға болады.

Сурет: akjunis.kz

Оқи отырыңыз:

Бір жарық сәуле

Қауырсын – арман (Хикаят)

Мен Отанымды жақсы көремін

Математика - ғылымдардың жарық жұлдызы

Студенттік өмір туралы шығарма

massaget.kz

Доклад на тему: Устаз

Ұстаз

Ұстаз — жас ұрпақты, жалпы адамды ізгілікке баулып, жақсылыққа тәрбиелейтін, білім беретін оқытушы.

Қазіргі қоғамда оқу-тәрбие жұмысын жүргізуші маман педагог ұстаз деп аталады. Дегенмен, ұстаз ұғымы арнаулы білім, қажетті құжатқа байланысты емес. Үлгілі, өнегелі, өмір тәжірибесі бай адам ғана ұстаз бола алады. Жалпы “Ұстаз — тәрбиелеуші” ұғымы діни ілімнен бастау алады. Ол адамзатты ғылымды сүюге, танымға құштарлыққа үндейтіні Құран Кәрімнің беташар сүресінің Алланы “Рабби — тәрбиелеуші” мағынасында ұлықтаумен басталуынан көрінеді. Мұсылмандар пайғамбары Мұхаммедке (ғ.с.) келген алғашқы уахидің де “Оқы, оқы, оқы…” деп басталуы адамды ізгілікке бастаушы ғылым-білімнің маңызын, осы ілімді шәкірт жүрегіне егуші ұстаз қызметінің маңызын аңғартады.

Діни танымда, халықтың мифологиялық санасында шәкірттің ұстазға бұлтақсыз мойынсұнуы мен шексіз берілуін, өз еркін ұстазға сеніп тапсыруы арқылы ақиқат ілімді иеленетіні насихатталған. Мұның бір мысалын Мұса (ғ.с.) пайғамбардың Қызыр (ғ.с.) пайғамбарға шәкірт болуынан көреміз. Демек, бұдан ұстаздың зор жауапкершілігін, оның терең ілім иесі болуымен қатар, кемел адамдық қасиеттің иесі болуы керектігін байқаймыз. Дәстүрлі Қазақ мәдениетіндегі рухани-ақылақтық тәрбие ісінде “Ұстаз — шәкірт” қарым-қатынасы кең тараған әрі ғылыми, ағартушылық, мәдени, кәсіптік тәрбие беру тәжірибесін рухани тәжірибемен ұштастырған ерекше жүйе болды. Қазақ халқының шәкіртті ұстаз алдына апарғанда айтылып, мәтелге айналған “Сүйегі — менікі, еті — сенікі” деген сөзінің астарына үңілсек осыны аңғарамыз. Бұл мәтел кеңеcтік замандағы атеистік идеологияға сай бұрмаланып түсіндіріліп келсе, герменевтикалық тұрғыдан сөз астарына үңілсек: “сүйегінің — асылының, рухының иесі — Алла бар, оған қиянат жасама, ал етін сомдау, яғни біліммен көркейту ұстаздың ісі” деген тұспал бар.

Бұл мәтелде ұстаздың шәкірт тәрбиелеу ісіндегі ең негізгі ұстанымның бірі — шәкірттің өзіндік “меніне” құрмет, қайталанбас адамдық тұлғасы қалыптасуына ықпал ету міндеті көрінеді. Ұстаз — пір, яғни ақиқат жолындағы рухани тәрбиеші, жолбасшы ұғымы да қазақ дәстүрлі мәдениетіне жат емес. Қазақ халқының рухани мәдениетінде бай мұра қалдырған, рухани адамгершілік мұраттары мен ақылақтық ұстанымдары, үлгі-өнегесі түркі әлеміне, жалпы адамзатқа ізгілікті, игілікті жол нұсқайтын рухани ұстаздар бар. XIX—XX ғасырларда А.Құнанбаев көшбасшысы болған, ағартушылық идеясын басты ұстаным тұтқан Алаш арыстары қазақ қауымын тың өріс, жаңа өркениет көшіне ілесуге үндеді және осыған негіз боларлық ғылыми-әдістемелік негіз жасады. Кеңестік дәуірде өркендеген ғылым-білім саласындағы жетістіктер негізінде ұстаз мамандығы, педагогика ғылымы жаңа деңгейде дамып өрістеді.

Мұғалім мамандығы

Өмірде мамандықтың түрі көп. Әр мамандықтың өзіндік ерекшелігі бар. Дәрігер адамдарды емдесе, мұғалім оларды оқытады, әнші ән айтады, құрылысшы үй салса, тігінші киім тігеді. Тағы басқа да мамандықтар туралы айта беруге болады.

Адамдар мамандықты жүрегінің қалауы бойынша таңдауы керек. Өйткені, әрбір адамның болашағы таңдаған мамандығына тікелей байланысты. Өз ісін жақсы көріп, үлкен жауапкершілікпен атқарғанда ғана адам өзін бақытты сезінеді екен. 

Жас ұрпақты білім нәрімен сусындатар, шәкірт жүрегіне гүл егер, бала жанының бағбаны аяулы ұстаздар емес пе? Иә, ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақындар да, тегеуріне темір балқытқан жұмысшы да, егін еккен дихан да, мал бағып терін төккен шопан да бәрі-бәрі ұстаздан білім алған. Сондықтан ұлағатты ұстаздарға бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді.

Ұстаз - таудан арқырай аққан тау өзені секілді, айналасына қуат беріп, жолында кездескендерді суымен нәрлендіріп, таудай қиындықтарды тастай домалатып, білімнің сар даласында тыныштық тауып, дамылдайды. Ұстаз - Жер деген әлемнің бетін көркейткен, шәкірттеріне шуақ төккен Күн-Ана. Ұстаз – ақылдың тозбайтұғын асылы. Қасиетті мамандық иелерінің ішіндегі жауһары. Өзге мамандық атаулылары өздерінің түр-сипатын мың құбылтып жатса да, еш өзгеріссіз сол бәз баяғы қалпында жас ұрпаққа адамгершілік қасиеттердің дәнін еккен диқаншы.

Менің мамандығым – мұғалім. Қиындығы мен қызығы мол осы мамандықты бала күнімнен армандадым. Адам баласына көмектесу – игілікті істердің бастамасы.

2011 жылы Алматы қаласындағы №1 мектеп-гимназияға қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімі болып жұмысқа орналастым. Ең алғаш «Ұстаз» деген атаққа ие болуым да осы мектептен басталды. Бұл мектеп оқушылары менің армандарымның жүзеге асуына өз үлестерін қосты.

«Бала жүрегі- кішкентай күй сандық. Сол сандықтың кілтін тапсаң ғана ашылады. Мұғалімнің қолында әр кезде сол кілт тұру керек» - деп, М. Шаханов ағамыз айтқандай, әр баланың жүрегіне жол табу, бала бойындағы дарынды ашу мұғалімнің ең басты міндеті деп ойлаймын.

Күнделікті таңертең мектеп ауласына жақындағанда, балалардың сыңғырлай күлген дауыстары мені қуанышқа бөлейді. Мектепке кіргеннен-ақ, өзімді мазалаған сан түрлі ойлардан арылып, оқушыларымның тәтті қылықтарымен әдемі жүздерінен шаттанамын. «Баласыз үй мазар, балалы үй базар»- деп ата- бабаларымыз бекер айтпаса керек. Балалардың әр күні біздің көз алдымызда өтіп жатыр.

Алдымызға келген балалар - біреудің маңдай алды жарығы, енді бірі – жал дегенде жалғызы, бірі – ерке, бірі – қой аузынан шөп алмас момыны. Маңдай алды жарығын Таңшолпандай жарқыратып, жал дегенде жалғызды көпшілдікке үйретіп, қой аузынан шөп алмасты ортада жарқылдап сөйлер шешен қылып тәрбиелеу үшін қажымас қайрат пен батырлық қажет.Мектеп — балалардың екінші үйі болса, ал ұстаздар екінші анасы десек те артық етпейді. Әр үйдің еркелерін бір арнаға тоғыстырып, олармен жұмыс жасау оңайға соқпайды. Алайда баланың тілін тауып, тілдесу, жақсы тәрбие берудің өзі бір үлкен ғанибет. Ақ парақ бетіне сызу сызғандай баланың кіршіксіз санасына алғашқы адамгершілік, мейірімділік нұрын сеуіп, білім, өнер нәрімен сусындату мына біз мұғалімдердің еншісінде.

Сөзден жыр кестесін өрген Ғафу Қайырбеков ұстаз деген сөздің анықтамасын дәл берген.

Ұстаз болу - сезімнің ақындығы,

Ұстаз болу – жүректің батырлығы.

Ұстаз болу - мінездің күн шуағы,

Азбайтұғын адамның асылдығы.

Осы төрт қасиет әр ұстаздың бойынан табылуы қажет. Себебі мұғалім қай сабақта болмасын оқушысын еркіндікке баулиды. Сондықтан да ұстаздың міндеті талап пен еңбекті оқушыдан талап ете отырып, білімнің теңізінен маржан тергізу. Оқушы сабағыңнан ешқашан жалықпау керек.Ұстаз - Қаратаудың қойнауындай тереңде жатқан кенді ашып, білім мен ғылымның жемісінің дәмін таттыратын, армансызға арман ұялатып, қанатсызға дарын қанатын бітіретін ғажайып күш иесі. Менің мамандығым әлемдегі ең қажет мамандықтардың бірі. Сондықтан мамандығымды мақтан тұтамын.

infourok.ru

Ұстаз-ұлы тұлға туралы шығарма табуға көмектесесіңдерме?

Ұстаз болу – жүректің батырлығы, Ұстаз болу – сезімнің ақылдығы. Ұстаз болу – мінездің күн шуағы, Ұстаз болу – адамның асылдығы,

Өмірдегі көп мамандықтардың ішінде жан-жақты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, ерекше шәкіртжандылықты, мейірімділікті қажет ететін мамандық та – ұстаздық мамандық. Олай дейтінім, мұғалім еңбегі біріншіден, адамзат қоғамы тарихында жинақталған ғылым негіздерінен білім беруге тиіс болса, екіншіден, үнемі шәкірттерімен қарым-қатынаста болып, білсем, үйренсем деген бала арманы мен оның сырлы тағдырына басшылық етуді мойнына алған маман. Бүгінгі ұстаз шәкіртіне ғылым негіздерінен мәлімет беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік білім, ақпарат, экономика кеңістігіне шығуға, яғни қатаң бәсеке жағдайында өмір сүруге тәрбиелеуі керек. Ол нағыз ұстаздың ғана қолынан келеді. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау - әр мұғалімнің борышы. Ол - өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін адам.Осы іске деген қызығушылық пен сүйіспеншілік қана оны небір қиын әрекеттерге жетелейді, іске батыл кірісуге септігін тигізеді. Нәтижесінде бір емес, бірнеше жас жүрекке мәңгі ұстаз болып қалады. Ұстаздың осыншама қадір-қасиет, құрметке бөленуі өзін қоршаған орта мен әрбір шәкіртіне асқан сезімталдықпен, жауапкершілікпен қарым-қатынас жасауында.Өйткені оның қарапайым да сыпайы киім киісі, мәдениетті сөзі, әдепті жүріс-тұрысы, жинақы іс-әрекеті, білімі шәкіртке де, ата-анаға да, жұртшылыққа да өнеге. Ұлы ағылшын ағартушысы Уильям Уорд: Жай мұғалім хабарлайды, Жақсы мұғалім түсіндіреді, Керемет мұғалім көрсетеді, Ұлы мұғалім шабыттандырады,- дейді. Білім беру жүйесі мамандардан кәсіби икемділік пен ұтқырлықты, сан қырлы шығармашылық қызмет пен өзін-өзі басқару, өзін-өзі ұйымдастыру жағдайындағы біліктілікті қажет етеді. Өйткені қазіргі жас буын - еліміздің келер күнгі келбеті. Бұл жөнінде Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Ғасырлар мақсаты – саяси-экономикалық және рухани дағдарыстарды жеңіп шыға алатын, ізгіленген ХХІ ғасырды құрушы іскер, өмірге икемделген, жан-жақты жеке тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру»,- деген тұжырым жасады. Ол үшін бүгінгі оқу үрдісіне сай педагогикалық шеберлік қажет. «Педогогтік шеберлік – дарынды талант емес, үйрену, ізденудің нәтижесі. Мұғалім шеберлігі жайлы жазылған дайын қағида жоқ, болуы да мүмкін емес. Адамның өзіне-өзі өмір бойы қоятын және оған әрдайым жауап іздейтін санаулы сұрақтары болады екен. Мен үшін сол мәңгі сұрақтың бірі де біре-гейі - Мұғалім деген кім? Алдымен осы сұрақтың жауабын тағы да бір айқындап бағайық.Мұғалімге тән ең бірінші қасиет – баланы құрметтеу. Оның адамшы-лық ар-ожданын, намысын, тұлғасын жасына қарамай силау, құрмет тұту. Бұл мұғалімнің терең дүниетанымы мен үлкен жүрегінен келіп шығады.

Ал,ХХІ ғасырдың нағыз ұстазы қандай болмақ керек? Әрине, ол өз кәсібінің майталманы, осы мақсатқа рухани күш-жігерін, парасат-қуатын салу керектігі айтпаса да түсінікті. Бұл - әркімнің қолынан келе бермейтін, ерекше талантты қажет ететін, бай қиялды адамға тән қасиет. Сондай-ақ ұстаз күнбе- күнгі өзінің көп қырлы еңбегінде мазмұны әр түрлі кездейсоқ жайттардың туындап отыратынын алдын ала сезіп, болжап және оның оң шешімін табуға дайын болуға тиіс.Сондықтан да ұстазды әр баланың жан-дүниесін танып-білуші әрі оны жеке тұлға етіп қалыптастырушы, ел болашағының мүсіншісі деуге болады. «Ұстаз» сөзінің 2 түрлі сипаты бар. Бірі – белгілі пәннен сабақ беретін оқытушы да, екіншісі – жоғары беделді адамдарға ықпал етуші дана адам. Мектептегі ұстаз – баланың екінші ата-анасы, болашаққа айқын жол сілтер ақылшысы. Оның мейірімге толы жүрегі шәкірт бойындағы талай ағаттықты кешіре біледі. Оның бойындағы білім мен ақыл, ойының қуаты талай тентекті жуасытып, небір еркені сабасына түсіреді, тәртіпке баулып, есейтіп, ержеткізеді. Сондықтан әрбір шәкірт өзіне үлгі-өнеге болған сүйікті мұғалімін ұстазым деп атайды. Осы тұста Абайдың: Ақырын жүріп, анық бас, Еңбегің кетпес далаға. Ұстаздық еткен жалықпас, Үйретуден балаға,- деген өлең жолдары еріксіз ойға оралады. Егер әр шәкірт өмірде бір кірпіш болып қаланып, ұстаздан шәкірт озып жатса, төккен тер мен адал еңбектің ақталғаны емес пе ?! Қазіргі білім беру саласы қызметкерлерінің алдында тұрған басты проблема – жаңа формацияның жаңа ұстазын қалыптастыру. Жаһандану дәуірі – әлемдегі елдердің бәсекелестік жағдайында халықаралық деңгейде өзара кірігу үрдістерінің жандану дәуірі де болғандықтан, білім – пайдалы инвестиция саласы ретінде еліміздің экономикалық, әлеуметтік және саяси даму тұрақтылығын қамтамасыз етеді.

Елбасымыз: "Біз білім-ғылым саласында бәсекеге қабілетті болмасақ, өз мақсатымызға жете алмаймыз. Барлығы мектептен, ал Қазақстан үшін ауыл мектебінен басталады”, -деген болатын. 

XXI ғасыр ұлттық бәсеке, ақпараттық сайыс, инновациялық технологиялар, күрделі экономикалық реформалар сияқты көріністерімен ерекшеленеді. Сол кезеңге сай интеллектуалды, дені сау, ой-өрісі жоғары дамыған, халықаралық деңгейге сәйкес білімі бар азаматты тәрбиелеу- әр мұғалімнің міндеті. Мұғалім – барлық білім беру жүйесінің негізі, жаны және жүрегі. Мұғалімнің негізгі басты мақсаты - рухани бай, іздемпаз, адамгершілігі мол адамды қалыптастыру болып табылады. Қазіргі заманғы мұғалімдер информатор, бақылаушы, тексеруші,жазалаушы қызметін тастап, керісінше ізденуші, зерттеуші, технолог, өнертапқыш,шығармашылықпен жұмыс істейтін жаңашыл болу керек. Оқушыны субъект ретінде қарастырып,оның өзін-өзі тануына жол ашу, жеке тұлға бойындағы қасиетті дамыту, «Мен» менталитетін қалыптастыру, білім мен тəрбиені жеке тұлғаға қарай бағыттау-бүгінгі таңдағы мұғалімінің кезек күттірмейтін қасиетті міндеті. Мұғалімінің өзі жеке тұлғаға көтерілмей, мұндай зор мақсатқа жетуі мүмкін емес Елбасымыз Н. Назарбаев: «Ұстаздықтың алдына қойған міндет өте ауқымды: білім жүйесін іштей қайта құру жəне сол арқылы бүкіл қоғамдағы ағарту жүйесінің барлық аймағын өзгерту. Ол үшін ішкі қайта құру қажет: құрылымдық, қызметтік, құндылық. Жаңа ұрпақ мұғалімдерінің,андрагогика мен акмеологияның, психологиялық-педагогика мен гумандық педагогиканың міндеті– білім жүйесінің ішінен қайта құрудың мүмкіндіктерін іздестіру.– адами рухани бастаулардың тазалығын тексеру. Мұнда этика мен адамгершілік дүниені біртұтас қабылдауға бағытталған рух философиясының рухани ісі. Ұстаз өзінің адамгершілік этикалық парызын орындауға тиіс. Білімді түрлендіруде, білім беру үрдісін реформалауда зерттеуші мұғалім жаңа формация мұғалімі ретінде орталық тұлға болып табылады. Қазіргі заман мұғалімі – рухани дамыған əрі əлеуметтік тұрғыдан есейген, педагогикалық құралдардың барлық түрлерін шебер меңгерген білікті маман, өзін-өзі əрдайым жетілдіруге ұмтылатын шығармашыл тұлға. Ол жоғары білімді шығармашыл тұлғаны қалыптастырып, дамыту үшін жауапты» деген.Мұғалімнің кəсіби білігін шыңдаудың үздіксіздігі оның шығармашылық қабілетінің дамуының кепілі жəне өзіндік жеке педагогтік тəжірибесінің дамуының алғы шарты болып табылады. Ұстаздың кəсіби шеберлігінің негізі, біріншіден, мұғалімнің өмірге көзқарасы, оның идеялық нанымы. Екіншіден, пəнді жетік білуі, ойын оқушыларға жеткізу үшін жан жақты, терең дайындықпен баруы, оқуышлар бойына əдеп, əдет, дағды сияқты жақсы қасиеттерді сіңіруі, моральдық нормаларды білуі. Үшіншіден, оқыту мен тəрбиелеудің əдіс тəсілдерін міндетті түрде меңгеру. Білім берудің ұлттық моделіне көшкен қазіргі мектепке ойшыл, зерттеуші, практикалық қызметте педагогикалық үйлестіруді шебер меңгерген психолог педагогтік диагностика қоя білетін іскер мұғалім қажет. Күнделікті іс тəжірибеде мұғалімнің кəсіптік білімін көтеруіне мектеп ішінде де жағдай жасау керек. Ол үшін мектепте ғылыми əдістемелік кеңес пен бірлестіктердің жəне зертханалардың жұмыс істеуі тиіс. Бүгінгі өмір талабына сай ұстаздардың біліктілігі мен білімділігін шыңдап отыратын жоғарыда атап өткен мəселелермен қатар,əр мектепте интернет жүйесі барлық сыныптарға қосылып жұмыс істеуі жөн шығар. Сондықтан да белгілі бір əдісті немесе іс шараларды іске асырмас бұрын мұғалімнің əдістемелік жұмысының мазмұнын анықтаған жөн. Ол үшін мұғалімнің жалпы мəдениеттілік даярлығы, əдістемелік, зерттеушілік, кəсіптік адамгершілік, тəрбиелік мəдениеті, диагностикалық жəне басқару мəдениетінің жиынтығы арқылы кəсіптік педагогикалық деңгейін зерттеу қажет.Интеграция мен ғаламдастыру қатар жүріп келе жатқан бүгінгі таңда мектептегі жеткіншектерге білім берудің сапасы мен деңгейін жан- жақты көтеру жаңаша ойлайтын, оқыту мен тəрбиенің жаңа технологиясын күнделікті жұмысында қолдана білетін ұстаздардың ғана жұмысы жемісті болмақ. 

ХХІ ғасыр ұстазының тұлғасы мен іс əрекетін жүйелі ұғыну үшін оған жаңа теориялық методологиялық негізде талап қойылуға тиіс. Осы жолдағы алғашқы қадам, ауыл мұғалімдерін арнайы əлеуметтік кəсіби топ деп қарай отырып, оларды зерттеу бағытында психологиялық педагогикалық жəне əлеуметтік ілімдердің біріктірілуі қажет. Міне, осындай жағдайларды ескере келіп, оның кəсіптік мəдениетінің өрістеуіне жан -жақты көмек, көңіл бөлу, жағдай жасалуын ескерген жөн. Жақсы мұғалім — бұл қай кезде де ең алдымен кәсіби деңгейі жоғары, интеллектуалдық, шығармашылық әлеуеті мол тұлға. Ол оқытудың жаңа технологияларын өмірге ендіруге дайын, оқу-тәрбие ісіне шынайы жанашырлық танытатын қоғамнын ең озық бөлігінін бірі деп ссептеледі. Және солай болуға тиіс, Білім берудің мақсатын айқындау үшін Жүсіпбек Аймауытовтың мына сөздерін еске алған жөн: "Мектеп бітіріп шыққан соң бала бүкіл әлемге, өзгенің және өзінің өміріне білім жүзімен ашынған саналы ақыл көзімен қарай білсе, міне, білімдендірудің кездейтін түпкі мақсаты — осы. Мектеп осы бағытта баланың келешекте жетілуіне мықты негіз салуы керек". Сондықтан да ұстаз алдындағы басты міндет ХХІ ғасырдың есігінен еркін енетін, дүниежүзілік мəдениетті танитын, төл мəдіниетін құрметтей білетін, рухани дүниесі бай,интеллектуалдық өрісі кең, білімі жоғары, құқықтық құжаттық мəдениеті, білімді, жан жақты ақпараттандырылған заман талабына сай белсенді ұрпақ тəрбиелеу Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау - әр мұғалімнің борышы.

Ол - өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін адам.Осы іске деген қызығушылық пен сүйіспеншілік қана оны небір қиын әрекеттерге жетелейді, іске батыл кірісуге септігін тигізеді. Нәтижесінде бір емес, бірнеше жас жүрекке мәңгі ұстаз болып қалады. Біздер, мұғалімдер, күнделікті өмірдің жай ғана адамы емес, болашақты құрушыларды, адамзаттың сәулетті болашағын жасаушыларды тәрбиелеп отырғанымызды ойласақ, мұғалім мұратының қандай болатыны өзінен-өзі айқын. Осыған байланысты ұстазға тән мынадай сипаттарды даралап көрсетуге болады: - Дүниетанымдық көзқарасы, сенімі - Қызметке бейімділігі - Кәсіптік білімі мен біліктілігі - Қамқорлық көзқарас, сүйіспеншілік сезім - Ұйымдастырушылық қабілет - Заманға сай жаңашылдық Осындай даралық қасиеттер ұстаздық бақытқа жеткізеді. Бақыттың үлкені - өзіңді-өзің тану. Ұстаз өзін-өзі қай уақытта таниды? Ол алдындағы шәкіртінің қияға қанат қағып, елінің азаматы болған сәтінен таниды. Білім беруде кәсіби құзырлы маман иесіне жеткен деп мамандығы бойынша өз пәнін жетік білетін, оқушының шығармашылығы мен дарындылығына жағдай жасай алатын, тұлғалық-ізгілік бағыттылығы жоғары, педагогикалық шеберлік пен өзінің іс-қимылын жүйелілікпен атқаруға қабілетті, оқытудың жаңа технологияларын толық меңгерген, отандық, шетелдік тәжірибелерді шығармашылықпен қолдана білетін кәсіби маман педагогті атаймыз.Ендеше, бүгінгі білім мен білік бәсекелес заманда ұландарымыздың биіктен көрінуіне күнделікті ісіміздегі жаңашылдығымыз арқылы, жан-жақты берген тәрбиеміз арқылы қол жеткіземіз. ХХІ ғасыр - білімділер ғасыры. Ендеше бізге ой өрісі жоғары дамыған, зерделі, жан-жақты дамыған, парасатты ұрпақ керек екенін бір сәтте естен шығармағанымыз жөн.

Ұстаз жолы қиынырақ басқадан, Сырлары көп сыртқа әлі шықпаған. Шаршаса да осы жолдың бойында, Қандай рақат,шын бақытын тапса адам.

surak.baribar.kz

Қазақша шығарма: Ұстаздар (мұғалімдер) күні » ZHARAR © 2018 | сочинение на казахском языке про учителя, мұғалім туралы шығарма, Қазақша шығарма, 5 Қазан

Ұстаз - жас ұрпақтың рухани сәулеткері, қоғам, халық өзінің үміті мол болашағын тапсырытын сенімді өкілі. Олар сол сенімді ақтай отырып, зеделі де зерек, парасатты, ұлттық және адамзаттық құндылықтарды бойына дарытқан тұлғаларды тәрбиелеуде.Қазақ мектебінің болашағы туралы М.Жұмабаев «Әрбір елдің келешегі мектебіне байланысты»деп айтып кеткенде тәуелсіз Қазақстан Республикасының тарихи әлеуметтік, мәдени рухани болмысындамытуға, қоғамдық өмір мен ұлттық мектепті қалыптастыруда ұстаздардың еңбегі зор. Жалпы балалар, ұстаздардың еңбегін тек оқушылар ғана бағаламаған, олардың алдында ұлы жазушыларда бас иген. Сонымен қатар өздерінің өлең жырларына қосып жырлап жүрген.Сенде балалар осы ақын жазушылардың ұстаз жайлы жырлаған өлеңдерін білесіңдер ме? Білсеңдер қане өлең оқып жіберейік.Балалар өлең оқиды.Ұстаз болу- жүректің батырлығы,Ұстаз болу- сезімнің ақындығы.Азбайтұғын адамның алтындығы.Мұғалім деген- ерекше тұлға дар шың,Ұмытылмастай көңілде мәңгі қалатын.Мұғалім деген-аяулы адам асыл жан,Шәкіт кәңілңнде күн болып жайнап жанатын. Мектептің басты тұлғасы, жүрегі мұғалім. Егемен еліміздің ертеңін ойлар білімді де саналы, Отанын, туған жерін, ұлтын сүйетін ұлтжанды парасатты азаматта тәрбиелеуде мұғалімнің еңбегі орасан зор екенін баршамыз мойындаймыз. Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді.Білім көшін жылжытып келе жатқан ұстаздар қауымына құрмет арта бермек! Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз!Ұрпақтың ұлы мұраты жолында талмай еңбек етіп жүрген ұстаздардың төл мерекесіне арналған "Мектеп – білім тірегі, Ұстаз - оның жүрегі”атты кешімізді бастауға рұқсат етіңіздерТәуелсіз ел атанып, төбемізге ту тігіп, тіліміздің мәртебесі артып, әлемге атымызды танытып жатқан кезеңде ұлттың, елдің болашағы – жас ұрпақ тәрбиесіне де мықты көңіл бөлінуі қажет.Осы егеменді, тәуелсіз Қазақстанда өркениетке бастар жолдың бастауы – мектеп десек, мектептің басты тұлғасы, жүрегі – МҰҒАЛІМ.Адамның адам болып қалыптасуына ата-аналармен қатар, мұғалімнің де рөлі зор.Ұрпақ болашағы, халқымыздың келешегі қазіргі ұстаздардың қолында.Ұстаз болу – жүректің батырлығы,Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,Азбайтұғын адамның алтындығы –деп ақын Ғ.Қайырбеков жырлағандай, сөзі маржан, үні ән ұстаздардың бар болғанын мақтаныш етемін. Әрине, ұстаз жүгі – ауыр жүк. Ұстаздардың әсерлі үнмен, асықпай мәнерлеп сөйлеген сөзінен әрбір оқушыға деген қамқорлықтың, аналық, әкелік сезімнің дана ойдың ыстық лебі есіп тұрғандай. Иә, адамның жан дүниесін түсініп, ренжітпей, қателігін сездіре білу – бұл нағыз шеберлік емес пе?!Осы ұстаздар жайында халқымыздың ұлы батыры Бауыржан Момышұлы "Ұстаздық - ұлы құрмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді... Өмірге ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз” деген.Бала бойына ата-анадан кейінгі ақыл-ой, адамгершілік, әдептілік, ар-ұят, ұлттық сана-сезімді сіңіруші адам – Мұғалім.Ендеше өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, шәкіртінің жанына нұр құйып, өмірге өзі де бақытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткізсем деп жүретін ұстаздардың жөні де, жолы да бөлек."Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға” деп Абай атамыз айтқандай, ұстаз еңбегінің қыр-сыры мол, қиын да жауапты, шығармашылық еңбек екендігін баршамыз мойындаймыз.Ұстаз!Осынау сөзде қаншама мән-мағына жатыр десеңізші! Ұлағатты ой иелері де, арман оты жүрегінде алаулаған жеткіншектер де, парасатты қоғам қайраткерлері де бір адамға қарыздар. Ол – Ұстаз! Алғаш "Әліппенің” бетін ашып, әріп танытқан, өмірдің қыр-сырын білуге, сан қилы құбылыстарды терең түсінуге мұрындық болып, жан дүниеңе нұрлы шуақ түсіріп, адамгершілікке баулыған мұғалімнің бейнесі көңіл төрінен орын алады ғой.Ұстаз да диқан сияқты. Ол әр адамның жанына білім дәнін себеді. Әр шәкіртін аялап өсіріп, өмір атты шексіз ғаламға топшысын қатайтып ұшырады. Дәлірек айтсақ, адамды өмір сүре білуге тәрбиелейді. Сол үшін бойындағы асыл қасиеттерін шәкірттеріне сіңіріп, тер төгеді.

Ғалым да, шахтер де бас иетін,Ұстазым, бар сенің қасиетің.Білім берген, ой берген, ақыл берген,Көз алдымнан кетпейді асыл бейнең …

Осы тақырыпты алғаннан соң көп ойландым. Шындығында мұғалім барлық мамандық иесін тәрбиелейтін, оқытып үйрететін абзал жандар. «Мұғалім мамандығы – барлық мамандықтың анасы» деп қалай дәл тауып айтқан. Ұстаз алдынан тәрбие алмайтын жан жоқ. Ұстаз берген тәрбие әрбір жанның өміріне жол сілтер шамшырақ болары анық.

Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып терін төккен шопан да, көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер де бәрі – бәрі ұстаздан білім, тәлім алған, сондықтан ұлағатты ұстаздарға бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді.

Қиындығы да, қызығы да жетерлік, ең бастысы - жауапкершілігі жоғары мамандықтың бірі ұстаздық ету екені ақиқат. Өйткені бұл мамандық иелерінің мойнына ешнәрседен хабары жоқ, мыңдаған тарыдай ғана бүлдіршіндердің бойына білім нәрін сеуіп, тәрбие ұрығын егіп, таудай азамат етіп шығару міндеті жүктелген. Сондықтан басқа мамандық иелерінің баршасы да ұстаздарға борыштар деп ойлаймын.

2009 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Физика – математика» факультетінен «Математика пәнінің мұғалімі» мамандығын игеріп, жоғарғы білімді маман атандым. «Дипломмен ауылға» бағдарламасына сәйкес М. Шәменов ауылындағы №34 Ә. Бердаулетов атындағы орта мектебіне мамандығым бойынша жұмысқа орналасып, қаржылай әлеуметтік көмек алдым. Мектеп ұжымынан әрбір ұстаздың бойында болатын төзімділік, сыпайылық, тазалық, адамгершілік, еңбек сүйгіштік сияқты жақсы қасиеттерді бойыма сіңірдім. Мен өзімнің ұстаздарыммен қатар еңбек етіп, баланың бойына ақыл – білім дәнін сеуіп, аялап, көңілін табуды, алаламай сүйе білуді үйрендім. Менің шәкірттерім Серәлі Нарбота 2011 жылы аудандық пәндік олимпиадасынан ІІІ орын, ал аудандық пәндік ғылыми жоба жарысында Жақсылық Жұлдызай І орын иеленді. Осы мамандықты таңдауыма математика пәні мұғалімдері Байқожаев Болат ағай мен анам Дәулетбайқызы Шынардың еңбегі үлгі болды.

Дана халқымыз «Ұядан не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» демекші, «Ұстаздар жанұясы» болғанымыз мен үшін үлкен бақыт.

Қыран түлегіне қайтпас қанат сыйлайды, ұстаз шәкіртіне талмас талап сыйлайды» демекші, ұстаз қай кезде де мектептің жүрегі, қоғамның тірегі. Қоғам тұлғаны қаншалықты жетілдірсе, жетілген тұлға қоғамды соншалықты дәрежеде дамытады. Сондықтан қоғам дамуында білім беру ең маңызды мәселе болып табылады. «Келер ұрпақ алдында зор жауапкершілік жүгін арқалап келеміз» деген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгінде мұғалімдер алдында үлкен жауапкершілік жүктеді. Әрбір тұлға өмірінде үлкен тәрбие мен таусылмас білім ошағын санасына ұялатқан ұстазын мәңгілік есінде сақтайды. Нағыз мұғалім, міне, осы. Өйткені, әрбір мемлекеттің өсіп өркендеуінің, бәсекеге қабілетті болуының ең басты ошағы – ұстаз берген білімде. Сондықтан да дамудың ең биік көкжиегінен көрінгісі келген кез келген мемлекет ең алдымен, білім беру саласын дұрыс жолға қойып, сапасын көтеруді мақсат етеді. Ендеше, осындай бәсекеге қабілетті, рухы биік ұрпақ тәрбиелеу жаңа формация мұғалімінің еншісіне тиері анық.

Жаһандану заманында ұлт­­тық бәсекеге қабілетті болудың көр­сет­кіші – білім деңгейімен өлше­неді. Сондықтан, әлемдік білім кеңістігіне кірігіп, білім беру жү­йе­сін халықаралық биікке көтеру кезек күттірмейтін өзекті мәселе.

Бұл мәселені шешудің кілті ұс­таз қолында. Өйткені, ұстаз ел­дің ертеңгі тізгінін ұстайтын ұрпақ тәрбиелейді. Адам тәр­бие­леу – ұлы міндет. Ол міндетті атқарушы – ұстаз. Ұстаздың негізгі құралы – сабақ.

Сабақ скрипка аспабы секілді: онымен жай гаммаларды ой­науға немесе Паганинише саусақ ұшын сымға жеңіл тигізіп, одан ға­жай­ып үн шығаруға да болады. Әрбір сабағы ғажайып әуенге толы на­ғыз ұстаз болу кімнің де болса арманы.

Менің түсінігімдегі ұстаз – рухы таза, ой – өрісі биік, ұлты мен Отанының болашағы үшін тер төгіп, шыдамдылық пен та­бандылықтың үлгісін көрсетуші, өз бойындағы асыл қасиеттері мен білімін болашақ ұрпақтың бақыты мен кәдесіне жаратып, қоғамды өрге өркендетуші, жа­ңа­шылдықтың бастаушысы, жү­ре­гі – жылы, көңілі – дарқан адам.

Ұстаздан дәріс алмаған адам қазір жер бетінде жоқ десе де болар. Бұл мамандық содан да киелі. Жан – Жак Руссоның «Ұстаз болу – өз уақытыңды аямау, бас­қаның бақытын аялау» деген нақыл сөзі жаныма өте жақын.

Ұстаз білгенін үйретуші ғана емес, тұла бойы тұнған өнеге, ақ тілеулі ана тәрізді барлық адам­ның бойынан жақсылық іздейтін ізгі ниет иесі. Шәкірті өзінен оз­ған ұстаз – еңбегі ақталған ұстаз. Өйткені, өмірдің заңы даму, ілгерілеу, озу. Өзінен озған шәкірт тәрбиелейтін шебер ұстаз үз­дік­сіз ізденісте болып, қоғам сұ­ра­нысына сай білімді, шығарма­шыл, өзін – өзі дамытып, жетілдіре алатын болуы қажет деп ой­лай­мын. Мен ұстаздықтың ауыр жү­гін арқалауды өз жүрегімнің қа­лауымен таңдадым. Маман ұс­таз ретіндегі негізгі ұстанымым: ба­ланы тұлға деп тану, оның пікірімен санасу, оқушының кішкентай қуанышын, табысын ба­ғалай білу.

Бо­лашақта мұғалім мамандығы ең беделді, әрі жоғары ақы төле­не­тін мамандықтың біріне айналуы үшін оны сүйіп, талмай еңбек ету қажет.

Ұстаздық қызметте, шәкірт­термен қарым – қатынаста ізгі ниеттілік, кішіпейілділік және мә­дениеттілік бірінші кезекте тұру керектігіне көзім жетті.

Қытай философының «Маған жәй айтсаң – ұмытамын, көрсет­сең есімде сақтаймын, ал өзімді іс – әрекетке қатыстырсаң үйрене­мін» деген даналығы білім алу­шының білімге ықыласын атты­руда ақпараттық – комму­никатив­тік технологияларды пайдалана отырып, өзіндік ізденіс жүргізуді практикада жүзеге асырудың маңызды екендігін көрсетеді.

Сапалы білім негізі – жан – жақты ақпараттық материал­дар­ды, көрнекі құралдар мен ұтым­ды технологияларды, тиімді әдіс – тәсілдерді пайдалана отырып, білім алушыға ешбір кітаптан таба ал­майтын білім беру. Өйткені, тек оқулықтағы білімді жеткізуші мұ­ғалімнің құны жоқ деп ой­лай­мын. Оқулықтағыны оқушы өзі де оқып алады.

Сондықтан бүгін білім бе­ру­дің сапалы болуы үшін: біріншіден, ұстаздың жан – жақты ака­демиялық білімінің бо­луы, екіншіден, мұғалімнің өз ма­ман­ды­ғы­на деген шынайы сүй­іс­пенші­лігінің және ешқан­дай дипломмен бірге берілмейтін шығар­машылық қабілеті, балаға деген кіршіксіз адамгершілік қа­сиет­тері болуы шарт.

Мен қазір біздің елімізде қа­лыптасқан мұғалімдік маман­дық­қа мектепте негізінен орташа оқыған білім алушыларды қа­был­дап, олардан орташа маман дайындап, оларды білім ұяла­ры­на жіберетін құрсаудың бұзы­лып, ұстаз мамандығы ең жоға­ры ең­бекақы төленетін үз­дік ма­мандыққа айналса деп ар­ман­дай­мын. Өйткені, жаңа ға­сыр­да ғы­лымның, техниканың, өн­дірістің қарқындап өсуі білім берудің бар­лық жүйесін жүйелі дамы­ту­ды талап етіп отыр, жаңа мүм­кін­діктерге жол ашу үшін іргелі өзгерістер керек.

Иә, қазір жаңа типті мектептер салынып, пайдалануға беріліп жатыр. Дарынды балалармен жұ­­мыс бағдарламасы жүзеге асу үс­тінде. Жастарды шетелдерде оқы­­­туға мүмкіндік алдық. Жаңа буын оқулықтар, электронды оқу­лық­тар білім беру ісіне ене бастады.

www.zharar.com

Ұстаз мамандығы туралы эссе" Ұстаз ұлы- есім"(ұстаздарға)

Өмірде мамандықтың түрі көп. Әр мамандықтың өзіндік ерекшелігі бар. Дәрігер адамдарды емдесе, мұғалім оларды оқытады, әнші ән айтады, құрылысшы үй салса, тігінші киім тігеді. Тағы басқа да мамандықтар туралы айта беруге болады.

Адамдар мамандықты жүрегінің қалауы бойынша таңдауы керек. Өйткені, әрбір адамның болашағы таңдаған мамандығына тікелей байланысты. Өз ісін жақсы көріп, үлкен жауапкершілікпен атқарғанда ғана адам өзін бақытты сезінеді екен. 

Жас ұрпақты білім нәрімен сусындатар, шәкірт жүрегіне гүл егер, бала жанының бағбаны аяулы ұстаздар емес пе? Иә, ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақындар да, тегеуріне темір балқытқан жұмысшы да, егін еккен дихан да, мал бағып терін төккен шопан да бәрі-бәрі ұстаздан білім алған. Сондықтан ұлағатты ұстаздарға бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді.

Ұстаз - таудан арқырай аққан тау өзені секілді, айналасына қуат беріп, жолында кездескендерді суымен нәрлендіріп, таудай қиындықтарды тастай домалатып, білімнің сар даласында тыныштық тауып, дамылдайды. Ұстаз - Жер деген әлемнің бетін көркейткен, шәкірттеріне шуақ төккен Күн-Ана. Ұстаз – ақылдың тозбайтұғын асылы. Қасиетті мамандық иелерінің ішіндегі жауһары. Өзге мамандық атаулылары өздерінің түр-сипатын мың құбылтып жатса да, еш өзгеріссіз сол бәз баяғы қалпында жас ұрпаққа адамгершілік қасиеттердің дәнін еккен диқаншы.

Менің мамандығым – мұғалім. Қиындығы мен қызығы мол осы мамандықты бала күнімнен армандадым. Адам баласына көмектесу – игілікті істердің бастамасы.

2003 жылы Солтүстік Қазақстан обылысы Тайынша ауданы Талап ауылында дене шынықтыру пән мұғалімі болып жұмысқа орналастым. Ең алғаш «Ұстаз» деген атаққа ие болуым да осы мектептен басталды. Бұл мектеп оқушылары менің армандарымның жүзеге асуына өз үлестерін қосты. «Бала жүрегі- кішкентай күй сандық. Сол сандықтың кілтін тапсаң ғана ашылады. Мұғалімнің қолында әр кезде сол кілт тұру керек» - деп, М. Шаханов ағамыз айтқандай, әр баланың жүрегіне жол табу, бала бойындағы дарынды ашу мұғалімнің ең басты міндеті деп ойлаймын. Күнделікті таңертең мектеп ауласына жақындағанда, балалардың сыңғырлай күлген дауыстары мені қуанышқа бөлейді. Мектепке кіргеннен-ақ, өзімді мазалаған сан түрлі ойлардан арылып, оқушыларымның тәтті қылықтарымен әдемі жүздерінен шаттанамын. «Баласыз үй мазар, балалы үй базар»- деп ата- бабаларымыз бекер айтпаса керек. Балалардың әр күні біздің көз алдымызда өтіп жатыр.

Алдымызға келген балалар - біреудің маңдай алды жарығы, енді бірі – жал дегенде жалғызы, бірі – ерке, бірі – қой аузынан шөп алмас момыны. Маңдай алды жарығын Таңшолпандай жарқыратып, жал дегенде жалғызды көпшілдікке үйретіп, қой аузынан шөп алмасты ортада жарқылдап сөйлер шешен қылып тәрбиелеу үшін қажымас қайрат пен батырлық қажет.

Мектеп — балалардың екінші үйі болса, ал ұстаздар екінші анасы десек те артық етпейді. Әр үйдің еркелерін бір арнаға тоғыстырып, олармен жұмыс жасау оңайға соқпайды. Алайда баланың тілін тауып, тілдесу, жақсы тәрбие берудің өзі бір үлкен ғанибет. Ақ парақ бетіне сызу сызғандай баланың кіршіксіз санасына алғашқы адамгершілік, мейірімділік нұрын сеуіп, білім, өнер нәрімен сусындату мына біз мұғалімдердің еншісінде. Сөзден жыр кестесін өрген Ғафу Қайырбеков ұстаз деген сөздің анықтамасын дәл берген.

Ұстаз болу - сезімнің ақындығы,

Ұстаз болу – жүректің батырлығы.

Ұстаз болу - мінездің күн шуағы,

Азбайтұғын адамның асылдығы.

Осы төрт қасиет әр ұстаздың бойынан табылуы қажет. Себебі мұғалім қай сабақта болмасын оқушысын еркіндікке баулиды. Сондықтан да ұстаздың міндеті талап пен еңбекті оқушыдан талап ете отырып, білімнің теңізінен маржан тергізу. Оқушы сабағыңнан ешқашан жалықпау керек. Ұстаз - Қаратаудың қойнауындай тереңде жатқан кенді ашып, білім мен ғылымның жемісінің дәмін таттыратын, армансызға арман ұялатып, қанатсызға дарын қанатын бітіретін ғажайып күш иесі. Менің мамандығым әлемдегі ең қажет мамандықтардың бірі. Сондықтан мамандығымды мақтан тұтамын.

infourok.ru

Ұстаз - ұлы тұлға туралы шығарма - Шығарма - Қазақша рефераттар - Қазақша тесттер мен шпорлар

Ұстаз - ұлы тұлға туралы шығарма

 

Ғалым да, шахтер де бас иетін,Ұстазым, бар сенің қасиетің.Білім берген, ой берген, ақыл берген,Көз алдымнан кетпейді асыл бейнең …

Осы тақырыпты алғаннан соң көп ойландым. Шындығында мұғалім барлық мамандық иесін тәрбиелейтін, оқытып үйрететін абзал жандар. «Мұғалім мамандығы – барлық мамандықтың анасы» деп қалай дәл тауып айтқан. Ұстаз алдынан тәрбие алмайтын жан жоқ. Ұстаз берген тәрбие әрбір жанның өміріне жол сілтер шамшырақ болары анық.

Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып терін төккен шопан да, көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер де бәрі – бәрі ұстаздан білім, тәлім алған, сондықтан ұлағатты ұстаздарға бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді.

Қиындығы да, қызығы да жетерлік, ең бастысы - жауапкершілігі жоғары мамандықтың бірі ұстаздық ету екені ақиқат. Өйткені бұл мамандық иелерінің мойнына ешнәрседен хабары жоқ, мыңдаған тарыдай ғана бүлдіршіндердің бойына білім нәрін сеуіп, тәрбие ұрығын егіп, таудай азамат етіп шығару міндеті жүктелген. Сондықтан басқа мамандық иелерінің баршасы да ұстаздарға борыштар деп ойлаймын.

2009 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Физика – математика» факультетінен «Математика пәнінің мұғалімі» мамандығын игеріп, жоғарғы білімді маман атандым. «Дипломмен ауылға» бағдарламасына сәйкес М. Шәменов ауылындағы №34 Ә. Бердаулетов атындағы орта мектебіне мамандығым бойынша жұмысқа орналасып, қаржылай әлеуметтік көмек алдым. Мектеп ұжымынан әрбір ұстаздың бойында болатын төзімділік, сыпайылық, тазалық, адамгершілік, еңбек сүйгіштік сияқты жақсы қасиеттерді бойыма сіңірдім. Мен өзімнің ұстаздарыммен қатар еңбек етіп, баланың бойына ақыл – білім дәнін сеуіп, аялап, көңілін табуды, алаламай сүйе білуді үйрендім. Менің шәкірттерім Серәлі Нарбота 2011 жылы аудандық пәндік олимпиадасынан ІІІ орын, ал аудандық пәндік ғылыми жоба жарысында Жақсылық Жұлдызай І орын иеленді. Осы мамандықты таңдауыма математика пәні мұғалімдері Байқожаев Болат ағай мен анам Дәулетбайқызы Шынардың еңбегі үлгі болды.

Дана халқымыз «Ұядан не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» демекші, «Ұстаздар жанұясы» болғанымыз мен үшін үлкен бақыт.

Қыран түлегіне қайтпас қанат сыйлайды, ұстаз шәкіртіне талмас талап сыйлайды» демекші, ұстаз қай кезде де мектептің жүрегі, қоғамның тірегі. Қоғам тұлғаны қаншалықты жетілдірсе, жетілген тұлға қоғамды соншалықты дәрежеде дамытады. Сондықтан қоғам дамуында білім беру ең маңызды мәселе болып табылады. «Келер ұрпақ алдында зор жауапкершілік жүгін арқалап келеміз» деген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгінде мұғалімдер алдында үлкен жауапкершілік жүктеді. Әрбір тұлға өмірінде үлкен тәрбие мен таусылмас білім ошағын санасына ұялатқан ұстазын мәңгілік есінде сақтайды. Нағыз мұғалім, міне, осы. Өйткені, әрбір мемлекеттің өсіп өркендеуінің, бәсекеге қабілетті болуының ең басты ошағы – ұстаз берген білімде. Сондықтан да дамудың ең биік көкжиегінен көрінгісі келген кез келген мемлекет ең алдымен, білім беру саласын дұрыс жолға қойып, сапасын көтеруді мақсат етеді. Ендеше, осындай бәсекеге қабілетті, рухы биік ұрпақ тәрбиелеу жаңа формация мұғалімінің еншісіне тиері анық.

Жаһандану заманында ұлт­­тық бәсекеге қабілетті болудың көр­сет­кіші – білім деңгейімен өлше­неді. Сондықтан, әлемдік білім кеңістігіне кірігіп, білім беру жү­йе­сін халықаралық биікке көтеру кезек күттірмейтін өзекті мәселе.

Бұл мәселені шешудің кілті ұс­таз қолында. Өйткені, ұстаз ел­дің ертеңгі тізгінін ұстайтын ұрпақ тәрбиелейді. Адам тәр­бие­леу – ұлы міндет. Ол міндетті атқарушы – ұстаз. Ұстаздың негізгі құралы – сабақ.

Сабақ скрипка аспабы секілді: онымен жай гаммаларды ой­науға немесе Паганинише саусақ ұшын сымға жеңіл тигізіп, одан ға­жай­ып үн шығаруға да болады. Әрбір сабағы ғажайып әуенге толы на­ғыз ұстаз болу кімнің де болса арманы.

Менің түсінігімдегі ұстаз – рухы таза, ой – өрісі биік, ұлты мен Отанының болашағы үшін тер төгіп, шыдамдылық пен та­бандылықтың үлгісін көрсетуші, өз бойындағы асыл қасиеттері мен білімін болашақ ұрпақтың бақыты мен кәдесіне жаратып, қоғамды өрге өркендетуші, жа­ңа­шылдықтың бастаушысы, жү­ре­гі – жылы, көңілі – дарқан адам.

Ұстаздан дәріс алмаған адам қазір жер бетінде жоқ десе де болар. Бұл мамандық содан да киелі. Жан – Жак Руссоның «Ұстаз болу – өз уақытыңды аямау, бас­қаның бақытын аялау» деген нақыл сөзі жаныма өте жақын.

Ұстаз білгенін үйретуші ғана емес, тұла бойы тұнған өнеге, ақ тілеулі ана тәрізді барлық адам­ның бойынан жақсылық іздейтін ізгі ниет иесі. Шәкірті өзінен оз­ған ұстаз – еңбегі ақталған ұстаз. Өйткені, өмірдің заңы даму, ілгерілеу, озу. Өзінен озған шәкірт тәрбиелейтін шебер ұстаз үз­дік­сіз ізденісте болып, қоғам сұ­ра­нысына сай білімді, шығарма­шыл, өзін – өзі дамытып, жетілдіре алатын болуы қажет деп ой­лай­мын. Мен ұстаздықтың ауыр жү­гін арқалауды өз жүрегімнің қа­лауымен таңдадым. Маман ұс­таз ретіндегі негізгі ұстанымым: ба­ланы тұлға деп тану, оның пікірімен санасу, оқушының кішкентай қуанышын, табысын ба­ғалай білу.

Бо­лашақта мұғалім мамандығы ең беделді, әрі жоғары ақы төле­не­тін мамандықтың біріне айналуы үшін оны сүйіп, талмай еңбек ету қажет.

Ұстаздық қызметте, шәкірт­термен қарым – қатынаста ізгі ниеттілік, кішіпейілділік және мә­дениеттілік бірінші кезекте тұру керектігіне көзім жетті.

Қытай философының «Маған жәй айтсаң – ұмытамын, көрсет­сең есімде сақтаймын, ал өзімді іс – әрекетке қатыстырсаң үйрене­мін» деген даналығы білім алу­шының білімге ықыласын атты­руда ақпараттық – комму­никатив­тік технологияларды пайдалана отырып, өзіндік ізденіс жүргізуді практикада жүзеге асырудың маңызды екендігін көрсетеді.

Сапалы білім негізі – жан – жақты ақпараттық материал­дар­ды, көрнекі құралдар мен ұтым­ды технологияларды, тиімді әдіс – тәсілдерді пайдалана отырып, білім алушыға ешбір кітаптан таба ал­майтын білім беру. Өйткені, тек оқулықтағы білімді жеткізуші мұ­ғалімнің құны жоқ деп ой­лай­мын. Оқулықтағыны оқушы өзі де оқып алады.

Сондықтан бүгін білім бе­ру­дің сапалы болуы үшін: біріншіден, ұстаздың жан – жақты ака­демиялық білімінің бо­луы, екіншіден, мұғалімнің өз ма­ман­ды­ғы­на деген шынайы сүй­іс­пенші­лігінің және ешқан­дай дипломмен бірге берілмейтін шығар­машылық қабілеті, балаға деген кіршіксіз адамгершілік қа­сиет­тері болуы шарт.

Мен қазір біздің елімізде қа­лыптасқан мұғалімдік маман­дық­қа мектепте негізінен орташа оқыған білім алушыларды қа­был­дап, олардан орташа маман дайындап, оларды білім ұяла­ры­на жіберетін құрсаудың бұзы­лып, ұстаз мамандығы ең жоға­ры ең­бекақы төленетін үз­дік ма­мандыққа айналса деп ар­ман­дай­мын. Өйткені, жаңа ға­сыр­да ғы­лымның, техниканың, өн­дірістің қарқындап өсуі білім берудің бар­лық жүйесін жүйелі дамы­ту­ды талап етіп отыр, жаңа мүм­кін­діктерге жол ашу үшін іргелі өзгерістер керек.

Иә, қазір жаңа типті мектептер салынып, пайдалануға беріліп жатыр. Дарынды балалармен жұ­­мыс бағдарламасы жүзеге асу үс­тінде. Жастарды шетелдерде оқы­­­туға мүмкіндік алдық. Жаңа буын оқулықтар, электронды оқу­лық­тар білім беру ісіне ене бастады.

Ұнады ма? Онда достарыңмен бөліс!

referatikz.ru


Смотрите также

 

..:::Новинки:::..

Windows Commander 5.11 Свежая версия.

Новая версия
IrfanView 3.75 (рус)

Обновление текстового редактора TextEd, уже 1.75a

System mechanic 3.7f
Новая версия

Обновление плагинов для WC, смотрим :-)

Весь Winamp
Посетите новый сайт.

WinRaR 3.00
Релиз уже здесь

PowerDesk 4.0 free
Просто - напросто сильный upgrade проводника.

..:::Счетчики:::..

 

     

 

 

.