tarefer.ru

Реферат Исторические личности Ахмет Байтурсынов

works.tarefer.ru

 

Начальная

Windows Commander

Far
WinNavigator
Frigate
Norton Commander
WinNC
Dos Navigator
Servant Salamander
Turbo Browser

Winamp, Skins, Plugins
Необходимые Утилиты
Текстовые редакторы
Юмор

File managers and best utilites

Ахмет Байтұрсынов шығармашылығы туралы реферат. Байтұрсынов реферат


Ахмет Байтұрсынов шығармашылығы туралы реферат - ZHARAR © 2017 | Информационно

Байтұрсынұлы әліпбиі қазақ тілінің табиғатына бейімделген араб жазуы негізінде жасалды. Ол Қазақ білімпаздарының тұңғыш съезінде (Орынбор, 1924), құрылтайында (Баку, 1926) араб жазуындағы әліпбидің қажеттілігін, құндылығын жан-жақты тұжырыммен дәлелдеген ғылыми баяндама жасады. Бұл әліпби ұлттық жазудың қалыптасуындағы ірі мәдени жетістік болып табылады. Ол халыққа ғылым-білімнің қажеттілігін түсіндірумен ғана шектелмей, білім беру ісін жолға қоюға күш салды. Орыс, татар мектептерінен оқып шыққан ұлт мамандарының өз тілін қолданудағы кемшіліктерін көріп: «[[Әр жұрттың түрінде, тұтынған жолында, мінезінде қандай басқалық болса, тілінде де сондай басқалық болады. Біздің жасынан не орысша, не ноғайша оқыған бауырларымыз сөздің жүйесін, қисынын нағыз қазақша келтіріп жаза алмайды не жазса да қиындықпен жазады, себебі, жасынан қазақша жазып дағдыланбағандық» деп жазды. Байтұрсыновтың «Оқу құралы» (1912) – қазақша жазылған тұңғыш әліппелердің бірі. Бұл әліппе оқытудың жаңа әдістері тұрғысынан өңделіп, 1925 жылға дейін бірнеше рет қайта басылды. «Оқу құралы» қазіргі әдістеме тұрғысынан әлі күнге дейін маңызды оқулық ретінде бағаланады. Байтұрсынұлы қазақ тілінің тазалығын сақтау үшін қам қылды. Өзі жазған «Өмірбаянында» (1929): «…Орынборға келгеннен кейін, ең алдымен, қазақ тілінің дыбыстық жүйесі мен грамматикалық құрылысын зерттеуге кірістім; одан кейін қазақ әліпбиі мен емлесін ретке салып, жеңілдету жолында жұмыс істедім, үшіншіден, қазақтың жазба тілін бөтен тілдерден келген қажетсіз сөздерден арылтуға, синтаксистік құрылысын өзге тілдердің жат әсерінен тазартуға әрекеттендім; төртіншіден, қазақ прозасын жасанды кітаби сипаттан арылтып, халықтық сөйлеу тәжірибесіне ыңғайластыру үшін ғылыми терминдерді қалыптастырумен айналыстым» деген. Б. қазақ мектептерінің мұқтаждығын өтеу мақсатында қазақ тілін пән ретінде үйрететін тұңғыш оқулықтар жазды. Оның үш бөлімнен тұратын «Тіл – құрал» атты оқулығының фонетикаға арналған бөлімі 1915 жылы, морфологияға арналған бөлімі 1914 ж., синтаксис бөлімі 1916 жылдан бастап жарық көрді. «Тіл – құрал» – қазақ тілінің тұңғыш оқулығы. Оқулық қазіргі қазақ тілі оқулықтарының негізі болып қаланды. «Тіл – құрал» қазақ тіл білімінің тарау-тарау салаларының құрылымын жүйелеп, ғылыми негізін салған зерттеу. Оның тілдік ұғымдарға берген анықтамаларының ғылыми тереңдігі, дәлдігі қазіргі ғылым үшін өте маңызды. Ол тұңғыш төл граммат. терминдерді қалыптастырды. Мысалы, зат есім, сын есім, етістік, есімдік, одағай, үстеу, бастауыш, баяндауыш, пысықтауыш, шылау, сөз таптары, сөйлем, құрмалас сөйлем, қаратпа сөз, т.б. жүздеген ұлттық терминдерді түзді. Сондай-ақ Байтұрсынұлы практикалық құрал ретінде «Тіл жұмсар», мұғалімдерге арналған «Баяншы» деген әдістемелік кітаптар жазды. Ол – қазақ тілін оқыту әдістемесінің іргетасын қалаған ғалым-ағартушы. Байтұрсынұлы оқулығындағы тілдік категорияларды ұғындыру мақсатында енгізген «сынау», «дағдыландыру» деген арнайы бөлімдер қазіргі заманғы әдістеме ғылымы үшін де өз маңызын жойған жоқ. Байтұрсыновтың ақын, аудармашы, ғалым-тілші, әдебиеттанушы ретіндегі ұлан-ғайыр еңбегі өз дәуірінде зор бағаға ие болды. 1923 жылы Байтұрсыновтың 50 жасқа толғаны Орынбор, Ташкент 1922 жылы қалаларында салтанатты түрде аталды. С.Сәдуақасов, С.Сейфуллин, М.Әуезов, М.Дулатов, Е.Омаров сияқты замандастары баспасөзде мақалалар жариялап, Байтұрсыновтың қазақ халқына сіңірген еңбегін өте жоғары бағалады. Өмірі мен қызметіне, шығармашылығына ғылыми пікір-тұжырымдар айтылды. Әуезов Ахмет туралы «Ақаңның елу жылдық тойы» деген мақаласында «…Кешегі күндерге дейін бәріміз жетегінде келгенбіз. Қаламынан туған өсиеті, үлгісі әлі есімізден кеткен жоқ. Патша заманындағы хүкіметтік өр зорлыққа қарсы салған ұраны, ойымызға салған пікірі … әлі күнге дейін үйреніп қалған бесігіміздей көзімізге жылы ұшырайды, құлағымызға жайлы тиеді» деп жазды.» (Мәскеу) Байтұрсынұлы тұлғасына «аса көрнекті қазақ ақыны, журналисі және педагогы. Ол қазақ тілі емлесінің реформаторы және қазақ әдебиеті теориясының негізін салушы» деген ғылыми әділ баға берілді. Бүкiл саналы өмiрiн қазақ халқының бақытты, берекелi, бiрлiкшiл ел болуын аңсаған, сол жолда аянбай еңбек еткен ақын, аудармашы, тiлшi, ғалым, көрнектi қоғам қайраткерi Ахмет Байтұрсынов қазақ елiн отырықшылыққа, мектеп ашып бiлiм алуға шақырған ағартушы. Ол бiрнеше оқулықтардың авторы: (“Әлiпби”, “Тiл құралы”, “Баяншы”, “Әдебиет танытқыш” т.б.) Ол И.А.Крыловтың бiрнеше мысал өлеңдерiн аударып, 1909 ж. Петербургте “Қырық мысал” деген атпен бастырып шығарды.

А.Байтұрсынов М.Дулатовпен бiрiгiп 1913-1917 ж.ж. Орынборда “Қазақ” газетiн шығарды. Онда мектеп, оқу-ағарту iсi, отырықшылық, сауда, ел билеу iсi, Мемлекетiк Думаға қатынас мәселелерiн сөз еттi. Алдыңғы қатарлы елдердi үлгi еттi. Надандықтан құтылудың жолы оқу-ағарту iсi деп қарады. Мектептерге бiлiмдi мұғалiм кадрларын даярлауды көтердi. Қазақ алфавитiн жаңартып араб әрпiне жаңа әлiппе жасады.

Оқыту әдiстерiн жетiлдiрудi, оқытудың әдiс-тәсiлдерiн жаңартуды көредi. “Оқыту жайында” атты мақаласында “Оқу жұмысының үш жағы үш нәрсеге тiреледi. Бiрi ақшаға, бiрi құралға, бiрi мұғалiмге. Осы үш тiреуi бiрдей тең болса, оқу қисаймайды, ауытқымайды, түзу жүредi… дейдi.

Оқу iсiн жолға қою үшiн ғылыми жүйелiлiк жасалған оқу бағдарламасы болуы керек. Сол бағдарламаға негiздей жазылған оқулық болуы тиiс. Оқулықтағы бiлiмдi оқушы бойына дарыта бiлетiн әдiскер мұғалiм керек дегендердi көтередi. Сондай-ақ А.Байтұрсынов бiлiм негiзi бастауыш сыныпта салынады деп қарады. Бастауыш мектептерде қандай пәндер оқытылуы керек дегенге арнайы тоқталып, ол пәндердi: оқу, жазу, дiн, ұлт тiлi, тарихы, есеп, шаруа-кәсiп, қолөнерi, жағрафия, жаратылыс деп саралап көрсетiп бердi. Байтұрсынлв осы пәндердiң оқулықтарын шығаруды қолға алды. Өзi бастауыш мектепке арнап “әлiппе” кiтабын жазды.  Сондай-ақ оның “Тiл жұмсар” деген атпен екi бөлiмдi грамматикасы кiтабы (1925) шықты.  Ал М.Дулатов бастауыш мектепке арнап “есеп” кiтабы мен  қирағат ( ана тiлi оқу) кiтабын жазды.

А.Байтұрсынов пәндердi оқытудың әдiстемесiмен де айналысты. 1928 ж. “Жаңа мектеп” журналының 8-санында жарияланға “Қай әдiс жақсы?” деген көлемдi мақаласында ұлы педагог Л.Н.Толстойдың “Үйрету әдiстерi туралы”  деген еңбегiне талдау жасай отырып, “әдiс деген қатып-семiп қалған догма емес… Жақсы дерлiкте, жаман дерлiк те бiр әдiс жоқ. Олқылықтың белгiсi – бiр ғана әдiспен болу. Шеберлiктiң белгiсi – түрлi әдiстi болу” деп ойын тұжырымдайды.

Ол сауаттылықты негiзгi жазуға жаттықтыру деп қарады. Жазу дегенiмiз – әрiптердiң суретiн салу, ал оқу дегенiмiз – суретi салынған әрiптердiң дыбысын дұрыс айту. Балалар дыбысты ажыратып үйренген соң, сол дыбыстың таңбасы – қәрiптi көрсету керек. Оны меңгергеннен кейiн оқу, жазу жұмыстарының бәрiне сол тiреу болады деп балаларды оқуға, жазуға үйретудiң әдiс-тәсiлдерiн сөз еттi. 1920 ж. Қазанда “Баяншы” деген атпен тiлдi оқытудың методикасына арналған әдiстемелiк құрал шығарды.

А.Байтұрсынов оқытудың бiлiмдiлiк-танымдық жағымен бiрге тәлiмгерлiк қызметiне де баса көңiл бөлдi. Әрбiр оқылатын тақырыптардың  бiлiм бере отырып, тәрби де беруiн қарастыруды талап еттi.

www.zharar.com

Реферат - Ахмет Байтурсынов - Исторические личности

Ахмет Байтурсынов – поэт, учёный, тюрколог, переводчик, педагог, публицист, общественный деятель. В своё время он стал жертвой несправедливости, сталинских репрессий, более полувека не удостаивался упоминания, его имя не занимало достойного места в истории Казахстана. Лишь сейчас, в условиях перемен, когда устраняются «белые» пятна в истории, народу возвращены имена таких его деятелей, как Шакарим Кудайбердиев, Ахмет Байтурсынов, Магжан Жумабаев, Жусупбек Аймауытов, Мыржакып Дулатов.

А. Байтурсынов родился 28 января 1873 года в урочище Сартюбек Тургайского уезда в семье простого крестьянина. Его отец Байтурсын, считавшийся потомком народного батыра Умбетая, был храбрым, умным человеком, с чувством собственного достоинства, не мирившимся с производством и бесправием в казахских аулах, часто вступавшим в конфликт с местными феодалами и царскими властями. В 1885 году Байтурсын и его брат были осуждены на 15 лет и сосланы в Сибирь за то, что разбили голову начальнику уезда. Расправа властей над отцом, родственниками и поддержавшими их аульчанами оставила горькое впечатлениеу будущего поэта. В «Письме к матери», написанном в 1909 годуиз Семипалатинской тюрьмы, А. Байтурсынов об этих событиях пишет так: Сердце моё, сражённое в 13 лет, сохранило неизлечимую рану и глубокий след. Ахмет обучался грамоте у аульного муллы. В 1886 году он поступил в Тургайское двухклассное русско-казахское училище, затем учился в школе киргизских учителей в Оренбурге, которую окончил в 1895 году. Он долго учительствовал в аульных, волостных школах, а также двухклассных русско-казахских училищах в Актюбинском, Каркалинском уездах и в городе Кустанае. К тем ранним временам относятся стихи, которым он дал название «Сеятель разума». Ахмет Байтурсынов был одним из первых просветителей Казахстана, которые осознали, что просвещение, образование принест ощутимую пользу народу лишь в условиях свободы, общественных перемен. Он нередко выступал с разоблачением произвола местных управителей и колониальной политики царского самодержавия.

Революция 1905-1907 годов вызвала в нём надежду на перемены, он активно участвует в народных волнениях, часто выступает перед демонстрантами, организует группу казахских интеллигентов, вместе с ними составляет петицию в адрес правительства в Петербурге.В годы наступления реакции продолжает работу в подпольных организациях. Жандармы арестовывают Байтурсынова и его товарищей и в 1909 году заключают в Семипалатинскую тюрьму, продержав под следствием восемь месяцев. Затем его выслали за пределы казахской земли, долгое время он находился под надзором полиции, но борьбу за свободу своего народа не прекращал.

В те годы он писал стихи и сделал перевод из русской классики, в частности из произведений И.А. Крылова. Сборник «Сорок басен» А.Байтурсынова увидел свет в 1909 году в Петербурге. Он принёс ему известность поэта, переводчика и человека, болеющего всей душой за народ. Сборник стихов «Комар» выходил отдельными изданиями в 1911 и 1914 годах в Оренбурге. Стремясь вызволить народ из оков отсталости, Ахмет Байтурсынов глубоко понимал, что подъём культуры можно осуществить через всеобщее просвещение и усвоение достижений общечеловеческой цивилизации. К этим годам относится начало пути А.Байтурсынова по стезе науки. Исследуя природу казахского языка, он пишет статьи и учебники по языкознанию, впоследствии появляются его научные исследования по языкознанию.

1913-1917 гг. – примечательный период в жизни Ахмета Байтурсынова. Он был редактором газеты «Казах», единственной тогда на казахском языке, выпускавшейся в Оренбурге. Здесь он публикует немало своих статей по вопросам просвещения, литературы и языкознания, знакомя читателей с богатым культурным наследием народа, призывая к свету знаний, духовному совершенству.

В бурные годы Февральской и Октябрьской революций, как и многие представители российской и казахской интеллигенции, А.Байтурсынов не сразу разобрался в сути и содерджании происходящих событий и некоторое время находился под влиянием националистических настроений. Но вскоре в 1919 году, убедившись в пагубности для казахского народа политики правых националистических партий, он переходит на сторону совесткой власти, участвует в работе Революционного комитета по управлению Казахским краем. Получив мандат за подписью В.И. Ленина, он бессменно трудится в его составе, внеся заметный вклад в подготовку государственности казахского народа. После образования Казахской советской республики, будучи членом правительства., А. Байтурсынов работает наркомом просвещения республики, затем в газете «Ак жол», в академическом центре Казахстана при народном Комиссариате просвещения, пишет ряд трудов по языкознанию и литературоведению.

В тяжёлые дни перегиба в числе трёх десятков государственных и культурных деятелей без всяких оснований в 1929 году А. Байтурсынов был арестован, сидел в тюрьме, затем сослан в Архангельск. В 1934 году благодаря вмешательству М. Горького и его жены Е. П. Пешковой, с помощью Международного Красного Креста его освободили, но свобода длилась недолго, в 1937 году А.Байтурсынова вторично арестовали и вскоре приговорили к расстрелу. Только спустя полвека справедливость восторжествовала, в 1988 году советским судом он посмертно оправдан за отсутствием состава преступления. Такова была тяжёлая судьба одного из ярких представителей культуры казахского народа.

Наряду с работой учителя и занятием наукой, активной общественной деятельностью А. Байтурсынов плодотворно работал в области художественного слова, принимал участие в развитии реалистических, гуманистических, просветительских традиций казахской литературы в условиях 20 века. На рубеже 19-20 веков одной из главных проблем казахской литературы был национальный вопрос, состояние казахского общества, пути его развития.

А. Байтурсынов активно включился в литературный процесс сборниками стихов и переводов «Кырык мысал» (Сорок басен), «Маса» (Комар), изданием образцов фольклора, разработкой проблем истории и теории казахской дитературы в научно-теоретических статьях, трудах, учебниках.

www.ronl.ru

Қазақша реферат: Ахмет Байтұрсынұлы (1873-1937) » ZHARAR © 2018

КіріспеҰлы ағартушы демократтар Ы.Алтынсарин мен А.Құнанбаевтың көздерін көрмесе де, ұлағатты сөздері-шығармаларымен сусындап, олардың ұстаздық ісін, ақындығы мен аудармашылығын XX ғасырдың басында азаматтық жүрегімен қабылдап алып, жемісті жалғастырған қазақ халқының аяулы ұлдарының бірі Ахмет Байтұрсынұлы сан ғырлы та­лант иесі еді. Ақын, аудармашы, педа­гог, публицист, ғалым Ахмет Байтұрсынұлының есімі мен еңбектері төңкеріске дейінгі кезеңде-ақ қалың ел, дүйім көпшілікке кеңінен мәшһүр болатын. Ол шынында да қазақ халқының «рухани көсемі» М.Әуезов болған айрықша санаткер еді.

Өмір белестеріАхмет Байтұрсынұлы 1873 жылы Торғай уезінің қазіргі Қостанай облысы Тосын болысында дүниеге келген. Әкесі қарапайым шаруа болғанымен кез келген зорлықшыға кеудесін бастырмаған намысты азамат болғанға ұқсайды. Бұған Байтұрсынның патша әкімдерінің әділетсіздігіне көнбей, ояз бастығына қол көтерем деп Сібірге жер аударылуы дәлел. Бұл оқиға бала Ахметтің жүрегінде өшпестей таңба қалдырған өмірдің алғашқы ауыр сабағы болар, сірә.

А. Байтұрсынұлы 1886-1895 жылдардаТорғай, Орынбор қалаларында оқып, мұғалімдік мамандық алып шығады, сөйтіп, бұдан бергі 13 жыл бойына, яғни, 1909 жылға дейін, ол Қостанай мен Қарқаралы өңірінің мектептерінде, сондай-ақ екі класты училищеде ұстаздық етеді. Жас ұстаздың көңіл-қиялымен үйлеспейтін өмір шындығымен бетпе-бет кеп, талай рет әкімдермен, ел ағаларымен айтыс-тартысқа түсетін шағы да осы кез. Ел ішінде Ахметтің есімі ұстаз ретінде ғана емес, әділетшіл азамат, сондай-ақ ақын ретінде де мәлім бола бастайды. Озбырлық иелеріне ойларын ашық айтқаны үшін жас педагог қуғынға да ұшырап, 1909 жылы түрме дәмін де татады. Осы жылы тұңғыш жинағы – аударма кітабы «Қырық мысал» жарық көреді.

Ахмет өміріндегі жаңа кезең 1910 жылдан басталады, ол осы жылы мұғалімдікті қойып, ақындық пен әлеуметтік күрес жолына түседі. 1913-1917 жылдар аралығында ол Орынборда «Қазақ» газетінің редакторы қызметін атқарып, газет беттерінде үлкен-үлкен әлеуметтік мәселелерді батыл көтеріп, халықты өнер-білімге, мәдениетке, елдікке шақырудың ұйытқысы бола білді, дарынды публицист ретінде кеңінен танылды. Бір өкініштісі, өткенге коммунистік идеология тұрғысынан қараудың кесірінен соңғы жылдарға дейін «Қазаңқ газеті ұлтшыл-буржуазиялық сипаттағы басылым болды деп біржақты бағаланып келді.

Сөйтіп, ол 1919 жылдың көктемінде кеңес жағына шығып, қазақ өлкесін басқарушы орган – Қазақ революциялық комитетінің құрамына еніп, сан сала саяси-әлеуметтік істерге белсене араласады. Бұдан кейінгі өмір жолында өзі қайта қудаланған 1929 жылға дейін ол білімі мен тәжірибесін жаңа заман мақсатына аямай жұмсайды, республика халық ағарту комиссары, жоғары оқу орындарында ҚазПИ профессор оқытушы қызметтерін атқарады. Бұл кезеңде ол мейлінше жемісті творчестволық еңбек етіп, педагогика, әдебиеттану, әсіресе, тіл білімі салаларында құнды зерттеулер, оқулықтар жазады. Республикаға үлкен ғалым, ірі педагог, көрнекті әлеуметтік қайраткер ретінде танылады.

Осындай әлеуметтік-творчестволық тұлғасы қалыптасқан шағында ол 1929 жылы «халық жауы» деген жаламен ұсталып, 5 жыл айдау азабын көреді, 1934 жылы елге оралады. Алайда, 1937 жылы тағы да заңсыз тұтқындалады. Халқын сүйген, сол үшін күйген аяулы азамат, ақын, ғалым, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлы осы жы­лы сталиндік репрессияның жазықсыз құрбаны болады. Содан бергі жарты ғасырдан астам уақыт бойына оның есімі де, еңбектері де аталмай, атала қалса, ұлтшыл, кертартпа ақын-жазушылар санатында айтылып келді. Қазіргі шақта заман да, қоғам да өзгерді. Тәуелсіздік самалы тарихқа, өткен мәдениетке де жаңаша көзқарас әкелді. Соның арқасында қазақ халқы жазықсыз жау атанып, мезгілсіз құрбан болған Ахмет Байтұрсынұлы секілді аяулы азаматымен қайта қауышып отыр.

А.Байтұрсынұлының творчестволыққа бет бұруы оның ұстаздық қызметке араласкан кезеңінен басталады. Туған әдебиеттің тұнығынан сусындау, сондай-ақ, орыс әдебиетінен алған әсер-тағылымы да жас ұстазды өнер соқпағына әкелген. Ахметтің әдеби мұрасы сан салалы, әрі қомақты. Алайда оның творчестволық қалыптасуында айрықша мәнге ие екі жинағын атау ләзім. Оның бірі -1909 жылы Петербургте жарық көрген «Қырық мысал» да, екіншісі — «Маса» 1911 жинағы.

«Қырың мысал » Ахмет Байтұрсынұлын халыққа аудармашы ақын ретінде танытқан тұңғыш жинағы. Кітапқа оның орыстың әйгілі мысалшы ақыны И.А.Крыловтан аударған қырық мысалы енген. Жинақтың «Қырық мы­сал» аталуының мәнісі де осында.

Аудармашы орыс ақынының шығармаларынан суреттелетін құбылыстар мен жағдаяттары қазақ тіршілігіне неғұрлым жақындау келетінін, әрі ұғымға жеңіл үлгілерін таңдап, іріктеп алған. Крылов мысалдарының негізгі мазмұнын сақтай отырып, оны қазақ оқырманының ерекшелігіне лайықтап еркін аударуды Ахмет негізгі принципі еткен. Әрбір аударма соңына мысалдың негізгі идеясын неғұрлым айқындай түсу үшін ол өз тарапынан бірер шумақ қосып, өзінше түйіндеп отырған. Мәселен, «Шымшық пен көгершін» мысалының аудармасын алып қарайық. Абайсызда торға шырмалған шымшықты көрген жас көгершін оған көмектесу орнына:

Талтүсте торды көрмей соқыр ма едің,Есалаң, ақылың жоқ, күшік, — деді,деп оны табалайды, мұнымен қоймай,Мысалы мені алдап еш уақыттаTop түгіл түсіре алмассың онан зорға, —деп өзін мақтап, астамшылық көрсетеді. Осылай күліп, табалап тұрып, аңдаусызда өзі де тұзаққа түсіп қалады.

1911 жылы Орынборда жарық көрген «Маса» – Ахмет Байтұрсынұлының төл өлеңдерінің топтамасы. Қазіргі өлшеммен қарағанда, көлемі шығындау бұл кітаптың XX ғасыр басындағы қазақтың қоғамдық өміріндегі үлкен әлеуметтік мәселелерді батыл көтеріп, өз дәуірі үшін елеулі мәнге ие болғаны, қазақ қауымы ортасында салиқалы ой туғызғаны белгілі.

Жинақтың мақсаты оның «Маса» аталуынан да таны­лады. Ақын кіріспе өлеңінде масаны ызыңымен елді енжарлығынан, жалқаулығы мен ұйқысынан оятуға септігі тиетін бейне етіп алады.

Кітаптағы өлеңдердің тақырыптық-идеялық мазмұнынан автордың ағартушылық көзқарасы да жақсы танылады. Халық тағдырына жаны күйіп, оны ұйқысынан оятуға, серпілтіп, жігерлендіріп, алға жетелеуге күш салған азаматтың үні естіледі. «Қазақ салты», «Қазақ қалпы», «Жиған-терген», «Жұртыма», т.б. өлеңдері – бұған дәлел.

«Қазақ салты» өлеңінде ақын қазақ қауымының әртүрлі өкілдерінің мақсаты мен өмір-тіршілігін сын көзімен саралай келіп, «ұмтылып талап ойлап талпынбаған» елінің енжар, жайбасар халіне күйініш білдіреді. Елінің бұл халіне оқыған азамат ретінде өзін де кінәлі санай отырып өлең аяғын:

Бұл бір сөз қасірет етіп хатқа жазған,Қалмаған түк қасиет, қазақ азған.Байға-мал, оқығанға шен мақсат боп,Ойлайтын жұрттың қамын адам аздан, —деп азаматтық үлкен қиналыспен бітіреді.

… Ақаңның майданға алғаш жыры шығып, әдебиет, саясат жолында жол бастаған күндері бәріміздің де есімізде. Кешегі күні оқушы болып, соның тәрбиесінде жүрген күндерімізді көз алдымызға елестетеді. Ақақның қазақ оқушысының ойы мен пікірін тәрбиелеген заманынан бір ай ұзағамыз жоқ. Кешегі күндерге шейін бәріміз де жетегінде келгенбіз. Қаламынан туған өсиеті, үлгісі әлі есімізден кеткен жоқ. Патша заманындағы хүкіметтік әр зорлыққа қарсы салған ұраны, ойымызға сіңірген пікірі әлі күнге дейін үйреніп қалған бесігіміздей көзімізге жылы ұшырайды, құлағымызға жайлы тиеді.

«Қазақ» газетінің сүтін еміп өскен бір буын осы күнде пікір-білім жолында бұғанасы бекіп, іс майданына шығып отырса, кейінгі жас буын Ақаң салған өрнекті біліп, Ақаң ашқан мектепті оқып шыққалы табалдырығын жаңа аттап, ішіне жаңа кіріп жатыр. Ақаңның бұл істеген қызметі — қазақтың ұзын-ырға тарихымен жалғасып кететін қызмет, істеген ісімен өзіне орнатылған ескерткіш — мәңгілік ескерткіш.

Қазақ жастарының ардақты тәрбиешісі Ақаң сөйлегенде менің есіме «Қазақ» газетінің әуендері түседі. Біз ол күнде мектеп ішінде жүрген бала едік. Бірақ патша саясаты темір бұғаудай мойынға батып, қазақ жұртын әлсіретіп, «кедейді шалапқа мас қылып, байды қымызға мас қылып», елдігін жоғалтып бара жатқанын туманды оймен сезуші едік.

Оны жұрттың бәрі де біледі. Бұның шындығына ешкім де дауласпайды. Ақаңа біздің айтатын сөзіміз: Ақаң — еңбегі жанған жанның бірі. Істеген ісінің жемісі — артынан келе жатқан жастар. Оның арты Ақаң мектебіне тізіліп кіріп жатқан жас буын. Жаңа өсіп келе жатқан қазақ әдебиеті Ақаңды өзінің басшысы деп санайды.

Ахмет Байтұрсынұлы қарапайым кісі емес, оқыған кісі. Оқығандардың арасынан шыққан, өз заманында патша арам құлықты атарман-шабармандарының қорлығына, мазағына түскен халықтың намысын жыртып, дауысын шығарған кісі. Өзге оқыған мырзалар шен іздеп жүргенде, қорлыққа шыдап, құлдыққа көніп, ұйқы басқан қалың қазақтың ұлт на­мысын жыртып, ұлттың арын жоқтаған патша заманын­да жалғыз-ақ Ахмет еді. Қазақтың ол уақыттағы кейбір оқығандары губернатор, соттарға күшін сатып тілмаш болып, кейбір оқығандары арларын сатып ұлықтық істеп жүргенде, Ахмет қазақ ұлтына жанын аямай, қызметтерін қылды…

Қалай болса да, жазушысы азғана, әдебиеті нашар қазақ жарлыларына оқу һәм тіл құралдарымен қылған қызметі таудай…

Сәкен СЕЙФУЛЛИН1923 ж.

Ахмет Байтұрсынұлының ақын, публицист, ғалым, қоғам қайраткері санатында жасаған барлық еңбегі, тартқан қорлық, көрген азабы, болашаққа сенген үміт-арманы — баршасы осы ұлы миссияны орындауға, туған халқы үшін қасықтай қаны қалғанша қалтқысыз қызмет етуге арналған.

Рымғали НҰРҒАЛИЕВ

ҚОРЫТЫНДЫҚорыта келгенде, қазақтың жерін ғана алып қалмай, ой-санасын да отарлауға айналған патшалық өзбырлық пен большевиктік қызыл қырғын кезеңдерде әдебиет пен саясат майданында қажымас қайратын халқына қапысыз еңбек етіп, ұлттық сананы қалыптастырған Ахмет Байтұрсындай ұлы тұлға бұрыңғы – соңғы тарихымызда сирек.

А.Байтүрсынұлы Ы.Алтынсариннің, Абай Құнанбаевтың аудармашылық және ақындық дәстүрін жалғастырып, қазақ әдебиетін өзінің шығармашылық ізденістерімен байыта түсті. Ахметтің шығармашылық тұлғасының қалыптасуына Ыбырай, Абай мектебі мен алдыңғы қатарлы реалистік орыс поэзиясының да әсер-ықпалы айтарлықтай болды. Жалпы, А.Байтұрсынұлы шығармашылығы XX ғасыр басындағы демократтық әдебиетке тән дәстүрлі ағартушылық, сыншылдың сипатта қалыптасты.

www.zharar.com

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТАНЫМДЫҚ ПОРТАЛЫ

 

Кезінде репрессияға ұшырап, мерт болған боздақтар қайта тірілді, сөнген жанып, жоғалған табылды. Алыптар қайта оралды.

Тұтас буынның төлбасы, кешегі Абай, Ыбырай, Шоқан салған ағартушылық, демократтық бағытты ілгері жалғастырушы ірі ғалым-тілші, әдебиет зерттеуші, түрколог, дарынды ақын-аудармашы Ахмет Байтұрсынов қалыптасқан дәстүрлі құжаттар бойынша айтқанда, қазіргі Қостанай облысы, Торғай атырабындағы, Сартүбек деген жерде ел арасында беделді, қайратты кісі Шошақұлы Байтұрсын шаңырағында 1873 жылы 18 қаңтарда дүниеге келген.

Ахметтің “Өмірбаянында” көрсетуінше: мешін жылы, 1872 жылы туған, № 5 ауыл, Тосын болысы Торғай уезі. Қалың қазақ ортасы, қаймағы бұзылмаған сахара тұрмысы табиғатынан дарынды туған баланың сезім дүниесін, ой әлемін тербеп толқытады. Әділетсіз өмірдің улы зары бала жүрегін он үшінде жаралайды. Әкесі Байтұрсын мен оның інісі Ақтас қорлық-зорлыққа шыдамай, 1885 жылы 12 қазанда ояз начальнигі Яковлевтің басын жарып жібереді. Мұның арты – дүние-мүлікті тартып алу, түрме, абақты, Сібірге 15 жылға жер аударылу.

Табиғатынан аса дарынды туған талапты бала Ахмет 1882-1884 жылдары әуелі көзіқарақты адамдардан өз үйінде хат танып, артынан жақын жердегі ауыл мектебінен сауат ашады да, 1886-1891 жылдары Торғай қаласындағы екі сыныптық орысша-қазақша училищеде, 1891-1895 жылдары Орынбордағы мұғалімдік мектепте оқып, білім алады. 1895 жылдың 1 маусымынан бастап мұғалім болады: Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы атырабында бала оқытады, өмір, тіршілік күресіне араласады, әділет үшін күреседі, жуандарға, байларға қарсылық білдіреді, патшаның отаршылдық саясатын айыптайды. Кейін екі сыныптық мектептерде ұстаз бола жүріп, 1901 жылдан бастап қолы бос кездерде өзі ізденіп, сан алуан кітаптар оқиды, әдебиетпен айналысады, оқу құралдарын жинайды. Ел ішінде оқыған, еркін мінезді батыл ойшылдың бедел-атағы өсе бастайды. Полиция тыңшыларының жаласымен күйе жағылып, губернатор Тройницкий жарлығы бойынша Қарқаралыдағы  екі сыныптық училищінің меңгерушісі Ахмет 1909 жылы 1 шілде күні Семей абақтысына алынып, сотсыз, үкімсіз, нақақтан нақақ 8 ай бойы азап-қорлық көріп, торығады, қиналып ширайды, күреске белді бекем буады. Бостандық аңсаған, күреске шақырған өлеңдер жазады. Ақыры Қазақстанда тұру құқынан айырылғандықтан, 1910 жылы 21 ақпанда түрмеден шығып, наурыз айында Орынбор қаласына келеді. Бұдан кейін Ахмет Байтұрсынов өміріндегі ең күрделі, қызықты, қажырлы кезеңдер басталып кетеді. 1913-1918 жылдар арасында “Қазақ” газетінде редактор болып, орасан зор әлеуметтік-тарихи қызмет атқарады, халық өмірінің сан-алуан көкейкесті мәселелерін көтереді, елді прогреске, өнер-білімге үндейді.

Алаш қозғалысы тұсында (1918-1919 жылдың басы) Ахмет Байтұрсынов жаңа өткел, соны өріс іздейді. Ұлт азаттығы жолындағы күрес басшыларының бірі болады. Азапты толғаныс, күрес эволю­циясынан өтіп барып, 1919 жылдың наурыз айында бұрынғы ұлт интелли­генциясының кейбір өкілдерін өзімен бірге алып, қазақ халқының мүддесі үшін қызмет етеді деген үмітпен Кеңес өкіметі жағына өтеді – Қазақ өлкесін басқару жөніндегі әскери революциялық Коми­теттің мүшесі ретінде оның жұмысына белсене араласады. Республика халық ағарту комиссары, Бүкілодақтық Орталық Атқару комитетінің мүшесі, Коммунистік партия мүшесі (1920-1926 жылдар), Қазақстан академиялық орталығының жетекшісі, Ташкент, Алматы жоғары оқу орындарында профессор болады, сөйтіп жаңа заман үшін күреске кіреді.

Арман ақталмайды. Кеңес өкіметі патшаның отаршылық саясатын жалғас­тырады. Алаш зиялылары қуғынға түседі.

Осылайша большевизм қылышынан қан тамған кезеңде Ахмет Байтұрсынов әуелі 1929 жылы бір ұсталып, абақтыға қамалып, лагерь тепкісіне түсіп, ұзақ азап көріп, 1936 жылы қайтып келгенмен, 1937 жылы тағы репрессияға ұшырап, 1938 жылы атылды. Ұлы жүректің ауыр тағдыры осындай, ал толық өмірбаянын жазу үшін көптеген архив деректері, замандас естеліктері, тарихи материалдарға сүйену қажет. Қазіргі қолда бар дүниелердің ішінде оның өзі орысша жазған “Жизнеописание” (1929, 8 наурыз), “Биография” (1929, 21 тамыз) деген материалдар айрықша бағалы. Бұлар Алматы университеті архивінде сақталған.

Ахмет Байтұрсыновтың ғалымдық, ақындық, публицистік, қайраткерлік істері өз заманында аса жоғары бағаланған. Қазақ ортасы, түркі әлемі ғана емес, орыс ғалымдары берген тарихи тұжырымдардың орны ерекше.

Кезінде Ахмет Байтұрсынов, оның ғылыми еңбектері туралы орыс ғалымдары проф. А.Смайлович, Е.Поливанов бағалы пікірлер айтқан болатын.

Ақын, публицист, ғалым, қоғам қайраткерінің өмірі, шығармашылығы, әлеуметтік қызметіне байланысты маңызды еңбектер, негізінен, оның туғанына елу жыл толу мерейтойы тұсында жарияланды. “Қырғыз (қазақ) өлкесін зерттеу қоғамы еңбектерінде” (Орынбор, 1922) орыс тілінде екі мақала басылды. М.Дулатовтың “Ахмет Байтұрсынұлы (биографиялық очерк)” мақаласындағы тарихи фактілер, деректер күні бүгінге дейін өз маңызын жойған жоқ. Ақиқатқа жүгінгенде, бұдан кейінгі уақыттарда А.Байтұрсынов өмірбаяны туралы жазған авторлардың бәрі де осы еңбектің материалдарын пайдаланғанын көреміз. Мақалада тұңғыш рет ақын, ғалым, публицист, қоғам қайраткерінің туған уақыты, кіндік қаны тамған жері, ол ортаның басты сипаттары, білім алған ошақтары, қызмет еткен орындары, әлеуметтік қызметтері, саяси-қоғамдық көзқарастарының өзгеруі, сан алуан эволюциясы жан-жақты ашылып берілген. Ал екінші мақалада А.Байтұр­сыновтың ғылыми еңбектерін, әсіресе тіл саласында ендірген жаңалықтарын саралауға арналған.

Мәскеуде 1929 жылы “Коммунистік академия” баспасынан шыққан “Әдебиет энциклопедиясының” 1-томында А.Байтұрсынов: “Аса көрнекті қазақ ақыны, журналисі және педагогі... Ол – қазақ тілі емлесінің реформаторы, грамматиканың және қазақ әдебиеті теориясының негізін салушы” деп бағаланып, негізгі өмірбаяны беріледі, қоғамдық-әлеуметтік қызметі айтылады.

Өз уақытының аласапыран құбылыс­тарын бағалау, болашақ алыс өрістерді көруге келгенде жас Мұхтар Әуезов даналығына таң қалмасқа болмайды. Алмағайып ағыстарға малтығып, қалың тұманда адаспай, Ахмет Байтұрсыновтың тарихтағы орнына қатысты дәл бүгінгі күнмен үндес, орайлас пікір-тұжырымды жігіт-желең, 25-26-лардағы балғын ойшыл қалай тауып айтты екен деп таң қаласың: “Ақаң ашқан қазақ мектебі, Ақаң түрлеген ана тілі, Ақаң салған әдебиеттегі елшілдік ұраны, “Қырық мысал”, “Маса” еңбегі, “Қазақ” газетінің 1916 жылдағы қан жылаған қазақ баласына істелген еңбегі, өнер-білім, саясат жолындағы қажымаған қайраты біз ұмытқанда да тарих ұмытпайтын істер болатын. Оны жұрттың бәрі де біледі. Бұның шындығына ешкім дауласпайды”. (“Ақжол”, 1923, 4 ақпан), – деп жазады ол.

Ахмет Байтұрсыновтың тарихтағы орнын, оның әлеуметтік-қоғамдық істерін, дүниетанымдағы ерекшеліктерін өз кезінде дұрыс көрсетіп, әділін айтқан адамның бірі – Сәкен Сейфуллин. Ол “Еңбекші қазақ” газетіне (1923 жыл, 30 қаңтар) “Ахмет Байтұрсынұлы елуге толды” деген арнаулы мақала жазып, онда былай дейді: “А.Байтұрсынұлы қарапайым кісі емес, оқыған кісі. Оқығандардың арасынан шыққан өз заманында патша арам қулықты атарман-шабармандарының қорлығына, мазағына түскен халықтың намысын жыртып, дауысын шығарған кісі. Өзге оқыған мырзалар шен іздеп жүргенде қорлыққа шыдап, құлдыққа көніп, ұйқы басқан қалың қазақтың ұлт намысын жыртып, ұлттың арын жоқтаған патша заманында жалғыз-ақ Ахмет еді. Қазақтың ол уақыттағы кейбір оқығандары уез, губернатор, соттарға күшін сатып, тілмаш болып, кейбір оқығандары арларын сатып ұлықтық істеп жүргенде, Ахмет қазақ ұлтына жанын аямай қызметтерін қылды”. “Қырық мысал”, “Маса” кітаптарын, “Қазақ” газетіне редакторлық еткен еңбектерін, Алаш кезеңін, артынан компартияға кіргенін түгел шолып айта келіп, мынандай түйін түйеді: “Қалай болса да жазушы аз ғана, әдебиеті нашар қазақ жырларына оқу һәм тіл құралдарымен қылған қызметі таудай... Елуге келген Ақаңды шын көңілден құттықтап, өмірінің ұзақ болуын тілеймін”.

Түркістан республикасы Орталық атқару комитеті мен Түркістан Орталық партия комитетінің газеті “Ақжол” 1923 жылғы 4 ақпанында шыққан 270-санында: “Қазақтың дыбысына, сөзіне арнап әліппе мен әріп, тіл һәм оқу құралдарын шығарып, қазақтың жалпақ тілін талайға үйреткен Ақаң еді. Ұлт қамы дегенді көксеген адам болмай, қазақ құлшылыққа кез болғанда бостандыққа жол көрсеткен Ақаң еді”, — деп жазылған.

Бұдан кейінгі уақыттарда, әділет принциптері бұзылып, адамшылықты таптаған зұлмат жылдар, нәубет, селебе, қан қырғын – репрессиялар басталған кезде, көп нәрсе мүлде бұрмаланды, “байтал түгіл бас қайғы” дейтін күндер туған. Ол шақта Ахмет Байтұрсыновтың еңбектерін талдап, тарихтағы орнын көрсетпек түгіл, атын атаудың өзі – қылмыс, азамат басын жұтатын, абақтыға апарар жолға айналды.

Бірақ сонда да ескі газет-журналдарды, архивтерді ақтарған, көне кітаптарды оқыған сұңғыла жандар алдынан тұтас тау сілеміндей болып Ахмет Байтұрсынов мұрасы шығар еді; көзі – қарақты, қайрат-жігерінен, азаматтығынан айырылмаған аға буынның кейбір есті өкілдері, кейде оңашада, алды-артына бір қарап қойып: “Ақаң былай деген ғой” деп суырыла жөнелер еді. Профессор Бейсенбай Кенжебаев сынды жуас, момын көрінгенмен, іштей берік, қазақ әдебиеттану ғылымында тарихи мектепті негіздеген батыр ойлы ғалым өз шәкірттерінің біріне: “Мынау Ақаң жазған “Әдебиет танытқыш”, әдебиет теориясы. Мен 40 жыл сақтадым. Сенің диссерта­цияңа байғазы болсын. Қалған уақытта сен сақта. Бірақ байқа. Уақыты жетпей айқайласаң, таяқ жейсің. Аруақтың киесі ұрып, кесапаты тиюі мүмкін. Шарапаты тиетін уақыт келер. Ол күнді мен көрмеспін. Сендер көресіңдер. Мықты жерге тығып қой” деген екен. Жас, өр кеуде, тұяғына тас тимеген шәкірт өмірде талай теперіш көріп, таяқ жеген, дана ұстаз тілін алды дейсіз бе. Ақаң кітабы, ондағы пікір-байлам, ой-тұжырым, жаңалық – табыс туралы айтып та, жазып та жіберген. Жұрт білмей ме, көрмей ме, көрсетпей ме,  білген, көрген, көрсеткен. Сонда тұмсығы тасқа тиген шәкіртіне ұстазы айтқан сөз: “Ескерттім ғой, - болмадың. Енді оқасы жоқ. Шыда! Мұндайда еңбек етсең ғана еңсең көтеріледі”.

Қазақстанда Байтұрсынов есімін ауызға алуға да, жазуға да тыйым салынған уақыттарда түркологтар тарапынан оқта-текте ол туралы бірен-саран пікірлер айтылып қалып жүрді. Әсіресе академик А.Кононов еңбегі қалың көпшілікті елең еткізді. Аты шартарапқа мәлім, беделді тілші ғалымның редакциясымен және алғысөзімен Мәскеуден 1974 жылы шыққан “Отандық түркологтардың библиографиялық сөздігі” кітабында Ахмет Байтұрсыновтың туған жылы, өскен ортасы, ата-бабасы, білім алған мектептері, қызмет еткен орындары, әлеуметтік-қоғамдық қызметі, басты еңбектері нақты айтылып, ол “араб алфавиті негізінде жетілдірілген қазақ әліппесінің авторы, қазақ тілінің фонетикасы, синтаксисі, этимологиясы, сол сияқты әдебиет теориясы мен мәдениет тарихы оқулықтарын жазды” деп тарихи тұрғыдан әділ көрсетілді. Кейбір қазақтың “қырағы” оқымыстылары бұл пікірлермен келіспей өз ұлтшылымызды өзіміз әшкерелейміз” деген пікір айтты.

Қазақстан азаттық алғанға дейінгі Ахмет Байтұрсынов туралы жазылған пікірлердің сілемі осындай. Күрделі тұлғаның өмірі, ғылыми, әдеби мұрасы жайлы тілшілер — Ә.Қайдаров, Т.Қор­дабаев, Р.Сыздықова, С.Кеңесбаев, әдебиетшілер – Қ.Мұқамедқанов, Р.Нұрғалиев, тарихшылар – К.Нұрпейісов, М.Қойгелдиев, С.Өзбеков, жас ғалымдар – А.Мектепов, Ғ.Әнесов, Б.Байғалиев т.б. еңбектері шыға бастады. Бір томдық шығармалары, үлкен көлемді “Ақ жол” (құрастырған Р.Нұрғали), “Тіл тағылымы” (құрастырған Р.Сыздықова) кітаптары басылды.

Енді Ахмет Байтұрсынов мұрасының негізгі арналарына тоқталайық. Қалайда халықты ояту, оның санасына, жүрегіне, сезіміне әсер ету жолдарын іздеген ақын айналып келгенде, ұлы Абай тапқан соқпақ, орыс әдебиеті үлгілерін пайдалану, аударма жасау дәстүріне мойынсынады. Бұрынғы ескі-ертегі, химия үлгілері емес, енді жаңа өлеңдік форма мысал арқылы, көшпелі елдің жақсы білетін стихиясы – жан-жануар өмірінен алынған шығармалар арқылы әлеуметтік ойға ықпал ету мақсатымен Иван Андреевич Крылов туындыларын аударып, “Қырық мысал” деген атпен 1909 жылы Петербургтен бастырып шығарды.

Бір жағынан қызықты форма, екінші жағынан ұғымды идея, үшінші жағынан, қазақ тұрмысына ет-жақын суреттер ұласа келіп, бұл өлеңдерді халықтың төл дүниесіндей етіп жіберді.

 

Жүк алды шаян, шортан, аққу бір күн,

Жегіліп тартты үшеуі дүркін-дүркін,

Тартады аққу көкке, шаян кейін

Жұлқиды суға қарай шортан шіркін.

Аудармада мін жоқ, мүдірмей, тұтықпай, есіліп-төгіліп тұр. Ендігі кезең оқырманына қатысты жаңа ой, соны пікір, толғаулы сөзді ақын өз жанынан қосады.

Жігіттер мұнан ғибрат алмай болмас.

Әуелі бірлік керек болса жолдас.

Біріңнің айтқаныңа бірің көнбей

Істеген ынтымақсыз ісің оңбас, —

деп елді тұтастық, ынтымақ  жалауының астына шақырады.

Елдің азып-тозуына байланысты сарындарды Ахмет Байтұрсынов жұмбақтап, тұспалдап жеткізеді, кейде ашық, дәл айтылатын ойлар да бар:

Қасқырдың зорлық болды еткен ісі.

Ойлаймын оны мақтар шықпас кісі

Нашарды талай адам талап жеп жүр

Бөріден артық дейміз оның ісін.

Алуан-алуан ойға жетелейтін “Қайырымды түлкі”, “Ала қойлар”, “Үлес”, “Қартайған арыстан”, “Өгіз бен бақа”, “Қайыршы мен қыдыр”, “Ат пен есек” мысалдарында әлеуметтік-қоғамдық жағдайларды мегзейтін оқиғалар, адамдар психологиясымен сарындас әуездер, тағылымды, ғибратты тұжырымдар мол орын алған. Аудармашы негізгі түпнұсқа тексіне орайластырып, көркем ойға ой, суретке сурет қосып, пікірді ұштап, жаңа сарын - әуез қосып отырады. “Қартайған арыстан” мысалына:

Бақ қонса, сыйлар алаш ағайын да,

Келе алмас жаман батып маңайыңа.

Басыңның бақыт құсы ұшқан күні

Құл-құтан басынады, малайың да, —

деген жалғасты түйін жасайды. Бірнеше кісі тіл таба алмай, берекесі кетіп, өртке шалдығып, үлестен құр қалады. Осы “Үлес” өлеңінің түйінінде ақын өз позициясын ашық көрсетіп:

Ойласақ оқиға емес болмайтұғын,

Ел қайда өзін жаудан қорғайтұғын.

Қазіргі пайдасына бәрі жетік,

Адам аз алдын қарап болжайтұғын.

Аңдыған бірін-бірі жаудан жаман

Байқасақ ел белгісі оңбайтұғын.

Бұл белгі табылып жүр біздің жұрттан

Таласып бір-бірінің жүзін жыртқан.

Алданып арқадағы дау-шарына

Кәтерден кәпері жоқ,

келер сырттан, —

деп терең маңызы бар әлеуметтік ой толғайды.

Мысал жанрының қазақ әдебиетіне бойлап ену құбылысы әлемдік көркемдік дәстүрлердің типологиялық ұқсастығын көрсетеді. “Дала уалаяты” газетінде 1894 жылы 14 тамызда И.Крыловтың “Инелік пен құмырсқа” (аударған А.Құрманбаев) мысалының жариялануы – қазақ әдебиеті үшін жаңа бір арнаның басы еді.

Крыловтан Абай – 14, Спандияр Көбеев – 37, Бекет Өтетілеуов – 12 мысал аударған. Бір мысалдың бірнеше рет аударылғаны да бар. Мәселен: “Аққу, шортан һәм шаян”, “Ат пен есек”, “Қасқыр мен тырна”, “Шал мен ажал (өлім)”, “Айна мен маймыл”, “Маймыл мен көзілдірік” мысалдарын Ахмет Байтұрсынов та, Спандияр Көбеев те аударған. “Ала қойлар”, “Есек пен қамыс (шілік)”, “Бақа мен өгіз” мысалдарының Абай нұсқасы да, Ахмет нұсқасы да бар.

Абай аудармалары Крылов түпнұс­қасымен көбіне-көп дәлме-дәл келеді, Спандияр Көбеев 8 мысалды қарасөзбен баяндаған. Ал Ахмет Байтұрсынов аудармаларында сюжет сақталғанмен, еркіндік басым, қазақ тұрмысына жаңа идеялар, заман тынысын танытатын жаңа ойлар айтылады. Түп негізі Федрдан алынған Крыловтың он жолдық “Шымшық пен көгершін” мысалы Ахмет Байтұрсынов аудармасында отыз екі жолдан тұратын жаңа шығарма. “Өгіз бен бақа” орысшада – 17, қазақшада – 36 жол, “Қасқыр мен тырна” орысшада – 19, қазақшада – 76 жол, “Арыстан, киік һәм түлкі” орысшада – 35, қазақшада – 56 жол, “Қасқыр мен қозы” орысшада – 37, қазақшада – 68 жол, “Ағаш” орысшада – 31, қазақшада – 56 жол. Бұл фактілер қазақ ақыны дәстүрлі оқиға, қалыпты бейнелерді ала отырып, ойға ой, суретке сурет қосып, жаңа, ұлттық төл туынды жасағанын көрсетеді. Бұрын емеурін, ишара, мегзеу, астар, мысалмен берілген ойлар “Маса” кітабында ашық, анық, дәлді, нақты айтылады. Мұнда Ахметттің өз басынан кешкен қиын-қыстау күндер, ауыр жолдар, қуғын-сүргін, жетімдік-жоқтық, бірталай өлеңдерге арқау болады; ел тағдыры, халық қамы, бостандық арманы – басты сарын.

Оқ тиіп он үшімде ой түсіріп,

Бітпейтін жүрегімде бар бір жарам.

Алданып жегеніме оны ұмытсам,

Болғандай жегенімнің бәрі қарам, —

деген жолдардың нақты өмірлік материалы әкесі Байтұрсынның 15 жылға Сібірге айдалып, қуғын көруі, бала жүректің тілім-тілім жаралануы. Ал, “Жиған-терген” өлеңіндегі:

Қазағым, елім,

Қайқайып белің,

Сынуға тұр таянып.

Талауда малың,

Қамауда жаның,

Аш көзіңді оянып –

деген сөздерді патша цензурасы кезінде жібермей тастаған. Ақын ашынып сөйлейді, тартыстар, қайшылықтарды көрсетеді.

Бұл бір сөз қасірет айтып хатқа жазған,

Қалмаған түк қасиет қазақ азған.

Байға мал, оқығанға шен мақсат боп,

Ойлайтын жұрттың қамын адам азған.

Күрес идеясы, келешек қамы үшін арпалысу, ел болу мақсаты бар тілектен жоғары қойылады:

Мен бұқтым, жаттым,

Сен бұқтың жаттың,

Кім істемек қызмет?

Ауызбен айтып,

Істерде қайтып,

Жоламасақ не міндет?

Тек жүрсе тоқ жүрмекті

Қиын деме білмекті.

Қазір әлем поэзиясындағы ділмар сөз – афоризм боп кеткен түрік ақыны Назым Хикметтің:

Мен жанбасам лапылдап,

Сен жанбасаң лапылдап,

Біз жанбасақ лапылдап

Аспан қалай ашылмақ, —

деген жолдарының Ахмет Байтұрсынов өлеңімен әуендестігі кісіні таң қалдырады.

“Маса” кітабына енген өлеңдерде жеке бастың мұң-шері, тұрмыс-салт суреті емес, негізінен әлеуметтік, қоғамдық ойлар, азаматтық идеялар айтылады. Өзін-өзі күйттеген, байлық үшін, мансап үшін ар- абыройын сатқан “жақсылығы өз басынан артылмаған”, “бос белбеу, босаң туған бозбала”, “бір тойғанын ар қылмаған шалдар”, “қайырсыз кеще сараң байлар”, “мәз болып құр түймеге жарқылдаған оқығандар” сыналады. “Туысыма”, “Досыма хат”, “Қазақ қалпы”, “Қазақ салты”, “Көк есектерге”, “Жұртыма”, “Қарқаралы қаласына” өлеңдерінде ұлы Абай сатирасын еске түсіретін сарындар, ойлар, образдар бар. “Анама хат”, “Жауға түскен жан сөзі” – қорлық-зорлыққа мойымаған, бостандық, еркіндік жолында бәріне көнген қайратты ерлер тұлғасын мүсіндеген жырлар. “Масада” Пушкиннен аударылған “Қыздыр дейсің мәжілісті, жан дейсің”, “Ат”, “Данышпан Аликтің ажалы”, “Балықшы мен балық”, “Алтын әтеш”, Крыловтан аударылған “Сорлы болған мұжық”, “Қаздар” шығармалары да берілген.

Қинамайды абақтыға жапқаны,

Қиын емес дарға асқаны, атқаны.

Маған ауыр осылардың бәрінен

Өз ауылымның иттері үріп қапқаны, —

деген жолдарда өз уақытының сыры айтылса:

Тән көмілер, көмілмес еткен ісім,

Ойлайтындар мен емес бір күнгісін.

Жұрт ұқпаса, ұқпасын, жабықпаймын,

Ел бір күншіл, менікі ертеңгі үшін, —

деген уақытта ақын болашақпен сырласқандай, өлместігіне сенеді.

Екі жинақ – “Қырық мысал”, “Маса” – қазақ әдебиетін жаңа тақырыптармен, идеялармен, ойлармен, өрнектермен байытты; Абайдың ақындық дәстүрі ілгері жалғасты, заман талабына сай жігерлі поэзия туды, бұдан кейін талантты ақындардың жаңа буыны тарам-тарам жүлгелерді тереңдетіп, жалғастырып әкететін болады.

Әр түрлі  оқиғаларға, халықаралық жағдайға, заң, құқықтану, жер мәселесіне, отарлауға, ғылым-білімге, педагогикаға арналған “Тағы да народный сот хақында” (1911), “Қазақ һәм ІҮ Дума” (1912), “Земство” (1913), “Жер жалдау жайынан” (1913), “Көшпелі һәм отырықшы норма” (1913), “Уақ қарыз” (1913), “Бұ заманның соғысы” (1914), “Жәрдем комитеті” (1915), “Закон жобасының баяндамасы” (1914) (осы мақала үшін Ахмет Байтұрсынов штраф-айып төлеген), “Қазақ халқын билеу туралы 1868 жылы шыққан уақытша положение” (1914), “Губернатор өзгертілуі” (1914), “Соғысушы патшалар” (1914), “Қазақ жерін алу турасындағы низам” (1913), “Қазаққа ашық хат” (1916), “Бастауыш мектеп” (1914), “Қазақ арасында оқу жұмыстарын қалай жүргізу керек” (1923), “Партия һәм кеңес құрылысындағы рушылдық әсері” (1926) сияқты көптеген мақалалар публицист Ахмет Байтұрсыновтың көзқарасы эволюциясын, тарихи білігін, ойшылдық деңгейін, журналистік қарымын көрсетіп, рухани даму кезеңдерімізден мол хабар береді.

Ал ғалымның тілші, әдебиетші ретінде жазған еңбектері бірнеше том боларлық мол дүние, бұлардың ішінде 1913 жылы жазылған “Қазақтың бас ақыны” еңбегі – оқшау, дара тұр.

Абайдың тарихи миссиясы, рухани болмысымыздағы орны, көркемдік-эстетикалық сипаттар дұрыс көрсетіліп, терең талданып, алғаш рет қазақ оқырманының алдына тартылды. Өмірдің сан алуан көкейкесті мәселелерін арқау етіп жазған Ахмет Байтұрсынов мақалалары алдымен “Айқап” журналында, 1913-1918 жылдар арасында өзі редакторлық еткен “Қазақ” газетінде, кейін кеңес баспасөзінде жарияланған.

Мақалалар саны көп, олар мерзімді басылым бетінде шашылып жатыр, бұларды жинап, сұрыптап, ой елегінен өткізіп, жүйелеп бастырып шығару арқылы қоғамдық-саяси, әлеуметтік-тарихи зердеміздің қазір ойсырап, үңірейіп тұрған беттерін толтыратын боламыз. Қазіргі қолда бар материалдардың негізіне сүйенгенде қаламгер – оқу-ағарту, оқулықтар жасау, әліппе, емле, грамматика, жер иегері, кәсіп істеу, халықаралық қатынастар, тарих, құқықтану, заң, философия, қоғамдық күрестер, мәдениет, әдебиет, эстетика проблемаларын тереңнен қозғап, өз кезіндегі қоғамдық-әлеуметтік ойға мұрындық, ұйытқы болған пікірлер айтып, тұжырымдар жасаған. 1917-19 жылдар арасында әр қиянды шиырлаған кездерін автордың өзі де мойындаған. Ал, революциядан бұрын жазған еңбектердің басым көпшілігінің негізгі идеясы ағартушылық, демократтық, прогрестік биік нысана, олар біздің азаматтық, рухани  дамуымыздағы маңызды, мәнді кезеңдер шындығын ашады, бірқыдыру ойлар, пікірлер дәл қазіргі уақытқа қызмет ететінін көруге болады.

Автордың “Қазақ өкпесі” мақаласында (“Айқап”, 1911, № 2) тарихи мәселелерге объективті, ғылыми тұрғыдан қарайтын­дығы көрінеді, қазақ хандығы неліктен құлады, өз алдына дербес мемлекет болып тұра алмаудың себебі, Ресейге қосылудың негізгі жағдайлары деген проблемалардың жауабы айтылады. “Олжалы жерде үлестен қағылғанымыз, ордалы жерде орыннан қағылғанымыз, жоралы жерде жолдан қағылғанымыз – бәрі надандық кесапаты”, дей келіп, ел мен елді, ұлт пен ұлтты теңгеретін ғылым, өнер екенін айтып, оқуға, ағартушылыққа ден қояды.

Бұл бағытта жазылған, бірі-бірімен сабақтас мақалалар өте көп. “Оқу жайы” (“Қазақ”, 1913, № 11) мақаласында өз кезіндегі мектептер ісін тиянақтай отырып, сол тұстағы Қостанай уезіндегі сауаттылық мәселелерін қозғайды, әрбір жүз кісіден 6 еркек қазақша, әрбір мың кісіден 6 еркек орысша, әл әрбір үш жүз кісіден 1 әйел қазақша, төрт мың кісіден 1 әйел орысша хат таныды деген дерек келтіреді. “Қазақша оқу әлі бір белгілі тәртіпке келіп жеткен жоқ, кемшілігі есепсіз көп. Қазақша оқу кітаптары жаңа ғана көрініп келеді. Тәртіппен оқытарлық мұғалімдер аз, оқу программасы жоқ, белгілі оқу жолы жоқ, салған мектептер жоқ, мұғалімдерге арналған айлық жоқ, оқытудың қазақша оқуды аймаққа бірдей жеткілікті ететін жасалған өрнек жоқ, оқыту ғылымын үйрететін даримұғалимун (педучилище) жоқ” деп күйзеледі. Мұның үстіне автор қазақша, орысша, екі тілде білім алу жүйесін ерекше қолдап, “жалпақ жұрттың қолы орысша оқуға түгел жетсін, оқымаған жан қалмасын” деп дәл қазіргі күндегі тәуелсіздік шарттары алға міндет етіп қойып отырған терең білім беру принциптерімен үндес тұжырым жасайды.

Ахмет Байтұрсыновтың қазақша әліппе жасауы, араб жазуына кіргізген реформасы, қазақ тіл білімінің негізгі терминдерін жұртымыздың образды ойлау мүмкіндігімен сабақтастырып өз топырағымыздан тауып, оларға тұңғыш анықтама бергені, дыбыс жүйесін (грамматика) қалыптастырып шығарған ұлы еңбегі өз кезінде де айтылған болатын. “Ахметтің октябрь төңкерісіне шейін қазақ халқын ояту ретінде көп еңбегі сіңді. Қазақ мектебі, қазақ тілі сықылды орындарда оның еңбегі мол... Әр тілдің айдауында жүрген қазақ балаларына қазақ тілімен кітап жазған, қазақ тілінің негізін жасап, қазақ мектебінің іргесін қалаған алғашқы адам – Ахмет. Ахметтің бұл тарихи еңбегі бағаланбай қалмақ емес. Бұны пролетариат та бағалайды”, — деп жазды Сәбит Мұқанов. Ғаббас Тоқжанов пікірі де осымен сабақтас. “Бір кезде сары маса боп ызыңдап оятқан Ахметті қазақ еңбекшілері де қадірлей біледі, сөзін оқып сүйсінеді”.

Өз қолымен жазған “Өмірбаянында” (1929, 8 наурыз) Ахмет Байтұрсынов былай дейді: “Орынборға келгеннен кейін, біріншіден, қазақ тілін фонетикалық, морфологиялық және синтаксистік тұрғыдан зерттеумен; екіншіден, қазақ алфавитін (шрифтін емес), орфографиясын жеңілдету және реттеу үшін реформа жасаумен; үшіншіден, қазақ жазба тілін лексикалық шұбарлықтан, басқа тілдердің синтаксистік ықпалынан тазартумен; ақыры, ең соңында, төртіншіден, проза (іс-қағаз, публицистика, ғылыми жазба тіл) тілін кітаби тіл арнасынан стилистикалық өңдеу, қазақ сөздерінен термин жасау арқылы халықтың жады тілінің арнасына көшіру істерімен айналыса бастадым. Бұлар өзім жасаған оқулықтар және өзім редакциялаған “Қазақ” газеті арқылы іске асты”.

Бұл жолдарда ғалымның өмір бойы жасаған істері тиянақты, жүйелі түрде айтылған.

“Тіл – адамның адамдық белгісінің зоры, жұмсайтын қаруының бірі. Осы дүниедегі адамдар тілінен айрылып, сөйлеуден қалса, қандай қиындық күйге түсер еді, осы күнгі адамдар жазудан айрылып, жаза алмайтын күйге ұшыраса, ондағы күйі де тілінен айрылғаннан жеңіл болмас еді. Біздің заманымыз жазу заманы – жазумен сөйлесу ауызбен сөйлесуден артық дәрежеге жеткен заман...”, – деп жазды ол.

Бұдан кейін жазуға үйрету, хат таныту мәселелері сөз болады. Қазақ мектептеріндегі оқыту жайлы, олардың қиындықтарын таратып айта келіп, автор өзінің оқыту әдістерін ұсынады. Жалпы ғылыми мәні бар пікірлерді де айтып отырады. Мына тұжырымға көңіл бөліп, ой жүгіртіп көріңіз:

“Дүниедегі жұрттардың тілі негізінде үшке бөлінеді: 1) түбіршек тіл, 2) жалғамалы тіл, 3) қопармалы тіл. Түбіршек тіл түпкі қалыбынан өзгерілмей жұмсалады, мәселен: қытай, жапон тілдері. Жалғамалы тіл сөздің аяғына жалғау қосылып өзгерілетін тіл, мәселен: түрік, финн тілдері. Қопармалы тіл сөз түбірімен қопарылып, өзгертілетін тіл, мәселен: орыс тілі, араб тілі” Дәл бүгін айтылғандай әсер қалдыратын бұл пікіріне таңданбасқа шара жоқ.

Әдебиетші ақын Ахмет Байтұр­сыновтың өнерпаздар мұрасының маңызды саласы ол жинап, реттеп, өңдеп бастырған – фольклор материалдары. Мұның бірі – 1923 жылы Мәскеудегі Күншығыс баспасынан шыққан “Ер Сайын” жыры. Кітап Шоқанның досы, әйгілі орыс ғалымы Григорий Николаевич Потанинге тарту ретінде шығарылған.

Ахмет Байтұрсынов жинап, реттеп, сұрыптап бастырған екінші фольклорлық мұра – 1926 жылы Москвада жарияланған – 23 жоқтау. Әдеби тілдің қалай жасалатынын айта келіп; “Әдеби тіліне негіз етіп аузындағы тіл алынбаса, ол әдебиет адасып кетпек, енді ғана өсе бастаған қазақ әдебиетін алғанда мұны естен шығармау керек... Тіл тақырыпты Ленин сияқты көсемдердің айтқан сөздерін, үгіттерін оқыған не естіген кісі жолымыздың тура екендігін байқаса керек”, — дейді. Жинақ Шәңгерейдің “Сыршы” деген өлеңінің:

Құйрық атып құлия,

Түлкідей қашқан жымия.

Қараңды үзіп барасың,

Бізден қайран дүние...

Дәурен өтіп, жас жетіп,

Замандас құрбы адамдар

Азайып келіп о бітті.

Көрген түстей бәрі де

Көзімнен болды зым-зия, —

деген жолдарымен басталады. Қазақ тарихының 400 жылдық мерзімін қамтитын 23 жоқтау, трагедиялық жырлар берілген. Бұлардың ішінде Бапай батыр, Қаз дауысты Қазыбек би, бірнеше тарихи тұлғалар бар, түсініктемелерде дәлді деректер бар.

Ахмет Байтұрсыновтың ғалым-теоретик, эстетик-сыншы тұлғасын айқындап беретін күрделі, толымды, жаңашыл туындысы Ташкентте 1926 жылы “Әдебиет танытқыш” (“Теория словестности”) деген атпен басылған. Араға екі-үш жыл салып, авторы ұсталып кеткен соң, бұл еңбек көпшілік арасына мол тарап үлгермеді. Бірақ қазақтың ұлттық әдебиеттануының ғылыми негізі, методологиялық арналары, басты-басты терминдері мен категориялары түп-түгел осы кітапта қалыптастырылған.

“Әдебиет танытқыштағы”  қазақ әдебиетінің өзіне тән жанрлық формаларын топтап, жіктеп берудегі ғалым даналығына таң қаласың. Эпосты — әуезе, лириканы – толғау, драманы – айтыс деп бір қайтарып алып, сала-салаға жіктеп әкетеді; шежіре, заманхат, өмірбаян, мінездеме, тарихи әңгіме, саясат шешен сөз, билік шешен сөз, қошемет шешен сөз, білімір шешен сөз, уағыз, көсемсөз (публицистика). Ауыз әдебиеті түрлері былай жіктеледі: ертегі, аңыз-әңгіме, өтірік өлең, жұмбақ, жаңылтпаш, бас қатырғыш – бұлар бір топ. Батырлар жыры, тарихи жыр, айтыс өлең, үгіт өлең, толғау, терме – бұлар екінші топ. Мысал, ділмар сөз (афоризм), тақпақ, мақал, мәтел – бұлар үшінші топ. Тойбастар, жар-жар, неке қияр, беташар, жоқтау, жарапазан, бата – бұлар төртінші топ. Жын шақыру, құрт шақыру, дерт көшіру, бесік жыр – бұлар бесінші топ. Сан алуан фольклорлық шығармаларды топтап, саралауға мүмкіндік беретін сауықтама, зауықтама, сарындама, салттама, ғұрыптама, қалыптама деген терминдер қазіргі ұғымымызға өзі сұранып тұр.

Қазақ әдебиетін дәуірлерге бөлуде де толып жатқан жаңалық бар. Хисса, хикаят, насихат, мінажат, мақтау, даттау, шығармаларды діндар дәуір әдебиетіне жатқызса, сындар дәуір әдебиетіне ұлы әңгіме (роман), ұзақ әңгіме (повесть), әңгіме кірмек. Лирика түрлерін саф толғау, марқайыс толғау, налыс (мұңайыс) толғау, намыс-таныс толғау, сұқтаныс толғау, (даттау, қаралау, наз) деп жіктеу, мазақ, мысқыл, қулық, сықақ, әзіл деп саралау, тартыс түрлерін әлектеніс, әуреленіс, азаптаныс деп таратып әкетуге де қайран қаласыз.

Қысқасы, “Әдебиет танытқыш” кітабындағы бірқыдыру термин, ұғым, категория әдеби тілімізге, ғылыми оралымға кезінде кіргенін айта отырып, бұл еңбекте эстетикалық ойлау жүйемізді әлі де байыта түсетін тамаша қазына, ересен тапқырлықтар бар екенін көрсетуіміз қажет. Сонымен Ахмет Байтұрсынов қазақ әдебиеттану ғылымының негізін салған, тұңғыш әдебиет теориясын жазған ғалым екендігін мойындамау шындық алдындағы қиянат болар еді.

Ахмет Байтұрсыновтың әдеби-ғылыми мұрасының ішіндегі ең көлемді және айрықша тиянақталған тұжырымды еңбегі – “Әдебиет танытқыш”.

Шолу ретінде, атүсті айтылғанмен, бұл еңбек дәлді зерттеліп, әділ бағасын әлі алған жоқ.

Бірден айту керек, “Әдебиет танытқыш” – Ахмет Байтұрсыновтың эстетикалық-философиялық танымын, әдебиетшілік көзқарасын, сыншылық келбетін толық танытатын жүйелі зерттеу, қазақ филологиясының ерекше зор, айтылған ойларының тереңдігі мен дәлдігі арқасында болашақта да қызмет ететін, ешқашан маңызын жоймайтын қымбат, асыл еңбек. Ұлттық әдебиеттану ғылымы қазір қолданып жүрген негізгі терминдер, категориялар, ұғымдардың қазақша өте дәл, ықшам, оңтайлы баламаларының басым көпшілігі тұңғыш рет осы зерттеуде жасалғанын ашып айтатын уақыт жетті. Бұл ретте, Ахмет Байтұрсынов – тіл терминдерін жасауда қандай кемеңгер, данышпан болса, әдебиеттану, өнертану, фольклортану терминдерін жасауда да сондай кемеңгер, данышпан.

Бұл еңбекте Ахмет Байтұрсынов фольклорлық, әдеби текстерді талдаудың, жанрлық түрлерге ат қойып, анықтама берудің тамаша шебері, әдеби дамудың болашағын көрсете алатын асқан сыншы, өмір, қоғам, адам табиғаты жөнінде терең пікір толғайтын ұлы ойшыл екендігін көрсетті. Ерекше қуанарлық нәрсе, жазылғанына 70 жыл өткен еңбектің дәл бүгін көкей­кесті, актуалды болып отырғандығында. Оның қай бетін ашып оқысаң да, көкейге қона кетеді. Ахмет Байтұрсынов “Әдебиет танытқыш” еңбегінде зерттеу объектісі етіп, қазақ ауыз әдебиетін, қазақ жазба әдебиетін, оның сан алуан үлгілерін алған. Автор қандай ғылыми еңбектерге сүйен­гені туралы мәлімет, дерек келтірмейді. Ең алдымен ғалымның әдебиет тео­риясы, сыны, тарихы, текстологиясы, жанрлары жөнінде дүниежүзілік әсемдік ойдың негізгі тұжырым, идеяларымен терең таныстығы айқын аңғарылады. Қоғамдық, тарихи-эстетикалық, философиялық білім мығымдығы үнемі сезіліп отырады.

Өнер тарауларын сәулет (архитектура), сымбат (скульптура), кескін  (живопись), әуез (музыка), сөз (әдебиет) өнері деп даралап, әр­қайсысына дәлді анықтама беруінен, сөз жоқ, неміс ғалымы Лессингтің әйгілі “Лаокон” трактатымен таныстықты байқауға болар еді. Сол сияқты әдебиет тектерін таратқанда, ішкі ғалам (субъективті әлем), тиіс ғалам, түйіс ғалам (объективті әлем) ұғымдарын пайдалану ескідегі Аристотель, кейінгі Гегель, бергідегі Белинский, Веселовский концепцияларын еске түсіреді. Ал ауыз әдебиетін жалпылай топтау тәсілдерінен орыстың дәстүрлі фольклоршыларының сабағы аңғарылады. Бір ерекше жәйт, А.Байтұрсынов ұзақ-ұзақ цитата алып, өзгелерден бәтуа іздеп, басқаның пікіріне жығыла салатын әдеттен мүлде аулақ. Дәлірек айтқанда, “Әдебиет танытқышта” пәленшекең айтты деген бірде-бір пікір, тұжырымға сілтеме жоқ.

Өнер туралы жалпылай мәлімдеп, көркем сөз өнерінің тарауларын жеке-жеке ерекшелеп көрсетіп, сөз өнері, шығарма сөздің ақылға, қиялға, көңілге беретін әсерін анықтап алып, ұғыну, тану, ойлау, ұқсату, бейнелеу, суреттеу, түю, талғаудың айырмасын анықтап, тақырып, жоспар, түр дегендерді түсіндіріп, мазмұн алуандығын әуездеу, әліптеу, пайымдау деп үшке бөледі. Бұларды түсіндіру үшін Абай, Мағжан өлеңдері, М.Әуезовтің “Еңлік-Кебек” трагедиясы, “Жәнібек батыр” аңыз әңгімесі мысалға алынған.

“Әдебиет танытқыштың” бірінші бөлімі “Сөз өнерінің ғылымы” деп аталып, бірнеше шағын бөлімшелерге, баптарға бөлініп, олардың әрқайсысында нақты мәселе қаралады.

Ең алдымен тіл, сөз өнері, шығарма дегеніміз не деген сұрауларға, ғылыми дәлді, ықшам, толық анықтама беріледі. Автор сөз өнері ғылымын: 1) шығарманың тілінің ғылымы; 2) шығарманың түрінің ғылымы деп екіге бөліп қарайды. Тіл өңі жағынан тіл я лұғат қисыны деп, мазмұн жағынан қара сөз жүйесі, дарынды сөз жүйесі деп екіге бөледі.

Автор сөз өнерін үй қалау өнерімен өте қисынды салыстыра көрсетеді де, сөз талғау орайында шығарма тілі екі түрлі болатындығын айтады, олар – біріншісі – ақын тілі, екіншісі  әншейін тіл. Сөз дұрыс болу үшін түрлі жалғау, жұрнақ, жалғаулықты жақсы білу, өз орнында тұтыну, дұрыс есептеп, сөйлемдерді дұрыс орналастыру, құрмаластыру, орналастыру шарттары алға қойылады. Тіл тазалығына анықтама беріп, ол үшін орыстың жақсы жазушылары қойған талаптарды үлгі етіп алған. Олар:

— Ескірген сөздерге жоламау;

— Жаңадан шыққан сөздерден қашу;

— Өз тілінде бар сөздің орнына басқа жұрттан сөз алудан қашу;

— Жергілікті сөздерге, яғни бір жерде айтылып, бір жерде айтылмайтын сөздерге жоламау.

Ахмет Байтұрсынов “Біз сияқты мәдениет жемісіне жаңа аузы тиген жұрт, өз тілінде жоқ деп, мәдени жұрттардың тіліндегі даяр сөздерді алғыштап, ана тілі мен жат тілдің сөздерін араластыра-араластыра, ақырында ана тілінің қайда кеткенін білмей, айырылып қалуы ықтимал. Сондықтан мәдени жұрттардың тіліндегі әдебиеттерін, ғылым кітаптарын қазақ тіліне аударғанда, пән сөздерінің даярлығына қызықпай, ана тілімізден қарастырып сөз табуымыз керек”, - деген ұлы талабын өзі нақты іске асырды.

“Әдебиет танытқышта” қойылған күрделі мәселенің бірі – қара сөз бен дарынды сөз жүйесінің, ғылым мен әдебиеттің айырмасы. А.Байтұрсынов қазақта бұрын бола қоймаған терминдердің баламасын тауып, не өз жанынан жаңадан сөз жасай отырып, өте күрделі ғылыми, философиялық, эстетикалық көзқарастарды айтады, қиын проблемаларды ұғынықты түсіндіріп береді.

Ғалым жер жүзі жұрттарының тілдеріндегі шығармалард

ustazdar.kz

Қазақша реферат: Ахмет Байтұрсынов - қазақ тілтану ғылымының атасы » ZHARAR © 2018

КіріспеӨнер алды – қызыл тіл» деп мақалдап өткен қазақ ақындары, жазушылары осы күнге дейін қазақ поэзиясында биік орын алады. Солардың бірі Ахмет Байтұрсынұлы. Өз заманының ағысына қарсы тұра білген қайраткер. Қазақ халқының рухани көсемі болып, болашақтың жарық, тыныш, көк аспан астында өмір сүруіне өзінің ақылын арқау еткен. Өз достарының алды бола білген Ахмет өткір, алмас қылыштай адамның ойын осып өтетін сөздерімен өлең арқылы ой-сезімін білдірген. Қазақтың қазақ бола білуіне кеудесіндегі жанын да аямаған. Қарусыз-ақ сөзбен адам өлтіретін Ахмет қазақ елінің келешегін тәуелсіздікке жетелеген халықтың рухани жетекшісі. Халық үшін, халықтың мәдени-әлеуметтік болмысын көтеру үшін қызмет еткен.Халықты ағарту баладан, мектептен бастау алады. Ең алғаш қазақ тілінде әліппе кітабын жинақтаған Ахмет еді. Қазақ балалары көзі ашық, сауатты азамат болып шығуға септігін тигізген. Қазақ тіліндегі әліп-би осы сөздердің бәріне дәлел. Тек қана кітап жазумен тоқтамаған Ахмет, орыстың белгілі жазушыларының белгілі жазушыларының белгілі еңбектерін ана тілімізге аударып, өзінің халыққа, шамшырақ екенін дәлелдеп өткен. Халықтың білімді болуына, сауатын ашуға көп көмек көрсеткен. Бұрынғы қарапайым қара сөздерді жаңғыртып, халық санасына қалыптастыру басты мақсаттарының бірі. Көкейіндегі түйілген ойды ана тіліндегі асыл, ұтқыр сөздермен жеткізе білген. Өлеңдеріндегі сөздердің өзі адам көңіліне талпыныс, алға қарай жол бастап, көш артында қалып қоймауға себепші болған. Қазақ тілін болашақ ұрпақтарға дамыта түскен қалпында, басқа тілдерден биігірек ұстап, тазалығын сақтауға демеу болды. Қазақ тілінің табиғатын, құрылымын танудағы қызметі қазіргі мектептерде қазақ тілін пән ретінде үйрететін оқулықтар жазумен ұласады. Ахмет қалыптастырған әдеби-теориялық терминдер осы күнге дейін өмірін жалғастыруда. Бұның бәрін әдебиетші Ахметтің қымбат, алтын, гауһардай асыл сөздері мен тәлім- тәрбиеге толы, адамдық қасиеттерді сипаттап жазған өлеңдері бәрі- бәрі болашақ ұрпаққа келешегіне керек, нұсқау болатын түзу жол емес пе?! Қазақ тілін әсем сөздермен әшекейлей білген Ахмет өз еңбектерімен басқа да елдерге танымал бола білді. Өзі де басқа халық ақындары мен жазушыларының жақсы деген өлеңдері мен мысалдарын өз ана тілімізге аударып кетті. Артына өшпес із қалдырды.Ахмет қазақ әліпбиінің атасы, түркі тілтану ғылымының ағартушысы. Ахметтің мұрағаты жаңа уақыт, жаңа заманға, халқына қызмет етуде. Ахметтің ілімдері - әлі зерттелетін үлкен ғылым. Ахмет Байтұрсыновтың ұлтым деп соққан жүрегі, үлгі-өнегесі - қазіргі жаңа заманға өте керек. Қазақ тіл білімінің НЕГІЗІН қалаушыАхмет Байтұрсынұлы қазақ балаларын ел қатарына қосылып, білім алуына 1896 жылдары көңіл бөле бастады. 1905 жылдары Ресей «Кіндік үкіметіне» жазылған петициядан, редакторы болып «Қазақ» газетін шығарып, оның бетінде мәселелер көтеруінен, қазақ балаларын ана тілінде сауаттандырып, әрі ана тілінде оқыту үшін жүргізген күресінен, ең соңғысы сол ана тілінде оқытатын оқулықтар жазуынан, халық ағарту кадрларын дайындап, жас қазақ интелегенциясы өкілдерін баулуынан танылады.Ахммет Байтұрсынұлын үстіміздегі ғасырдың алғашқы онжылдықтарындағы қазақ қауымы көшінің рухани басшысы етіп танытқан – оның қазақ халқын «іргелі жұрт» қатарына қосу үшін жүргізген күресі және сол күресте ұстанған бір қаруы - ағартушылық идеясы болды.Оқу-ағарту идеясы – Ахмет Байтұрсынұлының әлеуметтік қызметінің арқауы, азаматтық борышының негізі, идеологиялық платформасының тіреуі. Бұл плдтформаны мықтап ұстауға итермелеген- оның туған халқының тағдырын ойлаған қам- қарекеті.ХХ ғасырдың басындағы қазақ қоғамы жатқан отар ел болатын.Халқы үшін сол кезде бебеу қаққан ойшылдардың көзімен көріп, сөзімен айтқанда, бұл тұстағы қазақ халқы «көгі қараңғы, көңілі ұйқылы, еспесі жоқ қайығы қалтылдақ, малы талауда, жаны қамауда» болған «қайран ел, қайран жұрт» еді. Қазақ халқын әлеуметтік теңдікке, азаматтық мәдениетке жеткізетін, амал- әрекеттің бастысы «түгел қазақты» сауатты етіп, көзін ашу, «наландық, өнерсіздік ата жолдасымыз болған соң, олжалы жерде үлестен қағылғанымыз, ордалы жерде орыннан қағылғанымыз, жоралы жерде жолдан қағылғанымыз – бәрі надандық кесапаты».Халықты ағарту мектептен, баладан басталады. Ахмет Байтұрсынұлы қазақ балаларының әйтеуір көзі ашылып, сауатты болуын, ғана емес, тек ана тілінде сауаттануын, содан соң барып өзге ұлт мәдениетіне, тіліне қол созуды принципті талап етті. 1913 жылдың өзінде ол «Қазақ» газеті мінбесін пайдаланып, қазақ қоғамына оқу- білімнің қажеттігін халықтың экономикалық тұрмыс жағдайымен байланыстырып дәллдейді. Ахмет бұдан 80 жылдай бұрын байқап- түйгендері, айтқан пікірлері дәл бүгінгі күні айтылып жатқан мәселелерімізбен үндес келеді. «Қазақ жерінде өндіріс жоқ, шикізатын сатады, сол шикізатынан жасалған өнімді екі- үш есе қымбат түрде сатып алады. Бұл надандықтан келген кемшілік» деп жазды «Қазақ» газетінде. Надандық деп отырғаны - халқының білім- ғылымнан қалыс келе жатқандығы. Қалыс қалуға үлкен себеп - қазақ жерінде мектептер аз, сол аз мектептердің өзінде мұғалімдер жетіспейді, ұлт кадрларын даярлайтын орындар жоқ дейді. Демек, қазақ халқы қараңғы дегенде, кінә халықта емес, сол қараңғылықтан ққтқаратын мүмкіндіктердің жоқтығында екендігін «алты миллион қазаққа алты ат жегіп, тарта алмады деп өкпелеу жөн бе!» деп бейнелі түрдегі тілмен білдіреді.Ахмет Байтұрсынұлы қазақ әліппесі мен қазақ тілі оқулықтарын жазуды 1910 жылдардан бастап қолға алады. Онымен қоса қазақ графикасын жасауға кіріседі. Қазақ графикасының негізіне қазақтың мәдени дүниесінде көп ғасырлық дәстүрі бар, өзге түркі халықтарды да пайдаланып отырғандықтан, туыстық, жақындық сипаты бар араб таңбаларын алады. Оны қазақ фонетикасына икемдейді, ол үшін қазақ дыбыстары жоқ таңбаларды алфавиттен шығарады, арабша таңбасы жоқ дыбыстарына таңба қосады, қазақ тілінің жуанды- жіңішкелі үндестік зааңына сай жазуға ыңғайлы дәйекші белгі жасайды. Сөйтіп, 24 таңбадан тұратын өзі «қазақ жазуы» деп, өзгелер «Байтұрсынов жазуы» деп атаған қазақтың ұлттық графикасын түзеді. Одан осы жазуды үйрететін әліппе жазады. Сөйтіп, оқу- ағарту идеясына сол кезіндегі интелегенциясы жаппай мойын бұрды. Әрбір зиялы азамат халқына қара танытып, сауатын ашуды, ол әрекетті «Әліппе» құралдарын жазудан бастауды мақсат етті. Сол 1911-1912 жылдары жасалып, Уфа, Орынбор қалаларының баспаха- наларында жарық көрген. Ахмет Байтұрсынұлының әліппесі «Оқу құралы» деген атпен 1912-1925 жылдары арасында 7 рет қайта басылып, оқыту ісінде ұзақ әрі кең пайдаланылды. 1926 жылы ғалым «Әліп-бидің» жаңа түрін жазды.Ахмет Байтұрсынұлының қазақ тілінің табиғатын, құрылымын танып-танытудағы қызметі енді мектепте қазақ тілін пән ретінде үйрететін оқулықтар жазумен ұласады. Осы тұста оның атақты «Тіл – құрал» атты үш бөлімнен тұратын, үш шағын кітап болып жарияланған оқулықтар жазылды. «Тіл-құрал» тек мектеп оқулықтарының басы емес, қазақ тілін ана тілімізде танудың басы болды, қазіргі қазақ тілі атты ғылым саласының, іргетасы болып қаланды. Жалпы қазақ тіл білімін қалыптастырып, зерттеп, танып-білу тарихымызда Ахмет Байтұрсынұлының «Оқу құралы» мен «Тіл құралдарының» орны айрықша.Қазақ тіл білімінің ана тіліміздегі іргетас қалаудағы Ахметтің тағы бір зор еңбегі - ғылымының осы саласының терминдерін жасауы. Ғалым қазақ тілі грамматикасына қатысты категориялардың әрқайсысына қазақша атау ұсынды. Осы күні қолданылып жүрген зат есім, сын есім, етістік, есімдік, одағай, үстеу, шылау, бастауыш, баяндауыш, жай сөйлем, құрмалас сөйлем, қаратпа сөз деген сияқты сан алуан лингвистикалық атаулардың баршасы Ахмет Байтұрсынұлынікі. Бұлар не бұрынғы қарапайым сөздің мағынасын жанғырту арқылы, не жаңа тұлғадағы сөз жасау арқылы дүниеге келген соны сөздер, сәтті шыққан атаулар екенің олардың күні бүгінге дейін қолданылып келе жатқандығы.Ахмет Байтұрсынұлының 1928 жылы Қызылордада жарық көрген екі бөлімнен тұратын екі кітапты «Тіл жұмсар» деген еңбегі белгілі.Ол методика саласында 1910 жылдардан бастап 1927-1928 жылдарға дейін бірнеше материалдар жинаған. Жазу таңбаларын үйрету амалдарын түсіндіретін «Баяншы» атты кітапшасы 1912 жылы жарық көрген. Жалпы сауат аштыру әдістерінің жөн-жобасын «Әліп-би астары» атты методикалық еңбегінде тағы көрсетеді. 1927-1928 жылдары «Жаңа мектеп» журналында қазақ тілі методикасына арналған бірнеше мақала жариялайды.Қазақ тілін ана тілімізде тұңғыш зерттеуші Ахмет Байтұрсынұлы өзінің алдына жүйелі бағдарлама қойғанға ұқсайды:ол әуелі қазақтың ұлттық жазуын (графикасын) жасауды мақсат еткен, бұл үшін араб алфавиті негізіндегі «Байтұрсынов жазуы» дүниеге келген, екінші-сол жазумен сауат аштыруды ойлаған, бұл үшін «Оқу құралы» атты әліппе оқулығын жазған, одан соң қазақ тілінің граматикалық құрылымын ана тілінде талдап беру мақсатын қойған, бұл үшін «Тіл құралды» жазған. Ахметтің қазақша әліппе жасауы, араб жазуына кіргізген реформасы, қазақ тіл білімінің негізгі терминдерін жұртымыздың образды ойлау мүмкіндігімен сабақтастырып өз топырағымыздан тауып, оларға тұңғыш анықтама бергені, дыбыс жүйесін (фонетика), сөз жүйесін (морфология), сөйлем жүйесін (синтаксис) қалыптастырып шығарған ұлы еңбегі өз кезінде де айтылған болатын. «Ахметтің Октябрь төңкерісіне шейін қазақ халқын ояту ретінде көп еңбегі сіңді. Қазақ мектебі, қазақ тілі секілді орында оның еңбегі мол... Әр тілдің айдауында жүрген қазақ балаларына қазақ тілімен кітап жазған, қазақ тілінің негізін жасап, қазақ мектебінің іргесін қалаған алғашқы адам – Ахмет. Ахметтің бұл тарихи еңбегі бағаланбай қалмақ емес. Бұны пролетариат та бағалайды»-, деп жазды Сәбит Мұқанов, 1929 жылы 5 мамырда Ахмет Байтұрсыновтың өз қолымен жасап берген газет және журналдарда жарияланғаннан басқа ғылыми, ғылыми-методикалық, еңбектердің тізімі» деген құжат ҚазПУ архивінде сақталған.Ғалым бұрын айтқан пікірін тағы келтіріп, үдетіп беру машығынан таймайды. Ахмет Байтұрсыновтың азамат, қайраткер ретінде қалыптасуына зор ықпал еткен ХХ ғасырдың о жақ, бұ жағындағы қоғам дамуы мен оның қайшылықтары, ұлт аймақтарындағы езгінің күшеюі, сол уақыттағы қазақ халқының тағдыры жөнінде ой қорытудан бастады. Байтұрсынұлы қазақ балаларын ел қатарына қосылып, білім алуына 1896 жылдары көңіл бөле бастады. 1905 жылдары Ресей «Кіндік үкіметіне» жазылған петициядан, редакторы болып «Қазақ» газетін шығарып, оның бетінде мәселелер көтеруінен, қазақ балаларын ана тілінде сауаттандырып, әрі ана тілінде оқыту үшін жүргізген күресінен, ең соңғысы сол ана тілінде оқытатын оқулықтар жазуынан, халық ағарту кадрларын дайындап, жас қазақ интелегенциясы өкілдерін баулуынан танылады. Ахмет Байтұрсыновтың қазақша әліппе жасауы, араб жазуына кіргізген реформасы, қазақ тіл білімінің негізгі терминдерін жұртымыздың образды ойлау мүмкіндігімен сабақтастырып өз топырағымыздан тауып, оларға тұңғыш анықтама бергені, дыбыс жүйесін (грамматика) қалыптастырып шығарған ұлы еңбегі өз кезінде де айтылған болатын. “Ахметтің октябрь төңкерісіне шейін қазақ халқын ояту ретінде көп еңбегі сіңді. Қазақ мектебі, қазақ тілі сықылды орындарда оның еңбегі мол... Әр тілдің айдауында жүрген қазақ балаларына қазақ тілімен кітап жазған, қазақ тілінің негізін жасап, қазақ мектебінің іргесін қалаған алғашқы адам – Ахмет. Ахметтің бұл тарихи еңбегі бағаланбай қалмақ емес. Бұны пролетариат та бағалайды”, — деп жазды Сәбит Мұқанов. Ғаббас Тоқжанов пікірі де осымен сабақтас. “Бір кезде сары маса боп ызыңдап оятқан Ахметті қазақ еңбекшілері де қадірлей біледі, сөзін оқып сүйсінеді”.Өз қолымен жазған “Өмірбаянында” (1929, 8 наурыз) Ахмет Байтұрсынов былай дейді: “Орынборға келгеннен кейін, біріншіден, қазақ тілін фонетикалық, морфологиялық және синтаксистік тұрғыдан зерттеумен; екіншіден, қазақ алфавитін (шрифтін емес), орфографиясын жеңілдету және реттеу үшін реформа жасаумен; үшіншіден, қазақ жазба тілін лексикалық шұбарлықтан, басқа тілдердің синтаксистік ықпалынан тазартумен; ақыры, ең соңында, төртіншіден, проза (іс-қағаз, публицистика, ғылыми жазба тіл) тілін кітаби тіл арнасынан стилистикалық өңдеу, қазақ сөздерінен термин жасау арқылы халықтың жады тілінің арнасына көшіру істерімен айналыса бастадым. Бұлар өзім жасаған оқулықтар және өзім редакциялаған “Қазақ” газеті арқылы іске асты”.Бұл жолдарда ғалымның өмір бойы жасаған істері тиянақты, жүйелі түрде айтылған. “Тіл – адамның адамдық белгісінің зоры, жұмсайтын қаруының бірі. Осы дүниедегі адамдар тілінен айрылып, сөйлеуден қалса, қандай қиындық күйге түсер еді, осы күнгі адамдар жазудан айрылып, жаза алмайтын күйге ұшыраса, ондағы күйі де тілінен айрылғаннан жеңіл болмас еді. Біздің заманымыз жазу заманы – жазумен сөйлесу ауызбен сөйлесуден артық дәрежеге жеткен заман...”, – деп жазды ол.Бұдан кейін жазуға үйрету, хат таныту мәселелері сөз болады. Қазақ мектептеріндегі оқыту жайлы, олардың қиындықтарын таратып айта келіп, автор өзінің оқыту әдістерін ұсынады. Жалпы ғылыми мәні бар пікірлерді де айтып отырады. Мына тұжырымға көңіл бөліп, ой жүгіртіп көріңіз:“Дүниедегі жұрттардың тілі негізінде үшке бөлінеді: 1) түбіршек тіл, 2) жалғамалы тіл, 3) қопармалы тіл. Түбіршек тіл түпкі қалыбынан өзгерілмей жұмсалады, мәселен: қытай, жапон тілдері. Жалғамалы тіл сөздің аяғына жалғау қосылып өзгерілетін тіл, мәселен: түрік, финн тілдері. Қопармалы тіл сөз түбірімен қопарылып, өзгертілетін тіл, мәселен: орыс тілі, араб тілі” Дәл бүгін айтылғандай әсер қалдыратын бұл пікіріне таңданбасқа шара жоқ.Ахмет Байтұрсынұлы қазақ әліппесі мен қазақ тілі оқулықтарын жазуды 1910 жылдардан бастап қолға алады. Онымен қоса қазақ графикасын жасауға кіріседі. Қазақ графикасының негізіне қазақтың мәдени дүниесінде көп ғасырлық дәстүрі бар, өзге түркі халықтарды да пайдаланып отырғандықтан, туыстық, жақындық сипаты бар араб таңбаларын алады. Оны қазақ фонетикасына икемдейді, ол үшін қазақ дыбыстары жоқ таңбаларды алфавиттен шығарады, арабша таңбасы жоқ дыбыстарына таңба қосады, қазақ тілінің жуанды-жіңішкелі үндестік заңына сай жазуға ыңғайлы дәйекші белгі жасайды. Сөйтіп, 24 таңбадан тұратын, өзі «қазақ жазуы» деп, өзгелер «Байтұрсынов жазуы» деп атаған қазақтың ұлттық графикасын түзеді. Одан осы жазуды үйрететін әліппе жазады.Қорытынды«Тіл - құрал» тек мектеп оқулықтарының басы емес, қазақ тілін ана тілімізде танудың басы болды, қазіргі қазақ тілі атты ғылым саласының іргетасы болып қаланды. Жалпы қазақ тіл білімін қалыптастырып, зерттеп, танып-білу тарихымызда Ахмет Байтұрсынұлының «Оқу құралы» мен «Тіл құралдарының» орны айрықша. Кезінде қазақ қауымы Байтұрсынұлы десе, Байтұрсынұлын «Тіл - құралды», «Тіл құралы» десе, Ахметті қазір – Ахаң деп танитын болған. Қазақ тілін ана тілімізде тұңғыш зерттеуші Ахмет Байтұрсынұлы өзінің алдына жүйелі бағдарлама қойғанға ұқсайды: ол әуелі қазақтың ұлттық жазуын графикасын жасауды мақсат еткен, бұл үшін араб алфавиті негізіндегі «Байтұрсынов жазуы» (Төте жазу) дүниеге келген, екінші – сол жазумен сауат аштыруды ойлаған, бұл үшін «Оқу құралы» атты әліппе оқулығын жазған, одан соң қазақ тілінің грамматикалық құрылымын ана тілінде талдап беру мақсатын қойғаң бұл үшін «Тіл құралды» жазған.

Жүктеу батырмасы секундта ашылады!!!

www.zharar.com

Реферат Исторические личности Ахмет Байтурсынов

Ахмет Байтурсынов – поэт, учёный, тюрколог, переводчик, педагог, публицист, общественный деятель. В своё время он стал жертвой несправедливости, сталинских репрессий, более полувека не удостаивался упоминания, его имя не занимало достойного места в истории Казахстана. Лишь сейчас, в условиях перемен, когда устраняются «белые» пятна в истории, народу возвращены имена таких его деятелей, как Шакарим Кудайбердиев, Ахмет Байтурсынов, Магжан Жумабаев, Жусупбек Аймауытов, Мыржакып Дулатов. А. Байтурсынов родился 28 января 1873 года в урочище Сартюбек Тургайского уезда в семье простого крестьянина. Его отец Байтурсын, считавшийся потомком народного батыра Умбетая, был храбрым, умным человеком, с чувством собственного достоинства, не мирившимся с производством и бесправием в казахских аулах, часто вступавшим в конфликт с местными феодалами и царскими властями. В 1885 году Байтурсын и его брат были осуждены на 15 лет и сосланы в Сибирь за то, что разбили голову начальнику уезда. Расправа властей над отцом, родственниками и поддержавшими их аульчанами оставила горькое впечатлениеу будущего поэта. В «Письме к матери», написанном в 1909 годуиз Семипалатинской тюрьмы, А. Байтурсынов об этих событиях пишет так: Сердце моё, сражённое в 13 лет, сохранило неизлечимую рану и глубокий след. Ахмет обучался грамоте у аульного муллы. В 1886 году он поступил в Тургайское двухклассное русско-казахское училище, затем учился в школе киргизских учителей в Оренбурге, которую окончил в 1895 году. Он долго учительствовал в аульных, волостных школах, а также двухклассных русско-казахских училищах в Актюбинском, Каркалинском уездах и в городе Кустанае. К тем ранним временам относятся стихи, которым он дал название «Сеятель разума». Ахмет Байтурсынов был одним из первых просветителей Казахстана, которые осознали, что просвещение, образование принест ощутимую пользу народу лишь в условиях свободы, общественных перемен. Он нередко выступал с разоблачением произвола местных управителей и колониальной политики царского самодержавия. Революция 1905-1907 годов вызвала в нём надежду на перемены, он активно участвует в народных волнениях, часто выступает перед демонстрантами, организует группу казахских интеллигентов, вместе с ними составляет петицию в адрес правительства в Петербурге.В годы наступления реакции продолжает работу в подпольных организациях. Жандармы арестовывают Байтурсынова и его товарищей и в 1909 году заключают в Семипалатинскую тюрьму, продержав под следствием восемь месяцев. Затем его выслали за пределы казахской земли, долгое время он находился под надзором полиции, но борьбу за свободу своего народа не прекращал. В те годы он писал стихи и сделал перевод из русской классики, в частности из произведений И.А. Крылова. Сборник «Сорок басен» А.Байтурсынова увидел свет в 1909 году в Петербурге. Он принёс ему известность поэта, переводчика и человека, болеющего всей душой за народ. Сборник стихов «Комар» выходил отдельными изданиями в 1911 и 1914 годах в Оренбурге. Стремясь вызволить народ из оков отсталости, Ахмет Байтурсынов глубоко понимал, что подъём культуры можно осуществить через всеобщее просвещение и усвоение достижений общечеловеческой цивилизации. К этим годам относится начало пути А.Байтурсынова по стезе науки. Исследуя природу казахского языка , он пишет статьи и учебники по языкознанию, впоследствии появляются его научные исследования по языкознанию. 1913-1917 гг. – примечательный период в жизни Ахмета Байтурсынова. Он был редактором газеты «Казах», единственной тогда на казахском языке, выпускавшейся в Оренбурге. Здесь он публикует немало своих статей по вопросам просвещения, литературы и языкознания, знакомя читателей с богатым культурным наследием народа, призывая к свету знаний, духовному совершенству. В бурные годы Февральской и Октябрьской революций, как и многие представители российской и казахской интеллигенции, А.Байтурсынов не сразу разобрался в сути и содерджании происходящих событий и некоторое время находился под влиянием националистических настроений. Но вскоре в 1919 году, убедившись в пагубности для казахского народа политики правых националистических партий, он переходит на сторону совесткой власти, участвует в работе Революционного комитета по управлению Казахским краем. Получив мандат за подписью В.И. Ленина, он бессменно трудится в его составе, внеся заметный вклад в подготовку государственности казахского народа. После образования Казахской советской республики, будучи членом правительства., А. Байтурсынов работает наркомом просвещения республики, затем в газете «Ак жол», в академическом центре Казахстана при народном Комиссариате просвещения, пишет ряд трудов по языкознанию и литературоведению. В тяжёлые дни перегиба в числе трёх десятков государственных и культурных деятелей без всяких оснований в 1929 году А. Байтурсынов был арестован, сидел в тюрьме, затем сослан в Архангельск. В 1934 году благодаря вмешательству М. Горького и его жены Е. П. Пешковой, с помощью Международного Красного Креста его освободили, но свобода длилась недолго, в 1937 году А.Байтурсынова вторично арестовали и вскоре приговорили к расстрелу. Только спустя полвека справедливость восторжествовала, в 1988 году советским судом он посмертно оправдан за отсутствием состава преступления. Такова была тяжёлая судьба одного из ярких представителей культуры казахского народа. Наряду с работой учителя и занятием наукой, активной общественной деятельностью А. Байтурсынов плодотворно работал в области художественного слова, принимал участие в развитии реалистических, гуманистических, просветительских традиций казахской литературы в условиях 20 века. На рубеже 19-20 веков одной из главных проблем казахской литературы был национальный вопрос, состояние казахского общества, пути его развития. А. Байтурсынов активно включился в литературный процесс сборниками стихов и переводов «Кырык мысал» (Сорок басен), «Маса» (Комар), изданием образцов фольклора, разработкой проблем истории и теории казахской дитературы в научно-теоретических статьях, трудах, учебниках. Ахмет Байтурсынов – поэт, учёный, тюрколог, переводчик, педагог, публицист, общественный деятель. В своё время он стал жертвой несправедливости, сталинских репрессий, более полувека не удостаивался упоминания, его имя не занимало достойного места в истории Казахстана. Лишь сейчас, в условиях перемен, когда устраняются «белые» пятна в истории, народу возвращены имена таких его деятелей, как Шакарим Кудайбердиев, Ахмет Байтурсынов, Магжан Жумабаев, Жусупбек Аймауытов, Мыржакып Дулатов. А. Байтурсынов родился 28 января 1873 года в урочище Сартюбек Тургайского уезда в семье простого крестьянина. Его отец Байтурсын, считавшийся потомком народного батыра Умбетая, был храбрым, умным человеком, с чувством собственного достоинства, не мирившимся с производством и бесправием в казахских аулах, часто вступавшим в конфликт с местными феодалами и царскими властями. В 1885 году Байтурсын и его брат были осуждены на 15 лет и сосланы в Сибирь за то, что разбили голову начальнику уезда. Расправа властей над отцом, родственниками и поддержавшими их аульчанами оставила горькое впечатлениеу будущего поэта. В «Письме к матери», написанном в 1909 годуиз Семипалатинской тюрьмы, А. Байтурсынов об этих событиях пишет так: Сердце моё, сражённое в 13 лет, сохранило неизлечимую рану и глубокий след. Ахмет обучался грамоте у аульного муллы. В 1886 году он поступил в Тургайское двухклассное русско-казахское училище, затем учился в школе киргизских учителей в Оренбурге, которую окончил в 1895 году. Он долго учительствовал в аульных, волостных школах, а также двухклассных русско-казахских училищах в Актюбинском, Каркалинском уездах и в городе Кустанае. К тем ранним временам относятся стихи, которым он дал название «Сеятель разума». Ахмет Байтурсынов был одним из первых просветителей Казахстана, которые осознали, что просвещение, образование принест ощутимую пользу народу лишь в условиях свободы, общественных перемен. Он нередко выступал с разоблачением произвола местных управителей и колониальной политики царского самодержавия. Революция 1905-1907 годов вызвала в нём надежду на перемены, он активно участвует в народных волнениях, часто выступает перед демонстрантами, организует группу казахских интеллигентов, вместе с ними составляет петицию в адрес правительства в Петербурге.В годы наступления реакции продолжает работу в подпольных организациях. Жандармы арестовывают Байтурсынова и его товарищей и в 1909 году заключают в Семипалатинскую тюрьму, продержав под следствием восемь месяцев. Затем его выслали за пределы казахской земли, долгое время он находился под надзором полиции, но борьбу за свободу своего народа не прекращал. В те годы он писал стихи и сделал перевод из русской классики, в частности из произведений И.А. Крылова. Сборник «Сорок басен» А.Байтурсынова увидел свет в 1909 году в Петербурге. Он принёс ему известность поэта, переводчика и человека, болеющего всей душой за народ. Сборник стихов «Комар» выходил отдельными изданиями в 1911 и 1914 годах в Оренбурге. Стремясь вызволить народ из оков отсталости, Ахмет Байтурсынов глубоко понимал, что подъём культуры можно осуществить через всеобщее просвещение и усвоение достижений общечеловеческой цивилизации. К этим годам относится начало пути А.Байтурсынова по стезе науки. Исследуя природу казахского языка , он пишет статьи и учебники по языкознанию, впоследствии появляются его научные исследования по языкознанию. 1913-1917 гг. – примечательный период в жизни Ахмета Байтурсынова. Он был редактором газеты «Казах», единственной тогда на казахском языке, выпускавшейся в Оренбурге. Здесь он публикует немало своих статей по вопросам просвещения, литературы и языкознания, знакомя читателей с богатым культурным наследием народа, призывая к свету знаний, духовному совершенству. В бурные годы Февральской и Октябрьской революций, как и многие представители российской и казахской интеллигенции, А.Байтурсынов не сразу разобрался в сути и содерджании происходящих событий и некоторое время находился под влиянием националистических настроений. Но вскоре в 1919 году, убедившись в пагубности для казахского народа политики правых националистических партий, он переходит на сторону совесткой власти, участвует в работе Революционного комитета по управлению Казахским краем. Получив мандат за подписью В.И. Ленина, он бессменно трудится в его составе, внеся заметный вклад в подготовку государственности казахского народа. После образования Казахской советской республики, будучи членом правительства., А. Байтурсынов работает наркомом просвещения республики, затем в газете «Ак жол», в академическом центре Казахстана при народном Комиссариате просвещения, пишет ряд трудов по языкознанию и литературоведению. В тяжёлые дни перегиба в числе трёх десятков государственных и культурных деятелей без всяких оснований в 1929 году А. Байтурсынов был арестован, сидел в тюрьме, затем сослан в Архангельск. В 1934 году благодаря вмешательству М. Горького и его жены Е. П. Пешковой, с помощью Международного Красного Креста его освободили, но свобода длилась недолго, в 1937 году А.Байтурсынова вторично арестовали и вскоре приговорили к расстрелу. Только спустя полвека справедливость восторжествовала, в 1988 году советским судом он посмертно оправдан за отсутствием состава преступления. Такова была тяжёлая судьба одного из ярких представителей культуры казахского народа. Наряду с работой учителя и занятием наукой, активной общественной деятельностью А. Байтурсынов плодотворно работал в области художественного слова, принимал участие в развитии реалистических, гуманистических, просветительских традиций казахской литературы в условиях 20 века. На рубеже 19-20 веков одной из главных проблем казахской литературы был национальный вопрос, состояние казахского общества, пути его развития. А. Байтурсынов активно включился в литературный процесс сборниками стихов и переводов «Кырык мысал» (Сорок басен), «Маса» (Комар), изданием образцов фольклора, разработкой проблем истории и теории казахской дитературы в научно-теоретических статьях, трудах, учебниках.

Смотрите также

 

..:::Новинки:::..

Windows Commander 5.11 Свежая версия.

Новая версия
IrfanView 3.75 (рус)

Обновление текстового редактора TextEd, уже 1.75a

System mechanic 3.7f
Новая версия

Обновление плагинов для WC, смотрим :-)

Весь Winamp
Посетите новый сайт.

WinRaR 3.00
Релиз уже здесь

PowerDesk 4.0 free
Просто - напросто сильный upgrade проводника.

..:::Счетчики:::..

 

     

 

 

.