Жоспар
Кіріспе І тарау. Азаматтық құқыққа жалпы сипаттама ІІ тарау. Заңды тұлғалар 3.1 Заңды тұлға ұғымы 3.2 Заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі Қорытынды Пайдаланылған әдебиеттер Кіріспе Азаматтық құқық – бұл Қазақстан Республикасындағы құқық салаларының ішіндегі азаматтар мен заңды тұлғалар, мемлекет және оның әкімшілік бөлінісінің күнделікті өміріндегі қызметімен тікелей байланысты құқық саласының бірі болып табылады. ҚР-ның қолданыстағы құқықтық жүйесінде азаматтық құқық – құқық салалары деп аталатын негізгі және жетекші буындардың бірі. Басқа да салалар секілді, азаматтық құқық Қазақстан Республикасының Конституциясына сүйенеді, өтйкені оның 1-ші бабы адам және адамның өмірі, оның құқықтары мен бостандықтары біздің мемлекетіміздің ең жоғарғы құндылықтары ретінде жарияланған. Республикадағы құқықтың барлық салалары жүйесінде азаматтық құқықтың маңызы, бірншіден, оның реттеу нысанасы болып табылатын қатынастардың шешуші рөліне, екіншіден, оның қолданылу аясының кеңдігіне, үшіншіден, оның жеке адамның мүліктік және мүліктік емес құқықтары мен мүдделерін қорғаумен ажырамастай байланыстылығы.І тарау. Азаматтық құқыққа жалпы сипаттама Азаматтық құқық дегеніміз — азаматтық заңдарда көрініс тапқан мүліктік және мүліктік қатынастармен байланысы бар мүліктік емес жеке қатынастарды реттейтін нормалар жиынтығы. Бұл нормалар азаматтық заңнамада көрініс тапқан. Азаматтық құқықтың да өзіндік реттеу пәні бар. Ол —мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастар. Мүліктік қатынастар дегеніміз — заттарды, заттар мен өзге де материалдық игіліктерге қатысты құқықтар мен міндеттерді иелену және пайдалану жөніндегі қатынастарды мүліктік деп түсінеді. Басқаша айтқанда, мүліктік қатынастар —материалдық игіліктермен(мүлік,ақша,құнды қағаз,қызмет көрсету және т.б.) байланысты қоғамдық қатынастар. Әдетте мүліктік қатынастар объектісін ақшамен бағалауға болад. Мысалы, сату — сатып алу, жалға беру, мұраға қалдыру. Мүліктік емес жеке қатынастар екі топқа бөлінеді —мүліктік қатынастармен тығыз байланысты мүліктік емес жеке қатынастар және мүліктік қатынастармен байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастар. Бірінші топтағы мүліктік қатынастармен тығыз байланысты мүліктік емес жеке қатынастардың тікелей мүліктік сипаты мен ақшалай құны болмайды. Бұл топтың негізін интеллектуалдық меншікпен байланысы бар қатынастар құрайды. Ғылыми еңбектің авторы немесе өнертапқыш өзінің авторлық құқығын қорғауға байланысты сотқа талап арыз беріп, арыз сот арқылы қанағаттандырылатын болса, онда ғылыми еңбектің авторының немесе өнертапқыштың қаламақы немесе басқалай сыйақы алуға құқығы болады. Бұл жағдайда мүліктік емес жеке қатынастар мүліктік қатынастармен байланыстылық сипат алады. Жеке мүліктік емес қатынастардың екінші тобын — мүліктік қатынастармен байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастар құрайды. Адам денсаулығына көлік арқылы зиян келтірілді. Денсаулыққа келтірілген зиянның нақты ақшалай құнын анықтауға болмайды. Дегенмен де, азаматтық құқықтың нормалары істің мән-жайына байланысты денсаулыққа келген зиянның орнын толтыруды реттейді (зиян келтірушінің кінәсін, зиян келтіруші мен жөбірленушінің материалдық жағдайын және т.6.). Жеке өмірге, тұрғын үйге, ар-намысқа, іскерлік беделге қолсұқпаушылық екінші топтағы жеке мүліктік емес қатынастарға жатады. Реттеудің азаматтық-құқықтық әдісі заңды тараптардың теңдігін, құқық бұзушылық кезіндегі жауапкершіліктің мүліктік және өтемақылық сипатын, сотқа жүгіну арқылы жүзеге асатын құқық қорғаудың айрықша әдісін білдіреді. Бұл әдіс ор деп аталады. Бұл тараптардың теңдігін, әрекеттің тәуелсіздігін, қарым-қатынастың еріктілігін білдіреді. Дүкен иесі тауар жеткізіп берушілерді өзі анықтайды, тараптар баға мен басқа да шарттар туралы келіседі жене бұл әрекеттерді келісімшарт түрінде рәсімдейді. Аталған келісімшарт бұзылғанда тараптар келісімшарттың күшін жояды, ал бір-біріне қоятын талаптары болса, онда ол мәселелер сот арқылы шешіледі. Азаматтың құкықтың қағидаларына:
• тараптардың теңдігі; • шарт еркіндігі және таңдау құкығы; • еркіндік; • меншікке қол сұкпаушылык; • біреудің жеке ісіне келісімсіз араласпауы; • азаматтык құкықтардың еш кедергісіз жүзеге асырылуы; • бұзылған құқыктарды калпына келтіруді қамтамасыз ету; • азаматтық-құқықтык қатынасқа катысушылардың құқықтарын сот арқылы корғау жатады. Аталған қағидаларды азаматтық құқыктың барлық қатысушылары басшылыққа алуы тиіс, өйткені олар әрбір адам өмірінің негізін қалаушы мәнге ие. Азаматтық құқықтың жүйесі Азаматтык құқықты қолдануды жеңілдету үшін оны жалпы және ерекше бөлімдерге бөледі. Азаматтық құқықтың жалпы бөліміне жалпы ережелерді реттейтін нормалар жатады. Олар: келісімшарт, меншік құкығы және міндеттемелік құкығы. Ерекше бөлімді, негізінен, нақты катынастарды реттейтін нормалар құрайды. Олар — айырбас, жалға алу, сатьш алу-сату, интеллектуалдық меншік, авторлық құкык және өсиетнама. Азаматтық құқықтың қайнар көздері Азаматтық құқықтың қайнар көздеріне мыналар жатады: • Қазақстан Республикасының Конституциясы. Конституция меншіктің түрлі нысандарын калыптастыру үшін жеке меншікке байланысты катынастарды, оның ішінде мүліктік катынаспен байланысты жеке мүліктік емес түрлі катынастарды реттеу негізінде енгізілген 6-бапта: 1. «Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншік пен жеке меншік танылады жене бірдей қорғалады. Меншік міндет жүктейді, оны пайдалану сонымен қатар қоғам игілігіне де қызмет етуге тиіс. 2. Меншік субъектілері мен объектілері, меншік иелерінің өз құқықтарын жүзеге асыру көлемі мен шектері, оларды қорғау кепілдіктері заңмен белгіленеді. З.Жер мен оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар мемлекет меншігінде болады.Жер, сондай-ақ заңда белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде және жеке меншікте де болуы мүмкін» деп жария етілген. • Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі азаматтық құқықтың негіздері жүйесіндегі ерекше орынға ие. Бұл заңда азаматтық-құқыктық катынастардың негіздері, азаматтық құқыктың негізгі институттары т.б. жағдайлар нақты баяндалған. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі Жалпы және Ерекше бөлімдерден тұрады. Жалпы бөлім 1994 жылы 27 желтоқсан күні қабылданып, 1995 жылы 1 наурызда заңдық күшіне енген, ал Ерекше бөлімі 1999 жылы 1 шілдеде заңдық күшіне енді. Азаматтық кодекстің құрылымы бөлім, бөлімше, тарау, баптар мен тармақтарға бөлінген. Жалпы азаматтық кодекс 1142 баптан тұрады. Басқа да заң актілері. Бұған азаматтық қатынастарды реттейтін арнайы конституциялық заңдар мен жай заңдар, Қазақстан Республикасы Президентінің конституцияльщ заң күші бар~және жай заң күші бар жарлықтары, парламенттін және оның палаталарының қаулылары, т.б. жатады. Заңға негізделген нормативтік құқықтық актілерге әр түрлі министрліктер, атқарушы органдар, жергілікті органдардың азаматтық қатынастарды реттеуге арналған нормативтік құқыктьщ актілері жатады. Әдеттегі құқықтар. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 3-бабының 3-тармағында: «Азаматтық қатынастар Қазақстан Республикасы аумағында қолданылып жүрген азаматтық заңдарға қайшы келмесе, солармен реттелуі мүмкін» деп көрсетілген. Халықаралық шарттар (конвенциялар). Қазақстан тәуелсіз ел ретінде басқа мемлекеттермен әр түрлі шарттар жасасып жатады. Осы шарттардың азаматтық қатынастарды реттеуге қатыстылары азаматтық кұкықтың негіздерінің бірін құрайды. Халықаралық шарттардың еліміздегі ішкі заңдарға карағанда басымдылығы бар. Сол себепті ішкі заңдар халыкаралық заңдарға қайшы келмеуі керек. Егер қайшылық туып жататын болса, халықаралық шарттардың нормалары колданылады. Сонымен, азаматтық құқық дегеніміз — тараптардың бір-біріне тәуелсіздігіне, теңдігіне негізделген тауар-ақша қатынасы, басқа да мүліктік қатынастарға тікелей байланысты жеке қатынастарды реттеуге арналған қүқықтық нормалардың жиынтығы болып табылады. Қазақстан Республикасының азаматтық құқығының негізгі қайнар көзіне Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының азаматтық кодексі, заңдар, заңға негізделген актілер, әдеттік құқық, т.б. жатады.
ІІ тарау. Заңды тұлғалар 3.1 Заңды тұлға ұғымы 1. Меншiк, шаруашылық жүргiзу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкi бар және сол мүлiкпен өз мiндеттемелерi бойынша жауап беретiн, өз атынан мүлiктiк және мүлiктiк емес жеке құқықтар мен мiндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп танылады. Заңды тұлғаның дербес балансы немесе сметасы болуға тиiс. 2. Заңды тұлғаның өз атауы жазылған мөрi болады. Заңды тұлғалардың түрлерi мен нысандары 1. Өз қызметiнiң негiзгi мақсаты ретiнде табысын келтiрудi көздейтiн (коммерциялық ұйым) не мұндай мақсат ретiнде пайда келтiре алмайтын және алынған таза табысын қатысушыларына үлестiрмейтiн (коммерциялық емес ұйым) ұйым заңды тұлға бола алады. 2. Коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға мемлекеттiк кәсiпорын, шаруашылық серiктестiк, акционерлiк қоғам, өндiрiстiк кооператив нысандарында ғана құрылуы мүмкiн. 3. Коммерциялық емес ұйым болып табылатын заңды тұлға мекеме, қоғамдық бiрлестiк, акционерлiк қоғамдар тұтыну кооперативi, қоғамдық қор, дiни бiрлестiк нысанында және заң құжаттарында көзделген өзге де нысанда құрылуы мүмкiн. Коммерциялық емес ұйым кәсiпкерлiк қызметпен өзiнiң жарғылық мақсаттарына сай келуiне қарай ғана айналыса алады. 3-1. Коммерциялық емес ұйым болып табылатын және мемлекеттiк бюджеттiң есебiнен ғана ұсталатын заңды тұлға тек қана мемлекеттiк мекеме нысанында құрылуы мүмкiн. 4. Заңды тұлғалар бiрлестiк құра алады (Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі 110-бабы). 5. Заңды тұлға осы Кодекстiң, заңды тұлғалар нысандарының әрқайсысы туралы Заңның, өзге де заң құжаттары мен құрылтай құжаттарының негiзiнде жұмыс iстейдi.
3.2 Заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі Құқық қабілеттілігі арнаулы және жалпы болады. Арнаулы құқық қабілеттілігі дегеніміз, заңды тұлғаның жарғыда көзделген қызметінің мақсатына сай келетіндей азаматтық құқықтары мен міндеттері болады. Мұндай жағдайда жарғыда олар айналысуға құқықты қызмет түрлері көрсетіледі. Осыған байланысты, ҚР АК 159-бабында былай делінген: «Заңды тұлғаның осы Кодексте, өзге де заң актілерінде немесе құрылтай құжаттарында нақты шектелген қызмет мақсаттарына қайшы келетін етіп жасаған, не оның органының жарғылық құзыретін бұза отырып жасаған мәмілесі, егер мәміледегі басқа тараптың мұндай жолсыздықтар туралы білгені немесе күнілгері білуге тиіс болғаны дәлелденсе, заңды тұлғаның немесе оның құрылтайшысының (қатысушысының) мүлік иесінің қуынымы бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкін».4 Арнаулы құқық қабілеті бар заңды тұлғаның мысал ретінде қазыналық кәсіпорынды атауға болады. Қазыналық кәсіпорынның шаруашылық қызметі жарғыда бекітілген мақсаттарымен және міндеттерімен айқындалады. Арнаулы құқық қабілеттілігі сондай-ақ коммерциялық емес ұйымдарға да: мекемелерге, қоғамдық бірлестіктерге, қоғамдық қорларға, тұтыну кооперативіне, діни бірлестіктерге, заңды тұлғалардың қауымдастық немесе одақ нысанындағы бірлестіктеріне тән. Жалпы құқық қабілеттілігі бар заңды тұлғалар өз кезегінде, кез келген қызметпен айналыса алады, кез келген азаматтық құқығы және соған қатысты міндеттемесі болады. Коммерциялық емес ұйымға жататын (шаруашылық серіктестіктер мен қоғамдар) көптеген заңды тұлғалардың жалпы құқық қабілеттілігі болады. Азаматтық заңдарда заңды тұлғаның құқық қабілеттілігінің пайда болуы және тоқтатылуы туралы ереже белгіленген. ҚР азаматтық кодексінде заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі туралы былай делінген: «Заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі ол құрылған кезде пайда болып, оны тарату аяқталған кезде тоқтатылады. Айналысу үшін лицензия алу қажет болатын қызмет саласында заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі сондай лицензияны алған кезден бастап пайда болып, ол қайтарып алынған, оның қолданылу мерзімі өткен немесе заң құжаттарында белгіленген тәртіппен жарамсыз деп танылған кезде тоқталады» Заңды тұлғаның азаматтық айналымға қатысуы үшін тек қана құқық қабілеттілігі емес, сондай-ақ әрекет қабілеттілігі де керек. Азаматтарға қарағанда заңды тұлғалардың ерекшелігі олардың құқық және әрекет қабілеттілігі бір мезгілде пайда болып, бір мезгілде тоқтатылады. ҚР Азаматтық кодексінің 37-бабында былай делінген: «Заңды тұлға заң құжаттары мен құрылтай құжаттарына сәйкес жұмыс істейтін өз органдары арқылы ғана азаматтық құқықтарға ие болып, өзіне міндеттер қабылдайды». Заңды тұлғаның органы – бұл заңмен, жарғымен немесе құрылтай құжаттарымен көзделген лауазымды тұлғалар (бас директор, директор, президент, бастық, меңгеруші, төраға) және ұйым қатарында солармен бірге әрекет ететін лауазымды тұлғалардың алқалары (мысалы, акционерлік қоғамды –– директорлар кеңесі, ал кооперативтік және қоғамдық ұйымдарда –– басқарма, кеңес секретариат) заңды тұлғаның еркін білдіріп, оны жүзеге асырады. ҚР Азаматтық кодексде заңды тұлғалардың жекелеген түрлеріне қатысты органдардың құралы мен олардың құзыреті айқындалады. Мысалы, толық серіктестіктің ішкі мәселелері жөніндегі шешім барлық қатысушылардың жалпы келісімі бойынша қабылданады, сенім серіктестігін ісін басқаруды толық серіктестіктер жүзеге асырады,акционерлік қоғамның жоғары орғаны оның акционерлерінің жалпы жиналысы болып табылады. Акционерлік қоғамның атқарушы органы алқалық (басқарма) немесе жеке-дара (директор, бас директор, президент) болуы мүмкін. Ол акционерлік қоғам қызметіне күнделікті басшылықты жүзеге асырады және директорлар кеңесі мен акционерлердің жалпы жиналысына есеп береді. Қоғамның басқа да органдарының заңдарымен немесе құрылтай құжаттарымен белгіленген ерекше құзыретіне кірмейтін барлық мәселелерді шешу акционерлік қоғамның атқарушысы органының айрықша құзыретіне жатады. Өндірістік кооперативті басқарудың жоғары органы оның мүшелерінің жалпы жиналысы болып табылады. Фирмалық атау –– коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлғаның тіркелгеннен кейінгі атауы. 1883 жылғы 30 наурызда қабылданған, 1993 жылдың 16 ақпанынан бастап Қазақстан Республикасы да мүшесі болып табылатын өнеркәсіптік меншікті қорғау туралы Париж конвенциясының 8-бабына сәйкес фирмалық атау Конвенцияға қатысушы елдердің барлығында арнаулы тіркеусіз қорғалады. Демек, заңды тұлғаның фирмалық атауды оны тіркемей-ақ, пайдалану фактісіне қарай, пайдалануға құқығы бар деген сөз. Заңды тұлғаның фирмалық атауды тек қана өзі пайдалануға құқығы бар, бөтен бір фирмалық атауды заңсыз пайдаланатын тұлға фирмалық атаудың құқық иесінің талап етуі бойынша мұндай атауды пайдалануды тоқтатуға және келтірілген залалдың орнын толтыруға міндетті. Заңды тұлғаның фирмалық атауды пайдалануға байланысты құқықтары мен міндеттері заңдарда белгіленеді.
Қорытынды Қорытындылай келе, заңды тұлғалардың көптеп құрылуы елдің экономикасының дамуына зор үлес қосады. Экономикада әртүрлі заңды тұлғалар қызмет істейді, олар ерекшеліктерімен салалық құрамда болушылығымен, мамандану дәрежесімен, ұйымдастыру тәсілімен, механизация және автоматизация ерекшеліктерімен, ұйымдастыру – құқылық формаларымен т.б. бөлінеді. Заңды тұлға дегеніміз- меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым. Қазақстан Республикасының 50 озық елдің қатарына шығар жолында заңды тұлғаларды құру жүйесін Халықаралық стандарттарға сай дамыту керек. Азаматтық құқық қатынас азаматтық құқық нормаларымен реттелетін қоғамдық қатынастар. Заңды тұлға азаматтық құқықтың негізгі субьектілерінің бірі. Қазақстан Республикасында заңды тұлға туралы ережелер Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің нормаларымен реттелген.
Пайдаланылған әдебиеттер 1. Азаматтық құқық. М.К.Сүлейменов. Ю.Г.Басин. – Алматы, 2003. 2. ҚР Азаматтық Кодексі 05.06.2006ж. 159-бап,11-тармақ
www.zharar.com
Мемлекет және құқық.
Мемлекет адам қоғамы дамуының белгілі бір сатысында пайда болған. Адамдардың ең алғашқы ұйымдасуы рулық қоғам түрінде пайда болды. Рулық қоғам оның мүшелерінің қандас туыстығы негізінде, еңбекті қауымдасып ұйымдастыру және ортақ меншіктілік негізінде қалыптасты.
Әскери демократияның дамуы қоғамда саяси ұйымның – мемлекеттің пайда болуына әкелді. Мемлекет, бір жағынан, әскери демократияның жаңа негізде қайта құрылуы нәтижесінде, ал екінші жағынан, жаңа басқару органдарының пайда болуы нәтижесінде құрылды. Мемлекет – адам баласы бірлестігінің жаңа ұйымы. Ол рулық қауымнан мынадай белгілермен өзгешеленеді:
1. Мемлекеттің тәуелсіздігі болады. Мұның мәнісі – мемлекет өзінің ішкі және сыртқы саясатын өзге бір мемлекеттерден тәуелсіз қалыптастырып, дербес жүзеге асырады деген сөз.
2. Мемлекеттің халқы әкімшілік-аумақтық аймақтарға бөлінеді, бұл жерде адамдардың рулық белгілері ескерілмейді.
3. Мемлекетте қоғамды басқаратын өкімет билігінің белгілі бір дәрежеде дамыған жүйесі болады. Оларда адамдардың өзгеше бір тобы – шен иелері немесе мемлекеттік қызметкерлер жұмыс істейді.
4. Қоғамның өмір сүріп, тіршілік етуі үшін мемлекет заңдар, нормативтік актілер шығарып, солар арқылы қоғамдық қатынастарды реттеп отырады, белгілі бір қоғамдық тәртіпті қалыптастырады.
Марксизм мемлекетті тек бір ғана топтың – байлар тобының мүддесін қорғау үшін жаратылған саяси ұйым ретінде сипаттайды. Құл иеленушілік дәуірінде мемлекет құл иелерінің мүддесін қорғады, сондықтан ол құл иеленушілер мемлекеті деп аталады, феодализм дәуірінде ол феодалдардың мүддесін қорғады. Феодализмнің орнына капитализм келді. Капиталистік мемлекет капиталистердің қолындағы қару болып табылады. Сөйтіп, марксизм ілімі бойынша, адамзат тарихында мемлекеттің үш түрлі тұрпаты болған екен: құл иеленушілік, феодалдық және буржуазиялық мемлекет түрлері.
Марксизм мемлекеттің осы аталған үш түрін де қанаушылардың, езушілердің мемлекеті деп сипаттайды.
Алайда мемлекет жағдайындағы маркстік ілімінің осал жерлері бар. Айталық, мемлекеттің осы үш тсатысын, үш түрлі тұрпатын халықтардың барлығы бірдей бастан өткерген жоқ.
Марксизм-лининизм капиталистік мемлекеттердің құритындығының және жаңа тұрпатты социалистік мемлекеттің пайда болатындығының тарихи сөзсіздігін теориялық жағынан негіздеуге тырысып бақты. 1917 жылдың қазан айында Ресейде большевиктер партиясының басшылығымен социалистік револиция жасалды. Соның нәтижесінде Кеңестік социалистік дүниеге келип, ол 70 жылдам астам уақыт өиір сүрді.
Құқық дегеніміз мемлекетте қолданылатын барлық құқықтық нормалардың: құқықтық ғұрыптардың, әділеттілік үлгілердің, мемлекеттің құқықтық ережелерінің жиынтығы болып табылады. Құқықта заңдар ерекше орын алады. Мемлекеттік өкімет билігінің жоғарғы органдары қабылдаған нормативтік актілер заң деп есептелінелді. Заң ең жоғарғы юрисдикциялық күш болып табылады. Мұның мәнісі – мемлекеттік органдар қабылдаған нормативтік актілер заңда негізделуге және заңға қайшы келмеуге тиіс деген сөз.
Заңдар адамның құқықтық дәрежесін анықтайды. Құқық тек заңдардан ғана тұрмайды. Құқық дегеніміз – белгілі бір мемлекетте қабылданған және қолданылып жүрген барлық құқықтық нормалардың белгілі нормативтік құқықтық актілерді де көрсетеледі. Конституцияда, заңдарда мемлекеттік органдарға нормативтік құқықтық актілер қабылдау жөнінде өкілдік беріледі. Президент – нормативтік жарлықтар, Үкімет – нормативтік қаулылар, Министрліктер – нориативтік буйрықтар, жергілікті мемлекеттік органдар нормативтік шешімдер т.б. қабылдайды.
Сөйтіп құқық туралы сөз қозғалғанда, нақты мемлекеттегі қолданылып жүрген нормативтік актілердің барлығы еске алынады. Мұның өзі – объективтік мағынадағы, яғни дербес біртұтас құбылыс ретінде өмір сүреді деген мағынадағы құқық. Құқықты субъектілердің (адамдардың) өз игілігі үшін мемлекет тарапынан кепілдік берілген белгілі бір қимыл-әрекеттерді істеу жөніндегі заңдық мүмкіндігі ретінде қолданылады. Мысалы, өмір сүру құқығы, денсаулығын сақтау құқығы, білім алу құқығы т.т.
Құқықтың алғашқы элементі – құқық нормасы. Құқық нормасы дегеніміз – мінез-құлық, тәртіп ережесі, тіршілік процесіндегі тәртіп пен мінез-құлық, ережелерінің үлгісі. Ал мінез-құлық дегеніміз – жеке алып қарағандағы әрбір адам емес, тұтас адамдар ұжымына да тән жағдай. Жеке адаи ғана емес, бірнеше адамнан құрылған ұжымдар да бір-бірімен қатынасқа келеді. Демек, құқық нормаларымен реттелетін қатынастарға түсе отырып, адамдар, олардың ұйымдары өздерінің мінез-құлқымен сол нормаларды бұзбайтын болуға тиіс.
Құқықтық нормалардың жиынығы ретіндегі құқық, қоғам тіршілігінде маңызды рөл атқара отырып, өмірдің қай саласында болса да адамдар арасындағы қарым-қатынастарда тәртіп болуына бағытталады. Адамдар бір-бірімен экономикалық қатынаста, яғни материалдық игіліктерді өндіру жөніндегі қатынастарда болады. Мысалы, заводтарда, фабрикаларда нормативтік құқық актілері аоқылы белгілі бір реттілік, еңбек тәртібі орнатылады. Материалдық игіліктерді бөлу мәселесінде де экономикалық қатынастар пайда болады. Қызметкерлер өздерінің еңбегі үшін сияпат ақы алуға тиіс. Бұл да тиісті нормативтік актілермен реттеледі. Адамдар бір-бірімен неше түрлі шарттық қатынастарға түсіп жатады. Олардың арасындағы сату-сатып алу, айырбас, жоралғы, қарыз т.б. әрекеттер құқық нормаларының шеңберінде ғана хатталуға тиіс.
Құқық қоғамның саяси өмірінде маңызды рөл атқарады. Мемлекеттік органдардың құрылымы, оларды жасақтау тәсілдері (сайлау, тағайындау
, олардың билік аясы (өкілеттілігі), іс-әрекеттерінің түрлері мен әдістері т.т. құқықтық нормалар арқылы анықталады.
Қоғамдық тәртәп (демократиялық немесе халыққа қарсы бағытталған) тек қана құқықтық актілер арқылы орнатылады, оны тәртіп органдары қамтамасыз етеді. Азаматтардың мемлекеттік басқару ісіне қатынасу үшін пайдаланатын саяси құқықтары мен бостандықтары тек қана нақ осы құқықтық актілер арқылы белгіленеді.
Құқық қоғамның әлеуметтік өмірінде де зор рөл атқарады. Құқықтық нормалар білім алудың, денсаулық сақтаудың, отбасын құрып, оны нығайтудың т.б. қажеттіктердің заңдық шарттарын белгілейді.
Сөйтіп, құқық дегеніміз адамдардың өміріне қалыпты жағдайлар туғызуға, қоғамның барлық бағыттарда дамуын заңдық жағынан қамтамасыз етуге тиісті мемлекеттік қуатты құрал болып табылады. Құқық тек жұртты жазалау үшін, оларға күштеу шараларын қолдану т.с. үшін қажет деп ойлау дұрыс емес. Азаматтар өздеріне берілген құқықтар мен бостандықтарды пайдаланғанда, құқық нормаларының талаптарын орындағанда, мемлекеттік органдар құқық нормаларының талаптарын бұзған адамдарға шара қолданып, тиісінше жазалап отырғанда, құқық нақты іс жүзіне асқан болып табылады.
cak.clan.su
Оқу нысаны | Пәннің еңбек сыйымдылығы | Семестр бойынша бақылау түрлері | Семестр | Семестр бойынша студенттердің жұмыстарының көлемі | ||||||||||||
кре-дит-тер | академиялық сағат | кре дит тер | Аудиториялық сабақ (ак. сағат) | СӨЖ (ак. сағат) | ||||||||||||
Бар-лығы | ауд | СӨЖ | емт | сын | КЖ-а | КЖ-с | бар- лығы | дәр | пр. | зерт | бар лығы | ОСӨЖ | ||||
ЖОБ базасындағы күндізгі (КЮ-201) | 3 | 135 | 68 | 67 | 4 | 4 | 3 | 68 | 30 | 15 | 90 | 23 | ||||
ОКБ базасындағы күндізгі (КЮСП-201) | 3 | 135 | 68 | 67 | 4 | 4 | 3 | 68 | 30 | 15 | 90 | 23 |
Кафедра меңгерушісі ______________ Джекебаев Ч.У.
Казақ гуманитарлық-заң университеті
Ұлттық құқық жоғарғы мектебі (әділ сот, адвокатура, кәсіпкерлік құқық)
Азаматтық іс жүргізу, еңбек және жер құқығы кафедрасы
«Келісілген » «Бекітемін»
АІЖЕ және ЖҚ ұлттық құқық жоғарғы мектебі
кафедра меңгерушісі проректор- директоры
з.ғ.к., доцент Джекебаев Ч.У. з.ғ.д., профессор Шапак У.Ш.
________________________ ________________________
«_____»___________2012ж. «____»_____________2012ж.
(Силлабус)
Пәннін атауы: Қазақстан Республикасының Еңбек құқығы
Мамандығы: «Заңтану»
Оқу нысаны: күндізгі
Барлығы: 3 кредит
Курсы: 2
Семестр: 4
Лекциялар: 30 сағат
Семинарлар: 15 сағат
СРСП: 23 сағат
СРС: 67 сағат
Енбек сыйымдылығы: 135 сағат
АСТАНА – 2012ж.
Оку бағдарламасы «Заңтану» мамандығы бойынша ҚР Білім және ғылым министрлігі 11.05.2006ж. № 289 - бұйрығымен бекіткен және күшіне енгізген типтік бағдарлама негізінде жасалған.
Оку бағдарламасын аға оқытушы Сыздыкова Гулбаршин Алипкызы дайындады
Оку бағдарламасы азаматтық іс жүргізу, еңбек және жер құқығы кафедрасы отырысында бекітілді
Хаттама № __ _____________ 2012 ж.
Кафедра меңгерушісі _________ з.ғ.к., доцент Джекебаев Ч.У.
Оқытушы (office-hour):
Лектор: аға оқытушы, заң ғылымдары магистры Шакирова Жұлдыз Ділдашовна
Оқытушының ғылыми қызығушылығы: «Аралық соттардың қызметін реттеудің теориялық және практикалық мәселелері»
Тілдерді игеруі: қазақша, орысша
Кафедра туралы мәлімет: «Азаматтық іс жүргізу, еңбек және жер құқығы кафедрасы, № 318 каб., тел: 70-30-41
Тәжірибе сабақтарын өтеді: Сыздыкова Г.А.
Курстың пререквизиттері: Студент «ҚР еңбек құқығы» курсын оқып-үйрену үшін ЖОО бағдарламасы көлемінде келесі пәндер курсын білу қажет: Мемлекет және күкық теориясы, азаматтық құқық (жалпы және ерекше бөлімдер), әкімшілік құқық, салық құқығы.
Курстың постреквизиттері: Берілген курсты игергеннен кейін оқытылуы мүмкін пәндерге мына пәндер жатады: азаматтық іс жүргізу құқығы, кәсіпкерлік құқық, еңбек даулары.
Пәннің сипаттамасы: Қазақстан Республикасының еңбек құқығы негізгі құқық салаларының бірі, мемлекеттік жалпы міндетті білім стандартына сәйкес «Заңтану» мамандығы бойынша заңи жоғарғы оқу орындары мен факультеттердің студенттерін оқытуға арналған. Аталған оқу сабағын оқытудың пәні ретінде қызметкерлердің еңбегін қолдану үрдісінде жалпы еңбектік қатынастарды реттейтін құқық нормалары және еңбектік қатынастармен тығыз байланысты қатынастарды, сонымен қатар еңбек құқығының ғылымына тән теориялық концепцияларды оқыту болып табылады. Еңбек құқығы ғылыми пән ретінде заң ғылымдарының бір бөлігі болып табылады.
Пәннің мақсаты студенттердің негізгі теориялық мәселелер жөнінде білім алу, еңбекті реттеу және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының заңдылығын зертттеу, заңдылықпен жұмыс істеу қабілетін иемдену, практикада туындайтын күрделі мәселелерде бейімделуге, алған білімдерін қолдану қабілетін пайымдау.
Міндеттері студенттердің аталған курсқа қызығушылығын арттыруға бағытталған. Студентер бұл курстың әрбір институттарының жалпы және арнайы бөлімдерін меңгеру керек, құқықтық қатынастарда туындайтын нормаларды қолдану тәртібін оқу керек, құқықтың қайнар көздерімен жұмыс істеудің астарлы білімін меңгеру қажет.
studfiles.net
Құқық ең маңызды әрі ең күрделі қоғамдық кұбылыс ретінде түсінілетін философиялық категория. Сондықтан да оны бірнеше тұрғыдан қарастыру керек. Алдымен, субъективтік тұрғыдан қарастырсақ құқық қандай да бір тұлғаның мүмкіндіктерін, әрекет еркіндігін білдіреді. Мысалы, білім алу, еңбек ету, демалу, өмір сүру, қорғану құкығы секілді тікелей субъектімен байланысты құқықтар. Объективтік мағынадағы құқық — нормативтік құкықтық актілерде белгіленген нормалардың жиынтығын білдіреді. Бұл орайда көрсетіп кету керек — субъективтік құқық объективтік құқықтың негізінде туындайды және тоқтатылады. Мәселен, 1999 жылдың 1 маусымынан бері "объективтік құқықтын" негізінде ішкі істер органдары қызметкерлерінің қоғамдық көлікте тегін жүруге деген "субъективтік құқықтары" тоқтатылып, жеңілдіктер алынып тасталған. Құқық бұл керсетілгендерге қоса, оқу пәні ретінде де түсініледі (әкімшілік құқық, Азаматтык, құқық, Еңбек құқығы және т.б.)- Құқықтық объективтік және субъективтік мағыналардың біріктіріле түсінілетіндігі де жоққа шығарыл-майды. Осыларға қарап құқықтың аса күрделі категория екенін білуге болады. Жалпы алғанда құқық дегеніміз — мемлекет белгілеп, мақұлдаған жалпыға міндетті мінез-құлық ережелерінің (нормалардың) жиынтығы. Құқықтың өзіндік ерекшелігі оның нормаларын сақтау мемлекеттің мәжбүр ету күшімен қамтамасыз етілетіндігінде.Құқықтың мәні Конституцияда және басқа да заңдарда бекітіліп, тиянақталған оның түп қазық бастауларында, негізгі принциптерінде ашылады. Оларға жататындар: саяси биліктің халықтың атынан жүзеге асуы, меншіктің дамуы, корғалуы және олардың субъектілерінің тендігі; демократизм, интерпационализм, гуманизм.Саяси биліктің халықтың атынан жүзеге асуы. Бұл ереже Қазақстан Республикасында мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы — халық болып табылады делініп, Конституцияда дәйектелген. Халық мемлекеттік билікті тікелей және өз өкілдері арқылы жүзеге асырады.Меншіктің дамуы, қорғалуы және олардың субъектілерінің теңдігі— мемлекеттің материалдық-техникалық базасын құрудағы маңызды шарт.Конституцияда Республиканың экономикасы мемлекеттік, сонымен қатар жеке меншік нысандарына негізделетіні, ал мемлекет меншіктің барлық субъектілерінін. заң алдындағы мемлекеттер аумағындағы өзінің азаматтары мен занды тұлғаларының өз мүліктеріне деген меншіктік құқығын қорғайды.Демократизм азаматтық күқьіқтар мен бостандықтардың кен. ауқымымен ұштаса отырып, адамның мемлекеттік істерді шешуге қатысу құкығын қамтамасыз ететін оның қүқықтары мен бостандықтарын заң жүзінде бекітуді білдіреді. Демокра-тизм азаматтардың қоғам алдындағы міндеттерінің ішіндегі айрықша орын алатыны — олардың мемлекеттік істерді басқа-руға қатысуы міндеттерін орындауы арқылы мейлінше толық жүзеге асады. Қазақстан Республикасы қоғамдык, бірлес-тіктердің Конституция мен зандар шеңберінде мемлекеттік істерді басқаруға, заңдарды талқылау мен кабылдауға, мемлекетгік және жергілікті деңгейдегі мәні бар мәселелерді шешуге қатысуына кепілдік береді.Интернационализм — барлық ұлттар мен ұлыстардың өзінің саяси, шаруашылык және мөдени дамуындағы заң жүзіндегі және іс жүзіндегі тендікті тану және оны қүқықпен қамтама-сыз ету болып түсініледі. Республикамызда нәсіліне, үлтына, тіліне және т.б. жағдаятгарға қарамастан қүкық пен бостан-дықтендігіне кепілдік беріледі. Еліміздегі Қазақстан халыкта-ры Ассамблеясы интернационалдык үйым.Гуманизм (латын тіліндегі һитапиз — адамдык, адамгер-шілік) — адамның жеке тұлға ретіндегі кұндылықтарын, оның еркін даму және өз қабілеттерін көрсету құқығын тану. Адам-ның кадір-қасиеті мен кұқыктарын қадірлеуді қамтамасыз ету-ден тұратын басты күқықтық принциптердің бірі — оның игіліктеріне қамқорлык, жасау.Адамгершілік принципі Ата Заңымызда айрықша аталған. Онда әркімнің өмір сүруге құқығы бар екені, ешкімнің ез бетінше адам өмірін қиюға хакысы жоқ екені, сондай-ақ адам мен азаматгың ар-ожданы мен абыройына қол сүғуға болмай-тыны женінде баяндалған. Сонымен қатар адамның кінәлі екендігі сот үкімімен дәлелденіп, үкім занды күшіне енбейінше, адам қылмыс жасады деп танылмайтындығы женіндегі қағида орнықтырылған. Осылайща, кез келген күдік дәлелденгенге дейін айыпталушы түлғаның пайдасына шешіледі.Құкық пен моральдын, өзара байланысы және езара шарттастығының арақатынасы қандай? Біздің құкыққа моральдың жоғары принциптері тән. Мораль да, құқық та әлеуметтік нормалардың түрлері ретінде бір мақсатқа: әлемдік қауымдастықтың ажырамас бөлігі — мызғымас Қазақ мемлекеттілігінің құрылысына қызмет етеді. Қазіргі заманда Қазақстан Республикасының функциясы күрт өзгеріп, дамуда, негізгі бағыты нарықты экономиканы қалыптастыру, либерал-демократиялық мемлекетгі орнату.Мемлекеттің функциясы туралы әр түрлі ой-пікірлер бар. Солардың бірі — функция көп өзгеріске ұшырамайтын деп, бірнеше үрлерін келтіреді: жалпы қоғамдық, әлеуметтік, таптық, ұлттық, ғылыми-техникалық, экологиялық, интернационалдық функциялар. Функцияны жүйелеудің келесі түрі: тұрақты және уақытша функциялар; негізгі және негізсіз функциялар; заңды қабылдау, орындау, қорғау функциялары. Мемлекеттердің көпшілігі функ-цияны ішкі және сыртқы функциялар деп екіге бөледі. Осы пікірді қазіргі заманда мемлекеттер дұрыс деп қолдануда.Мемлекеттің функциясының орындалуын қамтамасыз ететін— мемлекеттік аппарат пен органдар. Әуелі функцияны орындау үшін тиісті мемлекеттік орган құрылады. Бірнеше органдар функцияның мазмұнына қарай мемлекеттік аппаратты қалыптастырады. Функцияның орындалу кезең-сатылары: функция — орган— аппарат — мемлекет. Мемлекеттің функциясы арқылы қоғамның алдында тұрған мүдде — мақсаттардың мазмұнын, оның орындалу бағыттарын, толық білуге болады. Мемлекет қызметінің (функциясының) негізгі белгілері:- қызметтің жүйесі, оның атқаратын жұмыстарының мазмұны және қатынастардың түрлері арқылы анықталады;- функция сарапталып, жіктеліп, кешенді түрде жүргізіледі;- мемлекеттің қызметі аппараттарының қызметіне ұқсамайды. Мемлекет функциясы қоғамдық көлемде жүргізіледі;- мемлекеттің атқаратын қызметін мемлекеттік жұмыстарының әдіс-тәсілінен айыра білуге болады;Мемлекет қызметінің орындалу әдістері: жеке тұлғалар ерікті, ерексіз түрде орындайды; мемлекеттік органдар, бірлестіктер, ұйымдар өздерінің кұзыретінің шеңберіне сәйкес орындайды. Егер дұрыс орындалмаса, еріксіз түрде орындау қамтамасыз етіледі.Құқықтың саясатпен және экономикамен арақатынасын білудің құқықтың мәнін сипаттаудағы маңызы зор. Құқық пен саясаттың мазмұны қоғамдағы өндірістік қатынастармен айқындалады. Мемлекеттің саяси шараларының басты аспектілері қүқықта бейнеленіп көрсетіледі.Құқық экономикалық базистің қондырмасы деп саналады. Өмірдің материалдық жағдайы өзгергек сайын құқықта өзгеріп отырады. Қазіргі уақыттағы шаруашылық жүйесінің өзгеруіне байланысты зандардың да тиісінше өзгеріске үшырап, толық-тырылып отыруы занды құбылыс. Қоғамдық катынастардың бұдан кейінгі дамуында да құқықтың ролі арта түсуі керек.Конституциялық құқық дегеніміз — Қазақстан Республикасының мемлекеттік және қоғамдық құрылысының негіздерін құрайтын қоғамдық катынастарды, мемлекет пен жеке адамның қарым-қатынасын, принциптерін, сайлау жүйесінің негіздерін халықтың колындағы мемлекетгік билікті іске асыру тетіктерін реттейтін және белгілейтін құқықтық нормалардың жиынтығы.Конституциялык құқық, — кұқықтың жетекші саласы. Себебі оның басты қайнар көзі Конституцияның өзі болып табылады. Ол мемлекеттік билікті жүзеге асыру аясында калыптасқан маңызды қоғамдық қатынастарды реттейді. Оның нормалары басқа құқық салалары үшін бастапқы негіз қызметін атқарады. "Қазіргі және болашақ ұрпақтар алдындағы жоғары жауапкершілігімізді сезіне отырып, осы Конституцияны қабылдаймыз" деген жолдармен Конституциямыздың қабылдануы ұлттық мемлекеттің дамуындағы маңызды кезең болды әрі республикадағы саяси, экономикалық, әлеуметтік дамудың бай тәжірибесін нығайта түсті.
Мемлекет және жеке адам .Ата заңымызда Қазақстан Республикасында адам құқықтары мен бостандықтары танылып, оларға кепілдік берілетіні жөнінде айтылған. Мемлекет өз қызметін азамат пен қоғамның мүддесінде жүзеге асырады. Біздің қоғамымыз — шынайы ізгілікті қоғам. Осыған байланысты бізде қоғам мен жеке адам арасындағы карым-қатынас мәселесіне елеулі мән беріледі. Конституцияда жеке адамның құқықтық жағдайы, оның қоғамда алатын орны, яғни құқықтық мәртебесі баянды етілген. Құқықтық мәртебе (латынша status — орын, жағдай) — Республика азаматының құқықтық жағдайы (құқықтар мен міндеттерінің жиынтығы). Республикадағы әрбір адам азаматтық алуға, оны өзгертуге құқылы.Азаматтық деген ұғым адамның белгілі бір мемлекетке құқықтық тиістілігін түсіндіреді. Азаматтыққа қарай адамға мемлекеттің заңдары, белгіленген азаматтық кұқықтар мен міндеттер тарайды. Азаматтық адамның тууына байланысты, Қазақстан Республикасының азаматтығына кабылдануына байланысты пайда болады. Республика азаматтығын алудың мегіздері мен т
Скачать работу Скачать работуsachok.kz
1 Қоғамның дамуының әртүрлі кезеңіндегі құқықты түсіну мәселелері. Қазіргі уақытқа шейін отандық және шетелдік заң ғылымында құқық туралы ортақ түсініктің өңделмегені туралы және бұл құқыққа қатысты көптеген мәселелерді шешуге кедергі келтіретіндігі көп заңға қатысты және қатысты емес адамдарды таң қалдырады. Бұл жөнінде көптеген мемлекеттердің мемлекеттік – құқықтық ортада жүргізілген зерттеулер дәлел.
Осылайша, XVIII ғ. соңында неміс классикалық философиялық негізін қалаушы И.Кант өзінің «Метафизика нравов» деген жұмысында (1797ж.) былай деп айтқан: «құқықтанушыны жаңылдырады – егер ол тавтологияға немесе жалпы шешімнің орнына түскісі келмесе, онда ол қандай да бір елдің қандай да болмасын заңдарына сілтеме жасауы қажет».
XIXғ. соңы мен XX ғ. басында жүзжылдық өткеннен кейін, өзге неміс ғалымы, белгілі заңгер Р.Иеринг, құқықты түсіну мәселесін қозғай отырып, құқықты талдаған кезде пайда болатын түсініксіздіктер мен жеткіліксіздіктерге назар аударған. Жалпы алғанда, құқық термині екі мағынада қолданылады: объективтік және субъективтік. Объективтік мағынада құқық – ол мемлекетпен қорғалатын бүкіл құқықтық жағдайлардың жиынтығы, өмірдің заңдық тәртібі. Субъективтік мағынада – тұлғаның нақты бір құқық қабілеттігіне абстрактілі ережелерді нақты қолдануы.
Кейінгі кезеңде де шетелдік авторлар осындай тәрізді құқықтың түсініксіздігі және жетістіктері, одан туындайтын мәселелер туралы айтқан. Бұл мәселелер XX ғ. бойы көптеген таластар туғызған және қазіргі кезде де бұл мәселелер маңызды болып тұр. Бұған басылып шығарылған көптеген монографиялар, кітапшалар мен мақалалар дәлел болады.
Әртүрлі құқықтық және ұлттық құқықтық жүйелердің ұқсас жерлерін табу және зерттеу тек қана сондай мәселелерді шешу үшін емес, сонымен қатар құқық туралы ортақ түсінікті зерттеп дайындау үшін маңызды болып табылады. Отандық және шетелдік авторлар қолдаған ұлттық құқықтың мынадай ерекшеліктері мен белгілері бар: а) жүйеге және тәртіпке келтірушілік; б) нормативтілік; в) императивті, билік етуші сипатта; г) жалпыға міндетті және жалпыға танымал; д) формальдік анықтама; е) жалпылық масштабы және барлық индивидтерге қатысты теңдік; ж) реттеуші маңызға ие; з) жан-жақты қамсыздандыру (мемлекеттік және мемлекеттік емес институттардың көмегімен) және кепіл беру.
Құқықтың қиындығын, жан-жақтылығын және қарама-қайшылығын ескере отырып, аталып өткен белгілердің мәңгілігі мен сұрақ туғызбайтындығы туралы айту қиын. Соған қарамастан, олар құқық туралы жалпы және нақты түсінік беріп, салыстырмалы құқықтануда туындаған дәстүрлі мәселелерді шешуге көмектеседі.
2 Ұлттық құқықтың нысандарының ұғымы және оны салыстырмалы құқықтануда қолдану. Салыстырмалы құқықтану құқықтық нормалар жүйесінің және ұлттық құқықтық жүйенің аналогы болмаса да, бұл олардың түсініктерін кеңінен қолданады. Бұл сондай-ақ «құқық», «құқықтық қатынас», «құқықтық шығармашылық» және басқаларға қатысты. Ұлттық құқықтық жүйенің ажырамас бөлігі бола отырып, бұл терминдер салыстырмалы құқықтануда қолданылады. Бұл айтқанымыз тек қана кейбір терминдер мен түсініктерге ғана емес, жалпы ұлттық құқықтық жүйенің түсінік беру аппаратына тән. Бұл «нысан» немесе «құқықтың қайнар көзі» термині мен ұғымының мазмұнына қатысты.
Осы терминдер қандай мағында қолданылады, олардың әртүрлі құқықтық жүйелердің мағыналары ұқсас па, - осыдан әртүрлі жүйелерді салыстыру тәуелдігі туады.
Қазіргі кезде «құқық нысаны» және «құқықтың қайнар көзі» терминдердің мағыналарын салыстыру сияқты екінші деңгейлі сұрақтар бойынша құқықтың қайнар көздерінің мәселелерімен айналысатын көптеген ғалымдар арасында ортақ ой-пікір жоқ. Белгілі бір құқықтық жүйедегі оның нысаны мен қайнар көздерін қарастырғанда, бұл терминдердің мағынасын түсіну үшін және кейін шатастырмас үшін оларды бөлек алып қарау керек.
Алдымен, «құқық нысаны» терминінің мазмұнына талдау жасаймыз, ал бұдан кейін «құқықтың қайнар көздері» терминінің мазмұнын ашып, оның «құқық нысаны» терминімен арақатынасын қарастырамыз.
Құқықтың ортақ түсінігін зерттеп шығару мәселесін шеше отырып, құқық теориясымен өңделген және заң тәжірибесімен бекітілген келесідей постулаттарға сүйену қажет. Біріншден, құқық нысаны құқықтың өзі сияқты көпжақты және көпмағыналы екенін ұмытпау қажет. Құқықтың әр нысаны жеке философиялық, әлеуметтік, құрамды – заңды және өзге де аспектілерге ие.
Екіншіден, құқық нысаны басқа да құбылыстардың нысаны сияқты өзі жеке, әлеуметтік – класстық сипатқа және мазмұнға ие болғаннан кейін, бұл нысан белгілі бір мағынаға ие болады және әлеуметтік мағынадағы феноменге айналады. Мұнсыз нысан ешқандай мағына бермейтін абстракция болады.
Үшіншіден, құқық нысанының түсінігін анықтаған кезде, ол әдістемелік мағынада ажырамастай байланысты, теоретикалық және тәжірибелік мағынада мазмұнға жұп категория ретінде келетіндігін ескеру қажет. Бұл дегеніміз, басқа философиялық және құқықтық категориялармен салыстырғанда, нысан мен мазмұны бір-бірімен тығыз, диалектикалық байланыста болады және бір-бірін толықтырады.
Төртіншіден, құқық нысаны, мазмұны сияқты әрқашанда даму барысында болады және динамикалық құбылыс болып табылады.
«Құқық нысаны» категориясының өзі құқықтың сыртқы сипаттамасы және ішкі ұйымдастырылуының (қабылдау, құрал-жабдық) тәсілі, сондай-ақ нақтырақ айтқанда, құқық нормаларында бар тәртіп ережелері сияқты анықталуы мүмкін.
3 Құқықтың қайнар көздерінің ұғымы және оның құқық нысанының ұғымымен арақатынасы. Құқықтың қайнар көздерінің түсінігі және оның құқықтың нысанымен арақатынасы туралы отандық және шетелдік авторлардың көп жылдар бойы толғандыратын мәселе. XX ғ басында И.В. Михайловский жазған: «қайнар көз» термині осы кезеңге дейін әртүрлі мағынаға ие және бұл жөнінде көптеген талас-тартыстар болып жатыр. Егер де олар көптеген жерлерде ғылым қолданатын терминнің «түсінігінде келіссе, мәселе шешілер еді». Автордың пікірінше, терминнің «құқықты жасау» мағынасына ғалымдар келіседі, ал таластар «құқықжасаушы факторлар» жөнінде басталады. Автор бұл мәселелерді жақын уақытта тез шешілуіне сенімді болды. Бірақ автор қателесті не болмаса тарих өзгеше шешті.
XX ғ. 40 ж.ж. құқықтың қайнар көздерінің ұғымының мәселелеріне қатысты дискуссиялар құқықтың қайнар көзі ретінде «мемлекеттік билікпен жалпыға міндетті күш беретін тәртіп ережелерінің тәсілі» немесе кең мағынада құқықтың қайнар көздері ретінде «жұмыс классының диктатурасы, яғни кеңестік билік», ал арнайы мағынада «заң шығарушылық нормалар» түсінілген жағдайларда болып өтті.
Кейінгі жылдарда да бұл мәселе әрқашан өзекті болған. Берілген фактіні талдай отырып, Ф.С. Кечекьян былай деп жазған: осы ұғым «құқық теориясындағы түсініксіздер қатарына жатады». Бұл жерде жалпы қабылданған түсініктің жоқ болуымен қатар, «құқық қайнар көздері» сөзі анықталатын мағынаның өзі талас туғызады.
Бұл ежелдегі ғана емес, қазіргі әдебиеттерде де көрсетілген. Қазіргі күнге дейін де кейбір авторлар отандық әдебиеттерде жалпы қабылданған «қайнар көзі» терминінің жоқ екенін айтады.
Бұл терминнің көп мағыналылығын ескере отырып, «құқықтың қайнар көзі» деп түсінуге болады: а) құқықты жасайтын күштер. Мысалы, құқықтың қайнар көзі ретінде Құдай еркін, халықтың еркін, құқықтық сана-сезімді, мемлекеттік билік және әділдік идеясын түсіну қажет деп бекіткен жағдайда; б) «заңнаманың негізіне салынған» материалдар. Мысалы, рим құқығы германдық азаматтық кодекстің, ағартушы-ғалым Потьенің еңбектері Наполеон кодексінің, Литалық статут Алексей Михайловичтің Уложениясы үшін қайнар көз ретінде болғанда; в) бұрын қолданыста болған құқықтық маңызға ие тарихи ескерткіштер. Мысалы, «Русская Правда» жұмыстары бойынша және т.с.с. г) қолданыстағы құқықтың танылуының құралы. Мысалы, «құқықты заңнан тануға болады» деп айтқанда.
Сонымен қатар, бұл термин философиялық және құрамды-заңды тұрғыдан қарастырылады. Философиялық тұрғыдан қарағанда, ең біріншіден, құқықтық жүйенің қандай философиялық идеялар негізге алынды, қандай философиялық конструкцияға сүйеніп жасалынғанына назар аударылады.
Ал, құрамды-заңи тұрғыдан қарағанда, құқықты ішкі ұйымдастыру құралдарына, сыртқы білдіру нысандарына назар аударылады. Бұл жерде құқықтың қайнар көзінің мәні «құқық нормаларды объективтік шындыққа бола алатын идеялар ретінде рәсімдеу және бекіту» және «заңгерлер позитивтік құқық туралы білім алатын жер».
Қазіргі уақытта отандық және шетелдік әдебиеттерде құқықтың қайнар көзі туралы мәліметтер кеңінен таралған және көп қолданбалы болып табылады. Ежелден заң ғылымында шынайы қайнар көздерден құрамдыға апарып жеткізуі қалыптасқан. Оның да жақсы жақтары бар. Құрамды түсінік басқаларымен салыстырғанда үнемі тәжірибелік қолданыста болады, анықтамасы ашық дәл болғандықтан, оның тәжірибелік маңызы зор.
Қайнар көздің түсінігі, мазмұны және жүйесі туралы сұрақты қарастыра отырып, құқықтың қайнар көздері ұғымының құқық нысанының ұғымымен арақатынасының теоретикалық және тәжірибелік маңызды мәселелерін қозғамай болмайды. Бұл мәселе отандық және шетелдік авторлармен әрқашанда шешілді және қазіргі уақытта бірдей болып шешіле бермейді. Осы сұрақты шешудің бір-бірімен байланыспайтын және бір-бірінен ерекше айырмашылықтары бар екі маңызды нұсқалары бар:
оның ішінен біріншісінің мәні мынада, құқықтың қайнар көздерінің құқықтың нысанымен толық сәйкестігімен, құқықтың қайнар көздерінің құқық нысанына ұқсатумен және, керісінше, құқық нысаны – құқықтың қайнар көздеріне қатысты;
құқықтың нысаны мен қайнар көздерінің арақатынасының мәселесін шешуге екінші беталыстың мәні мынада жатыр, олардың ұғымы бір-бірімен толығымен сәйкес келмейтін, ал олардың терминдері – бір-біріне теңдікте емес екендігі ретінде қарастырылады.
Әдебиеттер: 2, 7-18б; 3, 249-323б.; 4, 4-11б.
Бақылау сұрақтары:
Салыстырмалы құқықтанудың ұлттық құқықпен байланысы немен сипатталады?
Салыстырмалы құқықтану мен ұлттық құқықтың дамуы үшін құқықты қолдану мәселелерін шешудің маңыздылығын анықтаңыз.
Ұлттық құқық пен оның белгілерінің ұғымын ашыңыз.
Ұлттық құқықтың нысанының түсінігін және оны салыстырмалы құқықтануда қолданылуын анықтаңыз.
Құқықтың қайнар көздерінің ұғымы қандай және ол құқық нысанының түсінігімен қалай қатынасады?
№ 5 тақырып «Салыстырмалы құқықтану және халықаралық құқық»
Мақсаты: салыстыру әдісі көмегімен халықаралық және ұлттық (мемлекет ішіндегі) құқықтың өзара байланысы мен өзара әрекеттесуінің сипатын ашу
Жоспары:
studfiles.net
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті
Құқықтану факультеті
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Адвокатураның мәні мен міндеттері
Орындаған: 8111 тобының
студенті Койшыгулова Л.
Тексерген:
Орал -2011
Жоспар
Кіріспе
Адвокаттар алқасы — арнаулы заңда белгіленген міндеттерді орындау үшін адвокаттық қызметпен айналысуға құқы бар адамдар құратын, коммерциялық емес, кәсіби, өзін-өзі басқаратын және өзін-өзі қаржыландыратын ұйым. Облыстық, респ. маңызы бар қаланың, астананың территориясында адвокаттардың бір ғана алқасы құрылып, жұмыс істеуі мүмкін. Аталған территорияда адвокаттар алқасы болмаған жағдайда, ол [[Қазақстан Республикасы|Қазақстан Республикасының]] “Адвокаттық қызмет туралы” заңының (7-бап) талаптарына сәйкес келетін кемінде он құрылтайшының бастамашылығымен құрылады. Оған мемл. органдардың арнайы рұқсаты талап етілмейді. Адвокаттар алқасының негізгі міндеттері: адвокаттық қызметті жүзеге асыру кезінде алқа мүшелеріне жәрдемдесу, кәсіби көмек көрсету және оларды қорғау; олардың қызметін материалдық-техн. және анықтамалық-ақпараттық тұрғыдан қамтамасыз ету; адвокаттық қызметті жүзеге асыруға кәсіби бақылауды ұйымдастыру; алдын-ала тергеу және сот органдарының белгілеуі бойынша тегін заңды көмек көрсету, қорғау ісін ұйымдастыру. Адвокаттар алқасының жарғысы, жоғары органы (алқа мүшелерінің жалпы жиналысы немесе конференциясы), атқарушы органы (төралқа), бақылаушы органы (тексеру комиссиясы) болады. Адвокаттар алқасы. мүшелерінің құқылары мен міндеттері, тәртіптік жауапкершілігі, т.б. Қазақстан Республикасының “Адвокаттық қызмет туралы” заңында (1997 ж. 5-желт.) көзделген.
Адвокатура – құқықтық институт болып, ол адвокаттық қызметпен шұғылданушы адамдар және жеке адвокаттық операциямен шұғылданушы бөлек кісілердің кәсіптік бірлесулерін өз ішіне алады.
Адвокатураның атқаратұғын функциялары:
Адвокатұраның басқа мақсаттары:
Адвокатура — заңгерлердің азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтауға көмектесу, сот әділдігін іске асыру, заңдылық тәртібін нығайту мақсатында заңдық көмек көрсету үшін ерікті түрде ұйымдасқан бірлестік.
Адвокатураның міндеттері:
жеке және заңды тұлғаларға заңдық көмек көрсету, құқықтары мен заңды мүдделерін сақтауға көмектесу, заңдылықты сақтау және нығайту, жеке адамдардың құқықтарын қандай да болмасын қол сұғушылықтан қорғау, заңдылық үшін күресу, сот әділдігіне жәрдемдесу.
Адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтары шебер, істі жақсы біліп, біліктілік танытып, құқығы қорғалғанда ғана толық көлемде жүзеге асырылады. Бұл жағдайда заңды білу ғана емес, нормативтік-құқықтық актілерді қолдану тәжірибесін білетін білікті маман керек. Азаматтар, әдетте, заңнаманың негізгі ережелерімен ғана таныс. Ал субъективтік құқықтарды қорғау үшін заңды неғұрлым терең білу және оларды қолдану тәртібін меңгеру қажет. Бұл кәсіби білімі бар заңгерлер мен адвокаттардың көмегін қажет етеді.
Адвокат — адвокаттық қызмет шегінде кәсіптік негізде заңдық көмек көрсететін, адвокаттар алқасының мүшесі болып табылатын азамат. Қазақстан Республикасында болашақ адвокаттарға белгілі талаптар қойылады. Болашақ адвокат Қазақстан Республикасының азаматы, жоғары заңдық білімі, заң мамандығы бойынша екі жылдан кем емес жұмыс өтілімі болуы міндетті. Адвокаттық қызметпен айналысу үшін біліктілік емтиханын тапсырып, Әділет министрлігінің лицензиясын алуы керек. Адвокат адвокаттар алқасының мүшесі болуға міндетті.
Адвокаттардың заңды көмегі
Адвокат азаматтар мен ұйымдардың мүдделерін қорғау үшін заңды әдіс-тәсілдер арқылы мынадай заңгерлік көмек көрсетеді:
Адвокаттың қылмыстық іс жүргізуге қатысуы айыптаушыларды (күдіктілерді) қорғау қызметін жүзеге асыруға байланысты болады. Әрбір ұсталған, тұтқындалған, айыпталған адамның ұсталган, тұтқындалған немесе айып тағылван сәттен бастап адвокаттың (қорғаушының) көмегін пайдалану құкығы бар.
Қылмыстық жауапқа тартылған адам қорғаушы алуға міндетті. Егер ол азамат немесе оның жақын туыстары немесе заңды өкілдері адвокат шақырғысы келмесе, онда ол тергеушінің, прокурордың немесе судьяның қаулысымен тағайындалуы тиіс. Бұл жағдайда адвокаттың еңбегі толықтай республикалық бюджет қаржысынан төленеді.
Заңнамада тыйым салынбаған өзге де заң көмектеріне мыналар жатады:
Адвокат қызметімен айналысуға құқығы бар азаматтар адвокаттар алқасы деп аталатын ерікті бірлестікке бірігеді. Адвокаттар алқасы адвокаттардың коммерциялық емес, тәуелсіз, кәсіби, өзін-өзі басқаратын және өзін-өзі қаржыландыратын ұйымы. Ол жеке және заңды тұлғаларға білікті заң көмегін көрсету үшін құрылады.
Адвокаттың мәртебесі
Қазақстан Республикасындағы адвокат
1. Адвокат - жоғары заң білімі бар, адвокаттық қызметпен айналысуға лицензия алған, міндетті түрде адвокаттар алқасының мүшесі болып табылатын және осы Заңмен регламенттелетін адвокаттық қызмет шеңберінде кәсіптік негізде заң көмегін көрсететін Қазақстан Республикасының азаматы.
2. Сот тәртібімен әрекетке қабілетсіз не әрекет қабілеті шектеулі деп танылған не өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар адам адвокат бола алмайды.
Заңда белгіленген тәртіппен соттылығы өтелген немесе алынған; қасақана қылмыс жасағаны үшін ақтамайтын негіздер бойынша қылмыстық жауапкершіліктен босатылған; теріс себептер бойынша мемлекеттік, әскери қызметтен, прокуратура органдарынан, өзге де құқық қорғау органдарынан, соттардан және әділет органдарынан босатылған немесе адвокаттар алқасынан шығарылған; адвокаттық қызметпен айналысуға лицензиясынан айрылған; осы Заңның 12-бабының 3-тармағында және 5-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша лицензиясының қолданысы тоқтатылған адам - осындай оқиғалар басталғаннан кейін үш жыл бойы адвокат бола алмайды.
Адвокаттың құқықтары
1. Адвокат көмек сұрап келген адамға ол мұқтаж болған кез келген заң көмегiн көрсетуге құқылы.
2. Адвокат өзiне өтiнiш жасаған адаммен заң көмегiн көрсету туралы өз атынан жазбаша шарт жасасады.
3. Адвокат, қорғаушы немесе өкiл ретiнде әрекет жасай отырып, iс жүргiзу заңына сәйкес:
1) барлық соттарда, құзыретiне тиiстi мәселелердi шешу кiретiн мемлекеттiк, өзге де органдар мен ұйымдарда заң көмегiн сұрап өтiнiш жасаған тұлғалардың құқықтары мен мүдделерiн қорғауға және бiлдiруге;
2) барлық мемлекеттiк органдардан және мемлекеттiк емес ұйымдардан адвокаттық қызметтi жүзеге асыруға қажеттi мәлiметтердi сұратуға және алуға;
3) заң көмегiн көрсету үшiн қажет нақты мәлiметтердi дербес жинауға және дәлелдер табыс етуге;
4) көмек сұрап өтiнiш жасаған адамға қатысты материалдармен, соның iшiнде iс жүргiзу құжаттарымен, тергеу және сот iстерiмен танысуға және олардағы ақпаратты заң актiлерiнде тыйым салынбаған кез келген тәсiлмен белгiлеп алуға;
5) iске қатысуға жiберiлген сәттен бастап жолығулар санын, олардың ұзақтығын шектемей және мұндай жолығулардың құпиялығын қамтамасыз ететiн жағдайларда өзi қорғайтын адаммен оңаша жолығып тұруға;
6) заң көмегiн көрсетуге байланысты туындайтын және ғылым, техника, өнер мен басқа да қызмет салаларында арнайы бiлiмдi қажет ететiн мәселелердi түсiндiру үшiн шарттық негiзде мамандардың қорытындыларын сұратуға;
7) өтiнiштер, мәлiмдеуге, әдiлет, прокуратура, анықтау, алдын ала тергеу органдары мен соттың лауазымды адамдарының, сондай-ақ көмек сұрап өтiнiш жасаған адамдардың құқықтарына және заңдармен қорғалатын мүдделерiне қысым жасайтын өзге де лауазымды адамдардың әрекеттерiне белгiленген тәртiппен шағым жасауға;
8) мемлекеттiк құпияларды құрайтын ақпаратпен, сондай-ақ әскери, коммерциялық, қызметтiк және заңмен қорғалатын өзге де құпияны қамтитын ақпаратпен, егер бұл анықтау, алдын ала тергеу кезiнде және сотта қорғау немесе өкiлдiк ету үшiн қажет болса, заң актiлерiнде көзделген тәртiппен танысуға;
9) заң көмегiн сұрап өтiнiш жасаған адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғаудың заңдарда тыйым салынбаған барлық құралдары мен тәсiлдерiн пайдалануға;
10) заңдарға қайшы келмейтiн өзге де әрекеттердi жасауға құқылы.
4. Мемлекеттiк орган немесе лауазымды адам адвокаттың заң көмегiн сұрап өтiнiш жасаған адамның мүддесiн бiлдiру құқығын танудан бас тарта алмайды.
5. Адвокат соттардың, прокуратураның, қылмыстық процесті жүргізуші органдардың әкімшілік ғимараттарына белгіленген тәртіппен өзінің адвокаттық куәлігін көрсетуі бойынша еркін кіру құқығын пайдаланады.
Адвокаттың ұсталғандар, тұтқынға алынғандар және жазасын өтеп жатқандар отырған орындарға кiруi белгiленген рұқсаттық режимге сәйкес жүзеге асырылады.
6. Адвокат мiндеттi сақтандыру қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын мемлекет кепiлдiк берген әлеуметтiк қорғалуға құқықты.
Әлеуметтiк сақтандыруға арналған жарналарды адвокаттар қолданылып жүрген заңдарға сәйкес төлейдi.
Адвокаттың мiндеттерi
1. Адвокат заң талаптарын сақтауға, адвокатураны ұйымдастыру мен оның қызметiнiң принциптерiн басшылыққа алуға, кәсiптiк мiнез-құлық нормаларының талаптары мен адвокаттық құпияны сақтауға мiндеттi. Адвокат өзінің кәсіби біліктілігін үнемі арттырып отыруға міндетті.
freepapers.ru