Теміртау қаласының №10жалпы білім беретін орта мектебі»КММ
Секция : тарихТақырыбы : Қазақ ертегілерінің
шығу тарихы
Жоба авторы: Казбеков Дулат 4 «В» сынып
Жетекшісі Аугалиева Галия Жаксылыковна
Теміртау, 2016 жыл
Пікір
4 «В» сынып оқушысы Казбеков Дулат қолданбалы жобасында тақырып бойынша әдебиеттер жинап,өз ойын жинақтап жаза білген. Ертегілер құрастырып «Ертегінің ертеңі» атты жинақ жасап ,4-5ертегіні оқырмандарға арқау еткен. Әрбір ертегіге байланысты сюжеттік суреттер салған. Тақырыпты толық меңгеріп аша білген. Оқушы оқырмандар экранын жасап , сыныптастарының қандай ,қанша кітап оқығананын анықтап ,оқу жылдамығынын өсуіне кітап оқу керектігін айтып өтті.
Пікір жазған: Аугалиева Галия Жаксылыковна
Фото
Мен Казбеков Дулат Теміртау қаласындағы жалпы білім беретін №10 орта мектебінің 4 «В» сыныбында оқимын. Оқырмандарға, сыныптастарыма «Ертегілер ертеңі» атты алғашқы еңбегімді арқау етемін .
Қазақ ертегісінің ертеңі мәңгілік болсын !
Теміртау қаласы 2015-2016 жыл
Оқушының аты жөні | сыныбы | Кітаптың атауы,авторы | Кітапты қайдан алды? | Оқып шыққан мерзімі | Қысқаша пікірі |
Жұмыс түрлері
Тапсырма | Жұмыстың мазмұны | Басталған уақыты | Аяқталған | Жетекшінің қолы |
Ұйымдастыру | Жобаның тақырыбын таңдау,Мақсат ,міндетін анықтау,жұмыс әдісін белгілеу. | Мамыр 2015 | қыркүйек | |
Әдебиеттер оқу,іздеу. | Ақпарат көздерімен жұмыс | маусым | қазан | |
Әлеуметтік | Сыныптастармен оқушы экранын ұйымдастыру | қыркүйек | желтоқсан | |
Талдау бөлімі | Жобаның электронды түрін дайындау | қараша | желтоқсан | |
Қорытынды | Қалалық конференцияда жобаны қорғау. | Қаңтар 2016 |
Кіріспе
Ертегі – фольклордың негізгі жанрларының бірі. Ертегі жанры – халық прозасының дамыған, көркемделген түрі, яғни фольклорлық көркем проза. Оның мақсаты – тыңдаушыға ғибрат ұсынумен бірге эстетикалық ләззат беру. Ертегінің атқаратын қызметі кең: ол әрі тәрбиелік, әрі көркем-эстетик. әдеби қазына. ертегінің бүкіл жанрлық ерекшелігі осы екі сипатынан көрінеді. Сондықтан ертегілік прозаның басты міндеті – сюжетті барынша тартымды етіп, көркемдеп, әрлеп баяндау. Демек ертегі шындыққа бағытталмайды, ал ертекші әңгімесін өмірде болған деп дәлелдеуге тырыспайды.Ертегінің композициясы бас қаhарманды дәріптеуге бағындырылады, сөйтіп, ол белгілі бір сұлба бойынша құрылады. Мұның бәрі ертегіге идеялық, мазмұндық және көркемдік тұтастық береді. Осы тұтастық бұл жанрға басқа да қасиеттер дарытады: композиция мен эстетикалық мұраттың бірлігі әрі тұрақтылығы, көркем шарттылықтың міндеттілігі, ауызекі сөйлеу тіліне сәйкестігі, тұрақты тіркестердің қолданылуы, т.т.Ертегіде қиял мақсатты түрде пайдаланылады, сондықтан ол әсіреленіп, ғажайыпқа айналады және біршама өзінше дамып отырады. ертегідегі ғажайып қиял адамның күнделікті көріп жүрген заттары мен құбылыстарын саналы түрде басқаша етіп көрсетеді, өйткені бұл жанрда ғажайыптың көркем бейнелеуіш құрал ретінде қолданылады. Өмірдегі шынайы нәрсенің өзін әдейі өзгертіп көрсету – ертегінің өзіндік қасиеті болғандықтан, ертекші де оның мазмұнын барынша әсірелеуге, ғажайыпты етуге күш салады. Сонымен бірге ертегідегі оқиғалар мен іс-әрекеттердің қаншалықты әсерлі болуы ертекшіге ғана емес, сондай-ақ тыңдаушыға да, ертегінің айтылу жағдайына да байланысты. ертегіде қиял мен ғажайып әрі идеялық та мақсатта қолданылады, себебі классик. Ертегі адамның рухани азығы болуымен қатар идеол. та қызмет атқарған. ертегінің көркем баяндалуында сюжеттен де гөрі композицияның рөлі артығырақ
Құрылым
Ертегінің поэтикасы мен композициясы көркем әрі жүйелі. Композициясы бірнеше бөлшектен тұрады: бастама – эпикалық баяндау – аяқтау. Бастама, әдетте, өлең немесе ұйқасқан проза түрінде бас кейіпкердің ата-анасы, оның дүниеге келуі туралы айтып, тыңдаушыларды бас кейіпкермен таныстырады. Эпикалық баяндау қаhарманның өсуін, үйлену тарихын, оның бастан кешкендерін әңгімелейді. Аяқтауда кейіпкердің сүйгенін алып немесе ойлағанын іске асырып, мұратына жеткені хабарланады. Бастама мен аяқтау, көбінесе тұрақты тіркес болып келеді. Өзінің ұзақ тарихында ертегі жанры әр дәуірдің, әр қоғамның болмысы мен түсініктерінің, нанымдарының әр түрлі іздерін сақтап қалып, біздің заманымызға жеткізген. Қазақ ертегілерінде хандық заманның шындығы, сол шақтағы әдеттер мен нанымдар, салт-дәстүрлер, тұрмыс кейпі көбірек көрініс тапқан.
Түрлері
Ертегілері жанрлық әрі сюжеттік құрамы жағынан әр алуан. Ол іштей бірнеше жанрға бөлінеді:
1) жануарлар туралы ертегілер; 2) қиял-ғажайып ертегілер, батырлық ертегілер; 3) хикаялық ертегілер, сатиралық ертегілер; Сюжеттері тек қазақтың өзіне тән ертегілермен қатар, басқа елдермен ортақ сюжетке құрылған ертегілер де бар. Олардың көбі тарихи-типологиялық жағдайда пайда болған, біразы тарихи-генетик., яғни туыс халықтарға ортақ болып табылады, кейбірі тарихи-мәдени байланыс нәтижесінде қазақ жұртына тараған. Сол себепті қазақ ертегілерінде таза ұлттық та, халықар. та, көшпелі сюжеттер де қатар өмір сүрген. Негізгі кейіпкер мен мазмұны және қияли әдістердің қаншалықты пайдаланылуына қарай бұл салалардың әр қайсысы тағы бірнеше топқа бөлінеді. Бұлардың ішінде: хикая, өсиет, мысқыл, батырлық туралы ертегілер болады.
Қалыптасу тарихы
Ертегі жанрының пайда болып, қалыптасу тарихы өте ұзақ. Оның түп-төркіні – алғашқы қауымда туған көне мифтер, аңшылық әңгімелер, хикаялар, әр түрлі ырымдар мен аңыздар. Өзінің қалыптасу барысында ертегі осы жанрлардың көптеген белгілерін бойына сіңірген. Бұл жанрлардың кейбірі өз бітімін мүлде жоғалтып, толық ертегіге айналған. Солардың бірі – миф жанры. Мифтің ертегіге айналу процесі бірнеше кезеңнен өткен.
Миф – алғашқы рулық қауымның қасиетті деп саналған құпия әңгімесі мен шежіресі. Оны ол кезде әркімге және әр жерде айта бермеген. Мифте қоршаған ортаның, дүниенің жаратылуы мен аспан әлемі жайында, рудың тотемдік бабасы, ілкі атасы мен жасампаз қаhармандар туралы, олардың іс- әрекеттері жөнінде фантастикалық түрде баяндалған. Алайда ол заманда осының бәрі ақиқат деп қабылданған, мифке жұрт кәміл сенген. Бірақ уақыт өтіп, адам санасы мен мүмкіндігі жетілген сайын миф өзгеріске ұшырап, бірте-бірте «қасиетті» сипатынан айрылған, құпия болудан қалған. Осының нәтижесінде мифке сенушілік те әлсіреген, ондағы оқиғалар мен кейіпкерлер басқа сипат қабылдаған, тіпті мифті айтушы бара-бара өз жанынан да қосатын болған. Соның салдарынан іс-әрекеттердің де нәтижесі баяғы мифтік сипаттан айырылған. Мифтің себеп-салдарлық белгісі жоғалған. Бірте-бірте мифтің бұрынғы масштабы тарылып, әңгіме жеке бір адамның тағдырын баяндайтын жағдайға келеді. Сөйтіп, миф хикаяға, содан соң ертегіге айналады. Ертегінің тағы бір тамыры – алғашқы рулық қауым адамдарының аңшылық әңгімелері мен хикаялары. Алғашында шын болған оқиғалар негізінде айтылған әңгімелер бірте-бірте ел арасына тараған сайын қоспалармен толықтырылып, хикаяға, одан ертегіге айналып кеткен. Осындай аңшы мергендер жайындағы әңгімелер қазақ ертегілерінің құрамында аз емес. Әрине, олар біздің ертегіде сол ежелгі замандағы күйінде емес, көркем фольклорға айналған формада көрінеді. Алғашқы қауымдағы мифтік ұғымдар туғызған небір ғаламат мақұлықтар (жезтырнақ, жалғыз көзді дәу, албасты, жалмауыз кемпір, т.б.) бұрынғы аңшылар әңгімесіне кірігіп, хикая туғызады. Хикая жанры мифтің өзімен бірге ертегіге де айналады. Оның ертегі құрамында жүретіні де сондықтан. Бірақ мифтің ертегіге айналу жолында хикая мен ертегі қатар өмір сүреді, сол себепті миф, әсіресе, хикая өзінше жеке айтылып, елге жайылады.
Қазақ ертегілерінің қалыптасуы
Қазақ халқы прозасында осы процесс түгел дерлік із қалдырған. Жалпы ертегілердің пайда болып, қалыптасуының алғашқы кездерінде ел оны қиял деп ойламаған, онда баяндалатын оқиғаға сенген, себебі ол шақта ертегі өз төркінінен алшақ кете қоймаған, сондықтан көркемдік қызмет те атқармаған. Ал көркем фольклорлық жанр болып қалыптасқан классик. Қазақ ертегілерінің жиналуы мен жарияланып, зерттелуі 18 ғ-дың 2-жартысында басталды. Алғашқы жүз жылда, негізінен, Қазақстанға Ресейден келген адамдардың кейбірі қазақ жұртының тұрмыс-салты, әдет-ғұрпы туралы деректер жинап, солардың қатарында фольклор жайында жалпылама мәліметтер жариялап жүрді. Ертегілердің көбірек жиналып, жарық көрген тұсы – 19 ғ-дың 2-жартысы. Бұл кезеңде қазақ ертегілерін ғыл. мақсатта жариялаған жинақтар да болды. Әсіресе, В.В. Радлов, И.Н.Березин, Ы.Алтынсарин, Г.Н.Потанин, А.В.Васильев, А.Е.Алекторов, Ә.Диваев жинақтарында ертегілердің көптеген мәтіндері жарық көріп, олар туралы азды-көпті ғыл. пікір айтылды. Аталған жинаушы-жариялаушылардың ғалымдық деңгейі, ғыл. түсінігі әр түрлі болғандықтан ертегі мәтіндері әр түрлі көзқарас тұрғысынан бағаланды. Соған қарамастан біраз ертегі жарық көрді, ғыл. айналымға енді. Соның арқасында қазақ ертегілері Потаниннің, Радловтың, А.Н.Веселовскийлердің кең масштабты ғыл.- зерттеулеріне ілікті. Бұл шақта ертегілерді қазақ оқығандары да, ақындары да жинастырып, «[[Дала уәлаятының
газеті]]нде» жекелеген мәтіндерді жарыққа шығарды. Әсіресе, Мәшhүр Жүсіп Көпейұлы ертегілерді арнайы түрде жариялап отырды. Ш.Ш.Уәлиханов бастаған зерттеу ісін Алтынсарин, Абай Құнанбаев,Ә.Бөкейхановтар жалғастырды. Ертегілерді ғылыми әрі ағартушылық мақсатта жинап, жария ету, зерттеу жұмысы 20 ғ-да кең жолға қойылды. Бұл ғасырдың 40–50-жылдарына дейін ертегілер, көбінесе оқу-ағарату мәселесі тұрғысынан жарияланып, оқулықтарда, жекелеген мақала мен кітаптарда арнайы қарастырылды. Осы тұста А.Байтұрсыновтың, Х.Досмұхамедовтің, М.О.Әуезовтің, С.Сейфуллиннің оқулық іспетті жарық көрген кітаптары, С.Мұқановтың, Б.Кенжебаевтың, Е.С.Ысмайыловтардың мақалалары қазақ фольклортануы ертегі жанрына да арнайы көңіл бөлгенін айғақтады. Бірақ аталған авторлар ертегіні түсінуде, талдауда әркелкі түсінік көрсетті. Әсіресе, ертегіні таза таптық тұрғыдан бағалау етек алып, оның көптеген нұсқалары талдаудан тыс қалды, тіпті мәтіндерге редакциялық түзетулер де енгізілді. Осы үрдіс 20 ғ-дың 60-жылдарына дейін жалғасып, жарық көрген мәтіндерге таптық сипат берілді, ал зерттеу еңбектер тұрпайы социологиялық бағытта болды. 1960 жылдан бастап ертегі жанрын зерттеу ғыл. негізге түсті. Бұл салада Әуезов пен Ысмайыловтың, В.Сидельниковтың, М.Ғабдуллиннің еңбектері айрықша болды. Олар ертегілердің қазақша үш, орысша үш томын жариялап, бұл жанр туралы жаңаша ой толғап, көлемді мақалалар жазды және мәтіндерге түсініктер берді. Ертегілер 1960 ж. басылып шыққан «Қазақ әдебиетінің тарихына» жеке бөлім болып енді (авторы – Әуезов). Ертегі жанрына Ғабдуллиннің жоғары оқу орнына арналған оқулығында, Н.С.Смирнованың кітабында, орыс тілінде жарық көрген «История казахской литературы» атты 3 томдық еңбектің бірінші томында арнайы тараулар берілді (авторы – Е.Костюхин). ертегіні сала-салаға бөліп, тереңдете, типологиялық тұрғыдан зерттеу ісі 1970 жылдан қолға алынды. С.А.Қасқабасовтың қиял-ғажайып ертегілерге, Е.Д.Тұрсыновтың тұрмыс-салт ертегілерінің шығу тегіне арналған монографиялары 1972–1973 ж. баспадан шықты. 1979 ж. хайуанаттар туралы ертегілердің тұңғыш академиялық басылымы жарық көрді. Ертегі жанры бүкіл халық прозасы жүйесінде «Қазақтың халық прозасы» атты еңбекте зерттеліп, оған 1986 ж. Қазақстан ғылым академиясының Ш.Ш.Уәлиханов атындағы сыйлық берілді (авторы – Қасқабасов). Қазақ ертегітануы ұлттық фольклор туралы ғылымының үлкен де маңызды бір саласына айналды
жанры – халық прозасының дамыған, көркемделген түрі, яғни фольклорлық көркем проза.
Қорытындылай келе, мен ертегнің шығу тарихын білдім . «Ертегілер ертеңі» атты жинақ жасап, оған 4-5 ертегі ойлап шығардым. Мен ертегілерді қызыға оқимын. Өз ойымнан ерт егі ойлап табуға қызығамын. Мен «Әжесі мен немерелері»,»Екі өтірікші»,»Жұбаныш батыр»,Үйрек пен бақа» деген ертегілер ойлап шығардым.Ертеде адамдар тезжүруді,ұшуды армандаған.Сол кезде жүрдек етік,ұшатын кілем сияқты ертегілер ойлап шығарған. «Ертегі баланың бойына еңбек ,тәрбие сияқты құндылықтарды дарытатынын білдім. Менің ертегілеріммен сыныптастарым әдебиеттік оқу ,шешендік өнер ,өзін өзі тану, бейнелеу сабақтарында танысып ,өз пікірлерін айтты. Ертегілер халықтың ертеңі ,өшпес байлық,қазына !Ұрпақтан ұрпаққа ауызша тараған мұра екенін бәріміз білеміз. Әр отбасында қазақ ертегілері айтылып,әр оқушы ертегіні сүйіп оқып, ертегінің ертеңі өшпесін деп ,мен өз жобамды аяқтаймын»
www.tilimen.org
Хайуанат жайындағы ертегілер
Хайуанат жайындағы ертегілер - барлық елдердің ауыз әдебиет қорындағы сияқты, қазақ халқының ауыз әдебиет қорында да ескі ертегілер түрінің бірі. Тарихтан бұрынғы дәуірлер мен Қазақстанда феодализмнің ең алғаш орнау стадиясынан бастап, XIX ғасыр орталарына дейін созылатын феодализм дәуірі осы ертегілерде көп елес береді. Бұл алуандас ертегінің де ұзақ ғасырлар бойындағы қоғамдық-тарихтық экономикалық жайларды, еңбек иесі болған халықтың таптық арман, мүддесін әр алуан түрде көрсетіп отыратыны мәлім. Сондайлық мән, мағына бұл үлгілерде де аса мол, терең және өзгеше қымбат қазынадай деп тану керек.
Хайуанат жайындағы ертегілер жөнінде Ленин айтқан өзгеше ғылымдық зор мәнді пікірлер бар. Добролюбов та хайуанат жайындағы ертегілерге айрықша мән беріп, көп көңіл бөледі. Бұл ертегілерде еңбек елінің жуан, содыр, айлалы, зорлықшыл әкімдеріне, неше алуан қанаушыларына қарсы арналған сын мен ызалы қарсылық ойы мол екенін ол адамдар ашып айтысқан. Әсіресе тап тартысының бітімсіз қайшылықтары, қиын, шетін түйіндер көрсетілетіні аталған. Және сатираның ең бір өтімді, көпшілік көңіліне қонымды, шебер, келісті құрылыстары осы хайуанаттар жайындағы ертегілерде тамаша тапқырлықпен көрсетілгені айтылады.
Хайуанаттар көне ертегілерін андасақ, кейбіреулерінде өте көне заманды, жанды, жансыз табиғат турасындағы бұлдыр түсініктерді байқаймыз. Ондай ертегілер хайуанаттармен байланысты туған мифтік, діндік түсініктерді, әр хайуанды ғажайып сиқырлы сыры бар деп таныған тотемдік түсінікті аңғартады.
Бұл жөнде мифтік, діндік және ұғым-нанымдар көп ертегілердің тууына түпкі себеп болғанын есте тұту қажет. Сол ретте қазақ халқының кейбір аң, құс, хайуанат жөнінде өте ескі замандарда сол жәндіктерді ғажайып сиқырлы сыры бар деп таныған ескілікті, шалағай, бұлдыр ұғым-наным, жартылай діндік тотемдік түсінік бар екенін көреміз. Бұндай жәндіктерді дағдылы тіршіліктегі қалпынан, болмысынан, шындық бейнесінен өзгертіп, ауыстырып әңгімелейді. Оны жат сырлы, өзгеше сипатты етіп тандана суреттейді: "Қасқыр мен жігіт"1, "Сырттан"2, "Көгершін ертегісі"3, "Байғыз"4.
Ғажайып күшіне, құдіретіне қатты сенгендіктен иланып, табынғандық та болады. Осының салдарынан талай елдердің ескі ерте тірлігінде әр түрлі жыртқыш аң, немесе үй хайуанаттарының кейбіреулерін киелі, құдіретті деп қастерлеу болған. Ие, кие, қуаты бар деген хайуанат ішінде: арыстан, аю, қасқыр, жылқы сияқтылар болғаны бар. Кейбір ескі діндер бұл нанымды діндік шарт, парыз етіп көтергені де көп.
Қазақ халқының да ертегі ескілігі мен көне дініне қараған, сол жаңағы нанымдарға көп орын берілгені байқалады. Осы текті ертегілерде қазақтағы хайуанат жайында мифтік, тотемдік (белгілі аң, хайуанды киелі санап, қастерлеу) нанымы бар. Сондай аңның бірі - қазақ ертегісінде қасқыр болады. Бізге мәлім қазақ ертегісінің ішінде қасқыр екі түрлі әңгімеленеді. Бір түрінде, ең ескі түрінде, қасқыр ертегі ішінде әрі қасқыр, әрі адам жынысына киелі дос болып әңгімеленеді. Екінші түрінде қасқыр өзінің дағдылы қасқырлық, қастан мінезімен суреттеледі.
Алғашқы түрдегі әңгіменің мысалы - "Ақ қасқыр" ертегісі. Мұнда жас жігіт жат үңгірдің ішінде ақ қасқырға, қаншық қасқырға үйленеді. Қасқыр күйеуіне қырық күнге шейін шыда, не көрсең де, көнбіс бол дейді. Қырық күнге шейін ол қасқыр кейпінде болады да, артынан әсем сұлу адамзат қалпына түседі. Елден асқан ақылды, асыл жар болып шығады. Сынына шыдаған ерін бақ-дәулетке жеткізеді.
Қасқыр тағы бір ескі ертегіде адам затын құбылып алдайтын қас күш болып суреттеледі.
"Күйеу қасқыр" деген ертегіде жас, жақсы қызды қасқыр күйеу болып алады. Басында, қызды айттыра келгенде, қара жорға ат мініп, қара құлын жарғақ киіп, қара түлкі тымағы бар, әлемде жоқ сұлу сымбатты жалғыз жігіт болып, айттырып алып кетеді. Оңаша шыққан соң, аунап түсіп, көкжал қасқыр болып шығады. Бұл ертегі қазақ әйелінің халін аса аянышты қайғылы күйде суреттеумен қатар, тағы да қасқырды адамға қатал, ерекше күш иесі дұшпан қып сипаттайды. Киелі, сиқырлы жау етіп ұлғайтып көрсетеді.
Әсіресе бұл жай бұрынғы қазақ әйелінің патриархалдық үй ішіндегі халімен байланысты бір жайды еске түсіреді. Ол - үй ішінде қазақ әйелі күйеуге тию кезеңінен қатты үркіп, уайыммен жасқанатын. Өйткені қалыңмалға сатылған, ата-ананың бұйыруымен өзі білмес елге, ерге алғаш бара жатқан қыздың бәріне алдыңғы өмір тас қараңғы, қорқынышты, күдікті жұмбақ болатын. Әйел халінің осындай күйін Поль Лафарг өте дұрыс, терең күйде бейнелейді. Көп елдерде "...әйелді ерінің артынан еруге зорлап, күшпен көндіретін. Үйлену зорлықпен аралас болатын", - дейді ол. Және де осы жайдың сырын аша келіп, Лафарг: "Күйеуге тиюден қорқу патриархалдық үй ішіндегі өмірден туған ең алғашқы қатты қорқыныштан, қауіптен тарайтын", - дейді.
"Сырттандар" деген ертегіде қасқырдың, иттің, жігіттің сырттаны, аттың тұлпары алысқа араласады. Бұл ертегіде қасқыр нақтылы айқын, қастан күш, адамға ош, зұлымдықтың жиынтық бейнесі болып кейіптеледі. Қасқыр сырттаны жалғыз баланы туысымен, соны жемекке бола жасайды. Баламен бірге оның жау тағдыры, қазасы қоса туған болады. Сол жігітпен бірге оның дос серігі болып, ажалына арашашы болып, құлын-тұлпар да қоса туады. Кейін жігітке жәрдемші болып, ит сырттаны араласады. Сол ат, ит достығы арқылы қасқыр сырттаны жеңіліп, жігіт аман қалады да, үлкен сыннан жеңіп өтіп, үлкен шыңға шығады.
Хайуанаттар жайындағы ертегілерді неше алуан қасқырлар жайындағы ертегілерден бастадық. Өйткені бұл алуандас ертегілерінің саны да көп, орны да зор. Бірақ хайуанат турасындағы қазақ ертегілері тек қасқыр жайындағы әңгімелер емес. Және қасқырдың өзін де тек, осы жоғарыда айтылған түрде ғана әңгімелейді.
XIX ғасырдың орта кездеріне шейін созылған ұзақ дәуірлер бойында хайуанаттар жайындағы ертегілерде көп құбылып, өзгерістер, жаңғыру, даму кезеңдер болғанын аңдаймыз. Бұл ертегілердің сондай жайларында тарихтық әр алуан дәуірлердің өзгеріс құбылыстары айнаға түскендей әсер етіп, елес беріп отырады.
Әсіресе фольклорды зерттеуде бұл күнге шейін өте аз ескерілген көркем тіл, көркем стилін халықтық-поэзиялық шығармалардың ерекшеліктерін талдау проблемасымен байланыстыра ұғыну қажет.
Осы тұрғылардан қарағанда, хайуанаттар жайындағы ертегінің де совет фольклористикасы ашатын ең мәңгі ғылымдық-тарихтық зор мәселесі: осы алуандас халық ауыз әдебиетінің идеялық мазмұнын ашуда. Хайуанаттар жайындағы ертегілердің сол өзгешеліктері көп кезде ірі сатира түрінде келетінін еске алып, қазақтағы бұл алуандас ертегідегі сатиралық элементтерді айқындап ашу қажет. Көркемдік, шеберлік ерекшеліктерін алғанда қазақтың да хайуанат жайындағы ертегілерінің бейнелегіш образдары тамаша келеді. Оқиға-тартыстың сұрыпталып, сығымдалған жинақтылығы және дөп тигіш мәнділігі айрықша талдауды қажет етеді. Көркемдік қасиеттерін, поэтикасын талдауда бұл ертегілердегі жәндіктерді сөйлестіру-диалог формасы ерекше шебер келтірілетінін еске тұту қажет.
Бұндағы шеберлік қасиетінің бір алуаны - бейнелеу (олицетворение). Сол тәрізді көркемдік әдістер арқылы, көбінше неше алуан айуандар, жыртқыш аңдар, қанқорлар арқылы хандардың, билердің, байлардың, ілгері-соңғы әкімдердің жайлары, таптық-қоғамдық тұлғалары көрінеді. Солардың қанағыштық сырлары ашылатынын әшкерелеу шарт. Осыған байланысты қазақтың хайуанат жайындағы ертегілері қоғамдық сатира екендігін, сол арқылы тап тартысының астары, тамыры тереңдеп ашыла отырғанын, көп уақытта юморлық мысқыл, ажуаның, өтімді, күлдіргі тілдің тамаша шебер үлгілерін танытатынын есте тұту шарт.
Бұл ертегілер де ескі заманнан келе жатқан ең көне түрдің бірі. Адамның өзінен өзге, жанды-жансыз дүниенің ішінде, ерте күннен ең көп араласатын ортасы осы жан-жануар, неше алуан дос-қас хайуанат ортасы. Ол сан алуан, сан сырлы, санап бітіргісіз жұмбағы көп, ерекшелігі, ерсілігі көп ен дүние. Есте жоқ ескі заманнан бері қарай адам сол жануар, хайуанат дүниесімен әр күйде айласу арқылы олардың алуан-алуан жаратылысы, мерзім-машығы, тілек-тәсілі өзгешеліктері туралы көп нәрсені білген, таныған. Тіс, тырнақты жыртқыштың қалың сауыр мықтысы, қанаты қырағы ұшқышы, су асты, жер астының жайыны мен долысы, қаскөйі мен момыны, жемтігі мен жемі, ұлысы мен кішісі, әлдісі мен айласызы - бәрі де ертедегі адамды сансыз көп қиялға, ойға, тәсіл-тәжірибеге, алыс-айлаға салындырған.
Бұл дүниенің бәрінен адам қорқатын, жеңілетін, бірін керегіне, көмегіне жаратып, ішіп-жеміне жаратып, пайдаланып салмақ болатын. Мысалы, барлық ұзақ тарихи тіршілігін үй хайуанымен, мал атаулымен нық байланыстырған елдің бірі - қазақ халқы және қазақпен туысқан талай ескілі-жаңалы елдер. Жаңағы ұзақ айластық арқасында бұл елдер өздері істес болған жан-жануарлардың бәрін тек біліп қана қойған жоқ, олар жайында толып жатқан аңыз-әңгіме, арман-қиял, нелер сұлу, саналы жыр, ертегілер де тудырған.
Жақыннан таныған қол мүлкі, малының жаратылыс, мерзім-машығын білуден басқа, олардың сыртқары жайы - жабайы хайуанаттар туралы да сансыз көп тәжірибе, түсінік, білім жайлы талай көркем әңгімелер тудырған. Жанды заттар дүниесін өзіне де дос күш, қас күштерге бөліп, тірлік үшін жасалатын алыс-тартыстың неше алуан құбылыс халдерін әңгіме еткен.
Жан-жануар мінезінен адам қоғамында болатын таптық қанаушылық, қомағайлық, қорқаулық, аярлық, долылық, кекшілдік, сотқарлық сияқты көп-көп күйлердің елесін көрген. Хайуанат тірлігімен, мінез тартыстарымен адам тірлігі, адам мінез тартысы арасында ерекше ұқсастық барын тауып таныған. Сол мінездерді ұлғайтып, адам санасындай санаға, есепке, ақыл-тәсілге жеткізіп, тіл орамға келтіріп әңгімелейтін болған.
Хайуанат жайындағы әңгіме аңыздардың бір алуаны осындай болса, мұның екі түрі бар еді. Бірінде хайуан мінез-құлықтарын дәл хайуанның өзін суреттеу үшін айтпай, адамдағы мінез-құлыққа бейне, тұспал, мысқыл есебінде қолданылған. Адамдағы кемдікті, мінді бадырайтып, ұлғайтып, жиренішті етіп көрсету үшін, сондай сын арқылы жаманшылықпен алысу үшін мысал етіп алу болған.
Қазақ ертегілерінде, мысалы, әр алуан арыстан, аю, жолбарыс, қасқырлар бейнесінде қазақтың хан, бай, уәзір, саудагер сияқты көпке залалды, тойымы, тыйымы жоқ, жуан қанқор содырлары әңгіме етіледі ("Түлкінің алдағаны", "Түлкі, түйе, қасқыр, арыстан, бөдене")5. Сонда жаңағы аталған әр алуан жыртқыш аңдар арқылы қанаушы ортаның әр тұлғалы содырларына әр бөлек мінездер беріледі. Бұл алуандас ертегілердің жалғыз қазақта ғана емес, қазақпен аралас көп елдерде бар екені мәлім. Сол ретте, әсіресе қазақ ертегісіне аса мол әсер еткен орыс халқының хайуанаттар жайындағы ертегілері екенін аңғару қиын емес.
Мысалы, бір ғана аңды алғанда, оның ақылсыздау, қорқақтау және қопал, орашолақ мінезді болып келетін жайы орыс ертегісінде қандай болса, қазақ ертегісінде де және чукот, эскимос, коряк сияқты елдер ертегілерінде де солайша қалыптанатынын аңғарамыз ("Аю, түлкі, қойшы"6).
Бұл жайлардың барлығы, Ш. Уәлиханов айтқанындай, қазақ сияқты Россия көлеміндегі елдердің барлығының хайуанаттар ертегілерінің көп әсері болғанын көрсетеді.
Хайуан мінездерін әңгіме етудің екінші бір түрі бар. Олар хайуанды анық хайуан етіп суреттейді. Оның жанды-жансыз дүние арасындағы өз қалпы, кейпімен жүрген шындығын, болмысын адам өз түсінігі арқылы анықтап, айқындап, жетілте көрсетеді. Бұл соңғы түрде де әсерлеп ұлғайту қосылатын кездер бар. Бірақ дәл бір түрдегі ұлғайту адамға айна қып көрсету емес, мысқыл емес. Хайуанаттардың ерекше сырына, жұмбақ бітім жайына, өзгеше өмір тәсіліне, жат сырына таңдану болады.
Біз тексеретін бір топ ертегілерде өзге хайуандар ішінде тағы да қасқыр кездеседі. Бірақ оларда қасқыр өзге елдердің ертегісіндей анық қасқырдың өз бейнесіне жақын суреттеледі. Ондағы аңның бәрі де ескі үнді жұртының, ескі орыс ертегісінің ішінде суреттелген аңдарша адам қауымындағы өрескел, қорқау мінездеріне мысал, аллегория ретінде бейнеленген болады. Арнаулы бір келеңсіз бітім, тұлғаның қалпында кейіптеледі. Бұл алуандас мол ертегінің көптен көбі мысқыл ажуаның өзін де еңбек тартыс тәжірибесінен алады. Айналадағы жанды-жансыз дүниеге адамның іс-әрекеті, еңбек тартыс арқылы қатынасуы адам қауымы мен табиғат арасындағы мысқыл етерлік ұқсастықты байқатады.
Көп ел ертегілеріндей, қазақта даталай ертегілерде бірнеше аң-хайуан бірге жүреді.
Мысалы, қасқыр мен түлкі, қасқыр, аю және түлкі, кейде қасқыр, түлкі, арыстан, түйе аралас жүреді ("Арыстан, қасқыр, түлкі, түйе"7, "Түйе, қасқыр, жолбарыс"8). Бұларды ертегінің әдісінше біріктіретін әңгімелік себеп, мотив - оқыстан кезігу болады. Әрбір аң айнымас мінез иесі болады. Арыстан - әр зорлықтың, асқақ күштің иесі; қасқыр - тойымсыз қомағайлық, жемтік мінез иесі; түлкі - пәле басы және жауырыны жерге тимес, аяр алдамшы, өзінен өзгенің бәріне іші қас, сырты дос болып жүреді. Ауырдың үсті, жеңілдің астымен жүріп, ұшқан құс, жүгірген аңның бәрін мазақ етіп, алдап соғып жүреді. Бұл және әр кезде хайуанаттар жайындағы әңгімелердің күлдіргісі болып араласады. Оған сөйлеген аңның бәрі "түлкі-түкім" деп, айласынан еріксіз именіп, жағына сөйлейді. Өзінше, бір алуан келеңсіз, ақылсыз қара күштің иесі болып аю жүреді. Орыс халқының ертегісіндей, қазақ ертегісінде аю күлкі, масқара болып қалғыш, өрескел бітімде болады.
Момын, жазықсыздан, кең тазалықтан осы хайуандар арасында жүріп жем болатын түйе бар. Қазақтың бұл алуандас ертектерінде ("Түлкі, аю, қойшы"9) көбінше қойшы аралас жүреді. Ол кейде түлкіні өзіне серік етіп, аюдай алып күштерді айласыз, қара күшті тәсілмен ұрып жүреді. Түлкі мен адам алдасып айлакестік салыстыратыны да осы қойшы, түлкі, аю әңгімесінде болады. Көптің есесін жеп жүрген түлкі адамнан алданып, өзі жер қабады.
referat911.ru
Кіріспе 3
1.1.Ертегі және оның түрлері 4
1.2.Ертегілердің зерттелуі. 8
2.1.Ертегілердің дамыту функциялары 10
2.2. Ертегілердің оқытылу жолдары 12
Ертегілерді оқыту әдіс тәсілдері 14
III.Практикалық бөлім 17
ІV.Қорытынды 21
Пайдаланған әдебиеттер 23
Жұмыс түрі: Курстық жұмысЖұмыс көлемі: 20 бетПәні: Басқа тақырыптағы курстық жұмыстар
-----------------------------------------------------------------------------------КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТЫҢ ҚЫСҚАРТЫЛҒАН МӘТІНІ
Кіріспе
Халықтардың ежелгі педагогикасы мен бала тәрбиелеу дәстүрі олардыңЕрте кезде қазақ халқында бала тәрбиелеуге арналған қоғамдықОқу, сызу өнеріне машықтанбаса да, бір естігенін қалтқысызТақырыптың өзектілігі: Ертегілерді оқыту жолдары және әдіс тәсілдері.Зерттеудің мақсаты: Ертрегілерді оқытудың негізгі әдіс-тәсілдері, жолдары арқылыЗерттеудің әдістері: жинақтау, топтастыру, түсіндіру, бақылау әдістері.
Курстық жұмыстын құрлымы: Жұмыс кіреспеден, негізгі бөлімнен ол1.1.Ертегі және оның түрлері
Көркем шығармалардың бір түрі-ертегілер. Ертегілер-ауыз әдебиетінің ықылым заманнанЕртегілер өтірік болғанымен, мағынасыз болмайды. Көбінесе ішкергі астарлыЕртегілер адам баласының еңбек-кәсібі, тұрмыс-тіршілігіне байланысты туған. ОндаҚиял-ғажайып ертегілері. Бұл топқа кіретін ертегілер ескі замандаХайуанаттар жайындағы ертегілер. Бұл топтағы ертегілердің де алғашқыТұрмыс-салт ертегілері. Қазақ ертегілерінің ішінде тақырыбы мен оқиға-әңгімелерініңБұл топқа кіретін ертегілерде ескі заманнан бастап, соңғыШыншыл ертегілер. Шындық өмірден алып ауызша шығарған қазақЕртегілер түрлері
Қиял-ғажайып
ертегісі
Жануарлар ту-
ралы
Тұрмыс-салт
ертегісі
Шыншыл ерте-
гілері
«Жалмауыз кемпір»
Қиял-ғажайып ертегілері
«Алтын шашты
Қыз» «Ер Төстік»
«Ұшқыш кілем»
«Құламерлен»
Шыншыл ертегілер
«Аяз би»
«Атымтай жомарт»
«Қырық өтірік»
«Тоғыз тоңқылдақ,
Бір шіңкілдек»
Хайуанаттар жайындағы ертегілер
«Дүмше молда»
«Қасқыр мен жігіт»
«Байғазы»
«Сырттандар»
«Ақ қасқыр»
«Түлкі мен маймыл»
«Түлкі,түйе,қасқыр»
«Құйышық»
«Шудалы торғай»
«Молда мен би»
«Үш қу»
«Зар жылатқан
Зарлықбай»
Тұрмыс салт ертегілері
«Ақылды әйел»
«Үш өсиет»
«Жеті шаян»
«Үш ауыз сөз»
«Өнеге»
«Білгір адам»
1.2.Ертегілердің зерттелуі.
Бертін келе, экономиканың ілгері дамуы, қоғамдық қарым қатынастардыңБұл секілді жағдайларды қазақ ертегілері де басынан кешіргенЕртегілердің құрылысы. Ауыз әдебиетінің басқа эпостық түрлеріЕртегілер ауызша айтылатын көркем әңгіме болғандықтан, оған әрбірқызықтыра түсу жағын ойлайды, кейде ертекші әңгімесін:Ертек ертек ерте екен,
Ешкі жүні бөрте екен,
Қырғауылы қызыл екен,
Құйрық жүні ұзын екен,
Мұзға жығылған екен,
Сирағы сынған екен, -деп, немесе:
Бар екен, жоқ екен,
Бөрі бөкеуіл екен,
Түлкі жасауыл екен…-
деп тақпақтай жөнеледі. Осыдан әрі қарай негізі әңгіме2.1.Ертегілердің дамыту функциялары
Ертегілердің бала дамуындағы танымдық-адамгершілік және эстетикалық міндеттерінің маңызыЕртегінің қанша деп сұрағанда керектігіне қарай жауап беріледі.Ертегіден халықтың әр кездегі тұрмыс-тіршілігі, қоғамдық өмір, ой-арманы,Халық өзінің ертегілерінде, қиял түрінде болса да, қоғамӘрине, ел арасында айтылып , сақталып келген ертегілердіңхалықтық арманы мен мүддесі тұрғысынан зерттеу, жазу керек»,Эстетикалық қызметте түрлі мазмұндағы өнер түрімен таныуды, ауызекіМәтінді түсініп саналы түрде оқу.
Халық ауыз әдебиеті мен жазба әдебиеті шығармаларынан жанырынаӨз ана тілін жетік білуіне, меңгеруіне, тіл тазалығы,Оқушылардың ойлай, қиялдай, армандай білуіне, танымдық қасиетін, шығармашылықДиологтық, монологтық сөйлеу дағдыларын, өз сөзін, ойының дұрысӘдебиеттік оқумен байланысты болып, оқу жылдамдықтарын арттырады,Мәтін мазмұнын өз көзқарастарымен пікірін білдіруге әңгімелей білеЕртегілер мазмұнымен танысып, қойылымдар қойылу арқылы көркемдікҚазақ балалар поэзиясының ұлттық көркемдік дәстүр мен өзгеҚазақ балалар поэзиясын құрайтын үлкенді-кішілі ертегілерді мазмұны менбиіктіктерін айқындай бағалауға болады.
Қазақ балалар ертегілерінің көркемдік-эстетикалық және тәрбиелеушілік деңгейін айқындайтынІшкі түрге бөле қарастыру қазіргі балалар ертегілерінің біртұтас2.2. Ертегілердің оқытылу жолдары
Ертегінің әсерін тыңдап, эмоционалды тұрғыда қабылдап және кейіпкерлердіңЕртегіні мәдени шикізат ретінде қолдану арқылы мұғалімОқушылардың ертегілерге қызығушылықтарын шыңдау жалықтырып алмау ушін жүргізілетінЕртегі желісі бойынша салынған суретті қорғау. Мұнда әрЕртегілер бойынша қойылымдарды сахыналау. Белгілі бір ертегіні орындаужетекшілері кеңінен қолданады.
Ертегілерден үзінді жатқа айту. Мұндай жұмыс түрлері белгіліЕртегі құрастыру. Балалардың өз бетімен ертегі құрастыруға дегенЕртегілер еліне саяхат ұйымдастыру. Ертегілерді оқу арқасында оқушыларбайқаймыз, көптеген оқушылардың оқу жылдамдықтарының артқаны байқалады. Әртістікдамығанын, олардың ана тілі бойынша да білім сапасыныңЕртегілердің дамытушылық мүмкіндіктерін жүзеге асыру үшін мұғалімнің бірлескенЕртегіні оқу барысында бұл ойдан шығарылған өмірде кездеспейдіОқушларды кейіпкерлерге қарапайым мінездеме беруге үйретуге ертегілердің пайдасыҚара сөзбен жазылған ертегілер текске жақын үлгімен мазмұндалады.Жануарлар туралы ертегілерді оқығанда дайындықтың онша керегі жоқ.Баланың даму мүмкіндіктерін, жас ерекшелігін ескере отырып, баланыңЕртегі мәтінін қабылдауға мұғалім өзі тарапынан балалармен әріптестікСабақ барысында балалардың тыңдау еркі сақталып, ықтиярлыберіледі.
Екі көлемді ертегілер оқу аралығында шағын туындылар пайдалануғаЕртегінің композициялық ерекшеліктеріне қарапайым түрде бақылау жүргізіп үйретуЕртегіні оқып болған соң, талдауды бастап кетуге болмайды.ықылас танытқан жағдайда мұғалім ертегі мазмұнын одан кейінгіБағдарлама бойынша « Атамұра » баспаынанСауат ашу кезеңі, әліппеден кейінгі кезең: «1-сыныпта: « Сауысқан мен көкек », « Арыстан2-сыныпта:
3-сыныпта: « Ажалдан құтқарған асыл сөз », «4-сыныпта: « Ғайып бақ », « Түс көргенЕртегілерді оқыту әдіс тәсілдері
Оқулықтарда ертегілердің қара сөзбен жазылған түрлерімен қатар, өлеңменЕртегілерді оқытуда ең басты мына мәселелерге көңіл бөлу- Ертегілердің жанрлық ерекшілігін таныту яғни- Сюжет пен композициоясындағы жымдастық, тұтастық, өзіндік ерекшеліктерді- Тіл құрылысы ұйқсаспен, тақпақпен келуі, баяндау,- Ертегі негізінде халқымыздың асыл арманы, ұшқырадамдық биік мінез-құлқының, тыныс-тіршілігінің айнымай көрінуі. Қай ертегіЕртегілерді оқытуда қандай әдіс-тәсілдер, оқу формалары, сабақ типтеріЕң алдымен, оқушыларға ертегіне оқыту, мазмұнын толық меңгертуЕртегі мазмұнын толық меңгерту, мәтінді оқыту мақсатында, әріОқу, талдау барысында сол бөліктерге оқушыларға ат қойғызады.
Ертегінің мәтінін оқу да бірнеше әдіс-тәсілмен жүргізіледі. МұғалімЕртегі мәтінін мазмұндату жұмыстарының бірнеше әдіс-тәсілдермен жүргізуге болады.а) Мәтінге жуық толық мазмұндау;
ә) Эпизодтарға байланысты басты оқиғаларын теріп мазмұндау;
б) өздеріне ұнаған оқиғаларды ғана мазмұндау.
в) мұғалім сұрағына жауап-мазмұндау.
Мазмұнын толық меңгерткеннен кейін, ертегіге әдеби талдау жүргізіледі.Бастауыш класс оқулығында бірнеше ертегі беріледі. Оларды оқып,Халық ертегілерімен қоса, оқулықта әдеби ертегілерге де орынӘдеби ертегінің халық ертегісінен басты –басты айырмашылығы (авторыныңҰқсастық, үндестік жақтары;
Көтеретін негізгі мәселелер;
Көркем поэтикалық тілі;
Ертегінің маңызды тәрбиелік мәні;
III.Практикалық бөлім: Мен, тәжірибе өту барысында балалрға көптеген ертегілерді оқыттым.Сыныбы: Пәні: Тақырыбы: Мақсаты: кеңіне мағлұмат беру, ертегідегі
кейіпкерлермен таныстыру,
оқушыларды еңбекқорлыққа,
тазалыққа тәрбиелеу.
Міндетті: Білімділік: білімдерін кеңейту, ертегілердің
өзіне тән ерекшелігі болатының
білгізу.
Дамытушылық: сөйлеу тілін, шығармашылығын, әртістік қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: ертегі кейіпкерлер арқылы оқушы-
ларды тәрбиелеу.
Жұмыстың барысы:
Ұйымдастыру бөлімі.
Түсіндіру
Негізгі бөлім.
Ертегі туралы көрініс.
Қорытынды.
Сұрақ-жауап.
І.Ұйымдастыру бөлім.
Жургізуші: Сәлеметсіздер ме оқушылар? «Ертегілер әлемі» атты саяхатымызғаБүгінгі біздің тоқталатын ертегіміз «Мақта қызбен мысық». ЕндншеКейіпкерлер: Мақта, кыз, сиыр, тал, қыздар, дүкенші, тауық,ІІ. Негізгі бөлім.
«Мақта қызбен мысық» ертегісінен көрініс.
Жүргізуші: Бір күні мақта қыз үйін жинап жүріпМысық: -Мені неге шақырдың –дейді.
Мақта қыз: -Мейіз тауып алып едім сен келмегенМысық: -Қатықты төгіп тастайды.
Мақта қыз: -Оның құйрығын жұлып алады.
Мысық: -Құйрығымды берші?
Мақта қыз: -Қатығымды әкеп бер, сосын құйрығыңды қайтарам.
Мысық: -Сиырға барып, сиыр маған қатық берші?
Сиыр: -Маған жапырақ әкеп бер.
Мысық: -Талға барып, тал маған жапырақ берші?
Тал: -Маған су әкеп бер.
Мысық: -Келе жатып шелегі бар қыздарды көріп: ҚыздарҚыздар: -Бізге сағыз әкеп бер.
Мысық: -Дүкеншіге барып, дүкенші маған сағыз берші?
Дүкенші: -Маған жұмыртқа әкеп бер.
Мысық: -Тауыққа барып, тауық жұмыртқа берші?
Тауық: -Маған жем әкеп бер.
Мысық: -Басы салбырап келе жатып тышқанның інін көріпТышқан: -1 қап жемім бар.
Мысық: -Жеміңді маған бер, -дейді
Тышқан: -Жемін мысыққа береді.
Тауық: -Оған жұмыртқа береді.
Мысық: -Жұмыртқаны дүкеншіге апарып береді.
Дүкенші: -Оған сағыз береді.
Мысық: -Сағызды қыздарға апарып береді.
Қыздар: -Оған су береді.
Мысық: -Суды талға апарып береді.
Тал: -Оған жапырақ береді.
Мысық: -Жапырақты сиырға апарып береді.
Сиыр: -Оған қатық береді.
Мысық: -Қатықты мақта қызға апарып береді.
Мақта қыз: -Мысықтын құйрығын салып береді.
Жүргізуші: Өйстіп ертегі аяқталады.
ІІІ. Қорытынды :
Жургізушы: Балалар, сендер көп ертегі білесіндер және ондағы(Оқушылардың жауаптары)
Ертегілерден көрініс қою арқылы біз оқушылардың коптеген шығармашылықтарынТеатрландырылған ойындар сюжеттік-рөлдік ойындар сияқты өзіне тән белгілердік:Сонда сахналандырылған ойын түрінің қандай маңызы бар?
-Сахналандырылған ойындар балаларды әр уақытта қуанышқа бөлейді. ОданСоның бейнесін беретін бет перде, костюмін киеді. Яғни,-Кейіпкерлер сөйлейтін сөздерді атау үстінде сөздің мағынасын, әдеби-Баланың түрлі-түсті безендіруді жасауға қатысуынан эстетикалық талғамы оянады,-Ең соңында баланың адамгершілік-имандылық мінезі қалыптасады. Ол тіршілікІV.Қорытынды
Біз жоғарында, шолу түрінде болса да, қазақ ертегілерініңХалықтың жазу-сызу өнері, болмаған кезде тұған ертегілер менҚазақ халқының ерте заманнан келе жатқан ертегілерінің еңОқушылардың ертегілерге қызығушылықтарын шыңдау жалықтырып алмау ушін жүргізілетінЕртегі желісі бойынша салынған суретті қорғау. Мұнда әрЕртегілер бойынша қойылымдарды сахыналау. Белгілі бір ертегіні орындауЕртегілерден үзінді жатқа айту. Мұндай жұмыс түрлері белгіліЕртегі құрастыру. Балалардың өз бетімен ертегі құрастыруға дегенЕртегіні оқу барысында бұл ойдан шығарылған өмірде кездеспейдіОқушларды кейіпкерлерге қарапайым мінездеме беруге үйретуге ертегілердің пайдасыҚара сөзбен жазылған ертегілер текске жақын үлгімен мазмұндалады.Баланың даму мүмкіндіктерін, жас ерекшелігін ескере отырып, баланыңЕң алдымен, оқушыларға ертегіне оқыту, мазмұнын толық меңгертуЕртегі мазмұнын толық меңгерту, мәтінді оқыту мақсатында, әріОқу, талдау барысында сол бөліктерге оқушыларға ат қойғызады.
Ертегінің мәтінін оқу да бірнеше әдіс-тәсілмен жүргізіледі. МұғалімБаланы өмірге, іске, әрекетке баулу, ойлы да саналыПайдаланған әдебиеттер
М.Ғабдулин: Қазақ халқының ауыз әдебиеті, «Алматы»- 1974;
2.С.Рахметова: Қазақ тілін оқыту методикасы, «Ана тілі»-1991;
3.Журнал: «Қазақ тілі және әдебиетті оқыту»-№6,2006жыл;
4.Журнал: «Бастауыш мектеп»-№4,2008жыл;
5.Журнал «Тәрбие құралы»-№2,2007жыл;
6.Журнал: «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі.
Педагогика иметодика начального образования»-№9,2006жыл;
21
topreferat.com.kz