bankreferatov.kz
Қазақстандағы соңғы санақтың өткеніне де бес жыл өтті. Бұл жылдардағы экономикалық-әлеуметтік салалардағы өзгерістер ғылымның зерттейтін обьектісіне елеулі өзгерістер енгізетіндей болды. Сондықтан да өз басым Қазақстанның ұлттық құрамындағы жағдайдың өзгерістер барысын ұдайы қадағалап, сараптап, ғылыми ақыл таразысынан өткізіп отырамын дейді белгілі демограф-ғалым Мақаш Тәтімов. Биылғы зерттеу жұмысы да сол үйреншікті жұмыстың бір саласы. Егер оның нәтижесі қандай деген сұраққа жауап берер болсақ, ол «көңіл көншітпейді» деген сөз болып шығады. Бір этноста болмашы өсу болса, келесісінде азаю орын алған, нәтижесі бізді қанағаттандырмайтын жағдай. Сондықтан мемлекеттік деңгейде бір шұғыл шара қолданбасақ демографиялық жағдай көңіл қуантардай болады деу бос сөз болып шығады. Әлі күнге дейін табиғи өсімнің азаюы түйінді мәселе қалпында қалып отыр. Балалар тууының азаюы халықтың қалыпты өсімін тежеуішке айналған. Тұрғындардың орта жасының өсіміне орай бала мен ана өлімі азайса да өлім көбейген. Бұл нәтижелер Қазақстанда этнодемографиялық жағдайдың мол өзгерістері жалғасып жатыр дегенімізбен ақырындап болса да нағыз еуроазиялық мемлекетке айналып барамыз. Бізде де еуропалық этностар тууды дәстүрлі түрде шектеуіне байланысты олардың елден кетуі азайғанымен саны кеміп барады. Бұл шамамен 35 мың адам немесе үлкен бір майданда кездесетін шығын. Елімізден негізінен еңбекке жарамды жастар кетіп, кәрілер қалуда. Бұл республика тұрғындарының орта жасын ұлғайтып, өлімді көбейтуде, тууды азайтуда. Тұрғындардың шығыстық саналатын бөлігінде де аймағымыз үшін дәстүрлі болып саналатын көп балалы отбасыларының саны азайып кетті. Олар да еуропалықтар соңынан ергендер. Бұлардың қай-қайсысы да еліміз үшін ойласарлық жағдай.
Осынау тұйықтан шығудың жолы туралы әңгіме қозғасақ, әрине, ол жоқ емес, бар. Ең алдымен жас шаңырақты бала тууға бір-екі емес, көбею шарттарына сай ең кемі үш сәбилі болуына ынталандыру керек. Таяуда парламент мінберінен сөйлеген Тәтімов мырза жастарға тұрғын үй несиесінберу мәселесіне өзгерістер енгізу керектігі жайлы ой тастады және ол несиені баланың дүниеге келуіне орай, мәселен, үйлерде бала туу аз ғой. Менің бүл пікірімді парламент те, үкімет те мақұлдады. Дегенмен, екіншісі ұсыныстарды толық күйінде қабылдамады. Демографиялық жағдайды түзеудің екінші бір жолы-елімізде жасанды түсікке (аборт), ең болмағанда біріншісін түсікке айналдыруға тиым салу. Өйткені алғашқы баланы түсік ету, ананы енді сәби көтермеуге соқтыратын жолдарының бірі екені белгілі ғой. Бүдан бұрынғы зерттеулерімізге қарасақ, тоқсаныншы жылдардың орта шенінде жасанды түсік тірі туған балалардың санынан асып жығылған екен. Халық арасында үгіт-насихат жүмыстары жүргізілуіне қарамастан қазір де жағдай оңып түрған жоқ, жылына 150 мыңдай түсік тасталынады екен. Адамзаттың және діни көзқарастардың барлығы қолдан жасалған түсікті күнә дейді. Демек, қоғамдық санаға осы жағынан да қозғау салу қажет.
Исламның жасанды түсікке қалай қарайтындығы жайлы мәселеге көңіл аударсақ, шарана қимылдаған сәтінен Алланың бергені саналады да оны түсіру кәдімгі ересек адамды өлтіргенмен тең. Бала туу мөлшерін көрсететін арнайы коэффициент 1999 жылы 1,76-ға түсіп, яғни шартты шектен құлдырап кеткен болатынбыз. Сол тұста туудың азаюы мен өлімнің өсуін қағазға сызықтармен түсіргенде (схема) «қақпан» бейнесі шыққан! Шошынасың! 1999 жылы сол «қақпан» шаппалары түйісіп, қабысып қала жаздады. Мұны көру сұмдық еді. Қазір сол қақпан шаппалары бір бірінен ептеп те бола ажырасып, ашылып барады, өлім азайып, туу көбейе бастады. Дегенмен, көп балалы болудан кетіп, еуропалық дәстүрге келе жатқанын да қосу керек.
Енді біз келесі сұраққа шығамыз, яғни баяғы азиялық дәстүрдің, көп балалы болуға көшудің жолын табамыз ба деген сауалға жауап іздейміз. Меніңше, біз: «Көп балалық, қош!» дейтін секілдіміз. Нарықтық қатынас кезіне көп баланы өсіріп тәрбиелеу мәселелері қиындай түседі. Әр отбасында үш бала болса да жетеді. Ол үшін де кәдімгі қарапайым отбасында қалыпты түрмыстық жағдайдың болуын қамтамасыз етуге тиіспіз. Жалпы алғанда Қазақстан тұрғындарының шектен шығып бара жатқан жер шарында тұрғыны аз ел болып қала алмайды.
Ал енді этносарлық түсіністік демографиялық жағдайға әсер ете ме дейтін сұраққа келетін болсақ, жауап дайын-әлбетте! Мысалға аралас некені алуға болады. Шығыстық көзқарас пен батыстық пікір түйісіп ортасынан жаңа бір шамамен айтсақ еуразиялық байлам шығады. Бұл нағыз алтын көпір. Оның демографиялық түйінді шешуге оң әсері болары сөзсіз. Қазақстандағы орыс отбасы мен Ресейдегі орыс шаңырағын мысалға алайық. Ресейдегі отбасында бала аз, біздегіде көп. Немістерге байланысты да осыны айтуға болады. Көрші: «көпбалалы көршім ешкімнен кем емес қой» деп ойлайды да жақсылыққа қадам жасайды.
Қазақстан Еуразия суперконтинентіндей этнодемократияның айнасы. Мұнда демографиялық көзқарастың барлығы дерлік шоғырланған. Этносаралық түсіністіктің қазақстандық моделі түптің түбінде бүкіләлемдік үлгіге алынуы да мүмкін. Бұл жайлы әсіре сыпайылық сақтамай-ақ, мақтанышпен айтып өз еліңнің болмысымен, ертеңімен ғана емес бүгінгімен марқаюыңа болады.
www.zharar.com
Аталған Үйсін мемлекетімен қатар Қазақстан аумағында Қаңлы мемлекеті өмір сүрді. Қаңлы мемлекеті де қытай деректері арқылы әлемге мәлім болған. Қытайдың "Тарихи жазбалар. Ферғана тарауында": «Қаңлы (Кангюй ) Ферғананын батыс солтүстігінде шамамен 2000 ли - шақырымдай жерде тұрады. Көшпенді мемлекет. Даружылармен ғұрып-әдеттері ұқсас. 70-80 мың жері бар. Ферғанамен іргелес отырған ел» /6/ -деп жазылған. Осы еңбектің даружылар тарауында: "Даружылардың солтүстігіңде қаңлы тұрады. Көшпенді мемлекет. Мал соңынан ілесіп көшіп жүреді. Ғұндармен әдет-ғұрыптары ұқсас» /7/ -деп жазылған. Бұдан Қаңлылардың арғы тегінің даружылармен байланысты екендігін аңғарамыз. Ал даружылардың б.з.д. 160 жылдары Жетісу жерінен үйсіндер тарапынан ығысып, батыс оңтүстікке ауғандығы жоғарыда айтылды. Сол батыс оңтүстікке ауған даружы¬лар құрамынаи қаңлы тайпасы бөлініл шығып, Талас өзенінің орта ағысында б.з.д. 160 -150 жылдары аралығында өздерінің дербес Қаңлы мемлекетін құрған. Қытайдың "Ханьнама – Хань шу" атты жылнамасында: "Жыжы төңірқүт өз жеңісіне масаттанып, Қаңлы патшасын да көзге ілмеді. Ол тіпті қаһарланып, қаңлы патшасының қызын, ақсүйек төрелерінің бірнеше жүздеген қарапайым адамдарын өлтіріп, жіліктеп Даулай шүйге (Дүлей су – Талас өзені – Н.М.) тастап жіберді" /8/ - деген деректер. Қаңлы патша ордасының Талас өзені_бойында болғандығын аңғартады.Қаңлы мемлекеті құрылғаннан кейін біршама ұзақ уақыт даму үрдісінде болған. Бұл жөнінде "Ханьнаманың Чэн Тань өмірбаянында" маңызды мәлімет жазылған. Онда: "Қаңлы мемлекеті патшасы Леүйенй (Лоюнй) жерінде тұрады. Жазда Битянь қаласында болады. Битянь қаласынан Шаңаньге дейін (Хань империясының астанасы – Н.М.) 12 мың 300 ли. On Басқаққа (Ду ху - Хань патшалығының қазіргі Шынжаңның оңтүстігіндегі Бүгір ауданына орналастырған бақылаушы органы – Н.М.) тәуелді емес.... Қаңлының 120 мың отбасы, 600 мың адам, 120 мың жеңімпаз әскері бар" /9/-деп жазылған. Жоғарыдағы келтірілген екі деректі салыстыратын болсақ, Қаңлы мемлекетінің алғашқы құрылған кездегіден анағұрлым дамығандығы байқалады. Даму, әрине, оның құзырындағы жер көлемінің кеңеюінен де көрінеді.Қытай деректеріне сүйенсек, б.з.д. I ғасырдағы Қаңлы мемлекетінің иелік еткен аумағы Талас өзенінің батысын, оңтүстігі Сырдария өңірін толық қамтығандығын байқаймыз. Сондықтан, Қаңлы мемлекетінің басқару жүйесі де алғашқы кездегіден көп өзгерген. Атап айтқанда, Қаңлы патшасы оңтүстік өңірдегі жазиралы аймақтардағы қыстақтар мен қалаларды сол географиялық бөгделенген ортасы бойынша, жеке-жеке иеліктерге бөліп басқару саясатын қолданған. Оларға өзінің тоқалдан туған ұлдарын жіберіп, билеп-төстеп отырған. Бұл жөнінде қытайдың мынадай жазба дерегін дәйекке келтіруге болады. "Қаңлыда бес кіші патша – князь (сиао ван ) бар. Біріншісін Суше ваңы (Кеш князь) деп атайды. Ол Суше - Кеш қаласында тұрады. Ол жерден Басқақ тұрған жерге дейін – 5 мың 776 ли, ал Яш гуаньға /10/ дейін 8 мың 25 ли; екіншісін Фумо ваңы (Күшаня князы ) деп атайды. Ол Фумо – Күшаня қаласында тұрады. Ол жерден Басқақ тұрған жерге дейін 5 мың 767 ли, ал Ян-гуаньға дейін 8 мың 25 ли; үшіншісін Үйни ваңы (Ташкент князы) деп атайды. Ол Үйни – Ташкент қаласында тұрады. Ол жерден Басқақ тұрған жерге дейін 5 мың 266 ли, ал Ян-гуаньға дейін 7 мың 525 ли; төртіншісін Жи ваңы (Бұхара кня¬зы) деп атайды. Ол Жи - Бұқара қаласында тұрады. Ол жерден Басқақ тұрған жерге дейін 6 мың 296 ли, ал Ян-фаньға дейін 8 мың 550 ли; бесіншісін Оужянь ваңы (Үргенжі - Үргеніш князы) дел атайды. Ол Оужянь Үргенжі - Хоразим қаласында тұрады. Ол жерден Басқақ тұрған жерге дейін 6 мың 906 ли, ал Ян-гуаньға дейт 8 мың 355 ли. Бұл бес кіші патша түгелдей Қаңлы патшасына бағынады" /11/. Демек, Қаңлы мемлекеті өзінің географиялық ерекшеліктеріне сай, өзіне тәуелді елді бес әкімшілік аймаққа бөліп басқарған. Сонымен, қатар қаңлылардың мемлекеттік саяси басқару құрылымдық жүйесінде де өзіндік ерекшеліктер сақталған. Атап айтқанда, оларда патша, патшаның орынбасары, ақсүйіктер, ябғұ (жабғу) және түменбасы қатарлы бес дәрежелі әкімшілік басқару жүйесі қолданылған. Ал елді жазбаша заң арқылы басқарғаны да қытай деректерінде анық жазылған.Қаңлы мемлекетінің әлеуметтік шаруашылығы оның табиғи ауа-райы және географиялық жағдайына байланысты орналастырылған. Қаңлы елінің оңтүстік өңіріндегі тұрғындар егін шаруашылығын негіз етіп, мал шаруашылығы және жеміс-жидек өндірісімен айналысқан. Сондықтан, қытай жылнамаларында қаңлының вассалында күріш, тары, асбұршақ, бидай дақылдары және жеміс-жидектер көп өседі /12/ деп жазылған. Ал қаңлы елінің солтүстік өңірін мекендеген тұрғындар жартылай көшпенді тұрмыс өткізген. Олар мал шаруашылығын негіз етіп, жылқы, сиыр, қой, түйе және қашыр қатарлы мал түліктерін өсірген. Қытай деректерінде қаңлылардың етті мол беретін тегене-құйрық қой өсіргендігі жазылған. Онда "қаңлыларда үлкен құйрықты қой өседі. Ол қойдың құйрығы көлемді жөне дөңгелек келеді, құйрығының салмағы 10 мың ( бір мың 500 г. - Н.М.) болады' /13/ деп жазылған мәліметтер, қазіргі кезде "тегенеқұйрық қазақ қойы» деп аталып жүрген қой тұқымын алғаш қаңлылар жетілдіріп, қазіргі қазақтарға мұра болып қалған деп ойлаймыз. Қаңлының қол өнеркәсібі де барынша дамығандықтан, "қаңлы мәдениет аймағы" қалыптасқан.Қаңлы мемлекеті б.з. IІІ ғасырынан бастап құлдырады. Соған байланысты Қаңлы мемлекетінің вассалы болған, қаңлы князьдары билеген оңтүстік өңірдегі қала-қыстақтық аймақтар дербес елге айнала бастады. Сондай-ақ, олардың тіршілік және тұрмыстық формасының ерекшеленуіне байла¬нысты олардың рухани жөне заттық мәдениеті өзіндік даму үрдісіне түсті. Сонымен, қаңлының оңтүстігі мен солтүстігіндегі тұрғындардың этникалық ерекшеліктері айшықтала түсті. Ал қаңлының солтүстігінде көшпеңді немесе жартылай көшпенді өмір сүрген тұрғындардың дамуы үйсіндерге жақындасу бағытында болды. Де¬мек, әлеуметтік өндіріс тіршілік формасындағы айырмашылықтардың алшақтауы ел ішіндегі біртұтастықты әлсіретті. Соның салдарынан Қаңлы мемлекеті б.з. V ғасырында ыдырай бастады, VI ғасырда Түрік қағанатының құрамына қосылды.Қаңлылардың батысында б.з.д. II ғасырдың соңында қытай деректерінде "Янцай" деп аталатын мемлекет қалыптасқан. Оны көптеген тарихшылар Аландар деп атап, оларды кіші жүздегі алшын руының арғы тегі деп есептейді /14/. Ал қытайдың Тарихи жазбалар. Ферғана тарауында": Янцай -Аландар Қаңлының батыс солтүстігінде 2000 лидей жерде тұрады. Көшпенді мемлекет, қаңлылармен ғұрып-әдеттері ұқсас. Садақты әскерлері 100 мыңнан асады. Жерінің шеті – су. Судың жағасы жоқ (судың шеті көрінбейді). Оны солтүстік теңіз дел атайды" /15/ -деп жазған.IІІ ғасырда Қытай тарихшысы Шын Чю жазған "Саньго жы - Үш мемлекет деректері" деген жылнамада: "Солтүстік жаңа жолмен батысқа жүргенде және бір Янцай мемлекетіне барады. Оның және бір аты – Алан. Олар ертеде Қаңлыға тәуелді болған, қазір тәуелсіз" /16/ - деген мәліметтер жазылған. V ғасырда қытай тарихшысы Фань Хуа жазған "Соңғы Хань-намада": "Янцай мемлекеті атын Аланшин мемлекеті деп өзгерткен. Патшасы топырақ қалада тұрады ...Халқының ғұрып-әдеттері, киім-кешектері қаңлылармен ұқсас" /17/-деп жазылған.Осы келтірілген деректерден, Янцай мемлекетінің – Алан мемлекеті екендігін көруге бо¬лады. Ал Алан мемлекетінің географиялық орны қазіргі Арал теңізінің бойы, батысы болған. Осыған қатысты қытай деректерінде айтылатын "Бей хай" - Солтүстік теңіз - деген сөздің қазіргі Арал теңізін меңзейтінін тарихшылар дәлелдеген /18/. Янцай - Алан мемлекеті құрылған алғашқы ғасырында Қаңлының вассалы болған, кейіннен қаңлылардың әлсіреуіне айланысты, шамамен б.з. ІІІ ғасырдың басында аландар дербестенген болар. Бұл сол кездегі тарихи жағдайға жанасады. Бірақ одан кейін, Түрік қағанатына дейінгі аралықта аландардың қоғамдық жағдайы жөнінде қытай деректерінде мардымды мәлімет жазылмаған. Бұл заңды да. Өйткені, Қытайда билеуші әулет ауысып, мемлекеттік қуаты әлсірегендіктен, олар Орталық Азияны бақылауын бірнеше ғасыр жалғастыра алмады. Сонымен қатар, алғаш Қазақстан даласында ел болып мемлекет құрған Үйсін, Қаңлы және Аландар да құлдырап, тарих сахнасынан өшкіндей берген жайы бар. Сондықтан, олар жөнінде мәліметтердің жазылғанын немесе бір мезет жазылмай қалғандығын түсінуге болады. Дегенмен, жоғарыда қысқаша келтірілген қытай деректерінен мынадай маңызды мәселелерді анықтауға болады.Бірінші. Қазақтың этногенезі. Хұн, хұннан бөлінген үйсін (құрамында сақ, даружылар тұқымдары бар), даружылар құрамынаи бөлінген қаңлы және қаңлыға бағынышты болған аландар - қазақ халқының ең алғашқы арғы тегін қалыптастырған қайнар бұлақтар болып табылады. Бұл - бос болжам емес, ол қытайдың ресми жазба деректерінен шығарылған тарихи логикалық қорытынды.Өйткені, ұлттың атрибуттары этнографиялық ершеліктерден көрінеді десек, онда жоғарыда келтірілген хұн, үйсін, қаңлы және аландардың ғұрып-әдеттерінің бір-бірімен ұқсастығы олардағы ортақтықтарды көрсетпей ме?! Демек, Қазақстан аумағында қазақ халқының алғашқы этникалық мәдениеті негізін жоғарыдағы ру-тайпалар қалыптастыра бастады. Бұны яғни б.з.д. IV—III ғасырдан б.з. VI ғасырға дейінгі мезгілді қазақ этникалық мәдениеті қалыптасуының бірінші кезеңі деуге болады.Ал Түркі қағанаты құрылған VI ғасырдың ортасынан ХШ ғасырдың басына дейінгі мезгілді қазақ этномәдениеті дамуының екінші кезеңі деуге болады. Өйткені бұл тұста Көктүрік империясының біртұтас басқаруында көптеген есімдермен аталатын түркі тайпалары Қазақстан аумағы бұрынғы ру-тайпалармен тоғысып, қазақтың этникалық мәдениетін дамыта түсті. Бүл кезеңде қазақтың байырғы этникалық мәдениеті транцформацияға ұшырап, дін исламдық дүниетанымы мен өмір көзқарасын байырғы тәңірлік нанымдарымен біріктіріп, өзіндік рухани мәдениетін айшықтай түсті.Жошы-Қыпшақ ұлысы мен Ақ Орда мемлекеті, яғни XIII ғасырдан XV ғасырлар – этномәдениеті дамуының үшінші кезеңі. Бұл тұстағы қазақ мәдениеті өзінің ұлттық тілі, ділі мен билігі толық қалыптасуымен ерекшеленеді.Демек, қазақтың ұлттық мәдениетінің қалыптасуы жиырма ғасырлық даму кезеңін бастан кешті. Соған қарамастан, таяу заманға дейін, тіпті, қазірге дейін қазақтың этномәдениетінде байырғы түркілік, сақтық мәдениеттің элементтері сақталып келді. Оны заттық мәдениет саналатын қолөнер бұйымдарының мәнерлеу ерекшеліктері мен рухани мәдениет саналатын тұрмыстық дағды мен дүниетаным сарқыншақтарынан толық көруге болады. Бұл жөнінде автор қазіргі қазақ халқында сақталған "Атау-кере" салтының байырғы үйсіндерден жалғасып келгендігін дәлелдеген /15/.Екінші. Қазақ мемлекеттігі тарихының басталуын да Қазақстан аумағында ең алғаш қалыптасқан Үйсін, Қаңлы және Алан мемлекеттерінен есептеуге толық негізіміз бар.Бұл жөнінде тарих ғылымдарының докторы, белгілі ғалым Зардыхан Қинаятұлының "Көшпенділер мемлекетінің пайда болу ерекшеліктері мен типі: Қазақ мемлекеттігін кезеңге бөлу мәселелері" атты баяндамасындағы көзқарастарды қуаттаймын.Үшінші. Қазақстанды ежелден бері мекендеп келген қазақ халқының өзі игерді, дамытты, өркендетті және қорғап, сақтап келді.Қазақстандағы шұғылалы байырғы мәдениетті (оның ішінде қала-қорғандар мен "Алтын адам" да бар) бөгде бір халық жасап, жаратып, қазақтарға тарту етіп қалдырып кеткен жоқ. Олай болуы ақылға сыймайды. Ол қазақ халқының өзінің ақыл-парасаты мен ерік-жігерінің тарихи нәтижесі болып табылады. ӘДЕБИЕТТЕРІ. Бан Гу. Ханьнама -Хань шу. Соңғы рет майда жазумен басылған нұсқасы. Пекин, 1997, 2 т., 983-6.2. Чянду – Шеньду – жер аты. Қазіргі Ферғана тауының асуы.3. Ханьнама. Соңғы рет майда жазумен басылған нұсқасы. 2-т., 990-6.4. Сонда.5. Бұл да сонда.6. Лю Ши. Көне Таңнама - Жю Таң шу. Соңғы peт май¬да жазумен басылған нұсқасы. 11-т., 1322-6.7. Сы Мачян. Тарихи жазбалар – Шы жи. 1-т., 800-6.8. Бұл да сонда.9. Ханьнама. Соңғы рет майда жазумен басылған нұсқасы. Пекин, 1997, 2-т., 766-б.10. Ян-гуань – жер аты. Қытайдың қазіргі Гансу провинциясының батысындағы тay белесі.11. Ханьнама. 988-б.12. Фан Чянлиц. Жи шу-Жинама-Жи патшалығының тарихы. Соңғы рет майда жазумен басылған нұсқасы. Пекин, 1997, 4-т., 650-652-бб.13. Үй Үй. Суйнама Суй шу – Суй патшалығының та¬рихы. Соңғы рет майда жазумен басылған нұсқасы. Пекин, І997, 7-т., 469 б.14. Хүң Тау. Он уш жылнамадағы қазақтарға қатысты деректердің қысқаша жинағы. Үрімжі, 1993, 93-б.15. Тарихи жазбалар. 1-т., 800-6.І6. Фань Хуа. Соңғы Ханьнама – Ху хань шу. Соңғы рет майда жазумен басылған нұсқасы. Пекин, 1997, а-т., 756-6.17. Он үш жылнамадағы қазақтарға қатысты деректердің қысқаша жинағы. 92-б.18. Фын Чэнжүн. Батысөңір жер аттары. Пекин, 1980, 19-6.
Жүктеу батырмасы секундта ашылады!!!
www.zharar.com
Сол тас жазуда: «Мен, Білге Тоныкөк, табғаш (қытай) елінде тәрбиеленіп өстім. Түркі халқы ол кезде табғаштарға бағынышты еді» деп жазылған. Бұдан Тоныкөктің түрк тайпасы көсемдерінің бірінің баласы екені анық аңғарылады. Өйткені ол кезде көшпелілердің тек ел басыларының қытайға аманатқа берген балалары ғана император сарайында оқып, тәрбиелене алған.
Қытай сарайында жүріп, олардың өз еліне жасап жатқан қорлық зорлығының бәрін көріп біліп өскен Тоныкөк ақыры шыдай алмай, 683 жылы шыли иуән тайпасының басшысы Құтылықпен бірігіп, табғаштарға қарсы көтеріліске шығады. Көтерілісшілер жеңістен жеңіске жетіп, ұзамай әйгілі Екінші Шығыс Түркі қағанатының шаңырағын көтереді. Құтылығты «Ел төресі» деген атпен қаған етіп сайлайды.
Жаңа шаңырақ көтерген елдің іргесін бекітуге мүмкіндік бермей құртып жіберуді көздеген табғаш билеушісі «жабайыны жабайының қолымен құрту» саясатымен түркілерге көрші тоғыз оғыз халқын айдап салды. Бірақ табғаш елінде болып, олардың қарсыластарын құрту үшін қандай әрекеттер жасайтынын жақсы білетін Тоныкөк асқан көрегендікпен бұл апаттың алдын алып, Тоғыла жазығында тоғыз оғыздардың әскерін тас талқан етеді. Қолға түскен тұтқындарды Тоныкөк Құтылығ қағанға айтып, түгел босатып, еліне қайтарады. Оларға: «Түбіміз бір туыспыз. Өзара қырқысқаннан өзгеге жем болғаннан басқа пайда жоқ. Табғаш елі ортақ жауымыз. Сондықтан соған қарсы күш біріктірейік. Бір бірімізді өгейсітіп, көзге түрткеннен тапқан олжамыз кәні? Бірігіп ел болайық, осыны айта барыңдар. Кім де кім бірлік байрағын көтеремін, ата жауға қарсы бірлесіп күресемін десе, Отыкенге келсін. Біз сонда бірер күн еру боламыз» дейді. Тоныкөктің осынау сөзі қандастарының жүрегін жібітіп, оғыздар түгелдей түрк туының астына жиналады. Кейін бұл жөнінде Тоныкөктің өзі тас жазуда: «Осыдан кейін оғыздар өз аяғымен көтеріле келді. Келтіргендей ақ келтірдім ау» деп ризалық сезіммен сол кезді еске алады.
Құтылығ қаған өлгеннен кейін, орнына інісі Қапаған отырады. Тоныкөк оған да сенімді серік, білікті ақылшы болып, адал қызмет етеді. Бұл ретте Тоныкөктің өзі тас жазуда: «Елтөресі (Құтылығ) қаған, Білге Тоныкөк қам жеп, иелік қылғаны үшін Қапаған қаған бар болып отыр» дейді. Онысы рас та секілді. Қытай жылнамасы Қапағанды қарамағындағыларға аяусыз қатыгездікпен қарады, қартайған сайын қызғаншақ, ақылсыз бола бастады деп суреттейді. Тоныкөк осы кезде қағанына өкпелеп, қытайға өтіп кетуге жырыла көшкен ру тайпа көсемдерін тоқтатып, ел бүтіндігін сақтау үшін күндіз отырмай, түнде ұйықтамай, ат үстінде жүреді. Бірақ Тоныкөктің халық алдындағы беделінің тым жоғарлығын қызғанған Қапаған оны ел билігінен оқшаулай бастайды. Қағанат құлауға айналады. Ақырында Қапаған қаған ойда жоқта өз қандастарының қолынан қаза табады.
Билікке таласып, ел бірлігіне зиян келтіреді деген қауіппен Қапаған қағанның бүкіл ұрпағын қырып тастаған Күл-тегін батыр ағасы Могилиәнді (Білге қаған) қаған тағына отырғызды.
«Білге қаған» деген атпен таққа отырған Могилиән өз тайпасының ортасына кеткен Тоныкөктің көрегендік ақылымен тұс, тұстан анталаған жауының бәрін жеңіп, құлауға айналған қағанатты қалпына келтіреді. Тас жазуда Тоныкөк: «Түрк Білге қаған түрк — сыр, оғыз халқын асырап, мерейін үстем қылып отырар» деп, оған үлкен сенім артады.
Түрк жұртының азаттыққа қол жеткізіп, жеке дербестік ел болып отыруына айтулы еңбек сіңірген дала кемеңгері Білге Тоныкөк өзінің бағасын, тарихтағы орнын өзі қашатып, жаздырып кетті.
«Тәңірі жарылқады! Бүкіл түркі жұртына қарулы жау келтірмедім, атты әскер жолатпадым. Ел төресі жауламаса, оған еріп мен жауламасам, елім, халқым жойылар еді. Оның шабуылының нәтижесінде, менің шабуылымның нәтижесінде еліміз қайта ел болды, халқымыз қайта халық болды. Өзім қартайдым, ұлық болдым. Түркі Білге қағанның еліне арнап тасқа жаздырған мен Білге Тоныкөкпін» дейді дана қарт.
Тоныкөктің қай жылы өлгені белгісіз. Қытай тарихында білге қаған оны ордаға 716 жылы қайта шақырып алдырғанда Тоныкөктің жасының 70-те екені анық көрсетілген. Содан кейін ол Білге қағанның қасында болып, Түркі қағанатын төніп келген апаттан құтқаруға көмектесіп, оған пайдалы ақыл кеңесін береді. 734 жылы Білге қаған уланып өледі. Бұдан кейін Тоныкөкке қатысты дерек еш жерде кездеспейді. Білге қаған өлгеннен кейін оның орнына таққа балалары бірінен кейін бірі отырғаны және бар биліктің сол балалардың анасы, Білге қағанның әйелі, Тоныкөктің қызы Бопының (Пофудың) қолында болғаны белгілі. Осының бәрі Тоныкөкті бұл жылдарда да қаған ордасында болды деуге мүмкіндік береді. Тарихшылар оны әбден әртайып барып өлді дегенді айтады. Соған қарағанда ол 741 жылдың шамасында 95 жасқа жетіп қайтыс болған тәрізді.
Тоныкөк жазба ескерткіші – Екінші Шығыс Түрік қағандығының (6 ғасыр) саяси, қоғамдық және әлеуметтік өмірін ежелгі түркі поэзиясы стилінде зор шеберлікпен бейнелеп көрсеткен, идеялық мазмұны мен көркемдік дәрежесі биік әдеби жәдігерлік. Бұл жырдың мәтіні көне түркі жазуымен бедерлеп жазылған. Құлпытасты 19 ғасырда Солтүстік Моңғолиядағы Селенга өзені бойынан Д. А. Клеменц тапқан. Тоныкөк құрметіне қойылған бұл ескерткіш мәтінін оқу, басқа тілдерге аударма жасау және оны ғылыми тұрғыдан зерттеу ісіне В. Томсен, В. В. Бартольд, С. Е. Малов, т. б. түркітанушы ғалымдар үлес қосты. Тоныкөк жазба ескерткішін қазақ әдебиеті тұрғысынан тұңғыш рет зерттеген М. Жолдасбеков болды. Тоныкөк жазба ескерткіші 313 өлең жолынан тұрады. Жырдағы жалпы оқиғалар желісін зерттеушілер оны он төрт циклға, яғни он төрт хикаяға бөліп қарастырады. Бұл жырда түркі елінің сан қырлы өмірінде Тоныкөктің тарихи рөл атқарғаны ерекше айтылады. Тоныкөк жазба ескерткішіне дидактикалық сарын беріп тұрған қанатты сөздер, афоризмдер, мақал-мәтелдер бертін келе қазақ ақын-жыраулары поэзиясында өзінің көркемдік дәстүр жалғастығын тапты.
www.zharar.com
Әйел мәртебесіне ислам дінінің ықпалы туралы қазақша реферат
Адамзат өзінің тарихи даму барысында жүріп өткен жолының қандай да бір жоғары күштің алдын-ала белгілеп қойған жолы еместігін, жалғыз осы ғана болып табылмайтынын сезінеді. Адамның, қоғамның тандау қүқығы бар және көпшілік діни және философиялық ілімдер осыған сүйенеді.
Қазіргі уақытқа дейін жыныстардың өзара қарым-қатьшасын үйлестірудегі, әйел теңдігіндегі мүсылман өркениетінің тәжірибесі қазіргі ғылымда жеткілікті бағаланған жоқ. Мүхаммед пайғамбарымыздың өз отандастарының салтына қияс әйелдер теңдігі үшін шешуші күреске түскенін елдің бәрі біле бермейді. Үлы реформатор және араб үлтының біріктірушісі ретіндегі Мүхаммед пайғамбар өз ілімінде бәдәуилердің ерлік мүраттары мен семиггердің жерортатеңіздік қүдайтануын синтездеуге қолы жетті. Ислам өркениеті деп аталатын бірегей мәдени-тарихи қүбылыс осылайша пайда болды.
Мұсылман діні келгенге дейін Араб түбегіндегі жұрттар әйел баласын аса қадірлей қоймаған.
Қараңғылық, зұлымдық пен қатігездік билеген қоғамда әйел атаулы қорланып, базарларда бейне бір заттай саудаланып, зинақорлық ашықтан — ашық жасалатын. Шөл даланы мекен еткен арабтардың көбісі қыз баласы дүниеге келсе, сұмдық санайтын. Әйелі босанған сәтте нәресте қыз болса, ешкімге тіс жармастан, көрсетпестен тірідей көміп тастайтын немесе терең құдыққа лақтырып жіберетін. Дүниеге келген мезетте өлтіре алмаса, бес-алты жасқа келгeнде әкесі қызын әдемі киіндіріп, қонаққа апаратын кісіше сәндеп ертіп шығатын. Сол бетімен айдалаға апарып, алдын ала дайындалған орға жығып, шырқырағанына қарамастан, көміп тастайтын да ештеңе болмағандай кері оралатын. Өйткені, тайпалардың руаралық қырық пышақ қақтығысына көбіне әйелдер себеп болған. Олардың ар-намысын сақтай алмауынан бүтін тайпаға таңба таңылған. Сондықтан одан сақтанудың жолы қыз туса өлтіріп тастау керек деп түйген. Әрі оны іске асырған. Әрине, бұл сөз жоқ надандық. Ислам әйел затын осыдан құтқарды. Оларды өлтіру асқан қате екенін ұғындырды. Тіпті ата-бабадан бері келе жатқан мұрагерлік құқына әйелдің де үлесі бар екенін нақтылап берді. Жаратушының алдында, ер мен әйел бірдей мәртебеге ие екені дәлелденді. Бұл әдептер — Құран аяттары мен сахих хадистер арқылы бекітілді.
Исламда әйел Аллаға қатысты жән жалпы қоғамда маңызды орын алады. Әйел қамқорлық пен күтіп ұстауды қажет ететін бағалы зат ретінде қаралады. Осы мақсатпен оның ар — намысын, сұлулығын қорғаудың бірнеше жолдары көрсетіледі. Ислам әйел мен еркектің физиологиялық және психологиялық ерекшеліктеріне сай олардың ара жігін көрсетті, және оларға қоғамда белгілі бір рөлдер жүктеді. Бірде Мұхаммед пайғамбар түйеде келе жатқан бірнеше әйелді көрді. Жолшыбай жануарларды өте тез жүргізіп, мұндай сапардың әйелдерге ыңғайсыздық әкелетінін ұмытып кеткен. Сонда пайғамбар: «Сен хрусталь қобдишаларды апара жатсын, олармен абай бол» депті.
Шариғат мұсылман әйеліне қатысты оған тектілігін сақтауды қамтамасыз ететін үлкен қамқорлық көрсетіп, оған жоғарғы орын береді. Шариғатта көрсетілген әйел киімі мен әшекейлерін шектеу арсыздықты болдырмау мақсатын ғана ұстанады. Бұл жоспарда Ислам заңдылықтары әйел еркіндігін мүлдем шектемейді, керісінше оны арсыздықтың өзеніне түсуден сақтайды. Сонымен қатар Ислам әйелді өзгелрдің сұқтанып көз салуынан қорғайды.
Ислам шариғатты бойынша өзінің ризашылығы болмаса әйел баласын күштеп күйеуге беруге болмайды. Әйелдің ұлықсатынсыз неке қиылмайды. Оған бәтуа беруге ешкімнің құқы жоқ. Бірақ, ислам әдебі әйелдің күйеуіне бағынышты болуын талап етеді. Өйткені, әйелді асырау мен қаржыландыру күйеуінің мойнына жүктелген. Күнделікті тіршілікке қажетті қаржы табу, соғысқа бару, отбасын асырау түгелдей еркекке міндетелген. Ал, күйеуі әйеліне қамқоршы ретінде, оның мінез-құлқы, қарым-қатынасы ислам тәлімдеріне сай болуын қадағалайды.
Құранда: «Олармен (әйелдермен) жақсы қатынаста болыңдар» — деп, бұйырған .Бұл — исламның әйел затына көрсеткен зор құрметі. Ислам осылай әйел затын барлық ауыртпалықтан құтқарды. Тіпті еш қажеттілік болмаса үйден албаты шығуға болмайды, дейді. Бүгінгі батыс демократиясы бізге түсіндіріп қойғандай, бұл әйелді кемсітушілік емес. Атам қазақ: «Еркек үйдің егесі, әйел үйдің шегесі» — деп бекер айтпаған ғой. Олар да бірдеме білген де. Егер де қазіргі қоғамымыз ислам әдебін қаламайды деп түсініп, жоғардағы шариғат үкімдерінен бас тартсақ, онда біздің болашағымыз күмәнді болғаны. Не жойылып кетеміз, әйтпегенде, дінсіз қауымға айналамыз. Қазіргі заманда қыз баланы ислам этикасына сай тәрбиелеу өте күрделі дүниеге айналды.
Ислам діні ерлер мен әйелдерді теңестіріп, бірдей құқық берді. Әйелдер еркін дем алып, өзінің қасиетті борышы аналық парыздарын еркін атқаруға мүмкіндік алды. Ислам әйелдерге құрметпен қарауға үндеді. Тірідей қыздарын көметін тағылық қағиданы жойды. Кімде-кім үш қыз бала тәрбиелеп өсірсе, ол жәннатқа кіреді деп есептейді. Мұндай көзқарас әлбетте, әлемде тыныштық пен берекет, бақыт болып, ұрпақтың жалғасуына, адамзаттың өсіп-өркендеуіне игі әсер етті. Құранда ерлер мен әйелдер тек тең құқықты ғана емес, бірін-бірі толықтырып, кемелдендіріп отыратын жаратылыстар. Иманды ерлер мен иманды Әйелдер бірдей мейір-шапағатқа ие болады.
Ислам діні отбасының бұзылмауына ерекше мән береді, шаңырақ шайқалмауын көздейді. Сондыќтан шариғат заңында неке мәселесі ерекше орын алады. Өйткені кішкентай сол отбасынан қоғам құрылады. Отбасы нық, әрі тату болса, қоғамда да жайлы тұрмыс орнайды. Ер мен әйел адамзаттың ұрпақ тарататын негізгі факторы. Олар бір-бірінсіз өмір сүретін болса, ұрпақ жалғаспай, тоқырауға ұшырайды. Жер бетіндегі тіршілік жоғалып, өшіп-сөнеді. Рухани тұрғыдан бұл екеуі бір-бірінен ажырағысыз, туысқан. «Ердің де өзіне тән тиісті міндеттері әйелдердің де өзіне тиісті міндеттері бар. Міне, осы тиісті міндеттерін дұрыс бөліп атқарса, онда қуаныш та, өмір мәні де толық болады»,- делінген Құранда. Яғни, жақсы істер үшін әйел де, ер азамат та бірдей сый алады.
Мұсылмандық дәстүр бойынша әйел «әсем киімдерін тек күйеуіне, әкесіне немесе қайын атасына, ұлдары немесе өгей ұлдарына, інілері мен ағаларына ғана көрсетуіне болады».
Исламда ерлер мен әйелдер қарым – қатынасында тыйылу қарапайымдылық пен тыйылудың белгісі жүрісі – тұрыс пен киімде көрініс алады. Кең таралған пікірге қарамастан, нақ мұсылмандар әйел көзқарасымен санасады және оның дұрыстығын қорлау ретінде қабылдамайды.
Қазіргі кезде кептеген шешілмеген проблемалардың болғанына қарамастан, әлемде әйелдердің жағдайы жақсарған
Гендерлік қатынастарды құру бүкіл әлемдік қоғамдастық үшін стратегиялық бағыт болып табылады.
.
bigox.kz
Бұл тұқымның асылдығына келіп саяды. Содан кейін сол тұқымдық қасиеттерінің тіршілікте дамып, іске асуы да қалыс қалмауға тиіс. Осы жағдай-ларға ең алдымен жас кезінде азықтандырьш, күту жатады. Міне, осы жайттарды ескере отырьш, малдың шыққан тегі мен сырт пішініне қарап-ақ оның келешектегі өнімділігін болжауға әбден болады.Сиырдың сүттілігін байқайтын біршама ерекшеліктері болады. Оны болашақ сиыр иелері жақсы білуге тиіс.’Сиырды сатып алардан бұрын оның шыққан тегін анықтап алу керек. Таза тұқымды, мол өнімді малдан көбіне мол өнімді төл туады. Сонымен қатар, осы малдан ілгерілікте туылған төлдің өсіп-жетілу барысын, өнімділігін, оның азығын да ескергеннің ар-тықтығы жоқ. Егер олар мол өнімді болса бұл бұқа не сиырдың өз өнімділік қасиеттерін төліне жақсы дарытатындығын көрсетеді.Ал енді мал өнімділігін айқындайтын сыртқы құрылысы мен дене бітімінің ерекшеліктері тағы бар. Өйткені малдың денсаулығы мен өнімділігі әр организмнің өзіндік құрылысына тән конституциялық ерекшеліктеріне байланысты келсе, сол ерекшеліктер оның сыртқы дене пішіні мен тұлга ерекшеліктері —экстерьермөн, сонымен тығыз байланысты ішкі құрылыс ерекшеліктері — интерьерімен белгіленеді. Сондықтан экстерьерлік ерекшеліктерді бағалай отырьш, малдың ішкі құрылысына, органдарының қызметіне назар аударуға болады. Енді сүтсіз сиырды айқындайтын экстерьерлік белгілерге тоқталып өтейік. Ең алдымен, олардың сүйегі жеңіл, бірақ мықты, аяқтары түзу, тұяқтары қатты келеді.Ас қорыту органдары өте жақсы дамыған, басы жеңіл, терісі жұқа, жүні жылтыр, қысқа болады. Сондықтан да сырт пішіні созылыңқы, ішек-қарны қатты дамығандықтан. бөксе жағынан қарағанда кеңейтілген үш бұрыш тәріздес келеді. Ал, салыстыру үшін айтсақ, етті, сиырдын, дене формасы созылыңқы, төртбақтанған тік бұрыш немесе параллелипед сияқтанып келетінін ескеру керек.Сүттілікті айқындайтын негізгі белгі — сиыр желінінің дамуы. Желіндері жақсы дамыған, емшектері салалы, сүт тамырлары қатты білеуленіп, желіннің алды-артындағы терісі жұқа, селдір жүнді, жиырылыңқы келуге тиіс.Ас қорыту органдарының дамығандығы сиырдың азықты жақсы жейтінін,- сөйтіп одан мол сүт шығатынын дәлелдейді. Тыныс алу типінің басымдылығы оның организмінде зат алмасу процесінің шұғыл жүріп, жақсы тотығатынын, шайлануға жол бермеуін айғақтайды. Дене құрылысында арқасы түзу, сүйектері мықты келетіндігі денсаулығын көрсетсе, бөксе жағының кеңдігі қиналмай бұзаулайтыңдығын байқатады.Халық арасында сиырдың сүттілігін, өнімділігін өздерінше анықтайтын кісілер де бар. Мысалы, біреулер танауъшың үстіндёгі тер моншақтары мен құлагының тер және май бездерінө қарап тері және май бездері жақсы жұмыс істейді деп таниды. Мұндай-да сүт бездерінің, яғни емішектердің де қызметі жетілген деп тұ-жырымдауға болады. Сүтті сиырлардың қабырғалары омыртқаға қарай бұрыштана қиылған, соңғы екі қабырға аралығында 3—4 саусақ сыюға тиіс (5—6 см). Олардың құйрықтары ұзын, жерге сүйретіліп жатады. Ал құйрық ұшындағы қайызғақ мол да майлы сүт шығатын сиырлар организміндегі зат алмасу процесінің жедел жүретіндігін байқатады. Сүт тамырларының кеуде қуысына енетін жеріне (сүт құдығы деп те аталады) 2—3 саусақ сыюға тиіс. Сонда ғана сүттің түзілуіне қажетті (әр 1 литріне 400—600 л) қан айналымын қамтамасыз ете алады.Сиыр таңдағанда оның жасын анықтап алу қажет. Сиырдың сүттілігі 5—7 бұзаулағанға дейін ұлғайып, сонан кейін төмендейді. Бірінші бұзаулаған құнажындардан сақа сиыр сүтінің 70—80 процентіндей сүт шығады. Егер сиыр жасы туралы деректер жоқ болса, оны мүйіз бен тісінен айыруға болады. Бұзауларға мүйіз 15 күндігінен бастап шығады. Ал 2 айлығында 1 сантиметрдей өседі де, 2 айдан 20—22 айлығына дейін мүйіз айына шамамен 1 сантиметрдей -өсіп тұрады. Әрбір буаздық кезеңнің соңғы кезінде іштегі бұзаудың өсуіне көп қоректік заттар жұмсалатындықтан сиыр мүйізінде сақина тәріздес сызықша белгі — қыспа қалады. Сол сақина тәрізді белгілер санына бірінші бұзаулаған жасын қосса (орташа 2 жыл) сиырдың нақтылы жасы шығады. Қысыр қалған жылдары мүйіздө сызық белгі қалмайды. Егер сиыр іш тастап немесе қысыр қалған болса екі сақина арасы едәуір алшақтайды. Сиырларда 32 тіс болады дедік. Оның 24 азу тістері де, төменгі жақ сүйектеріне орналасқан 8 алдыңғы тістер. Алдыңғы тістердің ауысьш, жойылуы бойынша да сиыр жасын анықтауға болады.11Оларды жақта орналасқан реті бойынша — ортадағы екеуін тістеме, солардың жанындағыларын ішкі, одан кейінгілерін — сыртқы, ал ең шеткілерін — шеткі алдыңғы тістер деп атайды.Мүйізден гөрі сиыр жасын тістеріне қарап дәл анықтаута болады. Ол үшін 1-таблицадағы келтірілген ірі қара тістерінің жетіліп, алмасатын заңдылықтарын білу қажет. Белгілі уатқыттан соң бұзаудың сүт тістері түпкілікті тістермен ауысъш, олар да біртіндеп мүжіле бастайды. 17—18 жаста сиырлардың алдыңғы тістері түсе бастайды.Жасымен қоса таңдалған малдың тірілей салмағын да таразысыз анықтауға болады. Ол үшін сиыр жауырынының артын ала көудө орамын жәнө дене тұрқының ұзындығын (шоқтығынан құйрығының түбіне дейін) өлшейді де, орташа қоңдыллықтағы сиырлар үшін мына формула бойышпа тірілей салмағын есептейді. ‘
Мұндағы ТС — сиырдың тірілей салмағы (кг):КО — кеудесінің жауырыны сыртынан алынған орамы(см):ТҰ — тұрқының ұзындығы (см).Жоғары немесе төмен қоңдылықтағы сиырларға шыққан сал-мақты 5—10 процентке ұлғайтып немесе кемітеді. Сиырдың тірілей салмағын оның кеудесінің аумағы мен тұлғасының қиғаш ұзындығы (иығының алдыңғы басынанан жамбасына дейін өлше-неді) арқылы да анықтауға болады. Ол үшін 2-таблицада көлті-рілген цифрлармен осы өлшемдерді салыстыру қажет. Олардың тоғысқан жеріндегі сан сиырдың. тірілей салмағын көрсетеді. Сиыр сүттілігінің тірілей салмағына байланысты келетінін ескөру қажет. Салмақты дәл білу үшін сиырды таңертең. азықтандырып, суарғанға дейін таразыға салып тартады.Таңдап алынатын сиырды сауып та көрген жөн. Сүтті сиырлар жеңіл сауылады. Сонымен бірге барлық емшегінен сүт бірдей шығады. Сүттің өз-өзінен тамшылап тұрмауы тиіс. Оның үстіне сиырдың мінез-құлқына, сыртқы әрекөттерге көрсеткен қылықтарына көңіл бөлген жөн. Өте алаңдағыш, үркек малдың тәбеті бұзылғыш, сүттілігі өзгергіш келөді. Сыналатын сиырды әрі-бері жүргізіп аяк, тастасын байқайды. Дене мүшелерінің құрылысына қарай олардың; аяқ басуьі өзгеріп келеді.Сиырдың сыртқы түрі — оның денсаулығының айнасы. Еңсесі көтеріңкі, көзі былшықтанбаған, жөтелмейтін,жүні тықыр да жылтыр сиырлардың дені сау болады. Сүтті сиырдың сауыры мен бөксесі түзу де кең, бұлшық етті келеді. Олардың жүрісі түзу, нық және жеңіл келеді. Желінінде қатайған жерлер, ал емшектерінде жарақат, жарылғандықтың ізі болмауға тиіс. Сиырды азықтандырьш көріп, тәбетінің жақсы өкеніне көз жеткізген жөн. .Осылайша сатып алынған сиырдың ені болмаса оны иесінің тір-. көу кітапшасымен салыстырады. Егер малдың ені болмаса оны табындағы басқа сиырлардан ажырату үшін құлағына ен салып, жамбасына таңба басады. Құлаққа ен салу үшін оны тазалап жуып, құрғататады да спиртпен сүртеді. Арнайы тістеуішпен тіліп қажетті санды бейнелейтін ен салады. Құлақ шетіндегі әр қима мен ор-тасьшдағы ойық бір санды белгілейді. Ал жамбасқа таңбаны әдетте күйдіріп басады. Ол үшін арнайы дайындалған темір сымды отқа қыздырып сиырдың сол не оң жамбасына басу керек. Күйген жерге таңбаны айқындап ақ жүн өседі. Қажетті санды не таңбаны жіңішке сыммен сиыр мүйізіне салса да болады.
www.zharar.com