КІРІСПЕ ..........................................................................................................3 І-Тарау Арабтар мемлекетінің құрылуының алғы шарттары Ислам дінінің қалыптасып, араб тайпаларының бірігуі............................11
ІІ-Тарау Халифаттың құрылуы, жаулап алушылықтары 2.1 Араб халифатының құрылуы.......................................................................21
2.2Алғашқы Төрт тақуа халифтарының тұсындағы Араб жаулап алушылықтар......... ........................................................................................24
2.3 Орта Азия халықтарының ислам дінін қабылдауы...............................29 ҚОРЫТЫНДЫ................................................................................................43 ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...................................................45
^ КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының алдында тәуелсіздігін баянды ету, ол үшін экономикасын дамыту міндеті тұр. Президентіміздің 1997 жылғы қазан айындағы “Қазақстан – 2030” деген халыққа арналған Жолдауында бұл міндеттер айқын тұжырымдалған. Осындай жауапты да күрделі міндеттерді табысты орындап шығу жолында адамзат тарихындағы саяси – экономикалық қуатты мемлекеттердің құрылуы, нәтижелі билік құруы мәселелерін жете зерттеп, олардың үлгісінен тағлым алудың маңызы зор.
Орта ғасырлардағы әлемді дүр сілкіндіріп, ІҮ-Ү ғасыр дүниенің үш бөлігіне – Азия, Африка, Еуропа құрлықтарына үстемдік орнатқан мемлекеттердің бірі – Араб халифаты болды. Бұл мемлекет алдымен арабтардың өздерін біріктіріп, содан соң Кіші және Орта Азияны, Сотүстік Африканы, Пиреней (түбегі) жарты аралы мен Закавказье елдерін жаулап алды. Халифаттың тарихы – бұл тек арабтар мен арабия жарты аралының ғана емес, сондай-ақ бір кездерде оның құрамына кірген Иран, Орта Азия, Сирия, Египет, Ирак, Грузия, Армения, Әзербайжан т.б. халықтар мен елдерінің тарихы.
Араб халифатының эканомикасы ол құрылғаннан кейінгі екі ғасыр бойы Омейядтар халифаты кезінде және Аббаситтер билігінің алғашқы жүз жылдығы ішінде жедел қарқынмен дамыды. ҮІІ ғасырдың 30-шы жылдарында құрылған араб халифаты ХІ ғ. ортасындағы селжұқтық түріктердің жаулап алушылығына дейін экономикалық – мәдени дамуы жағынан алдыңғы қатардағы қуатты мемлекеттердің бірі болды. Араб халифатының құрамы ала-құла болды: арабтар, еврейлер, гректер, парсылар, армян, әзербайжан, грузиндер, египеттіктер, сириялықтар т.б. Халифат үш континент аралығындағы бір орталықтан басқарылатын, бірнеше ұлттардың халықтардың басын қосқан күшті мемлекет болды. Оның жоғары дәрежеде дамыған, бір орталыққа бағындырылған әкімшілік аппараты болды. Олар дүниежүзілік сауда жүргізді.
Оның экономикасының негізін ақша және жүйелі түрде жиналатын алым - салықтар қалады. Қазынаға түсетін байлық, әлеуметтік – экономикалық және мемлекеттік құрылыс - яғни, халифаттың ішкі және сыртқы жағдайларының бәрі қатаң сақталатын Шариат заңдарымен реттеліп отырды.
Халифатта орта ғасырларға тән құнды ескрткіштер, әдеби, ғылым - білім өмірге келді.
ХХ ғ. 90 ж. бергі уақыт әлемнің жекелеген халықтары мен өркенниеттері үшін ірі дүмпулер мен өзгерістер заманы ғана емес, сондай-ақ бүкіл адамзат тағдырындағы бетбұрыс кезең де болып отыр. Осы “ұлы жаңару” кезеңі (Л. Спайдер) әлемдік дамудың екі қарама-қарсы тенденцияларын: дүние жүзі елдерінің бір-бірімен барынша тығыз жақындасуы (ғаламдану) және әлемдік әр түрлі өркениет ошақтарының оқшаулануы, (локалдану) сияқты тенденцияларды байқатып отыр.
Алайда болашақ осы екі беталыстың алғашқысында екеніне күмәніміз жоқ. Мұны бүкіл адамзат өткен тарихы дәлелдеп береді. Енді ғана табалдырықтан аттаған жаңа ХХІ – ғасыр әлемдік өркениеттердің ғаламдық сипатын одан әрі айқындай түсуде, өйткені сан-салалы дүниежүзілік процестердің қай-қайсысының болмасын тағдыры өркениеттер тоғысы иірімдерімен тығыз байланыста болып келеді. Әр түрлі деңгейдегі интеграциялану, атап айтқанда Орталық Азия, Еуразия және бүкіл әлемдік деңгейлердегі интеграцияланудың, аса қажеттілігі жөнінде елбасымыз Н.Ә. Назарбаев та соңғы жылдары жиі айтып жүр және оның бастамасы мұндай одақтардың құрылуы қазіргі таңда іс жүзінде асып та жатыр.
Қазаргі таңда халықаралық байланыстардың барынша кеңеюі интеграциялану мен ғаламдану қарқын алуы бүкіл әлемдік мәдени тарихи процеске әр түрлі аймақ халықтарының атсалысуы мәселесінің зерттелуін күн тәртібіне қойып отыр. Соның ішінде әсіресе мәдениет аралық өзара ықпалдастық, оның оқшау этникалық мәдениеттердің эволюциясындағы және жалпы әлемдік өркениет дамуындағы рөлі туралы мәселенің өзектілігі барынша артып отыр.
Мәдениеттередің өзара ықпалдастығы өзара қарым-қатынасқа түскен халықтардың дамуына және бүкіл адамзаттың мәдени қорының байытылуына ықпал ететін объективті құбылыс. Осындай империялардың бірі – орта ғасырлық араб халифаты. Халифат өз дамуының ең бір шырақтау шегіне жеткен кезде “Ескі дүниенің” ширегінен астамын Солтүстік Африка, Үндістанға дейін алып жатты. Мәселе бұл мемлекеттің көлемі жағынан аса ауқымды болуында ғана емес тарих үшін ең маңыздысы – осы мемлекет әр түрлі өркениеттер ықпалдастыққа түсе отырып, жаңа, жоғары дамыған мәдениетті туғызды, бұл мәдениеттің тілі – араб тілі, ал идеологияның негізі ислам болы.
Сондықтан да арабтар жаулап алған территорияда бағзы замандардан бергі Тигр мен Ефраттың, Иран мен Сирияның, Египет пен Индияның, Алдыңғы және Орта Азияняң өркениетті халықтары мекен етті.
Түркі халықтары ислам мәдениетін тек жай ғана тұтынушылар ғана емес, сол мәдениетті белсенді түрде жасаушы халықтың біріне айналды.
^ Деректік негіздері. Бітіру жұмысын жазуда түрлі деректер, соның ішінде әсіресе жазба деректер кеңінен қолданылады.
Тақырып ислам діні мен тығыз байланысты болғандықтан ең басты дерек көзі “Құран кәрім” және Мұхаммед пайғамбардың Хадистерін пайдаландық. Орталық Азия халықтарының өміріндегі өзгерістерді зерттеу үшін бізге, ең алдымен, Қожа Ахмет Иассауи және т.б. ғұламалардың еңбектері басты дерек болып табылады. Аталған түркі ойшылдарының еңбектері түрік-ислам синтезінің тікелей жемісі болғандықтан да бұл еңбектерді зерттеу арқылы сол дәуірдің тыныс-тіршілігін, исламның келуі мен түркілер өмірінде, олардың дүниетанымында, психологиясында орын алған өзгерістерді түсінуге болады. Бітіру жұмысында соны мен бірге араб-парсы, қытай деректерін кеңінен қолдандық. Арабтардың Орталық Азияға келуін оң салдарларының бірі араб ғалымдарының түріктердің тарихын мәдениеті мен географиясын түріктердің өз отандастарын және басқа да белгілі халықтар мен салыстыра отырып қарауға болады. Ү-ҮІ ғасырлардағы арабтардың экономикасы мен қоғамдық құрылысы, тұрмыс салты, мәдениеті мен діни нанымдары жөніндегі мәліметтерді біз исламдыққа дейінгі, яғни, ежелгі замандағы араб өлең жолдарынан аламыз. Яғни, ертедегі араб поэзиясы Ү-ҮІ ғғ. арабтар туралы деректер көзі жайында Крачковский И.Ю. былай дейді: “Ол өлең – жырлардың құндылығы – сол кездегі араб тайпаларының өмірін, оның қоршаған ортамен қатынасын фотография дәлдігімен бейнелеуінде”[7]. Сондықтан да мамандар бұл жырларды ислам дініне дейінгі араб халқын, оның тұрмыс салтын сипаттаудағы ең маңызды да беделді деректер деп есептейді.
^ Тарихнамалық зерттелу деңгейі:
Ежелгі замандағы, исламға дейінгі араб халқын, ақын - жырауларының шығармаларында бейнеленген Ү-ҮІ ғғ. Аравияның жағрафиялық ортасын зерттеуде жаңа заман кезіндегі саяхатшылар жинаған әртүрлі бай материалды да қоса пайдалану қажет. Ежелгі ислам дініне дейінгі Аравияның табиғи ортасы ХІХ ғасырға дейін айтарлықтай өзгеріске ұшыраған жоқ. Ислам діні қалыптасқанға дейінгі арабтар поэзиясын ҮІІІ - Х ғасырларда оларды жинаушылар мен редакторлар біраз толықтырып, өзгертті де.
Батыс Еуропалық оқымыстылардың арасында ХІХ ғасырдың 50 – 70 жылдарында ол поэзия шынымен Ү – ҮІ ғасырлардағы авторлардың шығармалары ма, жоқ әлде олардан кейін, халифат құрылғаннан соң, яғни ҮІІІ - ІХ ғғ. шығармалар емес пе деген күдіктен соң, болды. Әрине, бұл сұраққа жауап іздеушілер әртүрлі көзқараста болды. Бірақ, негізінен сол Ү – ҮІ ғғ. авторлардың шығармалары деген тұжырым жасалды.
Бұл мәселені ХХ ғасырдың 20-шы жылдарында ағылшын шығыстанушысы Маргомус С. Пен египеттік оқымысты Тахао Хусейн күн тәртібіне тағы қойды. Ол екеуі исламға дейін жазылды деп жүрген поэзияның авторлары халифат кезіндегі ақын – жыраулар деп жариялады. Бірақ, бұл пікір осы екі оқымыстылардың ғана пікірі болып қалды. Ғылым исламға дейінгі поэзияның шындық екенін, жәнеде сол кезде (ІҮ – Ү ғғ.) жазылғанын мойындайды. Дегенмен біраз қосымшалар, толықтырулар, анықтамалар енгізілгендігін жоққа шығармайды.
Араб поэзиясы жөніндегі ең көрнекті маман Крачковский И.Ю. осы пікірді қолдайды. Оның дәлелі - орта ғасырлардағы авторларда шығармалардың кейіпкерлері, мінез – құлық, әрекеттері кездеспейді [5].
Айтылып отырған кезең туралы ең құнды деректердің бірі 1135 жылы қайтыс болған Шахрастанидің “Кітап ал – милал ва – нихал” (Діни секталар мен философиялық мектептер кітабы) деген еңбегі. Ол шығармада исламға дейінгі арабтардың діни нанымдарын, әдет – ғұрыптарын баяндайтын жеке тарауы бар.
Арабтардың алғашқы қауымдық құрылыстағы өмірі туралы мәліметтердің тағы бір құнды дерегі Ибн-Халдунның “Мукамидимасы”. Ол арабтардың шаруашылықтары мен қоғамдық құрылысына көп көңіл бөлген. Автор арабтарды көшпелі халықтар деп суреттейді.
Исламға дейінгі арабтар туралы олардың көршілері де біраз мәліметтер қалдырды. Бірақ, оларды құнды деп айту қиын. Себебі, олар көршілері арабтарды жете білмеген. Тарихшылар үшін тек сириялық жылнамалар біраз құнды дерек көзі болып табылады. Арабтардың Ү –ҮІ ғғ. қоғамдық құрылысын зерттеушілердіңішінен бірінші орынға Робертсон Смитті қоюға болады. Оның “Ертедегі Аравиядағы туыстық және неке” атты еңбегі 1885 жылы Кембриджде басылып шыққан.
Айтылып отырған кезең туралы құнды еңбектің бірі Юлиус Вельхаузеннің “Араб пұтқа табынушылығының қалдықтары” деген шығармасын айта кетуге болады. Ол Берлинде 1927 ж. жарық көрген. Исламға дейінгі арабтардың өмірі, тұрмыс салты, шаруашылығы, қоғамдық құрылысы туралы деректер Анри Ламменстің бірінші еңбегінде орын алған [8]. Ү – ҮІ ғғ. арабтар жайында Леон Каэтанидің екі томдық “Шығыс тарихының очерктері” (Милан, 1911 ж.) атты еңбегінде келтірілген. Бірінші томында “Исламға дейінгі Аравия”, “Ежелгі арабтар” геологиялық-климаттық, әлеуметтік – экономикалық жағдайы туралы біраз мәліметтер береді. Ислам діні қалыптасуы қарсаңында арабтар туралы мәліметтердің тағыда бір құнды көзі – Джирджа Зейданның “Исламға дейінгі арабтар” деген еңбегі. Сонымен қатар Кассэн де Персевальдың 1847 жылы шыққан “Исламға дейінгі арабтар тарихы”, А. Мюллердің Санкт-Петербургте 1895 жылы жарық көрген “Ислам тарихы”, А.Е. Крымскийдің Москвада 1911 ж. басылып шыққан “Арабтардың, араб әдебиетінің тарихы” деген сияқты еңбектерді атап өтуге болады. Исламның шығуы туралы негізгі дерек “Құран” болып табылады. Оны Осман халиф (644 – 656 жж.) ауызшадан жазбашаға түсірген. Ол 114 сүреден тұрады. Бұл қасиетті кітапта Алла тағаланың 77934 сөзі жазылған [3]. Келесі маңызды дерек ҮІІІ ғасырдың екінші жартысында жазылған Мединалық Ибн-Исхактың “Алланың өкілінің өмірі” – “Сират расул Аллах” деген шығармасы. Ол бізге ІХ ғ. өмір сүрген филолог Ибн ишамныңөңдеуімен жеткен. “Сиратқа” ... қосымша болып табылатын Вакыдидің (747 – 823 жж.) “ Әскери жорықтар кітабы” – “Китаб ал – Магази” – Ислам дінінің шығуы жөніндегі тағы бір маңызды дерек болып табылады. Ислам туралы оның негізін қалаушы Мұхаммед пайғамбар туралы еуропалықтар арасындағы алғашқы шығармаларды визаниялықтар жазды. Олар орта ғасырларды арабтармен әрі жиі соғысып, әрі экономикалық, мәдени қатынастарда болып тұрды. Византиялық ресми православие бағытын ұстанушы грек – византиялық тарихи және теологиялық шығармалардың авторлары жалған пайғамбар, исламның шығуына себепкер деп есептеген Мұхамедке дұшпандық сезіммен қарады. Сондықтан да византиялық әдебиетте ислам бұрмаланған түрде бейнеленген.
Батыс Еуропада ислам туралы мәліметтерді алғаш рет крест жорықтары кезінде өздеріне қас дұшпан болып көрінген дінге идеологиялық қарсылық көрсету мақсатымен католик миссионерлері тарата бастады. Бірінші крест жорығынан кейін ХІІ ғасырларда Испанияда тұрған, араб тілін жақсы білген Католик монахы Роберт Кетензис Құранды латын тіліне аударды. Бұл аударма исламды жоққа шығару мақсатын көздеген клюнилік аббат Петр Благочесивыйдың бастамасы бойынша жасалды. Мақсатқа сай Құран көптеген бұрмаланушылыққа ұшырады. Құранның осы алғашқы аудармасы тек 1543 жылы Швейцариядағы Базельде басылып шықты [16].
Ислам тек өткен ғасырда ғана ғылыми зерттеудің объеткісі бола бастады. Еуропалық шығыстанушылар сол кездегі тарихнаманың деңгейіне сай исламның шығуын Мұхаммедтің қызметіндегі оның жеке басының ерекшеліктерімен байланыста қарастырады.
Мұхаммедтің өмірбаянын алғаш ғылыми тұрғыдан зерттеген австриялық дәрігер, әрі шығыстанушы Алонс Шпренгер (1813-1893 жж.) болды. Оның “Мұхаммедтің өмірі мен ілімі” бір дегеннен еңбек ескіріп, өз мән – маңызын жоғалтты. Шпренгер бірден – бір дүниежүзілік дін деген қате көзқараста болды. Сол себепті де “оның шығуын әр қадамынан бастап талдай аламыз”, - деп есептеді. Бұл арабистің мұндай қате көзқарасы оның мұсылмандық тарихи – діни материал – “Сират расул Аллах” пен хадистер жинағына сын көзбен қарамағандығының жемісі [14].
Мұхаммедтің өмірбаяны жөніндегі келесі бір Еуропалық ғылыми еңбек – ағылшын Уильям Мюирдің Лондонда 1856 жылы жарық көрген “Мұхаммедтің өмірі” деген шығармасы. Шпренгерге қарағанда У. Мюир (1819 –1905 жж.) отарлардағы христиан миссионерлігіне тән деректі айыптаушылық, дұшпандық пікір білдірді. Исламның шығуын ол Мұхаммедтің шайтанның азғыруына түсіп кетуінің нәтижесі деп түсіндірмекші болды. Орта ғасырлық түнек рухында жазылған Мюирдің бұл шығармасының ғылыми құндылығы жоқ.
Исламның шығуының әлеуметтік себептерін анықтауға бірінші болып неміс арабисі Губерт Гримме (1864 – 1942 жж.) өзінің “Мұхаммед” атты еңбегінде әрекет жасады. Бірақ оның “Мұхаммедтің” меккелік қызметі кезінде туа бастаған ислам – дін емес, социалистік қозғалыс, әрі ілім болды”, - деген тұжырымы сын көтермейді. Гриммнің еңбегінде келтірілген нақтылы материалдар назар аударарлық.
Монтгомери Уотт жазған өмірбаян “Мұхаммед – Меккеде” және “Мұхаммед Мединада” деген екі кітаптан тұрады. Ол кітаптар Оксфордта 1953 – 1956 жылдары жарық көрген. Ф. Бульдің кітаптары жарық көрген. Ф. Бульдің кітабымен салыстырғанда М. Уоттың бұл екі кітабы өте бай материалды қамтыған. Ол материал тек хронологиялық тәртіпке ғана емес, жекелеген мәселелер бойынша да жүйеге (мыс., “Мұхаммед және еврейлер”, Мұсылмандық мемлекеттің сипаты”, Қоғамдық құрылыстағы реформа” т.с.с.) келтірілген. Бірақ бұл еңбектің ғылыми құндылығы төмен себебі, автор мұсылмандар арасындағы аңыздарға күмәнсыз иланып, араб – мұсылмандық тарихнама дәстүріне сын көзбен қарамаған.
ХХ ғғ. басынан бастап бері жарық көріп жатқан Мұхаммед жөніндегі әдебиеттің ғылыми құны өте төмен.
Араб мұсылман тарихшылары жазған Мұхаммедтің өмірбаяндары Ибн Исхактың “Сиратын” ғылыми сын тұрғысынан талдамай, сол күйінде баяндау ғана болып келеді [2].
Бұл еңбектердің ішінен Мұхаммед Хусейн Хейкеалдың “Хайат Мұхаммед” (Мұхаммедтің өмірі) деген шығармасын ерекше атап етуге болады. Ол 1947 жылы Кайрде басылып шықты. Құранға сүйене отырып Хейкал ислам діні іскерлік пен бәсекелесті (конкуренция) қолдайды деген тұжырым жасайды. Мұсылман өркениетін рухани негіз, ал батыс өркениетіне қарсы қылады. Оның пікірінше, мұсылман өркениетіне рухани негіз, ал батыс өркениетіне экономикалық негіз тән. Батыс пен мұсылман әлемі арасындағы тағы да бір ерекшелік – Батыс мемлекет пен шіркеу арасында тынымсыз күрес жүріп отырса, мұсылмандар әлеміне бұл екі институт бір –біріне толықтырып, тығыз ынтымақтастық өмір сүруде.
Хейкаль исламның социалистік сипатына да жағымды баға береді. Орыс авторларының ішінде В. Соловьевтің “Магомет” деген Мұхаммедтің өмірбаяны жөніндегі шығармасы кең танымал болды. Ол Санкт – Петербурда 1896 ж. жарық көрген болатын (Алматыда – 1990) [41]. Сондай – ақ М.Н. Петровтың “Магомет Пройсхождение ислама” атты еңбегі де көңіл аударарлық. Мұхаммед пайғамбардың өмірі мен қызметін проф. А. Е. Крымский едәуір зерттеді. Ол “Источники для истории Мұхаммеда” деген деректер жинағын жариялады. Сонымен қатар “История мусульманства” және “История арабов” деген еңбектерінде ислам дініне көңіл бөлді. Вашингтон Ирвингтің “Жизнь Магомета” деген кітабы орыс тіліне аударылып, оған, Н. А. Добролюбов пікір жазған. В. Ирвингтің бұл еңбегі тарихи роман жанрына жақын, яғни ғылыми құндылығы төмен.
Ислам дінінің шығуына советтік ғылыми әдебиеттерде әжептәуір көңіл бөлген. Бірнеше теориялар қалыптасты. Оның біріншісі М.Н. Поеровскийдің тарихи концепцияларының ықпалы мен қалыптасқан. М.А. Рейснердің сауда – капиталистік теориясы дүрілдеп тұрған Марксизм – Ленинизм іліміне жат бұл тория 20-шы жылдардың аяғы мен 30-шы жылдардың басында кеңінен жайылды. Сонымен қатар “көпшілік” және “егіншілік” теориялары да белгілі болды. Көпшілік теориясы бойынша ислам алғашында Аравияның бедуиндер бұқарасының мүддесін көздеді, солардың идеологиясы болды. Ал екінші теория шаруашылық өмірдегі диқандардың рөлін шектен тыс асыра көтермелеп, алғашқы ислам “кедей шаруалардың идеологиясы болды” деген пікірді дәлелдеуге тырысты. Мұхаммедтің өмірбаянын, ислам дінінің шығу себептерін белгілі орыс жазушысы В. Панова (1905 – 1973 жж.) мен оның ұлы, әйгілі арабтанушы Ю. Бахтин бірлесе зерттеген. Олардың 60- шы жылдары жазылған “ Мұхаммед пайғамбардың өмірі: Тарихи толғау” атты еңбектері кезінде Жазыл рап сериясына арнайы жазылғанымен жарық көре алмай қалған болатын. Шын мәнінде бұл тарихи толғау әлем әдебиетіндегі тарихи деректерді ең мол қамтыған Мұхаммед Ғалаиһи С-Саламның толық өмірбаяны [39]. Бұл өмірбаянды “Жазушы” баспасы қазақ тілінде 1993 жылы басып шығарды. “Ислам әлемі баспасы дүниеге келіп, діни кітаптар шығаруды қолға алды (“Егемен Қазақстан” 21. 03. 1997ж.). Енді Мұхаммед пайғамбарға, арабтарға арналған әдебиеттер көптеп шығарылады деп сенеміз. Ол еңбектердің Қазақстан тарихын, байыта түсетініне күмән жоқ. Зерттеу барсысында Қазақстандық зерттеушілерінің көзқарастары өзара және басқа да зерттеушілерінің пікірлері мен қатар талданып салыстырмалы тарихи зерттеу әдісі қолданылды. Бітіру жұмысын жазуда Батыс пен Шығыстың өзара ықпалдастығы Еуразияшылықтың тарихи тамырлары жөнінде соңғы жылдары жаңаша тұрғыда көп зерттеу жұмыстарын жүргізіп жүрген Қазақстандық тарихшы Қ.Т. Жұмағұлов еңбектері бағыт- бағдар беретін әдістемелік теориялық негіз ретінде қолданылды [18, 19, 20, 21].
^ Бітіру жұмысын жазуда алға қойған мақсат - міндеттер:
Қоғам ішіндегі әртүрлі әлеуметтік топтардың ынтымағын қамтамасыз ете білу де, үш материктің көп ұлтты халықтарынан құрылған мемлекеттің ІҮ ғасырдан астам уақыт өмір сүруінің бір себебі болды. Араб халифатының әлеуметтік - экономикалық қатынастарды шешу тәжірибесін үйрену қазіргі кездегі мәселенің бірі. Бірақ өкінішке орай бұл маңызды мәселе дұрыс шешімін таппай отыр. Халифаттың көптеген елдерді оңай әрі тез жаулап алуының, оларды өз қол астында тапжылтпай ұстап отыруының себептерін зертеу, ұғу, тағлым алу біздің мемлекетіміздің жарқын болашаққа жетуіне едәуір үлес қосады деп санаймыз. Сол себепті де біз өз бітіру жұмысымыздың тақырыбы етіп “Араб халифатының құрылуы және оның жаулап алушылықтары” мәселелерін таңдап алдық.
Бұл мәселе әлі күнге дейін дұрыс шешімін таппай келе жатыр. Біздің республикамыздың саяси-экономикалық жағдайын нығайтып, өркениетті елдер қатарына қосылу үшін, 2030 жылға қарай “Орталық Азия Барыс” атану үшін араб халифатының әлеуметтік - экономикалық жағдайын жаңа, жалпы адамгершілік құндылық тұрғысынан саралау қажет.
Бітіру жұмысы кіріспеден, екі тараудан және қорытындыдан тұрады. Кіріспеде таңдап алған тақырыбымның маңыздылығын дәлелдеуге, бітіру жұмыстың мақсат – міндеттерін ашып көрсетуге басты назар аударылды.
Бірінші тарауда ислам дінінің қалыптасуы туралы деректерге, зерттеулерге шолу жасалынды. Ол діннің қалыптасуының алғы шарттарын әлеуметтік – экономикалық негіздерін ашып көрсетуге тырыстық. Бұл тарауда сонымен қатар халифаттың құрылуының алғы шарттары, тарихы баяндалды.
Екінші тарауда деректер мен зерттеулерге сүйене отырып алғашқы төрт тақуа халифаттардың тұсындағы араб жаулап алушылықтарының себеп - салдары, феодалдық қатынастарға талдау жасалынып баяндалды.
Бітіру жұмысы осы екі тарауда баяндалған мәселелерден туындайтын қорытындымен аяқталады.
Бітіру жұмысының соңында пайдаланылған деректер мен зерттеу еңбектерінің тізімі келтірілген.
^ І – ТАРАУ. АРАБТАР МЕМЛЕКЕТІНІҢ ҚҰРЫЛУЫНЫҢ АЛҒЫ ШАРТТАРЫ
Ислам дінінің қалыптасып, араб тайпаларының бірігуі
Ислам Меккеде өмірге келді. Мекке – Хиджаздың ең үлкен елді мекені. Оның төңірегі құлазыған шөл дала, өсімдік те – аз: түйе жейтін жантақ, қой-ешкіге жетерлік шағын жайылым ғана болды. Жері егін егуге мүлде жарамсыз, азын аулақ түйе, ешкі, қой сияқты түлік түрі аяғынан тозып, азық айырдан демесең, мал ұстауға да мейлінше қолайсыз. Құдықтар суы өте тереңнен шығады. Сондықтан да Меккенің тұрғындары не мал өсірумен, не егіншілікпен айналыса алмады. Мекке сауда керуенінің жолындағы зәмзәм бұлағының бойында өмірге келген [35]. Зәмзәм суының шипалы қасиеті бар. Сондықтан Мекке бірден қасиетті мекенге айналды. Зәмзәм бұлағында Каоба Храмы араб бедеуилерінің атамзаманнан табынатын орны болған [13]. Ол храмды Абрам (Ибрахим) мен оның египеттік күңі Ажардан туған баласы Исмайл салғызған деген аңыз сақталған, тек Палестинаға келгеннен кейін, пұшпағы қанамаған бедеу әйелі Сара өз қожасынан бала болмайды деп ойлаған соң, Египет перғауыны ханымына тік тұрып қызмет қылсын деп жанына қосып берген күні Ажарды құдай қосқан қосағы Ибрахимге тоқалдыққа алып береді. Кешікпей Ажар Ибрахимге Исмайлдай ұл тауып береді. Жасы жетіп, үміті үзіле бастаған кезде шағында Сара құдіреті күштінің желеп-жебеуімен жүкті болып, Исках есімді ұл туады. Сара Ибрахимді Ажарды қуып жіберуге қимады. Бірақ жаратқан Сараның талабына құлақ асты да, Ажар мен Исмайлды құдіреті күшті иллара етке Арабияның бір түкпіріне апарып салуға Ибрахимді мәжбүр етті.... Жалғыз қалған Исмайл шырылдап жылап, жер тепкілей бастады.... Баланың тепкілеген жерінен тұп-тұщы ауыз судың көзі ашылып, бұрқ ете қалды... Пайда болған зәмзәм қайнарының жанында кейін Исмайлдан тараған арабтар Қағба аталған “Құдай үйін” салды.
Қағбадағы қара тастың құпиясы әлі күнге дейін жұмбақ. Ол басында әппақ болған – мыс. Кейін пұтқа табынушылар көп сипалай берген соң қап-қара болып кетіпті. Бірнеше рет болған су тасқыны Қағбадағы қара тасты құлата алмаған.
Қала осы ежелгі қасиетті Храмның төңірегіне орналасқан. Ол храмды Меккеліктер “Алланың үйі” деп, ал өздерін “Алланың көршісіміз” деп атаған. Голландық ориенталист К.Х. Снус Хюргроанья: Аллах өзінің көршілеріне Зәмзәм суы мен тастардан, құм мен тастардан, құм мен аптап ыстықтан басқа ештеңе де силаған жоқ деп жазыпты. Мекке сауда- саттық, алым-берімге таптырмайтын жер. Қалтарыс, қаға берісі мол жолдар мазасыз, жыл он екі ай бойы ұры-қарысы үзілмейді: Оңтүстік Арабияға, Иранға, Сирияға, Жерорта теңізіне сапар шеккен керуендер осы өңірді басып өтеді. Алайда Меккенің атының шығуы оған байланысты емес. Онда арабтың көптепген тайпалары пір тұтатын көне аруақтары мен әулиелі орындары көп еді. Сондықтан да Мекке киелі орын деп айырықша дәріптелді. Арабияның түкпір – түкпірінен сабылып келіп, әулиелі орындарға түнеушілер жыл он екі ай бойы бір үзілметін [14]. Солармен алым-берім, сауда-саттық шағын шаһардың күнелтуіне жарап тұрды. Меккеден жылына екі рет қыста және жазда үлкен сауда керуендері шығатын. Оның біріншісі (қыста) – Иеменге, ал екіншісі – Солтүстікке қарай, Палестина мен Сирияға, Иракқа, тіпті Египетке бағытталған.
Ол сауда керуендерін Меккеден құдіретті тайпа-курейштер ұйымдастырылатын. Ол керуенге кез келген Меккелік кіре алатын. Керуендер алып шығатын тауарлар құны әр кезде, әр түрлі болды. Дегенмен орта есеппен 50 мың алтын тиын болатын. Курейштердің омейя руы ғана 5-6 мың ақшалық тауар жөнелтетін керуенді де сол ең қуатты Омейя руының өкілдері басқаратын.
Үлкен керуендерді жол білетін серіктер мен қорғаушы күзет жасағы алып жүретін. Түйелерді, оны айдаушылар мен жүк тиеушілерді көшпелі бедуиндерден жалдайтын. Тәжірибелі жол сілтеушілер құдықтар мен түйе жайылып, қоректене алатын жерлерді жақсы білетін. Керуен басшысы жүйрік түйеге мінген пысық жігіті арқылы Меккемен үзбей байланыс жасап отыратын Хиджаздықтар мен Недждіктер Қағбаға қажылыққа келіп отыратын қасиетті айлар белгіленді. Ол айларда кек қайтарып, қан төгуге қатаң тыйым салынды. Мекке мен оның төңірегі “Храм” деп, яғни адам өлтіру сияқты ауыр қылмыстыларға жол берілмейтін “қасиетті мекен” деп жарияланды. Сауда Мекке тұрғындарының басты кәсібі болды. Бұл қалада кім саудагер болмаса, оның тамағын тауып ішуі қиын болатын. Ислам діні шыққанға дейін Меккеде өзінің ақша жасайтын сарайы болмады. Саудада Византия мен Иран, Иемен ақшалары (алтын, күміс монеталары) пайдаланылды [29].
Саудамен қатар Меккеде өсімқорлық та кең қанат жайды (арабша –“риба”). Әжептәуір табыс табуға болатын саудаға қатысу үшін шағын және орташа байқуатты адамдар өсімқорлардан қарызға ақша алып отырды. Бай көпестер саудамен де, өсімқорлықпен де айналысты. Айталық, Вакыди: “Аббас өз тайпасының адамдарына көп ақша қарыз берген”, - дейді.
Бір диркен - бір диркемге, бір динар - бір динарға қарызға берілетін, яғни бір динар қарызға алған адам кейін екі динар етіп қайтаруы тиіс болған (100 % өсіммен).
Меккелік сауда керуенінің тұрақты бір мүшесі Тайф қаласының тұрғындары, оның ішіндегі қуатты сакиф тайпасының өкілдері болды. Меккемен Тайфтың экономикалық байланысының тығыз болғандығы соншалықты, ол қалаларды “Маккатани” – яғни “екі Мекке” деп атаған.
Тайф пен оның маңындағы ауыл тұрғындары бау бақшасы, жоқ меккеліктерді жеміс-жидекпен, көкөніспен қамтамасыз етіп отырған. Тайфтың маңында меккеліктердің жазғы ыстықтарда паналайтын дачалары болатын [10].
Меккедегі тайпалардың ішіндегі ең қуаттысы Омейя руы болды. Осы рудың өкілдері бай өсімқорлар болды. Солардың арасынан сауда керуен басшылары, жергілікті өзін-өзі басқару тізгінін қолында ұстаушылар шығып отырды. Олар Қаабаның төңірегінде, ал-Батха деп аталған тегіс жерлерде, алаңдарда тұрды.
Курейш басшыларының тек ақшасы мен тауары ғана болып қойған жоқ, сонымен қатар олардың егістік жерлері, малдары мен құлдары да көп болды. Олар асыл тұқымды жылқылардың иесі болды.
Меккеде, оған жақын жерлерде курейштен басқа хавазин, гатафан тайпалары қоныстанды. Ал тайфте скиф тайпасы тұрғанын жоғарыда айтып өттік. Меккеде сондай-ақ “одақтастар” деп аталған “ахлафтар” да тұрды. Бұлар басқа тайпалардан келіп қосылған кірмелер болса керек. Меккенің шет жағында “завахир” деп аталған кедейлер тұрды. Меккеде христиан, иудей, зароастра дініндегі шетелдіктер де тұрып жатты. Олар да сауда- саттықпен айналысатын. Курейш тайпасының құрылымы онша күрделі болған жоқ. Ірі көпестер мен өсімқорлар тобы “мала” деп аталды. Құлдардан полиция құрылды. Ол “АХАБИШ” деп аталға. Жиналыс үйі жұмыс істеді. Ол ақсақалдар кеңесінің билігінде болды. Аңыздарда “Жиналыс үйінің” (дар анназва) негізінен Кусайя Ибн-Килаба қалаған дейді. Табаридің айтуынша Кусаяның қолында өз тайпасы (курейш) сеніп тапсырған билік, яғни Хиджаба, Сикая, рифада надва және Лива болды. Хиджаз дегені – Қағбаның кілтін ұстаушыс, Сикая – Қағбаға табынуға келген қажыларды сумен қамтамасыз ету міндеті, рифада – ішерге тамағы жоқ табынуға келгендер үшін жиналатын қорды ұстауы. Ол қорды курейштер мен т.б. тайпалар жинайтын. ЛИВА дегені ақ матадан жасалған ту. Ол найзаның ұшына байланатын. Соғыс кезінде ол ту әскер қолбасшысы – райсқа табыс етілетін. Кусайя курейш тайпасының омейя руынан болатын. Ал ахабиштер, яғни полиция, бай курейштердің африкандық құлдарынан құрылатын. Олар курейштер қазынасы сақталатын қағба, бай курейштердің үйлерін күзететін [40]. Айтылып отырған кезде Батыс Аравиядан бір құдайға табынушылық дегеннің еш құпиясы жоқ болатын. Христиан, иудей діндеріндегі шет елдіктер бұл жаққа келіп-кетіп жүрді, Меккенің өзінде тұрып та жатты. Кейбір арабтар сол діндердің бірін қабылдап та жатты. Бірақ араб политейашінің маңызды орталығы болып отырған. Меккеде ланифизмнің (бір құдай) тарауына жақын ұйымдастырылып, қалыптасып қалған қағба дәстүрі (культ) кедергі жасады. Ондағы идеолдарға көшпелі бедуин тайпаларының қажылығы курештердің экономикалық жағдайына байланысты болатын. Әртүрлі құдайға сенетін бедуин тайпалары Қағбаға көп мал алып келіп, курештерге пайда келтіретін. Сондықтан да курейш ақсүйектері көп құдайға, пұтқа табынушылықты барлық күшін сала қорғап бақты.
Барлық Аравиядағы политиамның ақыры жақындап келе жатты. Алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауы, қауым мүшелерінің байлар мен кедейлер бөліне бастауы, тайпалық одақтардың құрылуы осының бәрі бір денеге, бір құдайға сену арқылы бір орталыққа бағынған мемлекеттің құрылуын қажет ете бастады.
Араб монетейзмі түріндегі ханифизм политейзмге қарсы күреске кірісті. Ханифизм өкілдері тайпалардың, жергілікті халықтардың жекелеген көп құдайларының орнына барлық арабтарға бірдей жалғыз рахманды және бір дінді ұсынды. Бұл күрес алдымен әрине Меккеде қызу жүрді. Себебі, Меккедегі Кағба политизмінің базисі еді.
Осындай жағдайда Ислам діні өмірге келіп, қалыптаса бастады. Оның негізін Мұхаммед Ғалайһи С-Салам пайғамбар (570-632жж.) қалады.
Мұхаммед Пағамбардың ата-бабасы қағбаның кілтін ұстаушылар болған, ал қағбаның негізін Ибраһимнің (Абраһале) Ажар деген египеттік күңінен туған баласы Исмайл қалаған дедік. Исмайлдан мирас болып қалған Жарһумды қағбадан Бану Хұзов тайпасы қуып шығыпты.
Кейінірек Исмайлдың Құрайш деген ұрпағы үйлі-жайлы болып, қағбаға қайтып оралды да, оны тәртіпке келтірді. Оны Құрайш – Мекке қаласының негізін қалаған тайпаның арғы атасы болды.
Құрайштың жетінші ұрпағы қосай Меккеден қалған азды-көпті Хұзаолар қуып шықты. Сөйтіп, 440-450 жылдары аралығында құрайштар Меккені басы-байлы иемденді. Ал Қосай – Мұхаммедтің төртінші атасы болатын. Ол 480 жылы қайтыс болған. Оның мұрагері Хашім – Мұхаммедтің үшінші атасы. Ол да Қосай сияқты Меккенің дуанбасы болды. Хашім қайтыс болғанда оның артында қалған сәбиі Шейба Мұхаммедтің үшінші атасы. Ол да Қосай сияқты Меккенің дуанбасы болған. Хашім қайтыс болғанда оның артында артында қалған сәбиі Шейба Мұхаммедтің екінші атасы болатын. Ол Ясрибтегі нағашыларының қолында өсіп, ержеткен соң әкесінің інісі Мүтәлібтің қолына келді. Меккеліктер Шейбан Мүтәлібтің құлы екен деп Әбд –ал- Мүтәліб деп атап кеткен (Абд – олла- құдайдың құлы). Осы Шейба - Әді Әл - Мүтәлібтен Мұхаммед Ғалейһи – ас - салам пайғамбардың әкесі Абдолла туған [39].
Шейбанның көпке дейін баласы болмапты. Бір күні Қағбада бүкіл халықтың көзінше құдайға жылап жалбарынып, бала сұрапты. Егер алла 10 ұл берсе біреуін құрбандыққа шалар едім деп ант береді. Бұл тілегі алланың құлағына шалынып, Әбді әл-Мүтәліб он екі ұл сүйді.
Ол берген антын орындау үшін бір ұлын құдайға құрбандыққа шалу үшін жеребе тастайды. Ол жеребе өте сүйкімді ұлы Абдолланың (“Құдай құлы”) үлесіне түсті. ...
Ақыры Абдолланың орнына 100 түйе құрбандыққа шалынды (Әбді әл-Мүтәліб сәуегейдің айтқанын орындап Қағбаның ішінде Абдолла мен 10 түйе алып келді. Жеребені он рет сү рағанда 10 рет Абдоллаға шықты. Құрбандық жолы Абдоллаға түскен сайын он түйеден айдап әкеліп қосып отырды. Тек түйе саны 100-ге жеткенде жаратқан адам қанының өтеуіне осы жарайтынын білдірді.
Әбді әл-Мүтәліб қателесуден қорқып, 2 рет садақа суырды, 2 ретінде де құрбандық жебесі түйеге түсті. Енді күмәндануға негіз қалмады. Сүйтіп, Абдолла ажалдан аман қалды).
Шамамен 569 жылы Абдолланы әкесі Әминаға үйлендірді. (Әмина-“Кіршіксіз адам” дегенді білдіред). 569-570 жылдары Сананың билеушісі Абдраханың қолбасшысымен иемендіктердің Меккеге жорығы басталды. Жорыққа Эфиоп әскері қатысты . ... Бірақ олар сәтсіздіктерге ұшырады (торғайлар тас лақтырыды ; әскер шешек дертіне шалдығып, қырыла бастады. Аман қалғандарды кері қашты. Сол жылы иемендік арабтар Эфиоп әскерін елінен қуып шықты. Оларға Иран көмектесті.
Болашақ пайғамбар, құрайыш тайпасының Омейя руынан шыққан Абдолла мен Әминаның отбасында 570 жылы 29 тамызда (биыл 17-18 шілде) дүниеге келді. Мұхаммед туардан 2-3 ай бұрын әкесі өлді. Әкеден қалған мұра : бес түйе, бірнеше қой және ассирийлік күн Барақат. ...,.... көшпенді тайпаларға тәрбиеге беру дәстүрі барды. Бұл жолы Меккеге балаларды тәрбиеге алуға құрғақшылық салдарынан жоқшылыққа ұшыраған Бану-Сал, Бану-Бәкір тайпаларының әйелдері келіп еді. Олар қолақы төлемі аз бола ма, ал жесір әйел тұрмысқа шықса жаңа күйеу тіпті ештеңе татырмай ма деп әкесіз жетім Мұхаммедті алғысы келмеді [39].
Басқа пысық әйелдер баға шартына келісіп, ауқатты тәуір үйлерден бала алып жатқанда, Халима деген әйел құр қол қайтпау үшін күйеуінің рұқсатымен Мұхаммедті ала кетті. Сүйтіп, алты айлық нәресте көшпенділер қолына түсті. Сонда 4 жыл тәрбиеленді. ... Мұхаммед пен оның емшектес ағасы қозыларды қарап, үйден алыстау жерде ойнап жүрген. Бір кезде олардың жанына ақ киім киген екі адам келді.
Олар Мұхаммедтің шалқасынан жатқызып, кеуде сүйегін ашып, жүрегін шығарып алған. Жүрегінде қара дақ бар екен, соны алып тастап, баланың жүрегі мен ішкі сарайын аппақ қармен жауып тазартып, жүрегін орнына Салғанда, бұрылып кете беріпті.
Халима Мұхаммедті шешесіне қайта әкеліп береді. Алты жасқа толғанда шешесі Мұхаммедті Ясрибте тұратын нағашыларымен таныстыруға алып барады. Қайта келе жатып Әмина жол үстінде кенеттен қайтыс болып , Абва елді мекенінің жанында жерленеді.
Мұхаммедті атасы Әбді әл-Мүтәліб (Шейба) қолына алды. Ол Қағбаның кілтшісі болғандықтан уақытының көбін діни орданың жанында өткізді. Сүйікті немересі атасының жанында болады, кейде түнеп те қалатын. Әбді әл-Мүтәлібтің басқа немерелері маңайлайда алмайтын кереует Мұхаммедтің жатса-жастығы, қисайса-төсегі болды.
Қағба маңындағы діни Ғұрып, жоралғылар Мұхаммедтің көз алдында өтіп жатты.
Қағбаның күнделікті тірлігімен етене болу Мұхаммедтің бойында дінге деген, діни оқуға деген құштарлықты ерте оятты. Мұхаммед көрген-білгенін бұлжымас қағида деп түсінбей, әр сақ қиялға салынып көп ойланатын[30].
Мұхаммед сегізге толғанда “сенің табаныңа қадалған шөгір (мыңға) (тікен) менің маңдайыма қадалсын” деп отыратын абзал атасы Әбді әл-Мүтәліб қайтыс болды. Ол өлерінің алдында үлкен ұлы Әбу Тәліпті шақырып алып, Мұхаммедке қамқор болуды тапсырды.
Жиырма бес жасында Хубайли қызы Хадишаға үйленіп, тұрмыс құрған біраз жылдан соң, Мұхаммед ойламаған жерден таңғажайып бір дертке шалдықты. Дерттің сырт сұлбасы-талмаға ұқсас еді. Ғажайып түстер мен оқта-текте ұстайтын талма дерті Мұхаммед бойына жабысқан кесел емес, тылсым дүниемен байланысатын саңылау деп қабылдады. Ол жас кезінде-ақ Хадишаға үйленбей тұрып, Құдайдың жалғыздығы туралы ойға бой алдырған еді. Құдіреті күшті жаббардың жалғыздығы туралы ой сол кезде етек алған христиан, иуда діндерінде бар болатын. Мұхаммедтің ұлылығы сонда-ол Құдайдың жалғыздығын дәлелдеймін деп бас қатырмай оны әрі қарай тереңдетіп дамытты[41].
Хира тауында періште арқылы Мұхаммедтің аузына салынған бес жол сөз - Құдай болмысы туралы, Құдайдың адамға деген ықылас, пейілі туралы терең мазмұнды әңгімелерге арқау болуға молынан жарады. Рамазан айы арабтар өзара тұтатын қасиетті айы еді. Оның үстіне осы айда Алладан аян болып, оның қадір – қасиеті тіпті арта түсті. Сөйтіп, бұл орайда Мұхаммед иуда, христиан қағидаларынан әрі кетті. Мұхаммед арабтардың пұтқа табынушылық үрдісінен үзілді – кесілді бас тартып, дүниедегі ең басты философиялық мәселе – мейірім мен зұлымдық мәселесін бірбеткей шешіп, Құдай туралы түсінікті жаңаша әліпте
www.ronl.ru
Шарттың ұғымы мазмұны түрлері реферат
0
МАЗМҰНЫ - www.topreferat.com.kz
І КІРІСПЕ 2
1. Шарттың ұғымы мен оның маңызы 4
2. Шарттың түрлері 6
ІІ. Негізгі бөлім 11
2.1 Шарттан туындайтын құқықтық қатынастар 11
2.2 Шарттың мазмұны 11
2.3 Шартты өзгерту және бұзу 13
Қорытынды 15
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 17
17
Жұмыс түрі: РефератПәні: ҚұқықЖұмыс көлемі: - бет
-----------------------------------------------------------------------------------РЕФЕРАТТЫҢ ҚЫСҚАРТЫЛҒАН МӘТІНІ
МАЗМҰНЫ
І КІРІСПЕ 2
1. Шарттың ұғымы мен оның маңызы2. Шарттың түрлері 6
ІІ. Негізгі бөлім 11
2.1 Шарттан туындайтын құқықтық қатынастар 112.2 Шарттың мазмұны 11
2.3 Шартты өзгерту және бұзу 13Қорытынды 15
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 17
І КІРІСПЕ
Біздің елімізде ХХ ғасырдың 90-жылдарының басынанҚазіргі таңда Азаматтық құқықтарға бұрынғыға қарағандаОсы курстық жұмыстың мақсаты Қазақстан РеспубликасындағыАзаматтық кодекстің Ерекше бөлімін қабылдауымызда шартЕрекше бөлімді қабылдау кезінде азаматтық құқықтықОсы курстық жұмысымда мен Ғ. Төлеуғалиев,1. Шарттың ұғымы мен оның маңызы
Шарт көне құқықтық құрылымның бірі болыпШартты (contractus) рим құқығы үш түрліШарт туралы мұндай көзқарастар нақты ісАзаматтық кодекстің 378-бабына сәйкес, екі немесеШарттан туындайтын міндеттемелерге, Азаматтық кодекстің тиістіАзаматтық заңның негізгі бастауларының бірі АзаматтықАзаматтық кодекстің 380-бабына сәйкес азаматтық құқықтыңТараптар заңдарда көзделген шартты да, көзделмегенФранция Азаматтық кодексінің 1101-бабына сәйкес "шарт2. Шарттың түрлері
Шарттың әрқилы болып келуі азаматтық құқықтаБіржақты және екіжақты шарттар. Біржақты шартШарттарды біржақты және көпжақты деп бөлудіңШарт ақылы және ақысыз болып бөлінеді.Консенсуалды (келісім) және нақты шарт.
Консенсуалды шарт дегеніміз әр жақтың келісіміНақты шарт дегеніміз заттарды тапсыруы сәтіңдеҮшінші жақтың пайдасына жасалатын шарт. ӘдеттеҮшінші жақтың пайдасына жасалған шарт —1994 жылы қабылданған Азаматтық кодексте шарттыңКоммерциялық ұйыммен жасалған Коммерциялық ұйым жария шартты жасауға қатыстыАзаматтық кодекстің 387-бабының 5-тармағының күшіне орайҚосылу шарты — ережелерін тараптардың біреуіАлдын ала жасалған шарт — әрАзаматтық кодекстің 390-бабының ережелеріне сәйкес, жасалғанАралас шартта заңда немесе басқа даІІ. Негізгі бөлім
2.1 Шарттан туындайтын құқықтық қатынастар
Шарттан міндеттемелік, заттық, авторлық немесе өзгеШарттан (бірлескен қызмет туралы шарт, құрылтай2.2 Шарттың мазмұны
Шарттың мазмұны — жасалған шарт жағдайларыныңШарттың ережесі заңдарға сәйкес қолданылатын нормаменЕгер Шарттың ережесін тараптар немесе диспозитивтікАзаматтық кодекстің 393-бабының 1-тармағына сәйкес, тараптарЕлеулі шарттар болып табылатындар:
1) шарттың мәні туралы ережелер;
2) заң мен басқа нормативтік құжаттарда3) осы шарттың түрі үшін қажетті4) бір тараптың мәлімдеуі бойынша келісімгеКәдімгі (дағдылы) жағдайлар деп заңның диспозитивтікЕлеулі деп есептелмейтін, нормативтік актілерде қаралмағанШарттың мазмұны шарттардың үлгі ережелерімен деҮлгі ережелер үлгі шарт немесе мазмұнында2.3 Шартты өзгерту және бұзу
Шартты өзгерту және бұзу заңда немесе1) екінші тарап шартты едәуір бұзған2) заңда немесе шартта көзделген өзгеТараптардың біреуі шартты бұзып, ал екіншіШартты толық немесе ішінара орындаудан біржақтыШартты бұзу кезінде тараптар міндеттемелері тоқтатылады,Егер заңда немесе тараптардың келісімінде өзгешеЕгер шартты бұзуға немесе өзгертуге бірҚорытынды
Сонымен, шарт – екі немесе бірнешеШартқа Азаматтық кодексте көзделген екі жәнеШарттың мазмұны шартты жасасу үшін қажеттіМәмілелер тәрізді шарттар да өздерінің көздегенШарттар ұсынылуына (оферта) және осы ұсыныстыШарттың өзгертілуі және бұзылу тәртібі азаматтықАзаматтық-құқықтық шартты міндеттемелік құқық қатынастарымен байланыстырады.Дәл осындай жағдайлар авторлық қатынастарда (қосарланғанТМД елдерінің азаматтық заңнамаларында шарт текПайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қолданылған нормативтiк актiлер тiзiмi:
Қазақстан Республикасының Конституциясы
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі
Қолданылған арнайы әдебиеттер тізімі:
1. Договор в народном 2. Формы гражданско-правовых договоров, используемых в3. Сулейменов М. Договор в гражданском4. Брагинский М.И., Витрянский В.В. Договорное5. Төлеуғалиев Ғ. Қазақстан Республикасының Азаматтық6. Жайлин Ғ.А. Қазақстан Республикасының Азаматтық7. Басин Ю.Г, Сделки, Алматы 199617
topreferat.com.kz
Әдебиет туралы жалпы түсініктердің бәрінің келіп құйылар арнасы, әдебиет туралы ғылымның ең басты және өзекті мәселесі – образ және образдылық. Бұл мәселені дұрыс таратып түсіну үшін, әуелі, әдебиеттің объектісі - өмір болғанда, предметі – адам екенін ескеруіміз керек. Кітап не туралы жазылған, симфония не туралы, сурет не туралы салынған, қандай сұрақ болсын жауап біреу – адам туралы, адамның әсемдігі, адам рухының керемет күштілігі, оның қасиеттері туралы. Өнер туындысының бәріне ортақ мазмұн адамның ойы, арманы, құштарлығы, мұраты. Адам тағдыры суреткер үшін шығарма арқауы ғана емес, өмірді танудың өзгеше тәсілі. Мұнда әңгіме дайын әдеби қаһарман жөнінде емес, сол қаһарманды жасаудағы қаламгердің бүкіл творчестволық іс-әрекеті, ойы, қыры. Ойдан шығару жалпы образға бартын жол, суреткердің өмірде көрген-білгенін ойша өңдеудің, қорытудың, жинақтаудың тәсілі. Ойдан ышғару шығармада суреттелген шындықтан шалғай жатқан оқыс нәрсе емес. Сол шындықты сұрыптау, саралау тәсілі. Шындыққа суғарылған адам тұлғасын әрі жинақтау, әрі даралау тәсілі. Әдебиеттегі образ екі түрлі мағынада қолданылады:
1) көркем бейне, кейіпкер, тип.
2) суретті сөз. Образдылық суреттілік, яғни сөздегі сурет. Әдебиеттегі адам бейнесін жасау сан түрлі амал-тәсілдер арқылы жүзеге асады. Ол сөздегі суретпен ғана бітпейді, көркем бейне жасауға қажет өмірлік материалды жинақтаудан әдеби тұлғаны даралауға дейін барады. Ал жинақтау тек типтендіру тәсілімен жүзеге асады. Типтендіре жинақтау арқылы суреткер болашақ образдың немесе типтің жалпы бітімін, тұлғасын, қалыптасуымен қатар оның ішкі ерекшелгін ашып, мінезін даралайды. Әрбір әдеби тұлғаны өз ортасынан адам ретінде бөлек оқшау танытып тұратын оның тек өзіне тән, өзгелерде жоқ және қайталанбайтын психикалық ерекшеліктері болуы шарт. Суреткердің өмір шындығын жинақтау әрекеті әрқашанда оның адам мінезін даралау әрекетімен ұласып, ұштасып жатады.
Әдебиеттегі адам образын жасаудың жолдары мен тәсілдері көп және әр алуан. Жалғыз-ақ жазушы шын мәніндегі шебер, зергер болуы шарт, сонда ол қолданған әрбір амал адам образын ашуға қызмет етеді. Әдебиеттегі адамның ішкі бітімімен қатар сырт келбетін (портретін) де осы тұрғыдан түсінген жөн. Портрет (французша «бейнеленген» деген мағына береді) – әдеби кейіпкердің сырт-көрінісін, кескін-кейпін, бой, тұлғасын суреттеу. Кейіпкердің мінез-бітімін, характерін неғұрлым толық ашып көрсету үшін оның портретін мүсіндеудің зор мәні бар. Сондықтан кейіпкердің характерін әртүрлі жағдайда, күрес-тартыс үстінде оның басқа адамдармен қарым-қатынасы өзінің әрекет, қимылдары, істеген істері арқылы айқындай отырып, жазушы портреттік сипаттарға көңіл бөледі. Негізгі қаһарманның келбеті, бой, тұлғасын, жүріс-тұрысын, сөйлеу мәнерін есте қаларлықтай етіп әсерлі бейнелеуге мән береді.
Сөз өнерінде адамнан тыс, адам тағдырынан тыс бірде-бір өрнек - өмір суреті жоқ және болуы да мүмкін емес. Бұл ретте, көркем шығармаларда суреттелетін табиғат көріністерін, яки пейзажды да әшейін бір уақыт пен кеңістіктің дерегі ретінде даралап қарамай, адам образын толықтыра түсетін тәсіл десек, ағат айтқан болмаймыз. Өйткені адамның сыры мен сезімінен, өмір тіршілігі мен көңіл-күйінен тыс ешқандай пейзаж болуы мүмкін емес. Пейзаж (французша «ел-жер» деген мағына береді) - әдеби шығармаларда жаратылыстың, яғни табиғаттың әсем көрінісі, көркемдік бейнесі. Суреткер әдеби шығармаларда көркемдік ойлаудың ажары ретінде, образдық жүйенің арқауы ретінде табиғат келбетін ерекше бір ұсталықпен суреттеуі.
Образдың жасалу тәсілдеріне лайық образдың түрлері туады. Образдың жасалу тәсілдерінің әр алуандығы сияқты, оның түрлері де әр алуан.
Образдың түрлерін белгілеудің бірнеше (әдістік, тектік, тәсілдік) факторлары бар. Көркемдік әдіс тұрғысынан келгенде, образ екі түрлі: романтикалық образ, реалистік образ. Әдеби тек тарапынан келгенде, образ үш түрлі: эпикалық образ, лирикалық образ, драмалық образ. Ал жалпы жасалу тәсілдеріне бақсақ, образ тағы да бірнеше түрлі: юморлық образ, сатиралық образ, фантастикалық образ, трагедиялық образ, геройлық образ т.б.
Образдың қазақшасы-көркем бейне. Бұл- кеңірек ұғым. Ең қарапайым мағынасында образ- суретті сөз. Күлімсіреп аспан тұр Жерге ойлатып әр нені (Абай)
Әдебиет теориясында образ деген ұғымның екі түрлі мағынасы бар. «Күн кірпігі от шашқан» деген бір ауыз ғана сөзді алсақ, бұл да образ. Бірақ бұл образдың тар мағынасы. Ал кең мағынасында образ- белгілі бір әдеби шығармадағы адам, көркем бейне. Оның эстетикалық мәні зор. Ол- әрі нақты, әрі кеңейтіле көрсетілген күрделі характер, типтік тұлға. Образдылық- суреттілік, сөздегі сурет. Осындай түп төркіні бейнеден, суреттен шыққан әр сөз өзара қатар түзеп, тіркес құрағанда, біртүрлі бір қиял жетпес қызық айнаға айналып, оның бетіне ақиқат шындықтың өзгеше айшық өрнегі сурет-сәулесі түсетін тәрізді. Образдылық осылай пайда болады.
Гималай- көктің кіндігі,
Гималай жердің түндігі. (І.Жансүгіров) Бұл метафора тәсілімен жасалған сурет. Байқап қарасақ., образдылық дегеннің өзі әр сөзге оның о бастағы заттылығын қайтып беретін секілді, сөйтіп, затты сөзді нақ ы суретке айналдыратын тәрізді. Сөз химиясын игеру- образға тек қана осы жолмен баруға болады. Образдылық үшін сөзбен салынар сурет нақты болумен қатар, мейлінше шын және дәл болуы шарт. Суреттіліктің жөні осы екен деп, сөйлем ішін эпитетпен, теңеу, метафорамен сықай беру-жөнсіз.
Әдебиеттегі образдың да бір түрі болмайды. Оның өзіне тәні мағынасына,қ ұрамына қарай бірнеше түрі бар. Олар: әдістік, тектік, тәсілдік. Бұлардың түр емес фактор деп те алуға болады. Ал көркемдік жағынан келгенде негізі екі түрлі.
Романтикалық образ.
Реалистік образ.
Ал әдебитетің тегі жағынан келгенде образ үш түрлі болады.
Эпикалық образ
Лирикалық образ
Драмалық образ
Ал осы образдың жасалуына келсек тағы да бірнеше түрге бөлінеді: юморлық образ, сатиралық образ, фантастикалық образ, трагедиялық образ, геройлық образ деген сынды атаулармен кете береді. Ал осылардың әрқайсысын білу, және жеке тоқталу осы жұмыстың басты жұмысы.
Сомен жеке-жеке тоқталып өтсек:
Романтикалық образ – әдебиеттегі адам бейнесінің байырғы түрлерінің бірі болып табылады. Бұл образдың, алғашқы үлгілері баяғы көне дүние әдебиетінде, оның «әрі өнген топырағы, әрі байлық қоры» боп табылатын мифте, қала берсе, қай халықтың болса да ауыз әдебиетінде жатыр. Әрқашан алға, алысқа, арманға асыққан халықтың қиялы да телегей – теңіз. Ал романтикалық образдың негізінде қиял жатады.
Қазақ әдебиетіндегі романтикалық образдың көне түрі халық ертегілері мен аңыздарында жатыр. Және батырлық дастандары мен тарихи еңбектерінде жасалды. Кезіндегі Желаяқ пен Көрегеннен, Саққұлақ пен Таусоғардан бастап Алдар Көсе мен Асанқайғыға дейін,одан Алпамыс пен Қобыландыға, Тарғын мен Қамбар-ға дейін қазақ фольклорындағы романтикалық образдың небір ғажайып үлгі-лерін көруге болады. Ал жазба әдебиетімізге келер болсақ, кезіндегі Мағауия Абайұлы және Ығылман Шөрекұлының, одан келе Мұхамбетжан Сералин мен Сұлтанмахмұт Торғайғыровтың атаулы шығармаларында да көптеген тамаша романтикалық образдар бейнеленген. Қазақтың маңдайы жарық Сәбит Мұқановтың Сұлушашы мен Жұмағали Саинның Күләндасын қайда қоясыз. Әбділдә Тәжібаевтың Абылын, Қасым Аманжоловтың Абдолласы – тегіндегі қазақ совет әдебиетіндегі ең бір романтикалық образдарды жекелей қалыптастырған үлгілері. Бұл тек берісі, әйтпесе тізім жалғасын таба бермек.
Романтикалық образ – кез келген жандың туындыларында болсын кездеседі. Тіпті бір ғана Ғабит Мүсіреповтың өзі қазақ прозасындағы аналар бейнесін образдау дейтін бір шыңдғы бағындырып тастаса керек.
Көне грек әдебиетіндегі Прометей, кешегі қазақ әдебиетіндегі Асан, бүгінгі орыс әдебиетіндегі Данко — әдебиеттер тарихына жалпы дүние жүзілік тұрғыдан қарағанда,— шын мәніндегі мәңгілік образдар. Бұлардың қай-қайсысы да халық үшін жанын құрбан еткен үлы арманнын, адамдары. Қараңғы қауымның зердесін жарық сәулемен жадыратпақ болған Прометей тәңірінің отын ұрлаймын деп, тасқа шегеленіп қалды. Қалың елге қой үстіне боз торғай жұмыртқалайтын құтты қоныс іздеген Асан Желмаямен жиһан кезіп жүріп, адасып кетті. Дүйім жұрт душар болған түн түнегін серчіу үшін өзінің өртті кеудесін өзі сөккен Данко жалын атқан, шұғыла шашқан отты жүрегін жұлып қолына алды да, өлді… Қарап отырсақ, осы адамдар істеген әрекеттің қай-қайсысы да ақиқат өмірде қолдан келетін нәрсе емес, бірақ ұғымға сыйымды, болған нәрсе емес, бірақ соншалық нанымды.
Ал реалистік образға тоқталсақ. Реалситік образ – әдебиеттегі адам бейнесінің ең қасиетті, сымбатты, шынайы бір түрі. Мұның қиасиеті де, шынайы, сымбаттылығы да ақиқатында; бұл дегеніміз – күнделікті өмірде болған, бар және бола беретін, бірқ ешқашан қайталанбайтын, әрқашан бұрын-соңды белгісіз тың қырынан көрініп, ылғыи жаңару үстінде болатын тип. Зерттеп келе түсінгеніміз образдың түрленуінің ішіндегі ең дұрысы осы реалистік образ. Өйткені бұл образдың эстетикалық мәні – романтикалық образдағыдай бұлыңғыр тартып тұрмайды, адам қолы жетпестей асқа, аңсау емес, қолмен ұстап, көзбен көргендей жетуізуге болатын образдың ерекше түрі. Содан болар реалситік образдың эстетикалық әрі тәрбиелік мәні зор. Қоғамға әсер етуі де күшті. Мәселен Тахауи Ахтановтың «Дала сырындағы» Қоспан образын алайық. Бұл қарапайым адам; күнделікті өмірде кездестіріп жүрген қарапайым пенде. Әрі көптің бірі. Командирі «Үлкен қара» атап кекен болмаса еңгезердей денесіне қарап Қоспанның. «Әскерде теңкиіп оң жақ қанатта» тұратыны, «жан біткенге сеніммен қарайтын нұры жұмсақ томпақ көзі, жылы шырайлыашық жүзі», еңарғы жағы аяғына да үлкен размер киетін. Бұл Қоспанның кәдімгі образы. Реалистік образы.
Реалистік образ – нанымды образ болып табылады: мінез –құлқы, іс пен әрекеті, оның қоршаған ортасы, оның басынан өткен оқиға, бәрі де өлшеулі. Себебі суреткер шыншыл образ жасау кезінде өзіне ақиқат шеңберінен шықпау керек дейтін талап қоя білуінде.
Реалистік образ – типтік де образ. Ол бізге күнделікті көріп жүрген етене таныс болғаынмен, «таныс бейтаныс», көптің бірі секілді болғанымен ол – бірегей. Өйткені әдебиеттегі шыншыл образ өмірдегі бір адамның бейнесінен көшірілген жоқ. Ол бірнеше адамның типінен безендіріліп отырып жасалған.
Жоғарыда атап көрсеткеніміз реалистік және романтикалық образдардың берілуі еді. Екеуіне талдау жасай келе, ғалымдардың еңбегімен салыстырып реалистік образдың шынайыға жақын екенін аңғардық. Келесі образ ол бізде эпикалық образ.
Эпикалық образ – кескін –кейпі, мінез-құлқы, іс-әеркетімен тұтас көрінген әрі толық жинақталған, әрі әбден дараланған тип. Портрет пен мінездеу, диало пен монолог, түрлі де сезімдер және характерлерді суреттеу сияқты көркем бейне тудырудың көп әрі түрлі амал-тәсілдері, әсіресе осы эпикалық образ үшін аса қажет. Себебі бұл жерде адамның түр-түсін де, ішіне еніп те, ісіне баға беріп те, суреттеп те, жан-жақты танытуға мүмкіндік бар. Ал оған аталған эпикалық шығарманың өрісі де, жетер құшағы да еркін жетіп жатыр.
Қазіргі қазақ әдебиетіндегі қандай эпикалық образды алмайық, бәрінен бұрын, біздің көз алдымызға оның сыртқы түрі, кескін-кейпі келеді: «басының құлақтан жоғары жері қаз жұмыртқасындай» жалтыраған, жалтұмсық, «не қылайыны жоқ» қатал сақшы — жалғыз көзбен жан біткенге «тесіле, сыздана қарайтын» Құнанбай, шуда сақалы “тағалы ат тайып жығылғандай тақыр иегінен” зырғанап шықшытына ұйлыға қалған Жұман, көзінде наз, ернінде «ерке күлкі, жұмсақ білегін» жігіт мойнына салса, «хош иіс, ыстық леппен» шарпып қалатын «мүсінді Мұкарама», «салпы етек бөз көйлектің шалғайын жоғары көтеріп, ышқырлығына қыстыра сала» аузы-басы сүйрендеп өсекке кірісетін «тырыли арық Қарақатын…» Осы мүсіндердің қай-қайсысын болса да кез келген қыл қалам оп-оңай һәм айнытпай көшіріп, суретке салып ала қойғандай емес пе? Оны өз алдына десек, осынау Құнанбай мен Жұман болсын немесе Мүкарама мен Қарақатын болсын, әрқайсысы-ақ тасқа қашалғандай қаздиып, оқырманның көз алдында тұрған жоқ па? Міне, осының бәрі — эпостың қисапсыз жанрлық мүмкіндігінен туған эпикалық образдың сыртқы түрі.
Белгілі болғанай оқырман эпикалық образдың түсін танып қана қоймайды, әрі қарай ішіне еніп кеткісі келеді. Ал осы ретте эпикалық жанр болса мінез – құлқын асықпай ашып барып танытуға, ойын, ішкі сезімін, сөз мәнері мен сөйлеу шеберлігіне дейін оқырманның алдында арын таза ұстағысы келеді. Мәселен, аталған образдардың бәрін бас-басына салып тергемей-ақ М.Әуезовтың Құнанбайы мен Қарақаттың мінездері мен сөйлеген сөздеріне аз-кем назар аударып көрейік.
Құнанбай көл-көсір кісілік болмысын, ағыл-тегіл ақыл-ойын, қырық катпар амал-айласын айтпағандая кан ішер қаталдығымен, найза бойламас тұңғиық әрі тоң мойын сұмдығымен дараланып шықса, Қарақатын тобық жасырмас жайдақ, жадағай құлқымен, жер ошақ басында шаңытқан көн-қоқыр өсек-аяңымен, өзге қатындардың өзінен қыл елі артықшылығын көрсе, өле жаздайтын іші тар, іш пыстырар, сол халге түсіп байқағысы келген адамды азып-тоздырар алапес, күйкі қызғанышымен ерекшеленеді.
Ал енді осы екі образдың сөздеріне құлақ түріп көрелік.
—Ей, Сүйіндік, албасты да қабаққа қарай басатын. Қыры жоқ, қасиеті жоқ басшы болса, ыбылыс, жын иектемей нетеді. Адал десек, аман десек, жан берейік, ақтайық, ақыретте айыбын өз мойынымызға алайық. Бірақ менің екі бірдей жаным жоқ. Майысар болсаң, жанымды да берерсің. Беремісің, жанымды?!
Әрине, бұл — тек қана Құнанбайдың сөзі.
— Ене-ау, не есіткенін бар? Әлгі Қаратаздың.. қойлы таздың інісі бар емес пе? Тәңірберген деген сері інісі бар еді ғой? Не басыңды ауыртайын, сенің. Сол сері жігіт кеп, Еламанның үйіне түсті. Аты қара тер. Қанжығасында бір қоян, бір түлкісі бар, Қояны ақ тушадай-ау, ақ тушадай! Ақбала сыртқа шығып, сері жігітті аттан түсірді. Ал екеуінің қалай көріскенін көрсең!.. Масқара-ай!.. Бетім- ай!.. О, жүзі қара! О, қара бет!..
Бұл сүйреңдеп тұрған, сөз жоқ, Қарақатын.
Міне, осының бәрі — элостың қисапсыз жанрлық мүмкіндігінен туған эликалық образдың ішкі сыры.
Образдың тағы бір түрі ол драмалық образ. Драмалық образ – бұл образдың ерекшлігі, эпикалық не лирикалық образдар секілді қағаз бетіне түскен қоспасы бар дүние емес. Бұл образдың ерекшелігі шынайы. Өмірдің өзінен алынған образы. Тіршіліктің ортасында қайнап жүрген тұрмыстың нағыз өз бейнесі. Мысалға, Антигона мөн Отелло, Тартюф пен Хлестяков, Сатин мен Яровая, Қарабай мен Телқара, Жүзтайлақ пен Сәуле — бәрі де драмалық образдар.
Драмалық образдарды берушілер көбінесе актерлар мен актрисалар. Олардың сомдауындағы протоиптер яғни ойнаушы образдары өмірдегі шынайы бір бейне. Ол бейнені қайта жұртпен табыстыру ол ендігі жерде өнердің шеберлігі болып кетеді.
Драмалық образдың жасалу тәсілдері де өзінше бөлек. Эпикалық образ кең құлашты баяндаулар мен суреттеулер арқылы, лирикалық образ түрліше көңіл күйлері мен шабытты толғаныстар арқылы жасалса, драмалық образ шиеленіскен тартыстар мен қым-қиғаш қимыл-әрекеттер арқылы жасалады. Әрине, бұл — сахнада психологиялық ой образын жасауға болмайды деген байлау емес. Қандай да болмасын, парасат пен ойсыз, сыр мен сезімсіз образ жасау мүмкін емес. Бірақ, бұл сахнадағы шешуші нәрсе қимыл-әрекет, тартыс пен қақтығыс екенін де жоққа шығармаса керек. Қаншама ойшыл адамның драмалық образын жасамақ болсаңыз да, бәрі бір, оны сахнаға жетелеп әкеліп, үш сағат бойы үн-түнсіз, қимыл-қозғалыссыз ойлантып қоя алмайсыз. Ондай жым-жырт «ойшылға» театр көруші жұрт үш сағат түгіл үш минут та шыдап отырмайды. Демек, драмалық образ оймен қатар іске, сезіммен бірге қимылға құрылады.
Образ-шығармашылық ой жемісі. Сондықтан ойлау үрдісіне тəн сипаттарға образ да ин болады. Яғни образ тек қана ақиқатты суреттеп берумен шектелмейді. Өмір шындығын жинақтай отырып, жекелегкн оқиғаларды, құбылыстарды бейнелей отырып, адам баласын толғандырып келе жатқан мəңгілік сауалдардың мəніне де үңіледі. Образ-нақты ұғым. Қандай құбылысқа негізделсе де, образ ол құбылысты дерексіз, тиянақсыз əлденелерге бөлшектемей керісіеше, оның тұтастығын, өзіндік бітімін сақтап қалады. Əдебиетте адам бейнесін жасаудың амалы алуан түрлі. Ол сөздегі суретпен ғана бітпейді, көркем бейне жасауға қажет өмірлік материалды жинақтаудан əдеби тұлғаны даралауға дейін барады. Жинақтау дегеннің өзі-əдеби тип жасау əрекеті. «Типтендіру деген суреткердің іс жүзінде өмір шындығын өз дүние танымы тұрғысынан белгілі бір уақытпен кеңістікке, əлеуметтік орта мен дəуірге сай талғап-тануы, таңдап іріктеуі жəне жинақтауы, сол арқылы өзі жасап отырған көркем бейнені сомдауы, тұлғаландыруы, даралуы болып табылады» дейді академик З.Қабдолов.
Пайдаланылан әдебиеттер тізімі:
massaget.kz