Курстық жұмыстың тақырыбы Қиыршық тастың негізгі қасиеттерін анықтау. Курстық жұмысты орындау барысында МЕСТ талаптарына сай сынамалар алынды. Қиыршық тастың физикалық және механикалық қасиеттерін анықтау барысында барлық техникалық және экологиялық талаптар ескерілді. Сынаққа қолданылатын шикізаттық материалдар, қолданылатын қондырғы-құралдар, технологиялық есеп-қисаптар және бұйымдарға қойылатын талаптар сипатталған. Курстық жұмыс 27 беттен тұрады. Кестелер саны -- 5.
МАЗМҰНЫ
НОРМАТИВТІ СІЛТЕМЕЛЕР −−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−− 5АНЫҚТАМАЛАР−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−− −−−−−−−−−−−−−−−−−− 6БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР −−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−− 7КІРІСПЕ−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−− −−−−−−−−−−−−−−−−−−− 81 ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУ БӨЛІМІ−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−− − 91.1 МЕСТ ТАЛАПТАРЫ. ТЕХНИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙ −−−−−−−−−−−−−−− 91.2 ТОЛТЫРҒЫШТАРҒА ЖАЛПЫ СИПАТТАМА−−−−−−−−−−−−−−−−− 91.3 ФИЗИКАЛЫҚ-МЕХАНИКАЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІН АНЫҚТАУ −−−− 121.4 СЫНАҚҚА ҚАЖЕТТІ ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАР−−−−−−−−−−−−−−−−− 141.5 СЫНАҚТЫ ЖҮРГІЗУ ӘДІСТЕМЕСІ−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−− 152 ТЕХНИКА ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІ ЖӘНЕЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−− −−−−−−−−−−−− 23ҚОРЫТЫНДЫ −−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−− −−−−−−−− 26ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−− −− 27
НОРМАТИВТІ СІЛТЕМЕЛЕР
ГОСТ 8267-93. Щебень и гравий из плотных горных пород для строительных работГОСТ 8269.0-97. Щебень и гравий из плотных горных пород и отходов промышленного производства для строительных работСТ РК 1213-2003. Щебень и гравий из плотных горных пород и отходов промышленного производства для строительных работСТ РК 1284-2004. Щебень и гравий из плотных горных пород для строительных работГОСТ 7392-2002. Щебень из плотных горных пород для балластного слоя ЖД путиГОСТ 22856-89. Щебень и песок декоративные из природного камня
АНЫҚТАМАЛАР
Қиыршықтас− түйіршіктерінің ірілігі 5 мм үлкен, тау жыныстарын, малтатас пен қойтастарды, жанама өндірілетін ашылатын және араластырылатын жыныстарды немесе кендерді қайта өңдеу жөніндегі тау кен кәсіпорындарының кондицияланбаған қалдықтарын (қара түсті металлургия өнеркәсібінің сирек металлдарын) және уату өнімдерін кейіннен шаша отырып, басқа да өнеркәсіп салаларының бейметалл қазбаларын үгіту арқылы алынатын бейорганикалық. түйіршікті сусымалы материал.Малтатас − табиғи малтатасты-құмды қоспаларды шашырату арқылы алынатын ірілігі 5см артық түйіршіктері бар бейорганикалық түйіршікті сусымалы материал.Гнейстер − атмосфералық әсерлердің салдарынан түрін, түсін өзгерткен (мәрмәр, кварциттер, қатпар тастар, асбестті) тасып ағылған тау жынысы.Балшықты тақтатастар - судың немесе жер қыртысының үлкен қысымымен балшықтың кристалдануы арқылы пайда болған қатты саз сияқты сұр түсті тау жынысы.Мәрмәр − кальциттің түйіршікті кристалдарынан пайда болған тығыз тау жынысы.Дала шпаты − ең көп тараған минералдар тобы - калийдің, кальцийдің, натрийдің алюмасиликаттары.Граниттер − өте көп тараған магмалық қышқыл жыныстар тобына жатады, құрамында кварц көп.Диориттер − құрамының 75 пайызы дала шпаттары, беріктігі жоғары, жол бетіне төселетін материал.Су сіңіргіштік - материалдың өз бойына су сіңіру, ұстау қасиеті.Суға төзімділік - материалдың өз қасиеттерін суда сақтау.Беріктік - материалдың сыртқы күштердің әсерінен күйрету немесе қарсыласу қасиеті.Қаттылық - материалдың өз бойына өзінен қатты заттың енуіне қарсыласуы.
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР
МЕСТ- мемлекеттік стандарт.мм-миллиметр.м-метр.МПа-Мега Паскаль.г-грамм.ҚНжЕ - құрылыс нормасы және ережелері. мм - миллиметр.ВЦ - су - цементтік қатынасы.С% - жұмысшы ерітіндінің концентрациясы. м - метр.м[3]сағ - метр куб сағатына. b, l, h - ені, ұзындық, биіктік.квт - киловатткг - киллограм. МПа - мега паскаль.т - тонна. F - аязға төзімділік.Мкр - ірілік модуль. кгм[3] - тығыздық өлшемі.
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасындағы құрылыс индустриясының қарқынды дамуы, құрылысқа қажетті негізгі қасиеттері жетілдірілген және техника-экономикалық жағынан тиімді құрылыс бұйымдары мен конструкцияларын кеңінен өндіруді қажет етеді. Тиімді құрылыс материалдары мен конструкцияларын өндірудің негізігі жолдарының бірі, оларды дайындауда жергілікті шикізаттық материалдарды кеңінен қолдану болып табылады. Қиыршықтастар бетон өнімдерінің көпшілігінде кездеседі. Сондықтан оны өндірудің технологиясын жетілдіру негізгі мақсат болып отыр.Құрылысты одан әрі индустрияландыру жергілікті шикізаттық сапалы материалдарды қолдана отырып, техника-экономикалық жағынан тиімді құрылыс материалдары мен бұйымдарын өндіретін зауыттарды салуды көздейді.Еліміздің 2030 жылдарға дейінгі жобаланған әлеуметтік, экономикалық дамудың негізгі бағыттарында көрсетілген, атап айтқанда құрылыстың көлемін төмендетіп, сапасын арттырып, мейлінше аз шикізат жұмсайтын, олардың жалпы салмағын азайту арқылы барлық қасиеттерін жақсартып,құрылыс алаңына көбінше дайындығы жоғары сапалы бұйымдар мен сапалыконструкцияларды дайындау қазіргі уақыттың басты міндеті болып отыр.Қол жетімді тұрғын үй -- 2020 бағдарламасы арқылы 29 жасқа дейінгі жас отбасыларды баспанамен қамтамасыз ету туралы мемлекеттік бағдарламасы нәтижесінде тұрғын үйлердің жаппай салынуын көзделіде. Бұл дегеніміз -- сапалы құрылыс материалдарын көптеп қажет етеді. Нұрлы Жол Жаңа Экономикалық Саясат біздің экономикамыздың таяу жылдардағы өсімінің драйвері болады. Тек жол құрылысы арқылы ғана жаңадан 200 мың жұмыс орны құрылады. Ал бұл халықтың жұмыспен қамтылуын және табыстарының өсуін білдіреді. Нұрлы Жол цемент, металл, техника, битум, жабдықтар өндіру мен соған сәйкес қызметтер сияқты экономиканың басқа да салаларына мультипликативті әсер етеді.Құрылыс бұйымдарының негізгі сипаттамалары мен қоршаған ортаның түрлі агрессивті факторларына төзімділігін арттыру, құрылыстың тиімділігінарттырудың негізгі жолдарының бірі. Тас өнімдері, оның ішінде құрылыста кеңінен қолданылатын қиыршық тас пен шағал тастар Қазақстан Республикасының барлық аймағында кең таралған. Ол дегеніміз материалдың қолданылуы, оның тасымалдануы - экономикалық жағынан тиімді болып табылады. Зерттеудің мақсаты - қиыршықтас өнімдерінің негізгі физикалық механикалық қасиеттерін анықтап, олардың құрылыста қолданылуының тиімділігін арттыру.
1. ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУ БӨЛІМІ1.1МЕСТ ТАЛАПТАРЫ. ТЕХНИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙ
Бетон өнімдерін дайындауда қиыршықтастың мына фракциялары қолданылады: 5... 10; 10...20; 20...40; 40...70мм. Қиыршықтас түйіршіктерінің түріне байланысты 3 топқа бөлінеді.1. кәдімгі 35% 2. жақсартылған 2 5 %3. куб тәріздес 15%4. Бұлардың қүрамында жалпақ, сопақ түйіршіктердің өлшемі 35,25,15%-тен аспауы тиіс.МЕСТ 10268-80 талаптарына сәйкес кейбір жауапты конструкциялық бетонда тек қана куб тәріздес қиыршықтастар қолданылады.МЕСТ 10268-80 бойынша 30 МПа -ға дейінгі бетондарда толтырғыштың беріктігі 1,5 есе жоғары, ал 30 МПа -да беріктігі 2 есе артық болуы тиіс.Гидротехникалық бетон үшін судың ауысымда деңгей аймағы жыныстардағы қиыршықтас қолдану қажет, бетонның қысу беріктігін 3 немесе 2,5 есе жоғарылатады. Бұл талаптар үлкен қорлы толықтырғыш бетонға қажетті және жеткілікті беріктікті қамтамасыз етеді.Қиыршықтаста түйіршікердің әлсіз жыныстарының 10%-і, ал бетон үшін 5% мүмкін етеді. Метаморфтық және магмалық тау жыныстардан алынған қиыршықтастағы қоспалардың үлесі 1%-тен аспауы тиіс, ал тұнбалы жынысты қиыршықтаста 2%.Шағал тас немесе қиыршық тас беріктігі бойынша маркасын құрғақтай немесе су сіңірілген қалпында, цилиндрде қысу нәтижесі негізінде анықтайды. Жарылғыштығын анықтағандағы массасының кемуіне байланысты шөгінділік және метаморфиялық тау жыныстарынан алынған толтырғыштардың мынадай маркалары болады: 1200, 1000, 800, 600, 400, 300, 200, ал ақтарылған тау жыныстарынан алынғандар үшін: 1400, 1200, 100, 800, 600.Табиғи тастан жасалынған қиыршықтас маркасы бетон мықтылығынан (мықтылығы 30 МПа төмен бетон үшін) ең кемдегенде 1,5 есе жоғары болуы керек; мықтылығы 30 МПа және одан жоғары бетон үшін -2есе; М 1200, 1400 ірі толтырғышта нашар жыныстар түйіршіктерінің (су сіңірілген күйінде қысқандағы мықтылық шегі 20 МПа төмендеу) мөлшерінің массасы бойынша5% аспайтындай рұқсат етіледі, М 400-1000 10%-тен және М 200, 300-15%-тен көп болмауы керек. Ірі толтырғыш аязға төзімділігі бойынша мынадай маркаларға жіктеледі:М 15, 25, 50, 100, 150, 200, 300. Аязға тұрақтылық маркасы шағал тас кемуі 5% аспағанға дейінгі кезекпен мұздату және еріту цикл санына сәйкес.
1.2 ТОЛТЫРҒЫШТАРҒА ЖАЛПЫ СИПАТТАМАТолтырғыштар деп - табиғи немесе жасанды минералдық түиіршіктер араласын айтады. Түйіршіктер мөлшері МЕСТ бекітілген аралықта болады. Бетон құрамында бұл түйіршіктер байланыстырушы затпен біріктіріліп тас тәрізді мықты дене құрайды. Толтырғыштар жалпы бетон көлемінің 85-90% құрайтындығынан олар бетондық араласпаның технлогиялық қасиетіне және бетон сапасына өте көп әсерін тигізеді.Құрылыс бұйымдарын бір ғана байланыстырғыш заттар дайындамайды, оған себеп, байланыстырғыштардың бағасы өте қымбат және физика-химиялық қасиеттері күрделі. Осындай кемшіліктерді жою мақсатында минералды ( биорганикалық) байланыстар негізінде құрылыс бұйымдарына толтырғыштар деп аталатын ірілігі әр түрлі инертті материалдарды қосады. Қарапайым толтырғыштардың құны байланыстырғышқа қарағанда едәуір арзан. Сәйкесінше, бетонда толтырғыш көп болған сайын бетон құны да арзандайды. Толтырғыштар қоры республикамыздың барлық аймақтарында жетерліктей (құм, қиыршық тас) Одан басқа әзірше аз қолданып жүрген өнеркәсіп қалдықтарынан (ТЭС күлі, металлургиялық шлактар т.б.) алынатын толтырушылар қоры жетіп артылады.. Дұрыс таңдап алынған толтырғыштар негізінде, ең аз цемент шығындаумен экономикалық тиімді бетон алынады және толтырғыштар бетонның техникалық қасиеттерін жақсартады. Мықтылығы жоғоры толтырғыштар қаңқасы бетонның беріктік және деформациялық модулін біршама ұлғайтып жүк астында конструкциялар деформациясын кішіреитеді, сондай - ақ жүктің ұзақ уақыт әсерінен пайда болатын қайта орнына келмейтін деформациясын - бетон жылжымалылығын азайтады.Толтырғыштар түпкі тегі бойынша табиғи, жасанды, өнеркәсіп қалдықтарынан алынғандар болып топқа бөлінеді. Табиғи толтырғыштарды тау жыныстарын (гранитті, диабазды , диоритті, ізбест тасын, жанартаулық туфты, гравийді, кварцитті, мраморды т.б.) механикалық қайта өңлеумен алады. Жасанды толтырғыштар ретінде - шикізаттардан және өнеркәсіп қалдықтарынан термиялық немесе басқаша өңдеу тәсілімен алынатын арнаулы дайындалған материалдарды қолданады. Бұларға жататындар керамзит және оның түр-түрлері, термозит, шлактық пемза және т.б. Өнеркәсіп қалдықтарынан толтырғыштарды шикізаттың химиялық және фазалық құрамдарын өзгертусіз алады. Бұл топқа металлургиялық және отын шлагынан алынатын тығыз және кеуекті қиыршық тась мен құм, кесек дисперстелінген ТЭС күлі кіреді. Бетонда майда және ірі толтырғыштарды қолданады. Майда толтырғыштар ретінде түиіршіктер мөлшері 0,16- 5мм аралығында табиғи немесе жасанды құмды пайдаланады. Ірі толтырғыштар түйіршіктері 5-70 мм аралығында болатын ұсақ тас және шағал тас болып екі топқа жіктеледі.МЕСТ 8267-82 талабына сәйкес ірі толтырғыш сапасы мынандай көрсеткіштермен - тығыздығымен, түйіршіктік және минералдық құрамымен, түйіршік пішінімен, беріктігімен, мықтылығы нашар түйіршік мөлшерімен, аязға тұрақтылығымен, қуыстылығымен, кеуектілігімен анықталады. Тығыздығына байланысты 1. тығыз (Pm 2000кг\м3), 2. кеуекті ( Pm 2000кг\ м3) толтырғыштарға жіктеледі.Кеуекті толтырғыштар негізіндегі бетондарды, басқаша айтқанда, жеңіл бетондарды тығыз толтырғыштармен жасалынған бетондар, яғни ауыр бетондар орнына қолдану үйлер мен ғимараттардың массасын төмендетуге және соған сәйкес көліктік және жинақтау операцияларының құндарын төмендетуіне, жылу қоршауын жақсаруына және де, үйді пайдалану барысындағы энергия шығынын азайтуға (жеңіл бетондарды пайдалануға байланысты жылу жоғалтуын 20-50 % ға азайту, демек үйді жылытуға кететін энергия шығынын 10-25% ға қысқарту) ықпалын тигізіп, үйлер мен ғимараттардың отқа , аязға, және жер сілкінуге төзімділігін асырады.Ірі толтырғыштар түйіршігінің пішініне қарай -- қиыршық тас және малта тас болып бөлінеді. Толтырғыштар түйіршіктерінің пішіні ең алдымен бетон және ерітінді араласпасының ыңғайлы төсемділігіне әсерін тигізеді.Толтырғыштар арқылы бетонның қасиетін анықтауға болады. Мысалы шойын немесе темір рудаларын толтырғыш ретінде пайдаланып, ионды сәулелерден қорғайтын өте ауыр бетон алуға болады.Технологиялық қасиеті жоғары, тығыз фракциялар қоспасын алу үшін қуыстығы 45 % аспайтын, жалпақ және сопақ пішіндегі түйіршіктері 35% , ал жолға төселенетін бетонға арналған шағал тасты 25% көп емес, ірілігі әр түрлі шағал тастарды пайдаланады.Орташа тығыздығы 1800 - 2800 кг\ м3 , тау жынысынын алынған толтырғыштарды ауыр бетонға жиі қолданады. Тығыздығы р - 2800 кг\ м3 толтырғыштарды қолдану бетон тығыздығын жоғарылатып, ғимараттар массасын қажетсіз ұлғайтып жіберуіне әкеліп соғады. Мұндай толтырғыштар радиоактивтік сәулеленуден қорғануға жұмсалатын арнаулы бетондарда пайдаланады.Тығыздығы р - 1800 кг\ м3 кем толтырғыштар елеулі кеуектілігімен ерекшеленеді. Оларды жеңіл бетондарда пайдаланады. Толтырғыштардың кеуектілігі жоғары болатындықтан , мұндай бетондарардың жылу қоршағыштығы да жақсы болады. Ең аз цемент шығынында берілген мықтылықтағы бетон алуға толтырғыштың түйіршіктік құрамы шешуші роль атқарады. Неғұрлым толтырғыш ірі болса, соғұрлым меншікті беті аз болады. Мысалы , толтырғыштың абсолюттік көлемен 1м3 тең етіп есептегендей ірілігі 10 - 20 мм түйіршіктер араласының меншікті беті 400 м2 құрайды, ірілігі 2,5 - 5 мм түйіршіктер үшін ол 1600м2 тең, ал ірілігі 0,05 - 0,16 мм шаң тәрізді түйіршік үшін - 160 000м2.Толтырғыштардың теориялық түйіршіктік құрамының қисық сызығын Фуллер және Боломей ұсынған формула бойынша салуға болады.
Р = m + ( 100 - m ) d D (1)Мұндағы р - ірілігі d мм дейінгі материал бөлігі ( толтырушылар араласы) барлық материал массасынан % ; Д - толтырушы түйіршігінің ең ірісі, мм; m - толтырушылар тегіне және бетон араласпвсының жұмсақтығына байланысты болатын коэффициент, m = 8 -12.
1.3 ФИЗИКАЛЫҚ-МЕХАНИКАЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІН АНЫҚТАУ
Түйіршік құрамын анықтауӘдістің мәні қиыршықтастың (малтатастың) түйіршікті құрамын елеуіштердің стандартты кешенінен өткізу арқылы анықтаймыз. Түйіршік құрамын анықтау жуу және қүрғақ елеу әдістерімен іске асырылады.Жалпақ (лещадты) және ине түріндегі түйіршік құрамын анықтауӘдістің мәні қиыршықтастағы (малтатастағы) жалпақ және ине түріндегі түйіршік құрамын анықтау, және жуандығы үзындығынан үш есе және одан да жоғары түйіршіктер санын бағалауда.Уатылғыштығын анықтауҚиыршықтастың (малтатастың) уатқыш деңгейін цилиндрде сығу барысында түйіршіктердің бүзылу дәрежесіне қарай анықтайды.Қиыршықтас (малтатас) түйіршіктерінің нағыз тығыздығын анықтауҚиыршықтас түйіршіктерінің нағыз тығыздығын өлшегіш цилиндр құрылғысын қолдана отырып ұсатылған кептірілген материал мөлшер бірлігінің массасын өлшеу арқылы анықтайды.Қиыршықтас түйіршіктерінің орташа тығыздығын анықтауҚиыршықтас түйіршіктерінің орташа тығыздығын гидростатикалық өлшеу кұралдарын қолдана отырып, тұқым бөліктері мен қиыршықтас түйіршіктері мөлшерінің бірлік массасын өлшеу арқылы анықтайды.Қиыршықтас түйіршіктерінің кеуектілігін нақ және орташа шамаланып анықталған мағыналардың негізінде есептік тәсілмен жүзеге асырылады.
(2)
Rорт -- - - қиыршықтас, малтатас түйіршіктерінің орташа тығыздығы, гсм3 рн -- қиыршықтас түйіршіктерінің нағыз тығыздығы, гсм3.Қиыршықтастың суды сіңіруін анықтауСу қанықтығын сумен қанықтырылған және кептірілген жағдайдағы қиыршықтас (малтатас) үлгілері массаларын салыстыру жолымен анықталады.Ылғалдылықты анықтауҚиыршықтастың (малтатастың) ылғылдылығын ылғал жағдайдағы және кептіру процессінен кейінгі үлгі массасын салыстыру жолымен анықтайды.Сығымдаған кездегі беріктік шегін анықтауҚиыршықтастың (малтатастың) төзімділігін қысу және қысқандағы үлгілердің (кубиктер немесе цилиндрлер) бұзылу жағдайына жету арқылы анықтайды.Шаң түріндегі және саздық бөлшектердің құрамын анықтауҚиыршықтастағы (малтатастағы) шаңды және балшықты бөліктердің құрамы анықтау қиыршықтасты жуу барысында алынатын суспензияның елеуіштен өтуі және сынаққа дейінгі және одан кейінгі үлгі массасындағы айырмашылықты есептеу арқылы жүзеге асады.Үйме тығыздығын анықтауҚиыршықтастың үйме тығыздығын тұрақты массаға дейін кептірілген, берілген фракцияның (немесе фракция қоспаларын) белгілі бір қиыршықтас мөлшерін өлшеу арқылы анықтайды. Бүл әдісті түйіршігінің ең жоғары мөлшері 63мм қиыршықтасқа қолдануға рұқсат етілген.Ұсақталғыштығын анықтауҰсақталғыштығын анықтау үшін өлшемі 5-тен 10-ға дейін, 10 -- 20, 20 -- 40, 40 -- 70 мм аралығындағы қиыршықтастар алынады. 70 мм-дан үлкен тастарды қайтадан ұсақтайды. Әрқайсысынан 500г. (0.1 г дәлдікпен) өлшеп алады. Бұл сынақты кебу және сулы түрде жүргізіп, маркасын анықтайды. Кебу кезінде қиыршықтасты тұрақты массаға дейін кептіріп, оны d=150мм цилиндрде сынай ды. Ондағы түсірілетін қысымды 100-200 кгссек жылдамдықпен 5000 кгс қысымға дейін жеткізеді. Сынақ жүргізгенде ондағы ұсақталған тастарды бөлек алып массасын есептейді.Сулы кезіндеҰсақт.=((m-m1) m) 100 (3)m -- сынауға алынған тас массасыm1 -- ұсақталған тас массасы
Кесте 1
МаркасыҚиыршықтасты сынағандағы масса жоғалтуы, %
Кебу кезіндегіСуға қаныққан кездегі
1200,1000,80060040030020011 дейін. 11-13;13 ;15 қоса15;1919 ;2424 ;2828 ;3511дейін 11-13 ;13 -- 15 қоса15 ;2020 ;2828 ;3838 ;54Аязға төзімділігін анықтау Аязға төзімділік әр өлшемдегі қиыршықтас үшін жеке-жеке анықталады. Алынған қиыршықтасты тұрақты массаға дейін кептіреді. Металл ыдысқа t=+20+-50С су құйып, оны 48 сағаттан соң төгеді де, тастарды мұздатқыш камераға t= -18+-20С 4 сағатқа қояды. Кейін оны t=+20+-50С суы бар ваннаға қайта салып, 2 сағаттан кем емес уақытта ұстайды. Осындай 15, 25 циклдан кейін қиыршықтасты тұрвқты массаға дейін кептіріп, оны сынақтан өткізеді. Dm= ((m-m1) m)*100% (4)m= сынаққа алынған материал массасыm1= сынақтан кейін бүтін қалған материал массасыСынақты МеСТ бойынша рұқсат етілген масса жоғалту циклына дейін жүргізеді. Сынақты масса жоғалту мүмкіндігінен асқанда тоқтатады.
Кесте 2Сынақ түріҚиыршықтастың аязға төзімділігі бойынша маркасы
F 15F25F50F100F150F 200F 300F 400Цикл мөлшері152550100150200300400Сынақ кезінде масса жоғалту, %1010565566Күкіртқышқылды натрийге қаныққан, кептірілген цикл мөлшері35101015151515Сынақтан кейін масса жоғалтуы, %10101055331
1.4 СЫНАҚҚА ҚАЖЕТТІ ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАР
Үйме тығыздықты анықтау үшін: зертханалық таразы Гарри приборы,цилиндр қажет.Дәндік құрамын анықтау үшін:Фракцияның тиісті номиналды мөлшеріне сәйкес келетін ... жалғасы
stud.kz
Ірі толтырғыш ретінде малтатас не қиыршықтас пайдаланылады.
Қиыршықтас деп ірілігі 5-тен 70 мм дейін түйірлерден тұратын және жырымдалған кедір-бұдыр бетті бос шөгінді тау жынысын атайды.
Сынаулар МСТа 8267-93 -«Құрылыс жыныстарына арналған табиғи тастан жасалған қиыршықтас. Техникалық шарттар»;
МСТ 8269-97 - «Қиыршықтасты сынау әдістері» талаптарына сәйкес жүргізіледі.
Қиыршықтастың (малтатастың) үйілген тығыздығын анықтау
Үйілген тығыздықты көлемі қиыршықтас (малтатас) ірілігіне байланысты өлшеуіш цилиндр көмегімен анықталады,өлшемдері 5.4-кестеде келтірілген.
5.4-кесте
Өлшеуіш цилиндрдің өлшемдері
Қиыршықтас- тың ең үлкен ірілігі, мм | Өлшеуіш цилиндрдің көлемі, л | Цилиндр өлшемдері, мм | |
диаметрі | биіктігі | ||
10 дейін 20 дейін 40 дейін 40 артық | 5 10 20 50 | 185 234 294 400 | 185 234 294 400 |
Қиыршықтасты тұрақты массаға дейін келтіреді және оны конус пайда болғанша 10 см биіктіктен алдын ала өлшенген цилиндрге салып толтырады, сосын конус ернеулермен бірдей етіп алынады және цилиндр қиыршықтаспен бірге өлшенеді. Үйілген тығыздық 10 кг/м3 дейін дәлдікпен мына формула бойынша есептелінеді
Ρүй= m1- m / V ,
мұндағы m1 – толтырғышпен бірге цилиндр массасы, кг;
m – цилиндр массасы, кг ;
V – цилиндр көлемі, м3 .
Қиыршықтастың үйілген тығыздығы екі өлшеу нәтижелерінің орташа арифметикалық мағынасы ретінде есептеледі.Сынақ мағыналары 5.5-кестеге енгізіледі.
5.5-кесте
Қиыршықтастың (малтатастың) үйілген тығыздығын
анықтау
№ | Материал аты | Ыдыс көлемі, м3 | Массасы, кг | Үйілген тығызды- ғы, кг/м3 | ||
сосуда | ыдыс пен құмның | құм- ның | ||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Қиыршықтастың (малтатастың) қуыстығын анықтау
Қиыршықтас (малтатас) қуыстығы түйірлердің шын тығыздығының алдын ала табылған мағыналары және қиыршықтастың (малтатастың) үйілген тығыздығы бойынша анықталады,қуыстың көлемі бойынша 0,1% дейін дәлдікпен мына формула бойынша есептеледі
Vқ. = (1-ρүй/ρ)·100 ,
мұндағы ρүй – қиыршықтастың үйілген тығыздығы, г/см3 ;
ρ – түйіршіктердің тығыздығы, г/см3 .
Бұдан басқа,ірі толтырғыштың қуыстығы тікелей өлшеумен де анықталады. Сыйымдылығы екі литр металл ыдысқа суға мол шылыққан ірі толтырғыш салынады және де салынып жатқан қиыршықтасты (малтатасты) биіктігі бойынша шамалап тең екі қабатты болат шыбықпен найзалайды немесе зертханалық діріл үстелде дірілдетеді. Қиыршықтасты (малтатасты) сумен шылықтыруды бір тәулік ішінде өндіреді. Сосын қиыршықтас (малтатас) артығы ыдыс ернеулерімен бірдей кесіледі,ыдыс ұсақ тормен жабылады және оны 30 мин бойы тыныш қалпында қалтырып, артық судың ағуына мүмкіндік беру үшін оны тағы да 30 мин бойы төңкеріп қояды. Осыдан кейін ыдыс қиыршықтаспен (малтатаспен) бірге өлшенеді, оған жоғарғы ернеуімен бірден су құяды және тағы өлшейді.
Түйір аралық қуыстың көлемін Vқ пайызбен мына формула арқылы есептейді
Vn= ( m1- m2/ V) 100 %,
мұндағы m1 – қиыршықтас және сумен бірге ыдыс массасы , г;
m2 – сусыз ыдыс пен қиыршықтас массасы, г;
V – ыдыс көлемі, см3 .
Сынау екі рет жүргізіледі және соңғы нәтижеге екі сынау нәтижелерінің орташа арифметикалық мағынасы қабылданады.
studfiles.net
Ірі толтырғыш ретінде малтатас не қиыршықтас пайдаланылады.
Қиыршықтас деп ірілігі 5-тен 70 мм дейін түйірлерден тұратын және жырымдалған кедір-бұдыр бетті бос шөгінді тау жынысын атайды.
Сынаулар МСТа 8267-93 -«Құрылыс жыныстарына арналған табиғи тастан жасалған қиыршықтас. Техникалық шарттар»;
МСТ 8269-97 - «Қиыршықтасты сынау әдістері» талаптарына сәйкес жүргізіледі.
Қиыршықтастың (малтатастың) үйілген тығыздығын анықтау
Үйілген тығыздықты көлемі қиыршықтас (малтатас) ірілігіне байланысты өлшеуіш цилиндр көмегімен анықталады,өлшемдері 5.4-кестеде келтірілген.
5.4-кесте
Өлшеуіш цилиндрдің өлшемдері
Қиыршықтас- тың ең үлкен ірілігі, мм | Өлшеуіш цилиндрдің көлемі, л | Цилиндр өлшемдері, мм | |
диаметрі | биіктігі | ||
10 дейін 20 дейін 40 дейін 40 артық | 5 10 20 50 | 185 234 294 400 | 185 234 294 400 |
Қиыршықтасты тұрақты массаға дейін келтіреді және оны конус пайда болғанша 10 см биіктіктен алдын ала өлшенген цилиндрге салып толтырады, сосын конус ернеулермен бірдей етіп алынады және цилиндр қиыршықтаспен бірге өлшенеді. Үйілген тығыздық 10 кг/м3 дейін дәлдікпен мына формула бойынша есептелінеді
Ρүй= m1- m / V ,
мұндағы m1 – толтырғышпен бірге цилиндр массасы, кг;
m – цилиндр массасы, кг ;
V – цилиндр көлемі, м3 .
Қиыршықтастың үйілген тығыздығы екі өлшеу нәтижелерінің орташа арифметикалық мағынасы ретінде есептеледі.Сынақ мағыналары 5.5-кестеге енгізіледі.
5.5-кесте
Қиыршықтастың (малтатастың) үйілген тығыздығын
анықтау
№ | Материал аты | Ыдыс көлемі, м3 | Массасы, кг | Үйілген тығызды- ғы, кг/м3 | ||
сосуда | ыдыс пен құмның | құм- ның | ||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Қиыршықтастың (малтатастың) қуыстығын анықтау
Қиыршықтас (малтатас) қуыстығы түйірлердің шын тығыздығының алдын ала табылған мағыналары және қиыршықтастың (малтатастың) үйілген тығыздығы бойынша анықталады,қуыстың көлемі бойынша 0,1% дейін дәлдікпен мына формула бойынша есептеледі
Vқ. = (1-ρүй/ρ)·100 ,
мұндағы ρүй – қиыршықтастың үйілген тығыздығы, г/см3 ;
ρ – түйіршіктердің тығыздығы, г/см3 .
Бұдан басқа,ірі толтырғыштың қуыстығы тікелей өлшеумен де анықталады. Сыйымдылығы екі литр металл ыдысқа суға мол шылыққан ірі толтырғыш салынады және де салынып жатқан қиыршықтасты (малтатасты) биіктігі бойынша шамалап тең екі қабатты болат шыбықпен найзалайды немесе зертханалық діріл үстелде дірілдетеді. Қиыршықтасты (малтатасты) сумен шылықтыруды бір тәулік ішінде өндіреді. Сосын қиыршықтас (малтатас) артығы ыдыс ернеулерімен бірдей кесіледі,ыдыс ұсақ тормен жабылады және оны 30 мин бойы тыныш қалпында қалтырып, артық судың ағуына мүмкіндік беру үшін оны тағы да 30 мин бойы төңкеріп қояды. Осыдан кейін ыдыс қиыршықтаспен (малтатаспен) бірге өлшенеді, оған жоғарғы ернеуімен бірден су құяды және тағы өлшейді.
Түйір аралық қуыстың көлемін Vқ пайызбен мына формула арқылы есептейді
Vn= ( m1- m2/ V) 100 %,
мұндағы m1 – қиыршықтас және сумен бірге ыдыс массасы , г;
m2 – сусыз ыдыс пен қиыршықтас массасы, г;
V – ыдыс көлемі, см3 .
Сынау екі рет жүргізіледі және соңғы нәтижеге екі сынау нәтижелерінің орташа арифметикалық мағынасы қабылданады.
studfiles.net
Қазақстан Республикасының Ғылым және Білім министрлігі
Алматы Энергетика және Байланыс Университеті
"Жылуэнергетика" факультеті
"Әлеуметтік пәндер" кафедрасы
Қ а з а қ с т а н т а р и х ы
№1-с е м е с т р л і к ж ұ м ы с
Тақырыбы: "Сақ дәуірінің көрнекті ескерткіштері: Бесшатыр,
Тасмола қорғандары."
Орындаған:
Тексерген:
Алматы, 2013
Жоспар:
1. Кіріспе.
2. Ертедегі темір дәуіріндегі Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан.
3. Бесшатыр қорымы. Есік обасы.
4. Ертедегі темір дәуіріндегі Орталық Қазақстан. Тасмола мәдениеті.
5. Қорытынды.
Кіріспе
Сақ мәдениеті - ерте темір дәуірінде Қазақстан мен оған іргелес
жатқан өлкелерді мекендеген тайпалар қалдырған археологиялық
ескерткіштер жиынтығы. Сақтар көшпенділердің жоғары деңгейде
дамыған өркениетін қалыптастырды. Сақтар адамзат қоғамы үшін
аса маңызды мәдени құндылықтар қалдырды. Сақ тайпалары тарихы мен
олардың материалдық және рухани мәдениетінің аса маңызды бастау
деректері - қорымдар, жартастағы суреттер, сақ бұйымдарының көмбелері.
Сақ қорымдарының шоғыры Сырдария, Іле, Талас, Шу, Лепсі, Есік, Шелек,
Шарын өзендерінің аңғарларынан, Кеген мен Нарынқол алқаптарынан
табылған. Археологтар зерттеулері Қазақстанның әр түрлі аймақтарынан
сақтардың аса жарқын, байырғы мәдениетін ашуға мүмкіндік берді.
Темір дәуірінің кезіндегі ру-тайпалардан қалған басты
ескерткіштерінің бір түрі бүкіл Қазақстанның барлық жерінде кездесетін
төбе болып жатқан обалар. Археологиялық зерттеулер Қазақстандағы
сақ мәдениеті жөнінде (б.з.б. 7-3 ғасырлар) неғұрлым толығырақ деректер
береді. 1930 жылдардың соңында басталған зерттеу жұмыстары іс жүзінде
1946 жылдан кейін ғана кеңінен өрістеді. Жетісу, Төменгі Сырдария,
Орталық Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстанда сақ
мәдениеті ескерткіштері ашылды, көптеген қорымдар, ғұрыптық орындар
және т.б. жәдігерлер қазылып, зерттелді. Жетісудағы Есік (Алтын адам),
Бесшатыр обалары мен көптеген көмбелер, Сырдың төменгі ағысындағы
Үйғарақ қорымы, Орталық және Солтүстік Қазақстандағы Тасмола
мәдениетінің обалары, Шығыс Қазақстандағы Берел, Шілікті қорымдары,
т.б. көптеген нысандар көне сақтардың тамаша ескерткіштері ретінде
танымал. Кең байтақ аумақтарға тарағандықтан, әр өлкенің мәдениетін
зерттеудің өзіндік жүйелері қалыптасқан.
Б.з.б. V ғасырға жататын Бесшатыр қорымының сақ
"пирамидаларынан" бөренелерден тұрғызылған ірі жерлеу құрылыстары
тамаша сақталған күйінде табылды, олар Орта Азия мен Қазақстан
аумағындағы жер бетіне ағаштан салынған ең ежелгі сәулет өнерінің
бірегей ескерткіштері.
Іле Алатауының солтүстік беткейіндегі үлкен қорымға енетін "Есік"
обасындағы ақсүйек сақтың қабірі жерлеу ғұрпының байлығымен қайран
қалдырады. Оның киімі, бас киімі мен аяқ киімі алтыннан жасалған
4000-ға жуық қаптырма мен қалақша арқылы әшекейленген, олардың
көпшілігі скиф - сақ кезінде "аң" стилінде орындалған. Есік қабірінен
табылған күміс тостағанның маңызы ерекше, оның түбіндегі 26
таңбадан тұратын жазу, тегінде, әліпбилік жазба болуы ықтимал.
Ертедегі темір дәуіріндегі Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан.
Б.з.б I мыңжылдықта Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан -
болжамдарыдың бірі бойынша тиграхауда - сақтарға баланатын сақ
тайпаларының үлкен тобы қоныстанған Орта Азия мен Қазақстанның
этномәдени сақ қауымының өзіндік жарқын мәдениетінің ірі ошағы
саналды. Үлкенді - кішілі Сырдария, Іле, Талас, Лепсі, Есік, Шелек,
Шарын, Кеген өзендері мен басқаларының аңғарларында көптеген тас
және топырақ обалар шоғырланған. Олардың көбісі жүздеген
төмпешіктері бар үлкен молалы жер болып табылады. Жетісу мен
Оңтүстік Қазақстанның басқа да ірі оба қорымдарында адамдар әр
түрлі уақыттарда жерленіп, олардың жүздеген жылдар бойында
қалыптасқан. Биіктігі 20 метрге дейін жететін "патша" обалары
дейтіндердің көп жинақталуы жөнінен Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанға
Орта Азияда және Қазақстанның басқа аудандарында тең келетіні жоқ.
Осындай археологиялық ландшафт А.Н.Бернштамды "патша сақтары
мен усундер" нақ Жетісуды мекендеген деген қорытындыға келтірген.
Бесшатыр қорымы
Бесшатыр қорымы Іле өзенінің оң жағасында, Шылбыр қойнауында
орналасқан. Ол 31 обадан тұрады, олардың 21 - і таспен, ал 10 - ы
қиыршықтас және топырақ үйінділерімен жабылған. Үйінділердің
көлеміне қарай қорым обалары үлкен, орташа және кіші обалар болып
бөлінеді. Үлкен обалардың диаметрі 45 метрден 105 метрге, олардың
биіктігі 6 метрден 18 метрге дейін жетіп ауытқып отырады;
орташаларында диаметрі 25 метрден 38 метрге және биіктігі 5 метрден
6 метрге дейін жетті; кішілерінде диаметрі 6 метрден 18 метрге және
биіктігі 0,8 метрден 2 метрге дейін жетті.
Сирек кездесетіндері болмаса, қазылған обалар бұрындары тоналып
кеткен болып шықты. Дегенмен де Бесшатыр обалары мерзімін
белгілеуге болатын тамаша материал ( қанжарлар, жебелердің ұштары)
ғана емес, сонымен қатар қабір үстіне орнатылған іргелі
құрылымдардың ерекше бағалы, жаға үлгілерін де берді. Диаметрі
104 метр, биіктігі 17 метр Үлкен Бесшатыр обасы ерекше. Үйінді
төбесі қиық конус тәрізді, жалпақ төбесінің диаметрі 32 метр. Обаның
тас жамылғысы табаны жағалай тығыз етіп бірнеше қабат төселген,
бұл - орасан зор үйінді орнатқан цоколь секілді болып көрінеді.
Үйіндінің солтүстік және оңтүстік жақтарында төменге қарай түсетін
ордың (ені 2 метр) ізі байқалады. Үйінділер айналасынан 5 - 7 метр
қашықтықтан тас дуал өтеді ( ені 2 метр және сақталып қалған биіктігі
50 - 60 см). Үйіндімен қатар бір басы көмілген ірі тас бағандардан
( менгирлерден ) және үлкен қойтастардан қоршау түрінде тұрғызылған
дөңгелек құрылыстар салынған. Үлкен обаның айналасында барлығы
94 қоршау бар. Кейбір тік тұрған тас бағандарға қазақ ру -
тайпаларының таңбалары қашап салынған. Обаның солтүстік -
шығыс жағында тағы да осындай жеті қоршау бар, олар оңтүстік -
шығыстан солтүстік - батысқа қарай созылып жатыр. Олардың жанынан
қыш ыдыстардың көптеген сынықтары табылды, қыш қазандардың
тұтқалары кездеседі. Қазылған қоршаулардың көпшілігінде тайыз жерден
күл - ыс дақтары табылды, екеуінен сүйек қалдықтары, керамиканың
сынықтары мен моншақтар шықты. Сірә, қоршаулар табыну мақсатына
арналып, отқа табынуға және құрбан шалу ғұрпына байланысты болуы
ықтимал.
Бесшатырда үш үлкен оба: Бірінші, Үшінші және Алтыншы
Бесшатыр обалары, орташа үш оба мен барлық ұсақ обалар қазылды.
Бірінші Бесшатыр обасының диаметрі 52 метр биіктігі, 7,6 метр,
оңтүстік жағынан 8,93 метр. Оба таспен жабылған. Үйіндінің түп
жағына тас неғұрлым тығыз қаланған, обаның төбесі жалпақ. Үйінді
үш қабат. Ең үлкені - екінші қабаты, ол қалыңдығы 8,5 метрден
13 метрге дейін жететін топырақ пен қиыршықтастан тұрады. Төменгі
қабатының астында Тянь - Шань шыршасының өңделген тұтас
бөренелерінен салынған үлкен ағаш құрылыс табылды. Сағана үйілген
топырақ астына жерленген адамның үстіне тұрғызылған, бұл түгелдей
жер бетіндегі құрылыс.
Бесшатыр сағанасы сол кезде ағаштан салынған күрделі құрылыс
болып табылады, ол бірнеше бөліктен тұрады, олар: дәліз ( дромос ),
қабірдің алдыңғы кірер аузы және жерлеу бөлмесі. Сағананың барлық
бөренелері жақсы өңделген: бұтақтары мен бұдырлары тегістеліп
шабылып, қабығы аршылған. Бөлменің қабырғасын құрайтын бөренелер
мұқият тегістеліп, бір - біріне тығыз қиюластырылған; бүкіл құрылысты
мейлінше тұрақты ету үшін бөренелердің жуан жұмыр басы қарама -
қарсы айқастырылып салынған. Бұрыштарында бөренелер бір - біріне тек
түйісіп қана тұрады және өзара бекітілмеген, сондықтан Бесшатыр
құрылысы дағдылы түсініктегі қима емес.
Бөренелерде қашау мен пышақ іздері жақсы сақталған -олардың екі
шеті мен ортасында кертік бар. Жерлеу бөлмесінің бөренелерден
тұратын жалпақ төбесі шиден есілген арқандармен буылған қамыс
төсеніш қабатымен жабылған. Сірә, жерлеу ғұрпынан кейін бөлмеге
апаратын есікке ірі тастар қаланып, дәліз бекітіліп тасталған болуы
ықтимал. Осыдан кейін ғана жерлеу құрылысының үстіне тас пен
қиыршықтас аралас зор үйінді үйілген. Үлкен обалар тобының ең
оңтүстігіндегі Алтыншы обадағы құрылыс та осындай. Оның үйіндісі
таспен жабылған. Обаның диаметрі - 52 метр, биіктігі - 8 метр. Үйіндінің
астында, ертедегі жер беті деңгейінен шамамен 2 метр тереңдікте
жерасты жолдарының жүйесі болған. Олар жерден қазылған және
орталық бағыттағы есік пен бүйірдегі тарамдардан тұрады, негізгі
жолдан түрлі бағыттарға бүйірге қарай жеті тармақ кетеді, олардың
батыс жақтағы екеуі жарым - жартылай топырақпен, ал солтүстік -
шығыс жақтағы біреуі ірі тастармен толтырылған. Жолдардың күмбезі
жарты шеңбер тәрізді, жерасты жолдарының биіктігі 1,1 метрден
1,68 метрге дейін, ені 75 - 80 см. Қабырғалардың көптеген жерлерінде
кішкене ойықтар жасалған, олардың айналасындағы ыс іздері оларда
жер астында жұмыс істеген жер қазушыларға жарық беретін май
шырағдандар тұрғанын дәлелдейді, бүйірдегі тарамдардан жануарлардың
сүйектері - құрбандық шалудың қалдығы табылды. Бүйірдегі
тармақтарымен қоса алғанда негізгі жолдың жалпы ұзындығы - 55 метр
14 - обаны қазған кезде жерлеу құрылымының жаңа үлгісі ашылды.
Обаның жерлеу құрылысының негізгі - ұсақ қиыршықтастар
араластырылып топырақтан тұрғызылған қабырғалар. Қабырғалар
бөренелермен үш қатар етіп жабылған, бөренелердің төменгі екі қатары
Тянь - Шань шыршасының, ал жоғарғы қатары жиде бөренелер.
Бөренемен жабылған төбесінде тас пен бұтадан және сексеуілдің
шырпысынан он алты қатар етіп күмбез тәрізді жаппа жасалған.
Мазардың негізі төртбұрышты, ал төбесі дөңгелек күмбез сияқты болған.
Қабірдің шығыс жағында есігі болып, есіктің екі жағында жерге
тігінен көмілген қос - қостан екі бағана тұрған. Қос бағаналар бір -
бірімен қазықтармен бекітілген, мейлінше берік болу үшін бөренелер
шиден өрілген жуан арқандармен байланып тасталған. Кірер ауыздың
төбесін бөренелердің үстінен ши арқандармен буылған екі қабат
төсенішпен жапқан. Қабірдің лақатына кірер жердің жанына жуан
бөрененің кесінді қойылған. Лақаттың еденінде адамның шашыраған
сүйектері жатыр.
Бесшатырдың хронологиясы кіші обалардың бірінен табылған заттар
бойынша айқындалады. Оның үйіндісі астындағы ұзын жағы батыстан
шығысқа қаратылған үлкен қабір шұңқырында (көлемі 3,50 де 2 м)
жерленген екі адамның қаңқалары жатты. Сүйектер бірінің жанында
бірі шалқасынан созылып, бастары батысқа қаратып қойылған.
Жерленгендердің әрқайсысының жанында оң жағынан қысқа семсер
ақинақтар қойылған. Қанжарлардың сабы көбелек тәрізді, ұшы бүлінген.
Солтүстік жақтағы сүйектің сол жағында темір умбон жатыр, тағы бір
жатқан нәрсе, сірә, кішкене ағаш қалқанның қалдығы болуы мүмкін, бел
тұсында темір тоға жатты. Сүйектердің арасынан төрт ақық моншақ
және біріне - бірі дәнекерленіп жапсырылған іші қуыс алтын
түйіршіктерден жасалған екі моншақ табылды. Материалдар жиынтығына
талдау жасау жалпы алғанда Бесшатырды б.з.б. V-IV ғғ. деп белгілеуге
мүмкіндік береді.
Архитектурасы және құрылыс техникасы.
Бесшатыр қорымының көлемі 2 шаршы щақырым жерді алып
жатыр. Алайда Бесшатыр обаларымен байланысты ескерткіштердің
таралған жері қорымның өз ауқымынан әлдеқайда кең. Мәселен,
myunivercity.ru
Қиыршықтас пен шағал тастарды өндірудіңжолдары.
Орындаған: Ақчабарова Алуа, ПСМ-311Тексерген: Садвакасова Г.О.Шағал деп ірілігі 5 –тен 70 мм-ге дейінгі жыныс тасты сыны қтарынайтады. Шағал түйірлерінен тұратын жыныстар көбінесе гранит,гнейс, диабаз, әктас, құмдақтар басым болады. Өзен арнасы ментеңіз жағалауындағы шағал түйірлері көбінесе домалақтау, тегісбетті, сопақтау болып келеді. Мұндайлар бетондағы цемент тасыменнашар ұстасады. Шағалдың ұстасуы жеткіліксіз болғандықтанберіктік шегі 30 МПа –дан жоғары болатын бетондардақолданылмайды. Шағалдың ірі фракцияларын қиыршық тас алуғапайдаланады.Техникалық талаптар. Бетонды дайындау кезіндегі жеке-жекемөлшерленетін шағал келесі фракция түрінде қолданылуы керек:5...10; 10...20; 20...40; 40...70мм. 3...10мм фракцияда ғы ша ғалдықолдану рұхсат етіледі: гидротехникалық бетон үшін 40...80 және80...120мм. бұлармен қоса, шағалды екі фракция араласы т үріндетасымалдау (жеткізу) рұхсат, мысалы 5...20мм. Ша ғалды ңберіктігін бағалау үшін белгілі әдіс цилиндрде жаншу арқылыжүргізеді. Шағал түйірлері әр түрлі тау жыныстарынңсынықтарынан тұратын болғандықтан, беріктігі бойынша біртектіемес. Стандарт бойынша шағал құрамында әлсіз жыныстағытүйірлердің болуына шектеу қояды. Әлсіз деп сумен қаныққанкүйдегі қысу кезіндегі беріктік шегі бойынша 20МПа аз болатынжыныстарды айтады. Әлсіз түйірде ине сызық қалдырады, беріктүйірде -жоқ.Қазу және фракциялау. Шағалды әдетте құмды-шағалдыжерлерден құммен бірге қазады. Құмды-шағалды араласта ғышағалдың массалық бөлігі орташа 30...40 пайызды құрайды.Карьер мен қазуды ұйымдастыру принциптері құммен бірдей.Құмды-шағалды араластан құмды бір бөлек, шағалды бір б өлекірілігі бойынша сорттайды. Қазіргі кезде қазылған құмды-шағалдыараласты әркез сорттамайды. Тікелей бетон дайындауда олардысирек қолданады. Бұл қарапайым, арзан және кей жағдайдамақсатты, егер құмды-шағалды араластың түйіршіктік құрамыбетондар үшін оңтайлы болса және айтарлықтай толқымаса.Дегенмен сортталмаған құмды-шағалды араласты пайдалану к өпжағдайда бетонның сапасын нашарлатып, біртектілігін және цементшығынын көбейтіп жібереді. Құмды-шағалды аралас жекеленгенқұм мен шағалға қарағанда көбірек қабаттануға бейім.Сондықтанда олар әрқашан біртекті емес. Құмды-шағалдыараласты сорттау үшін грохот (тас елек) қолданады, сусымалыараластың ірілігі бойынша бөліну процесc електеу деп аталады.Шағалды сорттау үшін әр түрлі конструкциядағыжылжымалы електерді пайдаланады. Көп тарағаныжалпақ (плоский) електер, сипаты бойынша екітопқа бөлінеді: шайқалатын және дірілдегіш.Байыту. Шағал - құрамында әлсіз жыныстардыңболуына байланысты (10 % асады) әркез стандартталабына сай келмейді. Мұнымен қоса шағалдыңтүйірлері бірдей берікті емес. Түйірлерді беріктігібойынша сорттау кейбір бөліктерін жауапты емесүймереттерге, ал қалған жоғары берікті шағалдардытолтырғыш ретінде тиімді қолдануға мүмкіндік берді.Мұндай шағал мен қиыршық тасты байытуды бірқатаржанама әдістермен іске асыруға болады: майысуқасиетіне, ысылу, түйір тығыздығына байланыстыбөлу арқылы.Қиыршық тас. Қиыршық тасты тау жыныстарынұсақтау арқылы алады. Бұл жоғарыберікті бетондарғаарналған сапалы ірі толтырғыш. Ол шағалғақарағанда қымбатырақ, бірақ қиыршық тасты өндірукөлемі шағалды қазуға қарағанда бірнеше есе асыптүседі. Бұл еліміздің кейбір аудандарында шағалдыңболмауына және жоғарыберікті бетондар үшінқолданылуымен түсіндіріледі. Қиыршық тас алуүшін негізгі шикізат негізінен атқылаған жыныстар-гранит, габбро, диабаз, базальт және карбонаттышөгінді жыныстар- әктас және доломит болыптабылады.Техникалық талаптар. Қиыршық тасқа қойылатынталаптар шағалға қойылатын талаптармен бірдей. Түйірпішініне байланысты қиыршық тас 3 топқа бөлінеді:кәдімгі, жалпақ түйірлер және ине тәрізділерді ң болуымасса бойынша 35 % -ға дейін рұхсат етіледі;жақсартылған- 25 % артық емес; кубтәрізді- 15 % көпемес. Арнайы бетондардың кейбір түрлерін, мысалы,қысымды құбырларға арналған бетондар үшін тек кубтәрізді қиыршық тастар қолданылуы тиіс. Қиыршықтастың беріктігі бастапқы тау жынысының суменқаныққан күйдегі беріктік шегіне сәйкес келетінмаркамен сипатталып және цилиндрде жаншу кезіндегіұсақталу көрсеткіші бойынша жанама түрде анықталады.Өндірісі. Қиыршық тас өндірісі келесітехнологиялық процестерді қамтиды: тасты қазу,ұсақтау және сорттау (електеу). Тасты қазуды негізіндекарьерлерде жүргізеді. Тау жыныстарын қазу аршужұмыстарымен, яғни өсімдік қабаты мен құмды-саздыжыныстарды алып тастау жұмыстарымен қатар жүреді.Аршу жұмыс құрамына жоғары (зонасындағы)қабаттағы (желденген зонасы) жарамсыз тасты алыптастау жұмыстары кіреді. Бұл жұмыстарды жаруатылдыру әдісімен тастарды үйіндіге тасымалдауменорындайды.Тас массивін аршып және арнайы бұрғылау машинамен дайындапболғаннан соң массивте уступ бойымен бір қатарда немесе 4...7 мсайын шахматтық 2-3 қатарда диаметрі 250мм-ге дейін 10...20мтереңдікте скважина (ұңғыма) қазып, жарылғыш заттарды (аммонит,тротил және т.б.) орналастырады және бірмезгілде жаппай жарылужасайды (алдын ала қауіпті аймақтан адамдар мен техниканыаластату керек). Жарылу нәтижесінде уступ әр түрлі іріліктегіжарылған тастармен және глыбалармен толады. Ірі үйінділер(глыбаларды) (габаритті емес) екінші қайтара шпурлы зарядпенжарып, одан кейін опырылған тастарды сыйымдылығы 2...4 м3ожаулы қуатты экскаваторлармен өңдейді. Өңделген тастардыэкскаватормен көлікке тиеп, ұсақтағыш-сорттайтын зауытқажеткізеді. Ұсақтағыш-сорттайтын зауыттағы негізгі құрал-жабдықтар – ұсақтағыш және тас електер, сонымен қатар ленталыконвейер, қоректендіргіштер, транспортерлер болып табылады.Көбінесе вибрациялы және гирационды електерді пайдаланады. Ірітастар үшін қозғалмайтын колосникті електерді пайдаланады.
Ұқсас жұмыстар
stud.kz
Кіріспе
Бетон дегеніміз жасанды тас материалы байланыстырғыш материалы, суды, майда және ірі толтырғыштарды біріктіріп қалыптап және қатайту арқылы пайда болған қоспа. Бұл материалдардың қоспасы қатаюға дейін бетон қоспасы деп аталады. Бетон құрылыстың барлық саласында негізгі құрылыс материалы болып табылады.
Қазіргі кездегі құрылыстағы қолданылатын ең негізгі құрылыс материалы, ол бетон. Бетондардың түрі өте көп. Бірақ олардың физика-механикалық және механикалық қасиеттері, бетонның құрамына қосылған толтырғыштардың қасиеттеріне тәуелді болады. Жасанды кеуекті толтырғыштар, толтырғыштарды алуға қажетті шикізаттар көзі.
Толтырғыштар дегеніміз байланыстырғыш материалмен және сумен белгілі бір құрам бөлікте араласа отырып, бетон түзетін, белгілі бір дәндік құрамдағы табиғи немесе жасанды материалдар, жасанды кеуекті толтырғыштар технологиясы, толтырғыштарды алдын-ала белгілі қасиеттер негізінде өндіру технологиясын үйрететін пән болып табылады.
Бетонның негізгі құрамы байлаыстырғыштар сумен араласа отырып, қатаю қасиетіне ие. толтырғыштарды, бетонда қолдану негізгі құнды жақтары төмендегідей. 1. Толтырғыштар бетон құрамының көлемі бойынша 80% ала отырып, бетон түзу үшін қажетті болған байланыстырғыштың шығынын азайтады.Бұл өз кезінде экономикалық және шикізаттық тиімділігіне алып келеді. 2. Цемент тасы қатаю кезінде көлемдік деформацияға ұшырауы мүмкін. Бетонның отыруы минутына 2 мин құрайды. Ал толтырғыштар, бетондар қатты қаңқа түзе отырып қөлемдік деформацияны он есеге төмендетеді және ішкі кернеулікті өзіне қабылданады. 3. Бетонда толтырғыштарды қолдану арқылы онның беріктігі мен серпімділік қасиетін арттыруға болады. Яғни сыртқы салмақтың әсерінен конструкцияның деформациялануы төмендейді. 4.Толтырғыштар бетонның аққыштығын төмендетеді. 5. Жеңіл толтырғыштар бетонның тығыздығы мен жылу өткізгіштігін төмендете отырып, оларды оқшаулағыш конструкцияларда қолдану мүмкіндігін береді. 6. Арнайы ерекше ауыр және гидратты толтырғыштар бетонға радиация өткізбейтін қасиет береді. Яғни бетонда қолдану, бетонның қасиетіне және оларды өндірудің техника экономикалық тиімділігіне әсер етеді.
Металлургиялық өнеркәсiптiң жалынды - сұйық күйiндiлерi әр түрлi материалдар және бұйымдардың алуы үшiн бағалы шикiзаттар болып табылады. Күйiндi балқытпаларынан бұйымдарының өндiрiсi тиiмдi. олардың алуы үшiн экономикалық отынның қосымша шығындары керек болмайды. арнайы балқытатын пештерiндегi қажеттiлiгi түсiп қалады.
меншiктi iргелi салым едәуiр төмендейдi. Шығарылатын бұйымдардың тиiстi сапалары үшiн дегенмен күйiндi балқытпалары арнайы қосымшалармен сөндiруге зарығады. Бұл бұйымдардың өндiрiсiн күрделендiредi.
Күйiндi балқытпаларын кебудi процесстiң теориялық негiздерi мен күйiндi кеуек тасының өндiрiс технологияларының негізін салғандар П. П. Будникова, Н. А. Попова, В. В. Лапана, В. С. Григорьева, М. П. Элинзона, В. М. Кириченко, М. Я. Латаша.
Тығыздығы бойынша ерекше жеңіл жылу оқшаулайтын бетондар құрғақ күйіндегі тығыздылығы 500 кг/м төмен және жеңіл бетондар тығыздылығы 500-1800 кг/м аралығында. Ерекше жеңіл бетондардың беріктілігі 1,5 МПа жоғары сирек болады, ал жеңіл бетондардың беріктілігі 2,5 – тен 30 МПа дейін және одан жоғарыға өзгеруі мүмкін. Әдетте жеңіл бетондар тығыздығы 500-1400 кг/м болатын конструкциялы – жылу оқшаулағыш, беріктілігі 2,5 – 10 МПа және конструкционды тығыздылығы 1400-1800 кг/м және беріктілігі 10-30 МПа.
Қазіргі кезде құрылысқа кететін шығынның көлемін азайту үшін, қолайлы прогресивті құрылыс материалдарын пайдаланады. Мұндай материалдардың ішіне құрылыстың шығынын 50-60% төмендететін, жылуизоляциялық және акустикалық материалдарды айтуға болады. Жылуизоляциялық материалдар деп – жылуөткізгіштігі мінездемесі төмен материалдарды айтуға болады.
Қоршағыш құрылыс конструкциясынан жылудың өтуін болдыртпау үшін, жылуөткізгіштігі төмен және конвективті жылудың алмасу дәрежесі төмен, жылуизоляциялық материалдар пайдаланады.
Жылуизоляциялық материалдардың негізгі классификациалық ерекшелігі болып:
Бастапқы шикізаты бойынша жылуизоляциялық материалдар бейорганикалық және органикалық болып бөлінеді.
Бейорганикалық материалдарды минералды шикізат негізінен жасайды (тау жыныстары, шлактар, шыны, байланыстырғыш материалдар, асбест және т.б.). мұндай материалдарға минералды мақта, көбікті шыны, кеуекті бетон, құрамында асбестті төгілмелі ұнтақтар, мастикті құрамдастар және кеуекті толтырғыштар бар өнімдер жатады. Жылуизоляциялық төгілмелі материал ретінде, керамзит, перлит, вермикулит және т.б. жатады.
Органикалық жылуизоляциялық материал ретінде табиғи шикізаттан жасалған, нақтырақ айтқанда ағаштан, торфтан, ауыл шаруашылық қалдықтардан және синтетикалық полимер негізінде жасалған өнімдерді айтады.
Бұл классификция акустикалық материалдың функционалдық пайдалану аумағына байланысты құралып, келесі топқа бөлінеді:
а) тұрғын және өндірістік ғимарат ішінде дыбыс қысымын төмендету үшін, конструкциядан тарайтын дыбысты өңделетін дыбыс изоляциялық материалдар пайдаланады;
б) соққы және ауада пайда болатын дыбыстан изоляциялау үшін, көп қабатты конструкцияларда, дыбыстан изоляциялайтын прокладкалар пайдаланады. Дыбыс изоляциялық материалдар құрылымы және жасау әдісі байынша, жылуизоляциялық материалдарға ұқсас.
Жылуизоляциялық және акустикалық материалдарда кеуектілік құрылымы үш түрде кездеседі: ұялы, талшықты, төгілмелі ұнтақ дәнді.
Ұялы материалдың құрылымы, ұя кеуектілігімен (макрокеуектілік) және кеуек арасындағы қалқалармен (микрокеуектілік) құраладыда, көлем бойынша кеуектілік 90% дейін жетеді.
Ұя кеуектердің көлемі кеуектің орналасуына, кеуектердің өлшеміне, максималды және орташа кеуек өлшеміне, кеуек арасындағы қалқаның өлшемі мен қалыңдығына байланысты өзгереді.
Бастапқы жобаланған көлемі және түріне байланысты, жоғары кеуекті жылуизоляциялық және акустикалық материалдарды алу үшін, бастапқы компоненттер (массаны) дайындалады. Компоненттерді дайындау кезінде шешуші фактор болып, қалыпталатын массаның реологиялық қасиетін айтуға болады. Реологиялық қасиетін біле отырып, қалыптау әдісі мен параметрін, өнім қасиеті мен кеуектілік құрылымын білуге болады.
Жылу тұрақтылық материалдың жылу сыйымдылық және жылу өткізгіштік шамаларымен анықталады. Неғұрлым жылу сыйымдылығы көп болса (жылу сыйымдылығы – 1 кг материалды 10С) қыздыру үшін қажет жылу саны, кДж/кг.0С/, солғұрлым конструкция көп жылу мөлшерін бойына сіңіреді, неғұрлым жылу өткізгіштігі аз болса, солғұрлым ол қоршаушы ортаға бұл жылуды баяу таратады.
Конструкциядағы материалдар әр уақыт қорғаушы ортаның әсерінде болады. Оларға ауадағы газ және су булары, су және судағы еріген түрлі заттар әсер етуі мүмкін. Мұнымен қатар климат жағдайларына да – аяз және ыстық, өрт және тасқын сияқты стихия да теріс әсерін тигізіп, материалдар ұзаққа төзімділігінің қысқаруына себепкер болады. Материалдардың ұзаққа төзімділігін анықтайтын ең маңызды қасиеттеріне суға, ауаға, аязға, өртке төзімділігі және тағы химиялық төзімділігі де жатады.
Пайдалану жағдайына сай дұрыс физикалық-механикалық қасиеттерімен қамтамасыз етілген құрылыс материалдары конструкцияда ұзақ уақыт құрылыстық қасиеттерін сақтау шартымен қатар экономикалық тиімділігі де жетерліктей жоғары болу қажет. Осы талап бойынша олардың ұзаққа төзімділігін және конструкциядағы сенімділігін, физикалық-механикалық қасиетте-рін лабораторияда зерттеу арқылы анықтайтын болса, экономикалық тиімділігін есептік мәліметтермен дәлелдейді.
1 Шығарылатын өнімнің номенклатурасы
Шлакты пемзаны қиыршық тас түрінде 3 фракцияда шығарады (5-10, 10-20, 20-40 мм) немесе құм 5мм - ден аспайтын немесе ұсақ 1,25 ден аспайтын. Қиыршықтастың әрбір фракциясына, ұсақ және ірі түйіршіктік құрамы нормаланады. Шлак пемзасы үйiндi тығыздығына қарай бөлінеді.
Қиыршықтас үшін шлак пемзасының маркалануы: 300, 400, 450, 500, 550, 600, 650, 700, 750, 800, 850, 900. Құм үшін: 600, 700, 800, 900, 1000. Осы курсытық жобада зерттелетін өнімнің тығыздығы: 300, 400 және 500 кг/м3
МЕМСТ 9760 – 95 «Қиыршықтас құм, металлургиялық шлактың кеуектері. Мазмұнының құрамы техникалық талаптарды, көбінесе кеуекті толтырғыштарға қойылатын стандарттар мен талаптар берілген. 1 – кестеде шлакпемзасының қиыршықтасына қойылатын беріктіктері көрсетілген.
1 – кесте. Шлакпемзасының қиыршықтасына қойылатын беріктіктер
Үйінді тығыздығына қарай маркасы | Беріктігіне қарай маркасы | Сығу кезіндегі беріктік шегі |
300 400 500 600 700 800 900 1000 | П25 П35 П50 П75 П100 П125 П200 П250 | 0,2 0,3 0,4 0,5 0,6 0,8 1,4 1,8 |
2 Технологиялық бөлім
3 Өндіру тәсілін таңдау
Жеңіл бетон дайындау үшін әр түрлі кеуекті толтырғыштар пайдаланады: жасанды – керамзит, аглопорит, перлит, қожды пемза және т.б. және табиғи – туф, пемза және т.б. Кеуекті толтырғыштан жасалған жеңіл бетондар қоршау конструкцияларына пайдаланады және салмақ түсетін конструкциялардың өзінің массасын төмендету үшін. Сондықтан мұндай бетон үшін, беріктілікпен қатар оның тығыздылығы өте маңызды болып келеді.
Мен таңдаған бассейндік әдіс бойынша түйіршіктену үшін шлактасымалдағыштармен жеткізіледі. Шлактық ерітіндіні шлактасымалдауышы ковштармен аудармалы хауыздарға кебу үшін аударады. Бұл хауыздың түбі тесілген, металлдық ванна пішіндес.
Хауыздың көлемі 16 м3 шлактық ерітіндіге дейін қабылдай алады. Хауыздың түбіндегі тесіктен су жеткізіледі. Хауыздың шапшитын ақырын ағысына шлак ерітіндісін төгеді. Ол кебіп қатты кесектер түрінде болады. Содан соң жақты уатқыштарға жіберіледі де, фракцияларға бөлінеді. Өндіру циклінің жүйесі ковштан құйылу, хауызды ерітінділермен толтыру, кебу ( 1,5 – 2 мин) қату және крисстализациялану (судың берілуінсіз) хауыздың жүк түсірілуі және келесі циклге дайындалу уақыты 15 – 20 мин. Алынатын шлак пемзасының көлемі 25 м3 дейін. Шлак пемзасының кеуектенуін оның құрамының өзгерісімен реттеуге болады.
Шлак ерітіндісі домна пешінен автоматталған өзі қозғалатын шлактасымалдағыштарға түседі, содан оператор көмегімен шлакөндірісіне түседі. Өршуге дейін шлак ерітінділері өте тұрақсыз болып келеді. Олардың тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін оған құрамында фосфоры бар қоспалар қосады. Мысалы апатит 1 тонна шлак ерітіндісіне – 3 кг, колошниктық шаңның 6 кг – 1 тоннаға. Қоспаны бірқалыпты арнайы үрлеу қондырғысымен енгізеді. Осы қондырғының жиектерінде пневмобункер және қоспаға арналған контейнерлер орналасқан. Ерітінді өршуімен кеуектелген массаның алғашқы салқындату процессі көлемі 6*6*12 м ыдыста жүреді.
Шлакты өршітуге арналған ыдысты дәнекерлеуші элементтерден жасайды, тірегі ретінде балкалар алынады. Ол тор көз құрылымды, әрбір торына суға арналған резервуар орнатылады. Соңғысы ирек тікбұрыш, шаршы тәріздес ұяшықтарымен. Ерітіндіні өршітуге арналған су плиталарда жасалған тесіктер арқылы жеткізіледі. Тесіктерден су атқылағанда, ковштан барлық ерітіндіні ваннаға өткізеді. Әдетте 1 тонна шлак ерітіндісіне 300 – 400л су шығындалады. Шлактасымалдауыш ковштан ерітіндіні 1 минут аралығында құйып алады. Құйып алынған шлак ерітіндісінің температурасы 1250 – 1350°С төмен болмауы тиіс.
Су мен ерітіндінің араласуы өршу, яғни судың булануына әкеледі де, ерітіндінің қайнауынына әкеп соғады. Содан кейін 2 минут өте келе кристалдану процесі жүреді. Бұл өршу процесінің тоқтатады. Судың ағынын тоқтатып, шлак пемзасын кристаллдандырады. Орташа есеппен 6 минуттан соң өнім массасы толықтай қатты түрге айналады. Шлак пемзасын грейферлық кранмен салқындатуға жібереді, оның ауыр көтергіштігі 15 тоннаға дейін. Оны 12 сағаттық салқындатуға жібереді де, алғашқы ретті уатқыштарда ұнтақтайды, қиыршықтас тектес шлак пемзасын алады. Содан кейін екінші ретті уатқыштарға өткіземіз бұдан құм тектес шлак пемзасы алынады.
Бассейндік әдіс шлак пемзасының өндірісі ең тиімді болып табылады. Капиталдық жағынан да, эксплуатация жағынан да үнемді болып келеді.
3.1 Цехтің жұмыс режимі
Жұмыс тәртібі технологиялық жабдықтың, шикізат шығынын, жұмысшылардың тізімдік құрамын, бір жылда жұмыс тәулік санын, бір тәулікте жұмыс аусым санын және бір тәулікте жұмыс сағатын есептеу үшін негіз болып табылады.
Кәсіпорынның жұмыс уақыты құрылыстық индустрияның кәсіпорынның технолгиялық жобалау нормасы бойынша КЗОТ- ға сәйкес орнатылады.
yaneuch.ru
СӨЖ
Тақырыбы: Құрылыс конструкциялары және даму тарихы. Құрылыс конструкцияларына қойылатын талаптар. Бетонның классы мен маркалары. Деформация модулі мен серпінділік модулі.
Орындаған: Аскарова Асель,СТ-309 тобыТексерген: Дюсембаев А.М.
Семей 2015МазмұныI КіріспеII Негізгі бөлім1. Құрылыс конструкциялары және даму тарихы2. Құрылыс конструкцияларына қойылатын талаптар 2.1 Құрылыс конструкцияларын жобалауда шектiк жағдайлар бойынша есептеу, әдiсiн қолдану. Берiктiк қоры коэффициенттерi.2.2 Құрылыс конструкцияларын есептеудiң негiздерi мен шектiк жағдайлар әдiсi бойынша есептеу3. Бетон туралы жалпы түсінік. Бетонның классы мен маркалары4. Деформация модулі мен серпінділік модуліIII ҚорытындыПайдаланған әдебиеттер
1. Құрылыс конструкциялары және даму тарихы.Құрылыс конструкцияларының пайда болуы қоғамның материалдық тұрмысымен және өндiргiш күштердiң дамуымен тығыз байланысты. Бәрiнен де бұрын тастан жасалған конструкциялар қолданылды. Алғашқы өңделмеген тастан жасалған ғимараттар тас ғасырында жасалды. Соңынан өндiрiс құралдарының дамуына байланысты конструкциялар үшiн күйдiрiлген кiрпiштер пайдаланылды. Ежелгi құл ұстау заманы және феодалдық дәуiрде тастан жасалған конструкциялар дамудың шегiне жеттi. Бiздiң заманымызға дейiн сақталған тас сәулетiнiң (зодчество) көптеген ескерткiштерiн әлемнiң түкпiр-түкпiрiнен кездестiруге болады. Солардың мысалы ретiндеXғасырда салынған алғашқы тас палаталарын, Киев Русiнiң храмдарын айтуға болады. 1333 жылы Москва Кремлiнде Архангель соборы, 1367 жылы Кремль қабырғалары салынды және де одан 100 жылдан аса уақыт өте қайта жөнделiп,күнi бүгiнге дейiн маңызын жойған жоқ. Тас конструкциялар қолдануға өте қолайлы, ұзақ мерзiмдi және отқа төзiмдi конструкциялар, түрлі жасанды накладка және арматура енгізілген тастар қолданылады.Қазiргi уақытта түрлi жасанды тастар және арматура енгiзiлген тастар қолданылады.Таспен бiрге ертеректе қолданылған конструкциялардың бiрi- ағаш конструкциялары. Кейiнiрек ағаш үй қүрылысында бөрене (кесiлген) түрiнде қолданылды.ХII-ХVIII ғасырлардағы орыс халқы сәулет өнерiнiң көрнектi үлгiлерiн Москва, Киев, Новгород және басқа қалалардан кездестiруге болады. Ертедегi сәулетшiлер ғимараттарды есептеудiң ешқандай әдiсiн бiлмедi, сондықтан олар құрылыста өздерiнiң практикалық тәжiрибелерiне сүйендi.XVIII-XIX ғасырларда плотина, көпiр, өнеркәсiп және қоғамдық үй сияқты ғимараттар мен инженерлiк конструкциялар үшiн ағаш кеңiнен қолданылады.Ағаш конструкцияларының iшiндегi дамығаны-желiмделген, заводта дайындалған ағаш конструкциялары.Ағаштан жасалған конструкциялардың салыстырмалы берiктiгiне, жеңiл өңделетiнiне, азғантай меншiктi салмағына қарамастан олардың оңай шiритiнiне, жанғыштығына байланысты қолдану саласы азаяды.ХII ғасырдың басынан металдан жасалған құрылыс конструкциялары қолданыла бастады. Олар алғашқыда шойыннан байланыс, тартпа түрiнде шойыннан жасалып, конструкцияларда қолданылды.Жеке көтергiш конструкция ретiнде ХVII-ХVIII ғасырларда қолданыла бастады. Капитализмнiң дамуы темiр жолдардың, көпiрлердiң, өнеркәсiп үйлерiнiң жаппай салынуына әсер етiп, металл конструкциялардың кең тарауына және дамуына ықпалын тигiздi.Металл конструкциялар алғашқыда шойыннан кейiннен болат түрiнде қолданылды. Металл конструкциялардың жоғары берiктiгiне байланысты өзiндiк салмағы аз. Металл конструкцияларды шығарудың өнiмдiлiгi жоғары, оларды заводтарда шығару, құрастыру тез аз, шығынмен орындалады. Соған қарамастан тотығуға өте тез ұшырайтын болғандықтан қорғаныш бояуын ауыстырып отыру-қосымша шығын болып есептеледi.Алғашқыда шегелеп тойтаратын (заклепка), содан соң балқытылған металл арқылы бiрiктiрiлген конструкциялар қолданылды. Кейiнiрек алюминий қорытпаларынан және алдын-ала кернеуленген металдан жасалған конструкциялар қолданыла бастады. Содан соң 1850-1885 жылдары темiрбетон конструкциялар пайда болды. Олар бiр уақытта бiрнеше жоғары дамыған елдерде (Англия, Германия, Франция, АҚШ) пайда болды.Россияда 1917 жылға дейiн-ақ темiрбетоннан өндiрiс үйлерiнiң жабындары, су қоймалары, көпiрлер, өтпе жолдар (жолды кесiп өтетiн көпiр жасап, оларды бiрiнiң үстiнен бiрiн өткiзу) жасалды.Темiрбетонның құрылыста кең құлаш жайып дамуы, оларды индустриялық әдiстер қолданып, жиналмалы темiрбетон конструкциялар түрiнде дайындап, жаппай пайдалануға мүмкіндік берді.
2. Құрылыс конструкцияларына қойылатын талаптар. Олардың артықшылықтары мен кемшіліктері.
Құрылыс конструкцияларына жобалау, дайындау, тасымалдау, монтаждау және тұтыну кезінде олар қанағаттандыратын талаптар қойылады. Жобалау кезiнде конструкцияның берiк, мықты болуы қарастырылады, рационалды конструкциялық шешiм қабылданады, материал шығыны аз болуына көңiл бөлiнедi. Құрылыс конструкциялары шешiмдерiнiң барлық кезеңдердегi тиiмдiлiгi олардың материалдарына және оның берiктiктерінің толықтай пайдалануына тiкелей байланысты.Жобалау кезiнде материалдар шығыны көрсеткiштерiн, конструкцияның дайындалу қиыншылығын, уақытын, бағаланылуын көрсететiн бiрнеше конструктивтік шешімдерінің нұсқалары құрылып, салыстырылып, олардың ең тиiмдiсi алынады.Материалдық шығыны аз конструкция деп, бүкiл қимасы түгел көтеру қабiлеттiлiгiне жұмсалатын, берiктiгi бiр қалыпты конструкцияны айтады. Құрылыс конструкцияларының жетiстiктерi мен кемшiлiктерi төмендегідей негiзгi көрсеткiштер арқылы анықталады:1. Салмағы. Салмағы жөнiнен жетiстiгi бар құрылыс конструкциясы деп, бiрдей жағдайларда салмағы аз болатын конструкцияны айтады.Мысалы: белгiлi бiр сығу күшiне жұмыс жасайтын металл конструкцияларының салмағын 1-ге тең деп есептейтiн болсақ, онда сол күшке жұмыс жасайтын ағаштан жасалған конструкциялардың салмағы одан 1-1,5, темiрбетон - 3-7, тас конструкциялары - 15-25 есе үлкен болады.2. Отқа төзiмдiлiк. Темiрбетон және тас конструкциялары отқа төзiмдi. Алдын-ала кернеуленген темiрбетон конструкциялардың отқа төзiмдiлiгi аз болады. Металл конструкциялары отқа төзiмсiз. Ағаш конструкциялары iшiнде шомбал, көлемдi конструкциялар отқа төзiмдi.3. Индустриалдығы.Темiр, темiрбетон, iрi блокты тас конструкциялар және дайын ағаш конструкциялар индустриалды конструкциялар болып есептеледi.4. Тұтыну шығыны. Металл конструкцияларын коррозиядан қорғау үшiн бояу-сыр, ағаш конструкцияларын шiруден сақтау үшiн оларға сiңiретiн әртүрлi заттар керек, ал олардан басқа конструкциялардың шығыны жоқ десе болады.Металдан, бетоннан, тастан, темiрбетоннан және арматура салынған тастан жасалған конструкциялар мәңгiлiк. Ағаш конструкцияларын жақсы күтiп, шiруден сақтаса, олар да үзақ жұмыс жасайды. Кейбiр ағаш конструкциялары 100 жылдан аса жұмыс жасайды.6. Қолданылу салалары. Тастан және арматураланған тастан жасалған конструкциялар негiзiнен бағаналар және қабырғалар үшiн қолданылады.Бетон және темiрбетон конструкциялар бiртұтас, жиналмалы-бiртұтас және жиналмалы конструкциялар түрiнде қолданылады.Бiртұтас конструкциялар негiзiнен гидротехникалық (дамбы, бөгет) ғимараттарда ауыр күштердi көтеретiн iргетастар ұшiн қолданылады.Жиналмалы-бiртұтас конструкциялар жабын тақталары, арқалықтар түрiнде азаматтық және өнеркәсiп үйлерiнде, көпiрге өтетiн аралық конструкциялар үшiн қолданылады.Металл конструкциялары үлкен аралық жабын, биiк мұнаралар мен дiңгектер, қара металлургия зауыттарының қаңқалары мен жабындары, ангарлар, павильондар және қоймалар үшiн қолданылады.Алюминий қорытпаларынан жасалған конструкциялар жеңiл салмақтарына байланысты үлкен аралықты, иiлуге және созылуға жұмыс жасайтын конструкциялар үшiн қолданылады.Ағаш конструкцияларын негiзiнен орманға бай аудандарда, жергiлiктi материал ретiнде, кейбiр арнайы ғимараттар үшiн қолданады.
2.1 Құрылыс конструкцияларын жобалауда шектiк жағдайлар бойынша есептеу әдiсiн қолдану. Берiктiк қоры коэффициенттерi.
Кеңес Одағында 1955 жылға дейiн материалына байланысты конструкцияларды есептеуде әр түрлi әдiстер қолданылды. Металл және ағаш конструкцияларын шектеулi кернеу, бетон, темiрбетон, тас және арматураланған тас конструкцияларын қиратқыш күштер, темiр жол көпiрлерiнiң темiр-бетон конструкцияларын шектеулi кернеу әдiстерi бойынша есептейтiн.1955 жылдың 1 қаңтарынан бастап, құрылыс конструкцияларын есептеудегi ең негiзгi әдiс ретiнде, шектiк жағдайда есептеу әдiсi енгiзiлдi.Бұрынғы қолданылған есептеу әдiстерiнiң өзiндiк кемшiлiктерi болатын. Олар:- қиратқыш күштер әдiсi бойынша есептеуде бiрiккен коэффициенттер жүйесiн қолдану: ол коэффициенттер жүктемеде болатын айнымалылықты, өзгерiстердi дәл бағалай алмады, сондықтан ол конструкцияның көтергiштiк қабiлетiн дұрыс есептеуге мүмкiндiк бермедi;- ал шектеулi кернеу бойынша есептеу - материалдардың иiлiмдiлiк, созылымдық қабiлетiн есепке алмады; ол материалдардың берiктiк қабiлетiн толық жұмсауға мүмкiндiк бермей, материалдар шығынына ұшыратуға мәжбүр еттi.Шектiк жағдайда есептеу әдiсi бойынша берiктiктiң бiрiккен коэффициенттерi орнына жекелеген коэффициенттер (тәжiрибе жүзiнде анықталған) қолданылады.Күштер үшiн, олардың айнымалылығын бағалайтын, күштер бойынша - сенiмдiлiк коэффициентi; нақты жағдайларда конструкцияға күштердiң бiрiгiп әсер етуiн ескеретiн- күштердiң бiрiгу коэффициентi және ғимараттардың тағайындалу жауапкершiлiгiн ескеретiн- коэффициент енгiзiлдi. Конструкция материалының берiктiгiн қамтамасыз ету үшiн - материал бойынша сенiмдiлiк коэффициентi, сонымен бірге жұмыс жағдай ерекшелiктерiн ескеретін - - коэффициентi енгiзiлдi.Шектiк жағдайлар әдiсi бойынша есептеуде жекелеген коэффициенттердiң қолданылуы, сонымен бiрге материалдардың созымдылығы қасиеттерiнiң есепке алынуы - конструкция есебiн, оның нақты жағдайлардағы жұмысына сәйкестіндіре түседi.
2.2 Құрылыс конструкцияларын есептеудiң негiздерi мен шектiк жағдайлар әдiсi бойынша есептеу.
Конструкцияның шектiк жағдайы дегенiмiз - конструкцияның дайындалу және пайдалану талаптарын қанағаттандырмауы.Құрылыс мөлшерлерi және ережелерiнде шектiк жағдайдың екi тобы қарастырылады:1) конструкцияның көтергiштiк қабiлетiнiң жойылуы немесе пайдалануға тіптен жарамсыздығы;2) қажетті деңгейде пайдалануға жарамсыздығы.Шектiк жағдайдың I-тобы бойынша есептеудiң мақсаты: конструкцияны қираудан (морт, тұтқыр, шаршап қирау), оның пiшiнiн, тұру қалпын жоюдан сақтау.Шектiк жағдайдың II-тобы бойынша есептеудің мақсаты: конструкция бөліктерінің шектен тыс орын ауыстыруын болдырмау, жарықтың пайда болуы мен ашылуына жол бермеу. I - топ бойынша есеп шарты түрiнде жазылады, мұндағы, - конструкцияның қарастырылатын элементiндегi қолайсыз сыртқы күш әсерiнен пайда болатын ең үлкен iшкi күш; - элемент қимасының геометриялық өлшемдеріне, материалының берiктiгiне байланысты ең аз көтергiштiк қабілеті.Шектiк жағдайдың II-тобы бойынша есеп
шарты бойынша жүргiзiледi, мұндағы, -тұтыну кезiнде пайда болатын жарықтың ашылу енi, деформацияның мөлшерi; -мөлшерлер (нормалар) бойынша пайдалануға кепiлдiк беретiн, немесе жобалау кезiнде берiлетiн шектi мөлшер.Құрылыс конструкциялары берiк, қатты және орнықты болуы керек.
3. Бетон туралы түсінік. Бетоның маркалары және классы. Бетон (французша: bton, лат. bіtumen -- тау шайыры), құйматас -- жасанды тас материал; байластырғыш заттар (цемент, гипс,алебастр, әктас, т.б.), су (кейде сусыз) және толтырғыш материалдар (құм, малтатас, қиыршықтас, т.б.), кейде арнайы үстеме заттар қоспасының қатаюы нәтижесінде алынады; маңызды құрылыс материалы. Қоспа қалыпқа құйылғанға дейін бетон қоспасы деп аталады.
Бетон құрамындағы байластырғыш түріне қарай: органикалық емес байластырғыштармен алынған бетон (цементті бетон, гипсбетон, силикатты бетон, т.б. арнайы бетондар) ... жалғасы
stud.kz