Ақша түсінігі. Реферат ақша


Реферат - Ақша айналысы «ҚР Ұлттық банкі туралы» ҚР заңына сәйкес реттеледі

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

І. АҚША ТҮСІНІГІ, МЕТАЛ АҚШАЛАР

1.1. Ақшаның формалары мен түрлері

1.2. Метал ақшалар

ІІ. АҚШАНЫҢ РОЛІ ЖӘНЕ НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА

2.1. Құн өлшемі

2.2. Айналыс құралы

ІІІ. ТӨЛЕМ, ЖИНАҚТАУ ЖӘНЕ ҚОРЛАНУ ҚҰРАЛДАРЫ

Төлем құралы

3.2. Жинақтау және қорлану құрады

ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ

КІРІСПЕ

Ақша айналысы «ҚР Ұлттық банкі туралы» ҚР заңына сәйкес реттеледі. Ұлттық банкі тұтынылатын банкноттар мен тиындардың қажетті мөлшерін анықтайды, олардың дайындалуын қамтамасыз етеді, оларды сақтаудың, жоюдың тәртібін және қолма-қол ақшалай қаражаттың инкассациясын белгілейді.

Қазакстан Республикасы ақшалай банкнот өндірісі және екінші деңгейдегі банктердің инкассациясына лицензия беру бойынша өз күшімен енгізген жаңалығына байланысты қолма-қол ақша ахуалы 1996 жылға дейінгі кезеңмен салыстырып қараганда түбегейлі өзгеріске ұшырады. Коммерциялық банктер корреспонденттік шоттардағы каражат калдығының шегінде қолма-қол ақшамен нығайтылып отырды, онда операциялық кассадағы қолма-кол ақша қалдығының лимиті белгіленбейді.

Осыған қарай Ұлттык банк акша базасының шамасын Ұлттык банктің корреспонденттік шотындагы екінші деңгейдегі банктердің каражат мөлшерін реттеу арқылы, яғни баиктердің өтіміділігін реттеу арқылы реттеп отырады.

Бұл ақша-несие саясатының аспаптары арқылы жүзеге асырылады. Бұл аспаптар ақша базасыныц ұлғайган шегін көрсететін әрі ақша массасының ақша базасына катынасы ретінде есепте-летін акша мультипликаторының шамасына өз әсерін тигізеді.

Акшалай мультипликатордың шамасы міндетті резервтеудің нормаларына тәуелді, өйткені міндетті резервтер несие ресурстарының көзі ретінде, сондай-ақ айналымдағы қолма-қол ақшаның үлес салмағынан пайдаланылмайды. Бұны банктерден тысқары болатын айналымдағы колма-кол акшаның мултипликациялан байтындығымен байланыстырып түсіндіруте болады. Ақшаның мультипликация қарқындылығы олардың экономикадагы айналыс жылдамдыгына әсерін тигізеді: мультипликация коэффициенті неғұрлым жоғары болса акша массасы соғұрлым көп, айналыс жылдамдығы аз болады. ҚР Ұлттык банк ақша айналысын және инфляция деңгейін реттеу үшін міндетті резервтер нормасы, қайта қаржыландырудың пайыздық мөлшерлемелерінің деңгейі, ашық нарықтағы операция, валюта нарығындағы операциялар арқылы өтімділікті қамтамасыз ету (айырбас бағамына әсер ету) секілді акша-несие саясатынның аспаптарын пайдаланады.

Халыкаралык тәжірибе көрсетіп бергендей, банк резервтерінің міндетті нормаларының сәл ауытқуы ұсынылатын ақша мөлшерін елеулі өзгерістерге ұшыратады. Сондықтан да Орталық банк бұл аспапты жиі қолдана бермейді.

Міндетті резерв нормаларын шектен тыс жогарылату іскерлік белсенділікті төмендетеді, банктер таратылған ресурстарды тиімді пайдалана алмайды, өйткені несие берілетін салалар азайып, айналыстагы ақша массасы кемиді.

Қазакстанда 1993 жылдыц каңтарынан 1994 жылдың мамыр айына дейін міндетті резерв нормасы 18-20%-дарга белгіленді, 1994 жылдың мамырынан бастап ол тецгедегі және шетелдік валютадағы банктің депозиттік міндеттемелері бойынша 30%-ға дейін көтеріледі. Міндетгі резерв нормаларыныц арттырылуы ақшалай мультипликатордың 1,61-ден 3,1-ге дейін күрт өсуіне себепші болды.

Банк резервтерініц (Ұлттык банктің корреспонденттік шоттарындагы қаражат) артыгымен осуіне байланысты резервтеудің баламалы тэртібіне көшудің ғана мүмкіндігі пайда болған жоқ -экономикалық нормативтерді орындайтын банктер корреспонденттік шоттағы қаражаттың шамасын, әдетте резервтік талаптардан кем ұстамауга тиісті болатын. Ал, резервтік талаптардың нормативі 1995 жылы 20%-ға дейін кемісе, 1996 жылдан бастап 15%-ға дейін төмен түеіп кетті.

Айналымдағы ақша массасын реттеудің тиімді құралына қайта каржыландырудың пайыздық мөлшерлемесі жатады. Орталық банк бұл саясат арқылы коммерциялық банктерге несие береді.

Әлемдік тәжірибеде коммерциялық банктердің тұрғысынан алғанда есептік мөлшерлеме дегеніміз - артық резервтердіц шығыны болып табылады. Сол себепті де оны Ұлттык банк кемітеді, бұл өз кезегінде коммерциялық банктердің карыз (ссуда) алуына жағдай жасайды. Осы қарыздың есебінен коммерциялық банктерге берілетін несие ақшаның ұсынылуын арттырады.

Ұлттық банк есептік мөлшерлемені көтеру арқылы банктердің қарыз алуын тежейді, бұл иесие ресурстарының және банктерге берілетін несиенің өлшерін азайтады, оз кезегінде айналымдагы ақшаның массасын кемітеді.

Ұлттық банк инфляцияны тежеу мақсатында қайта каржыландырудың мөлшерлемесін 1994 жылдың қаңтар-акпан айларында 270% деңгейінде, осы жылдың наурыз-тамыз айларында 300% деңгейінде белгіледі. Инфляцияның кемуі мен айырбас бағамының тұрақтануына қарай мөлшерлеме біртіндеп кеміді: 1994 жылдың соңында 230%, 1995 ж. - 52,5%, 1996 жылдың қыркүйек айында - 30%, 1997 ж. - 24%. Көріп отырғанымыздай, пайьпдық саясат инфляцияны жылдам тежеудің әрі акша айналысын реттеудіңтиімді аспабы болып табылады екен.

Инфляция айтарлықтай төмен болған жағдайда пайыздык мөлшерлемелер -жономикада ақша массасының есуін ынталандыру мақсатында пайдаланылады. Бүгінгі таңда Қазакстанда инфляцияның деңгейі 6-4-7% жағдайында кайта қаржыландыру мөлшерлемесінің деңгейі 7%-ке белгіленген.

Ашық нарыктағы операция айналымдағы ақша мөлшерлемесін реттеу процесінде айрықша орын алады. Бұл операция, бір жағынан, құнды кағаздарды Орталық банктің сатуын және сатып алуын ұйгарса, екінші жағынан, құнды кағаздарды коммерциялык банктердің, каржы компанияларының, хылықтың сатуын жэне сатып алуын ұйғарады.

Орталык банк құнды кағаздарды сату жэне сатып алу арқылы резервтерді банк жүйесіне таратады немесе оларды бұл жүйеден алып тастайды, осылай ету арқылы ол айналымдағы ақша массасын кебейтеді немесе азайтады. Қазакстанда мұндай құнды кағаздарға мемлекеттік қазыиашылық облигациялар жатады. Оны үкімет бюджет тапшылығын және ноталарды жою үшін Ұлттық банк арқылы шығарады. Ұлттық банк осы кұнды қағаздарды сатып алған кезде коммерциялық банктердің ең аз шамадағы резервтерінің шамасы артып, клиентурамен жасасатын активтік қарыз операцияларын ұлгайтуға мүмкіндік алады, эмиссиясы артады. Ұлттық банк коммерциялық банктерге кұнды кағаздарды сатқан жағдайда, керісінше, олардың резервтелген қаражат сомасы кемиді, ал банктерде несие ресурстары азайып, ақша массасы төмендейді. Соңғы жылдары (2001-2005 жж.) ҚР Ұлттык банкі белсенді түрде пайдаланып жүрген ақша массасын реттеудің бір әдісіне акша нарығындағы валюталық интервенция жатады.

Мұнай мен металдың әлемдік бағасының көп өсуіне байланысты Қазақстанға шетелдік валюталардың мол ағыны құйылды. Бұл ақша массасы мен оның құрылымына үлкен әсерін тигізіп отыр. Осыған байланысты Ұлттық банк соңғы жылдары валюта багамын ақша нарығындагы интервенция арқылы реттеуге жиі күш жұмсап жүр. Ол шетелдік валютаны сатып алу арқылы озінің валюталык алтын резервін ұлгайтты. Ол 2005 жылдың басында 11,0 млрд доллардан асты. Ұлттық банк, сондай-ақ, 5,0 млрд АҚШ долларынан көп мөлшерде Ұлттық мұнай сақтандыру қорын құрды.

Экономиканың «тым қызып кетуі» тецгенің шектен тыс нығайтылуы және инфляңияны гежеу мен айналымдағы акша мөлшерін реттеу секілді мәселелер осылайша шешілетін болды.

Ұлттық банк пен Қазақстан үкіметі елдегі акшаның айналысын басқару мен реттеуде акша-несие саясатының аталмыш құралдарын ептілікпен пайдаланып жүр.

Инфляции салдарын нейтрализациялау мақсатында мемлеке инфляцияға қарсы саясат жұргізеді. Мемлекеттің инфляцияға қарс саясатты - экономиканы сауыктырудың жалпы экономикалык баға ме жалақыны реттеудің одістерін, каржыны сауыктыру, несие экспансиясы акша эмиссиясын жоюды карастырады. Аскынған жағдайда акша формасын жүргізеді.

Имфляцияға карсы саясагтың басты элементі - каржыны сауыктыру халык шаруашылығы экономикасып түрактандыру, залалды және мысалы рентабелді шаруашылыксубъектілерін кыскарту болып табылады. ұлттық халык тұтынатын тауарлаға бағаны көтеру жолымен емес, ЦНТ классификация негізінде және өндірістің тиімділігін көтеру арқасында жеткізіледі. Шетел несиелерін солай пайдаланған маңызды, оларды иесіне кайтарып, сөйтіп аса мол пайда табу. Шетел ғалымдарының дайымдауынша, Казакстандағы аса пайдалы салаларға — түсті металлургия шаруашылығы, мұнай өндеу өнеркәсібі, жеңіл өнеркәсіп және туризм Шптады. Сондыктанда, осы салалар басымдылыкпен дамуы қажет. Сыртқы цлудамен айналысатын кәсіпорындарға толык валюталық өзін-өзі отейтін щолга кошіру керек. Бір созбен айтар болсақ, тұрғындардың омір деңгейіне нсср ететін инфляцияның келеңсіздігін томендету үшін шаралар жүйесін қоскан жөн.

Акша айпалымын тұрактандыруға, акшаны тұрактаидыруға мына типдерді жаткызамыз: нолдендіру, девалвациялау, револвациялау.

Бұрынғы КСРО-да нолдендіру екірет жүргізіледі: азамат соғысы кезінде 1924 жыддары, Ұлы Отан соғысынан сон 1947 жылы. Ескіүлгідегі унсызданған акшалар 1947-ші жылы жаңа курс бойынша 10:1 болып басталды. 1947 жылы жүргізілген ақша ресормасының нәтижесінде птты рубль калпына келтіріліп, акша айналымы бекітілді. Казакстан Республикасында нелдендіру кұнсызданған ресей рублінің орнына ұлттык валюта — "теңгені" 1993-ші жылы 15-ші карашада ендірумен айланыстырылды. Айырбастау курсы 1 теңгеге 500 рубль бойынша жүзеге валютаны тұрақтандырудын ең көп тараған тәсілі девалвация болып табылды. Девалвация — бұл ұлттык валюта курсының шетел валютасына катынасы бойынша немесе халықаралык ақша бірлігі есебіне томендеуі.

Ревалвация — бұл ұлттык валюта курсының шетел валютасы катынасына карай котерілуі, егер инфляция басқа елдерге қараганда каркынымен және де төлем балансы белсенділік көрсетсе, ал несие алушы импорттаушы мүдделері карыз алушы мен экспорттаушы мүдделерінен жоғары болып кетеді

Деноминация — акша белгісі ұлттык кұнынын бекемделуі және олар жаңа ақша бірлігіпе анырбастау, сондай аракатыпаста бата, тариф, жала және т.б. бірмезгілде есептеуді жұргізу. Бұрынғы КСРО-да деноминаг І961-ші, ал Ресейде 1998-ші жылы жургізілді.

І. АҚША ТҮСІНІГІ, МЕТАЛ АҚШАЛАР

1.1. Ақшаның формалары мен түрлері

Ақша айналымының тарихы мынаны дәлелдейді, яғни ақша біртекті масса болып табылмайды. Ол өтуі бойынша және өмір сүру уақыты бойынша, сонымен бірге айналым шарттары бойын-ша алуан түрлі болып келеді. Іс жүзінде ақшаның формасы дегеніміз - ақшаның белгіленген типіндегі заттық айырбас кұны, ол айналымдагы тұрақтылықты көрсетеді. Әр түрлі балама тауар-ларға, бағалы металдарға, қарыз міндеттемелеріне, банк депозиттеріне өзгере отырып, ақша өз формасын қалыптастырады. Ақша формалары ретінде алтын, күміс монеталар, қағаз жэне несиелік ақшалар баршаға аян.

Ақшаның материалдық-затгық ерекшеліктеріне сэйкес оны толыққұнды және толыққұнсыз деп шартты түрде бөлуге болады.

Толыққұнды ақша - номиналды құны сатып алушылык кұнымен сәйкес келетін ақша, яғни дайындау кезінде көрсетілген құн олардың кұрамындағы металдың (алтын, күміс) құнына сәйкес келеді. Оларға алтын және күміс монеталар жатады.

^ Толыққұнды емес ақша - сатып алушылық құны ақша қаты-настарының тасымалдаушысы ретіндегі тауар кұнынан асатын ақша. Толыққұнсыз емес ақшаларға билондық монеталар, қағаз және несиелік ақшалар жатады.

Ақша өзінің даму эволюциясында мынандай сатыларды өтті:

1) Металдық;

2) Қағаздық;

3) Несиелік;

4) Электрондық ақша.

^ 1.2. Метал ақшалар

Металл ақшалар - бұл толыққұнды, нағыз ақшалар, олардың номиналдық құны (оларға қойылған құн) нақты қүнына, яғни өздері дайындалған металл құнына сәйкес келеді. Металл ақшалар (мыс, күміс, алтын) әртүрлі формада болады: алдымен бірліктік, содан соң салмақтық. Олар монета түрінде шығарылды.

Монета - бұл заңмен бекітілген формасы, сыртқы пішіні, салмақтық құрамы бар металдан дайындалған ақша белгісі.

Мемлекет монетадағы таза ійеталдың құрамын (пробасын), салмағын, массасын, типін, эмиссия ережесін жэне т.б. белгілейді.

Металл ақшалар өз дамуында ұзақ жол жүрді, яғни олар мыс монета түрінде біздің дәуірімізге дейінгі Ш-ІІ ғасырларда Римде пайда болды. Ең алдымен белгіленген сапмағы жэне пробасы бар жэне сәйкес таңбалармен (Мысыр, Рим, Вавилон) бекітілген металл құймалар айналымға шықты.

Алғашқы монеталар біздің дәуірімізге дейінгі VII ғасырда Лидия мемлекетіңце кұйыла бастады, ал біздің дәуірімізге дейінгі 279-жылы Римде металдың стаңдартты бөліктері монета деп аталды.

Өз бейінін монетада кескіндеген тұлға А. Македонский болды.

Айналымга сәйкестендірілген, стандартты монеталардың енгізілуі ақшалардың толық көлемде құн шамасының қызметін, айналым мен жинақтау қызметін атқаруы үшін жағдайлар жасады. Монеталар бағалы металдардан да, сонымен бірге өте арзан түсті металдардан және олардың қоспаларынан дайындалды.

Монеталар толыққұнды, сонымен бірге айырбастык болып бөлінеді. Толыққұнды монеталар бағалы металдардан және олардың қоспаларынан дайындалады, олардың номиналдық құны нақты құнмен сәйкес квледі, олар ақшаның барлық қызметін атқарады.

Айырбас монеталары арзан түсті металдардың қоспаларынан дайындалады, олардагы номиналдық құн құрамындагы металл құнынан асып кетеді.

Монеталарды кұю эмиссия ретінде қарастырылады. Эмиссия латындық «етІ88Іо»сөзінен аударғанда «шығару» деген мағына-ны береді. Ақшаның эмнссиясы - бұл ақша белгілершің барлық түрлерінің айналымға шығару, ол айналымдағы ақша массасын үлғайтуға бағытталған.

Ақшаның рөлі тарихи тұрғыда алтынға бекітілген. Алтынның барлық басқа тауарлар құнын өрнектеу қасиеті шынайы табиғи касиет болып саналмайды. К. Маркс табиғат ақшаны жасамайды деп атап көрсеткен. Бүл қасиет алтынға қоғам тарапынан бөрілді. Алтын жалпы балама рөлін атқару үшін өте сәйкес келетін тауар болып саналады, ол мыналарға байланысты болады:

Біріншіден, тұрақты, әдемі, жеңіл, шығынсыз бөліну сияқты табиғи қасиетгеріне;

Екіншіден, оның жоғары құны бар, яғни басқа металдармен салыстырғанда, оны өндіру үшін көбірек уақыт шығыны кетеді.

Алтынды өндіру - өте қиын эрі капитал сыйымды жұмыс. Мысалы, 1 кг алтынды алу үшін орташа тереңдігі 3000 м жердің 100 тонна тау кенін өңдеу керек.

Алтынның негізгі өндірушілері Оңтүстік Африка Республикасы (әлемдік өндірістің 1/3 бөлігі) Ресей, Өзбекстан саналады.

Қазақстанда көптеген алтын кеніштері бар, шамамен алганда алтыниың жылдық өндірісі 30 тоннаны құрайды.

Тауарлык өндіріс пен айналым көлемдерін кеңейту айырбас операцияларының өеуіне әкелді. Толыққұнды ақшалар шектеулі саны және жоғары шығындарына байланысты шаруашылықтың өскелең сұранысын қанағаттандыра алмайды. Алтын өндіру тауар өндірісін қуып жете алмады, ақшаға деген сұранысты камтамасыз ете алмады, сонымен бірге жоғары құндылығы бар алтын ақшалар құны бойынша аз айналымды камтамасыз ете алмады. Сондықтан оны өзінің орынбасарларымен (құн белгілері) алмастыру қажеттілігі туындады, олардың номиналды құны оларды өндіруге кеткен еңбектің шынайы құнынан жоғары болады.

Оларға ұсақ монеталар, қағаз жэне несиелік ақшалар жатады.

Қагаз ақшалар - нағыз ақшалардың өкілдері. Тарихи тұрғыда қағаз ақшалар металдық айналымнан туындады жэне бұрын-соңды айналымда болған күміс және алтын монеталардың орынбасарлары ретінде эрекет етті. Айналым барысында металл акшалар көшті және тозды, бастапкы формасы мен құнын жо-ғалтты, сонымен бірге оларды сақтау, тасымалдау және тауар-ларды көп мөлшерде сатып алу кезінде пайдалану өте ыңгайлы. Осыған байланысты оларды нагыз ақшалардың орынбасарларымен, яғни қағаз ақшалармен алмастырудың объективті мүмкіндігі туындады. Олардың мәнісі мынада, яғни олар мемлекет тарапынан мәжбүрлі бағаммен шығарылатын ақша белгілері болып табылады.

Қағаз ақшалардың өзіндік кұны жоқ, егер оларды шығару шыгындары болса, онда олар номиналды құнға сәйкес келмейді. Мысалы, 5 мың теңгелік қағаз ақшаның бір купюраны шығару шығындарына тең құны болуы мүмкін, ал ол шығын тиын ғана тұруы мүмкін. Бұл купюраға 5 мың теңгелік құны бар тауарды сатып алуға болады.

Табигаты бойынша қағаз ақшаларға тұрақсыздық тән екендігін атап өту керек. Олар үнемі ақша айналымы арнасында жүреді, оларды толтырады жэне шектен тыс эмиссия негізінде ақша массасының айналымда жүрген тауар массасына еэйкес келмеуі нәтижесінде кұнсызданады, сәйкесінше ол инфляцияга әкеледі.

Әрбір егеменді мемлекет өзінің үлттық валютасын, яғни өз— атауы бар, эр түрлі купюра мен бағаммен қагаз ақшаларын шы-ғарады. АҚШ өз валютасын - доллар, Ресей - рубль, Қазақстан –теңге деп атайды. Қағаз ақшалардың кемшіліктері де бар. Олардың ең бастысы мынада жатыр, ягни біріншіден, оларды ұрлап алу өте оңай, екіншіден,оларды тасымалдау өте қымбатқа түседі.

Өндірістің дамуы, коммерциялық жэне банктік несиелеу саласының кеңеюі нэтижесінде металл ақшалар тауар айналымының қажеттіліктерін канағаттандыруды токтатты және оның орынбасарларымен катар несиелік кағаздар пайда болды.

Қағаз ақшалар сатып алу және төлем құралдары ретінде мемлекет қажетгіліктерін қанағаттандыру үшін арналған. Қазақстандағы олардың эмитенттері болып Ұлттық Банк есептеледі. Шығарылған ақшаның номиналды қүны жэне оларды шығару құны (қағаз шыгындары, басып шығару) арасындағы айырма мемлекеттік бюджетке кететін эмиссиялық табысты қүрайды. Қағаз ақшалар екі қызметті ғана атқарады: айналым құралы және төлем қүралы. Олар алтын стандартты алып тастаганнан кейін ішінара жинақтау кызметін атқара алады.

Қағаз - ақша айналымы үнемі көмекші сипатта болады. Қағаз ақшалардың ұзақ, дербес айналымы мүмкін емес, өйткені олардың жоғарыда көрсетілген кемшіліктері бар. Сондықтан олармен қатар несиелік ақшалар әрекет етеді.

^ Несиелік ақшалар - айналымдағы толыққүнды ақшаларды алмастыратын жэне несие белгісі ретінде әрекет етуші қағаз ақша белгілері. Олардың өзіндік құны болмайды, балама тауарда көр-сетілген құнның өрнегі. Несиелік ақшалардың негізгі эмитенті болып банк жүйесі есептеледі.

Тауарларды сатып алу бойынша ірі мэмілелерге банктердің несие беруі қағаз ақшаларды алмастырады, яғни несиелік ақшалар тауар айналымының қажеттілігін қанағаттандырады.

Несиелік ақшалар өз дамуында мынандай сатылардан өтті: вексель, банкнота, чек, электронды ақшалар және олардың соңғы түрі - несиелік жэне пластикалық карточка.

Вексель - бұл вексель айналысының заңымен бекітілген мерзім ішінде онда көрсетілген соманы сөзсіз төлеу жөніндегі карыздык міндеттеме. Вексельдер жай және аудармалы деп бө-лінеді. Жай вексельді қарыз алушы береді. Бүл вексель берушінің сөзсіз міндеттемесі, ол вексель у.сынушыға белгіленген соманы төлеуі тиіс.

Аудармалы вексель (тратта) - вексель беруші кредитордың (трассант) қарыз алушыға (трассат) белгіленген мерзімде көрсетілген соманы үшінші түлғаға беруі. Вексель бойынша төлем аваль (вексельдік кепілдік) көмегімен төленуі мүмкін, ол қосымша беттегі вексельде және аллонжда «аваль ретінде есептеу» дегеи жазумен ресімделеді.

Вексель абстрактылығымен, яғни құжатга мәміле түрі жөніндегі ақпараттың жоқтығымен; вексельдің міндетті төлемін көрсететін даусыздығымен; айналымдылығымен, яғни вексельді төлем құралы ретінде басқа кредиторларға беруге болатындығымен сипатталады.

Демек, вексель несие жэне ақшалык есеп айырысу құралы ретінде эрекет етеді. Ол несиеге қойьщған тауарларды кепілді вексельдік міндеттемемен төлеуді қамтамасыз етеді.

Вексельдерді пайдалану айналым шыгындарын үнемдеуге ықпал етеді. Қазіргі таңда Қазақстанда вексель астық шаруашы-лығында қолданылады. Вексель берушілер ретінде астық егуші шаруашылықтар есептеледі, олар Азық-түлік корпорациясына жанар-жағар май, тұқым, тыңайтқыштар, өсімдіктерді қорғау құралдарын сатып алу үшін вексель береді, олар күзде астықпен қайтару міндеттемесін өз мойнына алады.

Вексельді айналым нәтижесінде банкноттық айналым пайда болды.

Банкнота - бұл эмитент банктің міндеттемесі. Ол вексельден екі манызды көрсеткіш бойынша ерекшеленеді: біріншіден, мерзімділігі бойынша: вексель белгіленген мерзімге шығарылады, ал банкнота шексіз мерзімге беріледі; екінщіден, қамтамасыз етілуі бойынша: банкнота мемлекет кепілдемесі бойынша елдің Орталық банкімен айналымға шыгарылады, ал вексельді жеке кепілдеме бойынша жекелеген заңды жэне жеке тұлға шығарады.

Қазақстандағы банкноттардың эмитеңті болып Ұлттад Банк саналады, олар Республиканың аумағында үлттық ақша болып табылады. Тауарлар немесе алтын түріндегі материалдық қамсыз-дандырылмаган, бірақ банкноттардың несиелік негізі бар, өйткені олар банктік несиелеу ережесіне сэйкес айналымға шыгарылады жэне қарыздық (ссудалық) қордың элементі болып табышды.

Банкноттык айналым кеңістіктегі несиелік акшалардың эре-кет өтуін кеңейтуге м^мкіндік берді және де іаикноттардың ай-налыс қү.ралы қызметін атқаруын қамтамасыз етгі.

Чек - бұл талап бойынша құрылған қатаң есеп берудін ақшалай құжаты, онда чек берушінің (шот иесінің) чекте көрсетіл-ген соманы чек ұсынушыға (үхтаушыга) банктің төлеуі жөніндегі сөзсіз бұйрығы бар. Ол қысқа мерзімді эрекеттегі ақшалай құжат ретінде заңды төлем құралы мэртебесін иеленбейді. Ол ел ішінде және халықаралық есеп айырысуларда қолданылады. Негізінен чектер ақшалай және есеп айырысу чегі болып бөлінеді.

Ішкі айналымдағы чектер банктерден қолма-қол ақшаны алу үшін; тауарлар мен қызметтер үшін есеп айырысу мақсатында; банктердегі шотгар бойынша аударымдар жасау арқылы жүзеге асырылатын қолма-қолсыз есеп айырысу формасы ретінде қолданылады.

Есеп айырысу чектері ордер сипатында болады. Шот иелеріне арнайы чек кітапшалары беріледі. Чектік есеп айырысу кітапшаларындағы чектер тауарлар мен көрсетілген қызметер үшін колданылады.

Банк қызметіне механикаландыру мен автоматтандыруды енгізу, банктік есеп айырысу тәжірибесінде ЭЕМ мен компъютерлерді кең қолдануға өту электрондық ақшалардың пайда болуына ықпал етгі, ягни компъютер жадындағы шоттарда ақшаның болуы, қолма-қол ақшалар мен чектерді несиелік карточкалармен алмастыру. Олар клиенттің шоты негізінде орнатылған микросызбасы бар пластикалық карточка түрінде банк тарапынан шығарылады. Пластикалық карточкалардың иелері тауарларды са-тып алып және қызметтерге төлем төлеп қана қоймай, сонымен бірге түтынушылық мақсатта банктерден қысқа мерзімді несиелерді де ала алады. Қазіргі таңда пластикалық картбчкалардың бірнеше түрлері қолданылады, олардың ішінде банктік және саудадық карточкалар өте кёң таралған.

Электрондық төлемдер жүйесі қоғамның өте кең тобының өміріне тікелей ықпал етті. Көптеген дүкендіер пластикалық кар-точкалар көмегімен сатып алуларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді, қажетті сома тауарларға төлеу үшін сіздің шотыңьіздан алынады. Коммуналдық қызметтер төлемі сияқты қайталанатын төлемдер айына бір рет сіздің шотыңыздан аудару арқылы автоматты түрде жүзеге асырылады. Көптеген компаниялар, фирмалар, ұйымдар өз қызметкерлерінің банктік шоттарына акшаны тікелей аудару арқылы еңбек ақы төлейді. Жекелеген банктер өз клиенттеріне төмендегідей қызметті көрсетеді: клиент өзінің дербес компъютерін компъютерлік желіге қоса алады, ол жинақ шотындағы қаржыны ағымдағы шотына аударуға мүмкіндік береді.

Соңғы жылдары шет елде және Қазақстанда тауарларды «Интернет» желісі арқылы сату-сатып алу кең өріс жайды.

ІІ. АҚШАНЫҢ РОЛІ ЖӘНЕ НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА

2.1. Құн өлшемі

Тарауда ақшаның төмендегідей қызметтері қарастырылады:

• Құн өлшемі

• Айиалыс құралы

• Төлем құралы

• Жинақтау және қорлану құралы

• Әлемдік ақша

Экономикалық категория ретіндегі ақшаның мәні олардың қызметтерінде көрініс табады, олар ішкі негізді, ақшаның құрамын өрнектейді. Ақша кызметінің эрқайсысы тауарлардың айналымы процесінен щығатын элеуметтік-экономикалық қатынастардың бір жағын қарастырады. Қазіргі кездегі экономикалық әдебиетте қызметтердің саны жөнінде эр түрлі пікірлер кездеседі. Ақшаның батыс теориясы ақша қызметінің өте қарапайым жэне түсінікті үш түрін аныктады: құн өлшемі, айналыс құралы және жинақтау құралы. Бірақ та басқаларға қарағанда оларды К. Маркс жақсы жүйеледі жэне суреттеді, ол жоғарыда аталған екі қызметімен катар барлығы 5 қызметін анықтады; төлем кұралы және әлемдік ақша.

Ақшаның алғащқы жэне негізгі қызметі бодып құндард|ің, барлық тауарлар құнының өлшемі қызметі болып табылады, ол тауарлардың балама айырбасын қамтамасыз етеді. Бірақ та тауарларды салыстырмалы ететін ақша емес, тауарды өндіруге кеткен қоғамдық қажетті адам еңбегі саналады. Барлық тауарлар қажетті еңбек өнімі болып табылады, сондықтан да өзіндік құны бар шы-найы ақшалар олардың кұнының өлшемі бола алады. Ондай тауар болып алтын есептеледі, оны өндіру үшін құнды туындататын қоғамдык еңбек шығындалады. Ақша мен тауар салыстыру үшін біртекті базаны иеленуіне байланысты, барлық тауарлар өзара салыстырмалы болады. Ақшалар құн өлшемі қызметінде өте жақсы әрекет етеді. Бұл мынаны түсіндіреді, құнның тауарлық формасының ақшалай формаға айналуы үшін тауарлар бағасын белгілеу жеткілікті, бұл жағдайда тауарларды өткізу сатып алушыда нақты ақша болған жағдайда ғана жүзеге асады.

Баға - тауар құнының ақшалай көрінісі болып табылады. Ол тауарды өндіру мен өткізуге кететін қогамдық қажетті еңбек шығындарымен анықталады, яғни бага бұл тауардың қоғамдық танылған құны болып табылады. Тауар бағасы нарықта қалыптасады, тауарларға деген сұраныс пен ұсыныстың тегіе-теңдігі кезінде ол тауар құнына жэне ақша құнына тэуелді болады. Нарықтағы сүраныс пегі ұсыныстың тауар багасына сәйкессіздігіне байланысты оның құны сөзсіз төмендейді. Құндары әр түрлі тауарлардың бағаларын салыстыру үшін оларды бір масштабқа келтіру керек, яғни оларды бірдей ақша бірліктерімен сандык өрнёктеу керек.

Мегалл айналысы кезінде бағалардың масштабы ақшалай металдын салмақтық көлемі деп аталады, ол берілген елде акша бірлігі ретінде жэне басқа барлық тауарлардың бағаларын өлшеу ұшін қйзмет етеді. Егер акша ретінде алтын есептелеігін болса, онда бүкіл тауарлық әлем алтынның әр түрлі көлеміне теңестіріледі. Алтын арқылы тауарлар өзара салыстырмалы бола бастады. Алтынның фунтқа жэне унцияға бөліну қасиеті бар. Алғашқы ақшалардын аты ақшалай металл (алтын, күміс) ақшаның салмақтық құрамымен сэйкес келді, ал салмақтық масштабтың аты бағалар масштабы деп аталады. Күмістің фунты фунт стерлинг деген атауды туындатты.

Багалар масштабының рөлі мынада, яғни ол өз ретінде ұлттық ақша бірлігі салмагын тұрактандырушы ретінде әрекет етеді. Бұрын мемлекет акшаның алтындык құрамын оқтын-оқтын белгілеп отырған. Бірақ та 1976-1978 жылы енгізілген Ямайка ва-люта жүйесі алтынның ресми бағасын және Хапықаралық валюта қорына (ХВҚ) қатысушы елдердің ақша бірліктерінің алтындық құрамын алып тастады. Қазіргі таңда багалар масштабы баға көмегімең тауар кұнын салыстьіру арқылы нарықтық үрдісте берекесіздік түрде қалыптасып жатыр.

Құн өлшемі жэне бағалар масштабы ретінде акша әртүрлі қызметті атқарады. Олар адам еңбегінің қоғамдық еңбекке айналуы ретінде кұн өлшемі болып айқыңдалады, бағалар масштабы - металдың тұрақты салмагы ретінде қарастырылады. Сондықтан да құн өлшемімен құн ретіндегі тауарлар, жэне керісінше, бағалар масштабы алтынның берілген көлемімен өның эр түрлі көлемі елшенеді.

Қазіргі жағдайда алтын ақшаның міндетін атқарудан қалды, яғнй ол ақша қызметін, соның ішінде кұн өлшемі қызметін жоғалтты. Алтын несиелік ақшалармен алмастырылды.

Әрбір мемлекет өз кұн өлшемін белгілейді. Қазақстанда құн өлшемі ретійде теңге, Ресейде - рубль, АҚШ-та - доллар, Еуро-палық Одақта - евро саналады. Ел шеңберіндегі ішкі айналыста бағалар масштабы айрықша рөлді атқармайды, ал ел шегінен тыс сыртқы айналыста ол ақшаның сатып алушылық қабілетін анықтау үшін үлкен рөль ойнайды. Айрықша кажетті жағдайда үкімет алдын ала белгіленген бағалар масштабын өзгертеді. Мұндай өзгерту ақша реформасы деп аталады. Ақша реформасы - бұл құнның бір өлшемінен басқасына өту, од ақшанын жаллы көлемінің азаюымен түсіндіріледі.

Демек, құн өлшемі — б^л ақша бірлігі, ол тауарлар мен қызметтер құнын өлшеу және салыстыру үщін қолданылады.

^ 2.2. Айналыс құралы

Бұл қызметтің маңызын тауар айналымының Т-А-Т классикалық формуласының көмегімен ашуға болады. Бұл жағдайда ақша тауар айналымындағы делдал рөлін атқарады, оның негізі болып айырбас баламасы саналады. Формуладағы тауарлық айналым екі актіден тұрады: тауарды сату, яғни оның ақшага айнапуы жэне тауарды сатып алу, яғни ақшаның тауарға айналуы. Бүл жағдайда ақша айналыс құралы қызметіндегі делдал болып табылады. Осы қызметті орындау үшін ақша үнемі қолда болуы тиіс, яғни бүл қызметті шынайы әрекет етуші ақшалар атқара алады. Егер сатып алушыда ақша болмаса, онда ол тауарды сатып алмайды. Бұл жағдайда ақша басқа тауарды сатып алу үшін кажет болады. Олар тауар сатушының қалтасында жатпайды, сатушылар оларды басқа қажетті тауарды сатып алу үшін қолданады, ақша үнемі айналыста жүреді. Сондықтан бұл жерде ақшаның рөлі өте жылдам және ол бір тауарды екіншісіне айырбастау процесіне кызмет көрсету үшін кажет. Осыған байланысты айналыс құралы ретіндегі ақша үшін олардың құндык құрамы маңызды емес, яғни айналыс қүралы ретінде ақша шынайы ақшалық тауардан бөлінуі мүмкін. Осының салдарынан айналыста шынайы толыққұнды ақшалар емес, қағаз ақша белгілері сияқты олардың орынбасарлары болуы мүмкін.

^ Несиелік ақшалар. Тікелей тауар айналымы кезінде, яғни бартерде (тауарды тауарға) сатып алу мен сату сәйкес келді. Айналыс құралы ретіндегі ақша қызметі кезінде тауарларды сатып алу және сату актілері арасында алшақтық пайда болады, дербес болады, уақыт бойынша сәйкес келмейді. Сатушы тауарды сатып болған соң, қолдағы ақшасын баска тауарды сатып алу үшін жұмсауға асықпайды. Бұл айырбастың бұзылуының объективті мүмкіндігін калыптастырады, яғни сатылған тауар сатып алынган тауардан көп, нэтижесінде дагдарыстық жағдай калыптасады.

Тауар айырбасының бастапқы сатыларында, яғни алтын тауарлық элемнен жалпы балама ретінде бөлініп шыққан кезде,ол бір мезетте әрі құн өлшемі, әрі айналыс құралы ретінде ақша қызметін орындады. Ондағы екі қызмет бір-біріне сәйкес келмеді.

Тауарлық айналымның ары карай дамуы ақшаның осы кызметінің бір-бірінен бөлектенуіне әкелді, кұн өлшемі қызметін толыккұнсыз ақшалар орындады, ал айналыс өлшемі қызметін - олардың белгілері: қағаз және несиелік ақшалар атқарды.

Құн өлшемі ретіндегі ақша гиперинфляция кезеңінде айналыс құралы қызметін аткармайды, Қазакстанда 1994-1997 жылдары тауар бағалары американдық долларда, немесе екі бағада: долларда және теңгеде белгіленді. Негізінен теңгедегі бағалар күн сайын долларға катысты айырбас курсы негізінде қайта есеп-теліп отырды. Бүл мезетте теңгемен өрнектелген бағалар жедел есті, доллардағы бағалар өзгеріссіз қалды. Бүл мына себепке байланысты болды, яғни айналыстағы акша массасы тауар массасына қарағанда едәуір өсті, ол ақшаның құнсыздануына, яғни инфляцияга экелді.

Осылайша, айналыс құралы - тауарлар мен қызметтерді сатып алу үшін, сонымен бірге қарыздарды төлеу үшін қолданылатын ақшалар, Акшаның айналыс құралы ретіндегі қызметінің айрықша белгілерінің бірі - бұл тауардың және де ақшаның қарама-қарсы қозгалысын белгілеу; оны колма-қол ақшалар атқарады, өйткені бүл қызметте ақшалар тауарлар айырбасы кезждегі үшқыр делдал ретінде эрекет етеді, онда оны толық кұңцы ақшалар емес, оның орынбасарлары - қағаз жэне несиелік ақшалар орындайды.

ІІІ. ТӨЛЕМ, ЖИНАҚТАУ ЖӘНЕ ҚОРЛАНУ ҚҰРАЛДАРЫ

^ Төлем құралы

Тауар өндірісі және тауар айналымының дамуы, сонымен бірте несиелік қатынастардың дамуы нәтижесінде акшаның төлем күралы деген тагы бір кызметі туындады. Бұл жағдайда Т-А-Т айналымы барысында Т-А жэне А-Т деген екі метафора бөлініп шығады. Ақшаның сатушыга жетуінен гөрі тауар сатып алушы-ның колына жылдамырак жетеді. Бұл жағдайда тауарды сатушы несие берушіге, ал сатып алушы - қарыз алушыга айналады^ Сату жэне төлем актінің бөлінуі нэтижесінде ақшалар төлем құралы деген жаңа кызметті орындай бастады. Тауар сатылғаннан кейін, төлем кұралдары айналымға түседі. Ақша айналым процесін бастамайды, оны аяқтайды.Сатып алушы тауар үшін акша төлемейді, міндеттеме төлейді. Сонда тауар несиеге сатылады екен. Төлем міндеттемені (несиені) өтегеннен кейін жүзеге асады, сэйкесінше, ақшалар сату-сатып алу актін анықтамайды, несиені жаба оты-рып, тек қана оны аяқтайды.

Нэтижесінде тауарларга қатысты акшаның салыстырмалы дербес қозгалысы жүзеге асады.

Егер акшаның айналыс құралы ретіндегі қызметі кезінде ақша мен тауардың карама-карсы козғалысы орын алады, бүл қозгалыс барысында уақыт бойынша алшақтық болады, яғни қарыз алушы сатушыға қарыз міндеттемесін береді, ол белгіленген мерзімде ғана төленеді. Төлем құралы ретінде акшаны пайдалануды К. Маркс былайша сипаттадУ: «Бір тауар иесі қолма-қол тауарды сатады, ал екіншісі акша өкілі немесе болашақ ақша иесі ретінде эрекет ёте отырып, сатып алады.. Сатушы нёсие беруші болСа, сатып алушы - карыз алушы болады». (К. Маркс, Ф. Энгельс, жинақтың 23-томы, 146-бет).

Қазақстанда жэне халықаралық банктік тэжірибеде қолда-нып жүрген зандарға сэйкес шетел валютасымен кез келген операцияларды Үлттык банкінің жүзеге асыруға құқығы бар.

Орталық банктер деңгейінде мемлекетаралық қызметгі жүзе-ге асыру барысында, яғни басқа елдердің орталық банктерінде жәие халыкаралық қаржы-несие институттарында Қазақстан Үлт-тық банкісінің мүддесі ескеріледі.

Қазақстан аумағында шетелдіктердің қатысуымен банктердің немесе еншілес банктердің, сондай-ақ шетел банктерінің өкілет-тіктерініц ашылуына Үлтгық банк лицензия береді.

Шетел валютасына қатысты ұлттық валютаңың бағамын рет-Тейді. Қазақстан Республикасында үлттық валютаның және баға-лы қағаздардың шетел валютасындағы айналым тәртібін анық-тайды.

Валюталық операциялар бойынша шетел валютаеымел есеп айырысуға банктік кызмет көрсету жэне валюталық кұндылык-тармен жасапатын банктік операцияларды жүргізуге лицензия беру туралы ережелерді белгілейді, сондай-ақ олардың қыэметін бақылайды. Осындай лицензияларды пайдаланатын өкілетті банктердіңсаны анықталады.

Мұндай жағдайда банктер тарапынан заңдылықғы бұзған фактілер анықталган уақытта ¥лттық банк берілген лицензия-ларын қайтарып алады.

Ұлттық банк алтын валюта резервін құрып, олармен опера-циялар жасайды.

Ол статистикалык валюталық операцияларды жэне баска да құжаттардың біртұтас есебін жэнс есеп беру нысандарын жасай-ды, сондай-ак оларды беру тэртібі мен мерзімін анықтайды, эрі валюталык операциялар туралы мэліметгі баспаға шыгарады.

Ұлттык банк валюталык қ^ндылықтармен төмендегідей опе-рацияларды жүзеге асыруға кұқылы:

- шетел валютасын сату жэне сатып алу;

- казыналық вексельдер мең және Т-б, шетел укіметтерімен кепілдендірілген, немесе халықаралық қаржы ұйымдары-мен, шыгарылган багалы қагаздармен операциялар жүргі-зуге немесе оларды сату, сатып алуға;

- алтын және басқа да қымбат бағалы металдар мен халықаралық стандартқа сай келетін табиғи асыл тастарды қабылдауға, сақтауга, өңдеуді қамтамасьіз етуге;

- алтынды жэне басқа да қымбат багалы металдардьің құй-масы формасында, сондай-ақ табиғи асыл тастарды өң-делген жэне өнделмегеи түрінде с

www.ronl.ru

Ақша түсінігі реферат - Барлық реферат - РЕФЕРАТ - Каталог файлов

Жоспар: І.Кіріспе Ақша түсінігі. 1 Ақшаның және экономикалық категория ретіндегі түсінігі, экономикалық мәні 2 Несие ақшалар 3 Ақша қызметтері және олардың қазіргі жағдайындағы дамуы 4 Ақша айналысының заңдары 5 Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы – Теңге ІІ.ҚОРЫТЫНДЫ

Кіріспе.

Бұл рефераттің негізгі мақсаты ақшаның пайда болуына, құрылымына, маңыздылығына теориялық аспектілер беріп, ақшаны жан-жағынан - бұрынғы, қазіргі және болашақтағы позицияларынан қарастыру. Менің ойымша, ақшаның экономикалық мәнін бағалау өте қиын. Оның маңыздылығы мен функциясын түсінбей, нарықтық экономиканың механизмін және де оған ақшаның әсерін танып білу мүмкін емес. Егер де сіздер «экономиканың» не екенін және онда болып жатқан процестердің қоғам өміріне әсерін білгіңіз келсе, ең алдымен ақшаның мазмұнын және функциясын танып біліңіз. Бұл сұрақтардың білуі, біздің қоғамда кездесетін экономикалық проблемаларға басқаша көзқараспен қарауға мүмкіндік береді. Ал енді, ақша дегеніміз не деген сұраққа келетін болсақ, ақша - ол тауарлардың тауары, оның өз бойында жасырын түрде барлық басқа тауарлар болады, егер керек болса, қызығарлық және тілеген заттың қандайына болса да айнала алатын сиқырлы құрал. Құнның ақшалай нысанының бекуімен байланысты баға пайда болады. Баға құнның ақшалай көрінісі. Оның құннан жоғары да, төмен де, тең де болуы мүмкін. Бұл өз алдына талдауды талап етеді. Табиғат өздігінен ақшаны да, банкирді де туғызған емес. Экономикалық қатынастардың дамуымен байланысты алтынға осындай қасиетті қоғам берген. Адамдардың алтынды ақша ретінде пайдалануы оның осы қасиетімен түсіндіріледі. Сонымен, ақша ерекше тауар, ол тауарлар дүнимесінен жеке дара бөлініп шығып жалпы эквиваент рөлін атқарады. Ақшаның жалпыға бірдей эквивалент ретінде мынадай ерекшеліктері бар: 1. ол нақты бір заттың, қоғамдық тұтыну құнының болатындығын; 2. онда абстракты еңбек бейнелейтін құнның да болатындығын; 3. тауар өндірушінің жеке еңбегі қоғамдық еңбектің бір бөлшегі болып табылатындығын көрсетеді. Тауар мен ақша арасындағы бірлік те, қарама-қарсылық қайшылық та тұтыну құны арқылы көрінеді. Мысалы, өндіруші қоғамға бір қажетсіз тауарды шығарса, ол сатылмайды; оны ақшаға айналдыра алмайды. Өйткені ол тұтыну құны тұрғысынан қоғамдық қажетті де, оның мүшелерінің қажетін де қанағаттандыра алмағаны. Егер тауар жеке қажеттілікті қанағаттандырса, ол тез арада өтіп кетеді, ақшаға айналады. Міне тауар мен ақша арасындағы әрі бірлік, әрі қарама-қарсылық осылай түсіндіріледі. Қазіргі рынок қатынасында бұл заңдылықты қатаң ескерген жөн. Ақша тауарлы шаруашылықта адамдардың қоғамдық қатынасын бейнелейді. Яғни ақша зат емес, адамдардың арасындағы өндірістік қатынас. Ақшаның қызметі: құн өлшеуші; айналыс құралы; төлем құралы; қазына жинау; дүниежүзілік ақшалар болып табылады. Жалпы, ақшаның қызметі туралы толығырақ, сіздер, осы курстық жұмыстың келесі тарауында танысасыздар. Біз білетіндей, ақша болмаса, айырбас жасау да мүмкін емес. Бұл деген сөз, қоғам дамуының негізі - мамандандырудың (еңбек бөлінісінің) жүзеге аспайтындығы, болмайтындығы. Қазіргі экономиканың барлық құрылымы ақшаға тәуелді. Сауда-саттық ақшаны «туғызды», ал сауда болса – адамдардың ең байырғы қызметінің бірі болғандықтан, ақшаның пайда болу тамыры да сол кезеңге кетеді. Әрине, ақшаның құрылымы да ( түрі де) мыңдаған жылдар ішінде талай рет өзгерген. Мен, курстық жұмыстың бірінші бөлімінде – Ақшаның түсінігі, ақша қызметінің эволюциясы, қызметі, оның түрлері және де ақша айналысының заңдары туралы айта кетемін. Екінші бөлім – Қазақстан Республикасының ақша жүйесі туралы. Толығырақ айтқанда, ақша реформалары, ҚР ұлттық валютасы - теңге , теңгенің тұрақтылығына қол жеткізу және Қазақстанның карточка жүйесі.

1. Ақша түсінігі

1.1 Ақшаның жалпы эквивалент және экономикалық категория ретіндегі түсінігі. Ақша қызметінің эволюциясы.

Ақша ежелгі заманда пайда болды. Олар тауар өндірісінің дамуындағы бірден-бір шарт және өнім болып табылады. Тауар — бұл сату немесе айырбастау үшін жасалынған еңбек өнімі. Адам еңбегінің өнімі (зат) оны өндірушілердің белгілі қоғамдық қатынастарын тудыра отырып, тауар формасын қабылдайды. Заттардың тауарға айналуы ақшаның пайда болуындағы объективті алғышарттарды құрайды. Бірақ кез келген зат тауар бола алмайды. Егер (еңбекпен белгіленген) тұтыну құны өз сатып алушысын таппаса немесе коғам тарапынан мойындалмаса, онда оны дайындауға кеткен уақыттың рәсуә болғаны; мұндай бұйым тауарлық формаға ие емес, өйткені оның коғамға қажеті шамалы. Сондықтан да әрбір тауар қажетті тұтыну кұнның алу кұралы бола отырып, өзінің өндірушісіне қатынасы бойынша айырбас құны ретінде көрінеді. Айырбас құн тауарлардың өзінен бөлініп шыққан және олармен бірге өз бетінше өмір сүретін тауар, ол ақша . Әрбір ерекше тауар міндетті түрде тұтыну кұны ретінде көрінеді. Оның кұны жасырын түрде болады және тек қана ақшаға теңестіру жолымен табылады. Тауарлар және ақшалар бір және осы тауар формасының нақты қарама-қарсы жақтары бола отырып, айырбас процесінде бір-бірін табады және өзара бір-біріне ауысады. Тауар өндірісінің өсуіне байланысты неғұрлым жиі айырбасталатын тауар — барлық басқа тауарлардың бір-бірімен өзара айырбасталу кұралы бола бастады. Осыдан келіп, құнның толық немесе кең көлемдегі формасынан жалпы кұндық формасына жасырын түрде өту басталды. Бірақ оның ролі бір тауарға нық бекітілмеген еді. Біртіндеп жалпы кұндық эквивалент ролін белгілі бір тауарлар көптеп атқара бастады және осы тауарлар ақша деп аталынды. Кұнның жалпы кұндық формасы ақша формасына айналды.

Тауар айналысының тарихи эволюциялық даму процесінде жалпы кұндық эквивалент немесе ресімделінбеген ақша формасын, әр түрлі тауарлар қабылдады. Әрбір тауарлы-шаруашылық уклад өз эквивалентін алға тартады. Әр түрлі халықтарда бір мезгілде әр түрлі эквиваленттер болады. Малды жалпы эквивалент ретінде пайдаланылғаны туралы нақты дәлелдер әр түрлі қолжазбаларда, қазба жұмыстарының нәтижелерінде табылған заттарда, поэзияларда кездеседі. Бір халықтың өзінде әр түрлі уақыттарда және әр түрлі халықтарда бір мезгілде әр түлі эквиваленттер болды. Сонымен, бірінші, ірі еңбек бөлінісінің нәтижесінде мал бағушылардың бөлініп шығуымен мал (ірі қара) айырбас құралына айналды. Олардың белгілі түрлері табиғи-климаттық жағдайларға байланысты нақты сол ортада айырбас құралы болды. Шалғынды аудандарда – жылқы, сиыр және қой; ал шөл және шөлейт аудандарда – түйе; тундрада – бұғы жалпы құндық эквивалент қызметін атқарады. Малды жалпы эквивалент ретінде пайдаланылғаны туралы нақты дәлелдер әр түрлі қолжазбаларда, қазба жұмыстарының нәтижелерінде табылған заттарда, поэзияларда кездеседі. Гомердің көне Троя батырлары туралы поэмасында өгізді құн өлшемі ретінде пайдаланғаны жайлы айтылады. Осы уақыттарда металдан жасалынған ақшаларда "өгіз” деген атау ойып өрнектелініп жазылып жүрді. Латынның сөзі "пекуния” (ақша) "пекус” ("мал”) сөзінен шыққан. "Рупа” ("мал”) сөзі үнділердің ақша бірлігінің атауы "рупия” негізінде жатыр. Ежелгі Русьтарда да ақша металл ақшаларға ауысқаннан кейін де "мал” деген атуға ие болды. Ярослав Мудрый 1018 ж. Былай деген "біздің жинаған малдарымыз: ерлерден 4 кун, старостылардан 10 гривен және боярлардан 18 гривенен тұрады”. Ол кездегі қазынашы "малшы”, қазына, қазына жинау орны – "мал ұстайтын орын” деп аталынды. Капитал сөзінің шығуы да малменен байланысты, өйткені ескі герман тілінде бұл сөз мал басы санының көптігін білдіре отырып, меншік иесінің байлығын көрсетті. Солтүстік халықтары ең бірінші тауар ретінде айырбас үшін жүнді пайдаланды. Ежелгі скандинавтар көлемі бойынша әр түрлі тауарлар сатып алу барысында құстардың, аңдардың жүндерін пайдаланды. Құс жүндері Солтүстік Сібір халықтарында, ал аң жүндері Солтүстік Америка халықтарында жалпы құндық эквивалент ретінде колданды. Жүн ақшалар Монғолияда, Тибетте және Памир аудандарында кең көлемде таралды. Ежелгі Русьтардың арабтармен, хазармен, Византиямен сауда-саттық жасауы барысында жүн ең басты құралдардың бірі болды. Ежелгі Русь елінде жүн ақша жүйесінің бүгіні болып саналды. Әлемде әр түрлі экзотикалық ақшалар болған. Каролин аралдары тобына кіретін Яв аралында осы күнге дейін феи акша айналысында қызмет етеді. Олардың формасы дөңгелекше тас түрінде келе отырып, диірменнің тасын еске түсіреді. Мұндай "монеталардың" диаметрі бірнеше метрге, ал массасы тоннаға дейін жетеді. Сауда мәмілесі орындалғаннан кейін сатушы феяға бұрынғы иесінің белгісін өшіріп, өзінің белгісін соғады. Юлий Цезарь патшалығының тұсында ақша ретінде кұлдарды пайдаланды. Сонымен, бір кұлдың құны үш сиыр, алты бұзау, он екі қойға теңестірілді. Өнер мен жер игерушілердің бөлінуімен эквиваленттің жетілуі жалғасты. Бөлінушілік, бірігушілік, біркелкілік мінездемелері бар эквиваленттер пайда болды. Бұл аз бұзылатын әсімдік өнімдері — зәйтүн майы, күріш, кофе, какао, құйма түріндегі тұздар, тағы басқа.. Жалпы эквивалент ретінде металдар да пайдалана бастады. Ежелгі Спартта, Жапонияда, Африкада темір, мырыш, қорғасын, мыс, күміс, алтын түріндегі ақшалар пайдаланылды. Рим императоры Дионосий Сиракуз және орта ғасырдағы ағылшын корольдары мырыш ақшаларды құйды. XVII ғасыр Солтүстік Америкада ұсақ төлемдерге қорғасын дөңгелекшелер колданылды. Металл ақшаларының артықшылығы, олар — біркелкі, төзімді, ұсақталынады, және тағы басқа. Металл ақшалардың кең таралуымен ақша есебі салмағының жүйесі нақтылана түсті. Кейін келе металдардың арасында басты роль алтын мен күміске өте бастады, өйткені олар жалпы эквивалент үшін аса қажетті сапаға ие. Әрине, металдар бұған дейінгі ақша формаларын бірден ығыстырып шығарып тастаған жоқ. Ұзақ уақыт бойы металл ақшалар тауар формасын сақтап келді. Темір ақшалар күрек, таға, шеге, шынжыр және тағы басқа формаларда ұзақ уақыт бойына сақталынды. Грек ақшасының атауы драхма - бір уыс шеге деген мағынаны білдіреді. Мыс ақшалар қазанның, құмыра, қалқан түрлерінде айналыста болды. Күміс және алтын ақшалар жүзік, сырға, білезік түрінде пайдаланылды. Монеталардың пайда болуы — ақшаның құрылуындағы соңғы кезең болып табылады. Егер де монетаның номиналды құны, сол монетаның құрамындағы металдың құнына тең болса, онда ол – толық құнды ақша болады. Ал, толық құнсыз ақшаны біз – билонды ақша деп атаймыз. Монеталық ақша айналысының тарихында мынандай түсініктер қалыптасқан: Биметаллизм – Жалпы эквивалент ролін екі металл, яғни, алтын мен күміс атқарады. Монометаллизм – Жалпы эквивалент ролін ақша жүйесі ретінде бір металл атқарады. Ақшаның өмір сүруіндегі обьективті қажеттілік ол тауар өндірісі және тауар айналасынының болуына негізделеді. Кез келген тауар айналасында ақша айырбас құралы болып табылады. Тауар және ақша бір-бірінен бөлінбейді. Ақша айналысы болмаса, онда тауар айналысы да болмайды. XIX ғасырда социал утопистері — Прудон, Оуэн, Грей және басқалар акшаға теріс көзқараста болды. Прудон тауар өндірісін сақтай отырып, ақшаны жоюдың жобасын ұсынды және оны дәлелдемек болды. Ақша тауардан дами отырып, тауар болып қала береді, бірақ тауар ерекше жалпылама эквивалент. Ақша — жалпы бірдей эквивалент, ерекше тауар, онда барлық басқа тауардың құны бейнеленеді және оның делдал ретінде қатысуымен тауар өндірушілер арасында еңбек өнімдерінің айырбасы үздіксіз жасала береді. Жалпыға бірдей эквивалент рөлі тарихи түрде алтынға бекітілген. Алтынның басқа барлық тауарлардың құнын бейнелеу қасиеті, оның табиғи қасиеті емес. К.Маркс айтқандай: "Табиғат ақшаны жаратпайды. Алтынға бұл қасиет коғаммен берілген". Алтын жалпыға бірдей эквивалент рөлін орындау үшін ең бір лайық тауар болып қалып отыр. Біріншіден, ол ерекше табиғи сапаға ие: бөлінуі оңай, әдемі, бұзылмайды, тот баспайды, тек қана "патша арағында" ериді. Екіншіден, ең бастысы алтын жоғары кұнға ие. Қанша дегенмен оның қорының аз болуы, алтынды өндіруге кететін еңбек шығындарының өте жоғары болуына әкеліп соғады. Алтынды колдану жылдан-жылға өсуде. Ол әртүрлі салаларда пайдаланылады - электроникадан бастап, зергерлік-іскерлікке дейін, бірде өте жұқа қалыңдықпен, бірде балқытылған құймалар түрінде кездеседі. Ресей XIX ғасырдың 20 -жылдарында алтын өндіруден бірінші орында болды. Өткен ғасырдың 40-жылдарында оның дүниежүзілік алтын өндірісіндігі үлесі 40 % кұрады. Қазақстанда 160 алтын кен орындары бар. Соның ішінде 60-сы жұмыс істеп тұр. Алтын тек қана алтын валюта резервтерді ғана құрамайды, сонымен бірге электронды-есептеуіш және компьютерлік техникаларды, түнгі механикалық аспаптарды, синтетикалық талшықтарды жасау үшін де колданылады. Жасанды алтынды ойлап табу сұрақтары әр кез адамзатты толғандырды. Бұнымен ежелгі уақыттарда алхимиктер еңбектенді. Ежелгі Египетте жалған алтын құймалары табылған. Біздің ғалымдар ұзақ уақыт іздену мен сынақтар жүргізулері нәтижесінде нағыз алтынды алды. Электр кедергісі алтынның техникалық құймасына жақын. Жаңа құйма қаттылығы алтыннан алты есе асып түседі.

1.2 Ақшаның қажеттілігі мен экономикалық мәні

Ақша өндіру мен бөлу процестерінде адамдар арасындағы белгілі бір экономикалық қарым-қатынастарды көрсететін, тарихи даму үстіндегі экономикалық категория болып табылады. Экономикалық категория ретінде ақшаның мәні оның үш қасиетінің бірігуімен көрініс табады: 1 жалпыға тікелей айырбасталу; 2 айырбас кұнының дербес формасы; 3 оның сыртқы заттық өлшемі. Жалпыға тікелей айырбасталу формасында ақшаны пайдалану, кез келген материалдық құндылықтарға ақшаны айырбастау, мүмкіншілігінің бар екенін көрсетеді. Социализм жағдайында бұл мүмкіндік елеулі кысқарды және тек коғамдық жиынтық өнімді пайдалану және бөлумен ғана шектелді. Кәсіпорындар, жер, орман, жер асты байлықтары сатылмады және сатып алынбады. Қазіргі кезде жекешелендіру процестерінің жүруімен байланысты, жалпыға тікелей айырбастау формасында ақшаны тікелей пайдаланудың көлемі едәуір кеңейді. Акшанын айырбас құнынын дербес формасы ретінде пайдалану тауарларды тікелей өткізумен байланысты емес. Ақшаны бұл формада колдану жағдайлары олар несие беру, бюджеттің кірістерін қалыптастыру, өндірістік және өндірістік емес шығындарды қаржыландыру, Ұлттық банктің несиелік ресурстарды баска банктерге сатуы және тағы баска. Еңбектің сыртқы заттық өлшемі тауарды өндіруге жұмсалған еңбектің, олардың ақша көмегімен өлшенуі мүмкін құнын анықтау арқылы көрінеді. Ғалым-экономистердің арасында алтынның акшалай тауар ретіндегі рөлі туралы әр түрлі көзқарас бар. Біреулер алтынның демонетизациялануы аяқталып, ол жалпыға бірдей эквивалент және ақша кызметтерін атқару рөлін орындауды тоқтатты дейді.

1.3 Несие ақшалар. Қағаз ақшалар әрдайым көмекші сипатқа ие. Қағаз ақшалардың дербес түрде ұзақ уақыт бойында айналу мүмкін емес, сондықтан да олармен қатар несиелік ақшалар жүреді. Несие ақшалар — бұл несие негізінде алтынның орнына келген құнның кағаздай белгісі. Несие ақшалар несие беруші мен несие алушы арасындағы қарыз капиталының козғалысын көрсетеді және төлем құралы формасы ретінде өмір сүрудің меншікті формасын алады. Несие ақшалардын негізгі турлеріне: вексель, банкнота, чек, несие карточкалары жатады. Вексель — бұл мерзімі жеткен соң вексель иесіне (вексель ұстаушыға) вексельде көрсетілген соманы қарыз алушыдан (вексель берушіден) төлеуді талап ету құқын беретін жазбаша түрдегі қарыз міндеттемесі. Вексель айналымының қасиетке ие болғандықтан, яғни қолма-қол ақшаның орнына айналысқа түсуге бейім болғандықтан да, ол сауда ақшасы деген атауды иеленеді. Вексель несиеге сату негізінде, яғни коммерциялық несиелеудің пайда болуымен дүниеге келеді. Коммерциялық несиелеу дегеніміз — кәсіпорындардың бір-бірін банктерді жанай өту арқылы несиелеу болып табылады. Несиелеу төлеу мерзімін ұзартып, тауарларды қарызға беру жолымен жүзеге асады. Сатып алушы- кәсіпорын, тауарларды сатып ала отырып ақшаны бірден төлемейді, жабдықтаушы кәсіпорынға вексель жазып береді (қарыздық міндеттеме). Егер де несие берушіге ақша керек болған жағдайда, ол банкке барып векселін есепке алуын өтінеді, ал банк ондағы есепке алу мөлшерлемесін алып қалу арқылы вексельде көрсетілген соманы бере алады. Вексельдер жай және аудармалы болады. Жай вексельді (соловексель) қарыз алушы жазып береді. Бұл вексель берушінің вексель ұсынушыға белгілі бір ақша сомасын төлеу туралы сөзсіз міндеттемесі. Аудармалы векселі (тратта) кредитор — вексель берушінің (трассанттың) үшінші тұлғаға қарыз алушы (трассатқа) вексельде көрсетілген соманы төлем уақыты келгенде (ремитентке) төлеу жөніндегі бұйрығы. Трассат төлеуге келісімін көрсететін оның қолын койған түріндегі акцептен соң ғана тратта бойынша борышқор болып саналады. Вексель бойынша төлем авальмен (векселъдік тапсырма) қамтамасыз етілуі мүмкін, онда вексельдің бетінде және аллонжда (косымша бетте) аваль ретінде саналсын деген жазу болады. Сонымен вексель — несие және ақшалай есеп айырысу құралы болып табылады. Вексель айналасында бірнеше тұлға катысуы мүмкін, себебі вексель төлем құралы ретінде беріледі. Несие ақшалардың бір түрі болып банкнота саналады. Ол XVII ғасырдың соңында пайда болды. Алтын құймасының немесе алтын монета иесі бұл қазынаны банкте сақтай алады. Құрамын анықтағаннан кейін және оны өлшеген соң банк алтынды сақтауға қабылдағаны туралы қолхат береді. Бұл пайдалануға өте ыңғайлы болып келеді. Ол алтынмен пара-пар болды, себебі кез келген уақытта сақталып жатқан металға айырбасталады. Банкнота өзінің мәні жағынан — бұл банкирге арналған вексель болып табылады. Яғни, классикалық банкнота екі жақты қамтамасыз етілген: вексельдік (тауарлық) және алтындық (банктің алтын қоры). Алтынмен қамтамасыз етілмеген бөлігі фидуциарлы деп аталады (сенімге негізделген). Вексельдің банкнотаға айналуы қарыз операциялары және эмиссиялар тәртібінде жүзеге асады. Банкноталарды тауар айналысын несиелеу тәртібімен вексельдер негізінде шығару банкнотаардың банкке кері қозғалысын тудырады. Несие бойынша төлем мерзімі жеткен соң банкноталар орталық банкке қайтарылып отырады. Қазіргі кезде бүкіл әлемде ақшалар алтынмен қамтамасыз етілмеген. Сондықтан ұлттық валюта сол елдің шекарасында ғана занды төлем құралы болып табылады. 1993 жылы біздің республикамызда шығарылған теңге қағаз және несие ақша - банкнота болып табылады, себебі олар Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің сөзсіз міндеттемесі болып саналады және оның барлық активтерімен қамтамасыз етіледі. Банктік салымдар мен қолма-қолсыз есептеулер негізінде құрылатын депозитті акшалар айналасы чекпен байланысты. Чек — бұл шот иесі чек ұсынушының шотына чекте көрсетілген ақша сомасын қолма-қол төлеу және аудару туралы банкке берген жазбаша бұйрығы. Чектер негізінен ақшалай және есеп айырысу болып бөлінеді. Ақшалай чек бойынша банктен қолма-қол ақшалар алынады. Есеп айырысу чегі ордерлі сипатта болады. Шот иесіне чек кітапшалары беріледі. Чек кітапшасынан жыртып алған чектің парақтары сатып алған тауарлар және көрсетілген кызметтер үшін есеп айырысуға колданады. Клиент есеп айырысу чек кітапшасын алу үшін банкке өтініш және тапсырма береді. Төлем тапсырмасы негізінде банк есеп айырысу шотынан ақша қаражаттарын есептеп шығарады және шотта сақтайды, сатып алынған тауарлар (қызметтер) сомасына чек жазып беру арқылы есептеседі, бірақ депонирленген сома шегінде ғана. Жабдықтаушы-кәсіпорын осы чекті өз банкіне ұсынады, осыдан барып көрсетілген сома өзінің есеп айырысу шотына бірден жазылады. Содан соң осы чек төлеушінің банкіне жіберіледі, онда жеке шоттан чекке көрсетілген сома алынады. Сөйтіп чек — несие ақша ретінде қолданады. Өркендеген мемлекеттерде чек айналымынын жедел каркынмен өрістеуі біраз қиындықтарға дұшар еткен. Мысалы, 50-70 жылдары АҚШ-та 90%, Ұлы-британияда-60%, Жапонияда-25% отбасы чек кітапшаларын пайдаланған. АҚШ-та күніне 100 млн. чек толтырылып, чек айналымының шығындары жылына 11 млрд. доллар кұраған. Шығындарды азайту мақса-тында чектерді есептеуге автоматты жүйе енгізіліп, төлемнің басқа экономикалық формаларын іздестіру колға алынған. Қазақстан Республикасында чектерді пайдалану 1993 жылы тоқтатылды. Оның себебі: жалған чектердің пайда болуы коммерциялық банктердің корреспонденттік шоттарында дебеттік қалдықтың болуы және тағы басқа. Несие карточкалары (электронды акциалар). Чектердің жаппай таралуы банктердің оларды өтеу қиыншылықтарын тудырады. Сондықтан чектермен қатар пластикалық карточкалар пайда болады. Бұл банк немесе сауда фирмасы шығарған, банктегі шот иесінің жеке басын құжаттандыратын және оған тауарлар мен қызметтерді бөлшек сауда да қолма-қол төлемсіз алуға беретін атаулы құжат. Әлемде пластикалық карточкалардың оннан аса дебеттік және кредиттік түрлері бар: саяхат, халықаралық есеп айырысулар, банкоматтан қолма-қол акша алу, бөлшек сауда есептеу үшін және тағы басқа. Қазақстан Республикасында несие карточкаларын енгізудің қадамдары жасалған. Осылайша, кезінде Әлембанк (қазіргі ТұранӘлемБанк) өзінің "Виза" несиелік карточкасын енгізген. Павлодар, Өскемен, Ақсудың халықтары несие карточкаларын пайдалануда. Сонымен қоса ТұранӘлемБанк қызметкерлерінің, несие карточкалары бар. Қазақстан Ұлттық банкінің бұл жердегі рөлі карточкалардың ұлттық масштабта біртұтас болу стандартын белгілеумен шектелетіндігі, өз кезегінде тұтынушыларға колайлы жағдай туғызады. Ұлттық банкпен бірлескен ІВМ Корпорациясының пластикалық карточкаларды пайдалана отырып есеп айырысу жүйесін жасау жұмысы аяқталды. Қазақстанда жұмыс жасап жатқан пластикалық карточкаларды айырбастау жұмыстары жүргізілуде, ол да өз кезегінде бұл жүйе жұмысының тиімділігін арттырып, сондай-ақ халықаралық төлем жүйелерімен байланысуға мүмкіндік жасайды. Несиелік карточкаларын пайдалану ақша айналасы шығындарын үнемдей отырып, ақша айналымының жылдамдығын ұлғайтады. Бірақ бұл "ақшасыз шаруашылықты" жүргізудің мүмкіндігін білдірмейді. Банктік автоматтар (БА) — ол клиентке банк кызметкерлерінсіз банктік электронды есептегіш машиналарға қосылып, өз бетімен операииялар жүр- гізуге мүмкіндік беретін кұрылғы. Алғашқыда БА банк ғимаратында орналастырып, тек қолма-қол ақша беруге колданылды. Біртіндеп БА колдану масштабы өзгеріп, ол жүргізетін операциялардың шеңбері кеңейді. Қазір олар халыққа үнемі және көп қызмет көрсететін жерлерде орнатылуда. БА — тың тетігі-пластикалық дебеттік карточка. Ол — банктік шот иесінің мағлұматтарды және жүргізетін операциялар түрі жазылған арнаулы магниттік жолақ. Терминалдар — сауда орындарында, ресторандарда және тағы басқа сауда ұйымдарындағы есеп айыратын қызметкерлер банк жүйесіне төлем операциялары туралы хабар беруге және оны сол жүйеге қосуға, сонымен қатар сатып алушының төлем қабілеттігі туралы хабарды кері алуға мүмкіндік беретін құрылғы. Терминалдарды енгізудің мақсаты — қолма-қол ақша айналысын қысқарту. Үйде банктік қызмет көрсету — ол электронды есептегіш техниканы пайдалану негізінде халыққа банктік қызмет көрсету, телефон аппараттары мен жеке компьютердің қазіргі үлгісін пайдаланумен жүзеге асады. Оның жай түрі — телефонмен тікелей байланысу арқылы — жеке клиенттерге шот ашуға, несие алуға, есеп айырысуға мүмкіндік береді. Ал жеке компьютерді немесе монитордың экранын пайдаланып, клиент банктің компъютеріне қосылып, коммерциалық хабар алуға; өзінің ағымдағы шотын, салымын басқаруға; ағымдағы күнге шотына түскен және одан соманы білуге; банк жұмысы туралы ереже және нұсқаулармен танысуға; бағалы қағаздармен операция жүргізуге, салық төлеуге және басқа операцияларды жүргізуге мүмкіндік береді. Қорыта айтқанда, электрон төлем жүйесін қолдану ақша айналымын жеделдетуге, айналыс шығындарын азайтуға, есеп айырысуды тездетуге, сайып келгенде айналыстағы қолма-қол акшаны азайтуға кең жол ашады.

1.4 Ақша қызметтері және олардың қазіргі жағдайдағы дамуы.

Ақша ерекше тауар, жалпыға бірдей балама, яғни, басқа тауарлардың жалпыға бірдей баламалық құнының нысаны. Ақшаның тағы да бір ерекше қасиеті құнның сақталуын қамтамасыз ететін күші. Мысалы, құнды тауарға салса, оның ақшалай көлемі кұн санап азая береді. Өйткені, ол тауарды сактау үшін белгілі көлемде шығын шығарылады. Ал, егер, құн ақшаға салынса, ондай шығын болмайды. Ақшаның мәнін көрсетуші оның атқарымы болып есептеледі. Экономиканың кез келген үлгісінде ақшаның атқарымы өзгермей, бір қалыпта қалады. Қазіргі жағдайда да ақшаның атқарымдары бұрынғыдай. 1 Ақша кұнды өлшеуші ретінде. 2 Ақша, айналым кұралы ретінде. 3 Ақша төлем құралы ретінде. 4 Ақша корлану кұралы ретінде. 5 Дүниежүзілік ақша атқарымы ретінде.

Ақша құн өлшемі ретінде. Ақшаның бұл атқарымы оның көлемі мен тауардың өзіндік құны анықталған кезде байқалады. Бұл жерде тауардың өзіндік құны, оны өндіру жолындағы қажетті шығынмен тең. Олай болса тауар өндіру, басқаша кызмет көрсету үшін, алдымен еңбек бұйымдарын табу керек, тек содан кейін, солардың көмегімен, керекті өнім шығарылады, болмаса, қызмет көрсетіледі. Осыған байланысты жаңадан шығарылған тауардың өзіндік құны екі элемнттен тұрады. Біріншісі, жоғарыда айтылған еңбек құралдары мен еңбек бұйымдарының құны. Өйткені, ол түгелімен, жаңадан шығарылған өнімнің өзіндік құнына ауысады. Екіншісі, осы өнімді өндіру жолындағы жұмсалатын тірі еңбек күшінің кұны. Сонымен қатар, жаңа өнімнің өзіндік кұнына косылатын, еңбек құралдарының және еңбек бұйымдарының кұны да әрбір тауар өндірушілерде бірдей болмайды. Өйткені, барлық тауар өндірушілердің техника мен жабдықтандырылуы, мамандық дәрежесі және үнемшілдігі әр түрлі. Алайда кез келген тауар, тек қоғамдық қажетті шығынға байланысты бағаға сатылады. Тауар өндіруші осы тауарды шығару үшін 10 сағат уақыт шығарса, екінші тауар өндіруші 13 сағат жұмсады. Тек, осының салдарынан, бірінші өндірушінің тауарының өзіндік құны 650 теңге болса, екінші өндірушінің тауарынің өзіндік құны 800 теңге болады. Бірақ ол өзінің тауарын 800 теңгеге сата алмайды. Өйткені, мұндай тауардың нарықтық бағасы 700 теңге. Осының нәтижесінде, бірінші өндіруші шығарған шығынын қайтарып, оның үстіне 50 теңге пайда тапса, екінші өндіруші 100 теңге, шығын шекті. Егер осындай тауардың саны жүздеген, мыңдаған болса, пайда да, шығын да соншалық көбейеді.

Ақша айналыс құралы ретінде. Ақша айналыс кұралы кызметінде тауарларды өткізудегі делдал болып табылады. Тауарлар бір қолдан екінші колға ауыса отырып, өзінің тұтынушысын тапқанға дейін ақша үздіксіз козғалыста болады. Тауар айналысы кезінде, акша делдал ролін атқарады, ал бұл кездегі сатып алу және сату актісі ерекшеленеді, уақыты мен кеңістігі бойынша сай келмейді. Сатушы тауарын сатқаннан кейін, басқа тауарды сатып алуға әр уақытта аспайды. Ол тауарды бір нарықта сатуы, ал баска нарықтан сатып алуы мүмкін. Делдал ретіндегі акщаның көмегімен уақыт пен кеңістіктегі өзара сай келмеушілік жойылды. Өзінің құнын өткізгеннен кейін, айналыстан кететін тауарларға қарағанда, акшалар айналыс құралы ретінде барлық уақытта осында қалып отырады және сату-сатып алу процесіне кызмет етеді. Біздерге ақша айналыс кұралы крызметін негізінен мемлекеттік, оперативтік, коммерциялық саудада тұрғындардың тауарларды сатып алуы кезінде орындайды. Шет елдерде мұндай шектеулер жоқ. Онда фирмалар мен корпарациялардың және тағы басқа қолма-қол ақшамен есептесуіне тыйым салынбаған. Айналыс құралы ретінде ақша қызметтерінің ерекшеліктері мыналар: 1 Тауар мен ақшаның қарама-қарсы қозғалысы; 2 Оны идеалды ақшалар емес, накты ақшалар орындайды; 3 Ақшаның бұл қызметінде тауарларды айырбастау өте тез орындалатын болғандықтан, оны нағыз ақшалар емес, оны ауыстырушылар — ақша белгілері орындайды. Бірақ бұл несие және қағаз ақшалар ақшалы тауармен байланысты емес деген сөз емес. Бұл байланыс несие ақшалардың алтын нарығында жасырын айналыс болуымен түсіндіріледі. Ақша айналыс құралы кызметін атқаратын болғандықтан, айналыс қажеттілігі олардың саны өткізілуі тиіс тауарлардың бағасы мен массасы негізінде, яғни өткізілуі тиіс тауарлар бағасының сомасымен анықталады. Қанша дегенмен бір ақша бірлігі бір-несие тауар мәмілелеріне қызмет ететін болғандықтан, ақша айналысы қанша көп болса, айналыс үшін олардың қажетті саны сонша аз болады. Егер акцианың айналыстағы массасы тауар массасынан көп болса, онда бұл олардың кұнсыздануына, яғни инфляцияға алып келеді.

Ақша төлем құралы ретінде. Тауар айналысы ақша қозғалысымен байланысты. Бірақ ақша қозғалысы міндетті түрде тауар қозғалысымен бір уақытта тоғысуы тиіс емес. Ақша құнның еркін формасында көрінеді. Олар өткізу процесін еркін аяқтайды. Ақшаның қозғалысы тауар қозғалысынан ерте немесе кеш жүруі мүмкін. Егер тауар мен ақшның қарама-қарсы қозғалысы болмаса, яғни тауар төлем акрі түскенге дейін сатып алынған немесе керісінше болса, онда бұл жағдайда ақшалар төлем кұралы қызметін атқарады. Ақшалар төлем құралы ретінде тек қана тауар айналысына ғана емес, сонымен бірге қаржы-несие қатынастарына да кызмет етеді. Барлық ақшалай төлемдері төмендегідей етіп топтауға болады: 1 тауарларды және кызметтерді төлеуге байланысты міндеттемелер; 2 чек акрі төлеуге байланысты міндеттемелер; 3 мемлекетке к,атысты к,аржылык, міндеттемелер; 4 банктік қарыз, мемлекеттік және тұтыну несие бойынша борыштық міндеттеме; 5 сақтандыру міндеттемелер; 6 әкімшілік-сот сипатындағы міндеттемелер және басқалары. Ақша төлем кұралы ретінде айналыс құралынан өзара айырмашылықтары бар. Бұл кызметте ақшалар делдал болып табылмайды, ол тек қана сату-сатып алуды аяқтайды. Нәтижесінде тауарларға қатынасты ақшаның өз бетінше еркін қозғалысы байқалады. Тауарды несиеге сатып ала отырып, сатып алушы сатушыға ақшаны берудің орнына, борыштық міндеттемені жазып ұсынады. Бұл борыш өтелген кезде, ақша төлем кұралы ретінде қызмет атқарады. Төлем құралы ретіндегі ақшаның қызметі оның бұдан бұрын қарастырылған кызметтерінен айырмашылығы болғанымен ол олармен берік байланыста екені анық. Ақшаның төлем құралы қызметі, оның кұн өлшемі және айналыс құралы ретінде кызмет етуі барысында көрінуі мүмкін. Ақшаның төлем құралы ретінде қызмет етуінің дамуы резервтік қор құрудың, яғни ақшаның қор және қазына жинау кызметтерінің туындауының қажет екенін көрсетеді. Ақшаның төлем құралы кызметін атқаруына байланысты ақша айналысы заирі өзінің неғұрлым толық көрінісін тапты. Егер тауарлар несиеге сатылса, онда қолма-қол ақша қажет емес. Бұл айналыстың қолма-қол акшаға деген қажеттілігін азайтады. Бірақ төлем мерзімі жақындаған сайын борыштарды жабу үшін ақша айналымының қажеттілігі артады. Өзара өтелетін төлемдер соммасы айналыс үшін ақшаның санын азайтады. Егер қандай да бір бөлімде, борыштық міндеттеме бойынша төлем өз уақытында түспейтін болса, онда бұл өзімен бірге басқа да төлемсіздік тізбесін тудырады.

Ақша — қорлану және қазына жинау құралы ретінде. Ақшаның төлем және айналыс құралы қызметтері ақшалай қорлардың құрылуын талап етеді. Ақшаның қорлануының қажеттілігі Т- А -Т айналымының екі актілерге Т - А және А - Т айрылуымен байланысты. Капиталистік қоғамдық формацияға дейінгілер үшін байлықты — таза қазына- формасында жинақтау, яғни ақшаның қарапайым қорлануы тән келеді. Бұл экономикалық дамуға ешқандай да ықпал еткен жоқ, себебі олар шын мәнісінде айналыстан тыс жатқан акшалар болды. Капитализм тұсында бұл қазыналар несиелік жүйе және қор биржалары арқылы пайда әкелетін капиталға айналады. Қазына жинау қызметінің қажеттілігі тауар өндірісімен байланысты болды. Айналым капиталын немесе тұтыну заттарын алу үшін ең бастысы ақшаны жинау қажет. Әрбір тауар тек қана жекелеген қажеттілікті анықтайды және олар жалпы байлықты білдірмейді. Толық бағалы акшалар материалданған құнның формасы ретінде байлықтың жалпы өкілін сипаттайды. Демек, қазына жинау құралы қызметін тек қана толық бағалы немесе нағыз акшалар орындауы мүмкін. Қазыналарды қорландыру алтын монеталар мен алтын құймаларын жинақтау түрінде жүзеге асады. Металл ақшалар айналысы тұсында ақша жинау кызметі айналыстағы ақша массасын реттегіш рөлін атқармайды. Қазына тек қана мемлекеттің сактандыру қоры ретінде болады. Алтын резервтері мемлекетке экономикалық тәуелділіктің болуына кепілдеме береді. 1998 жылы 1 қаңтарда Қазақстан Республикасы Ұлттық банкісінде монетарлық алтынның қалдығы 4178,1 млн. теңгені құрады. Несиелік және қағаз ақшалар қазына жинау құралы кызметін атқара алмайды, себебі олардың меншікті құны жоқ. Бірақ та осы кызмет негізінде олар корлану кызметін жүзеге асырады. Ақша айналыс саласынан уақытша шығып қалғаннан кейін олар қорлана бастайды. Қорлану қызметінде ақша өзінің құнын сол формада сақтай отырып, олар кез келген уақытта айналысқа төлем немесе айналым кұралы ретінде түсе алады. Шынында да бұл елдегі ақша айналысының тұрақтылығы жағдайында, яғни инфляцияның болмауына байланысты ғана мүмкін. Тауар өндіріс жағдайында қорлану екі формада жүреді: 1. кәсіпорындар мен ұйымдардың есеп айырысу және депозиттік шоттарындағы ақшалай қаражат қалдығы түрінде ұжымдық қорлану; 2. банктердегі салымдар, мемлекеттік облигациялар.

Несиелік механизмнің арқасында кәсіпорындар мен халықтың ақшалары банктен берілетін қарыздар түрінде қайтадан айналыс процесіне түседі. Сөйтіп, ақшалар бұл кызметінде ұлттық табыстың қалыптасу, бөлу және қайта бөлу процесіне дәнекер болады.

Дүниежүзілік ақша қызметі. Тауар шаруашылығының кеңеюі, шаруашылық байланыстардың интернационалдануы, дүниежүзілік нарықтың пайда болуы дүниежүзілік ақшалар кызметінің пайда болуына себеп болды. Дүниежүзілік ақшалар интернационалдық құн өлшемі, халықаралық төлем және сатып алу кұралы ретінде қызмет етеді. Бұл кызметті бастапқыда толық бағалы ақшалар (алтын), ал кейіннен нағыз ақшалар (шетел валютасы) атқарды. 1867 жылы Париж келісімі дүниежүзілік ақша қызметін алтынға балап бекітті. Егер де елдің ішінде ақша ұлттық ақша бірліктері формасында қызмет етіп жүрер болса, ал одан тысқары жерде К. Маркстің айтуынша: "Ақшалар өзінің ұлттық киімдерін шешіп, бастапқы кымбат бағалы металл формасын киеді , яғни жалпыға бірдей эквивалент формасына өтеді”. Бірақ алтын айналасы тұсында да ағымдық халықаралық есеп айырысуларға алдыңғы елдердің ұлттық валюталары қызмет етті. 1913 жылы халықаралық есеп айырысулардың 80 %-зы ағылшын фунтстерлингінде бейнеленген аударым вексельдер көмегімен жүзеге асырылды, ал алтын халықаралық есеп айырысулардың қалдығын жабуға ғана кызмет етті. 1976 жылы ақшаның алтын тепе-теңдігі жойылғаннан кейін, көптеген экономистер, енді құнсыз қағаз ақша, дүниежүзілік ақша атқарымын орындай алмайды деген пікірге келді. Бірақ та, ақша әлі де, әртүрлі елдердің және олардың заңды және жеке тұлғаларының, өзара қарым-қатынастарына кызмет көрсетіп жүр. Мысалы, басқа елдің шаруашылықтарымен жеке тұлғалармен алып-сату, ол үшін өзара есеп ажырасу, несие алу, оны қайтару деген сияқты істер жыл сайын өсіп келеді. Осыған байланысты, қазіргі ақша дүниежүзілік ақша атқарымын орындай алмайды деген пікір, онша дұрыс емес. Ақша бұрынғыша өзінің дүниежүзілік ақша атқарымын орындап келеді. Рас, кез келген ұлттық ақша емес, тек еркін айырбасталымды ақшалар (валюталар). Еркін айырбастауға жатпайтын ақшалар дүниежүзілік ақша атқарымын орындай алмайды. Сондықтан ақшалары еркін айырбасталмайтын елдер, алдымен өз ақшасын сол кездегі бағаммен еркін айырбасталынатын ақшаға (доллар, евро, иена сияқты) ауыстырады да, содан соң оның өзінің, керекті халықаралық істеріне жаратады. Сондықтан қағаз ақша, дүниежүзілік ақша атқарымын тіпті орындамайды деген түсінікпен келісуге болмайды. Орындайды, тек тежеулі көлемде. Бреттон-Вудстағы {1944 жылы) мемлекетаралық келісімге келу, доллар мен фунт стерлингке резервтік валюталар мәртебесін берді. Кейіннен дүниежүзілік ақшалардың жаңа формалары: СДР — арнайы қарыз алу құқығы; ЭКЮ — еурапалық есепке алу бірлігі пайда болды. Ал 1999 жылдың қаңтарынан бастап Еуропаға ынтымақтастық елдердің ортақ ақша бірлігі " евро" айналымға шықты. Демек, дүниежүзілік ақшалардың дамуы ұлттық ақшалардың металл ақшадан несиелік акшаға өту жолын кеш те болса қайталауда. Қазіргі уақытта дүниежүзілік несиелік ақшалардың жобалары жасалуда, бірақ одан әлі нәтиже жоқ. Енгізілген шарты есептесу бірліктердің өзіндік меншікті құндары жоқ, сондықтан да олар толыққанды түрде дүниежүзілік ақшаның қызметін атқара алмайды. Бұл қызметті тек қана алтын нарығындағы операциялар арқылы алтын атқарады.

1.5 Ақша табиғатының ерекшеліктері.

XX ғасырда ақша қызметтері және ақшаның жалпыға ортақ эквивалент ретіндегі рөлі өзгерістерге ұшырады. Барлық жерде де алтын жоғарыда аталған бес қызметін атқаруды қойды, еш жерде тауар құны алтын арқылы өлшенбейді; ешбір елде алтын айналыста болмайды, алтын төлем құралы қызметін де атқармайды. Халықаралық экономикалық қатынастарда есеп айырысу валюталар – доллар, евро, иендер т.б. арқылы жүзеге асады. Сонымен алтынның айналыстан шығуы оның ақша қызметін атқармайтын болуы демонетизациялау деп аталады. Демонетизация дегеніміз алтынның ақша рөлін және жалпыға ортақ, эквивалент рөлін атқаруды доғаруы. Осы жерде мынадай өте қиын теориялық сұраққа жақындаймыз. Қазіргі ақшалардың мәні, табиғаты жалпы қандай? Өйткені кімге де болса анығы қазіргі уақытта асыл металл ақша емес, қағаз ақша – ақша. Ақшаның барлығы немен анықталады, оның тұрақтылығы неге байланысты? Батыстың экономикалық теориясында бұл сұрақ бойынша пікір талас жүріп жатқанына кемінде екі ғасыр болды.Егер қағаз ақша салыстырмалы сиректік қасиетінен айырылатын болса, онда оның бағалығы төмендейді. Сондықтан қағаз ақшаның құны туралы мәселе айналысқа қажет қағаз ақшаның саны туралымәселемен тығыз байланысты. Ақшаның мәні оның қызметтерінен шығады (ең алдымен құралы және айналыс құралы ретіндегі)

1.6 Ақша айналысының заңы. Қайта құру кезеңіне дейін "ақша айналымы" мен "ақша айналысы" ұғымдары арасында айтарлықтай шек койылатын. Ақша айналысы деп - қолма-қол ақшаның қозғалысы танылды. Ал ақша айналымы ұғымы одан кең мағына бергендіктен ол қолма-қол және қолма-қолсыз айналым мағынасын сипаттайды. Бұл жағдайда қолма-қол ақша қозғалысы тұрғындардың ақшалай табыстарының бөлінуін қарастырса, қолма-қолсыз ақша өпдіріс қаражаттарының бөлінуін қарастырады. Тауар айналысы процесіндегі қолма-қол ақша қозғалысы және төлемақыны жүзеге асыру кезінде кызмет көрсету, сонымен бірге кәсіпорындар мен қаржы-несие мекемелерінің арасындағы ақшалай қаражаттардың алмасуы — ақша айналысы деп аталады. Ақша айналасының объективті негізі — тауар өндірісі мен тауар айналысы болып табылады. Құн формасының өзгеріп отыруы, яғни тауардың ақшаға және ақшаның жаңа тауар сатып алу үшін қолданылуы, ақшаның әрдайым козғалыста, яғни айналыста болуына мүмкіндік жасайды. Бірақ ақша айналысы тауар айналысын қайталап қоймайды. Бұл екі процесс бір-бірінен жекешеленіп жүреді. Тауарлар, оларды сатып алғаннан кейін, айналыстан шығады және тұтынылады. Ал ақша айналыста әрқашан жүреді. Айналыста жүре отырып ақша әрі айналыс құралы, әрі төлем құралы функицяларын атқарады. Сонымен, тауарды сатудан түскен ақша қарызды өтеуге жұмсалуы мүмкін. Өз кезегінде, қарызды төлеуге түскен ақшалар тауарлар алу үшін қолданылуы мүмкін. Жалпы акша айналысының көлемі тауар бағаларының соммасынан әрдайым артық болады. Ақшаның кызмет көрсетуі тек сату-сатып алумен шектелмейтіні түсіндіріледі. Ақша еңбекакрі, зейнетакрі, стипендия төлеу үшін, банктен қарыз алу үшін және тағы басқа мақсаттар үшін қолданылады. Ақша айналысын реттеудің маңызды элементі — қолма-қол ақшаның қолдану аясын азайту болып келеді. Бұл мәселе біздің елімізде кәсіпорындар арасындағы есеп айырысуларда қолма-қол ақшаның қолданылуын шектеу, есеп айырысу чектерін өндіру арқылы ғана шешіледі. Банк жүйесін реформалау және ақшаа банкнотасын өндіруге байланысты өзінің меншікті қуатын енгізуі, Қазақстандағы қолма-қол ақшамен байланысты жағдайды түбірімен өзгертті. Осыған байланысты 1992-1993 жылдары қолма-қол ақшаның тапшылығы тұсында енгізілген директивті саясаттың орнына республикамызда қолма-қол ақша айналысын тұрақтандыру және басқарудың экономикалық әдістерінің алғышарттары жасалынды. Дамыған елдерге бұл процесс кеңінен дами түсуде: оларда қолма-қолсыз ақша айналысы өрістеп жатыр. АҚШ-та халықтың есеп айырысуларының 25-27%-зы ғана қолма-қол ақшамен, ал қалғаны чек несиелік карточкалар, тағы басқа көмегімен жүргізіледі. Өмірлік тәжірибе көрсеткендей, ақша айналысын ақша айналымын бөлуге болмайды. Ақша айналымын қома-қол және қолма-қолсыз деп қатаң түрде шектеуді ғалымдар онша қабылдай қоймады. Бұл екеуі өзара тығыз байланысты, сондықтан оларды бөлу қажет емес. Ақша өз айналасында қолма-қолдан қолма-қолсыз ақшаға (және керісінше) өтеді. Мысалы, кәсіпорынның бөлшек саудасынан түскен түсім банкке түскеннен соң оның есеп айырысу шотында қолма-қолсыз ақша қаражаттарына айналады да, ол бұдан өз жеткізушілеріне ақша аударуына мүмкін. Сонымен бүкіл ақша айналысы: қолма-қол және қолма-қолсыз ақшалар болып бөлінеді. Сондай-ақ: 1 өнімді өндіру және сату процесін, яғни тауарлы сипаттағы есеп айырысулармен байланысты ақша айналымы; 2 тауарлы емес сипаттағы есеп айырысулармен байланысты ақша айналымы; 3 ақша айналысы бірнеше тарихи кезеңдерден өтті және металл, қағаз несие ақшалар көмегімен жүзеге асырылды.

2.Қазақстан Республикасының ақша жүйесі.

2.1 Қазақстандағы ақша реформалары.

cak.clan.su

Ақша — реферат

     Ақшаның мәні және ақша айналымы

     Ақша - өндіру мен бөлу процестерінде  адамдар арасындағы белгілі бір  экономикалық қарым-қатынастарды көрсететін, тарихи даму үстіндегі экономикалық категория болып табылады. Экономикалық категория ретінде ақшаның мәні оның үш қасиетінің бірігуімен көрініс табады.

     Жалпыға тікелей айырбасталу  формасында ақшаны пайдалану, кез келген материалдық құндылықтарға ақшаны айырбастау мүмкіншілігінің бар екендігін көрсетеді. Социализм жағдайында бұл мүмкіндік елеулі қысқарды және тік қоғамдық жиынтық өнімді пайдалану және бөлумен ғана шектелді. Кәсіпорындар, жер, орман, жер асты байлықтары сатылмады және сатып алынбады. Қазіргі кезде жекешелендіру процестерінің жүруімен байланысты, жалпыға тікелей айырбастау формасында ақшаны пайдаланудың көлемі едәуір кеңіді.

     Ақшаның айырбас құнының  дербес формасы ретінде пайдалану тауарларды тікелей өткізуімен байланысты емес. Ақшаны бұл формада қолдану жағдайлары олар несие беру бюджеттің кірістерін қарыздық берешектерді өтеу, мемлекеттік бюджеттің кірістерін қалыптастыру, өндірістік және өндірістік емес шығындарды қаржыландыру, Ұлттық банктің несиелік ресурстарды басқа банктерге сатуы және т.б.

     Еңбектің  сыртқы заттық өлшемі тауарды өндіруге жұмсалған еңбектің, олардың ақша көмегімен өлшенуі мүмкін құнын анықтау арқылы көрінеді.  

Ақша  айналысы және оның заңы

Ақша  айналысы — шаруашылықтағы тауарларды өткізуге, сондай-ақ тауарлы емес төлемдерді және есеп айырысуларды жүзеге асыруға қызмет ететін қолма-қол және қолма-қолсыз ақша нысандарындағы ақшалардың қозғалысы.

Ақша  айналысының объективтік негізіне де тауар өндірісі жатады. Тауар  өндірісі тұсында тауарлар әлемі: тауар  және ақшаға бөліне отырып, олардың  арасында өзара қарама-қайшылықтар туады. Қоғамдық еңбек бөлінісінің терендеуіне және жалпы ұлттық және дүниежүзілік нарықтардың қалыптасуымен байланысты капитализм тұсында ақша айналысы да әрі қарай дами түседі. Сонымен ақша, капитал айналымына қызмет ете отырып, барлық жиынтық қоғамдық өнім айналысы мен айырбасына дәнекер болады. Ақшаның қолма-қол және қолма-қолсыз нысанының көмегімен тауарлар айналысы, сондай-ақ ссудалық және жалған капиталдың қозғалысы жүзеге асырылады.

Ақша  айналысының кұрылымына колма-қол  ақшалар айналысы мен қолма-колсыз ақшалар айналысы кіреді.

Қолма-қол  ақшалар айналысы — бұл нақты ақшалар қозғалысын білдіреді. Оған банкноталар, монеталар және қағаз ақшалар (қазыналық билеттер) қызмет етеді. Дамыған елдерде нақты ақшалар айналысының едәуір белігін орталық банктерден шығарылған банктік билеттер құрайды. Ақша шығарудың кішкене белігі (10-ға жуығы) қазыналық билеттерді шығарушы қазынашылықтың үлесіне тиеді.

Қолма-қолсыз ақшалар айналысы — қолма-қолсыз ақшалар айналымы ақшаларының қозғалысы.

Мұндағы, қолма-қолсыз ақшалар — чектер, пластикалық карточкалар электрондық аударымдар көмегімен пайдаланылатын клиенттердің шоттардагы сақтаған ақшалары (депозиттер).

Қолма-қол  ақша мен қолма-қолсыз ақшалар арасында тығыз байланыс пен өзара тәуелділік бар. Ол ақшаның үнемі бір айналыс аясынан екінші біріне өтіп отыруынан байқалады. Айталық, қолма-қол ақшалардың банктегі депозитке салынуы, олардың қолма-қолсыз ақшаға айналуын білдірсе, ал, банктен жалақы, жәрдемақы, стипендия, зейнетақы және т.с.с. төлеу үшін ақша алған жағдайларда қолмақолсыз ақшалар қолма-қол ақшаларға ауысуы байқалады.

     Ақша  айналыс құралы.

     Ақша  айналыс құралы қызметінде тауарларды өткізудегі делдал болып табылады.

     Тауарлар  бір қолдан екінші қолға ауыса  отырып, өзінің тұтынушысын тапқанға дейін ақша үздіксіз қозғалыста болады.

     Тауар айналысы кезінде, ақша делдал ролін  атқарады, ал бұл кездегі сатып  алу және сату актісі ерекшеленеді, уақыты мен кеңістігі бойынша  сай келмейді. Сатушы, тауарын сатқаннан  кейін, басқа тауарды сатып алуға  әр уақытта асықпайды. Ол тауарды бір нарықта сатуы, ал басқа нарықтан сатып алуы мүмкін. Делдал ретіндегі ақшаның көмегімен уақыт пен кеңістіктегі өзара сай келмеушілік жойылды.

     Өзінің  құнын өткізгеннен кейін, айналыстан кететін тауарларға қарағанда, ақшалар  айналыс құралы ретінде барлық уақытта осында қалып отырады және сату-сатып алу процесіне қызмет етеді.

     Біздерге  ақша айналыс құралы қызметін негізінен  мемлекеттік, оперативтік, коммерциялық саудада тұрғындардың тауарларды сатып  алуы кезінде орындайды. Шет елдерде мұндай шектеулер және т.б. қолма – қол ақшамен есептесуіне тыйым салынбаған.

     Айналыс құралы ретінде ақша қызметтерінің  ерекшеліктері мыналар:

Инфляция

Инфляция (лат. inflatio — «қабыну», «ісіну») — бұл бағаның өсуінен, тауарлар тапшылығынан және тауарлар және қызметтер сапасының төмендеуінен туындайтын ақшаның құнсыздануы, сондай-ақ оның сатып алу қабілетінің төмендеуі.

1775-1783 жылдары Солтүстік Америкада тәуелсіздік үшін болған соғыс доллардың құнсыздануына әкеліп соқты. Францияда 1784-1794 жылдары революция кезінде өндірілген қағаз ассигнаттар бір жылда 883 есе құнсызданды. Еркін бәсеке кезіндегі капитализм жағдайында инфляцияны соғыс, дағдарыстан, стихиялық апаттар кезінде болатын несие ақшаларының алтынға айрбасталуының тоқтауы кезінде пайда болды.[4]

Инфляция  — бұл кез келген экономикалық даму үлгісіне тән объективті құбылыс. Инфляцияның себептері айналыс және өндіріс саласында орын алады.

Қазіргі инфляция мынадай факторларға байланысты:

  1. Ақша айналысының факторларына: бюджет тапшылығын жабуға пайдаланылған, шексіз көп ақшаның эмиссиялануы есебінен айналыс аясының артық ақша массасына толып кетуі; халық шаруашылығының артық несиеге толуы.
  2. Ақшалай емес факторларға: қоғамдык өндірістегі теңсіздікке, шарушылықтың шығындық тетігіне, мемлекеттің экономикалық саясаты, оның ішінде салық саясаты, баға саясаты, сыртқы экономикалық саясатына байланысты факторлар жатады.[3]

Ақша айналысының заңы

Ақша  айналысының заңы — тауарлар айналысы үшін қажетті ақшалардың санын (Ата) анықтайды.

Бұл жерде  бір айта кететіні, ақшаның төлем  құралы қызметін атқаруымен байланысты бұл формула да нақтылануды талап етуде.

Айналысқа қажетті ақша санын мынадай формуламен бейнелеуге болады:

мұнда,

Осындай жағдайларды, айналысқа қажетті  ақша санына өндірістің дамуының шарттарына тәуелді болып келетін, әр алуан  факторлар ықпал етеді. Оның біріне айналыстағы тауарлар санының өзгерісі жатады. Сондай-ақ шаруашылықтағы ақшаға деген қажеттілік тауарлар және көрсетілетін қызметтер бағаларының деңгейіне байланысты да анықталады.  

Айналысқа қажетті ақша санына мыналар кері ықпал  етеді:

Металл  ақша айналысы тұсында айналыстағы  ақша саны ақшаның қазына жинау құралы қызметінің көмегімен реттеліп отырды. Егер ақшаға деген қажеттілік қысқарса, онда айналыстағы артық ақша (алтын монета) айналыста қазынаға кетіп, ал, егер ақшаға деген қажеттілік ұлғайса, онда айналысқа қажетті мөлшердегі ақша қазынадан айналысқа шығарылып отырады.

Егер  де айналысқа алтынға ауыстырылмайтын банкноттар немесе қағаз ақшалар (қазыналық билеттер) қызмет етсе, онда бұл жағдайда, қолма-қол ақшалар айналысы қағаз ақша айналысының заңына сәйкес жүргізіледі.

Ақша  айналысын қолдап отыру шарттары мен зандары келесідей екі фактордың өзара әрекет етуімен анықталады: шаруашылықтағы ақшаға деген қажеттілік және айналымға ақшалардың нақты түсуімен. Егер де айналымдағы ақша көлемі, шаруашылыққа кажетті ақшадан артық болса, онда ақшаның құнсыздануына, яғни ақша бірлігінің сатып алу қабілетінің төмендеуіне, яғни инфляцияға жол береді.

student.zoomru.ru

Ақша түсінігі қазақша реферат

Ақша түсінігіЖоспар:І.КіріспеАқша түсінігі.1 Ақшаның және экономикалық категория ретіндегі түсінігі,экономикалық мәні.2 Несие ақшалар3 Ақша қызметтері және олардың қазіргі жағдайындағы дамуы4 Ақша айналысының заңдары.5 Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы – ТеңгеІІ.ҚОРЫТЫНДЫ

Кіріспе.Бұл рефераттің негізгі мақсаты ақшаның пайда болуына, құрылымына, маңыздылығына теориялық аспектілер беріп, ақшаны жан-жағынан — бұрынғы, қазіргі және болашақтағы позицияларынан қарастыру.

Менің ойымша, ақшаның экономикалық мәнін бағалау өте қиын. Оның маңыздылығы мен функциясын түсінбей, нарықтық экономиканың механизмін және де оған ақшаның әсерін танып білу мүмкін емес. Егер де сіздер «экономиканың» не екенін және онда болып жатқан процестердің қоғам өміріне әсерін білгіңіз келсе, ең алдымен ақшаның мазмұнын және функциясын танып біліңіз. Бұл сұрақтардың білуі, біздің қоғамда кездесетін экономикалық проблемаларға басқаша көзқараспен қарауға мүмкіндік береді.

Ал енді, ақша дегеніміз не деген сұраққа келетін болсақ, ақша — ол тауарлардың тауары, оның өз бойында жасырын түрде барлық басқа тауарлар болады, егер керек болса, қызығарлық және тілеген заттың қандайына болса да айнала алатын сиқырлы құрал. Құнның ақшалай нысанының бекуімен байланысты баға пайда болады. Баға құнның ақшалай көрінісі. Оның құннан жоғары да, төмен де, тең де болуы мүмкін. Бұл өз алдына талдауды талап етеді. Табиғат өздігінен ақшаны да, банкирді де туғызған емес. Экономикалық қатынастардың дамуымен байланысты алтынға осындай қасиетті қоғам берген. Адамдардың алтынды ақша ретінде пайдалануы оның осы қасиетімен түсіндіріледі. Сонымен, ақша ерекше тауар, ол тауарлар дүнимесінен жеке дара бөлініп шығып жалпы эквиваент рөлін атқарады.

Ақшаның жалпыға бірдей эквивалент ретінде мынадай ерекшеліктері бар:

1. ол нақты бір заттың, қоғамдық тұтыну құнының болатындығын;

2. онда абстракты еңбек бейнелейтін құнның да болатындығын;

3. тауар өндірушінің жеке еңбегі қоғамдық еңбектің бір бөлшегі болып табылатындығын көрсетеді.

Тауар мен ақша арасындағы бірлік те, қарама-қарсылық қайшылық та тұтыну құны арқылы көрінеді. Мысалы, өндіруші қоғамға бір қажетсіз тауарды шығарса, ол сатылмайды; оны ақшаға айналдыра алмайды. Өйткені ол тұтыну құны тұрғысынан қоғамдық қажетті де, оның мүшелерінің қажетін де қанағаттандыра алмағаны. Егер тауар жеке қажеттілікті қанағаттандырса, ол тез арада өтіп кетеді, ақшаға айналады. Міне тауар мен ақша арасындағы әрі бірлік, әрі қарама-қарсылық осылай түсіндіріледі. Қазіргі рынок қатынасында бұл заңдылықты қатаң ескерген жөн. Ақша тауарлы шаруашылықта адамдардың қоғамдық қатынасын бейнелейді. Яғни ақша зат емес, адамдардың арасындағы өндірістік қатынас.

Ақшаның қызметі: құн өлшеуші; айналыс құралы; төлем құралы; қазына жинау; дүниежүзілік ақшалар болып табылады. Жалпы, ақшаның қызметі туралы толығырақ, сіздер, осы курстық жұмыстың келесі тарауында танысасыздар. Біз білетіндей, ақша болмаса, айырбас жасау да мүмкін емес. Бұл деген сөз, қоғам дамуының негізі — мамандандырудың (еңбек бөлінісінің) жүзеге аспайтындығы, болмайтындығы. Қазіргі экономиканың барлық құрылымы ақшаға тәуелді. Сауда-саттық ақшаны «туғызды», ал сауда болса – адамдардың ең байырғы қызметінің бірі болғандықтан, ақшаның пайда болу тамыры да сол кезеңге кетеді. Әрине, ақшаның құрылымы да ( түрі де) мыңдаған жылдар ішінде талай рет өзгерген.

Мен, курстық жұмыстың бірінші бөлімінде – Ақшаның түсінігі, ақша қызметінің эволюциясы, қызметі, оның түрлері және де ақша айналысының заңдары туралы айта кетемін.

Екінші бөлім – Қазақстан Республикасының ақша жүйесі туралы. Толығырақ айтқанда, ақша реформалары, ҚР ұлттық валютасы — теңге , теңгенің тұрақтылығына қол жеткізу және Қазақстанның карточка жүйесі.

1. Ақша түсінігі

1.1 Ақшаның жалпы эквивалент және экономикалық категория ретіндегі түсінігі. Ақша қызметінің эволюциясы.

Ақша ежелгі заманда пайда болды. Олар тауар өндірісінің дамуындағы бірден-бір шарт және өнім болып табылады. Тауар — бұл сату немесе айырбастау үшін жасалынған еңбек өнімі. Адам еңбегінің өнімі (зат) оны өндірушілердің белгілі қоғамдық қатынастарын тудыра отырып, тауар формасын қабылдайды. Заттардың тауарға айналуы ақшаның пайда болуындағы объективті алғышарттарды құрайды. Бірақ кез келген зат тауар бола алмайды. Егер (еңбекпен белгіленген) тұтыну құны өз сатып алушысын таппаса немесе коғам тарапынан мойындалмаса, онда оны дайындауға кеткен уақыттың рәсуә болғаны; мұндай бұйым тауарлық формаға ие емес, өйткені оның коғамға қажеті шамалы. Сондықтан да әрбір тауар қажетті тұтыну кұнның алу кұралы бола отырып, өзінің өндірушісіне қатынасы бойынша айырбас құны ретінде көрінеді. Айырбас құн тауарлардың өзінен бөлініп шыққан және олармен бірге өз бетінше өмір сүретін тауар, ол ақша .

Әрбір ерекше тауар міндетті түрде тұтыну кұны ретінде көрінеді. Оның кұны жасырын түрде болады және тек қана ақшаға теңестіру жолымен табылады. Тауарлар және ақшалар бір және осы тауар формасының нақты қарама-қарсы жақтары бола отырып, айырбас процесінде бір-бірін табады және өзара бір-біріне ауысады.

Тауар өндірісінің өсуіне байланысты неғұрлым жиі айырбасталатын тауар — барлық басқа тауарлардың бір-бірімен өзара айырбасталу кұралы бола бастады. Осыдан келіп, құнның толық немесе кең көлемдегі формасынан жалпы кұндық формасына жасырын түрде өту басталды. Бірақ оның ролі бір тауарға нық бекітілмеген еді. Біртіндеп жалпы кұндық эквивалент ролін белгілі бір тауарлар көптеп атқара бастады және осы тауарлар ақша деп аталынды. Кұнның жалпы кұндық формасы ақша формасына айналды.

Тауар айналысының тарихи эволюциялық даму процесінде жалпы кұндық эквивалент немесе ресімделінбеген ақша формасын, әр түрлі тауарлар қабылдады. Әрбір тауарлы-шаруашылық уклад өз эквивалентін алға тартады. Әр түрлі халықтарда бір мезгілде әр түрлі эквиваленттер болады. Малды жалпы эквивалент ретінде пайдаланылғаны туралы нақты дәлелдер әр түрлі қолжазбаларда, қазба жұмыстарының нәтижелерінде табылған заттарда, поэзияларда кездеседі.

Бір халықтың өзінде әр түрлі уақыттарда және әр түрлі халықтарда бір мезгілде әр түлі эквиваленттер болды. Сонымен, бірінші, ірі еңбек бөлінісінің нәтижесінде мал бағушылардың бөлініп шығуымен мал (ірі қара) айырбас құралына айналды. Олардың белгілі түрлері табиғи-климаттық жағдайларға байланысты нақты сол ортада айырбас құралы болды. Шалғынды аудандарда – жылқы, сиыр және қой; ал шөл және шөлейт аудандарда – түйе; тундрада – бұғы жалпы құндық эквивалент қызметін атқарады. Малды жалпы эквивалент ретінде пайдаланылғаны туралы нақты дәлелдер әр түрлі қолжазбаларда, қазба жұмыстарының нәтижелерінде табылған заттарда, поэзияларда кездеседі. Гомердің көне Троя батырлары туралы поэмасында өгізді құн өлшемі ретінде пайдаланғаны жайлы айтылады. Осы уақыттарда металдан жасалынған ақшаларда «өгіз” деген атау ойып өрнектелініп жазылып жүрді. Латынның сөзі «пекуния” (ақша) «пекус” («мал”) сөзінен шыққан. «Рупа” («мал”) сөзі үнділердің ақша бірлігінің атауы «рупия” негізінде жатыр. Ежелгі Русьтарда да ақша металл ақшаларға ауысқаннан кейін де «мал” деген атуға ие болды. Ярослав Мудрый 1018 ж. Былай деген «біздің жинаған малдарымыз: ерлерден 4 кун, старостылардан 10 гривен және боярлардан 18 гривенен тұрады”. Ол кездегі қазынашы «малшы”, қазына, қазына жинау орны – «мал ұстайтын орын” деп аталынды.

Капитал сөзінің шығуы да малменен байланысты, өйткені ескі герман тілінде бұл сөз мал басы санының көптігін білдіре отырып, меншік иесінің байлығын көрсетті.

Солтүстік халықтары ең бірінші тауар ретінде айырбас үшін жүнді пайдаланды. Ежелгі скандинавтар көлемі бойынша әр түрлі тауарлар сатып алу барысында құстардың, аңдардың жүндерін пайдаланды. Құс жүндері Солтүстік Сібір халықтарында, ал аң жүндері Солтүстік Америка халықтарында жалпы құндық эквивалент ретінде колданды. Жүн ақшалар Монғолияда, Тибетте және Памир аудандарында кең көлемде таралды. Ежелгі Русьтардың арабтармен, хазармен, Византиямен сауда-саттық жасауы барысында жүн ең басты құралдардың бірі болды. Ежелгі Русь елінде жүн ақша жүйесінің бүгіні болып саналды.

Әлемде әр түрлі экзотикалық ақшалар болған. Каролин аралдары тобына кіретін Яв аралында осы күнге дейін феи акша айналысында қызмет етеді. Олардың формасы дөңгелекше тас түрінде келе отырып, диірменнің тасын еске түсіреді. Мұндай «монеталардың» диаметрі бірнеше метрге, ал массасы тоннаға дейін жетеді. Сауда мәмілесі орындалғаннан кейін сатушы феяға бұрынғы иесінің белгісін өшіріп, өзінің белгісін соғады.

Юлий Цезарь патшалығының тұсында ақша ретінде кұлдарды пайдаланды. Сонымен, бір кұлдың құны үш сиыр, алты бұзау, он екі қойға теңестірілді.

Өнер мен жер игерушілердің бөлінуімен эквиваленттің жетілуі жалғасты. Бөлінушілік, бірігушілік, біркелкілік мінездемелері бар эквиваленттер пайда болды. Бұл аз бұзылатын әсімдік өнімдері — зәйтүн майы, күріш, кофе, какао, құйма түріндегі тұздар, тағы басқа..

Жалпы эквивалент ретінде металдар да пайдалана бастады. Ежелгі Спартта, Жапонияда, Африкада темір, мырыш, қорғасын, мыс, күміс, алтын түріндегі ақшалар пайдаланылды. Рим императоры Дионосий Сиракуз және орта ғасырдағы ағылшын корольдары мырыш ақшаларды құйды.

XVII ғасыр Солтүстік Америкада ұсақ төлемдерге қорғасын дөңгелекшелер колданылды.

Металл ақшаларының артықшылығы, олар — біркелкі, төзімді, ұсақталынады, және тағы басқа. Металл ақшалардың кең таралуымен ақша есебі салмағының жүйесі нақтылана түсті.

Кейін келе металдардың арасында басты роль алтын мен күміске өте бастады, өйткені олар жалпы эквивалент үшін аса қажетті сапаға ие.

Әрине, металдар бұған дейінгі ақша формаларын бірден ығыстырып шығарып тастаған жоқ. Ұзақ уақыт бойы металл ақшалар тауар формасын сақтап келді. Темір ақшалар күрек, таға, шеге, шынжыр және тағы басқа формаларда ұзақ уақыт бойына сақталынды. Грек ақшасының атауы драхма — бір уыс шеге деген мағынаны білдіреді. Мыс ақшалар қазанның, құмыра, қалқан түрлерінде айналыста болды. Күміс және алтын ақшалар жүзік, сырға, білезік түрінде пайдаланылды.

Монеталардың пайда болуы — ақшаның құрылуындағы соңғы кезең болып табылады.

Егер де монетаның номиналды құны, сол монетаның құрамындағы металдың құнына тең болса, онда ол – толық құнды ақша болады. Ал, толық құнсыз ақшаны біз – билонды ақша деп атаймыз.

Монеталық ақша айналысының тарихында мынандай түсініктер қалыптасқан:

Биметаллизм – Жалпы эквивалент ролін екі металл, яғни, алтын мен күміс атқарады.

Монометаллизм – Жалпы эквивалент ролін ақша жүйесі ретінде бір металл атқарады.

Ақшаның өмір сүруіндегі обьективті қажеттілік ол тауар өндірісі және тауар айналасынының болуына негізделеді. Кез келген тауар айналасында ақша айырбас құралы болып табылады. Тауар және ақша бір-бірінен бөлінбейді. Ақша айналысы болмаса, онда тауар айналысы да болмайды.

XIX ғасырда социал утопистері — Прудон, Оуэн, Грей және басқалар акшаға теріс көзқараста болды. Прудон тауар өндірісін сақтай отырып, ақшаны жоюдың жобасын ұсынды және оны дәлелдемек болды.

Ақша тауардан дами отырып, тауар болып қала береді, бірақ тауар ерекше жалпылама эквивалент.

Ақша — жалпы бірдей эквивалент, ерекше тауар, онда барлық басқа тауардың құны бейнеленеді және оның делдал ретінде қатысуымен тауар өндірушілер арасында еңбек өнімдерінің айырбасы үздіксіз жасала береді.

Жалпыға бірдей эквивалент рөлі тарихи түрде алтынға бекітілген. Алтынның басқа барлық тауарлардың құнын бейнелеу қасиеті, оның табиғи қасиеті емес. К.Маркс айтқандай: «Табиғат ақшаны жаратпайды. Алтынға бұл қасиет коғаммен берілген».

Алтын жалпыға бірдей эквивалент рөлін орындау үшін ең бірлайық тауар болып қалып отыр. Біріншіден, ол ерекше табиғи сапаға ие: бөлінуі оңай, әдемі, бұзылмайды, тот баспайды, тек қана «патша арағында» ериді. Екіншіден, ең бастысы алтын жоғары кұнға ие. Қанша дегенмен оның қорының аз болуы, алтынды өндіруге кететін еңбек шығындарының өте жоғары болуына әкеліп соғады. Алтынды колдану жылдан-жылға өсуде. Ол әртүрлі салаларда пайдаланылады — электроникадан бастап, зергерлік-іскерлікке дейін, бірде өте жұқа қалыңдықпен, бірде балқытылған құймалар түрінде кездеседі.

Ресей XIX ғасырдың 20 -жылдарында алтын өндіруден бірінші орында болды. Өткен ғасырдың 40-жылдарында оның дүниежүзілік алтын өндірісіндігі үлесі 40 % кұрады.

Қазақстанда 160 алтын кен орындары бар. Соның ішінде 60-сы жұмыс істеп тұр.

Алтын тек қана алтын валюта резервтерді ғана құрамайды, сонымен бірге электронды-есептеуіш және компьютерлік техникаларды, түнгі механикалық аспаптарды, синтетикалық талшықтарды жасау үшін де колданылады.

Жасанды алтынды ойлап табу сұрақтары әр кез адамзатты толғандырды. Бұнымен ежелгі уақыттарда алхимиктер еңбектенді. Ежелгі Египетте жалған алтын құймалары табылған. Біздің ғалымдар ұзақ уақыт іздену мен сынақтар жүргізулері нәтижесінде нағыз алтынды алды. Электр кедергісі алтынның техникалық құймасына жақын. Жаңа құйма қаттылығы алтыннан алты есе асып түседі.

Тағы рефераттар

referattar.kazaksha.info

Ақша жүйесі — реферат

                                               Жоспар:

     I.Кіріспе.

     1.Ақша  жүйесі.

     2.Тарихы.

     3.Қазақстанның  ақша рыногы.

     4.Ақша  жүйесінің типтері.

     4.1.Биметализм.

     4.2.Монометализм.

     5.Ақша  жүйесінің элеметтері.

     II.Қорытынды.

     III.Пайдаланған әдебиеттер.                   

                                       Кіріспе.

Мен «Ақша жүйесі» атты тақырыпты ала отырып .Ақша жүйесі дегеніміз не оның түрлерін,түсінігін,элеметерін,ұғымын білгім келген.Ақша ұғымы қай ғасырда,қай қала,қай заманда пайда болғанын ұғынғым келді.Осы ақша жүйесі бүкіл дүниежүзінде бірдей ме ,ұқсастықтары мен айырмашылығы қандай екенін зерттеп тексергім келді.Ақша түрлері темір ақша қағаз ақша қай жылдары,қай мемлекетте пайда болғанын білуді ұйғарып осы тақырыпқа бақылау жаздым.                        

                             Ақша жүйесі. 

      Ақша жүйесі — белгілі бір елде қалыптасып, әдетте заңмен бекітілетін ақша айналымын ұйымдастыру түрі. Елдегі жалпыға бірдей балама ретінде қабылданған асыл металға және ақша айналысының негізіне қарай ақша жүйесі екі түрге бөлінеді. Ақша жүйесі дегеніміз жеке элементтері белгілі бірлікте болатын жүйе болып табылады. Ақша жүйесінің негізгі элементтері мыналар:

    Елдін ақша жүйесін реттеу жұмысын, осы  жүйенің әрқилы элементтерін үйлесімге  келтіріп отыратын, қаржы-несие органдары жүргізеді.

    Металдық  ақша жүйесі негізгі екі типке: биметализм мен монометализмге бөлінеді. Биметализм тұсында жалпы эквивалент рөлін екі метал атқарады (алтын мен күміс), монометализм тұсында - тек бір метал. Биметализм жүйесі Еуропада XVI-XVIII ғасырларда кең тараған. Бірақ жалпы эквивалент болып табылатын ақшаның табиғатына, ақша рөлін екі металдың атқаруы қарсы келеді. Осылайша уақыты жеткен мерзімде бұл жүйе монометализмге алмастырылады. Тарихқа монометализмнің үш түрі мәлім: Мыс (Рим — б.дд. V—III ғғ.), күміс (Ресей — 1843-1852 жылдары; Голландия, Үндістан — XIX ғ.), алтын (Англия — XVIII ғасыр аяғынан, басқа елдер — XIX ғасыр аяғынан).

    Алтын метализмі алтын монеталық стандарт формасында бірінші дүниежүзілік соғысқа  дейін болды. Сол доуірде алтын  монетасы еркін соғылған, қүн белгілері алтын монетаға еркін айырбасталған, елдер арасында алтын еркін жылжып отырған.

    Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін, құйма алтын және алтын девиздер стандарты пайда болды. Алтын қоры мол елдер (Англия, Франция, Жапония) алтын стандартын, алтын қоры аз елдер (Германия, Австрия, Дания) алтын девиздер стандартын енгізген болатын. Құйма алтын кесек стандарты тұсында, алтын монетасының еркін соғылуы жойылып, қағаз ақшаның алтынға айырбасталуы құйма алтын кесігі құнының мөлшерімен шектелген.

    Алтын девиздер стандарты тұсында алтынмен байланыс бұдан да алшақ болған: алдымен құйма алтын стандартын тұтатын елдердің валютасын жинақтау қажет болады, осыдан кейін дүниежүзілік нарықта оны алтынға айырбастап алуға болатын. Құйма алтын мен алтын девизді стандарттар алтын айналымына жол бермейтін жүйелер болып табылды.

    1944 жылы құрылған Халықаралық валюта  қоры Тройская унция қүнын  белгілеген (35 американ доллары 31,1035г.  алтынға тең). Ресми түрде жарияланған  алтынның құнын ұстап тұратын  резервтік валютаның қызметі американдық долларға және ағылшын фунт стерлингіне жүктелді. Егер алтын стандарты кезеңінде валютаның қайта қалпына келгіштігі деп, ұлттық ақша бірлігінің алтынға айырбасталу мүмкіндігі түсінілсе, жаңа жағдайда, валютаның қайта қалпына келгіштігі деп, валютаның долларға айырбасталу мүмкіндігі түсінілген. Бүгінгі күнге дейін валютаның еркін ауыса-тындық қабілеті, оның АҚШ долларына айырбасталуымен қамтамасыз етіліп отыр. Бірақ АҚШ-ың өзінде 1971 жылы Орталық банктер ушін де доллардың алтынға айырбасталуы тоқтатылған. Осы кунгі несие ақшасын борыш куәліктері құрайды. бұлардың нақтылы ақшадан айырмашылығы, олардың ұлттық байлық элементтеріне жатпауы. XX ғасырда олар бірте-бірте өздерінің ерекше тауар қасиетінен айрылып келеді: олар нақты тауардың тұтыну құнымен тұтасып кете алмай отыр және көбінесе бухгалтерлік тіркеп-жазу формасында (чек, депозиттері несие карточкалары, ақшаны электрондық құралдарды пайдаланып аудару, т.б.) орын алады. Ақшаның ерекше табиғаты мен және оның атқаратын қызметтерімен қатаң айқындалған, ақша айналым зандары әрекет етеді.

    Алтынның  айналуы кезінде, қағаз және несие  ақшалардың алтынға еркін айырбасталған  жағдайларында, айналысқа қажет  ақшаның саны төменде келтірілген  формула арқылы есептеледі:

    А=(ТБ-Н+Т-БТ)/АА

    Бұнда:

    Айналысқа артық шығарылған ақша қазына қоймасын толықтырады.

    Ақшаның қағаз ақша айналысы кезеңінде, айналысқа  түсетін ақшаның саны оның алтын  ақша орнын алмастыратын санына тең  болуы керек, басқаша болса, қағаз  ақшалар арнасы артық толып кетіп, олар құнын жояды. Батыс экономистерінің көбі И.Фишердің айырбас теңдеуін пайдаланады:

    М х V = Р х Q

    Бұнда:

    Бұл теңдеу тауар бағаларының қосындысы  мен айналыстағы ақшаның массасының сан жағынан аратәуелділікте болатынын көрсетеді. Бағаға, өндіріске, жұмыспен қамтуға әсер ету мақсатымен ақшаның массасына бақылау жүргізу қажет.

    Тарихы

    Алтын аса құнды болғандықтан алтын  монометалдығы күміс монометалдығы  мен биметалдықты ығыстырып, 19 ғасырдың аяғында ақша жүйесінің негізіне айналды. Монометалдық жүйеде ақша жүйесін құрушы бір металдан істелген шақалар ғана төлем құралы болып саналады және айналымда жаппай қабылданады. Ақша жүйесінің негізі — алтын, ол тауардың қай түріне де айырбастала береді. Экономикалық дағдарыстар кезінде ақша жүйесі құлдырауға ұшырайды. 1-дүние жүзілік соғыс кезінде банкноттарды ақшаға еркін айырбастау тоқтатылды, алтын ақша айналыстан шығып, банкноттар қағаз ақшаға айналды. Ал оларды аса көп, мөлшерсіз шығару ақшаның құнын төмендетті. 1924-1928 жылғы валюталардың ішінара тұрақтануы дәуірінде алтын монометалдығы уақытша қалпына келтірілді. Кейін қайтадан қағаз ақшалар айналымы қалыптасты. Ақша жүйесі валютаның алтын баламасы заңмен белгіленетін ақша жүйесі (мысалы, АҚШ-та доллар таза алтынның 0,888671 г-на теңгеріледі) және валютаның алтын баламасы заңмен белгіленбейтін ақша жүйесі болып бөлінеді. Соңғы жағдайда ақшаның алтындық курсы тұрақты алтын баламасы бар валютаға байланысты анықталады. Халықаралық валюта қорының шешімі бойынша фунт стерлингтің алғашқы курсы АҚШ-тың 4 доллары, 1949 ж. қағаз ақшаның ресми құны тұрақтағаннан кейін — 2,8, ал 1967 ж. — 2,4 долл. болды. Ақша жүйесі әр елде тарихи қалыптасқан және сол елдің заңымен бекітілген ақша айналысын ұйымдастырудың бір түрі болып табылады. Ақша жүйесіне валюталық металды, ақша бірлігін, шақаларды шығару және қағаз ақшаларды эмиссиялау тәртібі кіреді.

    Ақша  бірлігі (стерлинг, теңге, доллар, марка, франк, т.б.) одан әрі бөлшектеніп, баға көлемінің рөлін атқарады. Ақша массасы банктік және қағаз ақшадан, тиын ақшадан тұрады. Банктік билет пен қазыналық билеттің шығару тәртіптері бірдей. Олардың айырмашылығы банктік билеттер 25% бағалы металмен және 75% мемлекетік банктің басқа активтерімен, ал қазыналық билет мемлекеттің барлық мүлкімен қамтамасыз етіледі.

    Ақша  айналымын ұйымдастыру ақша кеңістігі, ақша рыногы және ақша реформасы сияқты ұғымдармен тығыз байланысты. Ақшаның  белгілі бір аймақта өз күшін  сақтауы ақша кеңістігін құрайды. Әр мемлекеттің ақшасы сол елдің аумағында пайдаланылады. Кейбір елдер өзара келісім бойынша ортақ ақша кеңістігін орнатуы мүмкін. Мысалы, Кеңестер Одағы кезінде сом пайдаланылды, яғни, одақтас республикалар бір ақша кеңістігінде болды. Кейін республикалар тәуелсіздік алғаннан кейін олар өз ұлттық ақшаларына көшті, сөйтіп біртұтас ақша кеңістігі жойылды. Қазіргі кезде Батыс Еуропа елдері өздерінің ақша кеңістігін кеңейту мақсатында ұлттық ақшадан мемлекетаралық ақшаға көшуге бағыт алып отыр (қазіргі Еуро). Ақша рыногына ақша қаражатымен тауарларды сату және сатып алу рыногының бір түрі немесе несиелік капитал рыногының бір бөлігі жатады. Ақша рыногының агенттеріне банкілер, брокерлік және дилерлік фирмалар, несие ақшаларды, валюталарды, бағалы қағаздарды сату, сатып алуға қатысушы қаржы-несие ұйымдары енеді. Ақша рыногының көмегімен кәсіпорындардың, фирмалар мен компаниялардың айналым қаражаты қамтамасыз етіледі, банкілердің қысқа мерзімдік ресурстары қалыптастырылады, мемлекет пен ұйымдар, жеке тұлғалар қысқа мерзімдік несиелер алады. Халықаралық валюта-несие қатынастарының дамуына орай халықар. ақша рыногы қалыптасып, шетел валюталарымен операциялар жасалады. Ол несие айналымы операциялары үшін қазыналық және коммер. вексельдерді, чектерді, аккредитивтерді, депозиттік сертификаттарды, банкі акцептерін және басқа есептеу жолдарын пайдаланады.

      Қазақстанның ақша рыногы

    Қазақстанның  ақша рыногы заңдар мен нормативті актілерге сәйкес реттеледі. Нақтылы  экономикалық саясатты жүзеге асыру  мақсатында ақша реформасы жүргізіледі.

    Ақша  реформасына мемлекет билігі мен  ақша жүйесінің толық немесе ішінара  өзгеруі және ақшаның бір жүйесінің  екіншісіне немесе ақшаның жаңа түріне ауыстырылуы жатады. Кеңес Одағы  тұсында үш рет — 1922-1924, 1947, 1960 ж. ақша реформасы болды. Жаңа экономикалық саясат кезінде червонецтер шығарылды. Ол алтынның 78,24 үлесінің бір мысқалына (7,74234 г), яғни ескі он сомдық шақаға тең болды. Сонымен қатар құны 1, 3, 5 сомдық қазыналық билеттер, 1 сомдық, 50, 25, 15, 10 тиындық күміс және 1, 2, 3, 5 тиындық қара шақалар шығарылды. 1947 ж. айналыстағы ақшаның 10 сомы жаңа ақшаның 1 сомына айырбасталды. Сөйтіп айналыстағы артық ақша жойылды. Ал 1960 ж. 1, 3, 5, 10, 25, 50, 100 сомдық ақша билеттері және 1, 2, 3, 5, 10, 15, 20 тиындар, сондай-ақ 50 тиындық және 1 сомдық күміс ақша шығарылды. 1961 жылдың 1 қаңтарынан бастап, сомның алтын бағамы таза алтынның 0,222168 г-нан 0,987412 г-на дейін арттырылды, яғни Американың 1 доллары жаңа ақшаның 90 тиынына тең болды. Қазақстанда ақша реформасы 1993 ж. жүзеге асырылып, ұлттық ақша — теңге айналысқа енгізілді. 1, 3, 5, 10, 20, 50, 100, 500, 1000, 2000 теңгелік билеттер шығарылды (қазіргі Теңге).

      Ақша жүйесінің типтері

    Ақша  жүйесінің өзіне тән типтері  және элементері болады. Ақша жүйесінің  типі — бұл ақшаның қандай нысаны болуын сипаттайды. Осыған байланысты, ақша жүйесінің төмендегідей типтерін бөліп қарайдық.

    Металл  ақша айналысы екіге бөлінеді:

      Биметализм

    Биметализм — жалпыға балама рөлі екі бағалы металға (алтын мен күміске) негізделген ақша жүйесі.

    Биметаллизмнің  үш түрі болған:

    Биметаллизм XVI—XVII ғасырларда кеңінен тарап, ал Еуропа елдерінде XIX ғасырда дами бастады. Бірақта биметалдық ақша жүйесі капиталистік шаруашылықтың даму қажеттілігіне  сәйкес келмеді, себебі екі металды  құн өлшемі ретінде қатар пайдалану ақшаның бұл қызметінде қарама-қайшылық тудырды. Нәтижесінде, жалпы құн өлшемі ретінде қызмет ететін бір ғана металдың болуы талап етілді. Сөйтіп, биметализм ақша жүйесінің орнына монометализм ақша жүйесі келді.

    Монометаллизм

    Монометаллизм — бұл барлығына бірдей балама және ақша айналысының негізі ретінде бір ғана металл (алтын немесе күміс) қызмет ететін ақша жүйесі.

    Күміс монометаллизмі Ресейде 1843—1852 жылдары, Индияда 1852-1893 жылдары, Голандияда 1847—1875 жылдары қызмет етті. Алтын монометаллизмі (стандарт) алғаш рет ақша жүйесінің үлгісі ретінде XVII ғасырда Ұлыбританияда қалыптасып, 1816 жылы заңды түрде бекітілді. Көптеген елдерде ол XIX ғасырдын, аяғына қарай енгізілді, айталық: Германияда — 1871—1873 жылдары, Швецияда, Норвегияда және Данияда — 1873 жылы, Францияда 1876— 1878 жылдары, Австрияда - 1892 жылы, Ресейде және Жапонияда —1897 жылы, АҚШ-та — 1900 жылы. Алтынға ауыстырылатын құн белгілерінің сипатына байланысты алтын монометаллизмі мынадай түрлерге бөлінеді: алтын монета стандарты, алтын құйма стандарты және алтын девиздік (алтын валюта) стандарты.

freepapers.ru

Кредит-ақша саясаты - РЕФЕРАТ - Барлық реферат - РЕФЕРАТ - Каталог файлов

КРЕДИТ-АҚША САЯСАТЫ – мемлекет экономикасында ақша мөлшерін реттеу мақсатында қолданылатын шаралар кешені. К.-а.с. жалпы ұлттық өнім, баға деңгейі және ұлттық табыс сияқты аса маңызды макроэкон. көрсеткіштерге айтарлықтай әсерін тигізетіндіктен мемл. экон. саясаттың негізгі бағыттарының бірі ретінде қаралады. Бүкіл 20 ғ. бойына мынадай заңдылық орын алды: неғұрлым дамыған мемлекеттер, экон. өсуді ынталандыру, экон. жағдаяттың ауытқуын реттеу үшін нақ осы К.-а. с. құралын қарқынды пайдалануға тырысты, әйтсе де мұндай жанама ынталандыру әрқашан да күткендегідей нәтижелер бермеді. К.-а. с-н жүргізу ісі жауапты мемл. органдарға, әдетте, орт. банкке (Қазақстанда – ұлттық банкке) жүктеледі. Жалпы алғанда ақша массасы – орт. (ұлттық) банктің нақты ақшасының, банкноттары мен теңгелерінің (монета) және экон. агенттердің (кәсіпорындардың, фирмалардың, компаниялардың) коммерциялық банктерге салған салымдарының сомасы. Салымдарды халықтың салымдары ғана емес, сонымен бірге кәсіпорындардың есеп айырысу шоттары мен өзге де шоттарындағы қалдық ақшалар да құрайды. Ақша массасының ұғымын ақша базасының ұғымынан ажырата білу керек. Ақша базасын нақ сол барлық нақты ақша мен коммерциялық банктердің орт. (ұлттық) банктегі салымдары құрайды. Мәселенің мәні мынада: коммерциялық банктер коммерциялық несиелендіру тетігін пайдалана отырып, ақша массасының көлемін ақша базасының шегінен сан есе көбейтуі мүмкін. Өз клиенттеріне несие бере отырып, банктер іс жүзінде елдің орт. (ұлттық) банкіндегі өз депозиттерінен асып түсетін депозиттер жасайды. Басқаша айтқанда, банктің кредит беру тетігі болмаса, яғни банктер несие бермесе, мультипликативтік ұлғаю процесі ешқашан басталмас еді және ақша массасы мен ақша базасы ешқашан теңелмеген болар еді. Ақша массасының ақша базасына қатынасын ақша мультипликаторы деп атайды. Егер біз ақша базасын латынша Н әрпімен, ал ақша массасын М әрпімен таңбаласақ, онда мынадай формула аламыз: М=kH, мұнда k – ақша мультипликаторы. Сөйтіп, мемлекеттің К.-а. с-ның мәні іс жүзінде ақша массасының көлемі айқындайтын осы екі шамаға (Н – ақша базасы мен k – ақша мультипликаторына) ықпал етуінде. Қазіргі мемлекеттерде орт. банктің ақша базасының шамасын неғұрлым жиі өзгертіп отыратын әдісі – ашық рыноктағы операциялар, яғни өз үкіметінің борышқорлық қағаздарын сатып алу – сату. Ашық рынокта бағалы қағаздарды сатып алудың мысалы ретінде ұлттық банк коммерциялық банктен үкімет облигацияларын 1 млрд. теңгеге, сатып алатын операциясын қарастыралық. Ұлттық банктің мемл. бағалы қағаздар түріндегі меншігі 1 млрд. теңгеге артады, мұның өзі баланс активінің "Мемлекеттік бағалы қағаздар” бабында көрсетіледі. Облигацияларға айырбас ретінде ұлттық банк осы облигацияларды сатқан коммерциялық банктің шотына 1 млрд. теңге аударады. Басқаша айтқанда, баланс пассивінің ұлттық банктегі банк депозиттері бабы 1 млрд. теңгеге артады. Коммерциялық банк өз резервін алғашқы мезетте ұлттық банктегі салымдар ретінде ұсталатын 1 млрд. теңгеге көбейтті. Алайда бұл орайда ұлттық банктің сатушыға өзінің меншікті бухгалтерлік кітаптарында депозиттер жасау жолымен облигация үшін төлей алатынын ескеру қажет. Бұл депозит басқа банктерге төлемдер төлеу үшін пайдаланылуы мүмкін немесе нақты ақшаға айырбасталуы мүмкін. Банктегі депозиттің кәдуілгі иесі де өз шотынан нақты ақшаны ала алады, сондай-ақ, ұлттық банкке депозит салған банк те өз салымын қысқартқаны үшін айырбас ретінде нақты ақша ала алады. Ұлттық банк облигация үшін өз банкіндегі депозитпен төлегенде ол ақша базасын бірден көбейтеді. Ұлттық банк мемл. облигациялар сияқты активтерді жай ғана сатып алып және олар үшін өз міндеттемелерімен төлеп, ақша базасын қалауынша ұлғайта алады. Ұлттық банк ақша базасын бұлайша ұлғайтуға коммерциялық банктер өтемпаз қаражатқа ділгер болатын дағдарыстар кезеңінде барады. Бұл оның өзінің өтем резервтерін көбейтуіне, демек, нақты секторды несиелендіру әлуетін күшейтуіне мүмкіндік береді, мұның өзі экон. өсу қарқынын күшейте алады. Бағалы қағаздарды сата отырып, орт. (ұлттық) банк ақша базасын қысқартатынын оңай аңғаруға болады. Ақша базасының қысқаруы коммерциялық банктердің қорларын азайтады, мұның өзі халыққа, кәсіпорындарға кредит беру көлемін азайтып, несиелендіру шарттарын қатайтады, экон. өсу қарқынын тежейді.

Іс-дағды көрсетіп отырғанындай, ақша мультипликаторының тұрақсыз екені былай тұрсын, сонымен бірге ол тіпті оңай болжап білуге болмайтын шама. Мұның мәнісі орт. (ұлттық) банк тек ақша базасын реттеумен ғана әрбір нақты уақыт кезеңінде ақша массасын дәл анықтай алмайды деген сөз. Тіпті күтпеген титтей ауытқу ақша базасының осы шамасында ақша ұсынысын айтарлықтай өзгертуі мүмкін. Сондықтан орт. (ұлттық) банк ақша мультипликаторының шамасына әсер етудің арнаулы әдістерін пайдаланады. Алайда тіпті барлық осы әдістерді қолдану да орт. (ұлттық) банктің ақша мультипликаторының ауытқуын толық бақылауына бәрібір мүмкіндік бермейді. Ақша мультипликаторының формуласы мынадай: k=(1+c)/(r+c), мұнда c – нақты ақша-депозиттер, ал r – резерв-депозиттер (бұл орайда резерв дегеніміз, көбінесе, коммерциялық банктердің орт. (ұлттық) банктегі салымдары. Формуладан көрініп отырғанындай, ақша мультипликаторы неғұрлым көп болса, резервтердің депозиттерге қатынасы соғұрлым аз болады. Ақша мультипликаторының нақты ақша-депозиттер қатынасына қалай тәуелді екенін анықтау қиынырақ. Бірақ мұнда да кері тәуелділік бар. Мұның мәнісі мынада: саз болса, нақты ақша ретінде пайдаланылатын ақша базасының үлесі де аз болады, ал резерв ретінде пайдаланылатын үлес жоғары болады. Нақты ақша-депозиттер қатынасы, негізінен, халықтың мінез-құлқымен айқындалады, ол ақшаның қанша бөлігін нақты ақша (теңге-монета мен банкнот) түрінде ұстауға болатынын, ал қанша бөлігін салым (депозит) түрінде ұстауға болатынын шешеді. Халықтың қалауы: а) төлем түрлерін әдетке айналдыруына; ә) ақшаны нақты ақша түрінде сақтаудың трансакциялық шығыны мен шотқа қол жеткізу шығынының қатынасына; б) ағымдағы тұтыну көлемі мен мәміле санына; в) түрлі депозиттер бойынша пайыздардың ағымдағы ставкаларына байланысты. Бұл параметрлердің көбісі орт. (ұлттық) банктің бақылауына көне бермейді. Ал орт. (ұлттық) банктің резерв-депозиттер саласындағы мүмкіндіктері әлдеқайда көп. Ол міндетті резервтік талаптардың мөлшерін, яғни коммерциялық банктердің орт. (ұлттық) банктегі салымдарының ең аз нормасын тағайындай алады. Міндетті резерв жасау нормативі – мемлекеттің К.-а. с-ның екінші аса маңызды құралы. Міндетті резерв жасау нормасын көбейте отырып, орт. (ұлттық) банк коммерциялық банктердің өз клиенттеріне кредит беру және тиісінше ақша массасын мультипликациялау жөніндегі мүмкіндіктерін шектейді. Ал, керісінше, міндетті резерв жасау нормативін қысқарту ақша мультипликаторын көбейтеді, яғни нақ сондай немесе қысқара түсетін ақша базасында ақша массасын өсіреді. Іс жүзінде К.-а. с-ның осы құралдары пайдаланылатын барлық елдерде, соның ішінде Қазақстанда да, резервтік талаптар салымдардың тұрпатына қарай түрленіп отырады: мерзімді салымдар бойынша олар талап етілетін салымдарға қарағанда жоғары. К.-а. с-ның үшінші басты құралы – қайта қаржыландыру ставкасы. Мұның өзі орт. (ұлттық) банктің коммерциялық банктерге беретін кредиттері бойынша пайыз ставкасы. Қайта қаржыландыру ставкасын құбылта отырып, орт. (ұлттық) банк коммерциялық банктің артық резервтерінің шамасына, сондай-ақ, жанама түрде нақты ақша-депозиттер қатынасына да ықпал етеді. Шынында да, егер қайта қаржыландыру ставкасы жоғары болса, онда коммерциялық банктер өзінің артық резервтерінің мөлшерін көбейтуді жөн көреді. Өйткені өтемпаз қаражат жетіспеген жағдайда орт. (ұлттық) банктің кредиттері коммерциялық банкке тым қымбатқа түседі. орт. (ұлттық) банк қайта қаржыландыру ставкасын төмендеткен кезде коммерциялық банктердің айтарлықтай артық резерв жасауға деген құлшынысы кемиді. Олар ақшаны пайыз әкелетін активтерге салуға, ал кассалық алшақтық пайда болған жағдайда орт. (ұлттық) банктен қайта қарыз алуға көбірек мүдделі болады. Дамыған елдерде қайта қаржыландыру ставкасы, әдетте, коммерциялық банктердің кредиттік ставкаларының төм. шегінде ұсынылады; дамушы елдерде бұл принциптен ауытқудың уақытша орын алуы мүмкін.

cak.clan.su

Ақша қаражаттары түсінігі туралы қазақша реферат

Ақша қаражаттары түсінігі туралы қазақша реферат

№7 «Ақша қаражат қозғалысы туралы есеп» Халықаралық Қаржылық Есеп Беру Стандартына сәйкес, ал №4 «Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп» Бухгалтерлік Есеп Стандартына сәйкес жүргізіледі.

Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің жанындағы «Бухгалтерлік есеп және аудит әдістемесі департаментінің» №4 «Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп» — деп аталатын бухгалтерлік есеп стандартының бірінші бабында: «Кәсіпорындар мен ұйымдардың, яғни субъектілердің ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есебі осы деректі пайдаланушыларды түрлі операциялық және инвестициялық қаржы қызметі бойынша есепті кезеңдегі ақша қаражаттарының келіп түсуі, кірістелуі ол қаржылардың жұмсалуы туралы ақпараттармен қамтамасыз етіп және оларға осы заңды тұлғаның, яғни субъектінің қаржы жағдайындағы өзгерістерін бағалауына мүмкіндік береді» делінген. Ал осы стандарттың екінші бабында: «Заңды тұлғалар, субъектілер (банктер мен бюджеттік мекемелерден басқа) ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есепті осы стандарттың талаптарына сай жүргізеді және есепті кезеңдегі қаржы нәтижелері есептемесінің құрамында (яғни сонымен бірге) тапсырады» делінген.

Ақша қаражаты деп – бұл субъектінің кассадағы және банктегі барлық ақшасын айтамыз.

Барлық шаруашылық жүргізуші субъектілер өз ақша қаражаттарын банкі мекемелерінің тиісті шоттарында сақтап және міндеттемелері бойынша төлемдерін, әдетте, осы мекемелер арқылы ақшасыз нысанда, ал қажет жағдайда Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінің нормативтік құжаттарымен белгіленген шегінде нақты ақшамен есептесуді жүзеге асырады. Егер де заңды тұлғалардың арасындағы төлем сомасы 9752 айлық есептік көрсеткіштен (АЕК) асып түссе, онда олар тек ақшасыз тәртіпте айырысуларды жүзеге асырады. Бұл келтірілген мәлімет заңды тұлғалардың арасындағы әрбір мәміле (контракт,  келісім – шарт) бойынша шартты түрде пайдаланылады. Егер де контракт сомасы көрсетілген лимиттен асатын болса, онда төлем ақшасыз тәртіпте орындалуы керек, тіптен олар жартылай орындалса да әрбір төлемнің сомасы 9752 АЕК-тен аспауы керек.

Ақша қаражаттарын сақтау үшін және заңды тұлғалар арасында есеп айырысу үшін Қазақстан Республикасының банк мекемелерінде банк шоттарын ашады.

Банк шоттары – бұл банк пен клиенттер арасындағы келісім – шарттың қатынастарын көрсететін әдіс. Банк шоттары теңгемен де, шетелдік валютамен де жүргізіледі және ол ағымдық, жинақтық және бухгалтерлік есеп шоттары болып бөлінеді.

Ағымдағы немесе бухгалтерлік есеп шоттарын ашқан кезде банк клиенттің пайдасына түскен ақшаны қабылдауға, клиенттің клиентке немесе үшінші тұлғаларға тиісті ақша сомасын аудару (беру) туралы ұйғарымын орындауға және банктік шот шартында қарастырылған (ҚР АК 747 бап) басқа да қызметтерді көрсетуге міндеттенеді.

Банктік шотты ашу үшін клиент банкке мынадай құжаттар ұсынады:

Қазақстан Республикасының Заңды тұлғалары – резиденттер мен олардың жекелеген бөлімшелері (филиалдары мен өкілдіктері):

Шетелдік валютадағы қаражаттардың қолда бары мен қозғалысын есептеу үшін субъектіге арнап ағымдағы (есеп айырысу) шоттар ашылуы мүмкін. Ол сыртқы экономикалық қызметін жүзеге асыратын және өнімін валютаға сататын субъект үшін ашады. Аккредивтер, чек (аванс) кітапшаларының шоттарын және басқаларын субъектілер ақша қаражаттарын оқшаулап сақтау және тиісті операцияларын жүргізу үшін ашады.

Субъект шоттарындағы қаражат олардың иелерінің әмірі бойынша есептен шығарылады. Субъектінің рұқсатынсыз шоттағы қаражатты есептен шығаруға соттың, мемлекеттік салық қызметінің рұқсатымен және қолданылып жүрген заңдарды көзделген басқа жағдайларда ғана жол берілуі мүмкін.

Субъектілердің шоттарын төлем жасау, егер заңдарда өзгеше көзделмесе,  субъектінің басшысы белгіленген кезектілікпен жүзеге асады.

Қазақстан Республикасының аймағында ақшаны төлеу мен аударуды  жүзеге асыруда келесі әдістері:

.

Тағы рефераттар

bigox.kz


Смотрите также