Начальная

Windows Commander

Far
WinNavigator
Frigate
Norton Commander
WinNC
Dos Navigator
Servant Salamander
Turbo Browser

Winamp, Skins, Plugins
Необходимые Утилиты
Текстовые редакторы
Юмор

File managers and best utilites

Ақша теориясы. Тауар және ақша теориясы реферат


Ақша теориясы — реферат

            Ақша тауардан  дами  отырып  ,  тауар  болып  қала  бередi ,  бiрақ  тауар  ерекше  жалпылама эквивалент .

           Ақша -  жалпы бiрдей  эквивалент  ,  ерекше  тауар  ,  онда   барлық басқа  тауардың  құны  бейнеленедi және оның  делдал   ретiнде  қатысуыменнен   тауар   өндiрушiлер   арасында еңбек   өнiмдерiнiң  айырбасы  үздiксiз жасала  бередi .

        Жалпыға  бiрдей  эквивалент  ролi  тарихи  түрде  алтынға   бекiтiлген .  Алтынның  басқа   таурлардың   құндылығын   бейнелеу   қасиетi ,  оның   табиғи  қасиетi  емес .  К. Маркс   айтқандай  :  “ Табиғат  ақшаны  жаратпайды  . Алтынға бұл  қасиет  қоғаммен  берiлгген  ” .

         Алтын  жалпыға бiрдей  эквивалент  ролiн  орындау   үшiн  ең   бiр   лайық  тауар   болып   қалып  отыр . Бiрiншеден  ол  ерекше   табиғи  сапаға  ие :   бөлiнуi  оңай , әдемi ,  бұзылмайды ,  тот  баспайды ,  тек  қана “ патша  арғында”  ( 2/3  тұзды  және 1/3  азот  қышқылында  еридi . Екiншiден  ең бастысы   алтын   жоғары  құнға   ие .   Қанша  дегенмен оның  қорының  аз  болуы  ,  алтынға  кететiн  еңьек шығындарының    өте  жоғары  болуына  әкелiп  соқтырады  . Аотынды  тұтынуға  жылдан  жылға   қсуде  .Ол  әр   түрлi  салаларда  пайдалыналады – электроникадан  бастап   зергерлiк  iстерге  дейiн  ,  бiрде  өте  жұқа  қалыңдықпен ,  бiрде балқытылған  құймалар  күйiнде  кездеседi . 

      Ресей  XIX ғасырдың  20 – жылдарында  алтын өндiруден  бiрiншi  орында  болды .  Өткен   ғасырдың  40-  жылдарында  оның  дүниежүзiлiк     алтын өндiрiсiндегi  үлесi  40 % - құрады .

          Алтын  өндiру  қиын  және  капиталды  көп  қажет   етедi  . Қазақстанда   160  алтын  кен орындары  бар .  Соның  iшiнде  60 – сы жұмыс  iстеп   тұр    және  олардың  жылдық  өнiмi  1994  жылы 25  тонна  алтынды  құрады .

          Алтын тек  қана  алтын   валюта  резервтерiдi  ғана  құрамайды  ,  сонымен  бiрге  электронды  – есептеуiш   және  компьютерлiк техникалды , түнгi   мезаникалық   аспаптарды ,  синтетикалық  талшықтарды жасау үшiн де қолданылыда .

          Ақша -  өндiру  мен бөлу   процестерiнде  адамдар  арасындағы  белгiлi бiр  эканомикалық   қарым – қатынастарды  көрсететiн ,  тарихи  даму  үстiндегi   эканомикалық  категория  болып  табылады .  Эканомикалық  категория   ретiнде ақшаның  мәнi  оның  үш  қасиетiнiң  бiрiгуiмен   көрiнiс  табады .

  • жалпыға  тiкелей  айырбастау ;
  • айырбас құнының дербес  формасы ;
  • еңбектiң  сыртқы   заттық  өлшемi .

          Жалпыңа  тiкелей   айырбасталу   формасында  ақшаны  пайдалану кез – келген  материалдық   құндылықтарға ақшаны  айырбастау   мүмкiншiлiгiнiң бар екендiгiн   көретедi . Социализм    жағдайында бұл мүмкiндiк   елеулi   қысқарды  және  тiк  қоңамдық  жиынтық  өнiмдi  пайдалану   және  бөлумен  ғана  шектелдi . Кәсiпорындар   жер , орман , жер асты  байлықтары   сатылмады  және  сатып   алынбады . Қазiргi кезде  жекешелендiру   процесстерiнiң жүруiмен байланысты ,  жалпыға  тiкелей  айырбастау формасында ақшаны  пайдаланудың  көлемi  едәуiр  кеңiдi .

     Ақшаның  айырбас құнының  дербес  формасы   ретiнде пайдалану тауарларды  тiкелей өткiзумен байланысты емес .  Ақшаны  бұл формада қолдану жағдайлары ,  олар  несие  беру ,бюджеттiң кiрiстерiн   қарыздық  берешектердi  өтеу ,  мемлекеттiк бюджеттiң кiрiстiң қарыздық  берешектердi  өтеу , мемлекттiк бюджеттiң кiрiстерiн қалыптастыру ,  өндiрiстiк және өндiрiстiк және  өндiрiстiк емес  шығындарды  қаржыландыру . Ұлттық банктер  несиелiк ресурстарды басқа  банктерге   сатуы  және  т.б

     Еңбектiң  сытрқы  заттық өлшемi   тауарды өндiруге  жұмсалған еңбектiң , олардың ақша көмегiмен өлшену  мүмкiн құнын анықтау арқылы  көрiнедi .

     Ғалым – эканомистердiң   алтынның  ақшалай    тауар ретiнде ролi  туралы   әр  түрлi  көзқарас  бар. Бiреулер алтынның демонетизациялануы аяқталып,  ол жалпыға бiрдей эквивалент және ақша қызметтерiн атқару ролiн орындауды толығымен тоқтатты дейiк.  Құнның жалпы формасынан немесе ақшалай формасына қайтiп келдi.  Несие ақшалар жалпыға бiрдей эквивалент ретiнде жүрдi. Алтын, ақшаның классикалық қызметтерiн атқаруды жалғастыруда дейдi екiншi бiреулер.  Ал, ендi бiреулер, алтынның жартылай демонетизациялануы жалғасуда және ол жалпыға бiрдей эквивалент ролiн орындаушы,  ерекше тауар ретiндегi өзiнiң қасиеттерiн сақтап қалды дейдi.

     Жекелеген елдердiң iшiнде алтын айналысы жоқ. Төлем, айналыс және қорлану құралы болып, алтын белгiлерi – қағаз  және несие ақшалар қызмет атқарады. Бiрақ та алтын дүниежүзiлiк ақша болып қалып отыр десек, онда ол жалпыға бiрдей эквиваленттi бiлдiредi.

    Ақша  қызметтерi және олардың  қазiргi жағдайдағы дамуы.

     Ақшаның әрбiр қызметi ақшаның тауар айырбаста  процесiнен туындайтын, тауар өндiрушiлердiң  өзара байланысының формасы ретiндегi әлеуметтiк – экономикалық маңызының белгiлi бiр жағын мiнездейдi. Ақша бес түрлi қызмет атғарады: құн өлшемi, айналыс құралы, төлем құралы, қор және қазына жинау құралы, дүниежүзiлiк ақша.

     Ақша  құн өлшемi ретiнде.  Құннығ өлшем қызметi тауар өндiрiсi жағдайында туындайды. Бұл ақшаның барлық тауарлар құнының өлшемi ретiндегi қабiлеттiлiгiн бiлдiредi,  бағаны анықтауда делдал қызметiн атқарады.  Өзiнiң жеке құны бар тауар ғана , құн өлшемi бола алады. Яғни, бұл қызметтi толық құнды ақшалар атқарады.  Ақша еңбек өлшемi – ол жұмыс уақытын емес,  осы еңбекпен құрылған құнды көрсетедi.

     Ақша  құн өлшемi қызметiн идеалды,  оймен  ойлау арқылы орындайды. Яғни тауардың құнын өлшеу ақшаға айырбасталғанына дейiн орындалады, сонымен құнның тауар формасынан ақша формасына айналуы үшiн тауардың бағасын белгiлесек жеткiлiктi.

     Тауар бағасын өлшеу үшiн қолма-қол  ақшаның болуы қажет емес,  себебi еңбек өнiмiн теңестiру ойша орындалады.  Тауарларды ақшаның  көмегiмен өлшеуге болады, өйткенi олар адам еңбегiнiң өнiмi.

     Ақша түрiндегi көрiнетiн тауардың құны , оның бағасы болып табылады. Толық құнды ақша айналысы жағдайында алтынның бағасы болған жоқ.  Ақшаның өз бағасы болмайды, олардың құны өздерiмен анықталуы мүмкiн емес. Бағаның орнына ақшалар кез-келген тауарларсанын сатып алу мүмкiндiгi бар. Сатып алу қасиетiмен ерекшеленедi.

     Құн өлшеу қызметi жалпы эквивалент ретiнде  ақшаның тауарға деген қатынасын  көрсетедi.  Бiрақ тауардың бағасын  анықтау үшiн баға масштабы қажет. Металл ақша айналысында мемлекет заңды  түрде баға масштабын тұрақты етiп ұстады. Металдың салмақтық санын ақша бiрлiгiне бекiттi.  Алғаш рет монеталар соғыла бастағанда баға масштабы олардың салмақтық құрамына сай келдi.  Мысалы, фунт стерлинг алғашында күмiстiң фунты есебiнде пайда болды.  Тарихи даму барысында баға масштабы ақшаның салмақтық мазмұнынан ерекшелене түстi.

     Құн өлшемi және баға масштабы ретiндегi ақша қызметтерiнiң арасында едәуiр айырмашылықтар бар.  Құн өлшемi – мемлкетке  тәуелдi емес ақшаның экономикалық қызметi болып табылады.  Ол құн  заңымен анықталады.  Баға масштабы және құнды емес тауар бағасын көрсету үшiн қызмет етедi.

     Алғашында баға масштабы АҚШ қазынашылығымен  алтынның тройск унциясына (31,1 г) 35 доллар есебiнде анықталып бекiтiлдi. Ол 1971 және 1973 жылдардағы доллардың девальвациялануына дейiн сақталды және 1980 жылдың қаңтарында 850 долларға дейiн жеттi.

     Арнайы  баға масштабы алтын құны мен оның мемлекеттiк тұрақты бағасының  арасы ашық болып кетуiне байланысты өзiнiң экономикалық мағынасын жоғалтты.

     Ямайка  валюта реформасының (1976-1978) нәтижесiнде арнайы алтын бағасы және алтын паритетi жойылды. Құн өлшеу өызметi нарықтық баға масштабы негiзiнде орындалды.

     Қазiргi уақытта алтын тауарға тiкелей  айырбасталмайды және бағалар алтынмен көрсетiлмейдi. Алтынды айналыстан қазынаға қарай ығыстырып тастау жағдайында ақшалы тауар тiкелей массасына емес, алтын нарығындағы несие ақшалармен операциялар жүргiзугеқарсы тұрады. Осыдан алтын қағаз және несие ақшалардың құнын өлшеу ретiнде көрiнедi. Несие ақшалар тауардың құның өлшемейдi, өлшенген құнды көрсетедi,  өйткенi өзiнiң құны жоқ.

     Сонымен алтын белгiлерiнiң, яғни толық құнды  емес және қағаз ақшалардың пайда  болуы, ақша формаларының олардың алтындық мазмұнынан ажырауына алып келедi.

     Ақшаның айналыс құралы.  Ақша айналыс құралы қызметiнде тауарларды өткiзудегi делдал болып табылады.

     Тауарлар  бiр қолдан екiншi қолға ауыса отырып , өзiнiң тұтынушысын тапқанға дейiн  ақша үздiксiз қозғалыста болады.

     Тауар айналысы кезiнде, ақша делдал ролiн  атқарады, ал бұл кездегi сатып алу  және сату актiсi ерекшеленедi, уақыты мен кеңiстiгi бойынша сай келмейдi.  Сатушы, тауарын сатғаннан кейiн , басқа тауарды сатып алуға әр уақытта асықпайды. Ол тауарды бiр нарықта сату, ал басқа нарықтан сатып алуы мүмкiн. Делдал ретiндегi ақшаның көмегiмен уақыт пен кеңiстiктегi өзара сай келмеушiлiк жойылды.

     Өзiнiң  құнын өткiзгеннен кейiн, айналыстан кететiн тауарларға қарағағанда, ақшалар  айналыс құралы ретiнде барлық уақытта  осында қалып отырады және сату-сатып  алу процесiне қызмет етедi.

     Бiздерге ақша айналыс құралы қызметiн негiзiнен мемлекеттiк,  оперативтiк, коммерциялық саудада тұрғандардың тауарларды сатып алуы кезiнде орындайды. Шет елдерде мұндай шектеулер жоқ. Одан фирмалар мен корпорациялардың және тағы басқа қолма – қол ақшамен есептесуiне тиым салынбаған.

     Айналыс құралы ретiнде ақша қызметтерiнiң ерекшелiктерi мыналар:

  • Тауар мен ақшаның қарама – қарсы қозғалысы;
  • Оны идеалды ақшалар емес, нақты (қолма-қол) ақшалар орындайды;
  • Ақшаның бұл қызметiнде таарларды айырбастау өте тез орындалатын болғандықтан, оны нағыз ақшалар емес (алтын), оны ауыстырушылар – ақша белгiлерi орындайды.

     Бiрақ  бұл , несие және қағаз ақшалар  ақшылы тауармен (алтын) байланысты емес деген сөз емес.  Бұл байланыс несие ақшалардың алтын нарығында  жасырын айналыс болуыменен түсiндiрiледi.

     Ақша  айналыс құралы қызметiн атқаратын болғандықтан, айналыс қажеттiлiгi олардың саны өткiзiлуi тиiс тауарлардың бағасы мен массасы негiзiнде,  яғни өткiзiлуi тиiс тауарлар бағасының сомасы мен анықталады.  Қанша дегенменен бiр ақша бiрлiгi бiр – несие тауар мәмiлелерiне қызмет ететiн болғандықтан,  ақша айналысы қанша көп болса, айналыс үшiн олардың қажеттi саны сонша аз болады.

     Егер  ақшаның айналыстағы масасы тауар  массасынан көп болса , одан бұл олардың  құнсыздануына, яғни инфляцияға алып келедi.

     Ақша  төлем құралы. Тауар айналысы ақша қозғалысы мен байланысты. Бiрақ ақша  қозғалысы мiндеттi  түрде тауар қозғаласымен  бiр уақытта тоғысуы   тиiс емес . Ақша  құнның  еркiн формасында   көрiнедi . Олар  өтiзуi  процесiн еркiн аяқтайды.  Ақшаның   қозғалысы тауар  қозғалысынан  ерте  немесе  кеш жүруi мүмкiн .

     Егер  тауар  мен  ақшаның  қарама -  қарсы  қозғалысы  болмаса, яғни  тауар  төлем  ақы  түскенге  дейiн  сатып  алынған  немесе керiсiнше  болса ,  онда бұл жағдайда  ақшалар  төлем құралы  қызметiн  атқарады.

     Ақшалар  төлем  құралы  ретiнде тек қана тауар  айналысына  ғана  емес ,  сонымен  бiрге  қаржы –  несие  қатынастарына  да қызмет  етедi . Барлық  ақшалай  төлемдердi  төмендегiдей  етiп  топтатуға  болады :

  • Тауарларды және  қызметтердi  төлеуге  байланысты  мiндеттемелер ;
  • Еңбек  ақы  төлеуге  байланысты  мiндеттемелер ;
  • Мемлекетке  қатысты  қаржылық  мiндеттемелер;
  • Банктiк  қарыз, мемлекеттiк  және  тұтыну несиесi  бойынша борыштық  мiндеттеме;
  • Сақтандыру мiндеттемелерi ;
  • әкiмшiлiк  -  сот  сипатындағы  мiндеттемелер  және  басқалары .

          Ақша  төлем  құралы  ретiнде   айналыс  құралынан  өзара  айырмашылықтары бар. Бұл қызметте  ақшалар делдал болып табылмайды, ол тек қана сату-сатып алуды  аяқтайды.  Нәтижесiнде тауарларға  қатынасты ақшаның өз бетiнше еркiн қозғалысы байқалады.  Тауарды несиеге сатып ала отырып, сатып алушы сатушыға ақшаны берудiң орнына , борыштық   мiндеттеменi жазып ұсынады.  Бұл борыш өтелгенкезде , ақша төлем құралы ретiнде қызмет атқарады.

     Төлем құралы қызметiн толық емес нақты (қағаз немесе несие), ал борыштық мiндеттемелердi өзара өтеуде идеалды ақшалар атқарады. 

freepapers.ru

Ақша теориясы — реферат

Жоспар 

Кiрiспе   

    І-тарау.  Ақшаның мәнi, қызметтерi және ақша айналысы    

    1. Ақшаның шығу тегi 
    2. Ақшаның экономикалық мәнi және ақшаның қызметтерi 
    3. Ақша айналысының жалпы сипаттамасы 
 
    1.   Ақша теориясының дамуы және олардың айналысы:
    1.   Ақша жүйесi жөнiнде түсiнiк, элементтерi мен

Қорытынды   

Қолданылған әдебиеттер          

      Ақша  туралы осы уақытқа дейiн талай – талай шығармалар жазылып,  ақшаны бiреулерi пайдалы тауар деп мақтаса, ал бiреулерi оны қоғамға зиянын тигiзедi деп даттауда.   Өйткенi ақша үшiн бүкiл қоғам жұмыс iстейдi,  ол бiреулердi бақытты тұрмысқа кеңелтсе,  ал бiреулердi қайғылы оқиғаға ұшыратады.

         Сонымен,  ақшаны ешкiм ойлап тапқаны жоқ,  ол тауар айналысының  дамуына байланысты  тарихи түрде көптеген жағдайларды  басынан кешiрiп,  осы күнге  ақша болып жеттi. Заттардың тауарға  айналуы ақшаның пайда болуындағы объективтi алғышарттарды құрайды.  Әрбiр тауар қажеттi тұтыну құның алу құралы бола отырып , өзiнiң өндiрушiсiне қатынасы бойынша айырбас құны ретiнде көрiнедi. “Айырбас құн тауарлардың өзiнен бөлiнiп шыққан және олармен бiрге өз бетiнше өмiр сүретiн тауар, ол ақша”.

      Егер  ақша айналысы болмаса,  онда тауар  айналысы да болмайтын едi.  Ақша түрiнде көрiнетiн тауарлардың  құны ,  оның бағасы болып табылады.

     Сондай-ақ  қоғам дамуының әр түрлi формациясында ,  сол уақыттың талабына сай ақшаның  бiрнеше теориясы дамыды.  Олар ақшаның металдық,  номиналистiк  және сандық теориялары болып табылады.  Олардың экономикалық қызметтi жүзеге асыруда алатын орны өте зор.

     Сондықтанда мен курстық жұмысымның тақырыбын  “Ақша теориясының дамуы” деп алдым.  Өйткенi  ақша экономикада ең маңызды категорияның  бiрi.   Оны мына теңдестiрулерден көруге болады:   “ Ақша – жалпыға бiрдей эквивалент ” ,  “ Ақша – ерекше тауар ” ,  “ Ақша  зат емес, ол қоғамдық қатынас ” , “ Ақша – еңбек өлшемi ” ,  “ Ақша  бастапқы капитал ” деп аталуы тегiннен – тегiн болмаса керек.

     Мен жұмысымды екi бөлiмге, яғни бiрiншi бөлiмде  жалпы ақшаның шығу тегiн және оның экономикалық мәнi мен қызметтерiне тоқталдым. Екiншi бөлiмде ақша теориясының  дамуына, яғни оның басты үш теориясын  және олардың айналысын қарастырдым. Бұл әр теорияның экономика үшiн әр түрлi пайдалы жақтары бар, сондай-ақ ақша теориясы экономикалық қатынастардың дамуымен  оның құрылымы да осы үш теорияны бағытретiнде алып дами бередi . Бұл теориялармен және олардың айналыс ерекшелiктерiмен жұмыс барысында кең тоқталамын.

      Сондай-ақ елiмiздiң егемендiгiн алып, нарықтық қатынастарға өту үстiнде екендiгi баршамызға белгiлi. Ал ақша рыноктық экономиканың басты элементтерiнiң бiрi ретiнде  ол өте маңызды болып отыр. 

           Жалпы мемлекеттiк  заңдармен реттелген елдегi ақша айналысың ұйымдастыру ақша жүйесi болып табылады.  Қазақстан Республикасында ақша жүйесi 1995 жылы 30 наурыздағы “Қазақстан Республикасы Ұлттық банкi туралы”  Қазақстан Республикасы Президентiнiң заң күшi бар Жарлығына сәйкес ұйымдастырылған.  Жарғы ақша айналысының ұйымдастыру негiзiн және формаларын белгiлейдi, онда ресми ақша бiрлiгi,  ақша белгiлерiнiң эмиссиясы,  сонымен қатар монеталарды жасау тәртiбi,  ақша айналысын ұйымдастыру және реттеу тәртiптерi қамтылады.  Ал мұның алдында тұнғыш рет 1993 жылы ұлттық валютамыз теңгенi айналысқа шығарып, оны 1999 жылы еркiн айналымға жiбердiк. Бүгiнгi таңда ұлттық валютамыз күннен-күнге нығайып, елiмiздiң тұрақты экономикалық өсуiне даңғыл жол ашуда.                            

    І-тарау.  Ақшаның мәнi, қызметтерi және ақша айналысы 

    1.  Ақшаның шығу тегi
 

   Ақша  ежелгi заманда пайда болды. Олар тауар өндiрiсiнiң дамуындағы бiрден-бiр  шарт және өнiм болып табылады. Тауар  – бұл сату немесе айырбастау үшiн  жасалынған еңбек өнiмi. Адам еңбегiнiң  өнiмi,  оны өндiрушiлердiң белгiлi қоғамдық қатынастарын тудыра отырып, тауар формасын қабылдайды.  Заттардың тауарға айналуы ақшаның пайда болуындағы объективтi алғышарттарды құрайды.  Бiрақ кез-келген зат тауар бола алмайды. Егер тұтыну құны өз сатып алушысын таппаса немесе қоғам тарапынан мойындалмаса,  онда оны дайындауға кеткен уақыттың рәсуә болғаны; мұндай бұйым тауарлық формаға ие емес, өйткенi оның қоғамға қажетi шамалы. Сондықтан да әрбiр тауар қажеттi тұтыну құның алу құралы бола отырып , өзiнiң өндiрушiсiне қатынасы бойынша айырбас құны ретiнде көрiнедi. “Айырбас құн тауарлардың өзiнен бөлiнiп шыққан және олармен бiрге өз бетiнше өмiр сүретiн тауар, ол ақша”.

   Әрбiр  ерекше тауар мiндеттi түрде тұтыну құны ретiнде көрiнедi. Оның құны жасырын  түрде болады.  Тауарлар және ақшалар бiр және осы тауарлар формасының нақты қарама-қарсы жақтары бола отырып, айырбас процесiнде бiр-бiрiн табады және өзара бiр-бiрiне ауысады.

   Алғашқы қауымдық құрылыс кезiнде бiр тауардың басқа бiр тауарға айырбасталынуы барысында, айырбас құнның жай немесе кездейсоқ формалары қолданылады ( 1 балта = 5 құмыра,  1 қой = 1 қап бидай).

   Тауар өндiрiсiнiң өсуiне байланысты кездейсоқ  айырбас жиiленедi. Жалпы тауар  массасының iшiнен барынша жиi айырбасталатын тауардң бөлiнiп шығуымен құнның жай формасы толық формаға өте бастады. Осыдан келiп , құнның толық немесе кең көлемдегi формасынан жалпы құндық формасына жасырын түрде өту басталды. Бiрақ оның ролi бiр тауарға нық бекiтiлмеген едi.  Бiртiндеп жалпы құндық эквивалент ролiн белгiлi бiр тауарлар көптен атқара бастады және осы тауарлар ақша деп аталынды. Құнның жалпы құндық формасы ақша формасына айналды.

   Тауар айналысының тарихи эволюциялық  даму процесiнде жалпы құндық эквивалент немесе ресiмделiнбеген ақша формасын , әр түрлi тауарлар қабылдады.  Әрбiр тауарлы шаруашылық уклад өз эквивалнтiн алға тартады.  Сонымен, бiрiншi, iрi еңбек бөлiнiсiнiң нәтижесiнде мал бағушылардың бөлiнiп шығуымен мал (iрi қара) айырбас құралына айналды. Шалғынды аудандарда – жылқы, сиыр және қой, ал шөл және шөлейт аудандарда – түйе, ал тундрада – бұғы жалпы эквивалент қызметiн атқарады. Бұған бiрнеше мысалдар келтiруге болады: латынның сөзi “пекуния” (ақша) “пекус (мал) сөзiнен шыққан. “Рупа” (мал) сөзi үндiлердiң ақша бiрлiгiнiң атауы “рупия” негiзiнде жатыр.

   “Капитал” сөзiнiң шығуы да малмен байланысты, өйткенi ескi герман тiлiнде бұл сөз мал басы санының көптiгiн бiлдiре отырып, меншiк иесiнiң байлығын көрсеттi.

   Солтүстiк  халықтары ең бiрiншi айырбас құралы ретiнде жүндi пайдаланды. Ежелгi скандинавтар көлемi бойыша әр түрлi тауарлар сатып алу барысындақ құстардың, аңдардың жүндерiн пайдаланды.

   Жылы  теңiздердiң жағасын мекендеген тайпалар айналыс құралы ретiнде бақалшақ ақшаларды пайдаланды. Көлемi түймедей ақшыл-қызғылт бақалшақ кари көптеп таралды. Бақалшақ ақшалар тауар ақшалардығ ең бiр тұрақты формасы болып табылады. Бiздiң бүгiнгi күндерiмiзмге дейнi өмiр сүре отырып, олар ешкандай өзгерiске ұшыраған жоқ. 20 ғасырдың 70 жылдарының басында Соломон аралдарының кейбiр тұрғылықты тұрғындарының ақша айналысы ретiнде  бақалшақтардың  үш  түрi:  ең арзаны – қара  түстi  (куррила), ақ  түстi  (галиа),  аса  қымбат  -  қызыл  түстi (ронго) пайдалынады.

   Әлемде  әр  түрлi  экзоотикалық ақшалар  болған. Королин аралдары тобына  кiретiн  ява  аралдарында  осы  күнге  дейiн  феи  акша  айналысыда  қызмет  етедi. Олардың  формасы  дөңгелекше тас түрiнде  келе  отырып  диiрменнiң  тасын  еске  түсiредi. Мұндай  монеталардың  диаметiрi  бiрнеше  метрге  жетедi.  Сауда  мәмiлесi  орындалғаннан  кейiн сатушыға  феяға  бұрынғы иесiнiң белгiсiн өшiрiп,  өзiнiң белгiсiн соғады.

   Юлий  Цезарь патшалығының тұсында ақша ретiнде  құралдарды пайдалынған. Сонымен  бiр  құлдың  құны  үш  сиыр, алты бұзау, он екi қойға теңестiрiлген.

   Өнер  мен  жер  игертушiлердiң  бөллiнуiмен  эквиваленттiң  жетiлуi жалғасты.  Бөлiнушiлiк, бiрiгушiлiк, бiркелкiлiк мiнездемелерi бар эквиваленттер пайда болды. Бұл аз бұзылатын өсiмдiк өнiмдерi – зәйтүн майы , күрiш , кофе, какао, құйма түрiндегi тұздар т.б.  

     Жалпы эквивалент ретiнде металдарда  пайдалана бастады . Ежелгi Спартта, Жапонияда, Африкада  темiр , мырыш ,қорғасын , мыс , күмiс алтын түрiндегi ақшалар қолданалыды .  Рим императоры  Диониссий сиракуз және орта  ғасырдағы ағылшын карольдары мырыш ақшаларды құйды .  Қытайда және Ежелгi  Римде мыс ақша ретiнде пайдаланылды .  XYII ғасырда   Солтүстiк Америкада ұсақ төлемдерге қорғасын дөңгелекшектерiн қолданылады .

        Металл ақшаларының   артықшылығы  олар  - бiркелкi , төзiмдi , ұсақталынады . Металл ақшалардың кен таралуымен  ақша есебiнiң салмақтық жүйесi  нақтылана түстi.

         Кейiн келе металдардың арасында  басты роль  алтын мен  күмiске  өте  басталды  ,  өйткенi  олар  жалпы эквивалент үшiн  аса қажеттi сапаға ие .

          Әрине , металлдар бұған  дейiнгi ақша формаларын  бiрден ығыстырып  шығарып  тастаған  жоқ . Ұзақ уақыт  бойы  металл ақшалар  тауар формасын  сақтап  келдi . Темiр ақшалар күрек,  таға , шынжыр , шеге  және т. б формаларда  ұзақ уақыт бойы ғана сақталынды .  Грек ақшасының атауы “ драхма”  “ бiр уыс  шеге ” деген мағынаны бiлдiредi . Мыс ақшалар қазындық , құмыры , қалқан  түрлерiнде ғана  айналысқа түстi . Күмiс  және алтын ақшалар  жүзiк , сырға , бiлезiк түрiнде пайданалынды .

          Бiрақ  б. Э дейiн  XIII  ғасырда  салмағы  көрсетiлген құймалар  пайда  бола бастаған . Осындай себепке байланысты  көптеген ақша бiрлiктерi  фунт  стерлинг   ,  ливр ( жарты фунт ) , марка ( жарты фунт ) салмақ бiрлiктерi атауымен  аталады . Алғашқыда белгiлi массасы бар формасыз металл ақшаларды кейiн келе әр түрлi  масадағы  бiркелкi  формасы  бар  металл ақшалар ауыстыра бастады . 

          Монеталардың  пайда  болуы  -   құрылуындағы  соңғы кезең   болып  табылады .                      

1.2.  Ақшаның    эканомикалық  мәнi мен ақша  қызметтерi.

    

            Ақшаның өмiр сүруiндегi  объективтiк  қажеттiлiк ол  тауар  өндiрiсi мен тауар  айналысының  болуына  негiзделедi . Кез  келген  тауар  айналысында  ақша айырбас құралы болып табылады .  Тауар  және  ақша бiр – бiрiнен  бөлiнбейдi  . Ақша айналысы  болмаса  , онда  тауар айналысы да  болмайды

        Бiрақ  XVI  ғасырдың  басында  ( 1516 ж .)   утопиялық социализмнiң   негiзiн қалаушы  Томас Моор  өзiнiң “ Жаңа  утопия аралы   және  мемлекеттiң үздiк  құрылымы  туралы  алтын кiтап” деген  еңбегiнде : “ Алдау , ұрлау  , тонау ....кiсi өлтiру  заң тәртiбiмен қатаң жазаланатынын кiм бiлмейдi , әйтсе де бұл жөнiнде алдын ала ескертiлмеу  мүмкiндiгi  бар жерде алдымен ақша құрымай , олар да жоғалмайды  , сонымен бiрге ақшаның жоғалуына байланысты  адамдардың алаңдаушылығы , қағысы  , қиыншылықтары және ұйқысыз түндерi  де ұмытылар едi  . Егер ақша  адам өмiрiнен алыстанатын болса , онда тiптi  ақша қажеттiлiгiнен   туған кедейлiктiң өзi  де жоғалар едi ” .

        Ол  аздай  Т. Моор  тағы  былай  дедi : “  Қай жерде   барлық нәрсенi  ақша өлшемiмен  өлшейтiн  болса , онда ол жерде мемлекеттiк  табысы жiне дұрыс ағысының   болуы  мүмкiн  емес  ”. 

          XIX ғ.  Социал  утопистерi – Прудон , Оуэн , Грей  және басқалар   ақшаға терiс көз қараста болды  .  Прудон тауар өндiрiсiн   сақтай отырып ақшаның  жоюдың   жобасын  ұсынды  және  оны  дәлелдемек болды .

          Мұндай ойлар  Ресейде  де  айтылды .  Қазан революциясынан (1917) кейiн , азамат соғысы жылдарында  ақшаның  құнсыздануы байқалған  кезде ақшаны  жою сәтi  келедi , яғни  тарихтың өзi оыған алып келдi   деген тұжырымдар пайда бола бастады . Керек десеңiз ауыл  шаруашылық  өнiмдерiн өнеркәсiп   өнiмдерiне тiкелей айырбастауды ұйымдастыруға   тырысты .  Шындығында , оның  бәрi сәтсiз аяқталды .  С.Г .  Струмилин ақшаның орнына еңбек  бiрлiктерi -  тредаларды , ал ағылшын  экономисi Смит Фалтьнер  энергетикалық бiрлiктердi  - энедаларда пайдалануға  ұсынды .

           Осыған  байланысты К . Маркс   былай  дейдi :  ақшаларды жоя  отырып , бiз қоғамдық  дамудың   ең   жоарғы  сатысында  болуымыз  мүмкiн  немесе ең  сатыға  оралар едiк .  Қанша  дегенмен  коммунизм  - ол , қиял  сондықтан  да  ақша  болған , олар бар және  бола  бередi.

freepapers.ru

Ақша теориясы — реферат

     Төлем құралы ретiндегi ақшаның қызметi оның бұдан бұрын қарастырылған қызметтерiнен  айырмашылығы болғанымен ол оларменберiк  байланысты екенi анық.  Ақшаның төлем құралы ретiде қызмет етуiнiң дамуы резервтiк қор құрудың, яғни ақшаның қор және қазына жинау қызметтерiнiң туындауының қажет екенiн көрсетедi.

     Ақшаның төлем құралы қызметiн атқаруына  байланысты ақша айналысы заңы өзiнiң  неғұрлым толық көрiнiсiн тапты.  Егер тауарлар несиеге сатылса , одан қолма-қол ақша қажет емес. Бұл айналыстың қолма-қол ақшаға деген қажеттiлiгiн азайтады. Бiрақ төлем мерзiмi жақындаған сайын борыштарды жабу үшiн ақша айналымының қажеттiлiгi атқарады.  Өзара өтелетiн төлемдер сомасы айналыс үшiн ақшаның санын азайтады.  Егер қандай да бiр бөлiмде борыштық мiндеттеме бойынша төлем өз уақытында түспейтiн болса, онда бұл өзiмен бiрге басқа да төлемсiздiк тiзбесiн тудырады ( қарыз бойынша мерзiмi өткен берешек, бюджеттi төлемдер,  жалақы бойынша және т.б.).

     Ақша  – қорлану және қазына жинау құралы ретiнде.  Ақшаның төлемi және айналыс құралы қызметтерi ақшалай қорлардың құрылуын талап етедi.  Ақшаның қорлануын қажеттiлiгi Т – А – Т айналымының екi актiлерге Т – А және А – Т айырылуымен байланысты.

     Капиталистiк  қоғамдық формацияға дейiнгiлер үшiн  байлықты “таза қазына” формасында жинақтау, яғни ақшаның қарапайым  қорлануы тән келедi.  Бұл экономикалық дамуға ешқандай да ықпал еткен жоқ,  себебi олар шын мәнiсiнде айналыстан тыс жатқан ақшалар балды. Капитализм тұсында бұл қазыналар неиселiк жүйе және қор биржалары арқылы пайда әкелетiн капиталға ( өнеркәсiптi немесе сауда ) айналады. Қазына жинау қызметiнiң қажеттiлiгi тауар өндiрiсiмен байланысты болады.  Айналым капиталын немесе тұтыну заттарын алу үшiн ең бастысы ақшаны жинау қажет.

     Әрбiр  тауар тек қана жекелеген қажеттiлiктi анықтайды және олар жалпы байлықты бiлдiрмейдi.  Толық бағалы ақшалар (алтын) материалданған құнның формасы  ретiнде байықтың жалпы өкiлiн  сипаттайды.  Демек , қазына жинау құралы қызметiн тек қана толық бағалы немесе нағыз ақшалар орындауы мүмкiн.  Қазыналарды қорландыру – алтын монеталар мен алтын құймаларын жинақтау түрiнде жүзеге асады.  Металл ақшалар айналысы тұсында қазына жинау тек қана ақша айналысын реттеушi ролiн атқарған болатын.  Өндiрiстiң және тауар айналысының кеңеюi барысында металл ақшалар қазынадан айналысқа шығып отырады немесе керiсiнше .

     Қазiргi жағдайда қазына жинау қызметi айналыстағы  ақша массасын реттегiш ролiн атқармайды.  Қазына тек қана мемлекеттiң сақтандыру қоры ретiнде болады.  Алтын резервтерi мемлекетке экономикалық тәуелдiлiктiң болуына кепiлдеме бередi. 1998 ж. 1-шi қаңтарда ҚР-сы Ұлттық Банкiсiндегi монетарлық алтынның қалдығы 41781,1 млн. теңге құрады. 

     Несиелiк  және қағаз ақшалар қазына жинау құралы қызметiн атқара алмайды,  себебi олардың меншiктi құны жоқ.  Бiрақта осы қызмет негiзiнде олар қорлану қызметiн жүзеге асырады.

     Ақша  айналыс саласынан уақытша шығып  қалғаннан кейiн олар қорлана  бастайды. Қорлану қызметiнде ақша өзiнiң сол формада сақтай отырып,  олар кез-келген уақытта айналысқа төлем немесе айналым құралы ретiнде түсе алады.  Шынында да бұл елдегi ақша айналысының тұрақтылығы жағдайында, яғни инфляцияның болуына байланысты ғана мүмкiн.

     Тауар өндiрiс жағдайында қорлану екi формада жүредi:

  • кәсiпорындар мен ұйымдардың есеп айырысу және депозиттiк шоттарындағы ақшалай қаражат қалдығы түрiнде ұжымдық қорлану;
  • банктердегi салымдар, мемлекеттiк облигациялар.

     Несиелiк  механизмнiң арқасында кәсiпорындар мен халықтың ақшалары банктен берiлетiн қарыздар түрiнде қайтадан айналыс процесiне түседi.  Сөйтiп, ақшалар бұл қызметiнде ұлттық табыстың қалыптасу , бөлу және қайта бөлу процесiне дәнекер болады.

     Дүниежүзiлiк  ақша қызметi.   Тауар шаруашылығының кеңеюi, шаруашылық байланыстардың интернационалдануы,  дүниежүзiлiк нарықтың пайда болуы дүниежүзiлiк ақшалар қызметiнiң пайда болуына сбеп болады.  Дүниежүзiлiк ақшалар интернационалдық құн өлшемi, халықаралық төлем және сатып алу құралы ретiнде қызмт етедi.

     Бұл қызметтi бастыпқыда толық бағалы ақшалар(алтын) , ал кейiннен нағыз ақшалар (шетел валютасы) атқарады.  1867 жылы Париж келiсiмi дүниежүзiлiк ақша қызметiн алтынға балап бекiттi.

     Егер  де елдiң iшiнде ұлттық ақша бiрлiктерi формасында қызмет етiп жүрер болса, ал одан тысқары жерде К. Маркстiң айтуынша: “ақшалар өзiнiң ұлттық киiмдерiн шешiп, бастапқы қымбат бағалы металл формасын киедi” , яғни жалпыға бiрдей эквивалент формасына өтедi. 

     Бiрақ  алтын айналысы тұсында да ағымдық  халықаралық есеп айырысуларға алдынғы  елдердiң ұлттық валюталары қызмет етедi. 1913 ж. Халықаралық есеп айырысулардың 80%-зы ағылшын фунт стерлингiнде бейнеленген  аударым вексельдер көмегiмен жүзеге асырылады, ал алтын халықаралық есеп айырысулардың қалдығын жабуға ғана қызмет еттi.

     Бреттон – Вудстағы (1944 ж)  мемлекетаралық келiсiмге келу,  доллар мен фунт стерлингке резервтiк валюталар  мәртебесiн бердi.  Кейiннен дүниежүзiлiк  ақшалардың жаңа формалары:  СДР  – арнайы қарыз алу құқығы;  ЭКЮ – еуропалық есепке алу бiрлiгi  пайда болды.  Ал 1999 ж.  1 қаңтарынан бастап Еуропаға ынтымақтастық елдердiң ортақ ақша бiрлiгi “еуро” айналысқа шықты.

     Демек,  дүниежүзiлiк ақшалардың дамуы ұлттық ақшалардың металл ақшадан несиелiк ақшаға өту жолын кеш те болса қайталауда.

     Қазiргi уақытта дүниежүзiлiк несиелiк  ақшалардың жобалары жасалуда, бiрақ  одан әлi нәтиже жоқ.  Енгiзiлген шартты есептеу бiрлiктерiнiң ( СДР,  ЭКЮ)  өзiндiк меншiктi құндары жоқ, сондықтан  да олар толыққанды түрде дүниежүзiлiк ақшаның қызметiн атқара алмайды . Бұл қызметтi тек қана алтын нарығындағы операциялар арқылы алтын атқарады.  

    1.    Ақша айналысының сипаттамасы.
 

     Қайта құру кезеiне дейiн “ақша айналымы”  мен “ақша айналасы” ұғымдары арасында айтарлықтай шек қойылатын. Ақша айналысы деп қолма – қол ақшаның қозғалысы танылды. Ал ақша айналымы ұғымы одан кең мағына бергендiктен ол қолма – қол және қолма – қолсыз айналым мағынасын сипаттайды.

     Ақша  белгiлерi әр түрлi жағдайда қамтамасыз етiледi. Қолма – қол ақша тұтыну заттары және қызметтер жиынтығымен қамтамасыз етiлсе,  қолма – қолсыз ақшалар – бөлуге арналған өндiрiс құралдарының жиынтығымен қамтамасыз етiледi.

     Мұндай  жүйе тек қана орталықтандырылған жоспарлы экономика жағдайында ғана мүмкiн  болады, себебi ол уақытта кәсiпорындар мен халықтың қолында ақша қанша тауардың болатыны және олардың қандай бағада сатылатыны белгiлi болған. КСРО-ның таратылуына, бағаның босатылуына,  меншiктiң мемлекет иелiгiнен алынуына және т.б. байланысты жүзеге асыру асыру мүмкiн емес болып қалды.

     Ақша  айналысы мен ақша айналымы арасында шек жойылды. Тауар айналысы процесiндегi қолма – қол ақша қозғалысы  және төлемақыны жүзеге асыру кезiнде  қызмет көрсету, сонымен бiрге кәсiпорындар мен қаржы несие мекемелерiнiң  арасындағы ақшалай қаражаттардың алмасуы – ақша айналысы деп аталады.

     Ақша  айналысының объективтi негiзi –  тауар өндiрiсi мен тауар айналысы болып табылады. Құн формасыныңөзгерiп  отыруы, яғни тауардың ақшаға және ақшаның  жаңа тауар сатып алу үшiн қолданылуы , ақшаның әрдайым қозғалыста, яғни айналыста болуына мүмкiндiк жасайды.

     Бiрақ  ақша айналысы тауар айналысын қайталап қоймайды. Бұл екi процесс бiр-бiрiнен  жекешеленiп жүредi. Тауарлар , оларды сатып алғанан кейiн, айналыстан шығады және тұтынылады. Ал ақша айналыста  әрқашан жүредi.

     Айналыста жүре отырып ақша әрi айналыс құралы, әрi төлем құралы функцияларын атқарады. Сонымен,  тауарды сатудан түскен ақша қарызды өтеуге жұмсалуы мүмкiн. Өз кезегiнде , қарызды төлеуге түскен ақшалар тауарлар алу үшiн қолданылуы мүмкiн.

     Жалпы ақша айналысының көлемi тауар бағаларының соммасынан әрдайым  артық болады. Ақшаның қызмет көрсетуi тек сатып алу – сатумен шектелмейтiнi түсiндiрiледi.  Ақша еңбекақы, зейнетақы төлеу үшiн, бюджетке төлемдер аударку үшiн, банктен қарыз алу үшiн және т.б. мақсаттар үшiн қолданылады.

     Ақша  айналысың реттеудiң маңызды элементi - қолма – қол ақшаның қолдану  аясын азайту болып келедi. Бұл  мәселе бiздiң елiмiзде кәсiпорындар арасындағы есеп айырысулардан қолма-қол  ақшаның шектеу , есеп айырысу чектерiн  ендiру арқылы ғана шешiледi.

     Банк  жүйесiн реформалау және ақша банкнотасын  өндiруге байланысты өзiнiң меншiктi қуатын енгiзуi, Қазақстандағы қолма-қол  ақшамен байланысты жағдайды түбiрiмен  өзгерттi.  Осыған байланысты 1992 – 1993 ж.ж.  қолма-қол ақшаның тапшылығы  тұсында енгiзiлген директивтi саясаттың орнына Республикамызда қолма-қол ақша айналысын тұрақтандыру және басқарудың экономикалық әдiстерiнiң алғышарттары жасалынды.

     Дамыған елдерге бұл процесс кеңiнен  дами түсуде: оларда қолма-қолсыз ақша айналысы өрiс алып жатыр.  АҚШ – та халықтың есеп айырысуларының 25-27%- зы ғана қолма-қол ақшамен, ал қалғаны чек, несиелiк карточталар т.б. көмегiмен жүргiзiледi. Өмiрлiк тәжiрибе көрсеткендей , ақша айналысын ақша айналымынан бөлуге болмайды.  Ақша айналымын қолма-қол және қолма- қолсыз деп қана қатаң түрде шектеудi ғалымдар онша қабылдай қоймады.

     Бұл екеуi өзара тығыз байланыста, сондықтан  оларды бөлу қажет емес. Ақша өз айналысында  қолма – қолдан қолма қолсыз ақшаға (және керiсiнше) өтедi.  Мысалы, кәсiпорынның бөлшек саудасынан түскен түсiм банкке түскеннен соң оның есеп айырысу шотында қолма-қолсыз ақша қаражатарына айналады да, ол бұдан өз жiктеулерiне ақша аударуы мүмкiн.

     Сонымен,  бүкiл ақша айналысы : қолма –  қол және қолма – қолсыз ақшалар  болып бөлiнедi.  Сондай-ақ:

  • өнiмдi өндiру және сату процесiн , яғни тауарлы сипаттағы есеп айырысулармен байланысты ақша айналымы;
  • тауалы емес сипаттағы есеп айырысулармен байланысты ақша айналымы ;
  • ақша айналысы бiрнеше тарихи кезеңдерден өттi және металл,  қағаз , несие ақшалар көмегiмен жүзеге асырылады.
          
    1.   Ақша теориясының дамуы және олардың айналысы:
 

а)  Ақшаның  металдық теориясы   

      Бұл теорияның өкiлдерiне капиталдың алғашқы қорлану кезеңiндегi меркантелистер ( Т омас Мэн, т.б.)  жатады. Оларға қоғамның байлығын ақшамен өлшеуге,  сонымен қатар ақшаны бағалы металдармен бiрдей деп санау тән болған.  Олардың пiкiрiнше қоғамның нағыз байлығы алтын мен күмiс,  яғни бұлар өзiнiң табиғаты бойынша нағыз ақшалар болып табылады.  Ақшаның металдық теориясы фетишистiк исипатта ,  себебi бұл теорияның пайымдауынша ақшаның ролiнде алтын, күмiс сияқты кез-келген бағалы металл бола алады,  ал адамдардың тауар шаруашылығындағы өндiрiстiк қатынастарын сипаттайтын ақша екендiгi жөнiнен хабарсыз. Ресейде металдық теорияның өкiлi атақты мемлекеттiк қызметкер   М.М.Сперанский  (1771-1839 ж.ж.) болып табылады.  Ақша туралы оның теориясының барлық пайымдауларының негiзi – ақшаға тек нағыз бiр ғана ақша деп қарау керек деген көзқарасы бар. Сперанский ең мықты ақша материалды күмiс деп санады. Ақша ның қызметтерiн орындауда металдың қатысуы XIX ғ. теоретиктермен қолданылған. Бұл iс жүзiнде тек бiр тарихи кезең, яғни ақша жүйесiнiң жоғары және күрделi формаларына өту кезеңi болды. Алтын айналысының тар мағынада қолданылуы XIX ғ.    дүниежүзiлiк  экономиканың шеңберiне сыймады.  Өндiрiстiң дамуы ақша базисiнiң адекватты түрiнiң болуын талап еттi.  Объективтi түрде, металдық жүйенiң негiзiнде жаңа төлем әдiстерi мен формалары қалыптасты, олар несиеге негiзделдi.

      Немiс  экономистерi ақша деп тек қана бағалы металдарды емес, сондай-ақ металға  айырбасталатын Ұлттық банктiң банкноталары да аталады деген.  Ол кездерi ақшаның  металдық теориясы ақша реформасына  негiзделiп қолданылады.  Екiншi дүниежүзiлiк соғыстан кейiн француз экономистерi Ж. Рюэфф және М. Дебре, ағылшын экономисi Р. Харрд халықаралық айналысқа алтын стандартын енгiзу идеясын ұсынады. Себебi 70-шi жылдардың басында жойылған Бреттон – Вуде валюталық жүйенiң орнына жаңа алтын стандартын енгiзуге тырысқан.  Жекелей алғанда, АҚШ –тың экс-президентi Р. Рейган сайлау алдындағы күрес кезiнде алтын стандарты қайта оралуы мүмкiн деп санады.  1981 жылдың қаңтарында, ол президент болып тұрған кезiнде осы мәселе бойынша арнайы комиссия құрады, бiрақ ол комиссия алтын стандартын енгiзу онша қажет емес деген шешiмге келедi. Жалпы алтын стандартының мағынасы нарықтың күрделенуi, ұлғаюы және дамуымен байланысты өзгередi. Қағаз – несиелiк ақшаларды алтын қорымен жасанды түрде үйлестiру натуралдық айырбас формасына немесе бақыланбайтын стихиялы ақшалай эквивалентке әкелiп соқтыруы сөзсiз, өйткенi алтын қорының өсiмi физикалық тұрғыдан экономикалық дамуға қарсы тұра алмайды, сөйтiп бұл ақша бiрлiгi құнының тым аса ұлғаюына әкелiп соқтырып, соның салдарынан ақшаның айырбасталынуы тәрiздi аса маңызды қасиетiнiң ( экономикалық бөлiнгiштiк) жоғалуы т.б. пайда болды.

freepapers.ru

Акша теориясы — реферат

Жоспар

 

Кiрiспе  .........................................................................................……………........3

 

  1. Ақшаның мәнi, қызметтерi және ақша айналысы  ...............………...5

 

    1. Ақшаның шығу тегi  ............................................................…………...5
    2. Ақшаның экономикалық мәнi және ақшаның қызметтерi  .....……...8
    3. Ақша айналысының жалпы сипаттамасы  ............................………..19

 

  1. Ақша теориясының дамуы және ақша жүйесi  ....................………..22

 

    1. Ақша теориясының дамуы және олардың айналысы: ..........……….22

а)  Ақшаның металдық теориясы  ............................................………….22

б)  Ақшаның номиналистiк теориясы  ......................................………...24

в)  Ақшаның сандық теориясы ................................................…………..28

 

    1. Ақша жүйесi жөнiнде түсiнiк, элементтерi мен 

түрлерi   .............................................................................…………….32

 

Қорытынды  ....................................................................................……………..34

 

Қолданылған әдебиеттер  ...............................................................…………….36

 

 

 

 

 

 

Кiрiспе.

Ақша туралы осы уақытқа  дейiн талай – талай шығармалар жазылып,  ақшаны бiреулерi пайдалы  тауар деп мақтаса, ал бiреулерi оны қоғамға зиянын тигiзедi деп даттауда.   Өйткенi ақша үшiн бүкiл қоғам жұмыс iстейдi,  ол бiреулердi бақытты тұрмысқа кеңелтсе,  ал бiреулердi қайғылы оқиғаға ұшыратады.

Сонымен,  ақшаны ешкiм  ойлап тапқаны жоқ,  ол тауар  айналысының  дамуына байланысты  тарихи түрде көптеген жағдайларды басынан кешiрiп,  осы күнге  ақша болып жеттi. Заттардың тауарға айналуы ақшаның пайда болуындағы объективтi алғышарттарды құрайды.  Әрбiр тауар қажеттi тұтыну құның алу құралы бола отырып , өзiнiң өндiрушiсiне қатынасы бойынша айырбас құны ретiнде көрiнедi. “Айырбас құн тауарлардың өзiнен бөлiнiп шыққан және олармен бiрге өз бетiнше өмiр сүретiн тауар, ол ақша”.

Егер ақша айналысы болмаса,  онда тауар айналысы да болмайтын  едi.  Ақша түрiнде көрiнетiн тауарлардың  құны ,  оның бағасы болып табылады.

Сондай-ақ  қоғам дамуының әр түрлi формациясында ,  сол уақыттың талабына сай ақшаның бiрнеше  теориясы дамыды.  Олар ақшаның металдық,  номиналистiк  және сандық теориялары болып табылады.  Олардың экономикалық қызметтi жүзеге асыруда алатын орны өте зор.

Сондықтанда мен курстық  жұмысымның тақырыбын  “Ақша теориясының дамуы” деп алдым.  Өйткенi  ақша экономикада ең маңызды категорияның  бiрi.   Оны мына теңдестiрулерден көруге болады:   “ Ақша – жалпыға бiрдей эквивалент ” ,  “ Ақша – ерекше тауар ” ,  “ Ақша  зат емес, ол қоғамдық қатынас ” , “ Ақша – еңбек өлшемi ” ,  “ Ақша  бастапқы капитал ” деп аталуы тегiннен – тегiн болмаса керек.

Мен жұмысымды екi бөлiмге, яғни бiрiншi бөлiмде жалпы ақшаның  шығу тегiн және оның экономикалық мәнi мен қызметтерiне тоқталдым. Екiншi бөлiмде ақша теориясының дамуына, яғни оның басты үш теориясын және олардың айналысын қарастырдым. Бұл әр теорияның экономика үшiн әр түрлi пайдалы жақтары бар, сондай-ақ ақша теориясы экономикалық қатынастардың дамуымен  оның құрылымы да осы үш теорияны бағытретiнде алып дами бередi . Бұл теориялармен және олардың айналыс ерекшелiктерiмен жұмыс барысында кең тоқталамын.

Сондай-ақ елiмiздiң егемендiгiн  алып, нарықтық қатынастарға өту үстiнде  екендiгi баршамызға белгiлi. Ал ақша рыноктық экономиканың басты элементтерiнiң бiрi ретiнде ол өте маңызды болып отыр. 

Жалпы мемлекеттiк  заңдармен реттелген елдегi ақша айналысың ұйымдастыру ақша жүйесi болып табылады.  Қазақстан Республикасында ақша жүйесi 1995 жылы 30 наурыздағы “Қазақстан Республикасы Ұлттық банкi туралы”  Қазақстан Республикасы Президентiнiң заң күшi бар Жарлығына сәйкес ұйымдастырылған.  Жарғы ақша айналысының ұйымдастыру негiзiн және формаларын белгiлейдi, онда ресми ақша бiрлiгi,  ақша белгiлерiнiң эмиссиясы,  сонымен қатар монеталарды жасау тәртiбi,  ақша айналысын ұйымдастыру және реттеу тәртiптерi қамтылады.  Ал мұның алдында тұнғыш рет 1993 жылы ұлттық валютамыз теңгенi айналысқа шығарып, оны 1999 жылы еркiн айналымға жiбердiк. Бүгiнгi таңда ұлттық валютамыз күннен-күнге нығайып, елiмiздiң тұрақты экономикалық өсуiне даңғыл жол ашуда.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Ақшаның мәнi, қызметтерi және ақша айналысы.
    1. Ақшаның шығу тегi.

Ақша ежелгi заманда  пайда болды. Олар тауар өндiрiсiнiң  дамуындағы бiрден-бiр шарт және өнiм болып табылады. Тауар – бұл сату немесе айырбастау үшiн жасалынған еңбек өнiмi. Адам еңбегiнiң өнiмi,  оны өндiрушiлердiң белгiлi қоғамдық қатынастарын тудыра отырып, тауар формасын қабылдайды.  Заттардың тауарға айналуы ақшаның пайда болуындағы объективтi алғышарттарды құрайды.  Бiрақ кез-келген зат тауар бола алмайды. Егер тұтыну құны өз сатып алушысын таппаса немесе қоғам тарапынан мойындалмаса,  онда оны дайындауға кеткен уақыттың рәсуә болғаны; мұндай бұйым тауарлық формаға ие емес, өйткенi оның қоғамға қажетi шамалы. Сондықтан да әрбiр тауар қажеттi тұтыну құның алу құралы бола отырып , өзiнiң өндiрушiсiне қатынасы бойынша айырбас құны ретiнде көрiнедi. “Айырбас құн тауарлардың өзiнен бөлiнiп шыққан және олармен бiрге өз бетiнше өмiр сүретiн тауар, ол ақша”.

Әрбiр ерекше тауар  мiндеттi түрде тұтыну құны ретiнде  көрiнедi. Оның құны жасырын түрде  болады.  Тауарлар және ақшалар бiр  және осы тауарлар формасының нақты  қарама-қарсы жақтары бола отырып, айырбас процесiнде бiр-бiрiн табады және өзара бiр-бiрiне ауысады.

Алғашқы қауымдық құрылыс  кезiнде бiр тауардың басқа бiр  тауарға айырбасталынуы барысында, айырбас құнның жай немесе кездейсоқ  формалары қолданылады ( 1 балта = 5 құмыра,  1 қой = 1 қап бидай).

Тауар өндiрiсiнiң өсуiне байланысты кездейсоқ айырбас жиiленедi. Жалпы тауар массасының iшiнен барынша жиi айырбасталатын тауардң бөлiнiп шығуымен құнның жай формасы толық формаға өте бастады. Осыдан келiп , құнның толық немесе кең көлемдегi формасынан жалпы құндық формасына жасырын түрде өту басталды. Бiрақ оның ролi бiр тауарға нық бекiтiлмеген едi.  Бiртiндеп жалпы құндық эквивалент ролiн белгiлi бiр тауарлар көптен атқара бастады және осы тауарлар ақша деп аталынды. Құнның жалпы құндық формасы ақша формасына айналды.

Тауар айналысының тарихи эволюциялық даму процесiнде жалпы құндық эквивалент немесе ресiмделiнбеген ақша формасын , әр түрлi тауарлар қабылдады.  Әрбiр тауарлы шаруашылық уклад өз эквивалнтiн алға тартады.  Сонымен, бiрiншi, iрi еңбек бөлiнiсiнiң нәтижесiнде мал бағушылардың бөлiнiп шығуымен мал (iрi қара) айырбас құралына айналды. Шалғынды аудандарда – жылқы, сиыр және қой, ал шөл және шөлейт аудандарда – түйе, ал тундрада – бұғы жалпы эквивалент қызметiн атқарады. Бұған бiрнеше мысалдар келтiруге болады: латынның сөзi “пекуния” (ақша) “пекус (мал) сөзiнен шыққан. “Рупа” (мал) сөзi үндiлердiң ақша бiрлiгiнiң атауы “рупия” негiзiнде жатыр.

“Капитал” сөзiнiң шығуы  да малмен байланысты, өйткенi ескi герман тiлiнде бұл сөз мал басы санының  көптiгiн бiлдiре отырып, меншiк иесiнiң  байлығын көрсеттi.

Солтүстiк халықтары  ең бiрiншi айырбас құралы ретiнде  жүндi пайдаланды. Ежелгi скандинавтар көлемi бойыша әр түрлi тауарлар сатып  алу барысындақ құстардың, аңдардың жүндерiн пайдаланды.

Жылы теңiздердiң жағасын  мекендеген тайпалар айналыс құралы ретiнде бақалшақ ақшаларды пайдаланды. Көлемi түймедей ақшыл-қызғылт бақалшақ кари көптеп таралды. Бақалшақ ақшалар тауар ақшалардығ ең бiр тұрақты формасы болып табылады. Бiздiң бүгiнгi күндерiмiзмге дейнi өмiр сүре отырып, олар ешкандай өзгерiске ұшыраған жоқ. 20 ғасырдың 70 жылдарының басында Соломон аралдарының кейбiр тұрғылықты тұрғындарының ақша айналысы ретiнде  бақалшақтардың  үш  түрi:  ең арзаны – қара  түстi  (куррила), ақ  түстi  (галиа),  аса  қымбат  -  қызыл  түстi (ронго) пайдалынады.

Әлемде  әр  түрлi  экзоотикалық ақшалар болған. Королин аралдары тобына  кiретiн  ява  аралдарында  осы  күнге  дейiн  феи  акша  айналысыда  қызмет  етедi. Олардың  формасы  дөңгелекше тас түрiнде  келе  отырып  диiрменнiң  тасын  еске  түсiредi. Мұндай  монеталардың  диаметiрi  бiрнеше  метрге  жетедi.  Сауда  мәмiлесi  орындалғаннан  кейiн сатушыға  феяға  бұрынғы иесiнiң белгiсiн өшiрiп,  өзiнiң белгiсiн соғады.

Юлий Цезарь патшалығының тұсында ақша ретiнде құралдарды пайдалынған. Сонымен  бiр  құлдың  құны  үш  сиыр, алты бұзау, он екi қойға теңестiрiлген.

Өнер  мен  жер  игертушiлердiң  бөллiнуiмен  эквиваленттiң  жетiлуi жалғасты.  Бөлiнушiлiк, бiрiгушiлiк, бiркелкiлiк  мiнездемелерi бар эквиваленттер  пайда болды. Бұл аз бұзылатын  өсiмдiк өнiмдерi – зәйтүн майы , күрiш , кофе, какао, құйма түрiндегi тұздар т.б.  

     Жалпы эквивалент  ретiнде металдарда пайдалана  бастады . Ежелгi Спартта, Жапонияда  , Африкада  темiр , мырыш ,қорғасын , мыс , күмiс  алтын түрiндегi ақшалар қолданалыды .  Рим  императоры  Диониссий сиракуз және орта  ғасырдағы ағылшын  карольдары мырыш ақшаларды құйды  .  Қытайда және Ежелгi  Римде  мыс ақша ретiнде  пайдаланылды .  XYII ғасырда   Солтүстiк  Америкада  ұсақ төлемдерге қорғасын дөңгелекшектерiн  қолданылады .

        Металл ақшаларының   артықшылығы олар  - бiркелкi , төзiмдi , ұсақталынады . Металл ақшалардың кен таралуымен  ақша есебiнiң салмақтық жүйесi  нақтылана түстi.

         Кейiн келе металдардың арасында  басты роль  алтын мен  күмiске  өте  басталды  ,  өйткенi  олар  жалпы эквивалент үшiн аса қажеттi сапаға ие .

          Әрине , металлдар бұған  дейiнгi ақша формаларын  бiрден ығыстырып   шығарып  тастаған  жоқ . Ұзақ  уақыт  бойы  металл ақшалар   тауар формасын  сақтап  келдi . Темiр ақшалар күрек,  таға , шынжыр , шеге  және т. б формаларда  ұзақ уақыт бойы ғана сақталынды .  Грек ақшасының атауы “ драхма” “ бiр уыс шеге ” деген мағынаны бiлдiредi . Мыс ақшалар қазындық , құмыры , қалқан  түрлерiнде ғана  айналысқа түстi . Күмiс және алтын ақшалар жүзiк , сырға , бiлезiк түрiнде пайданалынды .

          Бiрақ  б. Э дейiн  XIII  ғасырда  салмағы  көрсетiлген құймалар  пайда  бола бастаған . Осындай  себепке байланысты  көптеген  ақша бiрлiктерi  фунт  стерлинг   ,  ливр ( жарты фунт ) , марка ( жарты  фунт ) салмақ бiрлiктерi атауымен  аталады . Алғашқыда белгiлi массасы бар формасыз металл ақшаларды кейiн келе әр түрлi  масадағы  бiркелкi  формасы бар металл ақшалар ауыстыра бастады . 

          Монеталардың  пайда  болуы  -   құрылуындағы  соңғы кезең   болып  табылады .

 

1.2.  Ақшаның    эканомикалық  мәнi мен ақша  қызметтерi.

 

            Ақшаның өмiр сүруiндегi  объективтiк қажеттiлiк ол  тауар өндiрiсi мен тауар айналысының болуына негiзделедi . Кез келген  тауар айналысында ақша айырбас құралы болып табылады .  Тауар  және  ақша бiр – бiрiнен  бөлiнбейдi  . Ақша айналысы  болмаса  , онда  тауар айналысы да  болмайды

        Бiрақ  XVI  ғасырдың  басында  ( 1516 ж .)   утопиялық социализмнiң   негiзiн қалаушы  Томас Моор  өзiнiң “ Жаңа  утопия аралы   және  мемлекеттiң үздiк  құрылымы туралы  алтын кiтап” деген еңбегiнде : “ Алдау , ұрлау , тонау ....кiсi өлтiру  заң  тәртiбiмен  қатаң жазаланатынын кiм бiлмейдi , әйтсе де бұл жөнiнде алдын ала ескертiлмеу  мүмкiндiгi  бар  жерде  алдымен ақша құрымай , олар да жоғалмайды  , сонымен бiрге  ақшаның  жоғалуына  байланысты  адамдардың алаңдаушылығы  , қағысы  , қиыншылықтары  және ұйқысыз түндерi  де ұмытылар едi  . Егер ақша  адам өмiрiнен  алыстанатын  болса , онда тiптi  ақша қажеттiлiгiнен   туған кедейлiктiң өзi  де жоғалар едi ” .

        Ол  аздай  Т. Моор  тағы  былай  дедi : “  Қай жерде   барлық нәрсенi  ақша өлшемiмен   өлшейтiн  болса , онда ол  жерде мемлекеттiк  табысы жiне  дұрыс ағысының   болуы  мүмкiн   емес  ”.

 

          XIX ғ.  Социал  утопистерi – Прудон , Оуэн , Грей  және басқалар   ақшаға терiс көз қараста болды .  Прудон тауар өндiрiсiн  сақтай отырып ақшаның  жоюдың   жобасын  ұсынды  және  оны  дәлелдемек болды .

          Мұндай ойлар  Ресейде  де  айтылды .  Қазан революциясынан (1917) кейiн , азамат соғысы жылдарында ақшаның  құнсыздануы байқалған кезде ақшаны  жою сәтi  келедi , яғни  тарихтың өзi оыған алып келдi   деген тұжырымдар пайда  бола бастады . Керек  десеңiз  ауыл  шаруашылық  өнiмдерiн  өнеркәсiп   өнiмдерiне тiкелей  айырбастауды ұйымдастыруға   тырысты .  Шындығында , оның  бәрi сәтсiз  аяқталды .  С.Г .  Струмилин ақшаның орнына еңбек  бiрлiктерi -  тредаларды , ал ағылшын  экономисi Смит Фалтьнер  энергетикалық бiрлiктердi  - энедаларда пайдалануға  ұсынды .

           Осыған  байланысты К . Маркс  былай  дейдi :  ақшаларды жоя отырып , бiз қоғамдық  дамудың  ең   жоарғы  сатысында  болуымыз  мүмкiн  немесе ең  сатыға  оралар едiк .  Қанша  дегенмен  коммунизм  - ол , қиял  сондықтан  да  ақша  болған , олар бар және  бола  бередi.

            Ақша тауардан  дами  отырып  ,  тауар  болып  қала  бередi ,  бiрақ  тауар  ерекше  жалпылама эквивалент .

           Ақша -  жалпы бiрдей  эквивалент  ,  ерекше  тауар  ,  онда   барлық басқа  тауардың  құны  бейнеленедi және оның  делдал   ретiнде қатысуыменнен   тауар өндiрушiлер   арасында еңбек өнiмдерiнiң айырбасы  үздiксiз жасала  бередi .

        Жалпыға  бiрдей  эквивалент  ролi  тарихи  түрде  алтынға   бекiтiлген .  Алтынның  басқа   таурлардың   құндылығын   бейнелеу   қасиетi ,  оның   табиғи  қасиетi  емес .  К. Маркс   айтқандай :  “ Табиғат  ақшаны  жаратпайды  . Алтынға бұл  қасиет  қоғаммен  берiлгген  ” .

         Алтын  жалпыға бiрдей  эквивалент  ролiн  орындау   үшiн  ең   бiр   лайық  тауар   болып   қалып  отыр . Бiрiншеден  ол ерекше   табиғи  сапаға  ие :   бөлiнуi  оңай , әдемi ,  бұзылмайды ,  тот  баспайды ,  тек  қана “ патша  арғында”  ( 2/3  тұзды  және 1/3  азот  қышқылында  еридi . Екiншiден  ең бастысы   алтын   жоғары  құнға   ие .   Қанша  дегенмен оның  қорының аз  болуы ,  алтынға кететiн еңьек шығындарының    өте жоғары  болуына әкелiп соқтырады . Аотынды тұтынуға  жылдан  жылға   қсуде .Ол  әр   түрлi  салаларда пайдалыналады – электроникадан  бастап   зергерлiк iстерге  дейiн ,  бiрде  өте  жұқа  қалыңдықпен ,  бiрде балқытылған  құймалар  күйiнде  кездеседi . 

student.zoomru.ru

Ақша теориясы — реферат

     Ақшаның сандық теориясы айналысқа қажеттi ақша санын дәл анықтауға мүмкiндiк бермейдi, ол шаруашылық қатынастары мен экономикалық даму факторларының жалпы жиынтығындағы ақша қаражаттарының орнын анықтайды.

     Орталық банк экономикалық айналымға оның қажеттiлiктерiне сәйкес, несиелеу жолдары бойынша қажеттi несие ақшаларының  масасын беретiн,  өзiеiң эмиссиялық және нсиенiң қызметiн атқарады.  Ақша екi түрлi формада болады: қолма – қол және банктiк айналымның ақшалары, яғни банктiк шоттардағы қолма-қолсыз ақша қаражатының жазу формасындағы ақша белгiлерi.  Ақшаның бұл екi формасы бiр – бiрiмен тығыз байланыста.  Банктiк айналымның ақшалары әрдайым қолма-қол банкноталарға айналуы мүмкiн.

     Ақша  айналысының екi облысының бiрлiгi, яғни ақшаның қолма-қолсыз формасының қолма-қол ақшаға ауысуы және бұған керiсiнше болуы ақша массасының өзiне қандай компоненттердi қамтитынын анықтауды талап етедi.

     Ақша  массасының құрамы сол елдiң несие-ақша жүйесiмен анықталады.

     Бiздiң  республикамыздағы  айналыстағы  ақша қаражаттарының құрылымына мән  беретiн болсақ,  онда ол төмендегiдей:

     М0 – айналыстағы қолма – қол ақшалар;

     М1 - өзiне – М0 –дi қосады, сонымен қатар шаруашылықтардың есепт айырысу немесе басқа депозиттiк шоттардағы қаражаттардың қалдықтары, каптал салымдарын қаржыландыру мен несиелеу қорларының шоттарындағы , чектiк және аккредитивтiк шоттардағы қаражат қалдықтары, халықтың және заңды тұлғалардың талап еткенге дейiнгi салымдары кiредi;

     М2 - өзiне М1 –дi қосады, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың мерзiмдi салымдарын қамтиды;

     М3 – М2-ге мемлекеттiк займ облигацияларын қосу.

     Ақша  массасының көбеюi бiрнеше каналдар бойынша жүредi:

  • Банкноттар мен монеталар эмиссиясы есебiнен;
  • Орталық банктен коммерциялық банктердiң несие алу жолдарымен;
  • Орталық банктiң ел үкiметiне мемлекеттiк бюджет тапшылығын жабу үшiн несие беру арқылы;
  • Орталық банктiң бағалы металдарды, шетел валюталарын және мемлекеттiк бағалы қағаздарды сатып алу жолымен;
  • Коммерциялық банктердiң салымдарын жұмылдыру негiзiнде чектер эмиссиясын шығару немесе займдар беру жолымен.

     Осыдан  ақша массасының көлемi Ұлттық банк жүгiзетiн ақша – несие саясатымен тығыз байланысты, мұндағы ең басты мақсат ақша массасынығ өсуiн сақтау екенiн көремiз. Мақсатты белгiлеуде Орталық банк келесi көрсеткiштердi ескертедi:

  • Нақты бейнелеудегi ЖҰӨ-нiң болжанатын өсiмi;
  • Жоспарлы кезеңдегi ақша айналысының есептелетiн жылдамдығы;
  • Жоспарланған кезеңдегi инфляцияның максималды рұқсат етiлген денгейi;

     Ақша  массасы өсуiнiң бақылау көрсеткiштерi елдiң экономикалық потенциялының  болашақтағы ұлғаюын және оның пайдалану  дәрежесiн ескере отырып есептеледi.  Бұл көрсеткiштiң тәжiрибе үшiн де маңызы зор.

     Егер  ақша массасы ақырын айналса, бұл  ұлттық өнiмдi орналастыру коэфиценттерiнiң  өте төмендiгiн бiлдiредi,  ал ақша айналысының жедел қозғалысы  қаражаттарды салыстырмалы түрде жылдам жұмсауды және жоғары конъюктураны бiлдiредi. Ақша айналысының жылдамдығы ақша санына керi пропорционал, яғни мұндай айналыстың жоғары жылдамдығы қосымша эмиссия қажеттiлiктi қысқартуы тиiс. Керiсiнше , ақша айналысының ақырын қозғалысы шаруашылық субъектiлердiң жинақтауға ұмтылысын,  ақша массасы құрамында ұзақ мерзiмдi салымдардың өсуiн көрсетедi.               

    1.   Ақша жүйесi жөнiнде түсiнiк, элементтерi мен

     Жалпы мемлекеттiк заңдармен реттелген  елдегi ақша айналысың ұйымдастыру  ақша жүйесi болып табылады.  Әрбiр мемлекеттiң өзiнiң ұлттық ақша жүйесi бар.

     Қазақстан Республикасында ақша жүйесi 1995 жылы 30 наурыздағы “Қазақстан Республикасы Ұлттық банкi туралы”  Қазақстан  Республикасы Президентiнiң заң күшi бар Жарлығына сәйкес ұйымдастырылған.  Жарғы ақша айналысының ұйымдастыру негiзiн және формаларын белгiлейдi, онда ресми ақша бiрлiгi,  ақша белгiлерiнiң эмиссиясы,  сонымен қатар монеталарды жасау тәртiбi,  ақша айналысын ұйымдастыру және реттеу тәртiптерi қамтылады.

     Ақша  жүйесi келесi элементтерден тұрады:

     Ақша  бiрлiгiнiң атауы. ҚР-ның ақша бiрлiгi ретiнде 100 тиыннан құралған 1 теңге болып табылады.

     Ақша  белгiлерiнiң түрлерi.  Егер 1991 ж. 1 қаңтарына дейiн айналыста қазыналық билеттер болса, онда қазiргi кезде ҚР ақша белгiлерi болып олардың өсу құны бойынша төлемнiң барлық түрлерiне қабылданатын банкноттар мен монеталардан құралады.

     Эмиссия тәртiбi.  Қолма – қол ақшаларды шығарып,  олардың айналысын ұйымдастыру және айналыстан шығаруды Ұлттық банктiң қолма – қолсыз ақша эквивалентiн алумен банкнота мен монеталарды сату формасында жүзеге асырылады.

     Ақша  түрлерi.  Заңды төлем құралы болып табылатын:  қағаз және несие ақшалар.

     Валюталық бағам дегенiмiз – бұл басқа бiр елдiң ақша бiрлiгiне қатысты бейнеленген сол елдiң ақша бiрлiгiнiң бағасы.

     Әлемдiк  тарихта ақша жүйесiнiң келесi типтерi болған:

  • Металдық айналым, мұнда ақшалай тауар ақшаның барлық қызметiн атқарады,  ал несие ақшалар металға айырбасталады;
  • Несие және қағаз ақша айналысы,  мұнда алтын айырбастамайтын банкнотамен айналыстан ығыстырылып шығарылады және қазынаға айналды.

     Металдық  айналысқа байланысты аталып өткен  екi ақша жүйесi – биметализм  және монометализмге тән.

      Биметаллизм – бұл ақша жүйесiнде жалпы құндық эквивалент ролiн  заңды түрде екi металл атқарады. Алтын және күмiс монеталар кең көлемде соғылысып, еркiн айналысқа түстi, биметаллизмнiң үш түрi бар:

      Паралелдi валюта жүйесi,  алтын және күмiс монеталар арасындағы қатынас металдың нарықтық бағасына сәйкес стихиялы түрде бекiтiлдi;

      Қосарлы валюта жүйесi,  бұл қатынасты мемлекет анықтады;

      “ақсақ”  валюта жүйесi , күмiс монеталар алтын белгiсi болып табылады.

      Монометаллизм – жалпыға эквивалент ролiн бiр ғана металл атқаратын ақша жүйесi. Құн белгiлерiн алтынға айырбастау сипатына байланысты алтын монометаллизмi үш түрге бөлiнедi:

      Алтын монета стандарты,  оған алтын монетасының айналысы, алтынның ақша қызметiн атқаруы, құн белгiлерiнiң еркiн алтын монеталарға өсу құны бойынша айырбасталуы болып табылады.

      Алтын құйма стандарты – Ұлыбритания мен Францияда енгiзiлдi. Мұнда банкноттар заңмен бекiтiлген сомманы ұсынған жағдайда алтын құймаларына айырбасталды.

      Алтын девиз стандарты  – Германияда, Авсралияда, Норвегияда және басқа елдерде бекiтiлген. Бұл банкноталардың алтынға,  шетел валютасына (девизiне) айырбасталатынын бiлдiредi. Сөйтiп, бұл стандарт бiр елдiң валюталы басқа елдiң валютасына тәуелдiлiгiн көрсетедi.                     

     Қорытынды. 

     Жоғарыда  атап өткендей,  ақшаның өмiр сүруiндегi  объективтi қажеттiлiк  ол тауар өндiрiсi мен тауар айналысы болуына негiзделенедi.

     Жұмыс барысында ақша басты экономикалық категориялардың бiрi екендiгiне көзiмiз жеттi.  Оның бес қызметiнiң өзiнен ақшаның қайталанбас ерекше тауар екендiгi көрiнiп тұр.  Кез – келген тауар айналысында ақша айырбас құралы болып табылады.  Тауар және ақша бiр – бiрiнен бөлiнбейдi.

     Қорыта  келгенде,  ақша – жалпыға бiрдей эквивалент,  ерекше тауар,  онда барлық басқа тауардың құны бейленедi  және оның делдал ретiнде қатысуымен тауар өндiрушiлер  арасында еңбек  өнiмдерiнiң  айырбасы  үздiксiз  жасала  бередi. Жалпыға  бердей  эквивалент  ролi  тарихи  түрде  алтынға  бейiм  .

     Сондай  – ақ ақшаның тағы да бiр басты  қасиетi оның өтiмдiлiгiнде.  Ақшаны ке- келген тауарға айырбастауға болады.  Тауар бағасының өзi тауар құнының ақшалай көрiнiсi.

     Экономикалық  категория ретiнде ақшаның мәнi оның үш қасиетiнiң бiрiгуiмен көрiнiс табады.  Олар:

  • Жалпыға тiкелей айырбасталу;
  • Айырбас құнның жеке формасы;
  • Еңбектiң сыртқы заттың өлшемi;

     Сондай  – ақ ақшаның жалпы құрылымы ,  оның теориялары қоғамның дамып,  өзгеруiмен  қатар бiрге дамып,  жан – жақты жетiлуде.  Егер де бұрындары сатып алу – сату процесi жалпыға бiрдей эквивалентпен алтынмен жүргiзiлсе,  бұл күндерi қағаз және несие ақшалармен жүзеге асуда,  сонымен қатар дүниежүзiлiк ақшалар пайда болып,  олардың құрылымы күннен – күнге дамуда.

     Ақшаның әсiресе мемлекет үшiн маңызы зор,  ол арқылы мемлекет бүкiл ел аумағын  және сыртқы экономикалық қатынастарды қадағалап,  реттеп отырады.  Ал ақша айналысының  дұрыс жүзеге аспауы ол ел экономикасына ауыр зардаптар  тигiзуi мүмкiн,  мысалы инфляцияны атап өтсек болады.  Мемлекет сондай – ақ ақшаны реттеушi құрал ретiнде де пацдаланады,  “ақша – несие саясаттарын” жүзеге асырады.  Ал бұларды орындау үшiн ақшаның жалпы теорияларын бiлу қажет, ақша айналысындағы ақша айналыс заңы,  ақша қызметтерi және ақша жүйесi болып табылады.

     Елiмiзде  ақша жүйесi 1993 жылы 15 қарашадан бастап “ұлттық валютамыз” енгiзiлгеннен  бастап қызмет етуде.  Бүгiнгi таңда  теңгемiз халықаралық экономикада  ашық айналысқа шығып,  елiмiзде  жүргiзiлiп жатқан қаржы шаралары өз жемiсiн беруде.

     Қолданылған әдебиеттер. 

  1. Ақша,  несие,  банктер:  Оқулық /  Ғ.С. Сейiтқасымов. – Алматы : Экономика,  2001, - 466 б.
  2. С.Б. Мақыш , Оқу құралы /  “Ақша айналысы және несие” – Алматы,    Қазақ университетi, - 2000ж.
  3. Деньги,  кредит,  банки:  Учебник /  Под. Ред.  О.И Ловрушина,  Изд. 2-е,  - Москва: 1999г.
  4. Абрамова М.А.,   Александрова Л.С.  /   Финансы,  денежные обращение и кредит.   Учебние пособие – Москва , 1996г.
  5. Баян Көшенова , Оқу құралы  / Ақша,  несие,  банктер,  валюта қатынастары, - Алматы: “Экономика” 2000ж.
  6. Бункина М.К.  /  Деньги,  банки,  валюта,  Учебные пособие – Москва, 1994 – 173 с.
  7. “Қ.Р-да ұлттық валютаны енгiзу туралы” Қ.Р.  Президентiнiң  заң күшi бар жарлығы // 12.11.1993.
  8. “Қ.Р-ның ақша жүйесi туралы” Қ.Р-ның Заңы  //  13.12.1996.
  9. “Валюталық реттеу туралы” Қ.Р –ның  заңы   //   24.12.1996.

    10.Экономическая теория./ А.И. Добрынина, Л.С. Тарасевича. Саннк-Петербург 2001.

    11. Аубакиров Я. А.  Байжұманов Б.Б.  / Экономикалық теория .  Оқу құралы. – Алматы. Қазақ университетi.     

              

freepapers.ru

Акша теориясы — реферат

Монометаллизм – жалпыға эквивалент ролiн бiр ғана металл атқаратын ақша жүйесi. Құн белгiлерiн алтынға айырбастау сипатына байланысты алтын монометаллизмi үш түрге бөлiнедi:

Алтын монета стандарты,  оған алтын монетасының айналысы, алтынның ақша қызметiн атқаруы, құн белгiлерiнiң еркiн алтын монеталарға өсу құны бойынша айырбасталуы болып табылады.

Алтын құйма стандарты – Ұлыбритания мен Францияда енгiзiлдi. Мұнда банкноттар заңмен бекiтiлген сомманы ұсынған жағдайда алтын құймаларына айырбасталды.

Алтын девиз стандарты – Германияда, Авсралияда, Норвегияда және басқа елдерде бекiтiлген. Бұл банкноталардың алтынға,  шетел валютасына (девизiне) айырбасталатынын бiлдiредi. Сөйтiп, бұл стандарт бiр елдiң валюталы басқа елдiң валютасына тәуелдiлiгiн көрсетедi.

 

 

Қорытынды.

 

Жоғарыда  атап өткендей,  ақшаның өмiр сүруiндегi  объективтi қажеттiлiк  ол тауар өндiрiсi мен тауар айналысы болуына негiзделенедi.

Жұмыс барысында ақша басты экономикалық категориялардың бiрi екендiгiне көзiмiз  жеттi.  Оның бес қызметiнiң өзiнен  ақшаның қайталанбас ерекше тауар  екендiгi көрiнiп тұр.  Кез –  келген тауар айналысында ақша айырбас құралы болып табылады.  Тауар және ақша бiр – бiрiнен бөлiнбейдi.

Қорыта  келгенде,  ақша – жалпыға бiрдей эквивалент,  ерекше тауар,  онда барлық басқа тауардың құны бейленедi  және оның делдал ретiнде қатысуымен тауар өндiрушiлер арасында еңбек өнiмдерiнiң айырбасы  үздiксiз жасала  бередi. Жалпыға бердей  эквивалент  ролi  тарихи  түрде алтынға бейiм .

Сондай  – ақ ақшаның тағы да бiр басты  қасиетi оның өтiмдiлiгiнде.  Ақшаны ке- келген тауарға айырбастауға болады.  Тауар бағасының өзi тауар құнының ақшалай көрiнiсi.

Экономикалық  категория ретiнде ақшаның мәнi оның үш қасиетiнiң бiрiгуiмен көрiнiс  табады.  Олар:

  • Жалпыға тiкелей айырбасталу;
  • Айырбас құнның жеке формасы;
  • Еңбектiң сыртқы заттың өлшемi;

Сондай  – ақ ақшаның жалпы құрылымы ,  оның теориялары қоғамның дамып,  өзгеруiмен қатар бiрге дамып,  жан – жақты жетiлуде.  Егер де бұрындары сатып алу – сату процесi жалпыға бiрдей эквивалентпен  алтынмен жүргiзiлсе,  бұл күндерi қағаз және несие ақшалармен жүзеге асуда,  сонымен қатар дүниежүзiлiк ақшалар пайда болып,  олардың құрылымы күннен – күнге дамуда.

Ақшаның әсiресе мемлекет үшiн маңызы зор,  ол арқылы мемлекет бүкiл ел аумағын  және сыртқы экономикалық қатынастарды қадағалап,  реттеп отырады.  Ал ақша айналысының  дұрыс жүзеге аспауы ол ел экономикасына ауыр зардаптар тигiзуi мүмкiн,  мысалы инфляцияны атап өтсек болады.  Мемлекет сондай – ақ ақшаны реттеушi құрал ретiнде де пацдаланады,  “ақша – несие саясаттарын” жүзеге асырады.  Ал бұларды орындау үшiн ақшаның жалпы теорияларын бiлу қажет, ақша айналысындағы ақша айналыс заңы,  ақша қызметтерi және ақша жүйесi болып табылады.

Елiмiзде  ақша жүйесi 1993 жылы 15 қарашадан бастап “ұлттық валютамыз” енгiзiлгеннен  бастап қызмет етуде.  Бүгiнгi таңда  теңгемiз халықаралық экономикада ашық айналысқа шығып,  елiмiзде жүргiзiлiп жатқан қаржы шаралары өз жемiсiн беруде.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер.

 

  1. Ақша,  несие,  банктер:  Оқулық /  Ғ.С. Сейiтқасымов. – Алматы : Экономика,  2001, - 466 б.
  2. С.Б. Мақыш , Оқу құралы /  “Ақша айналысы және несие” – Алматы,    Қазақ университетi, - 2000ж.
  3. Деньги,  кредит,  банки:   Учебник  /  Под. Ред.  О.И Ловрушина,  Изд. 2-е,  - Москва: 1999г.
  4. Абрамова М.А.,   Александрова Л.С.  /   Финансы,  денежные обращение и кредит.   Учебние пособие – Москва , 1996г.
  5. Баян Көшенова , Оқу құралы  / Ақша,  несие,  банктер,  валюта қатынастары, - Алматы: “Экономика” 2000ж.
  6. Бункина М.К.  /  Деньги,  банки,  валюта,  Учебные пособие – Москва, 1994 – 173 с.
  7. “Қ.Р-да ұлттық валютаны енгiзу туралы” Қ.Р.  Президентiнiң  заң күшi бар жарлығы // 12.11.1993.
  8. “Қ.Р-ның ақша жүйесi туралы” Қ.Р-ның Заңы  //  13.12.1996.
  9. “Валюталық реттеу туралы” Қ.Р –ның  заңы   //   24.12.1996.

10.Экономическая теория./ А.И. Добрынина, Л.С. Тарасевича. Саннк-Петербург 2001.

11. Аубакиров Я. А.  Байжұманов Б.Б.  / Экономикалық теория .  Оқу құралы. – Алматы. Қазақ университетi.

 

 

 

 

 

  

 

 

 

 

 

 

student.zoomru.ru

Акша теориясы — реферат

Несиелiк және қағаз ақшалар қазына жинау құралы қызметiн атқара алмайды,  себебi олардың меншiктi құны жоқ.  Бiрақта  осы қызмет негiзiнде олар қорлану  қызметiн жүзеге асырады.

Ақша айналыс саласынан уақытша шығып қалғаннан кейiн олар қорлана бастайды. Қорлану қызметiнде ақша өзiнiң сол формада сақтай отырып,  олар кез-келген уақытта айналысқа төлем немесе айналым құралы ретiнде түсе алады.  Шынында да бұл елдегi ақша айналысының тұрақтылығы жағдайында, яғни инфляцияның болуына байланысты ғана мүмкiн.

Тауар өндiрiс  жағдайында қорлану екi формада жүредi:

  • кәсiпорындар мен ұйымдардың есеп айырысу және депозиттiк шоттарындағы ақшалай қаражат қалдығы түрiнде ұжымдық қорлану;
  • банктердегi салымдар, мемлекеттiк облигациялар.

Несиелiк  механизмнiң арқасында кәсiпорындар мен халықтың ақшалары банктен берiлетiн  қарыздар түрiнде қайтадан айналыс  процесiне түседi.  Сөйтiп, ақшалар  бұл қызметiнде ұлттық табыстың қалыптасу , бөлу және қайта бөлу процесiне дәнекер болады.

Дүниежүзiлiк ақша қызметi.   Тауар шаруашылығының кеңеюi, шаруашылық байланыстардың интернационалдануы,  дүниежүзiлiк нарықтың пайда болуы дүниежүзiлiк ақшалар қызметiнiң пайда болуына сбеп болады.  Дүниежүзiлiк ақшалар интернационалдық құн өлшемi, халықаралық төлем және сатып алу құралы ретiнде қызмт етедi.

Бұл қызметтi бастыпқыда толық бағалы ақшалар(алтын) , ал кейiннен нағыз ақшалар (шетел валютасы) атқарады.  1867 жылы Париж келiсiмi дүниежүзiлiк  ақша қызметiн алтынға балап бекiттi.

Егер де елдiң iшiнде ұлттық ақша бiрлiктерi формасында қызмет етiп жүрер болса, ал одан тысқары жерде К. Маркстiң айтуынша: “ақшалар өзiнiң ұлттық киiмдерiн шешiп, бастапқы қымбат бағалы металл формасын киедi” , яғни жалпыға бiрдей эквивалент формасына өтедi. 

Бiрақ  алтын айналысы тұсында да ағымдық  халықаралық есеп айырысуларға алдынғы  елдердiң ұлттық валюталары қызмет етедi. 1913 ж. Халықаралық есеп айырысулардың 80%-зы ағылшын фунт стерлингiнде бейнеленген  аударым вексельдер көмегiмен жүзеге асырылады, ал алтын халықаралық есеп айырысулардың қалдығын жабуға ғана қызмет еттi.

Бреттон – Вудстағы (1944 ж)  мемлекетаралық келiсiмге келу,  доллар мен фунт стерлингке резервтiк валюталар  мәртебесiн бердi.  Кейiннен дүниежүзiлiк  ақшалардың жаңа формалары:  СДР  – арнайы қарыз алу құқығы;  ЭКЮ – еуропалық есепке алу бiрлiгi  пайда болды.  Ал 1999 ж.  1 қаңтарынан бастап Еуропаға ынтымақтастық елдердiң ортақ ақша бiрлiгi “еуро” айналысқа шықты.

Демек,  дүниежүзiлiк ақшалардың дамуы ұлттық ақшалардың металл ақшадан несиелiк ақшаға өту жолын кеш те болса қайталауда.

Қазiргi уақытта дүниежүзiлiк несиелiк  ақшалардың жобалары жасалуда, бiрақ  одан әлi нәтиже жоқ.  Енгiзiлген шартты есептеу бiрлiктерiнiң ( СДР,  ЭКЮ)  өзiндiк меншiктi құндары жоқ, сондықтан  да олар толыққанды түрде дүниежүзiлiк ақшаның қызметiн атқара алмайды . Бұл қызметтi тек қана алтын нарығындағы операциялар арқылы алтын атқарады.

 

    1.  Ақша айналысының сипаттамасы.

 

Қайта құру кезеiне дейiн “ақша айналымы”  мен “ақша айналасы” ұғымдары арасында айтарлықтай шек қойылатын. Ақша айналысы деп қолма – қол ақшаның қозғалысы танылды. Ал ақша айналымы ұғымы одан кең мағына бергендiктен ол қолма – қол және қолма – қолсыз айналым мағынасын сипаттайды.

Ақша  белгiлерi әр түрлi жағдайда қамтамасыз етiледi. Қолма – қол ақша тұтыну заттары және қызметтер жиынтығымен қамтамасыз етiлсе,  қолма – қолсыз ақшалар – бөлуге арналған өндiрiс құралдарының жиынтығымен қамтамасыз етiледi.

Мұндай  жүйе тек қана орталықтандырылған жоспарлы экономика жағдайында ғана мүмкiн  болады, себебi ол уақытта кәсiпорындар мен халықтың қолында ақша қанша тауардың болатыны және олардың қандай бағада сатылатыны белгiлi болған. КСРО-ның таратылуына, бағаның босатылуына,  меншiктiң мемлекет иелiгiнен алынуына және т.б. байланысты жүзеге асыру асыру мүмкiн емес болып қалды.

Ақша  айналысы мен ақша айналымы арасында шек жойылды. Тауар айналысы процесiндегi қолма – қол ақша қозғалысы  және төлемақыны жүзеге асыру кезiнде  қызмет көрсету, сонымен бiрге кәсiпорындар мен қаржы несие мекемелерiнiң  арасындағы ақшалай қаражаттардың алмасуы – ақша айналысы деп аталады.

Ақша  айналысының объективтi негiзi –  тауар өндiрiсi мен тауар айналысы болып табылады. Құн формасыныңөзгерiп  отыруы, яғни тауардың ақшаға және ақшаның  жаңа тауар сатып алу үшiн қолданылуы , ақшаның әрдайым қозғалыста, яғни айналыста болуына мүмкiндiк жасайды.

Бiрақ  ақша айналысы тауар айналысын қайталап қоймайды. Бұл екi процесс бiр-бiрiнен  жекешеленiп жүредi. Тауарлар , оларды сатып алғанан кейiн, айналыстан шығады және тұтынылады. Ал ақша айналыста  әрқашан жүредi.

Айналыста жүре отырып ақша әрi айналыс құралы, әрi төлем құралы функцияларын атқарады. Сонымен,  тауарды сатудан түскен ақша қарызды өтеуге жұмсалуы мүмкiн. Өз кезегiнде , қарызды төлеуге түскен ақшалар тауарлар алу үшiн қолданылуы мүмкiн.

Жалпы ақша айналысының көлемi тауар бағаларының соммасынан әрдайым  артық болады. Ақшаның қызмет көрсетуi тек сатып алу – сатумен шектелмейтiнi түсiндiрiледi.  Ақша еңбекақы, зейнетақы төлеу үшiн, бюджетке төлемдер аударку үшiн, банктен қарыз алу үшiн және т.б. мақсаттар үшiн қолданылады.

Ақша  айналысың реттеудiң маңызды элементi - қолма – қол ақшаның қолдану  аясын азайту болып келедi. Бұл  мәселе бiздiң елiмiзде кәсiпорындар арасындағы есеп айырысулардан қолма-қол  ақшаның шектеу , есеп айырысу чектерiн  ендiру арқылы ғана шешiледi.

Банк  жүйесiн реформалау және ақша банкнотасын  өндiруге байланысты өзiнiң меншiктi қуатын енгiзуi, Қазақстандағы қолма-қол  ақшамен байланысты жағдайды түбiрiмен  өзгерттi.  Осыған байланысты 1992 – 1993 ж.ж.  қолма-қол ақшаның тапшылығы  тұсында енгiзiлген директивтi саясаттың орнына Республикамызда қолма-қол ақша айналысын тұрақтандыру және басқарудың экономикалық әдiстерiнiң алғышарттары жасалынды.

Дамыған елдерге бұл процесс кеңiнен  дами түсуде: оларда қолма-қолсыз ақша айналысы өрiс алып жатыр.  АҚШ  – та халықтың есеп айырысуларының 25-27%- зы ғана қолма-қол ақшамен, ал қалғаны  чек, несиелiк карточталар т.б. көмегiмен  жүргiзiледi. Өмiрлiк тәжiрибе көрсеткендей , ақша айналысын ақша айналымынан бөлуге болмайды.  Ақша айналымын қолма-қол және қолма- қолсыз деп қана қатаң түрде шектеудi ғалымдар онша қабылдай қоймады.

Бұл екеуi өзара тығыз байланыста, сондықтан  оларды бөлу қажет емес. Ақша өз айналысында қолма – қолдан қолма қолсыз ақшаға (және керiсiнше) өтедi.  Мысалы, кәсiпорынның бөлшек саудасынан түскен түсiм банкке түскеннен соң оның есеп айырысу шотында қолма-қолсыз ақша қаражатарына айналады да, ол бұдан өз жiктеулерiне ақша аударуы мүмкiн.

Сонымен,  бүкiл ақша айналысы : қолма – қол және қолма – қолсыз ақшалар болып бөлiнедi.  Сондай-ақ:

  • өнiмдi өндiру және сату процесiн , яғни тауарлы сипаттағы есеп айырысулармен байланысты ақша айналымы;
  • тауалы емес сипаттағы есеп айырысулармен байланысты ақша айналымы ;
  • ақша айналысы бiрнеше тарихи кезеңдерден өттi және металл,  қағаз , несие ақшалар көмегiмен жүзеге асырылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Ақша теориясының дамуы және ақша жүйесi.
    1. Ақша териясының дамуы және олардың айналысы.

 

а) Ақшаның металдық теориясы.

Бұл теорияның өкiлдерiне капиталдың алғашқы қорлану кезеңiндегi меркантелистер ( Т омас Мэн, т.б.)  жатады. Оларға қоғамның байлығын ақшамен өлшеуге,  сонымен қатар ақшаны бағалы металдармен бiрдей деп санау тән болған.  Олардың пiкiрiнше қоғамның нағыз байлығы алтын мен күмiс,  яғни бұлар өзiнiң табиғаты бойынша нағыз ақшалар болып табылады.  Ақшаның металдық теориясы фетишистiк исипатта ,  себебi бұл теорияның пайымдауынша ақшаның ролiнде алтын, күмiс сияқты кез-келген бағалы металл бола алады,  ал адамдардың тауар шаруашылығындағы өндiрiстiк қатынастарын сипаттайтын ақша екендiгi жөнiнен хабарсыз. Ресейде металдық теорияның өкiлi атақты мемлекеттiк қызметкер   М.М.Сперанский  (1771-1839 ж.ж.) болып табылады.  Ақша туралы оның теориясының барлық пайымдауларының негiзi – ақшаға тек нағыз бiр ғана ақша деп қарау керек деген көзқарасы бар.  Сперанский ең мықты ақша материалды күмiс деп санады. Ақша ның қызметтерiн орындауда металдың қатысуы XIX ғ. теоретиктермен қолданылған. Бұл iс жүзiнде тек бiр тарихи кезең, яғни ақша жүйесiнiң жоғары және күрделi формаларына өту кезеңi болды. Алтын айналысының тар мағынада қолданылуы XIX ғ.    дүниежүзiлiк экономиканың шеңберiне сыймады.  Өндiрiстiң дамуы ақша базисiнiң адекватты түрiнiң болуын талап еттi.  Объективтi түрде, металдық жүйенiң негiзiнде жаңа төлем әдiстерi мен формалары қалыптасты, олар несиеге негiзделдi.

Немiс  экономистерi ақша деп тек қана бағалы металдарды емес, сондай-ақ металға  айырбасталатын Ұлттық банктiң банкноталары да аталады деген.  Ол кездерi ақшаның металдық теориясы ақша реформасына негiзделiп қолданылады.  Екiншi дүниежүзiлiк соғыстан кейiн француз экономистерi Ж. Рюэфф және М. Дебре, ағылшын экономисi Р. Харрд халықаралық айналысқа алтын стандартын енгiзу идеясын ұсынады. Себебi 70-шi жылдардың басында жойылған Бреттон – Вуде валюталық жүйенiң орнына жаңа алтын стандартын енгiзуге тырысқан.  Жекелей алғанда, АҚШ –тың экс-президентi Р. Рейган сайлау алдындағы күрес кезiнде алтын стандарты қайта оралуы мүмкiн деп санады.  1981 жылдың қаңтарында, ол президент болып тұрған кезiнде осы мәселе бойынша арнайы комиссия құрады, бiрақ ол комиссия алтын стандартын енгiзу онша қажет емес деген шешiмге келедi. Жалпы алтын стандартының мағынасы нарықтың күрделенуi, ұлғаюы және дамуымен байланысты өзгередi. Қағаз – несиелiк ақшаларды алтын қорымен жасанды түрде үйлестiру натуралдық айырбас формасына немесе бақыланбайтын стихиялы ақшалай эквивалентке әкелiп соқтыруы сөзсiз, өйткенi алтын қорының өсiмi физикалық тұрғыдан экономикалық дамуға қарсы тұра алмайды, сөйтiп бұл ақша бiрлiгi құнының тым аса ұлғаюына әкелiп соқтырып, соның салдарынан ақшаның айырбасталынуы тәрiздi аса маңызды қасиетiнiң ( экономикалық бөлiнгiштiк) жоғалуы т.б. пайда болды.

Сонымен, ақшаның iшкi мазмұны бағалы металдың N мөлшерiне берiлген құжат ретiнде бiртiндеп иелерiнiң эмиссиялық орталыққа, оның iшiнде мемлекетке деген сенiмi ауысады. Үкiметке деген сенiмсiздiк, соғыстар және басқа да форс-мажорлық жағдайлар классикалық алтын стандартына қайта келуiне әкеледi. Нақты экономика тұрғысынан қарағанда қарапайым тауар болса да алтын ерекше орында тұрады.

Қазiргi кезде алтынның негiзгi экономикалық қызметiнiң мәнi, оның капиталды инфляциядан  сақтау құралы ретiнде қызмет етуiмен, несие алуды қамтамасыз ету құралы болуымен және маңызды өнеркәсiптiк шикiзат болып қала беруiмен сипатталады.

Металдың  ақша ретiнде қызмет етуiмен барып, одан бiрте – бiрте монеталар  пайда бола бастады.  Көпестер классының  бөлiнуiмен алғашқы монеталар  пайда болды. Олардың пайда болуы  ақшаның қалыптасуындағы соңғы  кезеңдi сипаттайды.

Монета – ол формасы, сыртқы пiшiнi, салмақтық құрамы заңмен бекiтiлген металдан жасалған ақша белгiсi.

Монета  бет жағы – аверс, келесi жағы –  реверс, кесiндiсi – гурт болып ажыратылады.

Егер  монетаның номиналды құны құрамындағы  металдың құнына сәйкес келсе, онда бұл толық құнды ақшалар. Толық құнды еместерi биллонды ақшалар деп аталады.

Монеталық ақша айналысы тарихында мынадай  түсiнiктемелер бар:

Биметализм – жалпыға бiрдей эквивалент ролiн екi немесе одан да көп металл атқарады, яғни айналыста алтын және күмiс монеталар пайдаланылады.

Монометализм – жалпыға бiрдей эквивалент ретiнде бiр ғана металл түрi ( алтын, күмiс, т.б.) қолданылатын ақша жүйесi.

Осылай, б.э. дейiн III – II ғ. римде мыс монометаллизмi, Ресейде 1843-1852 ж.ж. аралығында – күмiс монометаллизмi 1897 ж. II Николай патша тұсында енгiзiлдi.

Түрiкше  “акче” сөзi, қазақша “ақша” , яғни “ақ” сөзiнен күмiс монетаның  түсiне қарап шыққан.

 

б) Ақшаның номиалистiк  теориясы.

Меркантелистердiң  металлизмге қарсы iс әрекетiнен  ақшаның номиналистiк теориясы пайда бболды.  Тауар өндiрiсi мен айналымының өсуiне байланысты металл монеталарды вексель, банкнот түрiндегi несиелiк айланыс құралдарына жартылай ауыстыру бiртiндеп орын алды. Ақшалар мен бағалы металдардың арасындағы iшкi байланыстарды жоққа шығара отырып,  номиналистер құн белгiлерiнiң жүру құқығын негiздедi, ол үшiн олардың металдық құрамын белгiледi.

Номинализмнiң  негiзгi ережесi мынадай:

  • Ақша идеалды есеп бiрлiгi болып саналады және олардың көмегiмен тауарлардың айырбас құны анықталады;
  • Бұл бiрлiк ешқандай да iшкi құнға ие емес;

Сонымен номиналаистер аұшаның құндық жаратылысын  толық жоққа шығара отырып,  оларды техникалық айырбас құралы ретiнде  қарастырады.  Адам Смиттiң айтуынша,  ақша – бұл айырбас процесiн  жеңiлдететiн техникалық дөңгелек, айырбас және сауда құралы.  Ол ақшаның құны екi жақты мәнге ие дп санайды:

  • Қандай-да бiр заттың пайдалылығын көрсетедi;
  • Басқа тауарды сатып алу мүмкiндiгi,

XIX ғ.  аяғында және XX ғ. басында саяси экономияда номинализм үстемдiк ете бастады. Бiрақ бұрынғы номинализмнен айырмашылығы оның объектiсiне қағаз ақшалар жатады.

Номинализмнiң  мәнi немiс экономисi Кнаптың (“Государсвенная  теория денег” , 1905 ж.) еңбегiнде жақсы  берiлген. Оның негiзгi ережелерi төменгiдей  құрылған:

  • Ақша – құқықтық тәртiптiң өнiмi, мемлекеттiк билiктiң туындысы;
  • Ақша мемлекеттiк  хартальдiк төлем құралы, яғни ол мемлекеттiң төлем күшiмен жасалған төлем белгiлерi болып табылады;
  • Ақшаның негiзгi қызметi – төлем құралы.

1929 – 1933 жж. Кономикалық дағдарыс  тұсында номинализм әрi қарай дами түстi.  Сөйтiп, Дж.М. Кейнс (1930ж. “Трактат о денгах”) алтын ақшаларды “жабайылық сарқыншағы” , “арбаның бесiншi дөңгелегi” деп хабарлайды.  Ол идеалды ақшаларға қоғамның өркендеуiн үнемi қамтамасыз етiп отыратын қағаз ақшаларды жатқызды. Кнапп теориясының жеңiсi деп қарастырды. Кейнс барлық өркениеттi ақшалар қарапайым түрiнде қалып, кнапптық партализм толық жүзеге асты деп санады.

student.zoomru.ru


Смотрите также

 

..:::Новинки:::..

Windows Commander 5.11 Свежая версия.

Новая версия
IrfanView 3.75 (рус)

Обновление текстового редактора TextEd, уже 1.75a

System mechanic 3.7f
Новая версия

Обновление плагинов для WC, смотрим :-)

Весь Winamp
Посетите новый сайт.

WinRaR 3.00
Релиз уже здесь

PowerDesk 4.0 free
Просто - напросто сильный upgrade проводника.

..:::Счетчики:::..

 

     

 

 

.