|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Қазақша реферат: Күлтегін батыр Құтылығұлы (684-731). Реферат күлтегінКүлтегін ескерткіші туралы қазақша реферат«Түркi халқы жойылмасын, ел болсын» Күлтегін жазуы. Әр халықтың қалыптасу, даму жолында өзіне тән ерекшеліктері бар. Бұл тарихи құндылықты зерделеп жарыққа шығару қай мемлекетте болмасын маңызды мәселелердің біріне айналған. Кеңестер Одағы кезінде өткен тарихымызды зерттеу мүмкін болмады. Сондықтан болар ата-бабамыздың бай мұрасы Түркі әлемін зерттеуде ғалымдарымыздың негізгі еңбектері егемендіктен кейін ғана көріне бастады. Түркі халықтарының көне дәуірдегі ұзақ ғасырлық мәдени мұраларының бірі – Күлтегін ескерткіші. Орхон-Енисей жазуына жататын маңыздылығы жағынан баға жетпес құнды дүние. Бізге жеткен Түркi тарихы да осы VII-VIII ғасырларда жазылған Орхон-Енисей жазба ескерткіштері арқылы белгiлi болды. Ескерткiш бiр заманда түркiлер мекендеген Енесей өзенiнiң бойы мен қазiргi Монғол Халық Республикасының астанасы Улан-Батордың батысындағы 400 километр жердегi Орхон өзенi бойындағы Кошо-Цайдам ойпатында орналасқан. Оны алғаш тауып, ғылым әлемiне мәлiмдеушi-орыс ғалымы Н. М. Ядринцев. 1890 жылы Гейкель басфин – угор қоғамының, 1901 жылы В. Радлов бастаған Орыс ғылым Академиясының Экспедициялары ескерткiш орнатылған жерге барып, жазуды өз көздерiмен көрiп, тексерiп қайтады. 1902 жылы Ужчжоудағы ағылшын консулы К. Кэмппель Күлтегiн ескерткiшiне бiрсыпыра зертеу жұмысын жүргiздi. 1909 жылы француз саяхатшысы Де Ля Кост келiп тексе, 1912 жылы ғалым В. Л. Котвич зерттеу жұмыстарын жүргiздi. 1958 жылы монгол – чехославак бiрiккен ғылыми экспедициясы Күлтегiн ескерткiшiнiн орнына қазба жұмыстарын жүргiздi. Бұған басшылық еткен чех археологы Л. Иисль. Бұл В.В. Радловтан кейiнгi жасалған қазба жұмысы едi. Қазба жұмыстары үстiнде қорған астынан екi кiсiнiң тасқа әдемi ойылып жасалған бас мүсiнiн кездестiрдi. Оның бiрi Күлтегiнiң, екiншi әйелiнiң мүсiнi екені анықталды.[1,13-б] Күлтегiнге арналған ескерткiш пирамида тәрiздi. Биiктiгi 3,15 метр, енi 1,24 метр, қалыңдығы 0,41 метр. Ескерткiштiң жоғарғы жағы бес бұрышты, қырларында айдаһардың суреттерi мен қаған таңбалары бейнеленген. Екiншi жағында ескерткiштiң орнатылған күнi – бiрiншi тамыз, 732 жыл деп жазылған. Ескерткіштің негізгі бетінде 40 жол жазу бар, ол ескерткіштің сол жақ бетіндегі 13 жол жазудың жалғасы. Түркологиялық әдебиеттерде ескерткіштегі 40 жол «Үлкен жазу» /КТБ/, ал 13 жол жазу кіші жазу /КТМ/ деп аталады. [2, 450-458-б] Ескерткiш негiзiнен табғаш (Қытай) және көне түркi жазуымен толтырылған. Ескерткiш бетiндегi Қытай жазуы 732 жылы Қытай императоры Хусен-Цунг тарапынан бедерленген. Мұнда қытайша ескерткiштiң қысқаша мәнi айтылған. Қытай жазуы алғаш орысша, французша, содан кейiн немiс, ағылшын және кейiнгi кездерi түрiк тiлдерiне аударылды. Жазудын үстiнде қытайша бiр сөйлем бар, онда «Марқұм Күлтегiн жазуы» делінген. [3, 177-б] Күлтегін ескерткішін зерттеуші ғалым Мырзатай Жолдасбековтың аудармасында: «Он оқүлым, түргiс қағанынан» Мақраш таңбашы. Оғуз Бiлге таңбашы келдi; Қырғыз қағанынан Тардуш ынаншы, Чур келдi; Мазар тұрғызуға, Зер салынған жазба тасты тұрғызуға Табғаш қағанынан зергершiсi Чаң сеңун келдi. Күлтегiн қой жылы, он жетiншi күнi өлдi. Тоғызыншы айдың жиырма жетiсiнде жерледiк. Мазарын, ою — өрнегiн, жазба тасын, Мешiн жылы жетiншi айдын жиырма жетiсiнде тегiз аяқтадық. Күлтегiн өлгенде қырық жетi жаста едi.» деп келтіреді. [4, 55-б] Қазақтың халық ақыны белгілі ғалым Олжас Сүлейменовтың көне мұра жөнiнiде 80 жылдары Монголияға әдейілеп ұшып барып, көне ескерткіштегі жазуды өз көзiмен көргеннiн және жазудың біраз бөлігінің бүлінгенін байқап, Монголияның мәдениет Министрiне кiрiп ескерткiштердi ашық аспан астында қалдырмауды өтiнген. Бұл өтiнiштi Мәскеуге де, Алматыға да жеткізгендігін айта келе «Ендi мiне, сол арманымыз iске асып отыр. Бабалар рухы өз елiмiзге оралды. Шын мәнiнде ешбiр халықта жазу мәдениеттi қалыптаспаған кездiң өзiнде бiздiң бабаларымыз өз тарихын тасқа қашап жазып кеткен» -деп, түркі тіліне жатқызуға қимаған Еуропалықтардың пікірлерінің теріс екекдігін дәлелдеді. [5, 5-б] Күлтегiн бабамыздың ел-жұртының қамын жеген iсiне айқын дәлел болатын тарихи жәдiгердiң көшiрмесi 2001 жылы 18 мамырда Астанадағы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Мемлекеттiк Университетiнде орнатылды. Осы тұрғыда Қазақстан Республикасының тәуелсiздiгiнiң 10 жылдығына арналған «Байырғы түркi мәдениетiнің жазба ескерткiштері» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференцияның Қазақстанда өтуi үлкен жетістік болса, геосаяси және этномәдени жағынан түркі тілдес халықтарды жақындастыра түседі. Ескерткіштің көшірмесін жасауға тікелей атсалысқан, түркі мәдениетін зертеуші Иманғали Тасмағамбетовтың «Елдiк пен ерлiктiң ерекше ескерткiшi» деген еңбегінде «Төл тарихымыздың ең көне ескерткiштерiнiң бiрi, түркi жұртының ортақ мақтанышы, ұлы қолбасшы Күлтегiннiң құрметiне орнатылған ескерткiштiң туған топыраққа оралуы, өшкенiмiз жанып, өлгенiмiз тiрiлгендей, зор қуаныш екенiн» атап көрсеттi.[6,4-б] Белгілі ғалым Мырзатай Жолдасбеков сол конференцияда дүние жүзiнде дәл осыған ұқсас он бес мыңдай ескерткiштер бар, оларды оқып, бiр жүйеге түсiру транскрипциясын жасау қажеттiгiн, сонымен қатар, алдағы уақытта жыл сайын 25 қараша – Түркi ескерткiштерiнiң күнi болып белгiлендi. Кириллица мен латын жазуы мың жылдың арғы-бергi тұсында ғана пайда болды десек, бабаларымыздың одан 600 жыл бурын тіл жазуы, әдебиетi, тiл мәдениетi болғанын сол тасқа басылған таңбалы жазулар дәлелдейдi. Ескi дәстір бойынша таққа Күлтегiн отыруы керек болса да өзі таққа отырмай туған ағасы Бiлге қаған таққа отыруынан Күлтегiннiң құрметiне қойылған ескерткіште, сол бағзы дәуiрдегі бабалардың дүниетанымы жоғары деңгейде болғандығын «Көк түрiктердiң басқа империядан ерекшiлiгi, үкiмет, ел басқару жүйесi заңдастырылғандығын»,[7,4-б] ел басқару жүйесі қазіргі заманғы үрдістей демократиялық жолмен шешетіндігін аңғаруға болады. Күлтегін жыры, париоттық рух беретін батырлық жыры. Мәтінінің негізі Түркі ұлтының тек тарихы ғана емес Күлтегіннің батырлдығы мен ерлігін бейнелейді. Кіші жазудың 27-ші бөлімінен арғы қарайғы жазулары тек Күлтегіге арналған. Осы 27-ші бөлімінде Күлтегіннің ағасы Білге қағанның «Інім Күлтегінмен, екі уәзірімен өліп-тіріліп құрадым. Сонды құрап, біріккен халықты от-су қылмадым. Мен өзім қаған болғанда» сөздері жазылған. [1, 177-б] Күлтегін жыр жазуы 53 бөлімнен тұрса, соның 27-ден 53-ке дейінгі жазулары, Күлтегіннің батырлығын және оның соғыстарда мол табыстарға жетіп отырғандығынан мағлұмат береді. Қазіргі уақытта Күлтегінге арнап қойылған ескерткіш мәтіні жазулары 732 жылы, Білге қағанға арнап қойылған құлыптасындағы жазу 735 жылыдары жазылғандығы, басқа да Орхон – Енисей ескерткітеріне жататын көптеген құлыптас жазулардың 716-735 жж. аралығында жазылған деп жорамалдауда. Күлтегін ескерткіші Түркі халықтарының баға жетпес мәдени байлығы. Бұл құнды дүниенге түркі тектес халықтар ғана емес сонымен қоса әлем ғалымдарының назарын аударуда. Қазіргі уақытта тарих және тіл білімі саласынан зерттелуде, әлі талай ғылыми жаңалықтар туары даусыз. Ескерткіштің 2001 жылы 18 мамырда Астанадағы Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия Мемлекеттiк Университетiнiн бас ғимаратына орналастыруы Қазақ халқының арғы аталары Көне Түріктердің төл жазбаларының қаншалықты құнды мұра екендігін дәлелдей түседі. Әдебиеттер:
С.Қ. Бөкешов., Г. Ақжолова Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ. . Тағы рефераттарbigox.kz Күлтегін батыр Құтылығұлы (684-731) » DataLife EngineКүлтегін және Білге қаған дәуіріндегі түркі мемлекетінің көрнекті әскери қолбасшысы, «көк түркінің көк семсері» атанған атақты батыры. Құтлық қағанның кенже баласы. Әкесінен жастай жетім қалып, ағасы Қапаған қағанның тәрбиесінде өскен Күлтегін тым ерте есейіп, қабырғасы қатып, бұғанасы бекімей жатып, жау жарағын асынып, түркі еліне тұс-тұстан төнген басқыншы жауға қарсы үлкендер қатарында тұрып, ерлікпен күреседі. Ағасы Білге қаған және Тоныкөкпен бірге Күлтегін 712–713 ж. ж түріктердің әскерін Соғды мемлекетіне бастап келіп, оның билеушісі Гуректі жақтап араб қолбасшысы Кутейба ибн Муслиммен соғысқан.Бұл ретте түркінің атақты Білге қағаны Күлтегін батырдың басына қойылған ескерткіш тасқа ойып жаздырған ғұмырнамасында: «Әкем қаған өлгенде інім Күлтегін жеті жаста қалды. Он жаста Ұмай текті шешемнің бағына інім Күлтегін ер атанды» деп жазды. Тарихи деректерді салыстыра зерделесек, бұл Күлтегіннің он жасында ер атанып, алғаш көзге түскен соғысының табғаш елінің әйел патшасы У-хыудың қапағанның басына ақша тігіп, кімде-кім оны өлтірсе, соған «Жан-чо» («Чоны өлтіруші», яғни Мочо-Қапағанды өлтіруші) деген атпен бірінші дәрежелі кінәз атағын беремін деген уәдесін арнайы жарлықпен бекітіп, түркі еліне жазалау жорыққа қалың қол аттандырғаннан кейінгі, 694 жылғы Жау-жыу және Дин-жыу аймақтарында болған соғыс екені анық көрінеді. Қапаған осы соғыста 90 мың тұтқынды қолға түсірген. 712 жылы Алтайды мекендеген қарлұқтар мен түркілердің бір бөлігі бұларға қарсы шығады. Шегіну кезінде Күлтегін үлкен жасықпен кейін қалып, негізгі күшті қорғап қалады. 714 жылы Білге қаған мен Күлтегін бірлесіп қарлұқтармен олардың одақтастарына соққы береді. 715 жылы Күлтегін азаларды Қаракөл өзенінің төңірегінде ойсырата жеңеді. Қытай жазбаларына сүйенсек, 715–716 жылдары Шығыс Түрік қағандығы ішкі дағдарыс жағдайында болған. 716 жылы бүлікшілер хан ордасын басып алмақ болғанда Күлтегін қорғанысты ұйымдастырып, оларға тойтарыс берген. 716 жылы бүлік шығарушылардың бірі иер-байырқу халқы шабуылынан Қапаған қаза табады. Оның таққа иегер баласын Күлтегін өлтіреді де, билікке ағасы Білге қағанды отырғызады. Күлтегін қағандықтың сол қол шады және бас қолбасшысы болып тағайындалады. Олар дана Тоныкөкті ел басқару ісіне қайта шақырады. Күлтегін түркі мемлекетін нығайту мақсатымен бірнеше рет жорыққа шығып, өзін қабілетті қолбасшы ретінде танытты. 718 жылы қас дауы табғаштар шабуылын тоқтатты. Қағандық шамамен 721–722 жылдары Қытайға, шамамен 722–723 жылдары татабыға жорықтар жасаған. өздерін толығымен іргелес мемлекеттерге мойындатқаннан кейін көрші елдермен саяси қатынастарын жақсартты. Ішкі –сырқы саясатқа Күлтегін тікелей араласып отырған. 723–733 жылдар аралығында мемлекет ешбір елмен соғыспай, халық бейбіт өмір сүрді. Міне, осыдан былай Күлтегіннің ерлік жолы басталады. Тарихи деректер сол кездегі ел тәуелсіздігін сақтап қалу жолында болған қырғын соғыстардың бірде біреуінің Күлтегінсіз өтпегенін, дулығасы жарқырап, жауын жапырып, қан майданның ортасында жүргенін тамсана баяндайды. Бұл арада сол деректерді тізіп жатпай-ақ, батырдың өзіне арнап орнатылған ескерткіштегі мына жазулардан да біраз жайды аңғаруға болады. Тас жазудыудың авторы Йолығ-тегін Күлтегін ерлігін былайша бачндайды: «Он алты жасына келгенде… алты чуб, соғдыларға қарсы аттандық. Күлтегін жауға жалғыз ұмтылды. Он тұтықты қарулы басшылармен қолға түсірді. Ол әскерді сонда талқандадық. 21 жасында Чача Сеңүнмен айқастық. Күлтегін әуелі Тадықан шораның Боз атын мпініп шапты. Ол ат сонда өлді. Екіншісінде Ышбыр Жамтардың Боз атын мініп шапты. Ол ат та сонда өлді. Үшіншісінде Сілікбек-иегіннің Торы атын мініп шапты. Ол ат та сонда өлді. Күлтегіннің сауытына, қалқанына жүздеген оқ тиді, бірақ бірі де денесіне дарыған жоқ. Күлтегін 26 жасқа келгенде қырғыздарға қарсы аттандық, күлтегін Байырқынның Ақбоз айғырына мініп, шабуылға ұмтылды. Бір батырын оққа ұшырды. Екі батырын найзамен түйреп түсірді. Ақбоз айғырдың белі үзілді. Қырғыз қағанын өлтіріп, елін алдық… Тоғу қаласында шайқастық. Күлтегін Азбан ағын мініп ұмтылды. Алты батырын шаншып түсіріп, жетіншісін қылышпен шапты. Тоғыз батырын қуып жетіп, тақымға басты… Оғыздармен соғыстық Күлтегін Жетімек (Өгсіз) ақты мініп шауып, тоғыз ерін шанышты… Түргеш халқы жау болды. Күлтегінді шағын қолмен жібердік. Жойқын соғыс жасапты. Қара түргеш халқы сол жерде өлім тауыпты»… Осылай жалғаса береді. Қарап отырсаңыз Күлтегін батыр 47 жасқа жетіп, қаза тапқанша соғыссыз өткен жылы болмапты. Соның бәрінде ол жау қолына жасындай тиіп, түркі қолын жеңіске жеткізіп отырыпты. Оны жерлеуге татабы елінен Удар Сеңүн, табғаштан Ісүйі Лікең, тибеттен Бөлен, алыстағы Соғдыдан, бұхарадан Тархан ұлы Нең Сеңүн, түргіс қағаннан Макрач таңбашы оғыздан Білге таңбашы, қырғыз қағанына Тардуш Ынаншы Чур, т. б. көптеген белгілі адамдар келген. Күз айында өткен Күлтегін асына татабы, тибет, түргеш, қырғыз елдерінің қатысуынан да Күлтегіннің түркі елінің даңқты қолбасшысы екендігін аңғаруға болады. Күлтегін мазары мен өрнектелген жазба тасын тұрғызуға табғаш қағандығы «он мың сый, алтын, есепсіз күміс» әкелді. Қағанның зергершісі Чаң-Сеңүн арнайы келген. Оның құрметіне жазылған Күлтегін жазуы тек түркі халықтарының ғана емес, бүкіл адамзаттың баға жетпес мұрасы болып табылады. Әкесі Құтылығ қаған Екінші Шығыс Түрік қағанатының іргесін қалап, шаңырағын көтерсе, артында қалған екі баласы: үлкені – Білге қағаны ел бастап, кішісі – Күлтегіні қол бастап, сол қағанаттың айбынын асырып, мерейін тасытыпты. Ағайынды екі ұлан ақыл қосып бірге қимылдап, елінің бірі – алтын тұтқасына, бірі – айбарлы асыл тірегіне айналыпты. Ажал жетіп сол асыл тірек құлағанда Ұлы Дала күңіреніп, төрткүл дүниеден түгел елшілер келіп Күлтегін рухына тағзым етіпті. Басына ел тарихын жазып, алып ескерткіш орнатыпты. Сол ескерткіштің ғылыми көшірмесі бұл күнде тәуелсіз еліміздің астанасында, Еуразия ұлттық университеті бас ғимаратының төрінде тұр. Батыр бабаның бақытты ұрпағы күн сайын ескерткіш қасына келіп, ұлы Ерлікке тағзым етеді, ата рухына адалдықтарын білдіреді. demo.zharar.com Қазақша реферат Күлтегін жазуы (үлкен жазуы )Ежелгі түркі жазба ескерткіші. Моңғолиядағы Қарабаласаған қаласының қираған орнынан солтүстікке қарай 40 км жерге, Орхон өзені бойындағы Эрдени Цзу монастырының (8 ғасыр) жанына орнатылған. Ескерткіштің биіктігі 3,15 м., ені 1,34, қалыңдығы 0,41 м. Тас бағана бес бұрышты қалқан тәрізді, қырларында айдаһардың суреттері мен қаған таңбалары бейнеленген. Күлтегін ескерткіші туралы алғашқы мәліметтер 19 ғасырдағы батыс зерттеушілерінің еңбектерінде жариялана бастады. Екі құлпытастағы құпия жазуларды түркітанушылар көпке дейін оқи алмай келді. Ғалымдар арасында тастағы белгісіз жазуларды көне кельт, гот, грек, славян, Скандинавия, финн, тіпті моңғол немесе қалмақ жазулары деген тұжырымдар болды. 1893 жылы 25 қарашада Дания ғылым академиясының мәжілісінде В.Томсен Орхон жазба жәдігерлерін оқудың кілтін тапқандығын әрі оның көне түркі тілінде жазылғандығын, алдымен оқыған сөздері «тәңірі» және «түрік» деген сөздер екенін жариялады. Содан кейін академигі В.В.Радлов мәтінді тәржімалады. Осы зерттеулерден кейін құлпытастарға қашалған жазулар Күлтегін батырдың ерлік істері туралы қаhармандық дастан екендігі белгілі болды. Радлов, С.Е.Малов, қазақ ғалымдары С.Аманжолов, Ғ.Айдаров, Қ.Өмірәлиев, т.б. түркітанушылар Орхон жазба жәдігерлерінің түркі тіліндегі мәтінін оқып, оны тілдік, әдеби, тарихи тұрғыдан зерттеді. И.В.Стеблева Орхон жазбаларын тұңғыш рет көркем туынды, поэзиялық шығарма ретінде қарастырса, оның қазақ әдебиетіне ықпалын алғаш рет М.Жолдасбеков ғылыми тұрғыдан негіздеді. Күлтегін қабіріне қойылған екі ескерткіштің бірі ғылымда «кіші жазу», ал екіншісі «үлкен жазу» деп аталып кеткен. Бұлардың әрқайсысын түркі елінің даңқты әскери қолбасшысы Күлтегіннің жауынгерлік жорықтарын мадақтап, жырлауға арналған қаhармандық дастандар деуге болады. Күлтегін батыр жайындағы бұл екі дастанның да авторы өз дәуірінің аса дарынды ақыны, көрнекті қоғам қайраткері Иоллығ тегін (8 ғасыр). «Күлтегін» (кіші жазу) жыры әрқайсысы өз алдына дербес әрі сюжеттік жағынан бір-бірімен тығыз байланысты сегіз топтамадан тұрады. Әрбір топтама – мазмұны жағынан бір-бір хикая. Оның бірінші топтамасы – қағанның өз халқына айтқан үндеуі; екіншісі Түрік қағандығы жерінің кеңдігін суреттейді; үшіншісі түркілердің әскери жорықтарын жыр етеді; төртіншісі көршілес табғаш халқының қастандық әрекеттері туралы әңгіме; бесіншісі табғаштармен қарым-қатынас түркілерге ажал қатерін төндіретіні жайында; алтыншысы түркі халқының көреген емес екені туралы; жетіншісі түркі халқының даңқын көкке көтерген Білге қаған жөнінде; сегізінші топтама осы ескерткіш-жырды жазуға себеп болған жайттарды баяндауға арналған. Ежелгі түркі поэзиясына тән дәстүр бойынша, осындай әрбір топтаманың өзі міндетті түрде мынадай үш бөліктен тұратын болған:
«Күлтегін» жырының кіші жазуындағы екінші топтаманың алғашқы үш жолы Білге қағанның түркі халқына айтқан үндеу сөзі, одан кейінгі төрт жол өлеңде Түрік қағандығы жерінің ұланғайыр кең екендігі, одан кейінгі екі жол осы топтаманың түйіні – түркі елінің жері мол, ал халқы көп екендігін баяндауға арналған. «Күлтегін» жырының үлкен жазуы көлемі жағынан 428 өлең жолынан тұрады (құлпытастағы руналық жазу бойынша есептегенде 53 қатар). Бұл жыр дербес алты хикаядан, яғни алты оқиғадан құралған. Бірінші хикая – түркі халқының ұлы ата-бабалары туралы; екінші хикая – түркілерді табғаштардың бағындырып алғаны жөнінде; үшінші хикая – Елтеріс қағанды сипаттауға арналған; төртінші хикая – Қапаған қаған туралы; бесінші хикая – Білге қаған жайлы; алтыншы хикая – Күлтегін туралы. Мазмұны«Күлтегін» жыры (үлкен жазу) жер мен көктің және адам баласының жаралуы туралы философия толғаудан басталады (биікте Көк тәңірі, төменде қара жер жаралған да екеуінің арасында адам баласы жаралған). Бұдан кейін бүкіл адамзат баласына Білге қаған мен Күлтегін батырдың ата-бабалары билік жүргізгені, түгел түркінің басын қосып, қуатты мемлекет орнатқан Бумын қаған мен Істемі қағанмадақталады. «Күлтегін» жырының авторы Түрік қағандығының бүкіл әлемді аузына қаратқан айбарлы да абыройлы дәуірін зор мақтаныш сезіммен жырлайды. Сондай-ақ ақын Бумын қаған мен Істемі қаған қайтыс болған соң түркі елінің тағына дарынсыз қағандар отырғанын, халықты опасыз бектер мен жүгенсіз әміршілер билегенін күйінішке толы жыр жолдары арқылы жеткізген («Соңындағы інісі ағасындай болмады, Ұлдары әкесіндей болмады. Біліксіз қағандар отырған екен, Жалтақ қағандар отырған екен»). Табғаш елінің алдауына көнген Түрік қағандығының бектері өзара араздасып, елдің ішкі бірлігіне көп нұқсан келтірді. Елде алауыздық туды. Түрік қағандығының іргесі шайқала бастады. Бұл өте қауіпті кезең еді. Автор түркі халқы ата-баба дәстүрін берік ұстаған кездерінде ешкімге тәуелсіз, еркін өмір сүргенін жырлай келіп, ол осы жолдан тайып, дұшпанға алданған сәттерінде: «Бек ұлдары – құл болды, Пәк қыздары – күң болды», – дейді. Міне, содан кейін Күлтегін батыр көп әскер жиып, түркі елін жаудан азат етуге кіріскені зор сүйіспеншілікпен суреттеледі. Түркі әскерінің оғыз, соғды, түргештерге, т.б. қарсы жүргізген шайқастары, ал Күлтегін батырдың шайқас алдындағы жекпе-жекке шығып, жауды ұдайы жеңіп отырғаны зор шеберлікпен бейнеленген. Жырдың авторы Күлтегін мінген аттың сипатын, ат әбзелдерінің әдемілігін, батыр қаруының сұсты көрінетінін ұтымды теңеулер арқылы көрсете білген. Жырда Күлтегін түркі елінің «төрт бұрышындағы» барлық жауды жеңіп, елде тыныштық, бейбіт өмір орнатады. Ақын Күлтегіннің ерлігі туралы: «Бастыны – еңкейтті, Тізеліні – бүктірді», – дейді. Сөйтіп, жырда Күлтегін батырдың күллі түркі халқын тәуелсіз еткені әрі оны байлыққа кенелткені «Жалаңаш халықты тонды, Кедей халықты бай қылдым. Аз халықты көп қылдым. Тату елге жақсылык қылдым», – деп зор мақтаныш сезіммен баяндалады: «Күлтегін» жырының басты идеясы – түркі халқын ауызбірлікке, сыртқы жауға қарсы ұйымдасқан күреске, ежелгі ата-баба жолы мен салт-дәстүрін берік ұстауға үндеу болып табылады. Жыр соңында Күлтегін батыр қайтыс болғанда бүкіл түркі халқы қатты қайғырып, аза тұтқаны, оны жоқтап, жерлеу салтанатына әлемнің төрт бұрышынан көптеген атақты адамдар – елшілер, батырлар, бектер, тас қашайтын шеберлер, т.б. келгені айтылады. «Күлтегін» жыры – елдің ішкі бірлігін жыр еткен, идеялық мазмұны терең, көркемдік дәрежесі биік поэзиялық туынды. 2001 жылы 18 мамырда Астана қаласындағы Еуразия ұлттық университетіне Күлтегін жазба ескерткішінің көшірмесі қойылды. Автор публикации1 Комментарии: 0Публикации: 478Регистрация: 14-11-2017kazaksha.info Қазақша реферат: Күлтегін батыр Құтылығұлы (684-731) » ZHARAR © 2018Күлтегін және Білге қаған дәуіріндегі түркі мемлекетінің көрнекті әскери қолбасшысы, «көк түркінің көк семсері» атанған атақты батыры. Құтлық қағанның кенже баласы. Әкесінен жастай жетім қалып, ағасы Қапаған қағанның тәрбиесінде өскен Күлтегін тым ерте есейіп, қабырғасы қатып, бұғанасы бекімей жатып, жау жарағын асынып, түркі еліне тұс-тұстан төнген басқыншы жауға қарсы үлкендер қатарында тұрып, ерлікпен күреседі. Ағасы Білге қаған және Тоныкөкпен бірге Күлтегін 712–713 ж. ж түріктердің әскерін Соғды мемлекетіне бастап келіп, оның билеушісі Гуректі жақтап араб қолбасшысы Кутейба ибн Муслиммен соғысқан.Бұл ретте түркінің атақты Білге қағаны Күлтегін батырдың басына қойылған ескерткіш тасқа ойып жаздырған ғұмырнамасында: «Әкем қаған өлгенде інім Күлтегін жеті жаста қалды. Он жаста Ұмай текті шешемнің бағына інім Күлтегін ер атанды» деп жазды. Тарихи деректерді салыстыра зерделесек, бұл Күлтегіннің он жасында ер атанып, алғаш көзге түскен соғысының табғаш елінің әйел патшасы У-хыудың қапағанның басына ақша тігіп, кімде-кім оны өлтірсе, соған «Жан-чо» («Чоны өлтіруші», яғни Мочо-Қапағанды өлтіруші) деген атпен бірінші дәрежелі кінәз атағын беремін деген уәдесін арнайы жарлықпен бекітіп, түркі еліне жазалау жорыққа қалың қол аттандырғаннан кейінгі, 694 жылғы Жау-жыу және Дин-жыу аймақтарында болған соғыс екені анық көрінеді. Қапаған осы соғыста 90 мың тұтқынды қолға түсірген. 712 жылы Алтайды мекендеген қарлұқтар мен түркілердің бір бөлігі бұларға қарсы шығады. Шегіну кезінде Күлтегін үлкен жасықпен кейін қалып, негізгі күшті қорғап қалады. 714 жылы Білге қаған мен Күлтегін бірлесіп қарлұқтармен олардың одақтастарына соққы береді. 715 жылы Күлтегін азаларды Қаракөл өзенінің төңірегінде ойсырата жеңеді. Қытай жазбаларына сүйенсек, 715–716 жылдары Шығыс Түрік қағандығы ішкі дағдарыс жағдайында болған. 716 жылы бүлікшілер хан ордасын басып алмақ болғанда Күлтегін қорғанысты ұйымдастырып, оларға тойтарыс берген. 716 жылы бүлік шығарушылардың бірі иер-байырқу халқы шабуылынан Қапаған қаза табады. Оның таққа иегер баласын Күлтегін өлтіреді де, билікке ағасы Білге қағанды отырғызады. Күлтегін қағандықтың сол қол шады және бас қолбасшысы болып тағайындалады. Олар дана Тоныкөкті ел басқару ісіне қайта шақырады. Күлтегін түркі мемлекетін нығайту мақсатымен бірнеше рет жорыққа шығып, өзін қабілетті қолбасшы ретінде танытты. 718 жылы қас дауы табғаштар шабуылын тоқтатты. Қағандық шамамен 721–722 жылдары Қытайға, шамамен 722–723 жылдары татабыға жорықтар жасаған. өздерін толығымен іргелес мемлекеттерге мойындатқаннан кейін көрші елдермен саяси қатынастарын жақсартты. Ішкі –сырқы саясатқа Күлтегін тікелей араласып отырған. 723–733 жылдар аралығында мемлекет ешбір елмен соғыспай, халық бейбіт өмір сүрді. Міне, осыдан былай Күлтегіннің ерлік жолы басталады. Тарихи деректер сол кездегі ел тәуелсіздігін сақтап қалу жолында болған қырғын соғыстардың бірде біреуінің Күлтегінсіз өтпегенін, дулығасы жарқырап, жауын жапырып, қан майданның ортасында жүргенін тамсана баяндайды. Бұл арада сол деректерді тізіп жатпай-ақ, батырдың өзіне арнап орнатылған ескерткіштегі мына жазулардан да біраз жайды аңғаруға болады. Тас жазудыудың авторы Йолығ-тегін Күлтегін ерлігін былайша бачндайды: «Он алты жасына келгенде… алты чуб, соғдыларға қарсы аттандық. Күлтегін жауға жалғыз ұмтылды. Он тұтықты қарулы басшылармен қолға түсірді. Ол әскерді сонда талқандадық. 21 жасында Чача Сеңүнмен айқастық. Күлтегін әуелі Тадықан шораның Боз атын мпініп шапты. Ол ат сонда өлді. Екіншісінде Ышбыр Жамтардың Боз атын мініп шапты. Ол ат та сонда өлді. Үшіншісінде Сілікбек-иегіннің Торы атын мініп шапты. Ол ат та сонда өлді. Күлтегіннің сауытына, қалқанына жүздеген оқ тиді, бірақ бірі де денесіне дарыған жоқ. Күлтегін 26 жасқа келгенде қырғыздарға қарсы аттандық, күлтегін Байырқынның Ақбоз айғырына мініп, шабуылға ұмтылды. Бір батырын оққа ұшырды. Екі батырын найзамен түйреп түсірді. Ақбоз айғырдың белі үзілді. Қырғыз қағанын өлтіріп, елін алдық… Тоғу қаласында шайқастық. Күлтегін Азбан ағын мініп ұмтылды. Алты батырын шаншып түсіріп, жетіншісін қылышпен шапты. Тоғыз батырын қуып жетіп, тақымға басты… Оғыздармен соғыстық Күлтегін Жетімек (Өгсіз) ақты мініп шауып, тоғыз ерін шанышты… Түргеш халқы жау болды. Күлтегінді шағын қолмен жібердік. Жойқын соғыс жасапты. Қара түргеш халқы сол жерде өлім тауыпты»… Осылай жалғаса береді. Қарап отырсаңыз Күлтегін батыр 47 жасқа жетіп, қаза тапқанша соғыссыз өткен жылы болмапты. Соның бәрінде ол жау қолына жасындай тиіп, түркі қолын жеңіске жеткізіп отырыпты. Оны жерлеуге татабы елінен Удар Сеңүн, табғаштан Ісүйі Лікең, тибеттен Бөлен, алыстағы Соғдыдан, бұхарадан Тархан ұлы Нең Сеңүн, түргіс қағаннан Макрач таңбашы оғыздан Білге таңбашы, қырғыз қағанына Тардуш Ынаншы Чур, т. б. көптеген белгілі адамдар келген. Күз айында өткен Күлтегін асына татабы, тибет, түргеш, қырғыз елдерінің қатысуынан да Күлтегіннің түркі елінің даңқты қолбасшысы екендігін аңғаруға болады. Күлтегін мазары мен өрнектелген жазба тасын тұрғызуға табғаш қағандығы «он мың сый, алтын, есепсіз күміс» әкелді. Қағанның зергершісі Чаң-Сеңүн арнайы келген. Оның құрметіне жазылған Күлтегін жазуы тек түркі халықтарының ғана емес, бүкіл адамзаттың баға жетпес мұрасы болып табылады. Әкесі Құтылығ қаған Екінші Шығыс Түрік қағанатының іргесін қалап, шаңырағын көтерсе, артында қалған екі баласы: үлкені – Білге қағаны ел бастап, кішісі – Күлтегіні қол бастап, сол қағанаттың айбынын асырып, мерейін тасытыпты. Ағайынды екі ұлан ақыл қосып бірге қимылдап, елінің бірі – алтын тұтқасына, бірі – айбарлы асыл тірегіне айналыпты. Ажал жетіп сол асыл тірек құлағанда Ұлы Дала күңіреніп, төрткүл дүниеден түгел елшілер келіп Күлтегін рухына тағзым етіпті. Басына ел тарихын жазып, алып ескерткіш орнатыпты. Сол ескерткіштің ғылыми көшірмесі бұл күнде тәуелсіз еліміздің астанасында, Еуразия ұлттық университеті бас ғимаратының төрінде тұр. Батыр бабаның бақытты ұрпағы күн сайын ескерткіш қасына келіп, ұлы Ерлікке тағзым етеді, ата рухына адалдықтарын білдіреді. info.zharar.com ЕЖЕЛГІ ДӘУІР ӘДЕБИЕТІ. Күлтегін жырлары - Қазақ әдебиеті - Тегін рефераттар - www.Zox.kz | загрузка... ЕЖЕЛГІ ДӘУІР ӘДЕБИЕТІ Күлтегін жырларыҚазақ әдебиеті тарихы қазақ халқының ерте замандардан бастап бүгінге дейін жасаған көркем әдебиет туындыларын толық қамтыды. Ежелгі дәуірдегі әдебиетіміз туралы айтқаңда, ең алдымен, екі мәселені айқын түсінуіміз керек. Біріншісі – біздің ежелгі дәуір әдебиетіміздің туындылары тек қазақ халқының ғана еншісі емес, олардың басқа түркі тектес халықтардың да әдебиетіне ортақ екендігі. Екіншісі – қазақ тілінде емес, ежелгі түркі тілінде жазылғандығы. Енді осы жайттарға түсінік бере кетейік. Қазақ халқының құрылуына негіз болған ру-тайпалар ол замандарда қазіргі Қазақстанды, Орта Азияны, Оңтүстік–шығыс Сібірді, Орталық Азияны, Еділ бойын, Каспий жағалауларын мекен еткен. Олар өзбек, қырғыз, әзірбайжан, түрікмен, ұйғыр, қарақалпақ, хакас, башқұрт, татар халықтарының төл құрамына енген ру-тайпалармен аралас өмір кешкен. Сөйтіп, экономикалық, әлеуметтік, мәдени өмірі бір-бірімен өзара тығыз байланысты болған түркі тілдес халықтардың әдебиеті де ортақ болды. Кумандар, Дешті Қыпшақтар, тағы басқадай атанған жартылай көшпелі, жартылай отырықшы түркі тілдес халықтардың ерлігі, тұрмыс-тіршілігі, арман-қиялы поэзия тілімен жырланып, ерлік эпостар, ертегілер, аңыздарда баян етілген. Құлпытас, күмбез түріндегі ескерткіштерге өздерінің елеулі-елеулі тарихи адамдары туралы жоқтау, мадақтауларын жыр түрінде ойып жазып қалдырып отырған. Бұл түркі ұлыстарының жазу мәдениеті ертеден пайда болғанын көрсетеді. Ол жазулар дами келе Күлтегін, Тоңұқық*, Қорқыт ата, Жүсіп Баласағұни, Махмұд Қашқари, Ахмет Йасауи, Бақырғани, Хорезми, т.б. орта ғасырлық ғұламалар шығармаларының сақталуына негіз болды. Ру-тайпалық дәуірде өмірге келген шығармалардың тілі қазаққа түсініксіз болса, олар қазақ әдебиетінің мұрасы бола ала ма деген сұрақ туындайды. Кейбір ғалымдардың теріс пікірде екенін де ескеру керек. Алайда, ғылыми тұрғыдан қарағанда, олардың теріс жауаптары негізсіз. Өйткені, "қай халықтың болсын ерте замандардағы алғашқы әдебиеті, жазба әдебиет нұсқалары, сол халықтың бүгінгі тілінде болуы шарт емес. Кейбір халықтардың ондай әдебиетінің басқа тілде, сол халыққа осы күнде түсініксіз тілде болуы, бірақ сол халық жерінде, сол халық өкілдері тарапынан жасалған, сол халықтың бір кездегі өмірін көрсететін әдебиет нұсқалары болуы ықтимал", – деп көрсетеді ғалым Б.Кенжебаев. Сондықтан да қазақ әдебиетінің ежелгі дәуіріне қатысты әдеби ескерткіштер көне түркі, шағатай (шағатай, тілі – араб және парсы сөздері араласқан түркі ру-тайпаларының кітаби тілі, ол сол кездегі барлық түркі тектес халықтарға түсінікті тіл болған), ұйғыр, араб, парсы тілдерінде жазылғанмен, біз оларды төл әдебиетіміздің тарихының басы деп танимыз. "Ежелгі әдебиет" (VII-XIV ғғ.) деп аталатын жеті ғасырды қамтыған әдебиетіміздің, ұзақ тарихына қатысты ескерткіштер, шығармалар аз емес. Олардың алғашқылары деп түркі ру-тайпаларына ортақ Орхон ескерткіштерін (VII ғ.), "Қорқыт" (VIII ғ.) және "Оғыз-наманы" (IX ғ.) атаймыз. Ежелгі дәуір әдебиетін Мұхаммед Хорезми, Әбу Насыр әл-Фараби, Әбу Райхан әл-Бируни, Махмұд Қашқари, Қожа Ахмет Йасауи, Сүлеймен Бақырғани, Жүсіп Баласағұни тәрізді түркі халықтарының біразына ортақ ойшылдары, ғалымдары, ақындары жалғастырады (X-XII ғғ.) – Аталған ғұламалар түркі халықтарынан шыға тұра кезінде араб әдебиетін, араб ғылымын, сонымен бірге дүние жүзі ғылымын дамытуға үлкен үлес қосқан. Ежелгі дәуір әдебиетінің негізіне қыпшақ тілінде дамыған кезеңінде (ХIII-ХVI ғғ.) "Кодекс куманикус", "Махаббатнама", "Жүсіп-Зылиха", "Гүлстан", "Домбауыл", т.б. қиссалар, дастандар, шежірелер, тарихи мұралар енеді. Міне, ежелгі дәуір әдебиетінің белгілі мұралары, үлгілері осындай. Олар өзінен кейінгі әдебиеттің дамуына, шыңдалуына негіз, түп төркін болған. Күлтегін жырлары. Орта Азияның түркі тайпалары руна жазбаларды қолданған, ал араб алфавитіне кейінірек, ислам дінінің енуіне байланысты көшкен. Біздің ендігі әңгімеміз ежелгі мәдениет ескерткіштерінің бір кереметі, бүкіл әлемге әйгілі болған ақын тас, жыршы тас – Орхон ескерткіштері (VIII ғ.) жайында болмақ. Бұл ескерткіштер Орхон, Енисей өзендерінің (Сібірдегі) бойынан (мұндай жазбалар Қазақстан жерінен де көптеп табылған, солардың ең көлемдісі Талас ескерткіші) табылған. Оларды алғаш тапқандар: швед офицері Иоганн және орыс ғалымы Н.М.Ядринцев (XVIII–XIX ғғ.). Көздің жасымен, жүректің қанымен құлпытастарға қашалып тұрып жазылып, қаймағы бұзылмай бізге жеткен осы бір ғажайып руналық тасқа ойылып жазылған жазуларды ғылымда руналық жазулар деп атайды. Ол жазуларда VII ғасырдың іргелі мемлекеті – Түркі қағанатының құрамындағы толып жатқан рулардың өзара есепсіз жауласуы, жорықтары мен соғыстары суреттеледі. Бұл ескерткіштердің басты кейіпкерлері – хандар, бектер, тектілер туралы баяндауынан сол кездегі тұрмыс жайлы түсінік те аламыз. Ескерткіштердің авторлары сол жазуларда есімдері аталатын Йоллығ-тегін мен Тоныкөк деген болжам бар. Оларды елдің тарихын, тағдырын толғап айтушы ежелгі ақын-жыраулар өкілдері деуге болады. Орхон жырларында "Алпамыс", "Қобыланды" жырларындағы сияқты ел өмірін суреттеуде, ерлікті жырлауда, хан-бектерді мадақтауда өлеңмен бірге арасында қара сөздер де араласып отырады. Сондықтан, оны эпикалық мұрамыздың көне үлгілерінің бірі деуге болады. Онда шешендік сөз нұсқалары да мол. Оларда өз елін, өз жерін шет басқыншылардан, сыртқы жаулардан қорғау идеясы көрінеді. Ерлік, батырлық дәріптеледі. Күлтегіннің он алты жастан қырық жеті жасына дейінгі өміріндегі ерлік істері, ел басқаруы баяндалады. Бастыны еңкейтті, Тізеліні бүктірді, Бек ұлдары құл болды, Пәк қыздары күң болды, – деп суреттеледі Күлтегін ерлігі. Күлтегіннің ерлігінің арқасында түркі халқының: "Кедейі бай болды", "азы көп болды", – деген сияқты жолдардан жырдың түпкі мұраты ел бірлігі мен оның бақытты өмірін аңсау екенін аңғару қиын емес. Бұдан шығатын қорытынды – қазақ халқындағы бай жыр дәстүрінің негізі сол Орхон ескерткіштерінде қаланған. Орхон ескерткіштері – алғашқы ерлік жырларының бірі. Бұған тағы бір дәлел – жырда Білге Қаған, Күлтегін батыр, Тоныкөк жырау сияқты кейіпкерлер образдық дәрежеге жеткізіле жан-жақты суреттелген. Білгенің жырда қайда, қандай жорықтарға барғаны, қандай, қаншалықты ерлік көрсеткені толық суреттеледі, ол халықты жинап ұйымдастырушы ретінде бейнеленеді. Білгенің іс-әрекеттері ғана емес, көңіл-күйі де баяндалады. Ол дұшпандар салған іріткіге еріп, қырылып-жойылып бара жатқан халқына қатты назаланады. Жырда Күлтегін бейнесі үнемі өсу үстінде болады. Күлтегін – түркі халқының ерлік сипаттарын бойына дарытқан жиынтық образ. Оның тұлғасында бір кездерде жалпақ даланы еркін билеген түркі тайпаларының өршіл, қайтпас мінезі бар. Оның тұлғасында халықтың сондай батырым болса деген арманы бар. Жырда батыр мерт болғанда, қазасына досы ғана емес, дұшпандарының да қосыла жылауының кең суреттелуі халықтық бұлжымас ерлік дәстүрлерді қасиеттейтінін дәйектей түседі. Жырдағы Тоныкөк көптеген қағандарға кемеңгер ақылгөй болумен бірге небір жорықтардың куәгері, ізінше сол жорықтар жайында жырлар тудырып, тасқа қашатып жазғызған автор екені де байқалады. Сөйтіп, Тоныкөк әрі батыр, әрі ақылгөй, әрі жырау бейнесінде сомдалады. Қорыта айтқанда, Күлтегін, Білге Қаған және Тоныкөк ескерткіштері (Орхон-Енисей) – мазмұны мен түрі жағынан да, тілі мен көркемдету құралдары жағынан да, өлең құрылысы, композициясы жағынан да ежелгі түркі халықтарына ортақ көркем туындылардың үлгісі болумен бірге, ол қазақ әдебиетінің де асыл қазынасына енетін әдеби мұра. |
|
..:::Счетчики:::.. |
|
|
|
|