Неке және отбасы ұғымы.
Неке және отбасы ұғымы. Отбасылық қатынстар ұғымы.
Заңдық мағынасында отбасы дегеніміз – бұл некеден, туыстықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиелеуге алудың өзге де нысандарынан туындайтын және отбасылық қатынастарды нығайту мен дамытуға септігін тигізетін, мүліктік және мүікке қатысты емес жекебастың құқықтарымен байланысқан адамдар тобы. Отбасылық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы отбасылық құқық деп аталады. Отбасы – неке қатынастарын реттейтін негізгі нормативтік құқықтық акт Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы туралы» Заңы болып абылады.
Неке – отбасын құрудың негізі болып табылады. Ерлі – зайыптылар арасындағы мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды туындататын отбасын құру мақсатымен, заңда белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толық келісімі жағдайында жасалған еркек пен әйелдің арасындағы тең құқықтық одақты – неке деп түсінуіміз қажет.
Егер неке тіркелмесе де, бірақ еркек пен әйел бірге тұрып, балаларын тәрбиелеумен айналысып жатса, мұны да отбасы деп айтуға болады. Егер кәмелетке толған балалары ата – анасымен бірге тұрып, оларға қамқорлық жасап, материалдық көмек көрсетсе – бұл да отбасы. Егер кәмелетке толған ағалары мен қарындастары ата – анасыз бірге тұрып, бір – біріне қамқорлық жасайтын болса – бұл да отбасы.
Адамдар арасында некеден, туыстықтан, бала асырап алудан, отбасына тәрбиелеу үшін бала алудан туындайын қатынастар отбасылық қатынастар деп аталады. Бірақ отбасындағы қатынастардың бәрі бірдей құқық жөнімен реттеле бермейді. Отбасындағы қатынастар, негізінен, адамгершілік, ізгілік - өнегелік нормалары негізінде реттеледі. Бұл өзара құрмет, сүйіспеншілік, қамқорлық және имандылық қолдаудың көрінісі. Отбасылық өмір қалыбы, көбінесе ұлттық дәстүрлер мен әдет – ғұрыптарға сүйенеді (үлкендерді қадірлеу, отбасын қамтамасыз ету оның басшысы ретінде толықтай ер адамға жүктеледі, туысқандарды қадірлеп, құрметтеу).
Отбасының ішкі мәселелері отбасы мүшелерінің өзара келісімі бойынша шешіледі. Егер ол мәселе кәмелетке толмағандардың мүдделеріне қатысты болса, оны шешуге балалар да қатыстырылады. Құқықтық нормаларға араласу отбасылық қатынастар бұзылғанда қажет. Жеке басындық қатынастармен салыстырғанда отбасылық мүліктік қатынастар құқық арқылы егжей – тегжейлі реттелеі, өйткені бұл қатынастардың объектісі материалдық игілік болып табылады. Отбасылық құқық азаматтық құқықпен тығыз байланысты. Мәселен, отбасылық құқықпен реттелмеген отбасы мүшелерінің арасындағы мүліктік және жеке мүліктік емес қатынастарды реттеуге азаматтық заңнама қолданылады, өйткені ол отбасылық – некелік қатынастардың мәніне қайшы келмейді.
Туыстық және туысқандардың түрлері.
Отбасылық құқық тек шартты түрде ғана отбасылық деп атауға болатын өзге де қатынастарды реттейді. Мәселен, немерелері мен әжелерінің арасындаңы қатынастар; өздерінің отбасын құрып, бөлек тұратын кәмелетке толған ағалары мен қарындастарының арасындағы қатынастар. Бұл көрсетілген қатынстардың негізіне көбінесе туыстық жатады, сондақтан да мұндай қатынастарды туыстық қатынастар деп атау керек. Туыстық дегенде бір негізден немесе ортақ бір атадан тарайтын қандас адамдардың байланысы түсініледі. Туыстықтың екі тармағы болады: тікелей және жанама туыстық. Тікелей туыстық адамдардың бір негізден тарайтындығына негізделеді. Туыстық жоғары және төменгі тармаққа ажыратылады. Туыстықтың жоғары тармағы ұрпақтан арғы атаға қарай тарайды (әкеге, шешеге, атаға, атаның атасына және т.б.), төменгі тармақ – арғы атадан ұрпақтарына қарай тарайды (балаға, немереге, шөбереге және т.б.).
Жанама тармақ адамдардың бір атадан тарауына негіздеген. Мысалы, бір атадан тарайтын немере ағалары мен қарындастары; бір жағдайда ортақ атасы - әкесі, ал енді бір жағдайда – атасы болып табылатын көкесі мен жиені.
Мысалы, азаматтық құқықта заң бойынша мүлікке мұрагерлік етуде жақын, сондай – ақ алыс туысқан да есепке алынады. Бүгінгі күнгі мұрагерлердің алты кезектілігі анықталған. Оларға: балалары, ерлі – зайыптылар мен ата – аналарынан басқа (бірінші кезектілік) мұра қалдырушының туыстары, толық туыстары, толық емес туыс (жақын) ағалары мен қарындастары, сондай – ақ оның әкесі жағынан және шешесі жағынан келетін атасы мен әжесі (екінші кезектілік), мұра қалдырушының туған көкесі мен тәтәлері (үшінші кезектілік), мұра қалдырушының алтыншы атасына дейінгі өзге де туыстары (төртінші кезектілік), егер олар мұра қалдырушымен бір ортада кем дегенде ое жыл бірге тұрса туыс ағалары мен қарындастары, өгей әкесі мен шешесі (бесінші кезектілік), мұра қалдырушының еңбекке жарамсыз асырауында болғандар (алтыншы кезектілік) жатады. Заң бойынша мұрагерлер кезегі бойынша мұрагерлікке ие болады. Туған ағалары мен қарындастары толық туыс және толық емес туыс болып бөлінеді. Толық туыстар – бір ортақ ата – анадан тарайтын аға – іні, апа – қарындастар. Егер әкесі мен шешесінің біреуі ғана ортақ болса, онда ағасына іні – қарындастары толық емес туыс деп есептеледі. Егер олардың аналары бір, ал әкелері басқа болса, оларды бір кіндіктен тарағандар (яғни, бір анадан туғандар) деп атайды. Егер олардың әкесі бір, шешелері басқа болса, онда оларды қандастар деп атайды. Қазақстанның отбасылық заңнамасы құқықтық жағынан ағасына іні – қарындастарды толық туыс не толық емес туыс деп айырмайды.
Толық емес туыс аға – қарындастарды ерлі – зайыптылардың бұрынғы некелерінен немесе некеден тыс туған туыс аға – қарындастарымен шатастыруға болмайды. Олардың ортақ әкелері де шешелері де жоқ, демек, олар туыс емес, сүйек жақындар деп танылады. Ері мен оның тусытары бір жағынан, әйелі мен оның туыстары – екінші жағынан, бұлар да сүйек жақындар. Өгей әке – шешесі және өгей ер бала мен қыз да сүйек жақындар деп есептеледі.
Отбасының түрлері. Толық және толық емес отбасы.
Отбасының толық және толық емес түрлері болады. Толық отбасында ата – анасы, балалары және әдетте, әкесі жағынан да шешесі жағынан да аға ұрпақ өкілдері – атасы мен әжесі болады.
Толық емес отбасы балалардың ата – анасының біреуінің ғана болуымен сипатталады. Соның өзінде балалардың ата – аналары ажырасқан болса, балалары соның қарамағында қалған ата – анаға екінші жағы балаларды және еңбекке жарамсыз ерлі – зайыптыны бағып – қағу үшін алимент төлейді. Егер ерлі – зайыптылардың біреуі қайтыс болып, екіншісінің қарамағында кәмелетке толмаған балалары қалса, онда оған мемлекет жәрдемақы ретінде материалдық көмек көрсетеді. Сөйтіп, толық және толық емес отбасы да тең жағдайда заң және мемлекетарқыы қорғалады.
Неке мен отбасын қорғау.
Неке мен отбасын қорғау екі түрде жүзеге асрылады: юрисдикциялық және бейюрисдикциялық. Біріншісінде – отбасының құқығы бұзылған немесе дауланатын құқықты қорғау жөніндегі өкілетті мемлекеттік органдарды қарастыру арқылы жүзеге асырылады. Бұлар сот, прокурор, азаматтық хал актілерін тіркеу (АХАТ) органдары, қамқоршылық органдары, ішкі істер органдары.
Екінші түрі – отбасының құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі азаматтар мен ұйымдардың азаматтар мен ұйымдардың іс - әрекеттері. Азаматтар бұл әрекеттерді мемлекеттік органдардан көмектесуді өтінбей – ақ өздері іске асырады. Мұндай іс - әрекеттерді – құқығын өзі қорғау деп атайды. Мысалы, құқығы бұзылған баланың ата – анасы тәртіп бұзушы баланың ата – анасымен кеңесіп, оған кешірім сұрауға ұсыныс жаайды және т.б.
Сот арқылы қорғау – отбасы құқығын қорғаудың бір түрі болып табылады. Бұл істе прокуратура, ішкі істер органдары, АХАТ органдары, тәрбиелік мекемелер, атқарушы органдар - әкімдіктер үлкен рөл атқарады. Мысалы, әкімдіктер ата – аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау шараларын қолға алуға, ондай балалары есепке алуды ұйымдастырып, оларды отбасыларға орналастыруға көмектесуге міндетті. Ішкі істер органдары баланы күштеп тартып алуға, сондай – ақ алимент төлеуден жалтарып жүрген адамдарды іздестіруге байланысты шешімдерді күштеп орындауға қатысулары мүмкін.
НЕКЕГЕ ТҰРУДЫҢ ШАРТТАРЫ МЕН ТӘРТІБІ.
Некенің құқықтық табиғаты.
Заңда неке таңдауға ерік берілген, яғни некеге тұру немесе оны бұзу үшін тараптардың өзара ерікті келісімі қажет. Некеде ерлі – зайыптылардың құқықтары мен міндеттері тең, әйелдердің құқығын шектеуге жол берілмейді. Бұл әйелдердің үй шаруашылығын жүргізумен ғана айналысып қоймай, сондай – ақ ерімен бірге бизнеспен айналысуына, мансапқа талпынуына мүмкіндік береді. Ерлі – зайыптық қатынстар, әдеттегідей ғұмырлық, яки некеге тұру бегілі бір мерзім көрсетілмей жүзеге асырылады.
Қазақстанда мемекеттік АХАТ органында тіркелген неке ғана танылады.
Қазақстанда некеге тұрған кезде отбасылық қатынастарда әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, тілдік немесе қай дінді ұстанатындығына қарай азаматтардың құқығын шектеудің кез келген түрлеріне тыйым салынады.
Ерлі – зайыптылар қатынастарына туыстарының араласуына жол берілмейді.
Некеге тұрудың шарттары мен тәртібі. Неке жасы.
Некеге тұру некеге тұрушы ері мен әйелдің өзара ерікті келісімі және олардың неке жасына жету болып табылады.
Егер неке күш көрсету, алдау, қорқыту жолымен қиылған болса, онда ол жарамсыз деп танылуы мүмкін. Некеге тұру келісімін некені тіркеу рәсімінің барысында некеге тұрушы адамның тікелей өзі ауызша білдіреді және оның қолын қойғызу арқылы расталады. Соның өзінде ата – аналарының немесе туыстарының келісімі талап етілмейді. Дей тұрғанмен, қай жағынан алып қарағанда да ата – анасының құптауы болашақ отбасы үшін өте маңызды екендігі күәмнсіз.
Отбасын құру үшін неке жасына жетудің үлкен маңызы бар. Некеге тұрушылар белгілі бір рухани және күш – қуат кемелділігіне ие болуы керек, ол белгілі бір жаспен байланысты. Біздің заңымызға сәйкес неке жасы – 18 жас.
АХАТ органдары дәлелді себептері болған жағдайда неке жасын екі жылдан аспайтын мерзімге төмендете алады. Неке жасына жетпеген адамдардың некеге тұруына ата – аналарының келісімі бойынша ғана рұқсат етіледі. Жүктілік немесе баланың тууы, әскери қызметке шақырылуы, кәмелетке толмағандардың нақты отбасын құруы дәлелді себептердің қатарына жатады. Соның өзінде басқа да длелді себептердің болуы мүмкін.
Некеге тұратын адамдар медециналық, сондай – ақ медециналық – генетикалық мәселелер және репродукциялық денсаулық қорғау мәселелері бойынша консультациялар алып, тексеруден өтулеріне болады. Мұндай тексерулер некеге тұратын адамдардың екеуінің келісімімен ғана өткізілуі тиіс. Некеге тұратын адамдарды тексерудің нәтижелері медециналық құпия болып табылады және ол некеге тұруға ниеттенген адамға тексеруден өткен адамның келісімімен ғана хабарлануы мүмкін.
Болашақ ерлі – зайыптылар АХАТ органына өздерінің некеге тұрғысы келетіндіктері туралы бірлесіп жазбаша түрде млімдеуі керек. Ал олардың біреуі АХАТ органына бірге өтініш беру үшін келуге мүмкіндігі болмаған жағдайда қалай істеу керек? Егер ол дәлелді себептермен АХАТ органына келе алмайтын жағдайда ол адамдардың некеге тұруды қалайтындытары жөніндегі нотариус куәландырған өтінішін табыс етуге заң рұқсат береді.
Некеге тұратын адамның тікелей қатысуымен неке мемлекеттік АХАТ органдарында қиылады. Некені сенімхат бойынша немесе өкілер арқылы қиюға тыйым салынады.
Қамауда немесе бас бостандығынан айырылғандар некеге отыра алады. Алайда оларда мемлекеттік тіркеу АХАТ – та емес, бас бостандығын айыру орнында немесе қамауда отырған жерде жүргізіледі.
Заңда неке қиюға кедергілер де көзделген. Бұл өзге тіркелген некенің болуы, болашақ ерлі – зайыптылардың жақын туыстығы, некеге тұрушылардың біреуінің іс - әрекетке қабілетсіздігі, сондай – ақ бала асырап алушылар мен асырап алғандар арасында неке қию.
Некелік шарт.
Некелік шарт – біздің тұрмысымызға салыстырмалы түрде жақында енген ұғым.
Некелік шарт деп – некеге тұратын адамдардың немесе ерлі – зайыптылардың некеде тұрғандағы немесе оны бұзған жағдайдағы мүліктік құқықтары мен міндеттерін айқындайтын келісімдері танылады. Некелік шарт міндетті түрде жазбаша жасалуы және нотариуспен куәландырылуы қажет.
Некелік шартты некеге отыратын адамдардың тікелей өздері, сондай – ақ адвокат не нотариус толтыруы мүмкін екендігін айырықша атап көрсету қажет. Некелік шартты нотариалды куәландыру үшін жекеменшік немесе мемлекеттік нотариусқа жүгіну керек.
freepapers.ru
КІРІСПЕ Адамның жеке басының алғашқы қалыптасуы отбасынан басталады. Оның ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілер отбасында қалыптасады, сондықтан да туған үйдің жылуы – оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді. Ақын сөзімен айтқанда: «Отбасы – табиғат сыйлаған кереметтердің бірі», - десек артық емес. Жеке адамның бойындағы ар-ұяты, ақыл-ойы, адамгершілігі, басқа адамдармен қарым-қатынаста, мәдениеттілікті тәрбиелеуде отбасы алғашқы қадам. Сондықтан, отбасы өте қажетті, басқадай ешнәрсемен өзгертуге (ауыстыуға) болмайтын баспалдақ. Отбасы – сыйластық, жарастық орнаған орта. Отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Отбасының басты қазығы, алтын тіреу діңгегі – бала. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол. Отбасының әрбір мүшесі, өзара сөйлесіп, не болмаса ата-ананың, баланың міндетін атқару ғана емес, береке-бірлік, сүйіспеншілікпен араласса, босағасы берік, шаңырағы биік отбасына айналары сөзсіз. Ата мен ана – бала тәрбиесінің қамқоршысы, өнегесі. Ата-асқар тау,
Жұмыс түрі: РефератПәні: Соңғы қосылған рефераттарЖұмыс көлемі: - бет
-----------------------------------------------------------------------------------https://www.topreferat.com/РЕФЕРАТТЫҢ ҚЫСҚАРТЫЛҒАН МӘТІНІ
Адамның жеке басының алғашқы қалыптасуы отбасынанОтбасының басты қазығы, алтын тіреу діңгегіАта мен ана – бала тәрбиесініңАта-асқар тау, Ана – бауырдағы бұлақ, Бала жағасындағы құрақ – деп ата-анаОтбасы – адам ғұмырының тірегі ғана2006 жыл – Қазақстан Республикасында ОтбасыҚұрал – мұғалімдер мен оқушыларға ғанаОТБАСЫ – ОТАНЫМЫЗДЫҢ ОШАҒЫ Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп,қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім – жақындарына,туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады. Н.Ә.Назарбаев Көшпелі және рулық-тайпалық негізде құрылған халықтардаОтбасында негізгі туыстық қатынас - ерлерЖалпы алғанда, қазақтың туыстық қатынас атауларыКөнекөз шежіреші қариялар бір атадан келесіТуыстық жүйенің ең негізі, бел ортасыҚазақ отбасы негізінен үш ұрпақтан тұрады.Аталар мен апалар ауыл-аймақ, ағайын арасыныңДәстүрлі қоғамда ата-апаның тәрбиесін көрмей өскенҚазақтың ежелгі дәстүрі бойынша тұңғыш немересінӘке - әулет басшысы, отбасы мүшелерініңӘке үйі барлық балалары үшін үлкенҚара шаңырақ, үлкен үй деп атайтынҚазақ қоғамындағы әйелдердің орны жайлы әңгімелегенде,Түйгені көп шешесі қызымен, келінімен өмірӘкенің мінез-құлқы, өзгелермен қарым-қатынасы, өнер білімі«Әке көрген оқ жонар, шеше көрген«Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарапҰзатылып келген қалыңдық үйлену тойының ертеңіндеҚазақ жақсы келінді қызынан кем көрмеген. Қазақ дәстүрінде үлкеннің атын атамай, тірідеТұрмыстағы көргені мен түйгені, ақылдылығы, парасаттыҚызына құда түсіп, айттырған күннен бастапӘрине, жасы егделеген сайын, күйеудің әлеуметтікӘуезов М. Абай жолы: БұлОТБАСЫНЫҢ БЕРЕКЕСІ – ИМАНДЫЛЫҚТАН БАСТАЛАДЫ... Имандылық – адамның қоғамдағы, күнделікті өмірдегіЖастардың үлкендерге құрмет көрсетуі, үлкендердің кішілергеБойына адамгершілік асыл қасиеттерді жинап өскенШәкәрім Құдайбердіұлының Иманым атты жинағында жаратылыс«Қырықтан соңғы қырымды, Сынамақ болсаң түрімді, Көрейін десең нұрымды, Жи-дағы оқы жырымды», немесе Қырықтан соңғы иманым, Отыз жылдай жиғаным, Көп ғалымның сөзінің Ақылға алдым сыйғанын,- деген екен. Г.Сандыбаеваның «Иманды қыз, сүйікті жар, аяулы«Ислам шариғатын ұстанумен молда болармын» дегенИмандылыққа қарама-қарсы жағымсыз сипат – имансыздық. Қоғамның қуат тірегі – отбасы. СолҮнділерде әйелдер мүлік қатарында қаралып, ерлерініңБасқа елдерде, мысалы, Жапонияда әйелдерге көпшілікИслам діні ерлер мен әйелдерді теңестіріп,Ислам діні отбасының бұзылмауына ерекше мәнИсламның қағида-ережелері, қазақ халқының қағида-ережелерімен астарласып,Жас ұрпаққа мұсылмандық қағидаларын таныстырып түсіндіруАл, «Құран хикаялары» атты кітапта пайғамбарларИслам дінінің негізгі мәліметтеріне қоса, бұлОтбасының бала тәрбиесіндегі ролі бала тәрбиесінде отбасы ықпалы басқа тәрбиелікөркениетті, зайырлы, құқықты қоғамның азаматын тәрбиелеудеотбасы – болашақ ұрпақтың бойында еңотбасы – жеке тұлғаны әлеуметтендіру міндетінотбасы бала тәрбиесінде адамзат қоғамның тарихындағыотбасының әлеуметтік міндеттерінің өзегі тәуелсіздікке иеотбасы баланың мамандықты еркін және саналыотбасы өзінің ұрпағын болашақ отбасылық өміргеҰРПАҚ ТӘРБИЕСІ – ҰЛТ БОЛАШАҒЫ Адамның адамшылдығы – ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады. Абай Отбасы – адам баласының алтын діңгегі.Отбасының адамзат ұрпағына деген ықпалы менОтбасы мүшелерінің жас шамасы әр түрліАтақты қазақ ақыны Қасым Аманжолов өзініңОтбасы – шағын мемлекет, Мен – президент, сен – премьер,дегені бар. Шынында, отбасы – олАта-ана өз отбасын нығайта отырып, сонымен«Ұяда не көрсең, ұшқанда, соны ілерсің»,Хан ордасы, салтанатты сарайларда талай күнАдалдық пен мейірімділік, жауапкершілік пен кешірімділікҚазақ отбасында әуелі әке, содан кейінСондықтан қазақ жанұясы әрдайым: «Әдепті бол,Қазақ отбасында өз баласын мейірімділікке, имандылыққаТәрбие басы әдептілік деп білген ата-анаОтбасының ұйытқысы, берекесі, мейір-шапағат көзі -Әйелдің еріне қарым-қатынасы балалардың әкеге Бұл жағынан аналардың балаларға: «әкеңмен ақылдас»,Ата-ананың бір-бірінің қадір-қасиетін осылайша ардақтап, беделінСайып келгенде, қоғамда әдеп-инабат өлшемдерінің тереңАТА - АНАНЫҢ ПАРЫЗЫН, ӨТЕУ - СЕНІҢ ҚАРЫЗЫҢ Ата-ананың қадірін білмеген – халық қадірінҒ.Мұстафин Ата-ана – отбасының негізгі діңгегі, бастапқыӘсіресе, тіршіліктің қайнар көзі, махаббаттың шуақАна баланы тоғыз ай көтеріп, толғатып,Бала, бала, бала деп, Түнде шошып оянған. Түн ұйқысын төрт бөліп, Мұзды бесік таянған, - да ана, көзінің қарашығындай қорғап, аялап«Баланы – жастан» дегенге мен деӨмір есігін жаңа ашқан нәрестенің бойынаАл нәресте өмірінің нәрі - АнаАл ананың балаға деген сүйіспеншілігі жайында…Ертеде сұлу қызға болған ғашық Ананың әлпештеген жалғыз ұлы. Қыз атын айтса, ауыздан зар шығыпты, Құс жастық аққан жасқа малшыныпты. Дертіне сағыныштың шыдай алмай, Жас жігіт құр сүлде боп таусылыпты. Қинады қыздың шарты, бөлек екен О, сұлу неткен қатал керемет ең?! «Анаңның жүрегін ап келген күні Мен саған жар боламын»,- деген екен. Сол қызға есі ауған жігіт мүлде, Бүк түсіп жата алмады құрып күнде. Ұйқыда бейқам жатқан сорлы ананың Жүрегін жұлып алды тұрып түнде. Сүюдің серті ме еді соның бәрі, Ол, міне, қыздың шартын орындады. Сүрініп кетсе жігіт келе жатып, Жүрегі түсіп кеткен қолындағы Ананың кезі бар ма кекті болған, Оқыста жүрек түсіп кетті қолдан. Ұмтылса топырақта жатқан жүрек: «Құлыным, байқасаңшы», - депті оған… Бұл – ананың баланы қаншалық шексізАл біздің бала кезімізде «Кім сендерді балалар сүйе -тұғын, Қуанышыңа қуанып, қайғыңа күйе -тұғын. Түн ұйқысын төрт бөліп, кірпік қақпай, Шешең байғұс дамылсыз жүре –тұғын. Кім сендерді, балалар тербететін, Еркелетіп, ойнатып, сергітетін? Жалқау болсаң, балалар, жаман болсаң, Қамқор анаң көз жасын көлдететін. Кім сендерді сағынар шетке кетсең, Ғылым іздеп, тез қайтпай, көпке кетсең. Ұмытпа, ең кемінде жұлдыз сайын, Хат жазып тұр, төбесі көкке жетсін. Кім сағынар сендерді келгеніңше, Құлындарын көзімен көргенінше? Сендер қайтып келгенде адам болып, Еш арманым болмас дер өле-өлгенше. Барша аналарға тән қасиет осындай депДін мұсылман жолында Әкені құрметтеу -Халқымыздың мақал - мәтелдерінен, даналық сөздеріненЖеті жеңге бірігіп - ана болмас»,-Қазақтар – « Төріңнен қарт Өзіңді өмірге келтірген, тіршілігіңе нәр бергенАта-анаға не істесең, алдыңа сол қайтады.Орыс жазушысы Лев Толстойдың «Қарт пен- Балам, не істеп отырсың?- деп- Ертең сендер қартайып, атам сияқтыАлайда, «Ананың көңілі – балада, баланыңБүгінде кейбір жастар ата-анаға ақша жағынанАта-анаға қажетті - баласынан күтері жалғызАбайдың: «Баланың жақсысы – қызық, жаманыАта-ананың сөзін сыйлап, құлақ асу, пікірлесОтбасындағы психологиялық оңды ахуал, татулық пенБалалардың ұрысқақ, жанжалқой, дөрекі-дөкірлігі әке-шешенің жатса-тұрсаБұған қарама-қарсы еңбекқор, кең пейіл, жарқынАта-ана да адам, сондықтан олардың қателесетін,Ұл-қыз әдептілігінің негізі – ата-ананы ризаАта-аналар, сіздер үшін Балаға дұрыс тәрбие беру – ата-ананыңБала тәрбиесі мәселесінде ата-ана арасында толықБаланың бойындағы ізгілік, жақсылық атаулының бәрін,Баланың адал да ізгі адам болыпБаланы еңбекке құрметтеу мен сүю Ересектер балаларды күн сайын сипайылыққа, сергектікке,Үйдегі жайлылық пен салауаттылықтың алғы шарттарыҮй ішіндегі татулық күйеуіне де, әйелгеСыпайылық және әдептіліктің ережелерін сақтау табиғи,Тату-тәтті тұру үшін ұстамды болып, өзін-өзіБАЛА, БАЛА, БОЛАШАҚ… Жерінде – бабасының, Елінде – атасының, Көңілінде - әжесінің, Қолында – анасының, Жолында – ағасының, Төсінде – даласының, Тапқан өз жарасымын, Мен – қазақ баласымын. Е. Өтетілеуұлы. Бала - әке-шешенің перзенті, ұрпағы. ЖынысАта-бабаларымыз бала тәрбиесіне ерекше назар аударып,Ата-бабаларымыз жазу-сызуды білмеген кездің өзінде деАта-заңды аттаған азғындарды «етігін кесіп, елденҚазақстанда 17 жасқа толған бозбала менБала ата-ана өмірінің жалғасы. Сол үшінАта-анаға көз қуаныш – Алдына алған еркесі, Көңіліне көп жұбаныш, Гүлденіп ой өлкесі, - деп, ұлы Абай баланың ата-ана қуанышы,Осындайда тағы да дана Абайдың сөзіБаланың ата-ана алдындағы ұлы парызы -Ұл-қыз ата-анасын қуанышқа бөлеп, бақытқа жеткізуБала өзін әлпештеп өсірген ата-анасын дәлӘдепті де адал ұл-қыз ата-аналарына көзіПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР: Абай. Қара сөздер. Поэмалар.- Алматы: Ел,Адалдық /Құраст. Н. Төреқұлов, Ө.Есназаров.- Алматы:Бұл жинаққа адалдық туралы шығармалар енгізіліпБалаларды туған жерді, туған елді, ОтандыАймауытов Ж. Ақбілек: Роман. - Алматы:240б. Айтматов Ш. Боранды бекет: Роман.- Алматы:Ақыш Н. Алтынбек Қоразбаев: Деректі повесть.Бұл деректі повесте қазақ халқының таланттыАсылбеков А. Бала тәрбесіндегі семьяның рөлі.Ахметова З. Шуақты күндер: Естелік, эссе.Кітап Ұлы Отан соғысының сұрапыл жылдарындаӘуезов М. Абай жолы: Роман-эпопея.- Алматы:1 кітап.- 320б. 2- кітап. - 352б. 3 –кітап.- 320б. 4- кітап.- 336б. Әшімұлы А. ... Жан бөлек.- Алматы:Бегалин С. Бала Шоқан. – Алматы:Берік болсын босаға: Деректі әңгімелер, очерктер,Қабанбаев М. Арыстан, мен, виоланчельЖазушы жинағындағы «Арыстан, мен, виоланчельПовесть кейіпкері сезімтал да ұшқыр қиялдыҚазақ ертегілері (Қиял-ғажайып және тұрмыс-салт ертегілері).-Құлжанов Б.Ж. Семьялық қарым-қатынастардың мәдениеті.- Алматы:Қоянбаев Ж. Балаларды семьяда тәрбиелеу. –Момышұлы Б. Ұшқан ұя: Шығармалар. –Жинақтың жас буын мен жалпы қауымғаМомышұлы Б. Ұяда не көрсең..: Әңгімелер.-Мұқанов С. Сұлушаш: Роман мен повесть.-Мүсірепов Ғ. Қазақ әйелі: Роман жәнеМүсірепов Ғ. Өмір жорығы: Әңгімелер. -Қазақ совет әдебиетінің көрнекті жазушысы ҒабитНазарбаев Н. Туған елім – тірегімБұл кітапқа Қазақстан Республикасының Президенті НұрсұлтанНұржекеев Б. Күтумен кешкен ғұмыр: РоманАдамгершілік қасиет, туған жерге деген сүйіспеншілік,Оңғарсынова Ф. Мен саған ғашық емесӨтеуова Ж. Семьяда оқушыларға эстетикалық тәрбиеСейдімбек А. Аққыз: Повестер мен әңгімелер.Соқпақбаев Б. Менің атым – Қожа:Соқпақбаев Б. Балалық шаққа саяхат: Повесть,Көрнекті балалар жазушысы Б.Соқпақбаевтың бұл жинағынаТал бесіктен жер бесікке дейін: ҚазақтыңШәкәрім Құдайбердиев. Шығармалары: Өлеңдер, дастандар, қараХ1Х ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдыңШәкәрім шығармашылығы өзінің диапазоны кеңдігімен ерекшеленеді.* Акбарова Ж. Жанұядағы тәрбиенің ерекшеліктері //БастауышАтайбекова Ғ. Иманды жан - әдептіАхметов С. Ата-ана не үшін өмірӘділбекова Ш. Қоғам – отбасы берекесіӘубакірова А. Отбасындағы сыйластық //Бастауыш мектеп.Бейсенбиева К. Бала – көңіл қуанышыБейсенбіқызы К. Ұрпақ қамы – елБердібайқызы Қ. Өнеге әуелі - отбасынанЕрмұханова З. Қазақстан – біздің үлкенЖәнібекова С. Абай отбасылық өмірі туралыҚабылова Қ. Халықтық педагогиканың балаҚожахметова К. Этнос субъектісін қалыптастыруда отбасыныңҚосақова Г. Баланың бас ұстазы –Миркенова Г. Отбасы тәрбиесінің маңызы //БастауышМұқашева Ғ. Тәрбиенің бастауы - отбасынанНеке және отбасы туралы: Қазақстан РеспубликасыныңНұғыспанова Ш. Отбасындаға бала тәрбиесі //БастауышОразбекұлы Қ. Отбасы тәрбиесі қанша кезеңгеОтбасы және неке //Ақиқат. – 2001.Сәденов Ж. Балаларды отаншылдыққа тәрбиелеу отбасынанбасталады // Бала тәрбиесі.- 2004.- №5.-Тастанова Р. Ата- аналардың әдептілігі //Түйетаев Б. Бұл - ұлттықЖОСПАР Кіріспе Негізгі бөлім 1. Отбасы – Отанымыздың ошағы 2. Отбасы берекесі – имандылықтан басталады...3. Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы4. Ата-ананың парызын, өтеу сенің 5. Бала, бала, болашақ... III. Қорытынды IV. Пайдаланылған әдебиеттер Қорытынды Тәрбиелі жастар мына ережелерді есінен шығармауЖұрттың бәрімен, әсіресе қартаң адамдармен қайуақытта болсын амандасып жүр. Денсаулығым жақсыдесең, өзгелердің де саушылығын сұрап амандас. Өзіңді, айнала қошаған табиғатты сүй. Өз бойыңдағы сараңдықты, жалқаулықты, тоқмейілдікті, екіжүзділікті,Ой мен істі бір-бірінен бөліп қарама.Қарапайым бол! Арақ ішпе, темекі тартпа. Түкке тұрмайтын нәрсеге бола ашуланбаңыз. Егер сіз дұрыс жасамасаңыз, кемшілігіңізді тезСәтсіздіктеріңізді емес, қуанышты күндеріңізді жиі ескеӨзге адамдардың ой-пікірі мен талап-тілегіне түсіністікпен«БӘРІ ДЕ ОТБАСЫНАН БАСТАЛАДЫ…» 1 – бөлім. Ақылды қария –Цитата: Сақалыңнан айналдым, қарт бабалар Ұрпағыңа не айтасың артта қалар? О, тірі шежірелер, қалдырыңдар, Қанеки, нелерің бар салтқа жарар. М.Мақатаев 2- бөлім. Әкеден – ақыл, АнаданЦитата: Анам маған: Үлкенді сыйла –Сол сөз маған ізгілік құйған ерен. Үлкендерден ауысқан кішілікті, Үлкендердің өзіне сиға берем. М.Мақатаев 3-бөлім. Ару деген атың бар... немесеЦитата: Қыз емес, қыздың аты қызылКөрінер толған айдай жүзі жарқын. Үлкеннің алдын орап, сөз сөйлемес Халықтың сақтай білген ізгі салтын. (Халық аузынан) 4-бөлім. Жігітте де жігіт бар ... Цитата: Атадан жақсы ұл туса, Елінің қамын жейді. Атадан жаман ұл туса, Елінің малын жейді. (Қазақтың мақалы/ мақал-мәтелдері) 20
23 наурыз 2018ж.2008-2017 topreferat.com - Қазақша рефераттар, курстық, дипломдық жұмыстар
www.topreferat.com
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлы - техникалық университеті
Кафедрасы
Реферат
Тақырыбы: «Отбасы тәрбиесінің негізі»
Орындаған: ПО - 13 тобының студенті
Салекенова А.Б.
Қабылдаған: Сагиров А.Е.
ОРАЛ - 2013 жыл
МАЗМҰНЫ
Кіріспе.......................................................................................................................3
1.1 Отбасы сипаттамасы және оның негізгі белгілері.........................................4
1.2 Отбасының негізгі қызметі...............................................................................5
2- бөлім. Отбасы тәрбиесінің негізі.
2.1 Отбасы тәрбиесіне жалпы анықтама...............................................................8
2.2 Отбасы тәрбиесінің даму тенденциялары.....................................................10
Қорытынды............................................................................................................13
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................14
Кіріспе
«Отбасы тәрбиесі» ұғымының өзі «отбасы» мен «тәрбие» категорияларының жиынтығы ғана емес, олардың синтезі де болып табылады. Оның қызметі мен рөлі, отбасындағы тәрбие толығымен қоғамдық өмір заңдылықтарына байланысты дамиды.
Отбасы - тарихи категория. Оның типтері, формалары және қызметтері өмір сүріп отырған өндірістік қатынастардың, жалпы қоғамдық қатынастардың сипатына, сондай-ақ қоғамның мәдени даму деңгейіне байланысты. Өз кезегінде отбасы да қоғам өміріне ықпал жасайды. Ол баланың туылуы, балалар мен жас өспірімдердің әлеуметтік орнын табуы, үй шаруашылығындағы еңбегі, өз мүшелерінің күші, рухани және адамгершіліктік - эстетикалық жағынан дамуына әсерін тигізу. Біздін қоғам үшін әр кезеңде, әр отбасында өсіп келе жатқан өрімдей ұл-қыздардың дені сау, рухани ойлау дәрежесі биік, еңбекке, білімге құштар болып өсуі, туған халқы мен отанына адал, өнегелі азамат болып өсуі - ең жоғары тілек, ең биік мақсат болып келген. Оның қуат алатын қайнар бастауы - отбасы. Сондықтан адамзат ұрпағына отбасының аса құнды ықпалы мен әсерін өмірдегі еш нәрсенің күшімен салыстыруға болмайды. Балаға ата – ана тәрбиесінің орнын ешнәрсе толтыра алмайды.
Бүгінгі қоғамдық жағдайда отбасы мәселелерін шешуде әр турлі саладағы мамандар өз пікірлерін ұсынуда. Олар нарық талаптарын ескерген демократиялық - құқықтық қоғамда отбасының құрылымдық моделі қандай болуы керек деген сұрақ аясында пікір таластырды. Сонымен, бүгінде ата-аналардың отбасы өмірін дұрыс ұйымдастырып, балада ұнамды қасиеттерді қалыптастыру үшін ең алдымен отбасының негізгі қызметі туралы түсініктері болуы қажет.
1- бөлім. Отбасы туралы ұгым және оның сипаттамасы
1.1 Отбасы сипаттамасы және оның негізгі белгілері
Отбасы - бірлесіп күн көретін туыстық қатынаста тұратын адамдар тобы. Балалар тәрбиесін жүзеге асырып, басқа да қоғамдық тұрғыдан мәнді кажеттіліқтерді қанағаттандыратын некелік немесе туыстық қатынастармен байланысқан адамдар тобы.
Салауатты отбасы - өркениетті қоғамның талабы. Ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отыратын дәстүрлер мен ізгі мұраттар тек отбасында ғана дамып, байытыла түседі. Адамды өзара түсіністікке алып келетін шынайы да тұрақты сүйіспеншіліктің дәстүрлері де тек салауатты отбасында қалыптасады. Тәрбиенің бастапқы әліппесін бала отбасында алып, онда ізгіліктің, адамгершілік тәрбиесінің негізі қаланады. Тұлғаның өсіп жетілуіне ықпалы ерекше болғандықтан, отбасы тәрбиесіне әлеуметтанушылық, психологиялық және педагогикалық зерттеулерде ерекше көңіл бөлініп, «отбасы» ұғымына мынадай анықтамалар берілген. Мәселен, Р. Н. Нұрғалиевтің 1996 жылы жарық көрген философиялық сөздігінде: «Отбасы-әлеуметтік қауымдастықтың түрі, ерлі-зайыпты одаққа және туыстық байланыстарға, яғни ері мен әйелінің, ата-аналар мен балалардьң, аға інілер мен апа-қарындастардың және бірге туып, ортақ шаруашылық жүргізетін туыстардың арасындағы сан алуан қатынастарға негізделген жеке тұрмысы» десе, Ж. Қоянбаевтың педагогикалық еңбегінде: «Отбасы - ол бірге тұратын некеге негізделген немесе қандас туыстар (әке, ана, бала...) тобы» деп анықтама берілген. Ғалым-педагог өзінің зерттеуінде отбасы баланың «Өмір жолын бастайтын және қоршаған шындық, орта туралы тиянақты да терең әсер алатын ұжымы екенін, соның негізінде онда білім, әдет, мінез-құлық пен өмірге деген көзқарастың қалыптасатынын дәлелдеп көрсетеді. Айтылған анықтамаларға сүйене отырып, отбасыньң мынадай белгілерін айқындап көрсетуге болады:
1) Отбасы өзара туысқандық қатысы бар, әртүрлі жастағы және әртүрлі құқылы адамдардан біріккен ұжым;
2) Оларды ерлі-зайыптылық, ата-аналық, балалардың ата-аналарына, ересектердің кішілерге және бір-біріне деген қарым-қатынас жасау міндеттері байланыстырып тұрады;
3) Ата-аналар мен балалар бір-бірінен бірі отбасын басқарумен, екіншілері сол отбасында тәрбиеленумен ерекшеленеді;
4) Отбасы өмірі әртүрлі материалдық (биологиялық, шаруашылық) және рухани (адамгершілік, құқықтық, психологиялық, эстетикалық) үрдістермен сипатталады.
Ал отбасының әлеуметтік рөлі адамның өзін өсіруге, адам тегін ұзартуға тікелей қатысымен анықталады. Ұлы ғұлама әл-Фараби мемлекеттi басқару үшiн ең алдымен кiшi мемлекет болып табылатын отбасын басқару шеберлiгiн меңгеру маңызды деп ой түйiндейдi. Отбасын басқару және ондағы адамдардың міндеттері туралы ғалым үйдің белгілі бір бөлшектерден құралатынын, оларды ері мен әйелі; қожайыны мен қызметшісі; әке-шешесі мен баласы; мүлкі мен мүлік иесі деп көрсетіп, отбасы басшысының міндеттері мен құқығын ерекшелеп көрсетеді. Бірақ ұлы ғұлама сол отбасының немесе үйдің әкімі ер азамат па немесе әйел баласы болады ма, оны атап көрсетпейді. Себебі оны басқару кімде-кім сол төрт бөлікті біріктіріп, ынтымағын жарастырып отырса, сол әкім болады дегенді меңзейді. Осы пайымдаулары арқылы ғалым заманның ағымына қарай отбасының өзі де, оның құрылымы мен мазмұны да сан қилы өзгеріске ұшырайтынын болжағандай.
1.2. Отбасының негізгі қызметі.
Бала тәрбиесі - отбасының жүйелі түрде жүргізген жұмысының нәтижесі. Өйткені баланың уақытын дұрыс ұйымдастыра білу, оның мектепте алған тәлім - тәрбиесінің қалыптасып, отбасында жалғасын табуы бәрі де ата-ананың басшылығы арқылы жүзеге асырылады.
Ата - ананың бала тәрбиесіне ықпал ете білу шартының бірі - олардың баламен әділ сөйлесіп, ашық пікірлес болуы. Осылай өзара қарым-қатынас баланы еріксіз ата - анаға жақындатып, олардың айтқандарын шын ықыласпен қабылдауға мәжбүр етеді. Балаларды ізеттілікке, адамгершілікке, еңбекқорлыққа және т.б. қасиеттерге тәрбиелеуде отбасының мүмкіндіктері ерекше. Отбасында баланың жан-жақты өсіп дамуы үшін қажетті жағдай - еңбек. Бала еңбегінің негізгі түрі - оқу. Баланың жақсы оқып, табиғат пен қоғам өміріндегі заңды құбылыстарды жан-жақты түснуі - оның болашағына жол ашады. Көп балалы отбасыларында баланы тәрбиелеу үрдісі анағұрлым жеңіл әрі нәтижелі болмақ. Себебі онда балаларды болашақ өмірдің қиындықтарына дайындау қызметі жақсы атқарылады. Балалар бақшасында, мектепте көп баланың ішінен мұндай отбасынан шыққан сәбиді не жасөспірімді ешбір қиындықсыз оңай ажыратуға болады. Бұл балалар биязы, пысық, іске икемді, өз бетімен жұмыс істей алатын, көбінесе оларда жүрек жылылығы, басқаға деген қамқорлық басым, менмендік, өзімшілдік аз. Олардың сабақ үлгерімі де отбасындағы жалғыз балалар үлгерімінен аз да болса ерекшеленіп тұрады.
Көптеген зерттеу жұмыстарының нәтижесін қорытындылай келе, көп балалы қазақ отбасыларында тәрбиелеудің жеңілдігі мынадай төрт бағытта жүзеге асырылады деп тұжырым жасауға болады:
1. Балаларды отбасында ерте кезден үлкенді сыйлауға үйретеді. Олар әртүрлі жолмен жүзеге асырылады. Ең бірінші жолы - ата-аналардың өз өнегелері. Содан соң отбасылық салт-дәстүрлер, әдет-ғұрыптар, әр түрлі нанымдар мен тыйымдар және т.б;
2. Отбасындағы балаларға жүйелі түрде өз бауырларына қамқоршы да көмекші болу керектігін, олардың болашағына жауапкершілікпен қарауды түсіндіріп, сендіріп отырады;
3. Балаларды өз бетінше еңбектенуге, қоршаған ортаға, адамдарға үнемі көмектесуғе дайын болуға тәрбиелеп, адамдық қасиеттер негізін қалайды;
4. Жастайынан өнерге баулып, шығармашылық қабілеттілігін (сөз шешендігі, қарым-қатынас мәдениеті, күй, ән т.б.) қалыптастырады.
Кейбір отбасыларында тәрбиелік маңызы бар өзінше қалыптасқан дәстүрді байқауға болады. Осы дәстүр отбасындағы күнделікті еңбек әрекетін жолға салып, тәлім-тәрбие жұмысын жоғарылатып, жақсы сапаға жеткізеді. Баланы жан-жақты дамытып, ынталы, жігерлі болуын жетілдіру мақсатында жүргізілетін жұмыстарда, әсіресе, отбасының рөлі зор. Сонымен, қазақ отбасындағы тәрбиелік ықпалды біріне-бірі ұштасып жатқан үш сатыдан тұрады деуге болады. Ол ата-әже, әке-шеше, ұл мен қыз - осы үш ұрпақтың арасындағы міндеттері мен парыздары. Әрбір ата-ана ұл-қыздарын бағып, тәрбиелеп, оларды жақсы азамат, бауырмал, еңбекқор етіп тәрбиелеумен қатар, өздерін кезінде тәрбиелеп өсірген ата-аналарын күту мен оларға қызмет көрсету парызын өтеуге борышты. Өз кезінде олардың да балалары өз парыздарын осылайша өтейді.
2-бөлім. Отбасы тәрбиесінің негізі.
2.1 Отбасы тәрбиесіне жалпы анықтама
«Отбасы тәрбиесі» ұғымының өзі «отбасы» мен «тәрбие» категорияларының жиынтығы ғана емес, олардың синтезі де болып табылады. Оның қызметі мен рөлі, отбасындағы тәрбие толығымен қоғамдық өмір заңдылықтарына байланысты дамиды. Отбасы баланың жеке басының қалыптасуына екіжақты әсер етеді:
- Біріншіден, отбасының материалдық жағдайын сипаттайтын өзіндік өмір сүру дәстүрі арқылы, яғни отбасы мүшелерінің материалдық жэне рухани қажетсінуі мен әлеуметтік құндылықтары арқылы.
- Екіншіден, әлеуметтік және белгілі бір мақсатқа бағытталған әсер арқылы. Бұл көбінесе отбасындағы негізгі көзқарас пен тәрбие үрдісі қоғамның тәрбиелік мақсатына ,идеялық, адамгершіліктік және эстетикалық талаптарына қаншалықты сәйкес келуіне байланысты жүзеге асырылады. Қазақ педагогикалық энциклопедия сөздігінде отбасы тәрбиесі ұғымы былайша түсіндіріледі: «Отбасы тәрбиесі - туысқандық қарым-қатынастар мен тұрмыс жайттары балаға үздіксіз ықпал етуші тәрбиелік күш». Отбасы тәрбиесінің мәнін ашу үшін «тәрбиелеу» және «әлеуметтендіру» ұғымдарын байланыстырып қарастыру қажет. Бүгінге дейін педагогикалық әдебиеттер мен мемлекет тарапынан жарық көрген құжат-тұжырымдамаларда «тәрбие» ұғымына әртүрлі анықтамалар беріліп келді. 1993 жылы қабылданған тәлім-тәрбие тұжырымдамасында: «Тәрбие - халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған озық тәжірибесі мен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру, баланың қоршаған ортадағы қарым-қатынасын, дүниетанымын, өмірге деген көзқарасын және соған сай мінез-құлқын қалынтастыру» - деп анықтама берілсе, ал қазақ педагогикалық энциклопедия сөздігінде: «Тәрбие - қоғамдық, өндірістік және мәдени өмірдің белсенді қатысушысын даярлауды мақсат етіп қойған жеке адамды қалыптастырудың жүйелі процесі» делінген. Демек тәрбие - бұл қоғам талабына сай адамды қалыптастыруда белгілі бір мақсатқа сәйкес жүйелі әрі саналы түрде әсер ету болып табылады екен. Тәрбие жан-жақты дамыған, кең ауқымдағы көп мәдениеттілікті бойына сіңірген адамды қалыптастыруды көздейді. Бұл үрдіске әсерін тигізетін факторлар көп. Оқушыларды әлеуметтендіруге ықпал ететін негізгі факторларды ескере отырып, тәрбиені отбасы тәрбиесі және қоғамдық тәрбие деп екі түрге бөлуге болады. Олай болса, тәрбие қоғамдық өмірдің жалпы және қажетті категориясы болып табылып, тәрбиенің мақсат-мазмұны, ұйымдастыру түрі, әдісі қоғамдық қатынастардың тарихи дамуына сәйкес өзгеріп отырады.
Кейде «тәрбиелеу» ұғымы «әлеуметтендіру» ұғымымен сәйкестендіріліп түсіндіріледі.
Әлеуметтендіру - латынның «социалус» деген сөзінен аударғанда «қоғамдық» деген мағынаны білдіреді. Яғни, қоғамдандыру немесе қоғамда өмір сүруге икемдеу деген сөз.
Дүниені және өзін әлемнің шағын бір бөлігі ретінде тани келе, адамдармен әртүрлі қатынастарда, оның материалдық және рухани тұтыну қажеттерін өтейтін қатынастарда бола отырып, бала қоғамға кіреді, оның мүшесі болады. Жеке адамның қоғамға осылайша араласу процесін, яғни жеке адамның қалыптасу процесін әлеуметтендіру деп атайды» деген.
Әлеуметтендіру тәрбие жүйесінде жеке тұлғаны белгілі бір мақсатта әрекетке түсіру кезінде жүзеге асырылады. Оған бірнеше факторлар ықпал етеді. Олар отбасы, отбасынан тыс тәрбиелік мекемелер және оқу орындары, еңбек ұжымдары, қоғамдық ұйымдар, жолдастар, таныстар және т.б. Соның ішінде негізгі фактор отбасы болып табылады. Бүгінгі нарықтық қатынас отбасына және ондағы тәрбие үрдісіне үлкен әсерін тигізіп отыр.
2.2. Отбасы тәрбиесінің даму тенденциялары
Өмір тәжірибелері мен ғалымдар зерттеулері (А. А. Вербицкий, Э. Д. Днепров т.б.) отбасы тәрбиесінің мынадай даму тенденцияларын бөліп көрсетуге мүмкіндік береді.
1-тенденция. Отбасы тәрбиесінің әлеуметтік тенденциясы Нарықтық қатынас жағдайында жеке тұлғаның қалыптасуында отбасының жаңа тұрғыдағы рөлі айқындалып келеді. Ол - отбасының әлеуметтік рөлі. Бүгінгі отбасы нарық талаптарын мойындап, қоғам ағынымен өмір сүруге бейімделе бастады. Нарықтық қатынас кезеңінде отбасына қатысты жана экономикалық ұғымдар пайда болып қолданылуда. Бүгінгі әрбір отбасының материалдық, экономикалық жағдайы ең алдымен табыс табу мәселесінің шешілуімен байланысты болып отыр. Әлеуметтік жағдайы жақсы отбасыларындағы балалар жоғары сапалы ақылы мектептерде білім алып, өнер, спорт және басқа тәрбие институттарында тәрбие алуға мүмкіндік алды. Отбасы тәрбиесі мен балалар болашағын жоспарлау, ең алдымен әрбір отбасының әлеуметтік жағдайына қарай жүзеге асады. 2-тенденция. Тәрбиенің индустриялылығы тенденциясы, яғни бүгінгі қоғам өміріндегі өндірістік қатынастардың жан-жақты дамып, отбасы өміріне ықпал жасауы. Қоғамның мәдени даму деңгейіне байланысты мектеп пен отбасы тәрбиесі өзгеріске түсті. Қазіргі өзіміз ғұмыр кешіп отырған қоғамның балаларына қарасақ тіптен өзгеше, оларды тәрбиелеу күрделі. Өйткені қазіргі компьютерлендіру заманында олардың алатын ақпарат көлемі бұрынғыдан да көп. Соған байланысты, балаға тәрбие беруші адамдардың білімі, тәжірибесі барған сайын үлкен жауапкершілікті талап етеді. Сонымен қатар, әрбір отбасы қоғамда пайда болған өндіріс құралдарын пайдалануға мүмкіндік алды. Оған әрбір отбасында компьютердің пайда болуы, жоғары сапалы фотоаппараттар мен бейнекамералар, интернет желісін пайдалану және т.б. құралдардың күнделікті тұрмыста қолданылуы дәлел бола алады. Бұл үрдіс «қоғам- мектеп-отбасы» бағытымен жүзеге асуда.
yaneuch.ru
Отбасы әлеуметтануы. Жоспары: 1. Отбасы және неке ұғымдары. 2. Отбасының негізгі типтері. 3. Отбасының атқаратын функциялары мен құрылымы.. 1. Социология ғылымының негізін салушы О.Конттың айтуы бойынша қоғамды танып-білу үшін ең алдымен отбасыға көңіл бөлу керек дейді. Отбасы О.Конттың пікірінше қоғамды құрушы негізгі элемент болып табылады және ол әлеуметтік өмірдің мектебі. Отбасы социологиясы жанұяны әлеуметтік институт ретінде қарайтын социологиялық бағыт болып табылады. Отбасы секілді әлеуметтік институтты тарихи дамудың қозғаушы күшіне жатқызуға болады. Отбасы қоғамдық қатынастар мен процестердің алуан түрлі формалары біртұтас болып ұштасатын комплексті әлеуметтік құбылыс болып табылады. Сондықтан да отбасына әлеуметтік тұрғыдан ғылми зерттеу жүргізу оңай емес. Адам мен қоғам үшін отбасының маңызы , атқаратын қызметі алуан түрлі болғандықтан оны зерттеуші қоғамдық ғылымдар да көп. Ол ғылымдардың әрқайсысы отбасына өз анықтамасын беруге тырысады. Социология ғылымы оны былай анықтайды: отбасы дегеніміз-тарихи өзгеріп отыратын әлеуметтік топ-оның жалпы белгілері –бөтен адаммен жыныстық байланыс орнату, туысқандық қатынамстар жүйесі, адамның әлеуметтік және жеке дара адамгершілік сапаларын қалыптастырып дамыту, белгілі бір экономикалық қызметті іске асыру. Қысқасы отбасы еркек пен әйелдің табиғи жыныстық және басқа қажеттерін өтеп, ұрпақ өсіру арқылы қоғамды қалпына келтіре дамытушы әлеуметтік топ болып табылады. Отбасының жоғарыда келтірілген анықтамасы бойынша , ол отбасындағы қатынастар, оның құрылымы мен формасы тарихи өзгеріп отыратын әлеуметтік топ балып табылады. Неке дегеніміз-отбасының заң жүзіндегі негізі, әйел мен еркектің өзара түсінісу еріктілігі негізінде құралатын одағы, адамның әлеуметтік табиғи , сонымен қатар адамгершілік-эстетикалық қатынас. Некеге тұруға ешкім ықтиярсыз көндірілмейді, бірақ некеге тұрған адам неке заңдарына бағынуы тиіс. Қазақстан Республикасының Ата заңында : “Заңда белгіленген жасқа толған еркектер мен әйелдердің некелесіп, отбасын құруға құқығы бар. Неке ерлі-зайыптылардың ерікті түрде келісуіне және құқық теңдігіне негізделеді”-деп көрсетілген. Некеге тұру біздің елімізде (ЗАГС) тіркеуден өтеді. Ертеректе неке суын ішу мешіт арқылы да іске асырылған. Қазір әлемнің көптеген елдерінде шіркеуде тіркеледі. ЗАГС арқылы жүргізу қазіргі азаматтық заңдардан туындаған. Себебі ажырасқан жағдайда негізгі құжат сол болады, балаға материалдық кепілдеме алу, дүние-мүлікті бөлісу де сот арқылы шешіледі. Некеге тұру жасы біздің Конституциямызда 18 деп көрсетілген, Украина мен Өзбекстанда 17 жас. Қалай болғанда да некенің заң жүзінде немесе дін ұйымдары арқылы тіркелуі жұбайлардың міндеттерін қалыптастырады, жауапкершілігін арттырады. Некелік құқықты енгізу, жұбайлар арасындағы бұл қатынастардың пайда болуы-тарихи заңдылық қана емес, ол тарихи прогрессивтік уақиға, адамгершілік, эстетикалық қатынасты байытатын тарихи құбылыс. Некеге тұру ер мен әйелдің жауапкершілігін арттыратынын жоғарыда айттық. Соған байланысты өмірге жаңа адам келеді. Қоғамның материалдық негізі-экономика, өндіріс, ал өндіріс адамның іс-әрекеті арқылы дамиды. Ол үшін ұрпақ жалғасы үнемі дамып отыруы керек. Демек, некелесіп отбасын құру адамзат ұрпағын дамытудың бірден-бір негізі болып табылады.
Адамдардың өндіріс тәсіліне сәйкес отбасы да әлеуметтік топ ретінде тарихи өзгеріп, дамып отырады. Отбасының тарихи дамуының ғылыми-материалистік теориясын жасай отырып, Ф.Энгельс американдық ғалым Льюис Морганның (1818-1881) этнологиялық зерттеулерін пайдаланады. Морган ұзақ уақыт бойы солтүстік Американдық үндістер-ирокездердің Сенека тайпасында тұрып, жүргізген байқауларын, атап айтқанда, олардың туысқандық және отбасылық қатынастарына жасалған эерттеулерінің нәтижесін пайдаланды. Морганның зерттеулерінде негізделген жорамалдар бойынша , адамзат қоғамы тарихының бастапқа кезегінде адамдар арасындағы жыныстық қатынастарға ешқандай шек қойылмаған-үлкендер мен жастар, балалары мен ата-аналары қатынаса берген. Бұл жабайы жартылай жабайы кен болған. Морганның және басқалардың зерттеушілердің дәлелдеуіне қарағанда , отбасылық қатынас промискуитет деп аталатын бұл кезеңнен кейін бір қандастар отбасы –синдиасмикалық отбасы және моногамдық отбасы кезеңдерінен өткен. Бір қандастар отбасы топтық некеге негізделеді., ал мұнда жыныстық қатынастар тек бір ұрпаққа жататындар арасында ғана рұқсат етіледі. Бір ұрпаққа жататындардың барлығы , яғни аға-інілілер мен апа-сіңілілілер туысқандығына қарамастан бір отбасы құрған. Мұндай отбасы эндогамдық (жақын туыстар арасындағы жыныстық қосылу) топ болады, өйткені оған бір руға немесе тайпаға жататындар кіреді. Қазіргі кезде мұндай отбасы жоқ, бірақ кейбір халықтарда ағайынды екі адамның балаларының үйлену фактілері кездеседі.(өзбектер,араптар т.б) Бұдан кейін біртіндеп эндогамдық принцп экзогамдық принциппен, яғни ру аралық некелесу формасымен ауысады. Бұл формада бір рудың қыздары басқа рудың бір топ туысқан жігіттеріне шығатын болған. Бұл бір әйел мен бір еркектің тұратын отбасыға көшудің алғашқы қадамы болып табылады. Бір еркек пен бір әйелден тұратын моногамдық отбасына өтудің тарихи типі синдиасмикалық отбасы болды-ол жабайылықтан варварлыққа өту кезеңінде пайда болды, ал полигамия (көпнекелік қатынас) тек еркектердің ғана правосына тиді. Отбасының бұл формасында баланың шын биологиялық әкесі белгілі болатын болды да, мұның өзі рулық қоғамның ыдырап, жеке меншіктің , қосымша өнімнің шығуына , сөйтіп моногамды отбасының(бір некелік отбасы) тууына жағдай жасайды. Моногамдық отбасы патриархалды қатынастарға негізделгендіктен отбасының басшысы еркек болды, отбасының ажырасуы да еркектің ғана еркімен болатын болды.
Қазіргі заманғы отбасының негізгі типтері. Қазіргі заманда бір типті отбасы жоқ. Отбасылық қатынастардың формалары түрліше болуының себебі белгілі бір қоғамның даму дәрежесімен және ондағы қоғамдық қатынастардың сипатымен анықталады. Қазіргі кезде бар отбасының типтері мыналар: тотемдік қауым (ру), патриархальды туыс топ, патриархальды отбасы және жеке отбасы. Патриархальды туыстар тобы (туыстық отбасы) өткен замандарда үндіевропалық халықтардың бәрінде болған, ал кейбір халықтарда қазір де бар. Бұл отбасында бірнеше ұрпаққа жататын отбасы мүшелерінің бәрі туысқан аға-іні, апа-сіңілі болып табылады. Отбасының басшысы біреу-ол отбасының атасы болып табылады. Ұрпақтардың шығу түріне қарай бұл отбасы матриархальды немесе патриархальды отбасы болады. Біріншісі отбасының ең көне түрі. Мұнда көп күйеуі болу жиі кездеседі. Мұндай отбасы тибеттіктерде және Оңтүстік Индияда тұратын тода деген халықта кездеседі. Моногамды патриархальды отбасында оның басшысы мүліктің бірден-бір иесі болып саналады. Бұл жеке меншіктің шығуына байланысты болған отбасылық қатынас. Жеке отбасы –бүгінгі таңда дүниеде ең кең тараған отбасының түрі. Бұл отбасы енді тек әлеуметтік топ қана емес, сондай ақ заң жүзінде бекітілген топ. 3. Отбасының маңызы оның атқаратын қызметі арқылы анықталады. Екінші сөзбен айтқанда, отбасының мазмұны мен қатынасы тікелей байланысты. Отбасы қоғамның бастапқы ұясы, қоғамдық әлеуметтік құрылымның негізгі элементтерінің бірі бола отырып, көптеген әлеуметтік қызметтерді атқарады. Отбасының бірінші міндеті –ұрпақ жалғастыру қызметі. Бұл барлық тарихи кезеңдерде қоғам үшін де, жеке адам үшін де маңызды қызметі болып келеді. Бірақ жұбайлардың балалы болу тілегі , қоғамның қай кезеңінде болмасын, оны қанағаттандыратын әлеуметтік жағдайларға сәйкес өзгеріп отырған., қазір де солай. Мысалы патриархальды отбасы –шаруашылық экономикалық қажеттіліктен туған. Қоғам әртүрлі әлеуметтік саясатты басшылыққа ала отырып, яғни өмірге адам әкелудің экономикалық, саяси, әлеуметтік жағдайларын жасай отырып, ерлі-зайыптылардың өз тілегінен көп не аз баласы болуына итермелейді. Мыс, Қытай отбасында бір бала ғана болу саясаты жүргізілді. Бұл тарихи факт. Мұның зиянды жағы-отбасында бір баланың болуы ұрпақ жалғасуына, халқтың өсуіне кері әсерін тигізеді. Соның нәтижесінде туу азаяды да, елдің еңбек ресурстарының негізі болатын жұмысқа қабілетті адамдар азайып кетеді. Бірақ халқының саны 1 млрд-тан асқан Қытайда шектеулі жер аумағына шамадан артық адам санын орналастыру мүмкіндігінің жоқтығы бала табу мөлшеріне шек қоюға мәжбүр етті. Отбасының екінші маңызды қызметі- материалдық-экономикалық және тұрмыстық-шаруашылық мәселелері. Отбасының бұл қызметі қазіргі уақытта бірінші орынға көтерілді., себебі халықтың әлеуметтік жағдайы төмендеп кетті. Сонымен бірге отбасы мүшелерінің экономикалық тәуелділігі артты., әсірісе көп балалы отбасында. Отбасы мүшелерінің шаруашылық-тұрмыстық қызметін ерлі-зайыптылар бірігіп атқаруы қажет. Бұрынғы кезде әйел үйде үй шаруасын жүргізді, бала туды, оны тамақтандырып тәрбиеледі, ал ері шаруашылық жұмысын жүргізді, отбасының экономикалық дербестігіне жағдай жасады. Қазір жағдай өзгерді. Әйелдер ерлермен бірдей жұмыс істейді. Сондықтан шаруашылық-тұрмыстық қызметті бірігіп атқару өмір талабына айналды. Отбасының қызметтерінің бірі-тәрбиелеушілік қызметі; оны қоғамдық тәрбиенің ең тиімді деген жүйесі де алмастыра алмайды. Оның негізгісі-баланы өмірге келтіру ғана емес, сонымен бірге оған әлеуметтік –мәдени ортаның құндылығын қабылдаттыру , үлкен ұрпақтың тәжірибесін жас ұрпаққа жеткізу, бойына сіңірту, яғни балаларын өздерін қоршаған ортаға және қоғамға пайдалы азамат етіп өсіру әке-шешенің маңызды міндеті. Отбасының тәрбиелеушілік міндетіне тікелей байланысты оның тағы бір қызметі бар. Оны дамытушы міндет деп атауға болады. Ата-аналар балалардың жеке ерекшеліктерін неғұрлым ертерек байқау керек. Сонда ғана балалар өздерінің ішкі қабілеті мен дарынын тез дамытады. Жас күнінен бастап олардың қабілетін байқап, оған сәйкес тәрбиелеу бағдар беру қажет. Отбасының жыныстық міндеті де бар. Отбасының бұл міндеті жайлы соңғы уақытқа дейін айтылмай келді, ал бұның маңызы басқа қызметтерінен бір де бір кем емес. Зерттеушілердің көрсетуіне қарағанда, жыныстық жағынан сәйкестік рухани сәйкестіктен кейін үшінші орын алады. Отбасының қүұрамы деп олардың мүшелерінің өзара жиынтығын айтамыз, оған туысқандықтан басқа рухани, азаматтық қатынастар, билік, бедел қатысы да жатады. Отбасының туысқандық құрылымы, біріншіден жұбайлар мен балалар, екіншіден балалары мен жұбайлары және әйелдің не болмаса ерінің бірге тұратын туыстары , немере-шөберелерден тұрады. Жұбайлардың өзара билік белесіне сәйкес отбасының екі түрі болады. 1. Демократиялық; 2. Традициялық немесе авторитарлық. Бала санына байланысты 4 түрлі отбасы болады: 1. Көп балалы; 2. Орташа (екі балалы) 3. Бірбалалы; 4. Баласыз отбасылар. Отбасы әртүрлі басқа жағдайларға байланысты да топқа, түрге бөлінеді. Олардың шартты сипаты түрліше. Мысалы, баланы тәрбиелеу әсеріне қарай жайлы және жайсыз отбасы болады. Материалдық жағдайына қарай, табысына қарай да отбасы жоғары, орта,төмен болып бөлінеді.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
Оқытушы мен студенттің өзіндік жұмысы
Тақырыбы: Отбасы әлеуметтануы
Орындығын: Дуйсенова Р.Е.
Тексерген: Ешниязова А.Ч
.
Ақтөбе 2013 жыл
referat911.ru
Отбасы әлеуметтануы
1. Отбасы әлеуметтік институт ретінде
2. Отбасының түрлері
3. Отбасының құрылымы мен қызметі
Отбасы –бұл қандық туыстық (биологилық) неке және асырап алу негiзiнде бiрiккен, тұрмыстық жағдайының ортақтығына және бала тәрбиелеуге деген жауапкершiлiкпен байланысты адамдар тобы; Отбасы мүшелерi әдетте бiр үйде тұрады. Отбасыны –жұбайлардың бiр-бiрiмен қарым-қатынасы, ата-аналары мен балаларының қарым-қатынасы ретiнде, топ мүшелерi бiр-бiрiмен некелiк және туысқандық қарым-қатынас, тұрмыс жағдайының ортақтығы мен бiр-бiрiне деген моральдық жауапкершiлiк негiзiнде байланысқан кiшi топ ретiнде анықтауға болады.
Отбасы социологиясы жалпы социологияның бiр саласы ретiнде, орта деңгей теориясы ретiнде жанұялық-туыстық қарым-қатынастар негiзiнде байланысқан әрекет етушi кiшi топтың (отбасының) өмiрiлiк қызыметi мен мәдениетiнiң сферасын зерттейдi. Негiзгi назарды отбасы мүшелерiнiң бiрiккен өмiрлiк қызыметтерiне, өмiрдiң отбасылық дәстүрiне аударады. Отбасы социологиясы жеке субъекттiлердiң мәселесiмен емес топтың мәселесiмен айналысады.
Отбасылық өмiрлiк қызметтiң топтық сапасын ескере отырып отбасы социологиясы индивидтi отбасы мүшесi ретiнде, тұтастың бiр бөлшегi ретiнде зерттейдi. Тұлғаның iшкi отбасылық әлеуметтiк-мәдени рөлiн, отбасылық жағдайын қарастырады. Отбасы социологиясында тұлға нақты күйеуi не әйелi, әке не шеше, бала не қыз ретiнде қаралады,
Сонымен отбасы социологиясы адамдардың кiшi топтарының бiрiгiп өмiр сүруiндегi отбасылық-туыстық формаларын, отбасылық өмiр дәстүрiн жалғыздық-бойдақтық өмiрмен салыстырып зерттейдi. Ата-аналық-жұбайлық-туыстық қатынастарының бiр-бiрiмен байланысын бiрлiкте тұтас және т.б. отбасылармен бiрге зерттейдi.
Отбасының тарихи формалары.
Отбасының түрлерiн некелiк, туысқандық, ата-аналық және т.б. сипаттары бойынша анықтауға болады. Отбасының қазiргi кезде негiзгi екi түрiн көрсетуге болады:
1. Нукелеарлы отбасы-әке шешесi және балалары, кейбiреулерi ержеткен және бөлек тұрады. Бұл отбасы формасында тек екi ұрпақ (поколение) қана тұрады.
2. Кеңейтiлген отбасы-бұл өзiне нукелеарлы отбасыны және көптеген туысқандарын қамтиды. Мысалы, ата-әже, немерелер, әпке, көке, немере аға,т.б.
Неке формасына байланысты отбасы келесiдей түрлерге бөлiнедi:
1. Моногамия- бiр неке дегендi бiлдiредi, бiр еркектiң бiр әйелмен некеге отыруы.
2. Полигамия-бұл көп неке дегендi бiлдiредi. Бұл неке формасында бiр адам бiрнеше адаммен некелседi. Полигамия екiге бөлiнедi:
- Полигиния-бiр еркектiң көп әйелмен некелесуi.
- Полиандрия- бiр әйелдiң көп еркекпен некелесуi.
3. Эндогамия-тек өз тобының адамымен некелесу.
4. Экзогамия-өз тобынан емес басқа топтың адамымен некелесу.
5. Топтық неке-бiрнеше еркекпен бiрнеше әйелдiң некелесуi.
Сонымен отбасының келесiдей түрлерiн көрсетуге болады:
Отбасы формалары:Нукелеарлы Кеңейтiлген
Неке түрлерiне байланысты Моногамия Полигиния Полиандрия
Таңдалған партнерға байланысты Экзогамия Эндогамия
Тұратын жер таңдауларына байланысты
Патрилокальды -жаңадан үйленгендер күйеуiнiң әке-шешесiнiң үйiнде тұрады.
Матрилокальды -жаңадан үйленгендер әйлiнiң әке-шешесiнiң үйiнде тұрады.
Неолокальды -әке-шешесiнен бөлек тұратын отбасылар.
Қазiргi кезде жастар қайсысының әке-шешесi үй-жаймен қамтамасыз ете алса соның әке-шешесiмен бiрге тұрады. Бұндай отбасыны унилокальды отбасы деймiз.
Билiк ету белгiсi бойынша
Патриархальды-отбасының басшысы еркек болып табылады.
Матриархальды-отбасыда әйел билiк етедi.
Эгалитарлық-екеуi тең билiкке ие болды, мәселе ситуациялық жағдайға байланысты шешiледi.
Партнерлiк отбасы-екеуi бiрiгiп отбасы мәселесiн талқылап бiрге шешедi. Егер күйеуi үлкен әсерге ие болса- онда ол күйеуi үстемдiк етушi партнерлiк отбасы. Ал, әйелi үлкен әсерге ие болса-ол әйелi үстемдiк етушi партнерлiк отбасы деп аталады. Сонымен қатар шешiм қабылдау жұбайлардың бiреуiне ғана тиесiлi болатын автономды отбасы деген отбасы формасы бар.
Жұбайлардың (немесе ата-аналарының) әлеуметтiк жағдайларына байланысты
Галиогендi-жұбайлар бiр қабаттан, бiр стратадан болады
Гетерогендi-жұбайлар әртүрлi қабаттарға страталарға, әлеуметтiк топтарғ кiредi.
2. Отбасының құрлымы мен қызметтері.
Қазіргі таңда отбасыларды құрлымына қарай клесідей етіп бөледі. Мысалы; әлеуметтік таптық белгілеріне қарай – жұмысшы отбасы, ауылшаруашылық өндірістік отбасы т.б; орналасу ерекшеліктеріне қарай - қалалық, ауылдық отбасы; ұлттық белгілері бойынша бірұлтты, ұлтаралық; құрылған уақтысына қарай – жас отбасы, жастар отбасы, бал күткен отбасы, орта дас отбасылар, жасы жеткен отбасылар, үлкен жас шамасындағы отбасылар; отбасы мүшелерінің санына байланысты – баласыз отбасы, аз балалы отбасылар, көп балалы отбасылар. Сонымен қатар толық емес отбасылар, күрделі отбасылар, кең отбасылар, немесе үйде біреуінің басшылық ету типіне байланысты – авторитарлық әлде тең басқарушылық жағдайында эгалитарлық отбасылар деп бөлінеді.
Отбасылық ерекше жағдайларға байланысты:
- студенттік отбасы;
- дистанттық (заңды түрде тіркелген алайда шын мәнінде ондай отбасы жоқ) отбасы деп бөледі.
- геологтар, теңізшілер,полярниктер отбасы. Отбасы қоғамда бiрнеше маңызды қызыметтердi атқарады.
Отбасындағы қарым – қатынас сипатына байланысты;
- дұрыс отбасылар, бақытты отбасылар, тұрақты отбасылар, проблемді отбасылар, жан – жалды отбасылар, әлеуметтік нашар отбасылар бөлінеді. Бұла айтылғандардың барлығы отбасының атқаратын қызметтерімен анықталады.
Ол қызыметтер мыналар:
1. Репродуктивтi қызметi - отбасы дүниеге ұрпақ әкелу арқылы қоғамды қайта толтырып отырады. Бұл отбасының басты функциясы болып табылады.
2. Тәрбиелеу қызметi - индивидтер алғашқы әлеуметтену процевiн отбавыда өтедi. Жас бала отбасыда тәрбиеленедi, өмiрге бейiмделе бастайды.
3. Экономикалық-шаруашылық қызметi - отбасы мүшелерi белгiлi бiр кәсiппен айналысады, әр-түрлi тауарлар мен қызыметтер өндiредi. Отбасы мүшелерi бiрiгiп белгiлi-бiр шаруашылықты жүргiзедi.
4. Алғашқы әлеуметтiк бақылау қызметi - отбасы мүшелерiнiң әрбiр iс-әрекетi мен қимылы отбасының басқа мүшелерi тарапынан бақыланып отырады. Бұл қызымет қоғамдағы әлеуметтiк нормалардың сақталуына үлкен септiгiн тигiзедi.
5. Рухани қарым-қатынас қызметi- отбасы мүшелерi бiр-бiрiмен тығыз байланыста, қарым-қатынаста болады. Олар қуаныш пен қайғыны бөлiседi, қиын жағдайларда бiр-бiрiне көмек көрсетуге дайын тұрады. Олар арасындағы қарым-қатынас сезiмдiк, жанашырлық, сүйiспеншiлiк сипатта болады және бiр-бiрiн рухани дамытып отырады.
3. Отбасының өмірлік циклі, отбасы бірлігі.
Қоғамдық өмірдің барлық салаларымен байланыса отырып (саясат, экономика, құқық, рухани мәденит) отбасы ең алдымен қоғамдық – экономикалық процесс ықпалымен өзгеріп, дамып отырады. Және де өздігінше де дами алады. Отбасының спецификалық өмірлік циклін бөліп көрсетуге болады. Өмірлік цикл дегеніміз – бұл отбасының пайда болғаннан өз қызметін аяқтағанға дейінгі кезең. Отбасы өмірі келесідей кезеңдерден тұрады.
Егер түрлі себептерге байланысты жұбайлар жұбайлық қатансты сақтай алмаған жағдайда не істеу керек? Жолы – ажырасу немесе некенің бұзылуы. Алайда әлеуметтік институттың мұндай тұрақсыздығы қоғам үшін тиімсіз. Ондықтанда қандай да болмасын қоғамда ажырасу процесін қиындататын заңдар менережелер көп. Біздің қоғамда жұбайын сүйіспеншілікпен таңдауда, нуклеарлы отбасы құруда ажырасу проблемасы - әдеттегідей балалар үшін де жұбайлар үшін де трагедиялық салдарға ие. Сондықтанда отбасы бірлігін сақтау қоғам үшін де жұбайлар үшін де балалары үшінде маңызды игі іс.
myunivercity.ru
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлы - техникалық университеті
Кафедрасы
Реферат
Тақырыбы: «Отбасы тәрбиесінің негізі»
Орындаған: ПО - 13 тобының студенті
Салекенова А.Б.
Қабылдаған: Сагиров А.Е.
ОРАЛ - 2013 жыл
МАЗМҰНЫ
Кіріспе.......................................................................................................................3
1.1 Отбасы сипаттамасы және оның негізгі белгілері.........................................4
1.2 Отбасының негізгі қызметі...............................................................................5
2- бөлім. Отбасы тәрбиесінің негізі.
2.1 Отбасы тәрбиесіне жалпы анықтама...............................................................8
2.2 Отбасы тәрбиесінің даму тенденциялары.......................................................9
Қорытынды............................................................................................................12
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................13
Кіріспе
«Отбасы тәрбиесі» ұғымының өзі «отбасы» мен «тәрбие» категорияларының жиынтығы ғана емес, олардың синтезі де болып табылады. Оның қызметі мен рөлі, отбасындағы тәрбие толығымен қоғамдық өмір заңдылықтарына байланысты дамиды.
Отбасы - тарихи категория. Оның типтері, формалары және қызметтері өмір сүріп отырған өндірістік қатынастардың, жалпы қоғамдық қатынастардың сипатына, сондай-ақ қоғамның мәдени даму деңгейіне байланысты. Өз кезегінде отбасы да қоғам өміріне ықпал жасайды. Ол баланың туылуы, балалар мен жас өспірімдердің әлеуметтік орнын табуы, үй шаруашылығындағы еңбегі, өз мүшелерінің күші, рухани және адамгершіліктік - эстетикалық жағынан дамуына әсерін тигізу. Біздін қоғам үшін әр кезеңде, әр отбасында өсіп келе жатқан өрімдей ұл-қыздардың дені сау, рухани ойлау дәрежесі биік, еңбекке, білімге құштар болып өсуі, туған халқы мен отанына адал, өнегелі азамат болып өсуі - ең жоғары тілек, ең биік мақсат болып келген. Оның қуат алатын қайнар бастауы - отбасы. Сондықтан адамзат ұрпағына отбасының аса құнды ықпалы мен әсерін өмірдегі еш нәрсенің күшімен салыстыруға болмайды. Балаға ата – ана тәрбиесінің орнын ешнәрсе толтыра алмайды.
Бүгінгі қоғамдық жағдайда отбасы мәселелерін шешуде әр турлі саладағы мамандар өз пікірлерін ұсынуда. Олар нарық талаптарын ескерген демократиялық - құқықтық қоғамда отбасының құрылымдық моделі қандай болуы керек деген сұрақ аясында пікір таластырды. Сонымен, бүгінде ата-аналардың отбасы өмірін дұрыс ұйымдастырып, балада ұнамды қасиеттерді қалыптастыру үшін ең алдымен отбасының негізгі қызметі туралы түсініктері болуы қажет.
1- бөлім. Отбасы туралы ұгым және оның сипаттамасы
1.1 Отбасы сипаттамасы және оның негізгі белгілері
Отбасы - бірлесіп күн көретін туыстық қатынаста тұратын адамдар тобы. Балалар тәрбиесін жүзеге асырып, басқа да қоғамдық тұрғыдан мәнді кажеттіліқтерді қанағаттандыратын некелік немесе туыстық қатынастармен байланысқан адамдар тобы.
Салауатты отбасы - өркениетті қоғамның талабы. Ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отыратын дәстүрлер мен ізгі мұраттар тек отбасында ғана дамып, байытыла түседі. Адамды өзара түсіністікке алып келетін шынайы да тұрақты сүйіспеншіліктің дәстүрлері де тек салауатты отбасында қалыптасады. Тәрбиенің бастапқы әліппесін бала отбасында алып, онда ізгіліктің, адамгершілік тәрбиесінің негізі қаланады. Тұлғаның өсіп жетілуіне ықпалы ерекше болғандықтан, отбасы тәрбиесіне әлеуметтанушылық, психологиялық және педагогикалық зерттеулерде ерекше көңіл бөлініп, «отбасы» ұғымына мынадай анықтамалар берілген. Мәселен, Р. Н. Нұрғалиевтің 1996 жылы жарық көрген философиялық сөздігінде: «Отбасы-әлеуметтік қауымдастықтың түрі, ерлі-зайыпты одаққа және туыстық байланыстарға, яғни ері мен әйелінің, ата-аналар мен балалардьң, аға інілер мен апа-қарындастардың және бірге туып, ортақ шаруашылық жүргізетін туыстардың арасындағы сан алуан қатынастарға негізделген жеке тұрмысы» десе, Ж. Қоянбаевтың педагогикалық еңбегінде: «Отбасы - ол бірге тұратын некеге негізделген немесе қандас туыстар (әке, ана, бала...) тобы» деп анықтама берілген. Ғалым-педагог өзінің зерттеуінде отбасы баланың «Өмір жолын бастайтын және қоршаған шындық, орта туралы тиянақты да терең әсер алатын ұжымы екенін, соның негізінде онда білім, әдет, мінез-құлық пен өмірге деген көзқарастың қалыптасатынын дәлелдеп көрсетеді. Айтылған анықтамаларға сүйене отырып, отбасының мынадай белгілерін айқындап көрсетуге болады:
1) Отбасы өзара туысқандық қатысы бар, әртүрлі жастағы және әртүрлі құқылы адамдардан біріккен ұжым;
2) Оларды ерлі-зайыптылық, ата-аналық, балалардың ата-аналарына, ересектердің кішілерге және бір-біріне деген қарым-қатынас жасау міндеттері байланыстырып тұрады;
3) Ата-аналар мен балалар бір-бірінен бірі отбасын басқарумен, екіншілері сол отбасында тәрбиеленумен ерекшеленеді;
4) Отбасы өмірі әртүрлі материалдық (биологиялық, шаруашылық) және рухани (адамгершілік, құқықтық, психологиялық, эстетикалық) үрдістермен сипатталады.
Ал отбасының әлеуметтік рөлі адамның өзін өсіруге, адам тегін ұзартуға тікелей қатысымен анықталады. Ұлы ғұлама әл-Фараби мемлекеттi басқару үшiн ең алдымен кiшi мемлекет болып табылатын отбасын басқару шеберлiгiн меңгеру маңызды деп ой түйiндейдi. Отбасын басқару және ондағы адамдардың міндеттері туралы ғалым үйдің белгілі бір бөлшектерден құралатынын, оларды ері мен әйелі; қожайыны мен қызметшісі; әке-шешесі мен баласы; мүлкі мен мүлік иесі деп көрсетіп, отбасы басшысының міндеттері мен құқығын ерекшелеп көрсетеді. Бірақ ұлы ғұлама сол отбасының немесе үйдің әкімі ер азамат па немесе әйел баласы болады ма, оны атап көрсетпейді. Себебі оны басқару кімде-кім сол төрт бөлікті біріктіріп, ынтымағын жарастырып отырса, сол әкім болады дегенді меңзейді. Осы пайымдаулары арқылы ғалым заманның ағымына қарай отбасының өзі де, оның құрылымы мен мазмұны да сан қилы өзгеріске ұшырайтынын болжағандай.
1.2. Отбасының негізгі қызметі.
Бала тәрбиесі - отбасының жүйелі түрде жүргізген жұмысының нәтижесі. Өйткені баланың уақытын дұрыс ұйымдастыра білу, оның мектепте алған тәлім - тәрбиесінің қалыптасып, отбасында жалғасын табуы бәрі де ата-ананың басшылығы арқылы жүзеге асырылады.
Ата - ананың бала тәрбиесіне ықпал ете білу шартының бірі - олардың баламен әділ сөйлесіп, ашық пікірлес болуы. Осылай өзара қарым-қатынас баланы еріксіз ата - анаға жақындатып, олардың айтқандарын шын ықыласпен қабылдауға мәжбүр етеді. Балаларды ізеттілікке, адамгершілікке, еңбекқорлыққа және т.б. қасиеттерге тәрбиелеуде отбасының мүмкіндіктері ерекше. Отбасында баланың жан-жақты өсіп дамуы үшін қажетті жағдай - еңбек. Бала еңбегінің негізгі түрі - оқу. Баланың жақсы оқып, табиғат пен қоғам өміріндегі заңды құбылыстарды жан-жақты түснуі - оның болашағына жол ашады. Көп балалы отбасыларында баланы тәрбиелеу үрдісі анағұрлым жеңіл әрі нәтижелі болмақ. Себебі онда балаларды болашақ өмірдің қиындықтарына дайындау қызметі жақсы атқарылады. Балалар бақшасында, мектепте көп баланың ішінен мұндай отбасынан шыққан сәбиді не жасөспірімді ешбір қиындықсыз оңай ажыратуға болады. Бұл балалар биязы, пысық, іске икемді, өз бетімен жұмыс істей алатын, көбінесе оларда жүрек жылылығы, басқаға деген қамқорлық басым, менмендік, өзімшілдік аз. Олардың сабақ үлгерімі де отбасындағы жалғыз балалар үлгерімінен аз да болса ерекшеленіп тұрады.
Көптеген зерттеу жұмыстарының нәтижесін қорытындылай келе, көп балалы қазақ отбасыларында тәрбиелеудің жеңілдігі мынадай төрт бағытта жүзеге асырылады деп тұжырым жасауға болады:
1. Балаларды отбасында ерте кезден үлкенді сыйлауға үйретеді. Олар әртүрлі жолмен жүзеге асырылады. Ең бірінші жолы - ата-аналардың өз өнегелері. Содан соң отбасылық салт-дәстүрлер, әдет-ғұрыптар, әр түрлі нанымдар мен тыйымдар және т.б;
2. Отбасындағы балаларға жүйелі түрде өз бауырларына қамқоршы да көмекші болу керектігін, олардың болашағына жауапкершілікпен қарауды түсіндіріп, сендіріп отырады;
3. Балаларды өз бетінше еңбектенуге, қоршаған ортаға, адамдарға үнемі көмектесуғе дайын болуға тәрбиелеп, адамдық қасиеттер негізін қалайды;
4. Жастайынан өнерге баулып, шығармашылық қабілеттілігін (сөз шешендігі, қарым-қатынас мәдениеті, күй, ән т.б.) қалыптастырады.
Кейбір отбасыларында тәрбиелік маңызы бар өзінше қалыптасқан дәстүрді байқауға болады. Осы дәстүр отбасындағы күнделікті еңбек әрекетін жолға салып, тәлім-тәрбие жұмысын жоғарылатып, жақсы сапаға жеткізеді. Баланы жан-жақты дамытып, ынталы, жігерлі болуын жетілдіру мақсатында жүргізілетін жұмыстарда, әсіресе, отбасының рөлі зор. Сонымен, қазақ отбасындағы тәрбиелік ықпалды біріне-бірі ұштасып жатқан үш сатыдан тұрады деуге болады. Ол ата-әже, әке-шеше, ұл мен қыз - осы үш ұрпақтың арасындағы міндеттері мен парыздары. Әрбір ата-ана ұл-қыздарын бағып, тәрбиелеп, оларды жақсы азамат, бауырмал, еңбекқор етіп тәрбиелеумен қатар, өздерін кезінде тәрбиелеп өсірген ата-аналарын күту мен оларға қызмет көрсету парызын өтеуге борышты. Өз кезінде олардың да балалары өз парыздарын осылайша өтейді.
2-бөлім. Отбасы тәрбиесінің негізі.
2.1 Отбасы тәрбиесіне жалпы анықтама
«Отбасы тәрбиесі» ұғымының өзі «отбасы» мен «тәрбие» категорияларының жиынтығы ғана емес, олардың синтезі де болып табылады. Оның қызметі мен рөлі, отбасындағы тәрбие толығымен қоғамдық өмір заңдылықтарына байланысты дамиды. Отбасы баланың жеке басының қалыптасуына екіжақты әсер етеді:
- Біріншіден, отбасының материалдық жағдайын сипаттайтын өзіндік өмір сүру дәстүрі арқылы, яғни отбасы мүшелерінің материалдық жэне рухани қажетсінуі мен әлеуметтік құндылықтары арқылы.
- Екіншіден, әлеуметтік және белгілі бір мақсатқа бағытталған әсер арқылы. Бұл көбінесе отбасындағы негізгі көзқарас пен тәрбие үрдісі қоғамның тәрбиелік мақсатына,идеялық, адамгершіліктік және эстетикалық талаптарына қаншалықты сәйкес келуіне байланысты жүзеге асырылады. Қазақ педагогикалық энциклопедия сөздігінде отбасы тәрбиесі ұғымы былайша түсіндіріледі: «Отбасы тәрбиесі - туысқандық қарым-қатынастар мен тұрмыс жайттары балаға үздіксіз ықпал етуші тәрбиелік күш». Отбасы тәрбиесінің мәнін ашу үшін «тәрбиелеу» және «әлеуметтендіру» ұғымдарын байланыстырып қарастыру қажет. Бүгінге дейін педагогикалық әдебиеттер мен мемлекет тарапынан жарық көрген құжат-тұжырымдамаларда «тәрбие» ұғымына әртүрлі анықтамалар беріліп келді. 1993 жылы қабылданған тәлім-тәрбие тұжырымдамасында: «Тәрбие - халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған озық тәжірибесі мен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру, баланың қоршаған ортадағы қарым-қатынасын, дүниетанымын, өмірге деген көзқарасын және соған сай мінез-құлқын қалынтастыру» - деп анықтама беріледі, Демек тәрбие - бұл қоғам талабына сай адамды қалыптастыруда белгілі бір мақсатқа сәйкес жүйелі әрі саналы түрде әсер ету болып табылады екен. Тәрбие жан-жақты дамыған, кең ауқымдағы көп мәдениеттілікті бойына сіңірген адамды қалыптастыруды көздейді. Бұл үрдіске әсерін тигізетін факторлар көп. Оқушыларды әлеуметтендіруге ықпал ететін негізгі факторларды ескере отырып, тәрбиені отбасы тәрбиесі және қоғамдық тәрбие деп екі түрге бөлуге болады. Олай болса, тәрбие қоғамдық өмірдің жалпы және қажетті категориясы болып табылып, тәрбиенің мақсат-мазмұны, ұйымдастыру түрі, әдісі қоғамдық қатынастардың тарихи дамуына сәйкес өзгеріп отырады.
Кейде «тәрбиелеу» ұғымы «әлеуметтендіру» ұғымымен сәйкестендіріліп түсіндіріледі.
Әлеуметтендіру - латынның «социалус» деген сөзінен аударғанда «қоғамдық» деген мағынаны білдіреді. Яғни, қоғамдандыру немесе қоғамда өмір сүруге икемдеу деген сөз.
Дүниені және өзін әлемнің шағын бір бөлігі ретінде тани келе, адамдармен әртүрлі қатынастарда, оның материалдық және рухани тұтыну қажеттерін өтейтін қатынастарда бола отырып, бала қоғамға кіреді, оның мүшесі болады. Жеке адамның қоғамға осылайша араласу процесін, яғни жеке адамның қалыптасу процесін әлеуметтендіру деп атайды деген.
Әлеуметтендіру тәрбие жүйесінде жеке тұлғаны белгілі бір мақсатта әрекетке түсіру кезінде жүзеге асырылады. Оған бірнеше факторлар ықпал етеді. Олар отбасы, отбасынан тыс тәрбиелік мекемелер және оқу орындары, еңбек ұжымдары, қоғамдық ұйымдар, жолдастар, таныстар және т.б. Соның ішінде негізгі фактор отбасы болып табылады. Бүгінгі нарықтық қатынас отбасына және ондағы тәрбие үрдісіне үлкен әсерін тигізіп отыр.
2.2. Отбасы тәрбиесінің даму тенденциялары
Өмір тәжірибелері мен ғалымдар зерттеулері (А. А. Вербицкий, Э. Д. Днепров т.б.) отбасы тәрбиесінің мынадай даму тенденцияларын бөліп көрсетуге мүмкіндік береді.
1-тенденция. Отбасы тәрбиесінің әлеуметтік тенденциясы Бүгінгі әрбір отбасының материалдық, экономикалық жағдайы ең алдымен табыс табу мәселесінің шешілуімен байланысты болып отыр. Әлеуметтік жағдайы жақсы отбасыларындағы балалар жоғары сапалы ақылы мектептерде білім алып, өнер, спорт және басқа тәрбие институттарында тәрбие алуға мүмкіндік алды. Отбасы тәрбиесі мен балалар болашағын жоспарлау, ең алдымен әрбір отбасының әлеуметтік жағдайына қарай жүзеге асады. 2-тенденция. Тәрбиенің индустриялылығы тенденциясы, яғни бүгінгі қоғам өміріндегі өндірістік қатынастардың жан-жақты дамып, отбасы өміріне ықпал жасауы. Қоғамның мәдени даму деңгейіне байланысты мектеп пен отбасы тәрбиесі өзгеріске түсті. Қазіргі ғұмыр кешіп отырған қоғамның балаларына қарасақ тіптен өзгеше, оларды тәрбиелеу күрделі. Өйткені қазіргі компьютерлендіру заманында олардың алатын ақпарат көлемі бұрынғыдан да көп. Соған байланысты, балаға тәрбие беруші адамдардың білімі, тәжірибесі барған сайын үлкен жауапкершілікті талап етеді. Сонымен қатар, әрбір отбасы қоғамда пайда болған өндіріс құралдарын пайдалануға мүмкіндік алды. Оған әрбір отбасында компьютердің пайда болуы, жоғары сапалы фотоаппараттар мен бейнекамералар, интернет желісін пайдалану және т.б. құралдардың күнделікті тұрмыста қолданылуы дәлел бола алады. Бұл үрдіс «қоғам- мектеп-отбасы» бағытымен жүзеге асуда.
referat911.ru
Отбасы дағдарыстары туралы қазақша реферат
Отбасы психологиясында- өмірде кездесетін дағдарыстың кез – келген түрі қалыпты деп есептеледі.
Алғашқы некеге тұрудың өзі — дағдарысболып табылады. Әсіресе тойға дейін жастар бір – бірін ашық түсті көзілдірікте көреді, ал неке- өмір сүру салтының өзгеруіне, әлеуметтік беделге ие болуға әкеледі. Әйел заты үшін ата-тегін өзгерту, Эриксон пікірінше «Ұқсастық дағдарысына» соқтыруы мүмкін, тұрмыс сипаты өзгереді, үйренуді қажет ететін жаңа тұстары пайда болады. Бұл ерлі – зайыптылардың бір – біріне бейімделу кезеңі –алғашқы жылда жыл бойына созылады. Бірлескен өмірде алғашқы жыл соңына қарай некенің бір жылдық дағдарысы пайда болады. Осы уақыт ішінде дағдарысқа ерлі – зайыптылар үйренісіп бірінің алдында бірі жауапкершілік танытып, түсіністікпен қарайды немесе айырылысу тілегі пайда болып некелік одақ сәтсіз болып саналады. Ажырасудың алғашқы шарықтау шегі –бір жыл бірге өткізген өмірден кейін болады. Екінші дағдарыс отбасында бірінші баланың туылуынан кейін пайда болуы мүмкін, тіпті ол бала қалаулы болып, махаббаттан пайда болса да қалыптасады. Тағы да өмір сүру сипаты өзгереді, отбасындағы жүктемелер ауысады. Егер жас ана беріліп, баланы күтіп бағумен айналысып кетсе, онда көптеген адамдар мұны өздеріне назар аударудың жоғалуы деп қабылдайды. Кейбір әкелер бала күтіміне қызғанышпен қарайды, баласы әйелінің сүйіспеншілігі мен күтімін тартып алғандай қабылдайды.
Келесі дағдарыс отбасында екінші баланың дүниеге келуімен байланысты болады, әсіресе балалар арасында 5-7 жастан жоғары болған жағдайда қатты көрінеді. Балалар арасында бәсекелестік пайда болады, ол ата – ананың мейіріміне, махабатына ие болу ниетінен туындайды. Жасы үлкен балада кішісіне деген қызғаныш байқалады, бұл арнайы жасалған балалық қылықтардан байқалады, бала кішкентай кезіне еліктеп сақауланып сөйлей бастайды, өйткені ол өзіне кішкентайға қарағандай қарап, еркелетсе деген ниеттен туындайды. Балада осы кезеңде болып жатқан нәрсені түсіну үшін күшті төзімділік талап етіледі.
Қарым – қатынастағы дағдарыс бала мектепке дейінгі мекемеге немесе мектепке барғаннан кейін де пайда болуы мүмкін. Бұл уақытта ананың жаялық жууы екінші орынға кетіп, балаға көбінде әкелік қызмет қажет болады, ал көптеген ер адамдар бұл жағдайға дайын емес некеге өзінің қызметі тек қана қаржылай қамтамасыз етумен байланысты деп тәрбиелеу ісінен шеттеле бастайды.
Келесі ол уақытпен байланысты екінші дағдарыстың қатар келуі: жеткіншек жас дағдарысы және ата – ананың 40 жастық дағдарысы болып табылады. Бұл кезеңде ата – аналар өз құндылықтарын қайта қарайды, ал баллалар билікке ұмтылып шу шығарады. Көп жағдайда осы кезде баланың қызуғушылығын ата – ана әр түрлі ескереді және көптеген келеңсіздіктер дәл осы кезде пайда болады.
Отбасы дамуының келесі дағдарыстың кезеңі бұл – ерлі – зайыптылардың бір – бірінің зейнеткерлікке шығуы. Бұл кезеңде көсемдікке бейімделіп, өзін кәсіби іс — әрекетте белсенділікте ұстап, дағдыланып қалған адамдарға қиын болып келеді. Егер олар өздеріне басқа бір жұмыс көзін тауып, айналыспаса, онда өмірге деген қанағаттанбаушылық және жеке басының іске жарамсыздығын сезінеді. Кейбір ер азаматтар бұл кезде осы шақтың қызығын жіберіп алмайын деп, өзін жаңа әлеуметтік және жыныстық қарым – қатынаста көрсетуге, әліде болса күш жігері бар екендігін дәлелдеуге ұмтылады.
Қатар келген екі дағдарысты теңестіру қиынға соғып, отбасында іштей бөлінуге, қарама – қайшылықтарға әкеліп соғады.
Ажырасудың екінші шарықтау кезеңі 40-45 жас аралығы. Бұл бірге өмір сүрген 10-15 жыл аралығына сәйкес келеді. Осы отбасылық өмірдің екінші өтпелі дағдарыстық кезеңі болып табылады.
Одан әрі өсіп қалған балалардың кәсіп таңдауымен байланысты – дағдарыстық кезеңге жетеді. Қазіргі экономика шартында ата –ана бала болашағының қамын ойлап, оған үлкен ауқымды түрде қаржылай және моральдық тұрғыдан үлесін қосып, оның келешектегі жемісті мамандықпен қамтамасыз етуге ұмтылдырады.
Ажырасудың үшінші шарықтау шегі және өз — өзіне қол жұмсауға бару дәл осы кезеңге сәйкес келеді. Осы кезде ер жеткен балалар ата – ана қамқаорлығынан бөлек шығып, өз бетінше өмір сүруге немесе отбасын құрып кететіндіктен, ерлі – зайыптылар жалғыз өздері қалып қояды. Көптеген ерлі – зайыптылар мұндай тығыз экономикалық және физикалық қарым – қатынасқа дайын болмағандықтан осы кезде орта жастағы ажырасулар кездесіп жатады.
Қалыпты дағдарыстармен қатар отбасы басқа да құбылыстарда мысалы: соғыс, экономикалық дағдарыс, табиғи аппаттар, ерлі – зайыптылардың бірінің кенеттен ауырып қалуы, созылмалы айырылысулар, отбасы мүшелерінің өмірден кетуі, тұрмыс үй мәселесінің ушығуы сияқты жағымсыз әсер ететін жағдайларға кез болуы мүмкін. Осындай орта жолда пайда болған жүктемелерді кез – келген отбасы көтере білмейді , міне сол кезде отбасының құлдырауы – ажырасуы орын алады.
Балалар ажырасу процесіне үш түрлі типте жауап қайтарады: жеңімпаздар, жеңілгендер, аман қалғандар.
Жеңімпаздар ата –анасының ажырасуынан белгілі бір пайдаға қол жеткізеді: жексенбі күндері әкелері еркелетсе, басқа күндері анасын әкеммен бірге тұруға кетіп қаламын деп қорқытады, ажырасу оларға жақын адамдар тарапынан назар аударуды күшейтеді.
Жеңілгендер. Бұл жағдайға байланысты қайғыруы жеңілген балалар. Отбасында қалған адамның оған деген қатынасы бірден нашарлайды. Егер бала отбасының кеткен мүшесіне қатты ұқсайтын болса, онда жағдай тіптен нашарлайды.
Аман қалғандар бұл барлық ауыртпалықты белсенді түрде басынан өткен, оған қоса өз жақындарына, басқа адамдарға деген қатынаста зейінді, сезімтал бола білген балалар. Осындай соққылы тәжірибеден бала жақын эмоционалдық қатынастың қажеттілігін түсінеді.
.
Тағы рефераттарbigox.kz