Қазақша реферат: Туған жер. Реферат жер


Жер асты сулары реферат - Martebe.kz

Жер асты сулары — Жер бетінің төменгі қабаттарындағы тау жыныстарының арасында қатты, сұйық және газ күйінде тараған сулар. Бұл су өткізгіш тау жыныстарында кездесетін түйіршік және кесек шөгінділер қуыстары, қатты жыныстардың жарықшақтары, утас пен доломиттердің қарсты куыстары бойынша жылжып отырады. Жер асты сулары қысымсыз грунт сулары мен қысымды артезиан суларына бөлінеді, ал минералдығы бойынша — ащы су, минералды су және тұщы су болып үшке бөлінеді. Соңғы екі судың практикалық маңызы халық шаруашылығында аса зор.

Жер асты сулары деп жер қыртысында кезігетін барлық физикалық күйдегі суларды айтамыз. Қоректену көздері белгілі болған жағдайда жер қыртысындағы су көздері негізінен алаптық геологиялық құрылысымен анықталады.Жер қыртысында су өткізетін және су өткізбейтін қабаттардың кезектесіп келіп отыруы әдетте, су өткізбейтін қабаттың үстіне орналасқан су өткізетін топырақ  қабаттарында бос сұйық сулардың жиналуына жағдай жасайды.

Жер қыртысындағы барлық қуыстарында су толық жиналатын топырақ-жер қабатын сулы  қабат,ал оның астына орналасқан су өткізбейтін қабат — сутірегіш деп аталады.

Егер сулы қабатты бұрғылау жолымен немесе құдық қазу арқылы ашқан,ондағы судың    деңгейі өзгеріссіз қалса,онда жер асты суларын тегеурінсіз, ал деңгейді-жер асты суларының деңгейі дейді.

Жер қыртысындағы  асты-үстін бірдей өткізбейтін қабат алып жатқан сулы қабатты ашқанда,скважинадағы судың деңгейі үстіңгі су өткізбейтін қабаттан орнығуы мүмкін еді. Бұл жағдайда сулы қабаттағы сулар гидростатикалық тегеуріннің әсерінде болады, ал сулы қабат тегеурінді сулы қабат деп аталады.

Орналасу сипатына, режиміне, қалыптасу жағдайына, қозғалуына және жер үсті суларымен өзара байланысының сипатына қарай жер асты сулары тегеурінді және тегеурінсіз деп атайды.

Тегеурінсіз жер асты суларына топырақ, топырақ-жер және қыртысындағы  сулар жатады.

Топырақ суларының өзінен төмен орналасқан жер қыртысында сулармен  гидравликалық байланысы болмайды.

Топырақ-жер сулары деп су өткізбейтін қабаты жер қыртысында орналасқан, ал  деңгейі тұрақты немесе тұрақсыз түрде топырақ қабатында болатын жер асты суларын айтамыз.

Ерте заманнан бері тұрмыс қажеттігіне жер үсті суларымен қоса, арнайы ұңғылар орнату   арқылы,   жерасты  сулары  да пайдаланылады. Біздің еліміздө де, шет елдерде де мыңдаған қалалар мен елді мекендердің тұрғындары жер асты  сулары арқылы қамтамасыз етіледі. Дүние жүзінің шөл және шөлейтті жерлері (Үндістан, Пәкістан, АҚШ, Австралия, Қазақстан) жерасты суларын пайдалану нәтижесінде, сусыз далалар құнарлы өлкеге айналып, бау-бақша өскен, мал шаруашылығы дамыған өңірге айналған. Сапасы және тазалығы жағынан бұл сулардың теңдесі жоқ, жердің өзі  суды тазалап беретін сенімді табиғи сүзгі болып табылады.

Қазақстан жер аумағы жағынан үлкен мемлекет, бірақ сол жердің көпшілігі құрғақ шөлейт жерлер. Дегенмен, оның бір ерекшелігі жерасты суларына бай. Республика аймағында түрлі мақсаттарға    сай ашылып, зарттелінген 633 жер асты  су  қоры  бар, олардың пайдалану қуаты тәулігіне 43384 мың текше метр. Бүл Ертістің Обь-өзеніне құяр сағасындағы су көлемімен пара-пар.

Осындай табиғи байлықтың иесі болган еліміздің алдында, оны үлкен жауапкершілікпен тиімді пайдалану мақсаты тұр. Өйткені, республиканың Солтүстік,  Батыс және Орталық аймақтарында су жетіспеушілігі бар. Сөйте тұрса да, зерттеліп, дайындалған   жерасты      су қорларын халық шаруашылығының      қажетіне игеру өте төменгі деңгейде болып     келсе,   кейінгі жылдарда тіпті тоқтап қалып отыр. Ауыз су және шаруашылық мұқтаждығы үшін зерітеліп пайданалған көптеген жерасты су көздері 10-15% жылдар бойы игерілмей келеді, кей жерлерде мұндай кешеуілдеу уақыты су көзінің   жалпы пайдалану мерзімінө (25-30 жыл) таяп қалып отыр. Бұл деген жерасты суларының қорын  пайдаланбай жатып оны пайдалану құқын қайта қарап, бекіту керек деген сөз.

Республикамызда тау-кен өндірістері мен шикі зат өңдеу саласының дамуына  байланысты қоршаған табиғи ортаға зиянды  салмақ өсе түсуде, оның ішінде жерасты  суларының сапасына нақтылы қауіп төне  бастады. Ақтөбе — Алға, Павлодар — Екібастұз, Қарағанды — Теміртау, Жамбыл —  Қаратау, Өскемен — Лениногор — Зыряновск сияқты үлкен аймақтық — өндірістік кешендердің маңында табиғатқа зиянды ошақтар орын тепті. Республикамызда 710-ға жуық қатерлі ошақтар барлығы анықталса, олардың басым көпшілігі Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарында орналасқан. 70 елді мекендердің су мұқтаждығына пайдаланылатын 113 жерасты су көзінің, 41 су қабылдағышының тазалылығына қауіп, төнгендігі байқалуда.

Қазіргі уақытта зерттелген жерасты су кендерінің маңайында зиянды қалдықтармен ластану қаупі болса да, тұтынушыға жеткен судың сапасы мемлекеттік стандарттағы “Ауыз су” талаптарына сәйкестігін жоғалтқан жоқ, бірақ, ластандыру процесі жалғаса берсе бұл сулардың сапасы төмендеп, шектелу нормативтерінен асып кетіп, осы себептен, пайдалану шебінен шығып қалулары мүмкін.

Тұрғындарды   сапалы   ауыз   сумен қамтамасыз ету үшін, су көздерінің тазалығьш сақтау мақсатында суды қорғауға бағытталған төмендегідей техникалық және санитарлық шараларды іске асыру қажет:

су пайдалану жүйелерінің маңызын және сенімділігін арттыру;

су тазартқыш станцияларында су өңдеу технологиясын жақсарту;

суды жер астынан көтеру, тасып жеткізу жене пайдаланудан кейінгі ағызуды дамыту;

су  пайдаланудағы  нормативтік-зияндылық базасын дамыту, ауыз суды (тұщы су) үнемдеуге ықпал жасау, қызықтыру.

Қазіргі кезеңде халықты сумен қамтамасыз ету жағдайы талаптан көп алшақ. Оны жетілдіру үшін ең алдымен жеке, немесе ұжымдық мақсатта пайдаланатын су қабылдағыштарының (водозабор) жұмысын жалпы және ішкі бақылауды қамтамасыз ету керек. Ол үшін су қабылдағыштардың, немесе су көтергіш ұңғылардың (скважина) арнайы рұқсат құжатынсыз пайдаланылуын тоқтату керек. Ондай құжат Республика Үкіметімен жасалынатын шарт және «Арнайы су пайдалану Рұқсаты» болып саналады.

Шарт мынадай жағдайларда жасалады: Мекеме мен тұрғындардың қажеті үшін өндірілетін жерасты суларының өндіру мөлшері тәулігіне 50 мың текше метрден асатын болса; Жерасты сулары шөлмектерге және басқа да ыдыстарға құйылып, оларды сату коммерциялық пайда көзіне айналса; Емдік қасиеті бар жерасты суларын пайдаланғанда; Температурасы жоғары жерасты сулары жылу және ыстық су көздері ретінде пайдаланылғанда.

Жерасты суларын “Арнайы  су пайдалану Рұқсатын” алу арқылы пайдалану мынадай жағдайда іске асырылады:

Ауызсу және тұрмыстық-шаруашылық мақсатына және ыстық су көздері ретінде, құрамындағы минералдарды ажыратып алу мақсатында және жайылымды жерлерді суаруға пайдаланылатын жерасты суларын өндіру мөлшері тәулігіне 50 мьң гектар текше метрден кем болса;

Жер қойнауынан қатты пайдалы қазбалар, мұнай   мен   газ өндіру  барысында жерасты ажыратылатын жерасты суларын пайдалану үшін, азаматтық және өндірістік құрылыс салуда, суармалы жерлерді қүрғатудағы ажыратылатын және жер қойнауын ластандыратын ошақтарды жою немесе қоршау барысында ажыратылатын жерасты сулары пайдаланылғанда;

Өндірістік су қалдықтарын, коммуналдық-түрмыстық,  дренаждық әрекеттерден пайда болатын  жуынды суларды жер қойнауына жіберу үшін және су мен газды жердің сулы  қатпарына күшпен тарату үшін.

Су пайдаланудың әр түрі үшін жеке рұқсат алынады. «Арнайы су пайдалану Рұқсатын» алу үшін жер бөлісі (земельный отвод), пайдаланатын су нысанының анықтамасы берілген жазба, нысанның  мекен-жайы көрсетілген ситуациялық сызбасы (схема) тіркелген, бекітілген түрде жазылған өтініш республиканың жер қойнауын қорғау және пайдалану жөніндегі Орталық Қазақстан аймақтық басқармасына  («Орталыққазжерқойнауы» АБ) беріледі. Су қабылдағыш ғимараттың геологиялық және техникалық документтері жоқ болған күнде, оларды қалпына келтіру үшін «Орталыққазжерқойнауы» аймақтық басқармасына немесе оның аймақтағы инспекциясына сұрау салу керек.

Тереңдігі 20 метрге жетпейтін, су көтеруге насос пайдаланылмайтын су көтергіш ұңғыларды пайдаланғаны үшін, сол сияқты қазба құдықтардан су алу үшін, судың көлемі тәуелігіне 50 текше метрден аспайтын жағдайда «Арнайы су пайдалану Рұқсатын» алудың керегі жоқ. Бүған орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесі жатпайды.

martebe.kz

Қазақша реферат: Туған жер туган жер туралы реферат қазақша реферат на казахском языке туган жер

Адамзаттың қоршаған ортаға тәуелділігі сол табиғаттың ен байлықтардың қайнар көзі және өмір сүру ортасы болғандығынан. Ғұлама ойшыл Әбу Насыр Әл-Фараби айтқандай, адам бойында үш қабілет ерекше жаралған, олар – дене құрылысы, жан құмарлығы мен ой-парасаты. Осындай көзқарастың қалыптасу мен даму тарихына көз жүгіртсек, оның адам баласының табиғатты танып-білуімен тікелей байланыстылығын аңғарамыз. Адам мен табиғаттың, табиғат пен қоғамның арасындағы қарым-қатынас өмір сүрудегі аса қажетті алғышарттар болып саналады. «Табиғат біртұтас әлем, одан тысқары ештеме болуға мүмкін емес», - деген екен оқу-тәрбие мәселесіне көңіл бөлген философ, психолог-ғалым Ж.Аймауытов. Табиғат мейірімі, табиғат көркемдігі адам баласын да мейірімге бөлеп, ар тазалығын сақтауға бейімдеп отырады.

Табиғатта сезім бар, құлақ та бар,Ренжітсең, күрсініп, жылап та алар.Аяласаң, жаныңа шуақ тамар,Қажығанда бойыңа қуат болар.

(Мәрзия Аяғанова)

Табиғат пен адамның мінезі де ұқсас. Табиғат мейір төксе, бар әлем құлпырып жүре береді. Адамның мейірімі де осындай. «Жылы-жылы сөйлесең, жылан іннен шығады», - дегендей, жағымды сөз, әдепті қылық, пайымды әрекет адам жанын жадыратып, уайымын, қайғысы мен қасіретін ұмыттырады, жағдайын жеңілдетеді, өмірге құлшынысын арттырады. Халық өзін қоршаған табиғаттың мінез, әдет қалыптарын өзіне алады және мәңгіге алады.

Табиғат пен адам, егіз әлем ретінде, бірін-бірі күтуге, аялауға міндетті. Олар бір-біріне сый, құрмет жасауға тиіс болса, сол сыйластықтың және бір түрі – адамның табиғатқа деген пейілі.

Адам – табиғат перзенті. Ол суға, жерге, айға т.б. оларды жаратқан тәңірге табынады, жалбарынады. Жазушы А.Байтанаевтың: «Жұлдызды қайдан ұстауға болады?» деген әңгімесіндегі кішкентай Беріктің атасының сөзіне назар айдарайық.

«Е, жаратқан, сен көктесің, құдіретсің, ешкім саған шек келтіре алмайды. Жердегі пенделеріңе шарапатшы бол! Шаршағанды демей гөр, ашыққанды жебей гөр, теріс жолдағының санасына сәуле түсір! Жақсы ойлының тілегін оңғар! Пенде атаулының бейәдеп қылығы болса, кеше гөр, тәңірі, сен мейірімдісің ғой! Шарапат-шапағатыңнан ешкімді тыс қалдырма, хақ тағала! Әумин!».

Адамзат баласы өзінің ғана емес, бүкіл ғаламның аман-саулығы үшін жаратылыс алдында өзін борыштар сезінері хақ.

Тіршілікте төрт құдірет – Күн–ана, Жер–ана, ауа мен су болса, олардың біреуінсіз тіршілік тоқтайды. «Жері байдың – елі бай», «Туған жер – алтын бесік», «Жеміс – жерде, жеңіс – ерде», «Ауа – өмір тынысың», «Судың да сұрауы бар» деген мақалдар осы төрт құдіретті қадірлеуден туған. «Табиғаттың бізге жұмбақ сырлары көп таңданар» деп ақын Мұхтар Шаханов айтқандай, тісімен құс тістеген ақындар мен шешендер бүкіл қазына-байлықтың қымбаттысы – табиғат күйін ғибрат сөздеріне, толғау-термелеріне арқау еткен. Олар табиғат күйін адамның көңіл күйіне салғастыра жырға қосқан.

Рухани байлық табиғатқа деген сыйластықпен жасалмақ. Жас ұрпақтың бойына оны сіңіру, олардың қоршаған ортаға қарым-қатынасын, сол арқылы өмірге деген көзқарасын ояту, соған сай мінез-құлқын қалыптастыру – аға ұрпақтың міндеті. Қазақ халқының атадан балаға қалдырған даналығы – «көкті жұлма», «шөпті таптама» – табиғат көріністеріне үлкен жауапкершілікпен қарауы, туған жер табиғатының бұрынғыдан да жайнап, гүлденуіне ықпал жасауды мақсат еткені. Артына «Шипагерлік баян» атты ғылыми еңбек қалдырған Өтебойдақ Тілеуқабылұлы адамның өз ғұмырында міндетті түрде орындауға тиісті жеті шартты көрсеткен, оның төртеуі табиғатқа байланысты болған. Олар – «көктеп келе жатқан өскінге тиіспеу, көбеймелі жорғамалдарға тиіспеу, қарлығаштарға тиіспеу, көз ашпаған шикілікке тиіспеу». Бұл – табиғатты аялап сақтаудың да үлкен адамгершілік екендігін көрсеткен баба өсиеті. Көшпелі өмір, осылайша, қазақты табиғатпен етене байланыстырған. Өмір озған сайын адам табиғаттың тылсым күшіне, заңдылықтарына тереңдеп бойлаған.

Табиғатты ұмыту – өз басымызды ұмыту деген сөз. Имандылық пен мейірбандылық – өркениеттің белгісі. Жас бала табиғат тіршілігін тамашалай отырып, оны сүю барысында үлкен адамгершілік сезімге ие болады, өзін табиғаттың ажырамас бөлігі ретінде сезінеді.

Мен тимеймін, жасқанба,Дос болайық, көбелек!Жайнап тұрған бақшамда,Гүлдерімді көре кет.Тұтқиылдан састыра,Жаңбыр жауса себелеп,Тақиямның астынаТығыла ғой, көбелек.

(Асқаржан Сәрсеков)

Қандай нәзік сезім! Бала мен көбелек – табиғат перзенттері, олардың арасындағы сыйластық кімнің болса да өңіне күлкі, жүрегіне мейірім ұялатады.

С.Экэюпери: «Ең үлкен сән-салтанат – адамдардың қарым-қатынасының салтанаты» - деген екен. Бұл сөзді адам мен табиғаттың ара қатынасына байланысты да, адамдардың бір-бірімен көңіл жарастығын табуына байланысты да айтуымызға болады. Ондай жағдайда рахат күй кешеріміз анық. Жастарға да осылайша эстетикалық тәрбие беру, оларды табиғат байлығына сый-құрметпен қарауға тәрбиелеу – олардың бойында адамгершілік сезімін қалыптастыру, шарапатты болуға бейімдеу екендігінде дау жоқ.

www.zharar.com

Туған жер қазақша реферат. Туган жер реферат казакша.

Туған жер қазақша реферат. Туған жер туралы қазақша реферат, Жоспарымен.

Жоспар:

  1. Атамекен
  2. Каспиден Тьянь-Шаньға дейін
  3. Ерекше жазық өлке

 

Атамекен

Атамекен. Осынау сөзді естігенде кімнің болса да көз алдынан туған жердің жазира даласымен асқар тауы, сарқырай аққан мөлдір өзені мен тұнық көлі, ашық аспаны мен жел өтінде тербелген жасыл желегі сағымдай елес беріп өтеді. Иә, атамекен, бұл ғасырлар қойнауынан бері атадан балаға мирас болған, қазақ халқы жайлап, қоныс тепкен Қазақстан де-ген кең-байтақ өлке болады. Енді бір сәт сол ұлан-ғайыр өлкеге сапар шегіп оның дарқан табиғатына көз жіберіп көрелікші.

Қазақстан өзінің алып жаткан жер көлемі жағынан дүнежүзінде 9-шы орын алады. Республнка территорнясынын көп белігі ұшы қиырына көэ жсткіэгісіз жазыктык үлссіне тиеді. Сол жазыктык тек Орталык Қазакстандағы ұсақ шоқылы таулы аймакта бузылады да, шығыс пен онтүстіктегі биік таулы өлкеге барып тіреледі. Тянь-Шань, Жоңғар Алатауы мен Алтай тауларының басын мәңгі қар басқан шоқылары төрт жарым мың метрлік бніктікке дейін көтерілсе, республнканын батысындағы Каспнй бойы жазыктығы теңіз деңгейінен әлдекайда төмен жатыр. Мәселен, Маңқыстаудың онтүстігін-дегі Қарақия қазаншұңқыры. Совет Одағындағы теңіз деңгейінен ең төмен жатқан нукте болса, республиканың оңтүстік шығысындағы Хантәңірі шыңы (6995 м) еліміздегі ең биік тау шоқыларының біріне саналады.

Каспиден Тьянь-Шаньға дейін

Жер бедерінің осындай өзгешелігіме қарамастан Қазақстан территориясының көп бөлігі, жоғарыда айтып өткендей, жазық далалы болып келеді, айталық, республиканың солтүстік-батысындағы Каспий бойы ойпаты, солтүстігіндегі Қостанай, Есіл және Ертіс бойы жазықтықтары, орталығындағы Арал-Торғай өңірі жазықтығы және оңтүстігіндегі Тұран ойпатындағы жазықтықтар Қазақстан жерінің үштен екі бөлігін алып жатыр. Ал, қалған бөлігі, батыстағы — Мұғаджар, орта-ықтағы — Қарқаралы, Ер-ментау мен Баянауыл, шығыстағы — Алтай, Сауыр, Тарбағатай, оңтүстіктегі — Жоңғар, Іле, Талас Алатаулары, Қаратау мен Шу-іле сияқты таулы-қыратты өлкелер үлесіне тиеді.

Республика территориясы-ның кең аймақты қамтуы және рельефтің әркелкі болуы кли-мат пен табигат жағдайларына көп әсерін тигізеді. Жалпы алганда Қазақстан территориясының басым бөлігі қоңыржай континенталды климат тық аймақта жатыр. Сол себепті де қысы қатаң, өйткені арктикалық суық ауа массалары солтүстіктен оңтүстікке қарай бөгетсіз өтіп кете алады. Жаз айлары болса оңтүстікте тым ыстық әрі құрғақ келеді, себеібі мұнда шөлді аймақта қалыптасатын тропикалық ауа массаларының тигізер ықпалы басым.

Ылғалдылык мөлшері мен жер бедеріне байланысты республика территориясы бойынша өзен-көлдер торабы біркелкі таралмаған. Суы мол өзендер мен айдыны шағын көлдер негізінен ылғал жеткілікті аймақтарда жиі ұшырасады. Мәселен, көлемі кішігірім тұщы көлдер республикамыздың Штыстағы — Жайыкты, сол-Штыстағы — Жайыкты, солтүстіктегі — Тобыл мен Есілді, орталықтағы — Нұраны, шы- ғыстағы — Ертісті және оңтүстіктегі — Іле мен Сырды атауға болады.

Ал, асау толқыны жағалаумен арпалысқан Каспи мен Арал, Балқаш пен Алакөл және Зайсан сұрапыл шөл мен шөлейт құрсауында жатқанымен, сол өлке табиғаына карама-карсы көрініс тұр. Қазақстанның орталық бөлігіндс өзендерге тұракты арна болмайды немесе төменгі ағысы жерге сіңіп, жоғалып отырады.

Рельефі

Жалпы, рельефтік, климаттық және басқа да табиғи ерекшеліктердің әсерінен қа-лыптасқан табиғат белдеулері республика территориясында біршама анық байқалады. Мә-селен, солтүстіктен оңтүстікке қарай ендік бағытында табиғаттың орманды-дала, дала, шөлейт және шөл аймақтары бірін-бірі алмастырады. Ал шығыс пен оңтүстіктегі таулы өлкелерде табиғат белдеулерін ғаттыц орманды-дала, дала, шөлейт жоне шөл аймақтары бірін-бірі алмастырады.

Ал шығыс пен оңтүстіктегі таулы өлкелерде табиғат белдеулерін биіктік бағытында ажыратуға болады. Әрбір белдеудіц басқа белдеулерден өзгеше бір табиғи ерекшелігі болады. Мейлі ол топырақ жамылғысынан немесе өсімдік түрінен, әлде ауа райынан болсын, әйтеуір білі-ніп тұрады. Айталық, солтүс-тіктегі орманды-дала белдеуіне тән құнарлы қара топырақты, өскен шоқ-шоқ калыды өлке табиғаты меи сұр топыракты, жусан өскен далалы аимақ табиғатының арасынан ұқсастық табу қиын. Әуелі мұндай айырмашылык бір табиғат белдеуі-нің ішінде де байқала береді. Ондай табиғи ландшафтылар бейнебір теңіз ортасынан көтерілген арал немесе сұрапыл шөл дала табиғатына қарсы тұрған жасыл оазис іспетті. Баянауыл, Қарқаралы сияқты жер жаннаты атанған өңірлер соның айқын айғагы болса керек.

Ерекше кең-байтақ өлке

Кең-байтақ Қазақстан жерінің табиғаты қаншалықты әркелкі болса, онда тамыр жайған өсімдіктер мен мекендейтін хайуанаттар дүниесі де соншалықты бай, әрі сан алуан болып келеді. Сонау көк айдынды Қаспийден Кенді Алтайға, қарт Орал-дан ақ бас шынды Алатауға дейінгі аралыкты алып жатқан кең-байтақ қазак жері табиғат-та кандай байлық бар болса соның бәріне молынан косылып жатыр. Мұнда Отанға әлденеше рет миллиард пұт астық сыйлаған қүнарлы жер де, ерісі төрт түлік малға толы шұрайлы шабындықтар мен жабылымдықтар да. Айдынында құстар, тұнығында маржан балықтар ойнақтаған қопалы өзенкөлдер де, төсінде түз тағысы еркін жортқан ен дала да бар.

Қорытынды

Қазакстанда жер жаннаты деп заңды аталып жүрген не-бір тамаша өңірлер де бар. Және бұл абиғатты қорғау ісінің маңызын, оның ішінде қоршаған ортаның өзгеруіне сезімтал келетін өсімдіктер мен хайуанаттар дүннесін корғап. Және олардың қорын молайтудың және саладағы ғылыми-практикалық жетістіктерді көпшілік арасына насихаттаудымзы зор.

Facebook

Twitter

Мой мир

Вконтакте

zhazar.kz

ҚР- ның жер қорының жалпы сипаттамасы

Жоспар

1. ҚР- ның Жер қорының жалпы сипаттамасы2. ҚР – ның Жер қорының қазіргі кездегі құрамы3. Жер қорының алқыпты құрамы

ҚАЗАҚСТАНРЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖЕРҢОРЫНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ ЖӘНЕ ЖІКТЕЛУІҚазақстан Республикасының жер қоры 272,5 млн. га құрайды. ТМДелдерінің арасындаоның территориясы Ресей Федерациясынан кейін екінші, алдүние жүзінде тоғызыншы орын алады.Қазақстанның бүкіл жер қоры өте қуаң климатпен сипатталатын табиғиаймақтарда орналасқан. Жалпы түрде айтқанда, бүл ңауіпті егіншілік аймағы.Республиканың оңтүстік аймақтарында тек суармалы егіншілік қана мүмкін.Дала және құрғақ дала аймақтарында төлімі егіншілік дамығанымен, олтопыраңтағы ылғалды сақтап қалу маңсатымен күрделі шаралар кешенін талапетеді. Батыс және оңтүстік-батыс аймақтарында орасан зор территорияныаридтік табиғи жайылымдар алып жатыр. Соңғылары көбінесе қой, жылқы жәнетүйе шаруашылығын жүргізуге пайдаланылады.ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖЕР ҚОРЫНЫҢ ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ҚҰРАМЫ ЖӘНЕЖІКТЕЛУІ.Қазіргі кезде Қазақстанда 20 млн. га жыртылған жер мен 35 млн. гажайылып эрозияға ұшыраған, немесе осы жағынан қауіпті. Соны мен қатар 17млн. га жер су мен ирригациялың эрозиядан зақымданған. Реформаға дейінгіжылдары елде жыртылған жердің бір жанға шаққандағы мөлшері 2,8 га еді. Бұлөлем бойынша осы көрсеткіштің шамасынан 7 есе артық болған екен. Біраққазіргі кезде жыртылған жердің көлемін одан өрі кеңейтудің қажеті жоқ жәнемүмкіншілік те күрт шектелген. 90-жылдардағы дағдарыс республика жерқорының құрылымына түбегейлі өзгерістер енгізді.Республиканың бүкіл жер байлығы біртұтас жер қорын (ЖҚ) құрайды. ҚРЖер кодексі бойынша ЖҚ 7 категорияға бөлінеді:1) Ауылшаруашылық маңсатындағы жер;2) Елді мекендердің (ңалалар, қала типіндегі поселкелер және ауылды елдімекендер) жері;3) Өнеркәсіп, транспорт, байланыс, қорғаныс және өзге ауылша-руашылық емесмаңсаттағы жер;4) Айрықша қорғалатын табиғи территориялардың, сауықтыру, рекреациялық жәнетарихи - мәдени мақсатындағы жер;5) Орман қорының жері;6) Су қорының жері;7) Босалқы жер.Әрі қарай осы 7 категорияны (ҚР Жер Кодексінің Ш-Бөлімі) нақты түрдесипаттайтын мөліметтер келтіріледі.Біріншікатегорияға ауыл шаруашылығының мұқтаждықтарына берілген немесе осымақсатқа арналған жер алаптары жатады. Бұлар ауылшаруашылық өндірісіменайналысатын көсіпорындарға, серік тестіктерге, кооперативтерге,шаруақожалықтарына және басқада шаруашылық құрылымдарға жеке меншіккесатылған, уақытша немесе тұрақты пайдалануға (иеленуге) берілген жерлер.Бұнда ауылшаруашылың өнімдерін өндіруге тікелей пайдаланылатынауылшаруашылық алаптарымен (жыртылған жер, шабындық, жайылым, жеміс-жидеккөпжылдық кешеттері) қатар, ауыл шаруашылығының өзі міндеттерін ойдағыдайатқаруға қажетті ішкі шаруашылық жолдар, коммуникациялар, түйық оңашаланғансу көздері, мелиоративтік жүйелері, құрылыстар және басқалары орналасқанжерлер кіреді. Ауылшаруашылық алаптары, негізінен мал азығынөндірілетіндері, тек ауылшаруашылың мақсатындағы жерлердің арасында ғанаболмайды. Олар басқа категориялардың құрамында да кездесе береді.Ауылшаруашылық алаптарының жалпы ауданы 220 млн. га астам. Олардыңішіндегі ең құндысы жыртылған жер. Тың және тыңайма жерлерді игерукезеңінде оның көлемі айтарлықтай кеңейіп, ауылшаруашылық мақсатындағыжерлердің құрамындағы үлес салмағы 16 % -ға, ал жалпы жер қорындағы үлессалмағы 13 % - ға дейін жетті.Бірақ та соңғы жылдары жыртылған жердің ауданы күрт қысқарды. Қалғанауылшаруашылық алаптар көбінесе өнімділігі төмен табиғи қалпындағыжайылымдар мен шабындықтарды қамтиды. Олардың тек шамалы бір бөлігі ғанатүбегейлі және үстіртін жақсартылған. Орасан зор ауданды жайылымдардыорынды пайдалану мөселесі оларды суландыру мүмкіншілігіне де байланысты.Ауылшаруашылық алаптары ерекше қорғауды талап етеді. Қай ел болса да,аграрлық саясатының ең басты принциптерінің бірі болып ауыл шаруашылығыныңжерге деген приоритеті табылады.Бірінші кезекте бұл принцип ауылшаруашылық алаптарға, әсіресе еңөнімдісі - жыртылған жерге қатысты. Оларды тек ерекше жағдайда ғанаауылшаруашылың емес мақсаттарға пайдалануға болады. Егер де ондайқажеттілік туа қалса (пайдалы қазбаларды шығаруға) сапасы өте темен жәнеауданы барынша үнемделген жер учаскелері бөлінеді. Осымен қатар а.ш.өндірістің шығындарын етеу төртібі белгіленген. Алаптарды бір түріненекіншісіне ауыстыру да арнайы ережелермен реттеледі.Өткен ғасырдың 90 жылдарында орын алған дағдарыспен бірге ақылы жерпайдалану жүйесін заңдастырудың нәтижесінде елдің жер қорында елеуліөзгерістер пайда болды: ауылшаруашылық мақсатындағы жерлердің ауданы 2,4есе қысқарса, босалқы жерлер 7 есе ұлғайды; едәуір мал азығы алаптарын ауылтұрғындарының жеке үй (қосалқы) шаруашылықтарын дамыту мақсатымен ауыләкімшіліктерінің қарамағына берудің нәтижесінде, елді мекендердің жерлері10 еседей өсті; ауылшаруашылық өндірісіне жарамсыз тоғайлы және бұталыжерлердің есебінен орман жерінің қоры аздап кебейді.Жер категорияларындағы осындай өзгерістер бәлкім салық ауыртпалығынжеңілдету мақсатымен байланысты.Төртінші кесте мен екінші суреттің мәліметтеріне қарағанда ауылшаруашылықмақсатындағы жерлер республика жер қорының тек 33 % - ақ құрайды, ал 47,7 %- босалқы жерлер.4-Кесте Жер қорының категорияларға бөліну динамикасыЖер категориялары Аудандарь і, млн. га 1990 ж 2002 ж 1 2 3 1. Ауылшаруашылық 220,7 86,2 мақсатындағы жер 2. Елді мекендердің жері 2,1 20,5 3. Өнеркәсіп, транспорт, 19,8 2,3 байла-ныс, қорғаныс және езге ауыл-шаруашылық емес мақсаттағы жер 4. Айрықша қорғалатын 0,8 1,4 территориялардың жері 5. Орман қорының жері 10,0 22,4 6. Су қорының жері 0,8 3,6 7. Босалқы жер 17,5 124,7 Барлығы 271,7 261,1 Республиканың сыртында 0,5 0,9 пайдала-нылатын жер Басқа мемлекеттер 0,8 11,3 пайдаланатын жер Республиканың территориясы272,5 272,5

Ауылшаруашылық мақсатындағы жердің басым бөлігі мемлекеттік емес заңтұлгалары (ауылшаруашылық кәсіпорындар, серіктестіктер, кооперативтер) менкұқық иелерінің - шаруа (фермерлік) қожалықтарының қарамағында. Бүкілжердің 64 % біріншілерінің, ал 32 % ПІФҚ пайдалануында.Ауылшаруашылық мақсатындағы жердің динамикасы 4-кестеде келтірілген.Елді мекендердің жері 2002-ші жылдың 1- қарашасында жер қорының 7,9 %құрады. Бұл категорияның басым бөлігі (90 %) ауылшаруашылық алаптары.Соңғы мәліметтер бойынша көптеген ауылды елді мекендердегі мал азығыалаптары тым белсенді түрде пайдаланылуда. Шаруа (фермерлік) қожалықтарымен басқа да ұсақ ауыл шаруашылық кәсіпорындарының ... жалғасы

stud.kz

Жердің жалпы ерекшеліктері Реферат География

Жер күн жүйесінің басқа планеталары сияқты әр түрлі жұлдыздардың шаңы мен газдарынан құрылған. Жердің геологиялық жасы 4,5-5 млрд жыл деп есептеледі . Алғашқы геологиялық сатыдан бастап жер беті материктік көтерулер мен мұхиттық ойпандарға бөлінген. Жер қыртысыныңда ерекше граниттік-метоморфты қабат қалыптасқан. Мантиядан бөлінген газдар арқылы алғашқы атмосфера мен гидросфера пайда болған. Жер бетінде табиғи алғашқы жағдайлардың қолайлы болғаны сонша, планеталар қалыптасқан соң миллиардтаған жылдардан кейін өмір, тіршілік пайда болды. Жер бетінде өмірдің пайда болуы тек қанажер планетасының болу ерекшелігімен ғана емес, сонымен бірге Күн көзінен қолайлы арақашықтықтың дамаңызы бар. Себебі Күн көзіне планеталар жақын орналасса, онда жылу мен жарық мөлшері көп болады да, кез келген жамылғы (жер беті) судың қайнау температураснан жоғары болады. Ал жылуды аз қабылдайды да, өте қатты суынып кетеді. Көптеген планеталар массаларының Жерге қарағанда азырақ болуына байланысты, тартылыс күші де кем болады да, тығыз даәлді атмосфера қабатын ұстап тұруды қамтамассыз ете алмайды. Планета өмір сүру уақытында оның табиғаты бірнеше рет өзгеріске ұшыраған. Әр кезеңдерде тектоникалық іс-әрекет белсенді көріністер берген: құрлықтар мен мұхиттардың көлемі мен келбеті өзгерген, Жер планетасына космостық денелер құлаған, бірнеше рет мұз жамылғылары пайда болып, жоғалып кетіп отырған. Бұл өзгерістер органикалық дүниенің дамуына түпкілікті әсер ете қоймаған. Географиялық қабықтың құрамына: литосфера, гидросфера, атмосфера және биосфера кіреді. Бақылауға мүмкін, космостық кеңістікте Жерге ұқсайтын басқа аспан денелерідәл қазірге дейін байқалмайды.

Жердің пішіні мен өлшемі

Күн жүйесінің ішінде Жер планетасы да шар тәріздес пішінге ие. Жердің шар тәріздес екендігі туралы алғаш айтқандар қатарында грек ойшылы Пифагор болды. Ал Аристотель Айдың тұтылуына бақылау жасау арқылы Жер көлеңкесінің Айға түсуінен қорытынды шығарған, яғни Жер шар тәріздес деп айтқан. Келе-келе бұл ойлар, болжамдар, есептеулер арқылы да дәлелдәнген. XVII ғасырда И.Ньютон мынадай жобалау жасаған : Жер өз білігінен айналуына байланысты полюсте арақашықтық кішірейіп, сығылады. Сөйтіп, ғалым Жер шар тәріздес пішінде деп қорытынды шығарған. XVІІІ ғасырдың ортасында полюс пен экваторға жақын жатқанмеридиандарды өлшеуде бірдей еместігін дәлелдеген. Онда экваторлық радиус полюстік радиустан 21 км-ге ұзын екендігі анықталған. Бұдан біздің Жер дәл шарға емес, эллипстік түрге ие екендігін көреміз. Ертедегі саяхатшылар да Жер шарын айналу саяхаттарында Жер шар тәріздес деген ойлар айта бастаған. Олар оны теңіздің жағасынан алыстаған сайын көкжиектің алыстан көрінуімен байланыстырады. Жердің шар тәріздігінғылыми түрде космостан түсірген суреттер, Жер бетін геодезиялық өлшеулер, Ай тұтулары дәлелдеген. Әр түрлі тәсілдермен өлшеу Жердің негізгі мынадай өлшемдерін нақтылап берді: орташа радиус – 6371 км; экватор радиуысы – 6378 км;

поляр радиусы -6357 км;

экватор ұзындығы – 40076 км; 21 Жер салмағы – 5976 х 10 кг;

2 Жер беті көлемі – 510 млн км . Күннен алыс жатқан үшінші планета – Жер, көлемі бойынша 5-орында, Жер орбитасы эллипстік пішінге ие. Жер мен Күн арасының максымалды арақаш Жердің өлшемі. Космостан түсірілген фотосуреттерде Жер күнмен жарықталған шар тәрізді және фазалары да Айдың фазалары тәрізді болып көрінеді. Жердің пішіні мен өлшемі туралы дәлірек деректер градустық өлшеулер, яғни Жер бетінің әр түрлі орнында 1 доғаның ұзындығын километрмен өлшеу нәтижесінде табылады. Осы тәсілді біздің эрамызға дейінгі III ғасырда Египетте тұрған грек ғалымы Эратосфен қолданған еді. Қазіргі кезде осы тәсіл үлкен дәлдікпен геодезияда- Жердің пішіні мен оның бетіндегі (оның қисықтығын ескргендегі) өлшеулер жайындағы ғылымда қолданылады. Тегіс даладан бір меридианның бойында жатқан екі орын таңдап алынады да, олардың арасындағы доғаның ұзындығын градуспен және километрмен анықтайды. Содан кейін 1 -қа тең доға ұзындығының қанша километрге сәйкес екендігін есептеп шығарады. Таңдап алынған нүктелердің арасындағы меридиан доғасының градуспен алынған ұзындығының осы нүктелердің географиялық ендіктерінің = - айырмасына тең екені анық. Егер осы доғаның километрмен өлшенген ұзындығы -ге тең болса, онда Жердің шар тәрізділігінен доғаның бір градусына километрмен алынған мынадай ұзындық сәйкес келеді: n= . Сонда Жер меридианның L ұзындығы километрмен есептегенде L=360 n болады. Оның 2 -ге бөліп, Жер радиусын табамыз. ықтығы 147 млн км. Құрылысы. Космос аппараттарының бортынан алынған көптеген фотосуреттер жер шарының негізгі үш қабықшасын көруге мүмкіндік береді: атмосфера және оның бұлттары, гидросфера және өзінің табиғи қабаттарымен бірге алынған литосфера. Осы қабықшалар сәйкес келетін заттың үш агрегаттық күйі – газ,сұйық және қатты күйлер бізге- Жер тұрғындарына үйреншікті болып кеткен. Күн жүйесіндегі планеталардың көпшілігінің атмосферасы бар, бірақ қатты қабықша Жер тобындағы планеталарға, планеталардың серіктеріне және астероидтарға ғана тән. Ал Жердің гидросферасы Күн жүйесі үшін бірден-бір ғана құбылыс, бізге белгілі планеталардың бірде-біреуінде ол жоқ. Су сұйық түрде болу үшін, әрине, белгілі температуралық және қысымдық шарттар орындалуы тиіс. Су әлемде ең көп таралған химиялық қосылыстар қатарына жатады, бірақ басқа аспан денелерінде ол өзінің қатты күйінде кездеседі, ол бізге Жер бетінде қар, шық және мұз түрінде белгілі. Литосферада өтіп жатқан процестерден, оның заттарының химиялық құрамынан миллиардтаған жылдар бойы өтіп жатқан өзгерістердің өзін байқаймыз. Радиоактивтік элементтердің ыдырауы кезінде бөлініп шығатын энергияның арқасында заттың балқуы және бөлектенуі өтеді. Осының нәтижесінде жеңіл қосындылар, бұлар негізінен силикаттар, жоғары, қабыққа ұмтылады да, ал ауыр элементтер орталық бөлікті- ядроны құрады. Жер қабығының қалыңдығы онша емес: 10 км-ден (мұхиттардың түбінде) 80 км-ге дейін (тау өркештерінің астында). Ядроның радиусы планета радиусынан екі есе кіші, ал ядро мен қабықтың арасында аралық қабат- Жер мантиясы орналасады, ол қабыққа қарағанда тығызырақ заттардан тұрады. Космос аппараттарының көмегімен орындалған зерттеулер нәтижелері көрсеткендей, Айдың және Жер тобындағы планеталардың ішкі құрылысы жалпы түрде бірдей екен. Жердің массасы және тығыздығы. Бүкіл әлемдік тартылыс заңы аспан денелерінің аса маңызды сипаттамаларының бірін- массаны, оның ішінде біздің планетаның массасын , анықтауға да мүмкіндік береді. Шындығында да, бүкіл әлемдік тартылыс заңынан еркін түсу үдеуінің g=G екендігі шығады. Демек, егер еркін түсу үдеуі, гравитация тұрақтысы және Жер радиусы белгілі болса, онда оның массасын анықтауға болады. Көрсетілген формулаға g=9.8 м/с , G=6.67 H /кг , R =6370 км мәндерін қойып, Жер массасының M=6 10 кг екенін табамыз. Жердің массасы мен көлемін білгеннен кейін, орташа тығыздығын есептеп табуға ьолады. Ол 5,5 10 км/м -ге тең. Атмосфера. Жерді қоршаған газ қабықшасы- атмосфера 78% азоттан, 21% оттегінен және болымсыз мөлшердегі басқа газдардан тұрады. Атмосфераның төменгі қабаты тропосфера деп аталады, ол 10-12 км биіктікке дейін (орта ендіктерде) созылып жатады. Одан биіктеген сайын температура төмендейді. Онан жоғары стратосферада температура тұрақты дерлік болып қалады (-40С маңында). Ал шамамен 25 км-дей биіктіктен бастап бұл қабат Күннің ультракүлгін сәулелерін жұтатындығынан температура баяу артып отырады. Жер атмосферасының жоғарғы қабаттарында күн сәулелері күшті иондану туғызады. Атмосфераның ионданған қабаты ионосфера деп аталады. Атмосфера космос кеңістігінен Жерге келетін сәулелерден басым бөлігін шағылдырады немесе жұтады. Мысалы, ол Күннің рентген сәулелерін жәбермей, ұстап қалады. Атмосфера бізді микрометеориттердің үздіксіз атқылауынан және космос сәулелерінің – жедел қозғалатын бөлшектердің ағынының бүлдіру әрекетінен де сақтайды. Атмосфера Жердің жылу балансында ерен маңызды роль атқарады. Көрінетін Күн сәулелері атмосфера арқылы ешбір бәсеңсімей өте алады. Оларды Жер беті жұтады, осыдан келіп ол жылынады да , инфрақызыл сәулелер шығарады. Осы күнгі көзқарастар бойынша гидросфераның және атмосфераның болуы арқасында ғана жерде тіршілік пайда болған. Міне, сондықтан да экология мәселесі, біздің бірегей планетамыздың табиғатын қорғау ерекше маңыз алуда. Магнит өрісі. Жердің магнит өрісі біршама зор. Жерден алыстаған сайын магнит өрісінің индукциясы әлсірей береді. Жер маңындағы кеңістікті космос аппараттары көмегімен зерттеу біздің планетамызды қуатты радиациялық белдеу қоршап тұрғандығын көрсетті, алллл ол- үдей қозғалатын зарядталған элементтер бөлшектер- протондар мен электрондардан тұрады. Оны жоғары энергиялы бөлшекткр белдеуі деп атайды. Белдеудің ішкі жағы шамамен Жер бетінен 500-5000 км-ге дейін созылып барады. Радиациялық белдеудің сыртқы жағы Жердің 1-5 радиустарындай биіктіктер аралығында. Ол негізінен он мыңдаған электронвольт энергиясы бар электрондардан тұрады. Радиациялық белдеуді құратын бөлшектерді Жердің магнит өрісі сірә,Күннен ұдайы шығарылып тұратын бөлшектерден қармап алатын болуы керек. Бөлщектердің аса қуатты тасқыны , әсіресе Күндегі жарылыс құбылыстары кезінде, яғни Күндегі оталыстар кезінде пайда болады. Күн бөлшектерінің тасқыны 400-1000 км/с жылдамдықпен заулап ,өздерін туғызған Күн бетіндегі ыстық газдардың оталысынан 1-2 күн өткеннен кейін Жерге келіп жетеді. Осындай күшті корпускулалық тасқын Жердің магнит өрісін ұйытқытады. Магнит өрісінің өзгеріс-сипаты тез және оқыс құбылады, осыны магнит дауылы дейді.

www.iro.kz

Жер планетасы туралы қазақша реферат

Жер планетасы бұдан 4,7 млрд жыл бұрын қалыптасып, оның эволюциясының алғашқы кезеңі атмосфера, гидросфера, литосфераның абиогенді физико-химиялық қалыптасуы мен олардың арасындағы қатынастардың қарқындауы арқылы болды. Вулкандар әсерінен жүретін геологиялық және геохимиялық үрідстер нәтижесінде азот пен көміртегі оксидтері бөлініп шығып, сутегі, метан, аммиак және су буларынан тұратын атмосфераны қалыптастырды.

Биота 4,7 млрд жыл бұрын қалыптаса бастады және Жердің географиялық қабықшасының эволюциясында үлкен роль атқарды. Биота қоршаған ортаға бейімделіп қана қоймай, сонымен бірге орта жағдайларын өзіне қолайлы бағытта өзгертті де. Жер эволюциясының алғашқы 4 млрд жылында биота литосфера, гидросфера мен атмосфераға айтарлықтай өзгеріс енгізетін фактор бола қойған жоқ. Жер эволюциясының екінші кезеңі прокариоттардың — бір клеткалы ядросыз организмдердің, 3,3 млрд жыл бұрын қарапайым көкжасыл балдырлардың пайда болуымен сипатталады. Алайда, биотикалық фактор әлі де Жердің құрылымдық-структуралық белсенді компоненті болған жоқ еді.

Үшінші кезең 1,9-2,0 млрд жыл бұрын, эукариоттар – бір клетаклы ядролы организмдер пайда болған кезден басталады. Нәтижесінде 1,2-1,0 млрд жыл бұрын мұхитта қарапайым көп клетаклы өсімдіктер мен жануарлар пайда бола бастады. Төртінші кезеңде биотаның қарқындап дамуы Жердің географиялық қабықшасы эволюциясының аса маңызды факторларының біріне айналды. Бұл соңғы 600 млн жылда өтті. Осы кезеңде биота фотосинтез арқылы Жердің көмірқышқыл газды атмосферасын азотты-оттекті атмосфеарға айналдырып, атмосфераға миллиондаған тонна молекулалық оттегі бөліп, озон қабатын қалыптастырып, омыртқалы жануарлардың құрылыққа шығуына алғы шарттар жасады. Органикалық әлемнің эволюциясының осы кезеңінде атмосфера фотосинтездің негізгі компоненті – көмірқышқыл газына байытылып, ал оттегі мөлшері біршама азайды. Палеозойдың көп бөлігінің барысында СО2 атмосферадағы концентрациясы 0,1-0,4% болды. СО2 бұндай концентрациясында авторофты өсімдіктердің көпшілігінің өнімділігі ең жоғарғы шегіне жетіп, түзілген орасан зор биомасса түрлі өзгерістерге ұшырап, нәтижесінде жанғыш органикалық пайдалы қазбалардың мол қоры түзілді. Бұнымен қатар автотрофты өсімдіктердің массасы, онымен бірге Жер бетіндегі тірі организмдердің массасы азайды. Бесінші кезең — Жерге бұдан 65 млн жыл бұрын диаметрі 9 км алып аспан денесінің құлауы және экологиялық жағдайдың кенет өзгеруі нәтижесінде жануарлардың көпшілігі, оның ішінде динозаврлар да қырылып, бұл сүт қоректілердің дамуына себеп болды.

4,5-5 млн жыл бұрын адам тәрізді маймылдардан гоминидтер тұқымдастығының ажырауы бесінші кезеңнің соңы болды. Адамның алғашқы қауымдық ата-тегі табиғи құралдарды қолдан жасауды үйренді. Олар австралопитектерге жақын, 2,5 млн жыл бұрынғы ертедегі гоминидтер (Homo habіlіs — қабілетті адам) тас дәуір –олдувай дәуірінің бізге белгілі мәдениетін жасаушылар болды. Алғашқы палеолитте (шамамен 900-300 мың жыл бұрын) австралопитек- гоминидтер біршама жетілген құралдар жасай бастап, архантроптардың (Homo erectus – тік жүретін адм) ертедегі ашелл және шелл мәдениетін сақтаушылардың қалыптасуына жағдай жасады.

Бесінші кезеңде 40-100 мың жыл бұрын антропогенез процесі қазіргі заманғы адамның (Homo sapіens – саналы адам) физикалық типінің қалыптасуымен аяқталды, ал бұдан соң 12-7 мың жыл бұрын алғашқы қауымдық қауымлық құрылым аяқталып, құл иеленушілік қоғам қалыптасып, Жер дамуының антропогендік кезеңі басталды: орман ағаштары кесіліп, өртеліп, мал және егін шаруашылығы дами бастады.

Аса маңызды оқиғалардың хронологиясы

15 млрд жыл бұрын — Үлкен жарылыс.

3 минуттан кейін — Әлемнің заттық негізі түзілді (фотондар, нейтрино мен антинейтрино сутегі, гелий және электрондар ядроларының қоспасымен).

Бірнеше жүз мың жылдан кейін – атомдар (жеңіл элементтердің) пайда болды.

14 — 12 млрд жыл бұрын — әртүрлі масштабтағы құрылымдардың (галактикалардың) түзілуі.

10 млрд жыл бұрын – алғашқы жұлдыздар пайда болып, ауыр элементтердің ядролары түзілді.

5 млрд жыл бұрын – Күн пайда болды.

4,7 млрд жыл бұрын – Жер пайда болды.

4,5 млрд жыл бұрын – Жерде тіршілік пайда болды.

3,3 млрд жыл бұрын – бір клетаклы ядросыз организмдер пайда болды.

2 млрд жыл бұрын – клеткада ядро түзілді.

1 млрд жыл бұрын – организмдер жануарлар мен өсімдіктерге бөлінді.

500 млн жыл бұрын – жануарларда қаңқа пайда болды (хордалы жануарлар).

450 млн жыл бұрын — өсімдіктер құрлыққа шықты.

320 млн жыл бұрын – жануарлар құрлыққа шықты (алғашқы амфибиялар – ихтиостегиялар – балық құйрықты және төрт жүзу жарғақты жануарлар).

290 млн жыл бұрын – динозаврлар пайда болды.

167 млн жыл бұрын – алғашқы ұшқыш кесірткелер (птерозаврлар мен археоптерикстер).

150 млн жыл бұрын – алғашқы сүт қоректілер пайда болды.

65 млн жыл бұрын – динозаврлар жойылып, сүт қоректілер эволюциясына жол ашылды.

14 млн жыл бұрын — қарапайым гоминидтер – рамапитектер пайда болды.

5-6 млн жыл бұрын – антропогенездің басы.

Қазіргі заманңы ғылымға тек қана даталар ғана белгілі екендігін айта кету маңызды, ғалымға сонымен қатар, лкен жарылыстан басталып осы күнге дейін жалғасып жатқан Әлемнің эволюциясының механизмдері де белгілі. Бұл – бір ғана жүз жылдықта ғылымның қол жеткізген фантастикалық қорытынды деуге болатын жағдай.

Атақты америкалық астроном Карл Саган (1934 жылы туылған) Әлемнің эволюциясының көрнекті моделін жасады, ол бойынша, космостық жыл шамамен біздің 15 млрд жылымызға, ал 1 секунд – 500 жылға тең; сонда эволюцияның уақыты жердегі бірліктермен есептегенде төмендегідей болады екен:

лкен жарылыс 1 қаңтар 0 сағ 0 мин

Галактиканың түзілуі 10 қаңтарда

Күн системасының түзілуі 9 қыркүйекте

Жердің түзілуі 14 қыркүйекте

Жерде тіршіліктің пайда болуы 25 қыркүйекте

Мұхиттағы планктон 18 желтоқсанда

Алғашқы балықтар 19 желтоқсан

Алғашқы динозаврлар 24 желтоқсанда

Алғашқы сүт қоректілер 26 желтоқсанда

Алғашқы құстар 27 желтоқсанда

Алғашқы приматтар 29 желтоқсанда

Алғашқы гоминидтер 30 желтоқсанда

Алғашқы адамдар 31 желтоқсанда шамамен 22 сағат 30 минутта пайда болған.

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ

1. Биологиялық эволюция, оның құрылымы.

2. Биологиялық эволюцияның механизмі.

3. Бимологиялық эволюцияның қозғаушы күштері: негізгі және қосымша.

4. Катастрофалық құбылыстар, түрлердің жойылып кетуі, олардың себептері жөніндегі гипотезалар мен теориялар.

5. Кратер түзілу үрдістері, олардың себептері мен периодтылығы.

6. Радиоактивті элементтер, радиоактивтіліктің тірі организмдерге тигізетін зардаптары.

7. Рифтогенез, оның кезеңдері, мутация туралы түсінік және рифтогенездің биосфера эволюциясының барысына әсері.

8. Жердің магниттік өрісі, оның биосфера дамуындағы ролі.

9. Динозаврлар, олардың Жер биосферасы фаунасында үстемдік құруы, тіршілігі және жаппай жойылып кетуі мен оның себептері жөніндегі жорамалдар.

10. Озон қабаты, қышқыл жаңбырлар туралы түсініктер.

11. Жердің геомагнитті өрісінің инверсиялары және басқа да құбылыстар, олардың биосфераға әсері.

12. Антропогенез, оның негізгі кезеңдері мен оларға

тән белгілер.

13. Теңіз деңгейінің катастрофалық өзгерістері, олардың себептері мен биосфераға әсерлері.

14.Магниттік дауылдар, олардың себептері мен биосфераға әсерлері.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 

  1. Горелов А.А. Концепции современного естествознания. Москва: Центр, 1997, 208 б.
  2. Концепции современного естествознания: Учебник для вузов, Под ред. проф. В.Н.Лавриненко, проф. П.Ратникова. –М.: Культура и спорт, ЮНЙТИ, 1997, -271 б.
  3. Мукашев З.А. Концепции современного естествознания: курс лекций. Алматы: ВШП Әділет, 1998, 150 б.
  4. Потеев М.И. Концепции современного естествознания – СПб.: изд-во «Питер , 1999. –352 б.
  5. Рузавин Г.И. Концепции современного естествознания: Учебник для вузов. – М.: Культура и спорт, ЮНИТИ, 1999, -288 б.
  6. Алексеев В.П., Першиц А.И. История первобытного общества. М.: Высш школа.: 1990
  7. Андреев И.Л. Происхождение человека и общества. – М.: Мысль, 1982.
  8. Будыко М.И., Голицын Г.С., Израэль Ю.А. Глобальные климатические катастрофы.-М.: Гидрометеоиздат, 1986.
  9. Вернадский В.И. Биосфера. Различные издания.
  10. ВладимирскийБ.М., Кисловский Л.Д. Космические воздействия и эволюция биосферы. – М.: Знание, 1986.
  11. Газенко О.Г., Пестов И.Д., Макаров В.И. Человечество и космос. – М.: Наука, 1987.
  12. Гумилев Л.Н. География этноса в исторический период. Л.: Наука, 1990.
  13. Гумилев Л.Н. Этногенез и биосфера Земли. Различные издания.
  14. Дикерсон Е.Р. Химическая эволюция и происхождение жизни. 103 б.
  15. Ивахненко М.Ф., Корабельников В.А. Живое вещество Земли. М. 1987.
  16. Каратаев О.Г. Проблемы электромагнитной совместимости. –М.: Знание, 1988.
  17. Кендрью Дж. Нить жизни. М., 1968.
  18. Костицын В.А. Эволюция атмосферы, биосферы и климата. М. 1984.
  19. Крывелев И.А. История религий : Очерки в 2 т. М.: Мысль, 1988.
  20. Кун Т. Структура научных исследований. М., 1975.
  21. Майр Э. Эволюция. М., 1981.
  22. Матюшин Г.Н. У истоков человечества. –М.: Мысль, 1982.
  23. Монио А.С., Шишков Ю.А.. История климата. Л.: 1979.
  24. Неручев С.Г. Уран и жизнь в истории Земли. – Л.: Недра, 1982.
  25. Николов Т.Г. Долгий путь жихни. –М.: Мир, 1986.
  26. Новиков И.Д. Эволюция Вселенной.-М.: Наука, 1983.
  27. Поршнев Б.Ф. О начале человеческой истории. М., 1974.
  28. Почтарев В.И. Земля- большой магнит.-Л.: Гидрометеоиздат, 1974.
  29. Пригожин И., СтенгерсИ. Время, хаос, квант. М., 1994.
  30. Реймерс Н:Ф: Пиродопользование. Словарь-справочник. М.: 1990.
  31. Семнов Ю.И. На заре человеческой истории. М.: Мысль, 1989.
  32. Сноу Ч. Две культуры. М., 1973.
  33. Станы и народы мира. Общий обзор. М.: 1978, т.1
  34. Тинберген Н. Социальное поведение животных. М., 1992.
  35. Ушаков С.А., Ясаманов Н.А. Дрейф материков и климаты Земли. М. 1984
  36. Чижевский А.Л. Эхо солнечных бурь.
  37. Филиппов Е.М. Вселенная, Земля, жизнь. –Киев: Наукова думка, 1983
  38. Филиппов Е.М. Ядра, излучение, геология. – Киев: Наукова думка. 1984
  39. Филиппов Е.М. О развитии Земли и биосферы. – М.: Знание, 1990. 48 б.(Новое в жизни, науке, технике. Сер. «Науки о Землең; б.5
  40. ФлинтР.Ф. История Земли. М. 1978.
  41. Эйнштейн А., Инфельд Л. Эволюция физики. М., 1965.

.

Тағы рефераттар

bigox.kz

Жер қабаты — реферат

                  Жер қабаты

Геология - Жердің құрамы мен құрылымын,оның табиғи дамуының тарихын және де ондағы тіршіліктің туып,өршуін зерттейді. Жер бірнеше қабаттардан тұрады:сыртқы қабат-жердің қабығы (5-70 км.тереңдікке шейін), мантия (2900 км.тереңдікте) және өзегі (6371км.тереңде). Олардың әрқайсысының химиялық құрамы,физикалық қасиеттері және жағдайы әртүрлі [1] Жер қабығы басқа қабаттарға қарағанда толығырақ зерттелгенде де,мантия мен өзегінің құрамы мен құрылысы әлі де болса толық анықталмаған. Жер қабығының үстіне су қабығы немесе гидросфера және ауа қабаты (атмосфера) орналасады. Гидросфера жер бетінің 71% аумағын жабады. Атмосфераның төменгі шегі құрлық пен мұхиттың бетінен басталады да одан жоғары 1000километрге дейін тарайды.

Жер қабығының құрамы. Жер қабығы тау жыныстарынан құралады да,олар минералдардан түзіледі. Минералдар деп жер қабығының физика химиялық табиғи процестерден пайда болған өзінің химиялық құрамы мен физикалық қасиеттері тұрақты қосындыларды айтады. Тау жыныстары бір немесе бірнеше минералдардан құралып,жер қабығында өзіне тән геологиялық денелер түзеді. Жаралу тегіне байланысты тау жыныстары магмалық,шөгінді және метаморфтық болып үш үлкен топқа жіктеледі. Магмалық тау жыныстары жер қойнауында болатын силикатты балқыма ерітіндінің (магма) жер бутіне жетіп (оны енді лава дейді) қатаюынан немесе жер қойнауында кептеліп кристалдануынан пайда болады. Магмалық жыныстар көбіне кристалды құрылымды болып, нағыз, ұдайы өте қатты біркелкі массивтер түзеді. Олардың үлгісі ретінде тереңде кристалданған гранитті,немесе жер бетіне төгілген базальтты атаған жөн. Әрине, бұл жыныстар арасынан жан жануарлардың,өсімдіктердің қалдықтарының табылуы мүмкін емес. Шөгінді тау жыныстары жер бетіне су бассейндерінің түбінде органикалық және анорганикалық заттардың заттардың шөгуінен пайда болады. Байырғы жыныстардың экзогендік процестер әсерінен бұзылған түйіршіктері мен жануарлардың, өсімдіктердің қалдықтары біртіндеп шөге келе қат қабаттар түзеді. Шөгінді тау жыныстары жаралу тегіне байланысты үгінді (механикалық шөгінділер), химиялық (хемогенді), органогенді және аралас топтарға жіктеледі. Үгінді жыныстар тозып бұзылған жыныстардың сынық үгінділерінің шайылып, кейіннен бір тұста шөгуінен пайда болады. Осылайша дөңбектастар, малтатастар, құм және құмтастар, аргилиттер, балшық тақтатастар түзіледі. Хемогенді жыныстар тұздардың қанық ерітінділерінен немесе химиялық реакциялар әсерінен тұнған заттар. Олардың басты топтары:әктастар,кремнийлі,темірлі,галоидты,күкіртқышқылды тұздар. Әктасты жыныстарға ізбестастар,олитті ізбестастар,ізбесті туфтар, доломиттер т.б. жатады. Кремнийлі жыныстарға ыстық бұлақтар суынан тұнған кремнийлік туфты атауға болады. Сонымен қатар, яшмалар, тұнған кремнийлі тақтатастар соларға жатады. Органогенді жыныстар өсімдіктердің,жәндіктердің азды көпті қалдықтарынан тұрады. Ең жиі тарағандары: ізбестастар, қабыршақтар, ақ бор, трепелдер және каустобиолиттер. Аралас тау жыныстары жоғарыда терілген жыныстардың қоспасынан тұрады. Мысалы балшық ізбестас, мергел, құмқұмайтты ізбестас, опокалар. Метаморфтық тау жыныстары деп байырғы шөгінді,магмалық,типті метаморфтық тау жыныстарының тереңде батып өзгеруінен жаралған жыныстарды атайды. Осылайша өскен температура мен қысым әсерінен бұрынғы нығыз, сом магмалық жыныстар тақталанады, ал шөгінді жыныстар кристалл құрылымды жынысқа көшеді. Сонымен тау жыныстары әжептәуір өзгерістерге ұшырап,жаңа қасиеттерге ие болады.Бұлардың негізгі ерекшелігі жер қойнауындағы жойқын қысым мен температурадан құрылымы кристалдық,түзілімі тақталанған болуы.Көптеген метаморфтық жыныстардан кварциттерді,мәрмәрді,әртүрлі тақтатастардан,гнейстерді атаған жөн.

Тау жыныстарының геологиялық жасы. Тау жыныстарының геологиялық жасын жыныс қабаттарының бір бірімен кезектесіп алмасуын реттеу арқылы анықтайды. Органикалық қалдықтардың,құрылымы мен құрамын,тік және горизонталь бағыттардағы арақатынастарды реттеу арқылы ғалымдар жер жүзіне лайықты стратиграфиялық шкала жасаған. Ол жер қабығының дамуының басты басты тарихи геологиялық заңдылықтарын меңзейді. Оған қоса және соған пара пар геологиялық мезгілдің кезектесуін көрсететін геохронологиялық кестеде жасалды. Геохронологиялық кестенің әрбір бөлшектері организмдердің тасқа айналған қалдықтарымен межеленген. Бірақ та ең көне архей және протерозой эраларында организмдер қалдықтары өте сирек кездесетіндіктен ол екеуін кезеңдерге жіктеу қиынға соғады.

Шөгінді тау жыныстарының жатыс пішіндері. Шөгінді тау жыныстарының ең басты көрінісі олардың бір бірімен үнемі параллель,немесе параллельге жақын орналасуы.Оны жыныстың қаттасуы дейді.Жыныс қабаттары бір бірімен құрамы,құрылысы,түзілімі және түсі арқылы ажыратылады. Шөгінділердің жеке қабаттары(тастары)бір бірімен қаттасу шектерімен ажыратылады.Қабаттың төменгі межесін оның табаны дейді,үстіңгі қабаттың табаны болғаны. Шөгінді дыныстардың әуелгі пішіні біркелкі жыныстардан түзіліп,параллельге жақын беттермен жабуы мен табаны,шектелген горизонталь жатқан қабат.Дегенмен кейінен жер қабығында дүркін дүркін өтетін қозғалыстар әсерінен шөгінді жыныстардың горизонталь жатуы бұзылады да,қабат әртүрлі еңшік бағытта құлайды. Көлбеу құлаған қабаттың нақтылы,горизонталь және тік бағыттағы қалыңдығын өлшейді.Қабаттың нақтылы қалыңдығы деп кез келген нүктеде оның жабуынан табанына түсірілген перпендикулярдың ұзындығын атайды.Қабаттың горизонталь қалыңдығы осы бағыттағы жабуы мен табаны арасындағы сызықтың ұзындығымен өлшенеді(1-1 сурет,АБ). Тіл қалыңдығы кез келген нүктеден тік бағыттағы жабуы мен табаны арасындағы сызықтың ұзындығымен өлшенеді(1-1 сурет,АД) өлшемі. Жер астында болатын процестер әсерінен жер қабығындағы қозғалыстар үш түрге бөлінеді:тербеліс,қатпар құрушы және жарылыс.Алдыңғы екі қозғалыстардан тау жыныстарының қабаттары иіліп,майысады,ал үшіншіден жыныс қабаттары сынып,жарықшақтанады.

Тербеліс қозғалыстардан жер қабығының жеке аймақтары  тік бағытта төмен құлдырайды немесе жоғары көтеріледі.Тербелу қозғалыстары қай заманда болсын,ұдайы өтіп тұрады.Бұлардың нәтижесінде шөгінді  қабаттар аздап майысып, горизонталь  жатқан қабаттар өздерінің горизонталь  жатысып жоғалтып, өте мөте жатық  ойыстар (синеклизалар) мен көтерілімдер (антеклизалар) құрайды. Олар ішінара  тағы да кішігірім ойыстар мен  көтерілімдерге тап болады. Қатпарлы (пликативті) қозғалыстар нәтижесінен қатпарлар түзіледі,яғни қабаттар толқын тәрізді иілімдер құрайды(1-1 сурет). Өзегінде жас жыныстар,қанатында көне жыныстар жатқан қатпарды синклиналь дейді.Оның майысуы төмен қарайды да,қанаттарындағы қабаттар бір біріне қарай беттеседі.Өзегі көне қабаттармен толып,қанаттарында жас қабаттар жатқан өатпарларды антиклиналь деп атайды.Оның майысу доғасы жоғары қарайды да,қанаттарындағы қабаттар кері жақтарға құлайды.Жапсарлас антиклиналь мен синклиналь бірігіп толық қатпар құрайды.

yaneuch.ru


Смотрите также