Қазақша шығарма: Күз. Реферат күз


Қазақша шығарма: Күз » ZHARAR © 2018

Міне, қыркүйек туды, күз келді. Күн қысқарып, түн ұзарды. Аспаннан бұлттар қаптап, сіркіреп жаңбыр да жауып тұр. Күн сирек көрініп, аз жылытады. Анда-санда таңертең салқын болып қояды. Өткір суық жел арық малды, жұқа киімдіні тоңдыра бастады. Жұрт күземін алған, киізін де басып алды. Маса, шыбын, құрт-құмырсқа жоқ болып кетіпті, құстар да жылы жаққа ұша бастады. Қарлығаштар көптен көрінбейді. Аспанда тырналар да тізіліп ұшып барады. Ағаштардың жапырақтары сарғайып түсіп шөптер де қурап қалған. Егіншілер астығын жинап алып, шашындыда әр жерде ғана жаңбырға сарғайған шошақтар тұр, оларды де иелері тасып алуға шана жолын күтіп отыр.

Ел тегіс биесін ағытып, пысық қатындар желі-ноқтасын кептіріп алды. Жаз күні көп байлағаны есіне түсіп, қымызшыл шалдар арық құлынын жаңа аяп отыр. Ер азамат қыстауды түзеп, кемпір мен шал, борбай балалар от басында отыр. Жаз рақат болса да, киіз үйдің күзді күні суығы-ай!

Әне-міне дегенше күз де келді. Оны мен күнтізбеден ғана емес, ауа-райынан байқадым. Күн лезде суытты, ертең тіпті қар жауады деген болжам да бар. Көрерміз... Ауа райының өзгеруі адамдардың көңіл-күйіне қаншалықты әсер етеді екен. Бәлкім терісі қалың, тоңмойын адам суықты да, жапырақтардың сарғайып құлап түсіп жатқанын да елемеуі де мүмкін. Бұл рухани тұрпайылық па, әлде күштілік пе? Бұл туралы өте көп ойлар айтуға болады. Дегенмен де өз басым соңғы кезде ғана ауа-райының өзгерістеріне, тек ауа райы ғана емес, жалпы дүниедегі, өмірдегі өзгерістерге назар аудара бастадым. Адам қандай болсын бірібір кез-келген адамның ойларында қазір күздің сарыны байқалады. Сөйтіп табиғат адамға осылай да әсер етеді екен-ау.Табиғат жаратылысы өзіне тән жыл он екі ай төрт мезгілмен ұштасады. Әр мезгіл өз сұлулығымен таңдай қақтырарлықтай. Мысалы қыс - мамықтай жұмсақ, кіршіксіз таза көңілдей аппақ қарымен көрікті болса, ал көктемде жылғалардан су ағып, өсімдік атауы бүршік атып, ағаштар ақ гүлден моншақ тағынады, төрт-түлікте төлдеп тіршілікке жан бітеді. Айналасын жасыл кілемге төсеп дала біткенді суға жүгіртіп, қарынын үзілген жеміске тойдырған жаз да бар.

Ал мен үшін орыны бөлек, жаныма жақын - күз мезгілі. Иә, көне шаһар төріне өзімнің басқа маусымдарға ұқсамайтын келбетімен күз де келіп жетті. Сары жапырақ қоңыр салқын ауа-райы, жабырқаулы көңіл-күй, қара суық жер күзге тән қасиет.

Мектепке асыққан бала, қоймасын астыққа толтырған диқаншы, қыс азығын жинаған шаруа, еңбекпен біте қайнасқан тірлік күз мезгіліндегі қызықты жайттар. Сондықтан күз - молшылықтың, байлықтың, берекенің мезгілі болып саналады.

Күз - сағыныш маусымы

Есіңізде ме, мектепте оқып жүрген кезімізде жыл сайын міндетті түрде «Күз» деген тақырыпта шығарма жазушы едік қой. Ылғи да «Күз келді. Күн суып, жапырақтар сарғайды. Құстар жылы жаққа қайтты. Адамдар жылы киіне бастады. Дихандар өнімін жинап алды...» деген сарынмен жазып кете беретінбіз. Иә, бала қиялы, бала көзі күздің сыртқы бейнесін, сипатын баяндап жазуға қауқарлы. Ал жасың ұлғайып, ересек адамға айналғанда күзді басқа қырынан көре бастайды екенсің.

Сіз күз деген сөзді естігенді бірінші нені есіңізге аласыз? Суыған күн, сарғайған жапырақ, жиналған бақша өнімдерін бе? Әлде күздің бірінші күнінде басталған жаңа оқу жылын ойлайсыз ба? Мүмкін жылы киім сатып алу мен қысқа дайындық жасауды есіңізге алатын боларсыз? Шындығында да, әр адам әртүрлі ойдың жетегінде кетері анық.

Ал мен үшін осынау алтын мезгіл – сағыныш маусымы. Күз келсе-ақ болды әлденені, әлдекімді сағынып, іздей бастаймын. Оның не екенін өзім де білмеймін. Құдды біреуді жоғалтып қойған адамдай беймаза күй кешетінім жасырын емес. Мынау күйбең тірліктің шырмауынан бір сәтке еркіндікке шығып, көңіліме ерік бергім де келетін сияқты ма, қалай?! Әсіресе, жауынды күні, әшейінде жайдары көк аспан түнеріп, моншақтап жауған жаңбыр тамшылары терезені тырсылдатып соққан кезде менің де жүрегімді бір естеліктер мен белгісіз мұң тарсылдатып соғып жатқандай болады. Ешқандай себепсіз торығып, жанарың жасқа толып, осынау өмірде біреуден зәбір көрген жандай бұртиып шыға келесің. Өткен күндердің сәулесі есіңе түсіп, жүрегің шаншиды. Адам деген қызықпыз ғой негізі. Жүрегіміз бұйрық берсе көзімізді тарс жұмып алып, ақылымызды істен шығарып, бұйдаланып мұрнына жіп өткізген түйедей сезімнің жетегінде сүйретіліп кете береміз. Өзімізге өзіміз есеп беруден қалып, болар іс болып, бояуы сіңгенде барып ағат басқан, ақыл құптамайтын қадамымыз үшін кімді жазғырарымызды білмей әуре-сарсаңға түсіп жатамыз. Бірақ оған кінәліны іздеудің түкке де қажеті жоқ. Сіз бар болғаны көңіліңіздің қалауын жасадыңыз. Осынау жасындай өте шығар бес күндік жалғанда кез келген адамның қателесуі заңдылық. Тіпті толық құқылы деуге де болады. Себебі кемшілік, сәтсіз қадам адамға сабақ беріп, келесіде қайталамауын қамтамасыз етеді.

Өз басым жыл мезгілдерін адам өмірінің кезеңдерімен салыстырар едім. Көктем – бүр жарған, тіршілік оянған жастық шағымыз. Бәрі де таза, бәрі де табиғи. Табиғат-Ана оянып, тіршілік жанданып, күн тек мейірім төгіп тұрады, жастар да қулық-сұмдықтан ада, пәк сезімнің иесі болады. Ал жаз мезгілі – тіршіліктің нағыз қайнаған шағы. Өсімдіктер өз өнімдерін беруге дайындалып жататыны секілді, адамның да жаз маусымы оның отбасын құрып, бала өсіріп, солардың болашағы үшін барын салып, бойындағы қаны қайнап тұрған уақыты деп білемін. Адамдардың ұрпақ тәрбиелеп, оларды орындарына жайғастырып, еккен егіндерінің жемісін көретін мезгілі – күз мезгілі. Балалардан рахат көріп, астына қалың көрпеше салып жан жылулығын сезінетін сәт. Соңын ала жапырақтары түсіп, жалаңаштанған ағаштардай қарттықты мойындай бастайды. Адам ғұмырының соңғы ұзақ ұйқыға кететін шағы - қыс мезгілі. Суық та ызғарлы. Көктемді аңсайтын мезгіл. Бірақ қолдан келер дәрмен жоқ. Осылайша өмір аяқталады.

Сондықтан әрбір күннің жақсылығын сезініп, қандай сынға кез болсақ та Алланың игілігінен үміт үзбеуді үйренейік дегім келеді. Далада күз болса да, көңілдеріңіз жадыраңқы болсын!

Күзгі күй…

Күз басталғаннан бері де бір ай өте шықты. «Жаз қашан…» деп асыға күткен әрбір пенденің сол жазда бітіретіні шамалы…күйбең тірлікпен қалай өткенін де білмей қалады. Жайдарлы жаз бізбен қимай қоштасқандай болды-ау… Жылдағыдай емес, жапырақтар да кеш сарғайды. Күннің көзі ашық,жылы болып тұр. Таңертең автобуста терезеден сыртқа көз сала отырып, есіме Қайрат Нұртас айтып жүрген бір әннің сөздері есіме түсті: …Жаздың соңы, жапырақтар жаңбыры, Ал жапырақ – адамдардың тағдыры. Сары ағаштан түсіп жатқан секілді Сау-сау етіп өмірімнің әр күні… Дәл солай, пендеуи өмірде анаған қол жеткіземіз,мынаның шырқау шегіне жетеміз деп шапқылап жүріп, көз алдымызда жайқалып өсіп тұрған жасыл әлем сары түспен алмасып үлгерген кезде ғана, осы маусымды артқа тастағанымызды бір-ақ байқаймыз, е-ее…тіршілік десейші… Бала кезімізде мектепте «күз туралы шығарма жазыңдар» десе-ақ, «күз келді, айнала сары алтынға оранды…» деп бастап ала жөнелетінбіз. Сурет сабағында түрлі-түсті қарындашпен сары жапырақтарды бір-бірімізбен жарыса отыра әдемілеп салсақ, ал ботаника мұғалімінің «гербарий дайындап әкеліңдер» деген тапсырмасын естіген сәтте төңіректен жапырақ теріп кетуші едік. Оны кітаптың арасына салып кептіріп, артынан альбомға желіммен жапсырып әлек болатынбыз. … Жан-жағыма әлі қарап келем. Тағы да… сары жапырақтар… Қазір маған сол сары жапырақтар ұнамайды… біртүрлі, көңілсіздік тудыратын сияқты болады да тұрады. Тіпті, күз туралы кез келген бір өлең, не шығарманы алып қараңызшы, ішінен міндетті түрде мұң тұнған жолдарды кездестіресіз: сары жапырақ…, сарғайған сағыныш…, құстардың қайтуы, қош айтысу…, күзгі жауын…, күзгі дауыл… т.б. Ал «көктем», «жаз» сөздерінің өзі жанарыңызға жылу әкелетінін елестетіңізші… …Күнделікті тұра сала әдет бойынша күнге тағзым етейін деп терезеге үңілсең, салқын сілем бірден аңғарылады. Көңіл көлеңке тартып қалады. «Әлі де жаз бола түссе екен» деген іште тілек бар ма екен, кім білсін. Жадыраған жазда қызылды-жасылды матаның өзі көтеріңкі күй сыйлайтын…ал қазір…адамдар сұр, қара, қоңыр түстіге ауысыпты… қайтсін… жұқа киім кімге пана болсын…? Бүгін қыркүйектің соңғы күні. Жұмысқа келе сала, әдеттегідей пошта тексеріп, күнделікті қарайтын блог,сайттарды шолып шықтым. Бағана үйден шыға маза бермеген ойларымды аяқтайтын бір түйін жетіспей тұрғандай, жинастырған өлең, жазуларды ақтардым. Тірліктің әрбір бедеріне мән беріп, ой қорытып отыратын Бекжан Толыбайдың блогынан бұрындары көшіріп алған мынау сөздер көзіме түсті, дәл осы күзді күнгі көңіл-күй,ішкі мазасыздық екі ауыз сөзбен жеткізіліпті: «Рухымыз күздің күні ерекше бір күйге келе ме қалай, іште бір мұң, кұлазытқан күй.Жылы мекенде, терезеден сыртқа, сырттағы суық күзгі өмірге көз салып отырудан жалығар ма екенбіз. Күзгі тұман, рухымызды орап, жылытқандай болады..Бірақ….».

Жүктеу батырмасы секундта ашылады!!!

www.zharar.com

Алтын күз тақырыбында реферат кімде бар?

1-жүргізуші: Құрметті ұстаздар, ата - аналар, оқушылар, көптен сағынып күткен «Алтын күз» атты кешімізге қош келдіңіздер! Күз – жыл мезгілдерінің бірі. Күзде күн суытып, барлық жан- жануарлар, жәндіктер қысқы ұйқыға кетеді. Егін жиналады. Құстар жылы жаққа ұшады. Жапырақтар сарғайып, жерге түседі емес пе!?

Иә, мен бұл мезгілді «Алтын күз!» деп айтар едім. Өйткені жер беті сарғайған жапырақтарды жамылып, алтын түске боялды

2 ведущий. За окнами сейчас осень… По-разному мы называем её: холодной, золотой, щедрой, дождливой, грустной… Но, как бы там ни было, осень – прекрасно время года, это время сбора урожая, подведение итогов полевых работ, это начало учебы в школе, это подготовка к долгой и холодной зиме… И как бы там ни было на улице – холодно или тепло – родная земля всегда прекрасна, привлекательна, очаровательна! И народная мудрость гласит: «Осень печальна, а жить весело». Так пусть в этот октябрьский день звучит прекрасная музыка, льётся рекой безудержный весёлый смех, ваши ноги не знают усталости в танцах, пусть вашему веселью не будет конца!

1-жүргізуші:

Жиылған қауым, армысыздар, бәріңіз,

Келіп жетті алтын дәнді сары күз.

Бірге болып қуанышта бәріңіз,

Бізбен бірге шаттық әнін салыңыз.

Күз — мереке, күз — ырыстың белгісі,

Қайтып барад мекеніне жыл құсы.

Әнге ұласып, жырға ұласып даламыз,

Алтын күздің той думаны басталды.

2 ведущий. Почётное право разрезать ленточку и открыть наш Осенний бал предоставляется… ___

(разрезается ленточка, звучит музыка)

А теперь давайте дадим клятву участников Осеннего бала. Все. Клянёмся!

1 ведущий. Веселиться от души!

Все. Клянёмся!

2 ведущий. Танцевать до упада!

Все. Клянёмся!

1 ведущий. Смеяться и шутить!

Все. Клянёмся!

2 ведущий. Участвовать и побеждать во всех конкурсах.

Все. Клянёмся!

1 ведущий. Делить радость победы и полученные призы с друзьями.

Все. Клянёмся! Клянёмся! Клянёмся!

2 ведущий. Мы долго говорили, но совершенно позабыли, что на балу надо танцевать. Маэстро, музыку!

Все ведущие. Мы открываем наш праздничный Осенний бал.

1 жүр: Құрметті о0ушылар мен келген қонақтар!

Бүгінгі арайлы алтын күз атты байқау кешімізге қош келіпсіздер!Біздің бұл байқауға жиналып отырған мақсатымыз:Бүгінгі Арайлы алтын күз байқауынан күз Ханзадасы мен Ханшайымын шығару.

1-жүргізуші:Сайыс болған соң оның қорытындысы болу керек сондықтан

Әділқазылар алқасын сайлап алайық.Әр тапсырмадан кейін ұпай саны беріліп отырады. Ұпай 5 балдық жүйемен беріледі.Онда қатысушылардың жүріс тұрысы, сөйлеу мәнері ,қоса есептеледі.

1.

2.

3.

2-жүр: Аққудай әдеміміз, сұлу жанбыз,

Әр үйде шығатұғын жаңа таңбыз.

Жан сұлуы мен тән сұлуын тепе-тең ғып,

Еріксіз өзімізге қаратармыз,- дей отыра,

ортаға қатысушы жұптарды шақырайық..( музыка ойнап ортаға қатысушы жұптар шығады) .Олар көмекші 2 уәзірлерімен шығуға болады.

Көп сөйлеп жөн-жобадан аспайық біз,

Қандай сайыс болса да, қашпайық біз,

Ал, енді сіздер рұқсат етсеніздер,

Кәнекей, жұптар сайысын бастайық біз. Сайыскерлерімізге сәттілік тілеп, ізбасарлары атынан музыкалық сәлем жолдаймыз.

1конкурс. Кел танысайық: әр қатысушы топ өздерін таныстырады.

1 ведущий.

У композитора — звуки, у художника — краски, у поэта — слово. И каждый из них по-своему описывает это необыкновенное время года. Осень очень любил А.С. Пушкин. Он посвятил ей много прекрасных стихов. А Вы? Что приготовили?

2-ой следующий конкурс: Выразительное чтение

2-жүргізуші: Мереке бүгін, күздің міне келгені

Күздің бізге бақыт-байлық бергені.

Құтты болсын мерекесі «Алтын күз»

Бәрімізді қуаныш күйі тербеді

Бәріміз ертең ер жетеміз .бір бір үйдің иесі , анасы боламыз. Соған қандай дайындығымыз бар екен?

3-ші тапсырма: Кортоп аршу-Ұлдарға

Капуста турау -Қыздарға

1-Ведущий.

Да, осень — самое выразительное время года. Хочется застыть в восторге от разноцветья осенних красок. Любуйся — не налюбуешься!

4-ый конкурс: Дары Осени. Вы должны приподнести заране приготовленные поделки или же овощные, фруктовые композиции.

2-жүргізуші:

Еседі күздің желі жер бауырлап, Барады қолын бұлғап, жаз бұлдырап.

Қыс ызғарын сездіріп, қарасаңыз

Көк аспан күз бұлтымен тұр тұнжырап.

5-ші тапсырма:

2- Ведущий.

Осенние дни рождают у нас разные настроения. Холодный и пасмурный — отзываются в душе тоской и печалью, а солнечный, теплый — рождают светлую радость. Давайте попробуем изобразить смену этих настроений.

6-ый конкурс: Музыкальный номер

2-жур Біздің « Арайлы алтын күз » байқауының барлық сыңдары аяқталды. Қазылар алқасы осы барлық турдың бағасын есептегенше кезекті музыкалық үзіліске береміз.

Біз бұл жерде күз «Ханзадасы » мен « Ханшайымын » анықтап отырмыз.

1-жүр: Жеңістер мен жеңілістен тұратын,

Өмір күрес, жеткізе ме мұратын.

Жеңбедім, жеңілдім деп ренжімегім,

Қатысу да бір жеңіс, жаң болсан сен ұғатын.

Ортаға әділ қазы алқасын шақырайық!

1-ведущий. Осень сегодня полностью вступила в свои права и мы отметим ее приход. Мы благодарим эту осень, что она собрала нас всех на осенний бал. Впереди зима, весна, лето … А потом снова осень. Сколько их еще будет в нашей жизни! Мы надеемся что еще не раз зажгутся для всех нас в нашей школе золотые огни Осеннего бала. До новых встреч! (Звучит медленная музыка) Все танцует вальс.

surak.baribar.kz

Қазақша реферат «Арайлы,алтын күз!» | Оқу материалдары Сценарий

Мақсаты: Балаларға күз мезгілінің ерекшелігі туралы түсінік беру. Күз мезгілінің тіршілікте тиер пайдасын, табиғаттың өзгешелігін, қыр-сырын тақпақ, өлең жолдар мен нақыл сөздер арқылы ой-өрісін дамыту. Жыл мезгілінің ішіндегі күз айының алатын орны жөнінде айту.Балаларды табиғатты қорғауға, сүюге, аялауға, қажырлы еңбек етуге тәрбиелеу.Сабақтың көрнекілігі:Суреттер, сыныпты безендіру, аппликация, жеміс-жидек, көрме.Жүргізуші:Армысыздар құрметті ата-аналар,ұстаздар,қонақтар! Баршаңызды бүгінгі «Жомарт күз!» мерекесімен құттықтаймын.Жер берді жемісті,Күз келді келісті.Күз байлық ,береке.Алтын күз мереке! (хормен)Би: Аррива

Алмат:Бүгін мейрам бүгін той,Қуаныш күн біліп қой.Күзгі бақтай сыңғырлап,Алақанды соғып қой.

Аружан:Сары жібек көйлегін желбіретіп,Жапырағын ағаштың селдіретіп,Тойға бөлеп елімді,күзім келді,Нұр тамшысын аспанның мөлдіретіп.

Ақниет.Тілеймін аман болсын ел іргесі,Алтын күз қайта келді берекесі.Молшылықтың жаршысы бола білді,Алтын күз-ырыс ,бірлік ала келді.

Ақбота:Алтын ,сары ,қызыл,көк,Алуан-алуан жапырық.Күзгі бақтар күлімдеп,Көз тартады атырап.

Ислам:Алақай,алақай!Шаттанды балақай.Күз түсті,дән пісті,Айтамыз алғысты.

Ахрам:Қуандырып біздерді,Мерекелі күз келді.Кел,жемісті алтын күз,Кемелденсін халқымыз.Жүргізуші. Қане кім күз айларын атап шығады?-Қыркүйек,қазан,қараша(Бәрі хормен)-Ендеше осы айларды ортаға шақырайық.Қыркүек айы(Ахмедияр) Менің атым –Қыркүйек.Күздің бірінші айымын,Байлықтың,барлықтың айымын. Сендер мен туралы не білесіңдер?

Алихан:Күн ғой бір ең тәуір,Бірінші қыркүйек.Қоңырау соғылды,Күміс күй төгілді,Білімге талпынған,Балалар жиылды.Қазан айы:Нұрхан .Н Менің-атым-Қазан. Жиын-терімнің соңғы айымын! Еңбекқор елді той думанға кенелтемін. Балалар менде қандай мерекелік күндер бар?-Ұстаздар күні,қарттар күні бар.(Іңкәр)Қараша айы (Думан). Күздіңтсоңғы айы қараша деген мен боламын !Күннің суып ,қыстың жақын екенін естеріңе саламын. Қыркүйек пен қазанға қарағанда менде қандай ерекшеліктер бар? Кім біледі?

Айым:Қараша айы жасай бер,Бар өмірдің белесі.Адамзатқа бақ берген,Он екі айдың төресі.Жақсы балалар рахметімізді айтып күз айларын шығарып салайық.Жүргізуші:Енді,балалар ,мерекеміздің сәнін келтіретін Күз ханшайымын ортамызға шақырайық. (осы кезде әуенмен күз ханшайымы ортамызға шақырайық,қолында күзгі базарлығы бар)

Күз ханшайымы:Армысыздар балалар!Күзгі бақтағы қонақтар!Өздеріңе әкелдім,Күздің сыйын көз тартар.-Көп рахмет сізге,Алтын күз.(Бәрі хормен)Жүргізуші:Күз ханшайымы ,мына сыйлықты балаларға берсек болады ма?Күз ханшайымы: балалар оны еңбекпен алулары керек.Жүргізуші:Күзгі жемістер мен көкөністер адамның еңбегімен келмей ме? Сондықтан Күз ханшайымы сіздерге жасыратын жұмбақтар алып келіпті,шешуін тапқандарға сыйымды беремін дейді

Жұмбақтар:Ағайынды бәрі,Шықса жасыл,Түссе сары.(Жапырақ)Көк ала костюм киеді,Күннің көзін сүйеді.(Қарбыз )Қалың киімді ұнатады,Шешіндірсең жылатады.(пияз)Күтпеген жерден Дымбілмес кіріп келеді.-Балалар ,мен жаңа өзі әдемі киінген,қолында себеті бар бір қызды көріп едім.Мына базарлығын жолда ұмытып кетіпті.Сендерге келмеді ме?-Рахмет саған! Сенің есімін кім болады?-Дымбілмеспін! Мен еш нәрсе білмеймін ,балардан үйреніп алайын.-Ал мен күз ханшайымымын! Біздің арамызға қосыл Балалар менің сіздерге алып келген ойыным бар.

Ойын: « Көкөністер мен жемістерді ажырат»Ойынның шарты. Балалар көздері жұмып ауыздарын жеміс пен көкөністі салады.Күз ханшайымы: Балалар айтыңдаршы,жемістер қайда өседі? (Бақта) Көкөністер қайда өседі?(бақшада)Біздің қыздарымыздың әсем биін тамашалайық .Би: «Ай ,будет круто!»Жүргізуші: Жақсы балалар күздің сәнін келтіретін көкөністер өнерін тамашалайық.Пияз (Аманжан)Асханадан шықпаймын,Атым пияз бұқпаймын.Көзден жасты шығарып,Тұмаудан да сақтаймын.Асқабақ (Нариман)Күзді күтіп жатамын,Жиып нәрді бойыма.Асқабақпын,жараймын,Қыста сақтап қоюға.Қауын(Ерхан)Исім жұпар аңқыған ,Бақшадағы шырынмын.Жеп көргендер тамсанған,Балдай тәтті қауынмын.Қарбыз (Нұрхан)Көрсең егер бақшада,Доп екен деп қалмағын.Шөл қандырар қарбызбын,Ерте үзіп алмағын.

Марлен:Бақшаларда тізіліп,Қаперсіз мен жатамын.Қабат — қабат киініп,Қырыққабат атандым.Жүргізуші: Күз қуанышы болған жемістерді де тамашалайық.Алма(Меруерт)Нарттай қызыл алмаман,Мәз болады алғандар.Жазда әдемі киінем,Тілді балдай үйірем.Алмұрт(Айым)Мен алмұрпын,алмұртпын,Күзде жинап алатын,Балбыраған біреуін.Жесең тойып қалатын.Өрік (Нұрсұлтан)Көктемде ерте гүлдеймін,Кешігуді білмеймін.Уылжыған өрікпін,Бау-бақшаға көрікпін.Жүзім (Темірхан)Мен жүзіммін,жүзіммін.Моншақ болып тізілдім.Шие( Инабат)Шиемін мен шиемін,Піскенше тон киемін.Бала келсе жаныма,Басымды мен иемін.

Дымбілмес: Балалар ,менің де сендермен ойын ойнағым келіп тұр. Сендердің өнерлердің көрдім енді мына отырған қонақтардың да өнерлерін көрелік. Мен бұл ойынды ата-аналармен ойнағым келеді. Ойынның аты «Жаңбыр суы».Ойынның шарты бойынша мына екі шелектегі суды келесі шелекке қасықпен тасу керек. Музыка тоқтаған кезде ойын тоқтайды. Кім жаңбырдың суын көп жинаса ,сол адам менің сыйлығыма ие болады.Ендеше ойынымызды бастайық.Жүргізуші.Рахмет,Күз ханшайымы,Дымбілмес!Балалардың өнері әлі таусылған жоқ.Төрімізге шығып ,тамашалаңыздар!

ДильназҚамба толды астыққаАлғыс саған,Алтын күз!Бір уыс дән шаштық,та,Қап-қап астық алдық біз.

СаламатО,балалар,балалар,Қоңырқай күз болыпты,Гүл жапырақ салыпты,Ел егінін егіпті.

ДарияКүзде жауын,бұлт –тұман,Сары жапырақ жауады.Сары құйын ұйытқып,Сапырады даланы.

Нұрмұхаммед:Жарып шыққан қауызын,Дән өмірлік азығың.Жегеніңде ақ нанды,Нәрге толар ауызың.Ерте тұрып ақ таңнан,Қара жерге нәр құйған.Айналайын,диқаннан,Егін егіп,нан жиған.

Элеонора.Көк майсалы, көрікті.Алқаптағы көп егін,Бұл күндері киіпті,Сары жібек көйлегін.Күз ханшайымы: Айналайын,балалар! Енді мен сендермен қоштасамын! Бұл естен кетпес күн болды. Бәріңізге бақыт тілеймін! Сау болыңыздар!Жүргізуші:Білім – теңіз, мектепті кеме дейміз,Білім менен тәрбие егіз дейміз.Әдебі мен тәлімі үндесетін,Балаларды болашаққа жетелейміз.Қош дейміз әлі талай кештер бар,Өнерлерің өрлей берсін ұландар,-дей келе даярлық классының «Алтын күз» ертеңгілігі аяқталды.

.

Автор публикации

0 Комментарии: 0Публикации: 1Регистрация: 02-02-2016

kazaksha.info


Смотрите также