Елін сақтап қалды ерлер... : Ұлы Жеңістің 60 жылдығына арналған әдістемелік құрал / С.Бегалин атындағы МРБК Құраст. Ш.Мұқашева.- Алматы, 2005.- 55 б.
Кіріспе
Шүйінші, халқым, шүйінші!
Шүйіншіге сүйінші!
Шаттан, ата-анамыз,
Шаттан, аға-бабамыз,
Кек қайтарып фашистен,
Соғыс бітті жеңіспен,
Жеңдік жауды күресте
Жасалсын той-мереке.
(Т. Жароков)
Міне, Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына да 60 жыл өтті. Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгілік қалатын күн. Бұл күнді соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлер тойлайды. Бұл мейрамды өздерінің тылдағы қажырлы еңбегімен жеңісті шыңдаған, станоктың қасынан, егін даласында, күні-түні мал бағып, тынымсыз жұмыс істеген жұмысшылар, ауыл адамдары тойлайды. Бұл мейрамды біздің аяулы да даңқты әйелдеріміз - өздерінің әкелерін, ерлерін, ұлдарын және сүйіктілерін көзінен жасы сорғалай жүріп төзімділікпен күткен, олардың орнын жоқтатпаған аналар мен жұбайлар, қалыңдықтар мен қыздар тойлайды. Бұл мейрамды өздерінің әкелері мен ағалары қанын төгіп, жанын қиып бақытты өмірін қамтамасыз еткен Ұлы жеңістің құрдастары тойлайды. Ұлы Жеңіс күні елі мен жері үшін жанын пида еткен, туған-туысқандарына, жақын-жарандарына, туған жеріне, ауылына оралмай қалған қаһарман ерлерді бүкіл елі болып еске түсіреді.
Бұл мейрамды бұрынғы кеңес одағына кірген 15 одақтас республика халқымен бірге, кеңес халқы неміс басқыншыларынан азат еткен Еуропа елдерінің Варшава мен Прага, Будапешт пен Бухарестің, София мен Белградтың, Париж бен Венаның, жер шарының басқа да көптеген қалаларының тұрғындары тойлайды.
Ұлы Отан соғысы халқымызға төнген ең ауыр күндер болды. Төрт жыл, 1418 күн мен түн бойы өз жері мен отаны үшін, келешек ұрпақ үшін жан қилы соғыс жүріп жатты.
Бір күшке жиналған орыс пен тәжік, грузин мен белорус, қазақ пен украин қарсы алдындағы жауға алмас қамал болып жұмылды...
Сол кездегі Кеңес Одағының басқа халқымен бірге жауды талқандап, жеңіске жету ісіне қазақ халқы да өзінің лайықты үлесін қосты. Қазақстандық жауынгерлер Брест қамалынан бастап Берлинге дейін барды. Олар Сталинград түбіндегі жертөлелерде, Днепр өткелінде, Москва мен Ленинград үшін болған ұрыстарда батыр ерліктер көрсетті. Украинаны, Кавказды, Белоруссияны, Қырымды, Прибалтиканы азат етті, Польша, Румыния, Венгрия, Чехословакия, Болгария, Германия жерлеріндегі майдан жолдарында жеңіс туын көтеріп өтті. Ұлы Отан соғысы жылдарында біздің қандастарымыз қатыспаған бірде-бір үлкен шайқас болмады.
Қазақ ел басына күн туғанда жалғыз жанын қу шүберекке түйген жауынгер халық болған. Ұлан байтақ даласының бір тұтам жері үшін қорқу деген сезімді жүрегінен жұлып алып тастаған. Тіпті арыға бармай-ақ кешегі Ұлы Отан соғысының әлі сарғайып үлгермеген қатпарлы парақтарына үңіліп қарасақ қазақтардың қанды қырғында қаймықпай соғысқанына анық көзіміз жетеді. Оған мысал айқас алаңдарында өшпес ерлік жасаған жүз қазақтың (ең соңғысын арада 50 жыл өткен соң Бауыржан Момышұлы алды) Кеңестер Одағының батыры атағын алғанын айтсақ та жетеді. Бұны сол кездегі 2,5-3 млн. қазаққа шаққанда басқа халықтардың алдына шығып кетеді екен. Ердің ері шыдайтын жаңбырша жауған оқ пен қарша бораған бомбаның арасында олардың нәзік жүректері тасқа айналып, гүл ғұмырлары ажалдың қанды тырнағына ілікті.
Сол бір сұрапыл жылдары қазақ халқы өзінің Отанына, жеріне деген патриоттық сезімін, ұлттық мақтанышын дәлелдеді. 500 ден аса жерлестеріміз, оның ішінде 96 қазақ Кеңес Одағының Батыры атағын алды. Жауға қарсы шайқастар алдыңғы шептегі ұрыстарда ғана емес, алыстағы ауыл мен кең байтақ далада да жүріп жатты. Сол жылдары Қазақстан миллиондаған босқындарды өз бауырына аналық мейірімімен тартушы, эвакуацияланған завод пен фабрикаларға, майданға керекті оқ -дәрі мен азық-түлік жеткізуші үлкен арсеналға айналды.
Шығанақ Берсиев сияқты еңбек ерлерімен қатар иықтарына үлкен ауыртпалық түскен еңбек даласында миллиондап жұмыс істеген әйелдерсіз, жасөспірімдер мен қарттарсыз Жеңіс күнін көзге елестету мүмкін бе еді?!
Ешқашанда жауынгер ерлігі мен жеңісті еңбегімен соққан
еңбекшінің ерен ерліктері ұмытылмайды. Бүгінде біздің азаматтық міндетіміз – болашақ ұрпақты Отанын сүюге, елінің, жерінің адал патриоттары, достық пен бірлік туралы түсінік беру арқылы отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Оқырмандармен Ұлы Жеңістің 60 жылдығына байланысты шаралар өткізу барысында балалар кітапханашылары төмендегі ұсыныстарды басшылыққа алулары керек:
^ Соғыс “саясатының” негізінде қандай мақсат болғанын талқылаудың қажеті жоқ. Біздің міндетіміз балаларға сол жылдардағы адамдар мен тарихи оқиғалар туралы әңгімелеу;
Кешегі немесе бүгінгі соғыстың зұлымдық екенін, онымен адамзаттың келіспейтіндігін жеткізу;
Ұлы Отан соғысының халықтық екенін, ол үлкен зұлмат пен қиыншылық екенін түсіндіру;
Оқырмандарды соғыс тақырыбына жазылған көркем әдебиеттермен жете таныстыру қажет. Әсіресе, қазақстандық жазушылар мен қазақ батырлары туралы;
Бұл тақырыппен жұмыс істеу барысында оның ауқымдылығын ескере отырып, әр жастағы балалардың жас ерекшелігіне қарай шара ұйымдастыру керек.
Қазіргі кезде әрбір кітапхана соғыс тақырыбын қамтитын баспа, аудио-бейне басылымдарға өте бай. Біздің міндетіміз оларды оқырманға насихаттау және жеткізу.
Балалар кітапханаларында Жеңістің 60 жылдығын лайықты атап өту барынша үлкен дайындықты қажет етеді.
Наурыз-сәуір айларында кітапханаларда «Кітап оқып, өткенді еске алу...» атты шығармалар байқауы ұйымдастырылуы керек. Байқаудың мақсаты балаларды Ұлы Отан соғысы жайлы жазылған поэзия мен прозаларды оқуға тарту. Сондай-ақ тақырыпқа байланысты плакат, газет немесе балалардың шығармашылық жұмыстарынан да әртүрлі байқау, сайыстар ұйымдастырған жөн. Бұл шаралардың тақырыбын “Сарғайса да тарихтың ақ парағы, ол күндер мәңгі есте сақталады”, “Біз бейбітшілікті қалаймыз” немесе “Соғыс және балалық” деп алуға болады.
Ұлы Отан соғысы тақырыбын оқырмандарға толық және дұрыс түсіндіру мақсатында кітапханашы үлкен шайқастар мен соғыс операцияларының маңыздылығын ашатын “Ұлы Отан соғысының күнтізбесін» жасауына болады:
« 1941-1945 жалынды жылдары:
1. Соғыстың басталуы- 22 маусым 1941 жыл
Брест қамалын қорғау- маусым 1941 жыл
Ленинградты қорғау- 1941- 1944 жылдар
Москва үшін шайқас - 30 қыркүйек 1941- 20 сәуір 1942 жыл
Сталинград үшін шайқас- 17 шілде 1942- 2 ақпан 1943 жыл
Курск шайқасы- 5 шілде- 23 тамыз 1943 жыл
Днепр үшін шайқас- тамыз- желтоқсан 1943 жыл
Берлин операциясы - 16 сәуір- 8 мамыр 1945 жыл
Жеңіс күні- 9 мамыр 1945 жыл».
Мың жылда бір-ақ көрінетін кометалардай сыры да, сезімі де терең, тұңғиық дана тұлғаларымыз фәни өмірден баз кешіп, бақилық болып жатыр. Әйтсе де, Баубек пен Бауыржан батырлығы, Әлия мен Мәншүк ерлігі, Қаныш пен Әлкей білімі, Мұхтар мен Ғабит, Ғабидендердің үні, Дінмұхаммедтің парасаты – бүгінгі ұрпаққа өнеге. Олардың өнегелі өмірлерін жас ұрпаққа жан-жақты насихаттау, таныстыру кітапхана қызметкерлерінің міндеті.
Ұлы Жеңістің 60жылдығына арналған мейрамға орай, ашық суретті кітап көрмесін ұйымдастыру керек. Көрме балаларды құжаттық, мемуарлық, көркем-әдебиеттермен толыққанды таныстырады. Көрмені “Отты жылдар елесін, кітаптан оқып білесің...”, “Тарих беттері”, “Ел мен ердің жемісі”, “Қаһарман ұрпаққа тағзым”, “Ұлы Оан соғысы – халық соғысы”, “Қазақстандықтар Ұлы Отан соғысында” т.б. атауға болады.
Көрменің Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ірі шайқастарына арналған бөлімдері болу керек. Бұл жерде біз әрине, қазақстандықтардың үлесі, олардың батырлық ерліктері туралы материалдарды мүмкіндігінше мол қамтуымыз қажет.
Бұл үлкен атаулы күнге байланысты өткізілетін шараларды ауқымды өткізу қажет және алдын-ала дайындық керек. Сондықтан осы тақырыпты жан-жақты қамтитын “Еске алу” апталығын ұйымдастырған дұрыс. Апталық барысында балалардың жас ерекшеліктеріне орай “Бұл қалай болған еді”, “Халықтың жадында”, “Отты жылдар өрендері” атты әдеби-музыкалық кеш, сауалнамалар, әңгіме, сұрапыл жылдары елін жаудан қорғаған ақын-жазушыларымыздың өлең-жырлары бойынша «Қаруын қаламға айырбастап» поэзия сағатын т.б. ұйымдастыруға болады.
Екінші дүние жүзілік соғыстағы әйелдердің ерлігі ерекше. Олардың ішінде қазақ әйелдерінің ерлігі туралы “Арулар отты жылдарда”, “Соғыстың қатыгез бейнесі” деген атпен батыр қыздардың ерліктерін паш ететін шаралар ұйымдастырылса нұр үстіне нұр болар еді.
Соғыс жылдарындағы балалар тағдырына, жауынгер-бала, партизан-бала туралы немесе мектеп оқушылары мен жасөспірімдердің тылдағы еңбегі, олардың ауыр тағдырлары туралы айтылуы керек. Кіші мектеп жасындағы балалармен әңгіме өткізу барысында “Кеңес Одағы”, “Одақтас республика”, “Кеңес Одағының астанасы” деген сөздер түсініксіз болуы мүмкін, сондықтан әңгімені алдымен Кеңес Одағының тарихынан бастаған жөн.
Жұмыс барысында Республикалық балалар кітапханасының Ұлы Жеңістің 60 жылдығына арнап шығарған биобиблиографиялық “Қаламдарын қаруға айырбастап”:Қазақстан жазушылары Ұлы Отан соғысы жылдарында, “Отты жылдар елесің, кітаптан оқып білесің...: әдебиеттер тізімін және бұрындары шыққан әдістемелік құралдарын пайдаланыңыздар. Сіздердің назарларыңызға “Ерлікпен жеткен жеңіске тағзым ет, парызың” атты әдістемелік құралды ұсынады.
^ ...Ел басына күн туса, ер етікпен су кеш^ Тарихи деректер
Соғыс жылдары Қазақстан жерінде 12 атқыштар дивизиясы, 4 ұлттық атты әскер дивизиясы, 7 атқыштар бригадасы мен 50-ге жуық әртүрлі полктер, батальондар құрылып, майданға аттанады.
Жауынгерлері жаумен жан аямай шайқасқан қазақстандық бес әскери құрамға «гвардиялық» деген құрметті атақ беріліп, олардың туларына бірнеше ордендер қадалды. Олардың қатарында жауынгерлерінің ерлігі аңызға айналған атақты 8-гвардиялық Панфилов дивизиясы да бар.
Соғыс кезінде 3,5 мыңдай қазақстандықтар партизан отрядтарының құрамында болып, Жеңісті жақындатуға өз үлестерін қосты.
Жанқиярлық ерлігі мен батырлығы үшін 96638 қазақстандық жауынгер бірнеше дүркіннен орден және медальдармен наградталды. 497 жерлесіміз Кеңес Одағының Батыры атанды.Олардың 97-сі қазақ болатын. 142 жауынгер «Даңқ» орденінің толық иегері болды.
Соғыстың 4 жылы ішінде Қазақстан мемлекетке 482,8 мың тонна астық, 217,6 мың тонна картоп, 143,2 мың тонна көкөніс, 1193,2 мың тонна қант қызылшасын, 155 ,3 мың тонна мақта тапсырды.
Қазақстан еңбекшілері майданға 25 миллион дана жылы киім, Отан қорғау қорына 4 миллиард сомнан астам қаражат берді.
Ұлы Отан соғысына барлығы 35 миллион адам қатынасты, Орта Азия республикаларынан соғысқа 3 миллионға жуық адам қатысса, соның 1 миллион 366 мыңы қазақстандықтар екен.
Ұлы Отан соғысы жылдарында Қарулы Күштерде 4 орталық, 19 майдандық және флоттық, 103 армиялық газет, ұлттар тілінде 50 газет шығып тұрды. Сол сұрапыл ауыр жылдарда қазақ тілінде 10 майдандық, 3 дивизиялық, 1 округтік газет жарық көрген. Олар: «Қызыл әскер ақиқаты», «Қызыл Армия», «Жауға қарсы аттан», «Отан үшін алға», «Дабыл» және т.б.
Ұлы Отан соғысы туралы әндердің тізімі:
Әлия - Сөзі: Б.Тәжібаевтікі
Әні: С.Байтұрсыновтікі
Жас қазақ - Сөзі: Ғ.Мұстафиндікі
Әні: Р.Елебаевтікі
Соғыстан қайтқан солдаттар – Сөзі: М.Мақатаевтікі
Әні: Т.Әбілхатиндікі
Дубосенова зиратында: Сөзі: Қ.Шаңғытбаевтікі
Әні: Н.Тілендиевтікі
Сол жігіттер қайда екен? Сөзі: Ә.Ахметовтікі
Әні: Ә.Байділдаевтікі
Тыныштық әлемге: Сөзі: Қ.Шаңғытбаевтікі
Әні: С.Мұхаметжановтікі
Жеңіс жыры Сөзі: Ж.Өмірбековтікі
Әні: Е.Ахмедиевтікі
Орамал Сөзі: Ғ.Ормановтікі
Әні: А.Еспаевтікі
Кестелі орамал: Сөзі: А.Лекеровтікі
Әні: М.Төлебаевтікі
Жеңіскер ата, әжелер
Әні: Ғ.Тамендаров
Өлеңі: С.Қалиұлы
Әке даңқы
Әні: І.Жақановтікі
Сөзі: М.Шахановтікі
Қайталанбасын қасірет
Әні: Т.Тайбековтікі
Сөзі: Ә.Нілібаевтікі
^ ХАЛЫҚТЫҚ СОҒЫС
Ұлы Отан соғысы сұрапыл күндеріне арналған кеш і “Алға қарыс бассаң бас,
Сүйем кейін шегінбе!
Әдет жоқ ондай тегінде!”
(лейтенант Көшеков)
Қатысушылар:
Жүргізушілер, жасөаспірім жне қыз бала, көркемсөз оқушы ( Ұлы Отан соғысы жылдарындағы әскер киімін киген бала)
Хор немесе вокалды топ
Театралды топ
Бишілер тобы
Безендірілуі: Көріністер барысында хор сахнаның артқы жағында тұрады. Жүргізушілер алдыңғы жақта сол жақта, көркемсөз оқушы оң жақта тұрады. Театрландырылған көріністер және билер сахнаның ортасында көрсетіледі.
Эпизодтардың аттары жабық пердеде көрсетіледі. Кейбір музыкалық үзінділер аудибаспадан ойналады. Әндер хордың орындалуында беріледі.
АЛҒЫ СӨЗ
^ Перде жабулы. Сахнада жүргізушілер: жасөспірім мен қыз бала, көркемсөз оқушы
Бала: Уақыт тарих бетін парақтайды. Күн тізіліп, ай алмасып, зыимырап жылдар өтеді. Ешбір уақыт ұзақтығы, мерзім межесі көмескіленіп “көзден таса, көңілден ұмыт, қалдыра алмайтын жылдар, оқиғалар болады. Сондықтан халық соғыс әкелген қайғы-қасіретті, миллиондаған адамның өмірін қиып, өркениеті кейінге қайтарған, адам қолымен жасаған ұлы құндылықтарды талқандаған қантөгіс, сұрапыл соғысты ешқашан ұмыта алмайды. .
Қыз бала: Иә, соғыс өзінің сұмдықтарын бүгінгі күнге дейін ұмыттырар емес. Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына міне, 60 жыл болды. Бірақ, сол жылдар жаңғырығы адамзат жүрегін әлі сыздатуда. Иә, уақыттың тарих атты өз төрешісі бар.
Бала: « Ер өлсе де еңбегін ел өлтірмес.
Неше мың жыл өтсе де тарих білмек,- деп Сұлтанмахмұт жырлағандай бүгінгі өміріміз үшін құрбан болған ерлеріміздің ешқашан естен шықпайды, ұмытылмайды. Біздер соғыс қайаланбауы үшін, оның сұмдықтарын ұмытуға еш құқымыз жоқ. Біздер сол кезде біздің өміріміз үшін жанын қиған солдатты ұмытуға құқымыз жоқ. Біздер барлығын есте сақтауға міндеттіміз...
^ Көркемсөз оқушы: Соғыс не? Арпалысқан өлім-өмір,
Тұрса ағаш, сынса отын, жақса көмір.
Өлім мен өмір батыр алысқанда,
Бұрқылдап қызуына қайнар темір.
Соғыс не? Соғыс апат, соғыс соққы,
Ол соқса шығарушы бұрын жоқты.
Ол дауыл, күш мұхитын тасытады,
Елетпей азды –көпті, ашты-тоқты.
Соғыс не? Соғыс елдің сыны,
Ел емген қазыналы жердің сыны.
Адалдың арамменен айғақшысы,
Төгілген керек үшін тердің сыны.
Соғыс сұмдық атадан бала айырылған,
Біреуін қан, біреуін ар айырған.
Гүл бақшам бөлектеліп мен де кеттім,
Дінесім, Шаһмұрат, Анарымнан.
Соғыстың жоқ ешқандай тамашасы,
Бір өлім, мың өлімнің арашасы.
Соғыста өлім құлап, өмір жеңер
Оны сезбес пікірдің аласасы. (Қ.Әбдіқадыров «Соғыс»)
Қыз бала: Сонымен, Ұлы Отан соғысының кейбір беттерін парақтақ және барлығын есімізге алып көрейік:1941 жыл 22 маусым... СОҒЫСТЫҢ БАСТАЛУЫ Перде ашылады. Сахнада мектеп ауласының көрінісі. ( «№ 20 мектеп» деген маңдайша жазу және «Жолың болсын, жас түлек!» деген жазуы бар плакат, ағаштар, гүлдер» И.Дунаевскийдің «Мектеп вальсын» әуенімен бірнеше жұп мектеп бітіушілер би билеп жүреді. Қыздар ашық түсті ұзынырақ көйлекте, кейбіреуі мектеп формасымен жүреді, балалар – ақ көйлек және сұр шалбарда. Музыка тоқтағанда билеп жүрген жұптар сахнаның ар жағына жасырынып қалады)
^ Көркемсөз оқушы:
(«Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Сөйлеп тұрған Москва! Бүгін, 22 маусым күні таңғы сағат төртте неміс басқыншылары Кеңес Одағының мемлекеттік шекарасын басып кірді...» Дауыс баяулай бастайды. Хордың орындауында «Священная война» әні орындалады.)
^ Көркемсөз оқушы:
(Сол жақтағы перденің ар жағынан қыздар сол киімдерімен, балалар гимнастеркалы, пилотка киген, иықтарында жол-азық салатын қаптарымен шығады. Барлығы ақырын басып сахнаның ортасына келеді. Қыздар алыстап кетіп бара жатқан жігіттерге қол бұлғап қала береді.Осы кезде Б.Окуджаваның «До свидания, мальчики» әнінің бірінші куплеті орындалады.)
Жасөспірім: Неміс басқыншыларына қарсы сұрапыл да қорқынышты, қаһарман соғыс басталды...
Қыз бала: Соғыс кеңес халқының Отанына, жеріне, еліне деген сеніміне, қаһармандығына, шыншылдығына және мейірбандығына, батылдығына және ержүректілігіне, төзімділігіне сын болды.
(Перде жабылады)
^ МОСКВА ТҮБІНДЕГІ ШАЙҚАС
Көркемсөз оқушы:
Аламын деп Москваны
Дұшпан зулап демігеді
Соған бәлкім, асығады
Соған бәлкім желігеді
Мұндай жойқын арпалысты,
Кім бар көрген бұрынды-соң.
Шамырқанды, қасарысты
Беріспеді болаттай сом.
Батальон,
Батальон.
(Е.Әукебаев «Батальон»)
Жасөспірім: Неміс фашистерінің шапшаң басып алу әрекетінен 1941 жылдың күзінде Москва қаласына үлкен қауіп төнді. Сол кездегі Кеңестер Одағының астанасынын қорғау үшін, қаланың барлық тұрғыны дерлік қолдарына қару алып жауға қарсы тұрды.
Қыз бала: Бірнеше мыңдаған халық жасақтары құрылды. Москва халқы, негізінен әйелдер мен балалар қолдарына күрек алып танк жолына кедергі жасау үшін қазылған орлар, траншеялар, жер асты үйлерін, бекіністер салды. Аштық пен суыққа, жаудың оғына қарамастан бірнеше жүздеген километр орлар қазылды.
Жасөспірім: Жеңіс күні! Бұл күн сонау қырық бірінші жылдың желтоқсанында Москва түбінде қар жамылған далада бір табан кейін шегінбей, астанаға жауды жібермегендер үшін қандай алыс еді...
(Священная война әнінің әуені баяу ойналады)
Көркемсөз оқушы:
Оқып көр Москваның шежіресін,
Кетірген кердең жаудың кежіресін.
Баукеңдей ер қолбасшы қалар ма естен,
Тапты ол тар қыспақта не бір шешім.
Оқып көр Москваның шежіресін,
Көз алдыңа елестер не бір есім.
Оның бірі Сізге аға, Сізге іні,
Еске алшы, ет бауырың елжіресін.
Мол тартқан қан майданның ғаламатын,
Жаттатқан сұм жауға да қазақ атын.
Жан аға, жақсы аға – бетпес баға,
Кім сүймес Бауыржандай азаматын.
(Т.Әбішұлы «Абзал аға»)
Жүргізуші: Бұл өлең шумақтары Москва түбіндегі шайқаста қол бастап, ерекше ерлік көрсеткен қазақтың батыр ұлдарының бірі Бауыржан Момышұлына арналған. Орыстың белгілі жазушы А.Бек 1944 жылы Москва шайқасын суреттеу, көпшілікке көркем әдебиет тілімен насихаттау мақсатымен «Арпалыс» («Волокаламск тас жолы») кітабын жазған болатын. Бұл кітаптың незізгі кейіпкері Б.Момышұлының және 28 панфиловшы батырдың жанқиярық ерліктері тамаша суреттелген. Кейін Бауыржанның өзі «Москва үшін шайқас» повесі де осы тарихи оқиғаға арналған.
Қыз бала: Олар 28 еді! 1941 жылдың 16 қарашасында немістер Москваға Волокалам бағытында ұрысқа шықты. Дубосеково разъезіндегі 1075 –атқыштар полкі 4-ротасының 2-взводы тұрған бекініс шебіне жаудың 30 танкісі шабуыл жасады. Ротаның саяси жетекшісі В.Клочков басқарған взвод жауынгерлері –барлығы 28 адам төрт сағатқа созылған ұрыста жаудың 14 танкісін қиратты. .. Соғыс тарихында асқан ерлікті бейнелейтін бұл ұрыста 28 панфиловшының 23-і қаза тапты. 28-дің 22-сі қазақстандықтар еді.
Жасөспірім: Соғыс ждылдары-ақ қазақстандық бес әскери құрамаға гвардиялық деген құрметті атақ беріліп, олардың туларына әлденеше ордендер қадалды. Олардың жауынгерлерінің ерлігі аңызға айналды. Соның ішінде атақты панфиловшылар дивизиясы бар. Оның құрамынан шыққан батальон, кейіннен дивизия командирі болған Бауыржан Момышұлының, Мәлік Ғабдулиннің есімдері соғыс тарихынан мәңгілік орын алды.
^ Көркемсөз оқушы:
Орыс, қазақ, қырғыздан
Құрылған бұл шағын топ.
Жауға үрей туғызған
Жайпап түсер жалын боп.
Даңқ қосып даңқына,
Сұрапылға төтеді.
Борыштарын халқына
Ерлігімен өтеді. (Е.Ерботин)
(Хордың орындауында әні Ә.Еспаевтың, сөзі: Ғ.Қайырбековтікі «Жиырма сегіз» әнін орындайды)
Жасөспірім: Жеңіс күні! 1418 тәулікке созылған азаттық күрестің соңғы күні! Аспан көгін салюттер шұғылаландырған, құшақтарға көктем гүлдері толған көптен күткен ұлыстың ұлы күні! Бірақ Ленинград іргесінде блокаданы кеудесімен қорғағандар үшін бұл күн әлі сондай алыс еді...
(Жамбылдың портреті көрсетіледі)
Көркемсөз оқушы:
(Көркемсөз Жамбыл өлеңін оқып жатқанда Д.Шостаковичтің «Жетінші симфониясы» баяу ойналып тұрады)
Жасөспірім: Сол кездегі ауыр жағдайға қарамастан, 1941 жылдың 7 қарашасында Қызыл алаңда әскери шеру өтті. Әскери шерудің өтуі әскерлерді де, Кеңес халқына патриоттық рух берді.
Қыз бала: Бұл әскери шеру жауға үлкен соққы болды. Өйткені, Москваға бірнеше километр жерде жауы тұрған халықтың әскери шеру өткізуі, ол халықтың жеңілбейтіндігін, астананың қорғанысының мықты екенін дәлелдеген еді.
^ МАЙДАНДЫ ДЕМЕГЕН ҚУАТТЫ КҮШ
(Н.Богословскийдің «Темная ночь» әнінің әуені)
Көркемсөз оқушы:
Жігіт кетті майданға,
Тал бойында бес қару.
Айырылғанға арманда
Қалды артында жас ару.
Жас жүрегі біртүрлі
Алқымына тығылып,
Алғашында бір тұрды
Қалам ба деп жығылып...
Жоқ! Жығылып қалмады,
Қайраттанды, ширады.
Аттанған соң алғаны,
От басына сыймады.
Көңілін тартып көп еңбек,
Кетті егіннің басына:
Күнде көмек берем деп
Майдандағы досына...
(Ғ.Орманов “Жар жалауы”)
Жүргізуші: Соғыс кезінде оқ атылмады демесе, ауылдағы тіршіліктің қиындығы майдандағыдан кем болған жоқ. Аналар мен балалар, ақ сақалды аталар бәріне төзді. Соғыс ауыртпалығының куәсі болған әжелеріміз сол күндерді былай деп еске алады:
^ Көркемсөз оқушы: «Барлық ауыртпалық әйелдердің мойнына жүктелді. Сол күндерде бел шешіп демалған сәттер есіме түспей тұр. Таңның атысынан, күннің батысына дейін ферманың жұмысымен айналысамыз. Қолымнан бұл жұмыс келмейді дейтін сөз болмайды. Кешке жақын сығырайған керосин шамының жарығымен әскерлерге арнап шұлық тоқимыз. Солардың қан кешіп жүргендері есімізге түскенде, шаршағанымыз ұмытылып кетеді. Қанша қиындық көрсек те біз ел ішіндеміз ғой деп шүкірлік ететінбіз.»
Жасөспірім: өзіне жүктелген міндеттің жауаптылығы мен қажеттілігі әрбір әйелдің, қарттың, баланың жігерін ширата түседі. Соғыс жағдайы қаншалықты ауыр болғанмен әрбір жұмысшы мен әрбір ауыл адамы өзінің шама-шарқынша сағыстағы жауынгерлерге көмектесуді өздерінің ең бірінші, негізгі және ең басты борышы деп санады. Еңбек ерлігі... Бұл Ұлы Отан соғысының ерекше беттерінің бірі.. Жұмысшылар тәулік бойына дерлік заводтарда қару, техника жасады, әскерлерге киім тікті. Сол кездегі халық аузындағы ең негізгі ұран «Бәрі де майдан үшін, бәрі де жеңіс үшін» еді. Станоктың жанында 12-14 жасар балалар жұмыс істеді.
Қыз бала: Ауыл адамдарының жіберген сыйлықтары біздің майдан шебіндегі жауынгерлеріміздің жан-дүниесін қатты тебіретті. Бұл сыйлықтар ауыр соғыс күндерінің өзінде оларға ауыл мен майданның мызғымас бірлігін еске түсірді, оларға ұлкен моральдық қолдау болды...
^ Көркемсөз оқушы: «Қымбатты жолдастар! Сіздер жіберген сыйлықты алғанда қандай теюбіреністе болғанымызды тілмен айтып жеткізу қиын. Майдан жағдайы ауыр. Нарядтар жарылып, пулеметтер сақылдайды. Осындай күндерде күтпеген жерден елден алған аппақ матаға ұқыпты оралған пакеттердегі жұпар иісті папиростар... Осы сәт жүректерге үлкен сүйіспеншілік сезімі құйылдыады. Сенімді тылдың соғысып жатқан армияның алдыңғы бөлімдерімен берік байланысын ойлағанда, кеудені мақтаныш сезімі кернейді...!»
Жасөспірім: Соғыс жылдары ауыл адамдарының еңбектері өте ауыр еді. Адам, техника, ат-көлік, азық-түлік жетіспеді. Бірақ, осы қиыншылықтың бәрін ана мен балаға, ақ сақалды қарттарға қайыспай көтеруге тура келді...
(Шымылдық жабылады)
^ МАХАББАТ ТУРАЛЫ
Көркемсөз оқушы: Өзің де асыл десе асыл едің,
Сен қашан қиындыққа жасып едің?!
Талайлар Отан үшін жанын қиды,
Артық деп қорқақтықтан батыр өлім.
Менің де мақсатым сол алға қойған,
Кек алу, дұшпаныма салып ойран.
Тегінде құрбандықсыз жеңіс болмас,
Қашаннан қатал заңы қанды майдан...
Әрине, мен де өмірді бағалаймын,
Күтемін жақсылығын туар айдың.
Ұйықтасам Жеңіс күнін мерекелеп,
Түсімде туған жерді аралаймын.
Бұл түс те өңге айналар етсек төзек,
Жүрекке «Жеңіс» деген орнап сезім-
Барамыз жауды қуып өз жеріне
Күн жақын оралатын Қарақозың. (Қ. Әбдәлиев«Сүйген жарға», 1942 жыл)
Жасөспірім: Соғыс! Бұл қантөгіс, ерлік, өлім ғана деген емес. Соғыста мейірбандылық, батырлық, қайырымдылық та болды... Алыстағы жақындарының маххабаты майдан күндерін аз уақытқа болса да ұмытуға көмектесіп, ерік-жігер беріп отырды. (Землянка әні орындалады)
Қыз бала: Соғыс адам баласының бір-біріне деген түсінушілігін, сүйіспеншілігін ұмыттырмады. ... Соғыс алдындағы бақытты өмірі, туған-туыс, сүйіктісінің қолдауы оларға өте қажет еді...
(Перде ашылады. Сахнаның шетіне таман қолында қарындашы мен қағазы бар әскери адам өзінің әйеліне хат жазып отырып ойланып кетеді. Сахнаға гимнастеркалы, жалаң бас жауынгер және жеңіл ақ көйлек киген, қолында бір шоқ гүлі және домбырасы бар қыз шығып екеуі сахнаның ортасында кездесіп, қыздың қолынан домбыраны алады. Қыз біртіндеп жігіттің қасынан алыстап кете береді. Жігіт алыстап бара жатқан қызға қол бұлғап тұрады да, Қ.Аманжоловтың «Дариға сол қызын» орынайды. Ақ көйлек киген қыз бен ақ шалбар, көйлек киген жасөспірім жігіт билеп жүреді. Муызыка тоқтағанда әскери адам тақпақ оқиды.)
Жауынгер:
^ СТАЛИНГРАД ҮШІН ШАЙҚАС
Көркемсөз оқушы:
Отан үшін! Жеңіс үшін!
Деп содаттар салып ұран,
Көтерілді атакаға,
Оққа қарсы жауып тұрған.
Сол мезгілде бір жауынгер,
Шойырылды ма, сүрінді ме,
Көкірегін қолмен басып
Құлады, сәл жүгірді де.
Жығылды ол, жығыпты оқ,
Ақты қаны ердің жерге.
Жеткені ме арсыз ажал,
«Тағы бір жеңдім» дер ме?
-Жоқ, жоқ! Ажал, қателестің,
Әлі бойда қайратым бар!
Әлі де мен соғысамын!
Қайратым бар, айбатым бар!
(Ж.Молдағалиев «Екеуін де көтерді ол»)
Жасөспірім: 1942 жылдың жазының ортасында жарты жылға созылған тарихи Сталинград қырғыны басталады.
Қыз бала: Сталинград қаласына миллиондаған бомбалар жарылып, фашистердің үлкен армиясы жұмылдырылды. Дегенмен, жаралы, отқа күйген қала жаумен шайқасын жалғастыра берді.
^ Көркемсөз оқушы:
Нүркеннің ерлігі мен айбын-даңқын
Жырлайды домбыра алып ауылда ақын.
Есімі ескірмесін, ен даланың
Сөнбейтін алауындай лауылдасын.
Отырып самолеттіғ рулінде,
Самғаса көк аспанның бір өрінде.
Ілескен ұшарында тілектес боп,
Арқаның ескек желі жүрер бірге,
«Қазақтың жас жігіті көкті қалап,
Қалайша дәл осындай бітті қанат?»
Деген ой басына оның келе қалды,
Орманнан күн асқанда тік сағалап...
...Қаптаған штурмовик қырпып өтіп,
Қалады аспанға атқыш сыр-сыр етіп,
Танктер колоннасын қуып жетті,
От шашқан айналасын күркіретіп.
Нұркеннің машинасы осы жерде,-
Селк етті шығар шақта тосын өрге
Тынысы тұншыққаннан тарылғандай,
Икемі келмей қалды жосуға енді.
Самолет жанып тұрған шүйілерде,
Жауының төбесінен түйілерде.
Құрыш қол қатып қалып, дәл нұсқады,
Фашистік колонна жиын жерге.
Гүрс еткен жарылыстың үні естілді,
Көрсетті қызыл жалын бұл екпінді,
Желбіреп қызыл тудай қайсар жанның
Жеңісін жарлағандай үдеп тұрды!... ()1942жылы 19 желтоқсанда Сталинград түбінде ерлікрен қаза тапқан Нүркен Әбдіровке қайтыс болғаннан соң Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
ДЕМАЛЫСТА
Көркемсөз оқушы: Сағынышты қам көңілмен ұласып,
Күз аспаны бірде күңгірт,
Бірде ашық,
Қыршын қазақ отыр окоп ішінде,
Ән серігі – домбырамен сырласып
Сағынғаны Сарыарқаның өлкесі,
Сағынғаны Алатаудың өркеші,
Сағынғаны Ақжайықтың толқыны
Сағынғаны кербез сұлу еркесі (М.Әлімбаев «Бір жас қазақ»)
(Перде ашылады. Орман ішіндегі алаңқайда жауынгерлер – командирлер, солдаттар, мейірбикелер біреуі жерде жатыр, екінші түрегеп тұр, кейбіреуі ойланып отырады (театралдық топ). Барлығы Ұлы Отан соғыс жылдарындағы әскери киім киген. Орталарында тұмар үстінде қолында домбырасы бар гимнастеркалы басы таңылған жас жігіт отырады. Ол алыстағы Ұзынағаштан келген хатты шолып, оны оқып отыр... Бұл жауынгер жігіт ұлы Жамбылдың баласы Әбіл болатын.)
Жауынгер: («Дариға сол бір қыз» әнінің әуенімен)
«Жарығым! Сен өз достарың туралы жазыпсың. әрине, олардың бәрін біле бермеспін, көбінің жүзін де көрмеген шығармын, әйтсе де олар да өзіңдей ет-жақыным сияқты болып кетті. Мен олардың ерлігінен көз алмай қадағалаудамын. Әрдайым абыройлы болсын бәрі. : Біздің ата-бабаларымыз да қатты айқасты көп өткізген басынан. Батырларымыз бойынан бес қаруын тастамай, айлары мен жылдарын жорықта өткізген. Дені сау, дәті берік жігіттерге соғыс ауыртпалығы сөз бе екен.
Біздің ержүрек жігіттерге ақ басты Жамбылдан сәлем айт. Абыройлы болыңдар, ұлдарым, сендер Отанға, партияға адал қызмет етіп жүрсіңдер, мен бәріңе де ризамын. Ердің ерлігі, жігіттің жігіттігі сыналар шақ бұл.
Әттең, кәрілік! Әйтпесе, үйде отырар ма едім мен? Баяғының батырындай желеулі найза қолға алып, сауыт –сайман асынып, майданға мен де бармас па едім. Менің айтарымосы еді. Мен сендермен біргемін. Жеңіс тез келіп, туған ауылда жолығатын болайық. Әкең Жамбыл»
Жасөспірім: Ауыр шайқастардан кейін жауынгерлерге соғыстың ауыртпалығына төзу үшін аз да болса демалыс керек еді.
Қыз бала: Әрине, жауынгерлер ертең алдарында өлім күтіп тұрғанын білді. Дегенмен, соғыста әзіл-қалжың, ән-мен күйді ұмытылмады.
^ Көркемсөз оқушы:
Айтып болды дүние талай әнді,
Аспан жүзін таң алды, арай алды.
Жетсек деген бір сөзбен ел оянды.
Төрт жыл бойы жел соғып, дауыл келді,
Қала көрді қиындық, ауыл көрді.^ Жеңіс, Жеңіс! Әке мен оның ұлын Кездестірмей қойғаның ауыр болды.
Менде шықтым көшеге қарап елге,
Есікбай қарт ер салды қарагерге.
Жеңіс! Жеңіс! Анамның көз жасы юоп,
Тамып түсіп жаттың сен қара жерге.
Састырды ғой сол төрт жыл сабырлыны,
Сарғайды ғой, ананың сағым мұңы.
Келмейтінін әкемнің біліп анам,
Зар жылаған екен-ау со бір күні...
Қуанышқа кетті бір толып менен,
Желік басқа бүгінгі, көрік бөтен.
Тойға бардым мен мәз боп өз әкемді
Көрмеймін деп мен ойлап көріп пе екем.
Қандай ауыр болсаң да Жеңіс едің,
Аялайды арманың мені сенің.
Аямайды кәмпитті, береді аға,
Бәрін билеп ап кетті тегі сенім.
Бір жыр қалсын сонау бір ауыр кезден,
Әдет өзге ол кезде, ғұрып өзге.
Баққа сендік келетін көп кешікпей,
Бәрімізге қарайтын жылы көзбен.
Шуақты күн, мөлдір көл, мөлдір дала,
Шын бақыттың келгенін сендірді аға.
Жеңіс күнін тойлады біздің ауыл,
Өз әкесін ойлады әрбір бала.
Уақыт өзі бағасын берер кейін,
Құс боп ұшуға-дағы өлең бейім.
Жеңіс күні келгенде сол Жеңіспен
Әкем бірге келердей елеңдеймін...
(Т.Молдағалиев «Жеңіс күні»)
(Би биленіп болған соң, сапқа тұрып сахнадан шығып кетеді )
ПАРТИЗАНДАР
Абыржымай ақырын
Теңселеді қара орман,
Мұздай темір құрсанып
Түн қатады партизан.
Түн қатады партизан,
Қар құшады, мұз жайлап,
Қалтырамас біреуі
Көр қылсаң да ойбайлап.
Қатал қайсар жүрегі
Қайтпас боран кәрінен,
Қымбат елдің намысы
Партизанға бәрінен. (Ж.Саин “Түн қатады партизан”)
Жүргізуші: Ұлы Отан соғысындағы партизандар қозғаалысы туралы, олардың ерлік қимылдары туралы тебіренбей айту мүмкін емес. Өйткені, қайталанбас тамаша ерліктері мен көрген ауыр азап, асқан қиындықтарын, таңғажайып табандылық көрсеткендердің ішінде қазақстандық жерлестеріміздің партизан қозғалысына, неміс басқыншылары басып алған жерлердегі қаһармандық күрестерінің алар орны ерекше. Олар Белоруссия ормандары ма, орыстың кең даласы ма, қай жерде соғысса да, өздерінің туған Қазақстанын, бүкіл елді, халқының жүрегіне ең ыстық, ең қымбат нәрселердің бәрін қорғайтынын айқын білді. Қасым Қайсенов, Әди Шәріпов. Балалар, партизан-жазушы Қасым Қайсеновтың “Жас партизандар”, “Илько Витряк”, “Жау тылындағы бала” тағы басқа кітаптарымен таныс боларсыңдар. Бұл оқырмандар ықыласына бөленіп, орыс, украин тілдеріне аударылған.
(айтылмай кеткен аманат: жаудың оғынан қаза тапқан партизандарға арналады)
... Күбірлеп сонда сөйледі ол,
Қолымды қатты бір қысып;
Жас жаны сая тапқандай,
Құтыдан жұтым суды ішіп:
-Анам бар ед алпыста,
Аппақ шашын күн сүйген,
Асыл еді жүрегі,
Айнымаған бір күйден,
Бесігіме телміріп,
Ай батқанша қараған.
Ақ уілдір бөбегін
Асқарлы шыңға санаған.
Айбарлы туың, ақ балаң
Алысқа кетті дегейсің,
Ажалменен айқасқан,
Шабыста кетті дегейсің.
Жауар күндей күркіреп,
Жауға төнді дегейсің.
Адам жегіш жетдеттіжаншып өлді дегейсің.
Он фашисті бір өзі
Қанға малды дегейсің.
Қайырылуға тынысы
Жетпей қалды дегейсің.
Ана сенің атыңды,
Ақтап өлді дегейсің,
Жүрегінде имандай
Сақтап өлді дегейсің!
^ ЖЕҢІС
Көркемсөз: «Біздің жауынгерлерді қыранмен, бүркітпен теңеуді қоятын кез жетті. Қазақ жігіиті Қошқарбаев өз жолдастарымен рейхстагқа ту тікті. Жанған от ішінде, ажал аузында ерлік көрсетті олар. Осындай ердің образын беру үшін бөлекше теңеу, бөлек поэзия керек» деп жазды орыстың белгілі жазушысы Б.Горбатов. Рақымжанның сол бір ерлігі уақыт өткен сайын ұрпақ алдында тұлғаланып келеді. Ерлік иесіне деген шалқар құрмет барған сайын шалқи түсуде.
Жасөспірім: 1945 жылдың 1 мамырына қараған түні Рейхстагқа алғашқы Жеңіс туы желбіреді.
Қыз бала: Күні кеше ғана қолдарына қару алып, кеңестік жауынгерлерінің айналаына қарсы соғысқа қатысқан неміс әскерінің әйелдері мен балалары, әкелері мен шешелері топталуда. Үнсіздік жайлаған, бүлініп қираған Берлин қаласының тұрғындары алымен жасқана, біраздан кейін батылдана шыға бастады..
Жасөспірім: Адамтөзгісіз шаршандыққа қарамастанмарлығы қуанышты еді
Қыз бала: Жеңісті ұзақ күтті
(Осы кезде перде ақыындап ашылады. Сахнада гүл шоқтары жатады)
Жасөспірім: Левитан былай деп есіне алады: Жеңіс күні хабарлай бергім
Жасөспірім: Иә, біздер жеңіске жеттік. Біздермен бірге бүкіл Еуропа халқы да жеңіске жетті. Біздер жербетіне жеңіс туын тіктік. Бұл күнді аңсап мыңдаған, жүз мыңдаған боздақ көз жұмды. Жеңіс жолында жанын пида етті. Тірі қалғандар көзінен жасы парлап тұрып сол күні қуанды. Жеңіс күні Сұлтан, Нүркен, Әлия, Мәншүк, Бауыржан, Мәлік, Төлеген бастаған батырларын, жас өмірлерін қиған өзге де қыршындарын еске алу орынды. Соларды еске ала отырып, 9 мамырды Жеңіс мерекесі дейміз.
Жеңіс күнін жақындатуға тылдағы миллиондаған еңбекші халық маңдай терін төкті, табан етін тауысты. Ұлы Жеңстен кейін ел есін жиды, етегін жапты. Миллиондаған халық соғыста қираған қалалар мен шаруашылықты қалпына келтіру үшін аянбай еңбек етті. Бүгінгі заманға жеттік. Қазақстан көп ұлтты мемлекет, бұл ұлы соғысқа жүздеген ұлт өкілдерінің барлығы қатысты. Бұл соғыс сол кездегі кеңес халқының басына келген нәубет еді. Сол апаттың бетін барлық халық бірігіп қайтарды.
Қыз бала: Бір минут үнсіздік хабарлайды (барлығы тұрады)
(Үнсіздік минутынан кейін перде ашылады. Сахнаға кешке қатысушылардың барлығы шығады)
Жүргізуші: Ұлы Отан соғысындағы ұлы Жеңіс достық пен бірлікті жырлаған, ер намысы мен боп атылған, ел даусысы боп шақырған жеңіс. Арын жалау етіп, жанын алау етіп жауға аттанған ел ұландары жерін қорғады, халқының өмірін қорғады, өзі туған өңірін қорғады, ақ сүт берген анасын қорғады, ақ самал ескен даласын қорғады. Осы соғыста қасық қанын қиып ұрыс даласынан қайтпай қалған қаһармандар қаншама! Солардың қасиет
www.ronl.ru
Өзіндік жұмыс
Маркетинг тұрғысынан кез-келген отандық фирмалардың әрекетін қайта болжамдаңыз, нақты аумақта қандай мәселелер туындағанын анықтауға тырысыңыз, мәселелерді шешудің жолдарын анықтаңыз.
Тиімді маркетингтік әрекеттерге қол жеткізу кезінде қоршаған ортаның әсерін ескермеу мүмкін емес. Бұл әсер әртүрлі түрде сипатталуы мүмкін және де ешқандай да негізсіз болуы да мүмкін (негативті). Сондықтан да ортаның әсер ету күшін бағалау дамытылған маркетингтік шаралардың тиімділігін анықтайды.
Маркетинг ортасы әртүрлі әсер ету деңгейіндегі жағдайларға байланысты үш деңгейден тұрады (тікелей және жанама, бақыланатын және бақыланбайтын): макроорта, микроорта, медиаорта. Макро деңгейде әсер ету факторларына экономикалық, саяси, демографиялық, ғылыми-техникалық, табиғи және әлеуметтік-мәдени жағдайлар жатады. Басқа сөзбен айтқанда, фирманың әркетіне тікелей немесе жанама келесідей көрсеткіштер әсер етеді: халық саны, діни құрылымы, жалпы шаруашылық конъюктурасы, экология, технология, инновация, мемлекет, мәдени және моральді сынаулар және т.б. осы және басқа да көрсеткіштерді дәл уақытында бағалау және талдау маркетингтік әрекетті жоспарлауда өте қажетті болып саналады.
Микроорта құрамына тұтынушылар, бәсекелестер, маркетинг делдалдары, жабдықтаушылар, фирманың ішкі ортасы жатады.
Микроорта қажетті және қажетсіз байланыс аудиториясы жатады. Бұл топтарға қаржы-несие мекемелері, бұқаралық ақпарат құралдары, қоғамдық бірлестіктер, мемлекеттік мекемелер жатады. Фирма өзінің қалыптасуы жағдайында бұл факторларды не керек етпейді, немесе осы факторлардың назарына ілігуге тырысады. Кез-келген жағдайда да фирма нарықтың қалыптасқан жағдайында қолдану немесе қарсы әрекет ету шараларын қолдануды дамыту үшін маркетинг ортасының жағдайы туралы сапалы ақпарат алуы қажет.
Бақылау сұрақтары
Тапсырма
А. Өндірісшілерді ескере отырып макроорта факторларын тізіп шығыңыз (демографиялық, экономикалық, табиғи, технологиялық, әлеуметтік-мәдени, саяси): алкогольі аз ішімдіктер, кондитерлік өнімдер, велосипед, компьютер ойындары.
В. «Фудмастер» компаниясы үшін микрорта қатысушыларын анықтаңыз және олардың өзара байланысын сипаттаңыз (делдалдар, жабдықтаушылар, тұтынушылар, бәсекелестер, байланыс аудиториясы).
мәселелік тапсырмалар
Маркетингтік агенттіктерді таңдау
Пластикалық ыдыстар мен орамдарды өндірумен айналысуға маманданған фирмалар нарықтағы өзінің әрекетін кеңейтуді жоспарлайды. Егерде бастапқы уақыттары өтім өткізу бөлімдерімен және басшыларымен жүргізілген болса, онда нарықтағы бәсекелестердің көбеюіне байланысты маркетингті нақты ұйымдастыру және дамыту қажет. Осы мақсатта фирма басшылары арнайы маманданған маркетингтік агенттіктердің қызметіне жүгінуді жөн санайды.
Өткізу бөлімінің басшыларына маркетинг агенттіктерінің көрсеткіштерін талдау және бағалау міндеттері жүктеледі. Өтім бойынша менеджер өз кезегінде осындай қызмет түрлерін ұсына алатын жабдықтаушылардың арасында зерттеу жұмыстарын жүргізу міндеттерін атқарады. Осыдан алынған мәлісеттерге сүйене отырып, маркетингтік агенттіктер қызметтері құнының көрсеткіштері берілген бағалық парақтар құрады. Жоғары басшылыққа тапсырылған жоба қабылданып, қайта өңдеуге жіберіледі.
Сұрақтар мен тапсырмалар
Өзіндік жұмыс
Өзіңіздің таңдауыңыздағы фирманың әрекетіне әсер ететін маркетинг ортасы факторларын топтастырыңыз және бағалаңыз. Оның неғұрлым мәнді элементтерінің даму мүмкіндіктерін анықтаңыз.
Маркетингтің тиімді қызметін құру және дамыту кез-келген маркетингтік шараларда тұтынушылардың қажеттіліктерінің көп мөлшерде болуы және қажетті тауарға деген әртүрлі талғамдарына сай өндіру керектігіне байланысты тұтынушылар талғамы, нарық жағдайы туралы ақпараттарды жинау және талдау жүргізусіз мүмкін емес. Ақпараттардың мұндай түрін талдау маркетинг концепциясының дамуындағы басты міндеттері болып саналады және де әртүрлі тәсілдермен дамытылады: маркетингтік зерттеулермен айналысатын жеке бөлімше ашу немесе маманданған фирмаларға ұсыныс жасау.
Алынған ақпараттар негізінде нарықты сегменттеу тәсілдері мен өзінің тауарларын жайғастыру туралы, ұысынылатын тауар немесе қызметтерді коммуникациялық қолдау әдістері туралы, өтім әдістері мен баға саясаты туралы шешім қабылданады. Осы жағдайда, маркетингтік зерттеулер сапасына фирамның осы және басқа да шараларын тиімді дамыту және сәтті болуы тәуелді болады. Осыған орай, маркетингтік зерттеулердің даму сатыларындағы сапалылықты бақылауға, зерттеу дайындықтарына және жоспарлау үрдістеріне көп көңіл аудару қажет.
Басқаруға негізделген шешімдерді қабылдау үшін қажетті ақпараттарды жинау және талдау маркетингтік зерттеулерде жобаланады. Бастапқы ақпараттарды жинау әдістерінің бастысына сұрау, бақылау, эксперимент, фокус-топтар жатады. Бастапқы және екінші ретті ақпараттарды талдау үшін жалпы ғылыми әдістер тартылады. Маркетинг бойынша менеджерлер тапсырмасы алынған ақпараттарды өзінше түсіндіріп беру және және де қабылданған шешімдерді іске асыру жағдайларын жасау, фирманың барлық бөлімшелерінің жағдайларын ұйымдастыру болып табылады.
Ақпарат қымбат ресурс болып табылғандықтан, оны алынған немесе қамтылған ақпараттар туралы жасырын ұстау маркетинг бөлімінің басты міндеті болып саналады. Жинақталған ақапараттарды сақтау өте қажетті және кез-келген кәсіпорындарда оның ауқымына қарамастан тұтынушылар жинағының сипаты туралы, бәсекелестер жайындағы мәліметтерді сақтау ақпараттар банкі немесе жүйесі болуы тиіс.
Жинақталған аққапараттар банк үлгілері және маркетингтік ақпараттар жүйесіндегі мәліметтер базасында сақталады (МАЖ). МАЖ неғұрлым жинақы ұйымдастырылған болса, соғұрлым болашақтағы маркетинг зерттеулерін жүргізу үрдісі шығынсыз болмақ. МАЖ құрылымы келесідей элементтерді қамтиды: маркетингтік зерттеу жүйесі, сартқы ақпараттар жүйесі, ішкі ақпараттар жүйесі, ақпараттарды талдау және жинау жүйесі, қолданушылар үшін коммуникациялық жүйелер. МАЖ жүйелердің барлық түрлерін қамтуы тиіс, ол оның барлық ресурстарын тиімді қолдануға мүмкіндік береді.
Бақылау сұрақтары
Тапсырма
А. Өндірістік, сервистік және сауда фирмалары үшін маркетингтік ақпараттар жүйесінің құрылымын жасаңыз.
В. Келесі элементтерді қолдана отырып МАЖ-гі ақпараттар ағымын құрыңыз:
- маркетингтік зертеулер жүйесі;
- сыртқы ақпараттар жүйесі;
- зерттеу нәтижелерін талдау;
- фирманың маркетингтік сыртқы және ішкі ортасы;
- маркетингік ақпараттарды жинау мақсатындағы коммуникация;
- ақпаратттар ағымын жүйелеу;
- маркетингтік шешімдерді талдау, жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау;
- ақпараттарды талдау және өңдеу жүйесі;
- маркетингтік зерттеу үрдісін басқару, ішкі ақпараттар жүйесі;
С. Келесі элементтерден маркетингтік зерттеулер ретті процедурасын құрыңыз:
- зерттеу мақсаттарын анықтау
- жұмыс гипотезасын құру
- зерттеу әдісін таңдау
- есептерді безендіру
- зерттеу мәселелерін анықтау
- зерттеу белгісі және объектіні анықтау
- мәселелерді шешу жолдары және талаптары үшін ақпараттар құрылымын анықтау,
- көрсеткіштерді өлшеуді қолдану
- есеппен таныстыру
- ақпараттарды талдау және өңдеу жүйесін таңдау.
Мәселелік тапсырмалар
«IG» консалтинг компаниясы нарықтағы бәсекелестер жағдайына байланысты сауалнама жүргізді. Сауалнамадағы басты сұрақтары Алматы қаласындағы бейкоммерциялық жәрдемдесу шараларын ұйымдастыруды стратегиялық жобалауға негізделген. Бұл компания мемлекеттік бақылау бойынша жұмыс жасап, басқа ұйымдардың стратегиялық жоспарлауда қолдануды ұйымдастыруды тексерумен айналысқан.
Фирма қызметткерлері сауалнама жасауда бірнеше ай көлемінде жұмыс жасаған. Қызметкердің бастапқы міндетті осы жоба көлемінде сауалнама сұрақтарын жүргізу және зерттеу жоспарын талдау. Сауалнама пошталық қызметтер арқылы бейкоммерциялық әрекеттермен айналысатын ұйымдарға таратылуы қажет болды. «IG» консалтинг компаниясы екі жыл уақыт бұрын 70 бейкоммерциялық ұйымдар каталогын құрастырған.
Құрастырылған каталог бойынша кейбір ұйымдардың мекен жайының өзгеруі немесе жабылып қалу қауіптері болғандықтан, фирма 10 шақты ұйымдардың атауын таңдап, өздерінің сауалнамалық сұрақтарын жібереді. Әр бір кампанияға кері мекен жайы көрсетілген конверт және хат, сауалнама сұрақтары жіберіледі.
Екі апта өткенен кейін толтырылған бір ғана сауалнамалық сұрақтар жауабы келеді. Және де екі сауалнамалық сұрақтар кері қайтарылған, өйткені бұл ұйымдар қазіргі нарықта қызмет атқармайды екен. Жауапсыз қалған кейбір бейкоммерциялық ұйымдарды үздіксіз іздеу барысында, кампания қызметкерлері көптеген қиындықтарға тап болған. Кей кампаниялар көлемді сауалнамалық сұрақтарға жауап жазуға ерінсе, кей бір ұйымдар мүлде жабылып қалған. Сондықтан да фирма қызметкерлері өз жобалары бойынша басқа ұйым басшыларымен бетпе-бет кездесуді дұрыс деп тапқан.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
Құрматті сатып алушы!
Біз бұл сауалнаманы сабын нарығындағы тұтынушылар қажеттілігін зерттеу үшін құрастырып отырмыз. Төменде келтірілген сұрақтарға Сіздің жауап беруіңізді өтінеміз және де Dove сабынының орамының қиындысымен (бұл Сіздің компаниядан алатын ұтысыңызды білдіреді) бірге кері қайтаруыңызды сұраймыз.
Біздің мекен жайымыз: 480001, Алматы қ., а\ш 10
Сауалнамаға жауапты қайтарған бастапқы 750 адам Dove күтпеген сыйлығына ие болады! өзіңіздің аты-жөніңізбен, мекен жайыңызды жазуды ұмытпаңыз және де Сіз «Unilever» арнайы тізіміне ілігесіз, ол біздің жаңа өнімдеріміз туралы ақпараттар алуыңызға мүмкіндік береді.
Біз үшін Сіздің пікіріңізді білу өте қажет.
Жауап беру кезінде өз жауабыңыздың қасына «+» қоюыңызды өтінеміз.
referat911.ru
Кіріспе
Нарық қатынастары шаруашылық қарым-қатынаста жүріп жатқан субъектілерінен экономикалық үрдістерді игеруді, ол үшін оларды терең және жан-жақты талдауды талап етеді. Осы талдау негізінде бар ресурстарды тиімді пайдаланып, тұтынушылардың қажеттерін сапалы және жоғары деңгейде, неғұрлым толық қанағаттандыруды белгілейді. Нарықта қалыптасқан қатаң бәсекелестік күресті жеңіп шығу үшін бұл аса қажетті іс. Соның негізінде фирманы дәл басқару бағыттары және ұтымды шаруашылық бизнес шешімдері іздестіріледі. Ал ол талдауды жүргізу үшін кең көлемде және неғұрлым толық коммерциялық ақпарат қажет болады. Бұл жиналған ақпарат нарықта әрекет жасап жүрген фирмалар және келешекте олардың қатарына жаңадан қосылатын кәсіпорындар, олардың өнімдерінің өзгерісі туралы т.б. с.с. болжамдық талдау үшін қолданылады. Осы аса маңызды да күрделі іс маркетингсіз орындалуы мүлде мүмкін емес. Сондықтан фирманы басқару жүйесінде, оның әрекетін ұтымды реттеу ісінде қазіргі кезде маркетинг жетекші рөл атқарады.
Маркетинг кез-келген фирма немесе ұйымдардың іс-әрекеті үдерісіндегі туындайтын нарықтық жағдайларды шешуші тәсілдерінің жетерліктей тараған түрі болып табылады. Мұндай мәселелерді шешу үшін маркетинг ақпараттар жинағы мен жинақтау құралдарын, сыртқы және ішкі ортасының жағдайы туралы ақпараттарды талдау және өңдеуді қолданады. Сонымен қатар, талдау нәтижелері келешектегі нарық жағдайы мен сол нарықтағы фирманың ахуалын болжау үшін қолданылады. Мұндай жағдайда, маркетинг қойылған мақсатқа жетудегі барлық басқару әрекеттерінің ажыратылмас функциялары болып табылады.
Маркетинг ауқымындағы шешімдерді қабылдаудың тәжірибелік дағдыларын қажетті ақпараттарды талдау және жинау дағдылары бойынша және де жеке жағдайларда максималды қажеттілікте қолдану шеберлігін үздіксіз тәрбиелеусіз қамту мүмкін емес. Ситуациялық (жағдай) тапсырмаларды орындау осы дағдыларды қамтудың кең таратылған әдістеріне жатқызады, өйткені өз тәжірибесі мен біліміне сүйене отырып, өзінің ұсыныстары мен қабылдаған шешімдерінің тиімділігін бағалауға мүмкіндік береді. Бұндай әдістеме көп жағдайда іскерлік ойын әдісі болып саналады және де оны маркетинг пәні бойынша тәжірибелік сабақ кезінде қолдануға болады.
Тапсырмаларды орындау кезінде топтың дұрыс әркетін ұйымдастыру қажет, өйткені шешу басты әдісі негізінен ми шабуылы болып табылғандықтан осы әдістеменің барлық ережесін сақтау керек. Әдістеменің басты мақсаттары мен талаптарының бірі топтық жұмыстарға дағдылану, жеке тұлғалық коммуникацияның (байланыстың) дамуы болып табылады. Сондықтан да, басты рөл оқытушы мен топ жетекшілеріне жүктеледі. Осы әдістің басты мақсаты студенттердің маркетингтік ойлау қабілетін, профессионалды сезінуін дайындау және көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын дамыту болып табылады.
Бұл тәжірибелік келесідей түрде құрастырылған: курс құрылымы жалпы маркетинг бойынша оқу орнындағы типтік бағдарламаға сай, берілген тест және бақылау сұрақтарына нақты жауап беру үшін арнайы әдебиеттерді оқу барысында толықтырылатын әрбір тақырыптарға қысқаша мазмұндама берілген, бұдан кейін тәжірибелік тапсырмалар көрсетілген.
Фирманың іс-әрекетіндегі маркетинг концепциясы
Фирма іс-әрекетіндегі маркетингтің құрылуы қойылған мақсатқа жету үшін оның мүмкіндіктері мен қажеттіліктерін қабылдау, кәсіпорынға сыртқы қатысушылардың байланысы арқылы анықталады. әрбір жеке фирманың мәдени және құрылымдық әсерлері кезінде қалыптастыру осы фирма үшін маркетинг маркетинг концепциясы болып қолданылады.
Ерте ме, кеш пе, көптеген фирмалар бәсекеге қабілетті жағдайды ұстап қалу үшін өзінің жеке маркетингін дамытуды көздейді. Осыған орай, фирма басшыларын «Фирма маркетингі қандай жағдайда қалыптастырылады?» деген сұраққа жауап іздеуге әкеліп соғады. Оның бірнеше нұсқалары (альтернативтері) туындайды. Біріншіден, тиімді тауар өндіру және оның нарықтағы жылжуы, нарықты зерттеудің сұрақтарымен айналысатын арнайы бөлімше ашу. Екіншіден, маркетинг түсінігі мен оның мүмкіндіктері жайында барлық фирма қызметкерлеріне семинар жүргізу.
Және де өзінің маркетингісін құрушы фирма басшыларына қойылған осы және де басқа мәселелерді шешу үшін маманданған сыртқы фирмалардың көңілін аударуға болады.
Осы және де басқа да мәселелерді шешу жолдарын қолдану фирма басшылары, менеджерлері және басқа да қызметкерлері маркетинг мәнін қаншалықты терең қабылдағанына, осы нарықта қатысуы жайында фирманың ұзақ мерзімді ұстанымы (намерения) қандай екендігіне де байланысты болмақ.
Маркетингті таңдау отандық фирмаларда ұзақ мерзімді мәнділігі жағдайын қамтуға бағытталған бизнестің мақсатының өзгеруі, бәсекелестік күрестің күшеюін көрсетеді. Сондықтан да, маркетинг концепциясының үздіксіз дамуы мен қолдану қажеттігі басым көрінеді.
Бақылау сұрақтары
Тапсырма
А. Қазіргі маркетинг концепциясы тұтынушылардың қажеттілігін қанағаттандыру мен оқуға негізделген. Осыған орай, фирманың маркетингтік әрекетін белсенді етуге қажеттілік мәні әсер етеді. Тұтынушылар қажеттілігінің дамуы қандай жағдайда өткенін анықтайыздар, және де олардың тұтынуы үшін қандай тауарлар өндірілді (кестені толтырыңыз)? Маркетинг эволюциясына бұл үрдіс қалай әсер еткенін бағалаңыз?
Қажеттіліктердің түрлері | Оны қанағаттандыратын тауар |
Ерте туындаған қажеттіліктер | |
Қазіргі қажеттіліктер | |
Келешектегі қажеттіліктер | |
В. Келесі тұжырымдардың дұрыс немесе қате екенін бағалаңыз:
- сатып алушылардың қажеттіліктерінен тыс өндірістің шығындарының төмендеуі маркетингтің өндірістік концепциясын көрсетеді
- бәсекелестерді ескермегенде өндірілген өнімнің жетілуі өтім концепциясының негізгі мақсаты болып табылады
- орам өтімді ынталандырудың құралы, сатып алушыны ақпаратпен қамтамасыз ету, көңілін аудару және тауарды сақтау ретінде тауар концепциясының бөлігі болып табылады
- коммерциялық күштерді интенсификациялау концепциясы тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға негізделген.
Мәселелік тапсырмалар
Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу бойынша қазіргі кәсіпорын кешенін қалыптастыру мақсатында 90-жылдардың басында «МаК» ЖШС қазақстандық- австриялық бірлескен кәсіпорыны құрылған. Қазіргі жағдайда бұл кәсіпорынның өзіндік өндірістік және административтік кешенінің ғимараттары бар, олар: сыра заводы, кеңсе, мейрамхана, ет цехі, дүкен, наубайхана (пекарня), ас зертханасы. Және де өзінің жеке көмекші шаруашылығы да бар. Шикізаттың жартысы тұрақты жабдықтаушылардан алынады. Нақты кәсіпорын ең бірінші және де басынан бастап тамақтану өнімдерінің жоғары сапада өндіруге бағытталғандықтан, оның өнімдері тұрақты сұранысқа ие және нарықтың жоғары сегментінде орналасқан. Сонымен қатар, кәсіпорын әрекеті құрылған уақыттан бастап өндірісті кеңейту мен жандандыруға бағытталған, сондықтан да таза пайданың көп бөлігі капиталды құрылысқа, заманға сай құрал-жабдықтарға және де технологияларға, айналым құралдарын толықтыруға бөлініп отырады. Сол уақыттары кәсіпорын басшылары қоғам алдында жетімдер үйіне, ардагерлер мен мүмкіндігі төмен адамдарға көмектесу арқылы, толық көлемде салықтарды және де басқа да бюджет төлемдерін уақытында төлеу арқылы өз атағын ұстап қалады.
Қаражаттардың мәнді бөлігі негізінен нақты өнімнің ассортименттерін кеңейтуге, жеке тауар таңбасын жылжыту мен мәнді сауда жүйесіне құйылады. Фирма арнайы көрмелер мен жәрмеңкелерге өздіксіз қатысып отырады. Өндірілетін өнімнің сапасы мәселелеріне көптеп көңіл аударылады, өйткені, тұрақты жабдықтаушылардан шикізаттарды сатып алып, өзінің шаруашылығы сапасының деңгейін бақылайтын кәсіпорынның тәжірибелік тұйық өндірістік циклі бар.
Осындай көрсеткіштер нарықтағы бәсекелестік жағдайын, таңбаның (марка) танымалдылығын және өнімнің әйгілілігін қамтамасыз етеді. Соған қарамастан, бәсекелестік жағдайдың нақты орнауы маркетинг қызметтері әрекеттерін күшейту қажеттігіне әкеліп соқтырып отыр. Кампания басшылары келесідей мәселелерді шешеді: нарықтағы белгіленген бөлігін ұстап қалу және оның тұрақты кеңею жағдайларын құру, ұстап қалу үшін қандай маркетинг концепциясын қабылдау керек.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
«Алатекс» трикотаж фабрикасы табиғи трикотажды тал жіптерін (талшық) және де трикотаждан жасалған сырт киімдерін тігу өндірісіне маманданған. өндірілетін өнім ассортименті айтарлықтай кең, сонымен қатар, жеке тапсырыс жүйесі бойынша өнімдерді өндіру мүмкіндігі бар. Өтім нарығы бірнеше экономикалық факторлар әсеріне байланысты, жақын аймақтар ауқымымен шектелген (жалпы республиканың оңтүстік аймақтарын қамтиды). Нәтижесінде өндіріс пен өтімнің кенеттен қысқаруы, кәсіпорынның шаруашылық байланысының бұзылуы қазіргі уақытта құрал-жабдықтарды модернизациялауға (жаңартуға), тауарды нарықта жылжыту үшін қаражат құюға мүмкіндігі жоқ.
Қазіргі кезде, кампания басшылары қаржылай қолдауға ие болу үшін бизнес жоспар жасау керектігін мойындайды, ал ақпараттарды алу үшін нарық пен нарықта өнімнің жылжуын зерттеумен айналысатын маркетинг қызметін құру керек. Фирма басшыларынан коммерциялық бөлімдер жақын арадағы 3 жылға арналған нарықты зерттеуге, жарнама кампанияларын жоспарлауды анықтайтын міндеттерді қарастыратын маркетинг қызметін құруға бұйрық алады.
Коммерциялық бөлім қызметкерлері жағдайды болжамдаудан кейін басшыларға интегралды (интегрированный) маркетинг қызметін құру мақсатындағы жоспарды ұсынады. Қайта ұйымдастыру бірнеше бөлімдерді маркетингтің арнайы қызметіне біріктіріп фирманың нарықтық ұстанымын жақсартуға мүмкіндік беретіндігіне сүйене отырып, жойылатын бөлімшелер қызметшілерінің жағымды байланыстарын құру мақсатына бағытталды. Қарсыласу деңгейі жоғары болғандықтан, бірінші кезекте тұтынушылар қажеттіліктерін қанағаттандыруға, яғни, әрекет етудің барлық бөлімдерін маркетингке қайта бағыттау үшін насихат жүргізуі тиіс.
Төмендегі көрсетілген кестеде маркетинг функциясына ену мақсатындағы құрылымның мәнді деңгейлік өзгерісін суреттейді. Бірінші кестеде (сур.1) клиенттермен байланыс орнатуынқолдауды дамыту қызметі көрсетілген.
Сур. 1. Мәнді құрылымы
Сур. 2. Құрылымды бірінші рет қайта ұйымдастыру
Сур. 3. Құрылымды екінші рет қайта ұйымдастыру
Сур. 4. Ұсынылатын ұйымдастырушылық құрылым
Өтімнің арнайы бөлімінің болмауының нәтижесінде, сатып алушылардан тікелей өндірушілерге ақпараттарды тарату сферасында қиындықтарға тап болады. Яғни, ақпараттар сату орнында ғана қалып қойды. Сондықтан да, бірінші сатыда тұтынушыларға қызмет ету және тапсырыстарды орындау бөліміне бағынышты даму бөлімі құрылды (сур. 2).
Арықарай, коммерциялық функцияларды кеңейтуді қайта құруда дамыту бөлімі болды: жарнама және нарықты зерттеу (сур. 3). Нәтижесінде экономикалық және коммерциялық бөлімдерге қайта бағынатын параллельді және маркетинг бойынша директор басшылығымен жеке маркетинг қызметі құру жолына нақты бағытты ірілендіру жоспарланған болатын (сур. 4). Маркетинг бөлімшелерінің қызметтері өнімді талдау және дамытуды бақылау, болжамдау тәрізді осындай бағыттардың қосылу есебінде кеңейтілетін болады. Осы жағдайда, маркетинг директоры өтімді ғана бақыламай, тек маркетинг әрекетін дамытады.
Жалпы енгізілген өзгерістер кәсіпорынның шығындарына қатты әсер етпейді. Басты көңіл жауапкершіліктерді қайта бөлу, маркетингке бағытталған өндірісті белсендіруге аударылады.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
referat911.ru
Сіздің аты-жөніңіз: __________________________________________________
Мекен жайыңыз: ____________________________________________________
Сұрақтар мен тапсырмалар:
Өзіндік жұмыс
Анықталатын фирманың маркетинг кешені элементтерін, тұтынушыларды, нарықты маркетингтік зерттеудің жоспарын құрыңыз. Мысал ретінде зерттеу жүргізіп, нәтижесін талдаңыз. Мысалға алынған фирма бойынша МАЖ құрылымын құрастырыңыз.
4. НАРЫҚТЫҚ БАҒЫТ ЖӘНЕ СЕГМЕНТТЕУ
Тұтынушылардың тауарға деген талғамы мен сұранысының әртүрлілігі көптеген фирмаларға тұрақты тұтынушыларын ұстап қалулары үшін жаңа тәсілдерін іздестіруіне әкеледі. Осындай тиімді әдістердің біріне алынған ақпараттар негізінде жалпы нарықтағы тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруды қамтамасыз ету және жаулап алу бойынша біршама тиімдісін таңдауға мүмкіндік беретін сегментациялық талдау.
Нарықты сегменттеу тұтынушылардың талғамы, тұтынушы әрекетіне байланысты әдеттеріне қарай тұтынушыларды топтарға бөлу болып табылады. Сегменттеу көрсеткіштеріне жататындар: географиялық, әлеуметтік-экономикалық, психографиялық және әрекеттер көрсеткіштері. Осындай нақты жағдай негізінде фирма зерттеліп отырған нарық артықшылықтарына сай нақты факторлар негіздерін қолданады.
Ұйым-тұтынушы нарығында өзінің артықшылықтары бар және де ондағы сегменттеу келесі жағдайларда жүргізіледі: базалық нарық, сала, тұтынушылар географиясы және т.б. Талдау жүргізуге арналған мәліметтер анықтамалық, талдау үзінділері (аналитикалық), стстистикалық жинақтар және т.б.
Тұтынушылардың анықталған топтары (сегменттері) тұрақты (рентабельді) мақстатты нарық таңдауға олардың сенімділігімен, қол жетерлігімен бағаланады. Сегменттерді талдау мәліметтері негізінде ұсыну жүргізіледі, яғни тұтынушылар ойындағы басқа тауарларға байланысы бойынша өте керемет жетістіктеріне ие тауарлар орыны анықталады. Дұрыс ұсыну тұтынушылар адалдығын мықты орнатуға көмек теседі, соның нәтижесінде, ұзақ мерзімді дамуға мүмкіндік туады.
Бақылау сұрақтары
Тапсырма
А. Қазақстан нарығында келесі тауарлардың түрлері шығаруды жоспарлады делік: сабын, балалар киімі, әйелдер немесе ерлер журналы, салқындатылған сусындар. Бұл тауарларды бағыттау (позиционирование) қандай жағдайда жүргізілмек.
Б. Тұтынушыларды сегменттеудің қандай белгілерін төмендегі тауарларды өндірушілер ескерулері қажет: әйелдер аяқ киімі, сыра, шаш күтіміне арналған косметикалық бояулар, балалар ойыншығы, кір жуғыш машиналар.
Мәселелік тапсырмалар
Шетелдік фирмалардың өндірістік кооперациялар тәжірибесі бойынша «Alexander» маркасымен (таңбасымен) шығарылатын ерлер киімдері өндірістің диверсификациясының қажеттілігін көрсетті. Нарықты зерттеу жаңа өнімді айналысқа шығару кезінде нарықпен және соның нәтижелері негізінде дамыту арналарын таңдаумен, баға саясатымен нақты танысулары қажет екендіктерін көрсетті.
Тауарды дамыту барысында көптеген қиындықтар кездеседі. Кәсіпорынның дәстүрлі өнімі ерлер киімі нарығына шықты. «Alexander» таңбасының Ресей нарығындағы танымалдылығын зерттеу мәліметтерінен көруге болады. Сұрау кезінде 42 % танитындықтарын көрсеткен, 48 % аз-кем естігендерін білдірсе, 90 % үшін бұл таңба өте танымалы болып табылған.
Нарықтың артықшылығы 60-70 % ерлер жейдесін әйел адамдары сатып алған. Соңғы 5-8 жыл бойында ерлер жейдесі нарығындағы сән үлгілерінің жылдам өзгеру ерекшелігі басты өнімдерді өндіретін кәсіпорындардың бәсекелестеріне ғана байланысты емес, сонымен қатар ерлердің сән үлгісімен киінуіне де байланысты болып отыр.
Осы мәліметтердің барлығын ескере отырып «Alexander» нарыққа ену диверсификациясының екі бағытын ұсынып отыр: біріншіден, әйелдердің сыртқы киімдерін қазіргі шағын сериялық әр түстен және сән өнімдері үлгісінде ұсыну. Жалпы «Alexander» кампаниясы әр түсті, ою-өрнекті, бір түсті киім үлгілерін, әр түрлі маталарды қосып ұзын және қысқа жеңді киім үлгілерін өндіруге бағытталған. Екіншіден, орта жастағы тұтынушылардың сатып алуларын есептеумен бірге жастардың джинси киімдерін шығару.
Екі топта да бәсекелестер жағдайлары басым көрінеді. Мұндағы басты мәселелер «Alexander» фирмасының таңбасы бәсекелестермен күрес кезіндегі жаңа тауарлар ұстанымын жаңарту барысында ерлер жейдесімен алмастырылады. Бұл жағдайда жарнама, өтім, баға, түс, фасоны (үлгісі), материалдары, сән үлгісі бойынша бағалау қажет.
Осы жағдайдағы мамандардың пікірлері – осы нарықты қайта зерттеуге негізделген. Ол үшін көптеген мамандардың ой-пікірлерін біріктіріп және де тиімді үлгісін өңдеу қажет болған.
Зерттеу бойынша 5000 жуық отбасылары таңдалған. Мекен жай тізімдері бойынша әйелдер киімінің категориялары үшін сұраққа жауап берушілерді бөлек таңдап алған. Ал жас балалар киімі үшін жастар жиналған орындар, мекемелер, мектептер және де 40 жас шамасындағы «отбасы аналары» таңдалып алынған.
Зерттеу нәтижелері келесі сұрақтарға жауап беруді қажет етеді:
әйелдер киімі нарығын зерттеу кезінде төмендегідей нәтижелерге келген.
Тартымдылығының кему тәртібі бойынша үлгілер реті | ||||||||
Жас және келісті әйелдер | 3 | 1 | 4 | 6 | 2 | 7 | 8 | 5 |
Үлкен және толық әйелдер | 8 | 3 | 2 | 5 | 7 | 6 | 4 | 1 |
Орта жастағы әйелдер | 2 | 3 | 7 | 5 | 6 | 4 | 8 | 1 |
Орта және жоғары жастағы толық әйелдер | 2 | 8 | 7 | 3 | 5 | 4 | 1 | 6 |
Барлық жастағы және мүсінді әйелдер | 8 | 2 | 4 | 5 | 6 | 1 | 7 | 3 |
Үй жұмысы | 4 7 |
Қонақ қабылдау | 8 4 |
Мекемеде жұмыс жасау | 1 2 3 4 |
Үйде демалу | 6 8 4 |
Жол сапралары | 8 6 |
Жазғы демалыс, сапар шегу | 6 8 |
Үлгі реті | Баға деңгейі |
2 | өте жоғары |
1 3 4 | Жоғарлығы қатысты |
5 | Төмендігі қатысты |
6 7 8 | Төмен |
Сұрақтар мен тапсырмалар:
Алматы қаласы бойынша 2001 жылы «Меркур - Өнім» кампаниясы түйе сүтін қайта өңдеу бойынша завод аштты. Бұл өнім әлем бойынша ешқандай алмастырушы (аналог) өнімдері жоқ. Қазіргі уақытта ассортименттік қатарын келесі өнімдер толықтырады: шұбат, жеміс-жидектер қосылған йогурт сусындары, йогурттар, қаймақ және ірімшік.
Барлық технологиялық үрдістер «Меркур» холдингі ауқымында жүзеге асырылады, оның құрамына шаруашылықпен айналысатын «Агро - Меркур», қайта өңдеуші заводы «Меркур - Өнім», сауда кәсіпорыны «Меркур – Фуд» жатады. Барлық өнімдер тек бір ғана сауда таңбасымен шығарылады, ол - «Меркуренок». Нарыққа шығу кезінде әртүрлі маркетингтік шаралар ұйымдастырылып жүргізілген, яғни, сату орындары бойынша, көрме орындарында нарықтағы жаңа өнім болғандықтан дегустация жүргізілген. Оның басты ерекшеліктері емдік қасиеттерге де ие болып саналады.
өнім алғаш рет шығарылғандықтан, оның қазіргі жағдайда бәсекелестері де жоқ. Осыған орай, фирма бағаланбайтын бәсекелестік жетістіктеріне ие, егер де осы жағдайды нақты ұстап қалар болса, онда осы нарықта монополияны ұзақ ұстап тұра алады. Дәл осы уақыттары тұтынушылар өнімді дұрыс бағаламауы және де фирма күтілген пайда мен танымалдылыққа қол жеткізе алмау қауіпі де тууы мүмкін. Фирма басшылары толық маркетингтік саясатты жүргізбесе танымдылық пен нарықтағы белгілі орынына қол жеткізу мүмкін емес екендігін сезінеді.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
«Kodak» компаниясының Қазақстандағы өкілі «Kodak» таңбасы негізінде қызметтер мен тауарларды ұсынады: фотопленканың әр түрін, фото құралдары, минифотолаборатория. Нарықтағы фото өнім фирмаларының үлесі - 70 %. Басты бәсекелестері – Fuji таңбасы, Konica, Agfa. Нарқты фирмалар тәжірибе жүзінде ассортименттердің аналогтық қатарларын құрайды.
Нақты маркетингтік зерттеу мәліметтері бойынша, фото өнімнің орташа тұтынушылары – арнайы бөлімдерде, ойын-сауық орындарында сауда жасайтын фото жинаушылар болып табылда. Сауда импульсивті жүргізіледі, тауар таңбасына көңіл аударылмайды және шешім қабылдау баға мен өнімге қол жетерлік болуы әсер етеді. Өте жеңіл әрі тез сатып алынатын фото өнімдері қамтылады, соған орай нарықтағы таңба қатысу ауқымын кеңейту керек. «Kodak» компаниясында дистрибьютерлер сұранысын қадағалауға көп көңіл бөлуді жөн деп санайды,
Нарық жайында ақпараттарды жинау үшін сыртқы және ішкі мәліметтер қолданылады. Фото өнімдер тұтынушыларын бөлшек және көтерме, дистрибьютерлер деп бөледі. Сонымен қоса, фото ұнатушылар, жартылау маманданған фотграфтар, осы өнімді игере алатын мамандар болып та жіктеледі.
Нақты тауар саудасына байланысты және тұтынушылар қажеттіліктеріне жаңадан әсер етуді іздестіру қажет екендігіне осы нарықтағы барлық фирмалардың көздері жеткізілген. Тұтынушы қандай жағдайларда тауардың таңдайды, қандай факторлар әсерінен шешім қабылдайды, тұтынушы өміріндегі суреттердің (фото) маңыздылығы қандай, тұтынушы үшін нақты өнімді сатып алу нені білдіреді, қызмет ету талаптары қандай. Бәсекелестерді зерттеу өте қажет, өйткені олардың нарықтағы артықшылықтары мен жетістіктерін біліп отыруы қажет.
Кампания менеджерлері маркетингтік әрекеттерді тиімді жүргізу үшін нарықты сегменттеу және мақсатты нарықты таңдау қажет деп есептейді.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
referat911.ru
Кіріспе - раздел Домостроительство, Дебатқа – жеңіске жетсем екен деген оймен емес, мол ақпарат пен тәжірибе жинақтаймын деп келген адам ғана, нағыз жан-жақты тұлға болып қалыптасады
Американдық Парламенттік Формат (АПФ) – бұл қиял парламентіндегі дәйектердің, тапқырлықтың және риторикалық қасиеттердің сайысы. Әрқайсысы екі ойыншыдан тұратын екі команда – Үкімет пен Оппозиция қаралуға ұсынылған Қарарды талқылайды.
Әр раундқа жаңа Қарар таңдап алынады. Пікірсайыс барысын Палата Спикері басқарады. Ол сонымен бірге сайыстың төрешісі қызметін де атқаратын болады. Егер раундта бірнеше адам төрешілік етсе, онда олардың арасынан бір Палата Спикері таңдап алынады. Американдық Парламенттік формат проблеманың ұсақ-түйек аспектілерін зерттеп факт жинаудан гөрі табанасты ойлап, мәселеге сыни көзқараспен қарауға, логикалық дәйектемеге және сараптамалық талдауға негізделген. Сондықтан кез келген жазылған дәлелдерді бүкіл пікірсайыс барысында пайдалануға тиым салынады.
Бұл оқу құралы АПФ-тың негізгі кіріспесі ғана. Кейін жазылған материалдар соңғы инстанциядағы шындық болып табылмайды, ол әр жеке пікір-сайысшы немесе ол пайдаланатын пікірсайыстырудың бірегей әдісі үшін қабылдап алынатын пікірсайыстың жалпы философиясы мен негізгі ережелерін көрсетеді.
Спикерлер және олардың сөздері Премьер-Министрдің конструктивті сөзі (ПМК) 7 минут Қарармен таныстыра
ПРЕМЬЕР – МИНИСТРДІҢ (ПМ) КОНСТРУКТИВТІ СӨЗІ ПМ міндеті – конструктивті сөзінде Қарар терминдеріне анықтама беру және пікірсайыстың бары
Тікелей байланыс Егер Сіз қарармен тікелей байланысты таңдайтын болсаңыз, онда сіз қарарда айтылған мағына
Тығыз байланыс Тығыз байланыс кезінде Үкімет тікелей Қарар бойынша пікір сайыстыруға міндетті емес. Қарар ж
Байланыстың жоқтығы Егер кейс пен қарар арасында байланыс болмайтын болса, онда үкімет өзі қалаған кез келген кей
Кейсті дайындау Әдетте қарар раунд басталғанға дейін 15 минут қалғанда жарияланады. Осылайша Үкіметтіv
Талаптандыратын кейс Талаптандырушы кейс өмірдегі белгілі бір мәселені анықтап, оны шешу үшін жасалған іс-әреке
Философиялық (құндылықты) кейс Осы кейс бойынша Үкімет белгілі бір философиялық (құндылықты) позицияны ұсынып, оны қор
Уақыт пен кеңістікте құрылатын (УК) кейс Уақыт пен Кеңістікте Құрылатын Кейсте спикер шынайы өмірдегі кім екеніне қарамастан өз
Негізгі түйіндер Сөз басында ПМ дәйектерге олардың атауы бойынша шолу жасайды. Барлық дәйектердің негізгі т
Орытынды Сөз соңында спикер сөзіне қайта оралып, барлық айтқандарын тағы бір рет шолып өтуі ти
Ақтығыс Оппозиция Лидерінің міндеті – қақтығысты қамтамасыз ету, яғни Үкімет ұсынған ұ
Болжам мен анықтамалар – бірден сеніп қалмаңыздар Ең алдымен Үкімет кейсінің базисінен, яғни негізінен бастаңыздар. Үкімет кейсінің (ұс
Оппозиция философиясы Үкіметтің негізгі ойлары мен тұжырымдарын естігеннен кейін, Оппозиция өзінің философиясын а
Контркейс Мысалы, Үкімет мынандай бір тұжырым жасаған болсын: «Америка Құрама Штаттарында қару-жара
Толықтырулар Егер Оппозиция Премьер-министр аталған критерилерді (тавтология, арнайы білімді қажет ету, труизм) б
Арнайы білім Арнайы білімнен қорғанудың Оппозиция қолдана алатын екі түрі бар. Біріншісі – білімдерініv
Байланыс Егер Оппозицияның пікірі бойынша Үкімет Лидері қарарға байланыссыз кейс ұсынды деп санайтын
КІМЕТ МҮШЕСІНІҢ КОНСТРУКТИВТІ СӨЗІ Премьер-министрдің сөзі қаншалықты конструктивті болса, Үкімет Мүшесінің сөзі сонша
Міндеттер мен стратегиялар Раундтың қалған бөлігі Үкіметтің артықшылығымен өтуді қамтамасыз ету. Бас&
Оппозиция дәйектерін жою немесе тыс қалдыру. Мысалы, өлім жазасына байланысты қарастырылған кейсте Оппозиция Лидерінің сөзінде мынандай
Барлығы да дұрыс болса Барлығы да белгіленген жоспардан еш ауытқусыз жүріп жатқан болсын. ПМ кейсті анық белгілеп бе
Барлығы ойдағыдай болмаған жағдайда Әдетте керемет сайыскерлердің де қателіктерге ұрынып жататындығы болып жататын жайттар. Бар
Сақтануды қажет ететін екі тактикалық әдіс. Келесі екі әдіс (технология) әділ және опасыз болғандықтан оларды пайдаланбаған дұрыс ж&
Стратегия Нағыз зұлымдық дегеніміз не? Үкімет айтқан қайғылы оқиғалардың орнына
Оппозиция мүшесінің міндеттері. 1. Ара салмақты қамтамасыз ету. Сіздің мақсатыңыз – екі кейс арасындағы айқын а
Мақсаттар ОЛ-нің мақсаты – Үкімет кейсін нақты жинақтап, оның негізгі кемшілігін көрсетіп беру, оп
Жаңа аргументтер Ребатлда жаңа дәйектерді енгізуге тиым салынады, алайда жаңа мысалдар тек тиімді болады. Шын мән
Стратегия «Жаппай соғыс - өліммен пара-пар» Әсіресе егер сіз «Оппозиция Мүшесінің құ
Ребатл техникасы Ребатл техникасының түрлері сансыз көп, төмендегілері ең кең таралғандары. Олардың б&
Жинақтау ОЛ мен ОМ сізге “сараптаудың 14 жеке деңгейін” ұсынуы мүмкін, дегенмен өзіңізді қапыда
Кешірімсіз қателіктер Жоғарыда көрсетілгендей байқалмай кеткен дәйектер раундтың басты пунктіне айналуға бейім
Сұрақтар (“point of information”). “Сұрақ” –нақ осы сәтте сөйлеп жатқан қарсы топтың ойыншысына бағыттал
Тәртіп бұзу Тәртіпті бұзу – басқа топ өкілі сөйлеп жатқан кездегі пікірсайысшымен ұсынылатын пікір
Технология “Флоушит” – пікірсайыстың маңызды техникаларының бірі, бұл пікірсайыс раунды кезінде әрт
Тыңдаушылармен байланыс Сіздің алғашқы парламенттік пікірсайысыңыз үлкен аудитория алдында өтпейтін (өтпеген)
Ым (жест) мен қолдың қимылы Қолдың қимылын маңызды пункттерді ерекше көрсету үшін қолдану керек, бірақ оларды ты
Жалпы қобалжу Төреші мен басқа топтан қорықпаңыз. Көптеген төрешілер – сіз сияқты студенттер. Егер
Төрешілік Пікірсайыстық жарыстың мақсаты – сендіру. Сендіру нысаны – сіздің төрешіңіз. Төреші ра
Терістеу Белгілі бір мәселеде өз көзқарасыңызды білдіру жеткіліксіз, қарсыластардың дәйектер
Стиль мен риторика Дәйектерді ұсыну мәнерінің маңыздылығы дәйектердің өздерінен кем емес. Тізбектел
Спикерлік ұпайлар Раундқа берілген бағамен қатар төреші әрбір спикерге 1 ден 30 ұпайға дейін “спикерлік x
allrefers.ru
Социология - қызықты және іс жүзінде маңызды ғылым. Ол қоғамда және адамдар арасында не болып жатқанын, әлеуметтік өзгерістердің қалай жүріп жатқанын, өмірдің әр түрлі ағындарының нәтижесі қандай болатынын білуге мүмкіндік береді. Социология ғылымы қоғамның қараңғыда қармаламай, мақсаттары мен мүддесін, болжам нәтижелерін айқын түсіне отырып саналы түрде алға басуына жәрдемдеседі. Ой-тұжырымдар ғылымы ретінде социология, біріншіден, басқа қоғамдық ғылымдарда сәтті пайдаланатын күшті тәжірибелік базаға сүйенеді, екіншіден, оның өзі әлеуметтік тәжірибенің сенімді теориялық негізі болып табылады.
Қазіргі таңда еңбек рыногында экономистермен, заңгерлермен және психологтармен қатар социологтарға да сұраным өсіп келеді. Егер де экономика, заң және психология ғылымдары кеңестік дәуірдің өзінде жете дамыған болса, қазіргі Қазақстан үшін социология - салыстырмалы түрде алғанда жас ғылым. Ол ТМД-ның басқа елдеріне қарағанда бізде кеш қалыптасты және қазір ол жаңа егемен мемлекеттің қаз тұруы жағдайында дамып келеді. Қазақстанда социология ғылымының тәжірибелік талаптардан және әлемдік стандарттардан кешеуілдеп тұрғанына, білікті кадрлардың, әлеуметтік-экономикалық ақпараттың, оқулықтар мен оқу құралдарының тапшылығына қарамастан Қазақстан Республикасында социологияның институттануы қарқынды жүріп жатыр. Оның негізгі дәлелі социологияның тиісті кәсіби білім алатындар үшін ғана емес, жоғары оқу орындарын бітіретін жүздеген мың жас мамандардың да оқу пәніне айналғаны болып отыр. Болашақ Қазақстан қоғамында ерекше позицияға ие болатын қазіргі студенттер таңдаған саласында ғана кәсіби даярланып қоймай, әлеуметтік ұйымның, қоғамдық өзгерістердің даму заңдарын білетін әлеуметтік жағынан білікті, қоғамды талдау дағдыларын меңгерген адам болуға тиіс.
Соңғы жылдары қазақстандық оқырмандар батыстың социологиялық ойларының белгілі авторларының негізгі еңбектерімен танысуға мүмкіндік алып отыр. Ресейлік әріптестер Э.Дюркгеймнің, М.Вебердің, Т.Парсонстың, Н.Смелзердің, Р.Аронның және басқалардың іргелі еңбектерін орыс тіліне аударып, басып шығарды. Олардың тұжырымдамаларының әр түрлі қырлары ғылыми жарияланымдар мен зерттеулерде көрініс тапқан. Сонымен қатар социологиялық проблемалар отандық авторлардың еңбектерінде, оның ішінде қазақ тілінде басылатын еңбектерде енді ғана көріне бастады. Іс жүзінде Қазақстанда төл оқулық, мұндай жанрдағы кітап шығарудың қалыптасқан дәстүрі жоқ, басқа ғылымдармен салыстырғанда тиісті бай тәжірибе де жоқ. Социологиялық білім беру саласында: а) әлемдік социологияның классикалық мұрасын құрайтын жетекші шет елдік теориялар мен парадигмаларды; б) ТМД елдері социологиясының алтын қорын құрайтын кеңестік және одан кейінгі кезеңдегі үздік теориялық және эмпирикалық жасалымдарды; в) ағымдағы қазақстандық шынайы жағдайды талдау, бүгінгі болып жатқан әлеуметтік процестерді, олардың динамикасын, бастау көздері мен салдарларын талдауды орайлы ұштастыратын осы заманға сай оқулықтар басып шығаруға деген өткір қажеттілік бар екені айқын.
Қазіргі таңда мұндай оқулықтар жасауға қолайлы жағдай бар деп айтуға әбден болады. Бір жағынан, олардың тұжырымдамалық өзегін кәсіби социологиялық білім алу үшін міндетті түсініктер мен категориялардың ең кем дегендегі қажетті жинақталымын беретін жоғары оқу орындарына арналған социология бойынша мемлекеттік білім беру стандарты құрап отыр. Екінші жағынан, қазіргі заманғы - әлемдік, ресейлік және белгілі бір дәрежеде отандық социологияның жетістіктері қоғамымыздың әлеуметтік құрылым мен бөлшектелу, қақтығыстар мен девианттық мінез-құлық, әлеуметтік институттар мен процестер және т.б. іргелі проблемаларын неғұрлым толық және терең қамтуға мүмкіндік береді.
Бұл оқулық - әлеуметтік проблемаларды шет елдік және отандық әдебиеттегі кең ауқымды теориялық материалдардың негізінде тұжырымдау, жүйелеу әрекеті жасалған социология курсы бойынша алғашқы іргелі оқулықтардың бірі.
Социология - әлемге ерекше көзқарасты, қоршаған ортаны көре білудің ерекше тәсілін туғызады. Социологтың дүниені қабылдауы әлеуметтік өзара әрекеттестіктің нәзік материясын ұғынуды - интуицияның ерекше түрін құрайтын социологиялық ойдың категориялық құрылымымен реттеледі. Оқулықтың басты міндеті - социологияны тұтас және қарама-қайшылықсыз әдістемелік және тұжырымдамалық аппараты бар және социологиялық фактілердің берік іргетасына негізделген ғылым ретінде баяндау. Оқулықтың функциялары - студенттерге ғылыми құралдарды, теорияларды және әдістерді пайдалану ережелерін үйретіп қана қоймай, бұдан да маңызды нәрсе - қоршаған болмысты көре білуді, студенттің талдамалық ойлауын, мәселенің маңызын өз бетінше тани білуін, болашақ кәсіби қызметіне дайындалу қабілетін қалыптастыру.
Оқулықтың құрылымын жасаған кезде, сондай-ақ мәселелердің маңызын ашқан кезде авторлар оны қазіргі отандық социологияның алдында тұрған міндеттер тұрғысынан қарады. Бұл - әдістемелік-теориялық негіздемені және оларға сәйкес келетін әдістеме мен техниканы игеру, әлемдік социологияның қабылданған ортақ ғылыми стандарттары деңгейіне шығудың жолын іздестіру және социология ғылымының жан-жақты тілін игеру. Сонымен қатар, авторлар мемлекеттік стандарт талаптарының барлығын жүзеге асыруға, ал проблеманы баяндаған кезде біржақты баға беру мен түсіндіруден аулақ болуға және жетекші мамандардың позицияларын беруге барынша тырысты. Оқулық социологияның төрт шешуші бөлімін - әдістемені, социология тарихын, арнайы социологиялық теорияны және социологиялық зерттеулер жүргізу әдістемесі мен техникасын қамтиды.
Ғылымның не екенін, теориялық білімнің құрамдас бөлігі ретіндегі социологияның не екенін білмейінше олардың құрамдас бөліктері, олардың мазмұны, социологияның басқа бөлімдері туралы білімді одан әрі дамыту мүмкін емес. Социологияның іргелі білім екені оның пәнінен айқындалады, онда негізгі ұғымдар мен категориялар өзара қисынды қарама-қайшылықсыз тәсілдермен байланысқан. Пәнділік - ғылымды танымның басқа түрінен ажырататын алғашқы белгі. Бұл деген сөз осы пәннің өзіндік, ерекше пәндік саласы, яғни осы салаға кіретін және осы ғылым зерттейтін объектілердің елеулі қасиеттері мен белгілерінің жиынтығы бар екенін білдіреді. Сондықтан да кітаптың бірінші бөлімі социологияның объектісі мен пәні, оның ғылымдар жүйесіндегі орны мен рөлін қарастырудан басталады.
Социология ғылымының тұжырымдамалық-ұғымдық аппаратының маңызы орасан зор. Біз социологияның ұғымдық аппаратының қалай өзгеріп жатқанының, оның жетіліп, байып жатқанының, түсініктердің қалай жаңа мазмұнмен толығып жатқанының куәсіміз, бұлар зерделенетін шынайы өмір туралы біздің ұғымымызды едәуір тереңдетіп, нақтылай түседі. Оқулықта социология ғылымының маңызды категориялары мен түсініктері туралы ұғым тұжырымдалады, онда зерделенетін әлеуметтік шынайы өмірдің елеулі қасиеттері, олардың бір-бірімен байланысы және қарым-қатынасы, шынайы әлеуметтік процестер қамтылады. Негізгі түсініктер шеңберін анықтап алу әлеуметтік процестерді зерттеудің әдістемелік негізін жасауға, әлеуметтік байланыстар, қарым-қатынастар, тәуелділіктер аясында түсіндірілуі керек объектілерді сипаттау мен талдауға мүмкіндік береді.
Қазақстанда социологияның дербес ғылым болып қалыптасуының қиын да күрделі жолы авторларды осы оқулықта социологияның тарихы, қазіргі жай-күйі және тенденциялары туралы мәселелерді қамтуға зор көңіл бөлуге міндеттейді.
Оқулықтың екінші бөлімі социология тарихына арналған. Мұнда социология білімін қалыптастырудың тарихи және әдістемелік алғышарттары берілген, сондай-ақ қазіргі заманғы жаңа социологияның ғылыми базасын құрайтын шешуші сәттер мен теориялық-әдістемелік принциптері баяндалған. Оқулық авторлары өз міндеттерін: біріншіден, оқырманның жан-жақты баяндалған материалдарды түсінуіне, мектептердің, бағыттар мен ағымдардың шексіз алмасуында өз бағытын табуына көмектесу, екіншіден, оқырманға әлемдік социологиялық ойдың жетістіктерін жеткізу, оның даму логикасын көрсету деп біледі. Оқырман қандай да бір тұлғалармен және тұжырымдамалармен таныса отырып, өзінің білім қорына жаңа нақыш қосады, сондай-ақ социология ғылымының мазмұнын әр түрлі көзқарас тұрғысынан көре білуді үйренеді деп үміттенеміз. Социология үшін оның тарихы туралы мәселе - қосалқы емес, мазмұнды да маңызды проблема. Қоғам туралы ғылым ретінде социология ХІХ ғасырда пайда болды. Бірақ одан ерте уақыттарда да адамдар қоғам дамуының логикасын, ондағы өзінің рөлі мен орнын түсіне білген, өздерінің қоғам, өмірлік күш-жігері туралы түсініктеріне қарай қоғамдық мінез-құлықтарын қалыптастырған. Социология ғылымы ХІХ ғасырда бірден қалыптаса салған жоқ, қоғам туралы көпқырлы ілімнің негізінде және әр түрлі көзқарастарды сын көзбен қайта пайымдау, тұжырымдау процесінде қалыптасты. Бұл бөлімдегі ерекше маңызды нәрсе әлемдік социологиялық ғылым генезисіне Шығыс елдеріндегі әлеуметтік білім саласында орныққан тенденциялардың енгізілуі болып табылады. Шығыста мифологиялық, діни және философиялық ілімдерден, әлеуметтік өмір мен мәдени даму, адамның қоғаммен және табиғатпен қарым-қатынасы тәжірибесінен өрбіген социологиялық ойдың туу тарихы мен эволюциясы бай, сан қырлы, көбіне бірегей. Ұзақ жылдар бойы Шығыстың социологиялық ойларын елемей батыстық әлеуметтік-мәдени дәстүрлер тәжірибесінің маңызын асыра бағалауға байланысты бұл материалдар ресейлік, еуропалық, американдық социология жөніндегі оқулықтарда жоқ. Бүгінгі күні социология тарихы мен оның қазіргі заманғы жетістіктерін тек еуропалық, батыстық әлеуметтік-мәдени дәстүрлер аясынан ғана іздеудің қате екендігі айқын болып отыр. Оқулықта авторлар Шығыстағы жекелеген діни-философиялық, философиялық-этикалық ілімдердің, сондай-ақ олардың өкілдерінің социологиялық ойлары дамуының үлесі мен өзіндік ерекшеліктерін сипаттай отырып, социологиялық білім берудегі ақтаңдақтарды жоюға тырысты.
Үшінші бөлім қазіргі кезде ғылыми тәжірибеге мықтап енген бірқатар арнайы социологиялық теорияларға арналған. Бұл бөлімді жазарда авторлардың көп жылдық экономикалық социология және саяси социология, ғылым, білім, мәдениет социологиясы, этносоциология, жанжалдар социологиясы және дін социологиясы сабақтарын оқыту тәжірибелері пайдаланылды. Бірқатар тақырыптар - жастар социологиясы, отбасы социологиясы, басқару социологиясы және басқалар оқулық көлемінің шектеулі екеніне байланысты оған енбей қалды.
Соңғы төртінші бөлім эмпирикалық және социологиялық зерттеулердің методологиясы мен әдістемесіне арналған. Бүгінгі күн тәртібінде социологиялық зерттеу жүргізудің кәсіби әдістерін, дағдыларын және оны жүргізуді қалыптастырудың тәжірибелік қырларын күшейту міндеті тұр. Эмпирикалық базасыз социология жоқ. Социологтар әлеуметтік фактілер туралы эмпирикалық мәліметтерді ең алдымен арнайы социологиялық әдістердің, техниканың, рәсімнің көмегімен алады. Социология сенімді, дәл эмпирикалық мәліметтер алуды қамтамасыз ететін және осы мәліметтер мен солардың көмегімен алынатын әлеуметтік фактілерді тексеруге жол беретін әдістерді пайдаланатындықтан да ғылым болып табылады. Социологияның басқа әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдарда да көп пайдаланылатын жан-жақты әдіс түрлерін жасауға қосқан үлесін жұртшылық мойындаған. Оқулықта зерттеу жұмыстарын орындау тәртіптері, әдістер мен құралдарды көрсету социологиялық зерттеу бағдарламасын жасаудың логикалық құрылымы шеңберінде жүзеге асырылады. Біріншіден, социологтың теориялық жұмысының үлгісін жасауға мүмкіндік беретін социологиялық таным атқаратын тәртіптері, түйінді сәттері көрсетіледі. Екіншіден, социологтың еңбегін нақты жағдайға жалғастыратын және іс-қимылдың қатаң тізбектілігін жоспарлауға мүмкіндік беретін социологиялық зерттеудің ұйымдық-техникалық қамтамасыз етілуі келтірілген.
Тұтас алғанда, жоғарыда аталған тақырыптарды жан-жақты қарау авторлардың пікірінше студенттердің социологиялық білімдерінің деңгейін, біліктілігін оларды социологиялық ақпараттың болашақ тұтынушылары мен ықтимал тапсырысшылары мен әлеуметтік проблемаларды ғылыми зерттеуге қатысушылар ретінде қарай отырып көтеруге бағытталған.
Қазақстан социологиясының жай-күйі айтарлықтай жылдам өзгеруде. Социология қоғамның іргелі әлеуметтік проблемаларын зерделеуге еніп, толыққанды әлеуметтік ғылым мәртебесін алуда. Социологияның алдында бұрынғыдан да күрделі мәселелер тұр. Олардың ішінде - дағдарыстан шығу жолдарын іздестіру, маңызды мақсаттарға - республиканың шынайы тәуелсіздігіне, қоғамдық бастамалардың нығаюына, құқықтық мемлекет құруға, жаңа технологиялық, құрылымдық, институционалдық негіздегі толыққанды ұлттық нарықтың қалыптасуын қамтамасыз етуге, түбегейлі әлеуметтік-экономикалық және құқықтық реформаларды және т.б. жүзеге асыруға қол жеткізу проблемалары бар. Социологияның басты назарында жалпыұлттық идеологиялық басымдықтарды жүзеге асыру - ұлтаралық келісімді қамтамасыз ету, ұлт ішіндегі бірлікті нығайту, қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу, қоғамда жоғары тілдік мәдениетті, тұрақтылық ахуалын және азаматтық келісімді берік орнату шарттарын зерттеу мәселесі тұр. Бұл кәсіби деңгей мен азаматтық жауапкершілікке аса жоғары талаптар қояды.
Оқырмандар социология туралы қалыптасқан ғылым ретінде түсінік алады және бұл кітап біздің ғылымымыз бен еліміздің болашағы байланысты болып отырған кәсіби деңгейі жоғары еңбексүйгіш болашақ социологтарға және жоғары кәсіби білім алатын барлық қазақстандықтарға пайдалы болады деген үміттеміз.
Социология: Оқулық / Редакциясын басқарған проф. М.М.Тәжин. – Астана, 2004. – 506 бет. ISBN Оқулықты баспаға Қазақстан социологтары ассоциациясының кәсiб
М.ТӘЖИННІҢ АЛҒЫ СӨЗІ Қалыптасып қалған
Социологияның объектісі мен пәні Кез келген ғылымды зерделеу алдымен оның объектісін, пәнін, басқа ғылымдар жүйесіндегі ж
Социологиялық білімнің құрылымы Социологияның ғылым ретінде айтарлықтай күрделі, көп деңгейлі құрылымы бар.
Социологияның функциялары Әрбір ғылымның атқаратын қызметі қоғамның күнделікті өмірімен өзара әрек
Социологияның категориялары мен ұғымдарын жіктеу Категориялар жүйесі - ғылыми зерттеудің зерделенетін эмпирикалық объектілерді сипаттау және
Оғам жүйе ретінде Қоғам түсінігі социологияның басты категорияларының бірі болып табылады. Бірақ қо&
Және қарым-қатынастар “Әлеуметтік іс-әрекет” ұғымы - социологиядағы негізгі түсініктердің бірі. С
Оғам құрылымындағы тұлға Әлеуметтік іс-әрекеттер мен қарым-қатынастардың ұйытқысы жеке тұлға болып табылад
Леуметтік мәртебелер және рөлдер Адам әлеуметтік тіршілік иесі болғандықтан түрлі әлеуметтік топтармен қарым-қатынас жа
Леуметтік стратификация Теңсіздіктер мен әлеуметтік стратификация проблемасы іс жүзінде әлеуметтік және философиял
Леуметтік топтар Әлеуметтік топтар мен әлеуметтік қауымдастықтар қоғамның әлеуметтік құрылымын
Леуметтік институт Әлеуметтік институттар алғашқы қауымдық қоғамнан қазіргі заманға дейінгі кез кел
Леуметтік ұйымдар Әлеуметтік институттар әлеуметтік ұйымдармен тығыз байланысты. Н.Смелзер ұйымды қысқаш
Алыптасу негіздері Социологияның ғылым ретінде пайда болуына алдымен әлеуметтік-саяси және социологиялы
Азақстанда социология ғылымының қалыптасуы (ретроспективті шолу) Отандық социологияның қалыптасуы едәуір дәрежеде бұл &
Дамуының негізгі бағыттары Ғылымның дамуы ғылыми қауымдастықтың, мектептердің және бағыттардың б
Азақстан Республикасының “Социология” мамандығы бойынша кадрлар даярлайтын жоғары оқу орындары №№ Жоғары оқу орнының атауы Аспирантурасының бар-жоғы Маги
Оғамдық пікір социологиясы · Социология общественного мнения. Учебно-методическое пособие. Биекенов К.У., Жаназарова З.Ж., Нурбекова Ж.А
Леуметтік білім эволюциясы Социология тарихы неден басталады және оның пайда болуын қай кезеңнен бастап есептеген дұрыс
Социологиялық ойдың дамуын кезеңге бөлу Социологиялық ой дамудың бірнеше кезеңдерінен өткен. Үш кезеңді бөліп қарау&
Ежелгі Қытайдағы әлеуметтік ілімдер Ежелгі Қытайдың әлеуметтік ойының гүлденуі б.з.д. VІ - ІІІ ғасырларға жатады. Еже
Ежелгі Үндістанның әлеуметтік-саяси көзқарастары Ежелгі Үндістанның саяси және құқықтық идеологиясының жетекші бағытта
Ежелгі Грецияның әлеуметтік білімі Көне ой әлеуметтік саланы зерттеулерге күшті серпін берді және социология негіздеріні&
Орта ғасырлардағы әлеуметтік таным Еуропадағы қоғамдық-саяси көзқарастар Орта ғасырлар Е
Араб шығысының социологиялық ойы Шығыстың философиялық ойының барлық тарихында осы аймақтың көрнекті ойшылд
Жаңа дәуірдің социологиялық ойлары Жаңа дәуір - XVІ - XІX ғасырларды қамтитын үлкен тарихи кезең. Бұл кезеңде Еуропада буржу
Айта өрлеу дәуірі Қайта өрлеу дәуірін (XV - XVІ ғасырлар) әлеуметтік ой дамуының жаңа кезеңі деп е
Ағылшын ағартушылығы Жаңа дәуірде қоғамдық ойдың дамуына Томас Гоббстың (1588 - 1679) адам, мемле
Француз ағартушылығы XVІІІ ғасырдағы Франциядағы феодалдық дүниетанымға қарсы күресте буржуазиян
Неміс ағартушылығы Классикалық неміс философиясы қоғамдық теорияның дамуында үлкен рөл атқард
Орытынды Сонымен, біз әлеуметтік ілімнің ежелгі заманнан ХІХ ғасырдың бірінші жартысына дейінгі эволюци
Огюст Конт Огюст Конт (August Conte) (1798 - 1857) - француз философы, социологы, ғылым методологы, социологиян
Джон Стюарт Милль Джон Стюарт Милль (John Stuart Mіll) (1806 - 1873) - ағылшын экономисі, философ, тарихшы және ойшыл, саяси ж
Карл Маркс Карл Маркс (Karl Marx) (1818 - 1883) - неміс философы, социологы, марксизмнің негізін қалаушы. 1818 жыл
Герберт Спенсер Герберт Спенсер (1820 - 1903) - ағылшын философы, социологы, психологы және инженер, социологияны
Вильфредо Парето Вильфредо Парето (Wіlfredo Pareto) (1848 - 1923) - итальян экономисі, социолог. 1848 жылы 15 шілдеде Парижде өзін
Фердинанд Теннис Фердинанд Теннис (Ferdіnand T(nnіes) (1855 - 1936) - неміс социологы, немістің классикалық социологиясыны
Эмиль Дюркгейм Эмиль Дюркгейм (Emіl Durkhgame) (1858 - 1917) - француз социологы, социологияны ғылым, мамандық және о
Гаэтано Моска Гаэтано Моска (Gaetano Mosca) (1858 - 1941) - итальян саясаттанушысы әрі социологы, саяси қайраткер, заң
Георг Зиммель Георг Зиммель (Georg Sіmmel) (1858 - 1918) - неміс философы әрі социологы, “формальді социологияның” нег
Макс Вебер Макс Вебер (Max Weber) (1864 - 1920) - аса көрнекті неміс социологы, тарихшы, экономист және заңгер.
Тарау. ҚАЗІРГІ ЗАМАН СОЦИОЛОГИЯСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛАРЫ МЕН ТҰЖЫРЫМДАМАЛАРЫ Социология жеке индивидтерді, түрлі әлеуметтік топтарды, жалпы қоғамды, әлемдік неме
Жаһанданудың қазіргі теориялары Жаһандану теориясын жазу мен талдамас бұрын “жаһандану” термині мен жаһандану процес
Рональд Робертсонның мәдени центристік теориясы Жаһанданудың ең танымал теорияларының бірі Рональд Робертсонның (АҚШ) мәдени ц
Энтони Гидденстің жаһандану теориясы Энтони Гидденс - теориялық социология мәселелерін зерттеуге зор үлес қосқан қазір
Эммануил Валлерстайнның әлем-жүйе теориясы Әлем-жүйелік сараптау теориясын қарастыруды әлем-жүйелік сараптаудың басты жорам
Және жаһандану процесі Мануэль Кастельс - қазіргі әлемдегі ең беделді әлеуметтік ойшылдар мен зерттеушілерді
Айраткер - құрылым” теориялары қазіргі қоғамды зерттеудің құралы ретінде Қазіргі социологиялық теориядағы шешуші проблемалардың бірін “қайраткер - құр
Маргарет Арчердің морфогенез теориясы Социология үшін маңызды болып табылатын “құрылым - қызмет” проблемасын қарастыр
Энтони Гидденстің құрылымдық теориясы Энтони Гидденс - біздің заманымыздағы аса ірі социолог-теоретиктердің бірі. Гидденстің
Ызмет және құрылым: Джеффри Александердің жаңа функционализмі Жиырмасыншы ғасыр түгелімен, оның бірінші жартысы да, екінші жартысы да әр түрлі ә
Жаңа институционализм теориясы Социологияның негізгі пәні қоғам болып табылады, жоғарыда қарастырылған теори
Нил Флигстайнның жаңа институционализм теориясының сараптамасы Беркли университетінің (Калифорния, АҚШ) социология профессоры Нил Флигстайн түсіндіруі б
Бөлім. ОРТА ДЕҢГЕЙ ТЕОРИЯСЫ Социология өзге ғылым секілді өзінің даму барысында ішкі құрылымдану процесін }
Экономикалық социология пәні Нарыққа өту кезеңінде экономикалық өмір социологиялық зерттеудің ең ма
Экономикалық социологияның тарихи дамуы Экономикалық-әлеуметтік білімнің алғашқы элементтері қайта өркендеу және ж
Экономикалық социологияның негізгі категориялары Ғылыми пән өзінің ерекше амалдарын жасап шығаруға мүмкіндік беретін, дербес u
Нарық социологиясы Нарық әлеуметтік қатынастардың саласы ретінде соңғы кездері социологтар тарапын
Кәсіпкерлік социологиясы Тұрақты даму мен халықтың халін қалыпты деңгейге жеткізудің стратегиялық фа
Шаруашылық ұйым социологиясы М.Вебердің пікірі бойынша, ұйым - жабық немесе ерекше адамдар тобы (әдетте өкілдік бил
Социологиясы Еңбек нарығы мен жұмыспен қамту тақырыбы отандық социология үшін жаңа жән
Тарау. САЯСИ СОЦИОЛОГИЯ Саясат (грекше polіtіka-мемлекеттік және қоғамдық істер) - қоғамның ұйымдасқа
Саяси социологияның пайда болуы мен дамуы Маманданған сала ретінде саяси социология (саясат социологиясы) ХХ ғасырдың 30-50 жылдары ор
Саясаттану және саяси-әлеуметтік пікір алысулардың айырмашылығы Саясаттану және саяси социология ғылымының екі саласы ретінде бөлек қарастырылғанына қ
Саяси социологияның зерттеу объектісі мен пәні Саяси социологияның объектісін саяси институттар, жүйелер, адамдардың осы шеңбердегі і
Саяси социологияның субъектісін түсіну Саяси социологияда саяси субъектілер - саяси қатынастар генераторы және саяси қатынастар
Саяси социологияның әдістері және заңдылықтары Саяси социология зерттеу әдісінің нақтылы бір ғана түрі пайдаланып қоймай, өз м
Категориясы ретінде Қоғамдағы институттанудыру процестері саяси социология үшін шешуші мәнге ие. Мысалы
Билікке түсінік беру Саясаттың негізгі мәселесі - бұл саяси билік жөнінде. Соңғысы белгілі бір әлеум
Саяси социологиядағы мемлекет категориясы Мемлекеттің өмір сүруінің міндетті алғышарты мен талабы болып өзіндік ерекшелігі
Азаматтық қоғам және оның институттары Еуропалық ғылымда мемлекет пен қоғамды айыру идеясына алғаш келгендердің бірі Дж.
Саяси социологияны анықтаудағы тұлғаның орны Саяси социологияда тұлға әлеуметтік индивид, саяси жүйенің өзіндік бейнесі бар ал
Саяси жетекшілік Белсенді саяси рөлге ұмтылушы тұлға саяси социологияның жеке зерттеу объектісін біл
Оғамдық пікірдің саяси социологиясы “Қоғамдық пікір” (publіc opіnіon) ұғымы алғаш рет ХІІ ғасырда қолданған деп са
Ылым социологиясы Ғылым социологиясы - социологиялық білімнің жаңа саласы. Ол ғылымтанудың бір тарм
Білім беру социологиясы Білім беру педагогика, психология, философия, тарих, экономика, социология секілді ғылымдар қ
Мәдениет социологиясы “Мәдениет” термині латын сөзінен шыққан, алғашында мәдениет деп табиғи себепт
Дін социологиясының қалыптасуы мен дамуы Ғылымда діннің мәні қалай бағаланып түсіндірілгенімен, социология қоғамны
Дін және қоғам. Діннің әлеуметтік функциялары Дін қоғамда әлеуметтік организм өмірінің бір көрінісі ретінде өмір сүреді. Д
Діни ұйымдар мен діни индивид типологиясы Дін зайырлы институттармен әрекеттесе отырып, “әлемде” өмір сүру үшін қандай да
Тарау. ЭТНОСОЦИОЛОГИЯ Этносоциология ғылыми бағыт ретінде этнология, әлеуметтік психология мен социологияныv
Этникалылықтың теориялық мәселелері Этникалылық терминінің қалыптасуының өзіндік тарихы бар, ол этникалылықты әр т
Этносаралық қатынастар Этносаралық қатынастар проблемасы - шет елдік және отандық социологияның ойлары бір
Социологиялық зерттеу Қазақстандағы ұлттық қатынастар мәселесін социологиялық зерттеу кеңес з
Этносоциологиялық зерттеу методологиясы Ұлтаралық қатынастар саласы барлық мемлекеттік құрылымдардың және ғылым
Таңдамалы жиынтықтың жалпы саны - 2000 респондент 2003 жылдың 1 қаңтарындағы мәліметтер бойынша жасалған. 1. Оларды
Леуметтік жанжал табиғаты “Жанжал” (конфликт) сөзі латын тілінен аударғанда “қақтығыс” дегенді білдіреді. А
Жанжалды жіктеу Әлеуметтік жанжалдың көптеген түрлері бар. Социологиялық талдаудың ыңғайлы
Саяси жанжалдың өзіне тән ерекшелігі Саяси жанжал әлеуметтіктің: биліктің, ықпалдың, абыройдың әр түрлілігі болып
Жанжалдар динамикасы және оларды реттеу әдістері Бәрімізге белгілі болғандай, пайда болған жанжалдың алдында кез келген, керек десеңі
Түрі ретінде Ертедегі капиталистік индустралияландыру кезеңі үшін төңкерістің биіктеуіне әлсін-әлс
МЕТОДОЛОГИЯСЫ МЕН ЛОГИКАСЫ Бұл бөлімнің материалын зерттеуге кіріспес бұрын, ең алдымен осы оқулықтың ж
Мен логикасы Методология (гректің metodoV = methodos - таным тәсілі немесе әрекет тәсілі; және гре
Социологиялық зерттеудің кезеңдері Жалпы, социологиялық зерттеудің логикасы оның өткізілу кезеңдерімен анықталады. Социолог
Социологиялық зерттеудің бағдарламасы Бағдарлама - эмпирикалық социологиялық зерттеудің негізгі құжаты. Социологияны
Ріктеу жиынтығы Іріктеу жиынтығын есептеу. Біздің ойымызша, ең алдымен қарастырылатын мәселе бой
Сипатты есептеу Іріктеудің сипаттылығы - бұл зерттелетін құрамның көрсетілген өлшемдеріні
Квоталық және кездейсоқ зерттеу әдістері Квоталық іріктеу әдісі респонденттердің іріктеп таңдалуы (жынысы, ұлты, жасы, білімі
Ріктеу жиынтығы элементтерінің құрылымы Іріктеу жиынтығы элементтерінің қажетті белгілер бойынша бөлінуінің құрылымы оның п
Социологиялық зерттеулерді жіктеу Нақтылы, өлшеуге және тексеруге болатын ақпаратқа, фактілерге сүйену, айтарлық
Панелдер Бүгінде стандартты “синтетикалық” панельдер Target Group Іndex (TGІ) - Мақсатты топтар индексі м
Сандық және сапалық әдістер: бәсекелестік пен серіктестік Алдағы парламент сайлауында сайлаушылардың ниеттері мен ұнатуларын анықтау мақсаты
Сандық және сапалық әдістемелер қалай өзара әрекеттесіп, бірін-бірі ауыстырады? 2000 жылы BІSAM Central Asіa Социологиялық және маркетингтік зерттеулер орталығы Дүниежүзілік Банкт
Формализмге негізделген сұрау Сұрау сандық әрі сапалық әдістемелерде қолданылады. Оған қоса, сұрау - тек социолог
Формализмге негізделмеген сұхбат Әдебиетте бұл әдістің еркін, стандартты емес, құрылымдық емес сұхбат деген
Фокус-топ Барлық сапалы әдістемелер ішінен соңғы кездері ең көп таралғаны фокус-топтар б
Бақылау Социологиялық бақылау өзінің әр түрінде зерттеушіге сандық, сол сияқты сапа
Халықаралық ережелері Бірқатар елдерде, атап айтқанда, Еуропалық Одақтың көптеген елдері мен АҚШ-та әлеумет
Тарау. ЗЕРТТЕУДІҢ ҚҰРАЛДАРЫН ҚҰРАСТЫРУ Құралдар жиынтығы ұғымы ақпарат жинаудың әр түрлі кезеңдерінде зертте
Формализмге негізделген сұрақнама Сұрау әдісінде ақпарат жинаудың маңызды құралы сұрақ болып табылады. Сұ
Ымбатты “N”-лық! Сізді республикадағы қоғамдық өмір проблемалары жөніндегі сұрауға қатысуға ш
Атысқаныңыз үшін рахмет! Анықтауды қажет ететін респондент өлшемдерінің саны зерттеудің талдамалық мінде
Фокус-топтың гайды Фокус-топтың гайды пікір алысу жоспарын білдіреді. Әрине, топтық динамика пікір алысуды
Бағдарламамен танысу SPSS 10.0.5. for Wіndows - статистикалық өңдеудің барлық спектрін жасауға мүмкіндік беретін кәс
Терезелер SPSS-те терезелердің 7 түрі бар: Мәліметер редакторы (Data Edіtor). Бұл терезеде м&
Диалогтық терезелер SPSS-тегі көптеген меню терезелері диалогтық терезелерді ашады. Олар талдау үшін өзгерме
Сурет. Диалогтық терезенің басқару элементтері. Таңдалған өзгермелілер
Мәліметтермен жұмыс. Мәліметтерді талдаудағы негізгі қадамдар SPSS-те мәліметтерді талдау қарапайым. Ол үшін мыналарды істеу керек: SPSS-ке мәліметтерді
Сурет. Мәліметтер редакторының терезесі.
Мәліметтерді енгізу Мәліметтерді енгізу - бұл кесте ұяшықтарын алғашқы ақпаратта орын алған санд
Мәліметтерді түзету Ұяшықтағы мәліметтерді өзгерту үшін мыналар қажет: маус немесе пернетаu
Save Data Сол жақтағы екінші батырманы басып, құралдар панелін де пайдалануға болады. Өзгертілген м
Нәтижелерін шығару SPSS рәсімдерінің орындалу нәтижелері Output Navіgator (Қорытынды навигаторы) деп аталатын тере
Q68 Респонденттің жынысы Frequencіes Percent Valіd Percent Cumulatіve Percent Valіd 1.ерле
Графиктер құру Графиктер құру алдында мәліметтерді енгізу қажет. Оны әр түрлі тәсілдер арқы
Мәліметтерді статистикалық өңдеу SPSS бағдарламасының көмегімен алуан түрлі статистикалық есептеулер жүргізуге бол
Тарау. СОЦИОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУДІҢ МӘЛІМЕТТЕРІН ТАЛДАУ Социологиялық мәліметтерді талдаудың объективтілігі көбінесе социологтың зерттеу объектіс
Мәліметтерді талдау кезеңдері Бірінші кезең - мәліметтерді сипаттау. Социологиялық зерттеудің нәтижелерін сипатт
Зерттеу нәтижелерін ұсыну Социологиялық зерттеудің қорытындысы есеп түрінде көрінеді. Есеп - директи
Зерттеу нәтижелерін жұртшылыққа жеткізу Социологиялық зерттеу нәтижелері жабық сипатта болмаса, оларды жұртшылыққа жеткі
МАЗМҰНЫ КIРIСПЕ.................................................................................................................. I бөлім. СОЦИОЛОГИЯНЫ
allrefers.ru
Өзіндік жұмыс
Мақсатты нарық сегменттерін құрастырыңыз: сегменттеу, нарықты таңдау, зерттеліп отырған фирманың бағытталуы. Осы жоспардың негізгі даму жағдайларын анықтаңыз.
Тұтынушылар мінез-құлқын зерттеу маркетинг теориясы мен тәжірибесінде маңызды орын алады, өйткені фирманың маркетингтік жетістігі нақты тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға байланысты. Тұтынушылар дағдыларын түсіну мен тереңдетіп оқуына тәуелді тұтынушылардың қанағаттануын максималдау болғандықтан, тұтынушылар әрекеті дағдыларын нақты оқу маркетинг концепциясын оның бастапқы теориясы мен тәжірибелік даму сатыларынан ажыратып көрсетті.
Тұтынушы басты екі топқа бөлінеді: соңғы (түпкі) тұтынушы және өндіруші-тұтынушылар. Екі топтың да сатып алу туралы шешім қабылдаулары әр түрлі. Бастапқы топта шешімнің көп мөлшері байланысушы тұлға ұысынысы мен алынған ақпараттар әсерімен бірдей қабылданады. Екінші топ бойынша шешім әріптестік болады және жабдықтаушылар ұсыныстарының экономикалық талдаулары негізінде топтық тұлға ретінде қабылданады. Осыған орай нақты нарықты сегменттеу мен тұтынушылар әрекетін оқу жолдарыда әр түрлі.
Сатып алу туралы шешім қабылдау кезінде тұтынушы келесі сатылардан өтеді: мұқтаждықты анықтау және қажеттіліктің қалыптасуы, қажеттіліктерді қанағаттандырудың әдістері туралы ақпараттар іздеу, анықталған нұсқауларды бағалау, тауарды қамту, тауар қолдану тиімділігін бағалау. Қажеттіліктерді меңгеру түрткілерінің психологиялық теорияларына негізделеді. Мұндай қажеттіліктердің жіктелуі маркетинг кешенін дұрыс жоспарлап, дамытуға, тауар өндіру үрдісінен бастап оның орамына, бағаны белгілеу, коммуникациялық арналар мен өтімді ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Сатып алу туралы шешім қабылдау кезінде тұтынушылар әрекетіне мәдени, әлеуметтік, жеке тұлғалық және психологиялық факторлар әсер етеді. Коммерциялық көздерден алынған ақпараттарды бағалау, массалық ақпараттар құралдары, жеке көздер және жеке тәжірибе негізінде сатып алу туралы шешім қабылданады.
Нақты сол көздерден алынған жаңа ақпараттарда әсерінен де сатып алуды бағалауға болады: әлуметтік-мәдени, экономикалық және басқа да өзгерістер тауарды қолдану тиімділігін бағалау сатысына әсер етеді. Тұтынушыны өзіне тартатын немесе тұрақты тұтынушыларды өз тауарынан алыстататын сатуға жағымды және жағымсыз реакцияларды таратуға сай, тұтынудан бас тарту немесе одан ары тұтыну туралы шешім қабылданатындықтан өндірушілер үшін нақты саты ерекше бағалылықты білдіруі керек.
Өндіруші-тұтынушылар шешімін қабылдау кезінде күштердің әр түрлі сатылары әсер ететін осы топтардағы өзінің дәрежесіне тәуелді оны қызықтырушы бөлімшелердің барлық нақты және нақты емес өкілдері (сату орталығы) қатысады. Орталық сату соңғы тұтынушылар тәрізді сатып алу туралы шешім қабылдайды және де қамтудың рентабельді келешектерінің ұзақ мерзімділігін есекереді. Сатудың қажеттілігі қызығушылық білдірген тұлғаларды ынталандырады, содан кейін тұрақты жабдықтаушылардың коммерциялық және жарнама ұсыныстарын бағалау жүргізіледі, жабдықтаушылардың әрекетін бағалау және таңдау көрсеткіштері қалыптастырылады, ұзақ мерзімді келісім шарт жасалады. Жалпы нарықта фирмалар ұзақ мерзімді байланыстарды қалыптастыруға көп күш жұмсайды.
Тұтынушылардың мінез-құлқын зерттеу маркетингтік жоспарлау үрдісін құруды жылдамдатады және болжамданған шараларды дамыту үрдісіне өзгерістер енгізуде мәнді шығындардан қашуға мүмкіндік береді.
Бақылау сұрақтары
Тапсырма
А. Өзіңіз бұрын қолданған, ұзақ мерзімді қолданыстағы кез-келген тауар туралы сатып алу шешімін қабылдау үрдісін құрыңыз. Қандай ақпарат көздеріне Сіз көңіл аудардыңыз? Туындаған мәселелерді Сіз қалай шештіңіз?
Б. Өзіңізді өздігінен жүре алмайтын аул шаруашылық техникасын өндіруші фирманың қызметкері ретінде елестетіңіз. Сізге негізгі және толықтырушы материалдарды сату топтарын құру міндеті жүктеледі. Осы тапсырманы Сіз қалай шешер едңіз?
Мәселелік тапсырмалар
1995 жылдың басында «Юг» компаниясы Қазақстан нарығында қыша өндіруден көшбасшы болды. Өзге де ас өнімдерін нарықта бір таңба стратегиясы ауқымында шығаратын компанияның диверсификация жағдайы өте заңды. Компанияның осы нарықтағы жағдайы қанағаттанарлықтай деп бағалауға болады және де дәл осы уақыттары майщнез нарығындағы компанияның үлесі 2002 жылы өте аз болды, «АМЗ» және «Арома» басты бәсекелестерінің қысымы кезінде тоқтаусыз төмендей түскен.
Өнім түрлері | Нарықтың жылдық өсім қарқыны | Таңба үлесі | ||||||
Юг | TVLP | АМЗ | Омега | Арома | Heinz | ЕСО | ||
Қыша | 5 | 52,7 | 5,2 | 0 | - | - | - | 18,9 |
Уксус | 2 | 65,6 | - | - | 8,5 | - | - | - |
Майонез | 10 | 8,7 | - | 40,9 | - | 42,7 | - | - |
Кетчуп | 15 | 34,2 | - | 41,3 | - | 25,0 | 15 | - |
Өзге де соустар | 10 | 38,5 | - | - | - | 4,9 | 6,3 | - |
Бұрыш\дәмдеуіш | 1,5 | 26,6 | - | - | 46,6 | - | - | - |
Кестеден көріп отырғанымыздай майщнез нарығындағы компания үлесі өте төмен (8,7%). «Юг» таңбасы дистрибуциясы коэффициентінің динамикасында төмендеу қарқыны бақыланады.
1999 | 2000 | 2001 | 2002 | |
Нарық үлесі | ||||
Юг | 15,6 | 11,6 | 10,5 | 8,7 |
АМЗ | 37,8 | 40,4 | 42,5 | 43,1 |
Арома | 34,5 | 36,2 | 41,7 | 42,5 |
Дистрибуция саны | ||||
Юг | 82 | 74 | 69 | 66 |
АМЗ | 88 | 89 | 90 | 92 |
Арома | 83 | 87 | 91 | 94 |
Дистрибуция коэффициенті –тауарға сай келетін өнім таңбаларын сататын дүкен сөрелеріндегі нақты таңбалардың сандық көрсеткіштері (% бағаланады).
Бұндай жағдай «Юг» компаниясының астық дәмқосар нарығындағы көшбасшы ұстанымына қауіп төндірді. Сондықтан да фирманың кеңес басшылары өнім бойынша жаңа менеджер тағайындап, оған нақты тауарға байланысты фирманың барлық маркетингтік саясатын қайта қарастыруды, сонымен қатар, оған нақты тапсырмаларды береді: Қазақстандағы майщнез нарығында «Юг» компаниясының үлесін 3 жылда 20% өсіру керек. Жаңа менеджер басты жұмысын өзінің компаниясындағы маркетинг кешенін және басты бәсекелестерінің маркетингтік саясатын оқудан бастаған.
Зерттеу нәтижелері
Кешен элементтері | Юг | АМЗ | Арома |
Баға\кг | 220 | 200 | 250 |
Өнім формуласы | соялық май (78%) жұмыртқа сарысы (9%) ақ шарап уксусы қыша | күнбағыс майы (78%) жұмыртқа сарысы (9%) шарап уксусы қыша | күнбағыс майы (78%) жұмыртқа сарысы (9%) шарап уксусы қыша |
Орам формасы | Түтік (160г) Пластикалық банка (400г) | Түтік (160г) Пластикалық банка (250г., 400г., 1 кг.) | Түтік (160г) Пластикалық банка (250г., 400г., 1 л., 2,5л) |
Ұран | «Юг майщнезі - өз тамағыңызға жекеше өзөгеріс енгізініз» | «Барлық үміттер орындалады» | «Арома - отбасының досы» |
Майонез таңбасы | 100 үй шаруашылығымен айналысатын тұтынушыларға арналған майонез саны, 100 кг | Сату көлемі бойынша әр бір компанияның нарықтағы үлесі, % | Жылына 1 рет майонез қолданатын үй шаруашылығындағылар, % |
Барлық майонез | 328 | 100 | 38 (100) |
Соның ішінде: | |||
Арома | 132 | 40,2 | 21 (55) |
АМЗ | 130 | 39,7 | 20 (53) |
Юг | 28 | 8,5 | 8 (21) |
Фирма | 2000 | 2001 | 2002 |
Арома | 432,5 | 512,6 | 641 |
АМЗ | 375,2 | 389,5 | 362,2 |
Юг | 373,2 | 202,2 |
Сонымен қатар, майонез нарығын сегменттеу де жүргізілген (нәтижесі төменде көрсетілген).
Жалғыз бастылар | Баласыз отбасылары | Балалы отбасылары | ||||
Абсолютті саны | % | Абсолютті саны | % | Абсолютті саны | % | |
Барлық тұтынушылар | 191 | 37 | 307 | 36 | 408 | 41 |
Солардың ішінде: | ||||||
Арома | 73 | 16 | 118 | 20 | 173 | 24 |
АМЗ | 74 | 19 | 122 | 18 | 162 | 22 |
Юг | 20 | 7 | 30 | 8 | 28 | 9 |
Қамтылғандар | Жоғары орташа | Төмен орташа | Нашар | |||||
Абсолютті саны | % | Абсолютті саны | % | Абсолютті саны | % | Абсолютті саны | % | |
Барлық тұтынушылар | 378 | 47 | 274 | 37 | 359 | 36 | 303 | 36 |
Солардың ішінде: | ||||||||
Арома | 116 | 22 | 108 | 19 | 160 | 22 | 121 | 19 |
АМЗ | 173 | 30 | 113 | 18 | 134 | 18 | 112 | 16 |
Юг | 34 | 8 | 22 | 8 | 330 | 8 | 28 | 8 |
referat911.ru